Жан Жак Руссоның саяси – құқықтық ілімі



ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Жан Жак Руссоның саяси . құқықтық ілімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2 Жан Жак Руссоның қоғамдық шарт және саяси құқық принципі ... ... ..7
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
КІРІСПЕ
Жан Жак Руссо (1712 – 1778 жж.) философиялық материализм және радикалды ойларын ол “Қоғамдық шарт және саяси құқық принциптері”, “Адамдар арасындағы теңсіздіктің тууы мен негіздері туралы” ой толғам еңбектерінде білдірді.
Халық өкілдігі туралы Монтескье идеясын Руссо халық билігі “Халықтық егемендігі” туралы тезисін ұсынуы арқылы дамытты. Руссоның идеологиясының өмір сүріп отырған билікке, деспотияға деген шектен тыс сыншыл көзқарас және халық бостандығының болмауы мен оның жағдайын өзгерту туралы ойлар құрады.
Руссо өзінің идеологиясында теңдік пен зорлық болмаған, ал адамдар болса бір – бірінен тек дене шымырлығы тұрғысынан ғана ерекшеленген «Алтын ғасыр» туралы түсінігінен бас тартады. Ойшыл пікірінше теңсіздік жеке меншіктің пайда болу нәтижесінде және дұрыс басқармау салдарынан пайда болады. Байлар мен кедейлердің пайда болуы олардың арасындағы күресті ушықтырады. Руссо мемелекет пен құқық жеке меншік қатынастарының дамуының нәтижесі болып табылады деп есептеді. Оның теориялық жетістігі болып азаматтық қоғам және мемлекетті ажырату есептеледі. Руссодан кейін көптеген идеологтар осы қарама – қарсы қоюды дамыта отырып, азаматтық қоғамның пайда болу себебін жеке меншіктен көрсе, соңғысынан қоғамдық келіссөз негізінде мемлекеттің туу себебін көрді.
Руссо тікелей халық құқығы идеясын ұсынды. Ол жалпы ерік ұсынылуы мүмкін емес деген тезиске негізделді. Халық тарапынан тікелей колданылған норма ғана заң бола алмады. Өкілетті билік болуы мүмкін, алайда референдум арқылы баршаның қолдауымен түпкілікті шешімді бірінші халық қабылдауы қажет. Заңдар мен мемлекет мақсаты – заң алдындағы азаматтардың теңдігін қамтамасыз ету және заңдарды қабылдау процесінде болып табылды.
Билік шегін шектеу үшін Руссо халық жиынын жүйелі өткізу керектігін ұсынып, оның алдында атқарушы билік, яғни үкімет есеп беру қажеттігін айтты. Есеп беру басқа ол халық мүддесі үшін заңдарды қорғайтын арнаулы органды құру мақсатты деп есептеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Мухамедов М., Сатершинов Б., Сырымбетұлы Б. Саяси – құқықтық ілімдер тарихы. Алматы: 2005 ж. – 340 б.
2. Ж.Ж.РУССО Қоғамдық шарт немесе саяси құқық принциптері – 41 б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Жан Жак Руссоның саяси - құқықтық ілімі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..4
2 Жан Жак Руссоның қоғамдық шарт және саяси құқық принципі ... ... ..7
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..12

КІРІСПЕ
Жан Жак Руссо (1712 - 1778 жж.) философиялық материализм және радикалды ойларын ол "Қоғамдық шарт және саяси құқық принциптері", "Адамдар арасындағы теңсіздіктің тууы мен негіздері туралы" ой толғам еңбектерінде білдірді.
Халық өкілдігі туралы Монтескье идеясын Руссо халық билігі "Халықтық егемендігі" туралы тезисін ұсынуы арқылы дамытты. Руссоның идеологиясының өмір сүріп отырған билікке, деспотияға деген шектен тыс сыншыл көзқарас және халық бостандығының болмауы мен оның жағдайын өзгерту туралы ойлар құрады.
Руссо өзінің идеологиясында теңдік пен зорлық болмаған, ал адамдар болса бір - бірінен тек дене шымырлығы тұрғысынан ғана ерекшеленген Алтын ғасыр туралы түсінігінен бас тартады. Ойшыл пікірінше теңсіздік жеке меншіктің пайда болу нәтижесінде және дұрыс басқармау салдарынан пайда болады. Байлар мен кедейлердің пайда болуы олардың арасындағы күресті ушықтырады. Руссо мемелекет пен құқық жеке меншік қатынастарының дамуының нәтижесі болып табылады деп есептеді. Оның теориялық жетістігі болып азаматтық қоғам және мемлекетті ажырату есептеледі. Руссодан кейін көптеген идеологтар осы қарама - қарсы қоюды дамыта отырып, азаматтық қоғамның пайда болу себебін жеке меншіктен көрсе, соңғысынан қоғамдық келіссөз негізінде мемлекеттің туу себебін көрді.
Руссо тікелей халық құқығы идеясын ұсынды. Ол жалпы ерік ұсынылуы мүмкін емес деген тезиске негізделді. Халық тарапынан тікелей колданылған норма ғана заң бола алмады. Өкілетті билік болуы мүмкін, алайда референдум арқылы баршаның қолдауымен түпкілікті шешімді бірінші халық қабылдауы қажет. Заңдар мен мемлекет мақсаты - заң алдындағы азаматтардың теңдігін қамтамасыз ету және заңдарды қабылдау процесінде болып табылды.
Билік шегін шектеу үшін Руссо халық жиынын жүйелі өткізу керектігін ұсынып, оның алдында атқарушы билік, яғни үкімет есеп беру қажеттігін айтты. Есеп беру басқа ол халық мүддесі үшін заңдарды қорғайтын арнаулы органды құру мақсатты деп есептеді.

1 Жан Жак Руссоның саяси - құқықтық ілімі
Жан Жак Руссо саяси және құқықтық ілімдер тарихындағы жарық жұлдыздардың бірі. Оның саяси - құқықтық және әлеуметтік көзқарастары "Адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болуы мен негіздемесі туралы ойлар", "Саяси экономия туралы", "Мәңгі әлем туралы ойлар" және "Қоғамдық келісім немесе саяси құқық қағидалары туралы" шығармаларында көрініс тапқан. Оның қоғам, мемлекет, құқық мәселелері туралы ілім халықтың егемендік идеясы мен қағидасын қорғауға негізделген. Сол кездегі кең тараған табиғи жағдай ұғымын Руссо адамзаттың әлеуметтік, саяси - құқықтық және рухани өмірінің қалыптасуы мен дамуы туралы көзқарастарын дәлелдеуге пайдаланады.
Табиғи жағдайда, Руссоның ілімі бойынша, жеке меншік болмайды, барлық адам еркін және тең. Ал алғашқы теңсіздік адамдардың табиғи әрқилылығынан, яғни дене қабілеттерінен ғана. Жеке меншіктің және әлеуметтік теңсіздіктің пайда болу себебінен табиғи теңдік бұзылып, кедейлер мен байлар арасында күрес басталады. Руссо бұл туралы "теңдіктің жойылуына адамдар тарихындағы ең бір ауыр кезең - күштілердің әлсіздерді, байлардың жарлыларды ұрып - соғуы мен тонауы басталды, ауыр күнәға батқан адамзат ұрпағы кейін қайтар жолды да таба алмады және дәулеттілер бұл мүмкіндіктен қайта айырылғысы да келмеді" деп жазды.
Байлар үшін өз мүдделерінің заңдылығын бұзбастан мұндай жағдайдан шығудың бірден - бір жолы барлық адамдар бағынышты болатын мемлекеттік билік пен заң орнату туралы келісім жасау болды.
Шарт арқылы жасалған мемлекет пен заңдар "әлсіздерге жаңа жол салды, байларға жаңа күш берді, табиғи бостандықты қайта келместей етіп жойды, меншік пен теңсіздік туралы мәңгілік заң шығарды". Жеке меншіктегі теңсіздікке саяси теңсіздіктің қосылуы Руссо ілімі бойынша, деспотизмдегі абсолюттік теңсіздікке алып келді, ал деспот алдында өзінің құлдығымен теңсіздігі жағынан барлық адам тең.
Қоғам мен мемлекет дамуының адамзат үшін теріс, зиянды және қате бағытына қарама - қарсы Руссо өзінің "халықтар мен билеушілер арасындағы нағыз келісім - саяси организм" құру концепциясын ұсынады. Бұл концепция бойынша әркім өзінің жеке мүддесі мен тұлғасын, өзінің барлық күшін жалпы игілік пен жалпы ерікке бере отырып, тұтастың бөлінбес бөлігіне айналады. Жекелеген адамдардың келісімдік қатынастарға кіруі шартты ұжымдық бүтінді құрайды.
Руссоның қоғамдық шарт концепциясындағы басты идеясы оның осы концепцияға сай құрылған мемлекеті. Осы мемлекеттің саяси қатынастары мен заңдары ғана табиғи жағдайдан азаматтық жағдайға ауысуын әділдік пен құқықтық сана тұрғысынан ақтай алады. Руссо қоғамдық шарт концепциясында теңдік пен меншік мәселелеріндегі қайшылықтарды шешудің жолдарын іздестіреді. Феодалдық қоғамда өмір сүру құқығы заңға емес, күштілікке негізделгенін және әлсіздердің өз құқықтарын қайтаруға кез - келген уақытта құқылы екендігін айтады. Мемлекет пен оның заңдарындағы жалпы ерік үстемдігін қолдаған Руссо әртүрлі жеке ассоциацияларды, партияларды, топтарды аяусыз сынға алады. Өйткені олардың еркі өз мүшелері бойынша жеке ерікті білдіреді. Бұл азаматтардың нағыз жалпы еркіндігін қалыптастыру процесіне қайшы келеді, яғни "дауыс берушілер қанша адам болса сонша емес, қанша ұйым болса соншалықты".
Руссоның ойынша егемен ( "Егемен" бұл жерде "билік" мағынасында айтылып отыр) өзі шығарған заңдарға бағынышты емес. Халық үшін міндетті заңдар, тіпті қоғамдық шарт та егемен үшін міндетті болып табылмайды. Егемен "судьядан да, заңнан да жоғары" тұрады. Егеменнің адамдарға кешірім жасау, жазадан босату туралы құқықтарын айта келіп, Руссо оның рөлін тым жоғары бағалайды, яғни егеменнің билігі адамдардың өмір және өлім туралы тағдырын да шеше алады. Егер билеуші " сенің өлімің мемлекет үшін қажет деп тапса, ол өлуі тиіс".
Руссоның сөзімен айтсақ, қоғамдық шарт мемлекет құзырына оның барлық мүшелерінің үстінен шексіз билік береді.
Жалпы ерік бойынша бағытталған бұл билікті Руссо егемендік деп атайды. Бұл оның жалғыз ғана иесі халықтар егемендігін білдіреді. Халық ретінде мұнда қоғамдық шарттың барлық мүшелері, (қоғамның ерекше әлеуметтік топтары емес ) ересек ер адамдар айтылады. Жалпы еріктің нағыз көрінісі, иесі, егемені халық болып табылады. Сондықтан да Руссоның айтуынша "адам еркі емес, билік қана қолдан қолға көшеді". Осы сөзінің негізінде Руссо биліктің өкілдік формасын және мемлекеттік биліктің бөлінуі туралы қағида мен идеяны теріске шығарды.
Атқарушы билікті кімнің атқаратынына қарай Руссо басқарудың демократия, аристократия және монархиялық түрлерін қарастырады. Оның барлық формаларында егемендік пен заң шығару билігі халықтың қолында болады. Руссо демократиялық басқару шағын мемлекеттер үшін, аристократиялық басқару орташа мемлекеттер үшін, ал монархиялық билік ірі мемлекеттер үшін тиімді екендігін ескертеді. Оның ойы бойынша халық басқару формасын өзгертуге ғана емес, қоғамдық келісімді тоқтатуға және өздеріне табиғи бостандықтарын қайтаруға да құқылы.
Руссо заңдарды төрт түрге - саяси, азаматтық, қылмыстық және салт - дәстүрлер мен қоғамдық пікірге бөледі. Қоғамдық шарт тақырыбына тек саяси заңдар ғана кіретіндігін атап көрсетеді. Кез - келген заңдар жүйесінің басты мақсаты - бостандық пен теңдік. Бостандықтың өзі де теңдіксіз өмір сүре алмайды. "Сондықтан да - деп жазды Руссо, материалдық зат күші әрдайым теңдікті жоюға ұмтылады, ал заң күші әрдайым оны қорғауға тырысуы тиіс".
Заңдардың күші мен ықпалы сол елдің географиялық жағдайы мен табиғатына, тұрмысына, халықтың әдет - ғұрыпына да байланысты. Сондықтан да халықтың қажетті даму деңгейіне жетпеген заңдарды ұсына беруге болмайды. "Ерте қабылданған заңдар барлық еңбекті зая кетіреді". Руссо I Петрдің реформаларын асығыс қабылданған әрекеттер ретінде сынға алды.
Заңдар жүйесін жасау - ұлы да, мәртебелі және терең білімді, көп күшті қажет ететін ауыр еңбек. Заң жасау үшін мемлекет пен халықтың да тынысы, оның мүмкін болар қажеттіліктері мен ықтимал зардаптары, әрбір тұлғаның жалпы құқығы терең ойластырылуы тиіс. Руссо ұлы заң жасаушылар мемлекеттің негізін салушы қайраткерлер, саясат және құқық саласындағы реформаторлар деп біледі. Ол мұндай ұлы заң жасаушыларды егемен немесе магистратура емес мемлекетті құрушылар деп түсіндіреді және заң шығарушы "мемлекеттің жүрегі" ретінде сипаттайды.
Мемлекеттік құрылыс пен отанға қауіп төнген жағдайда "заңның қасиетті күшін тоқтатуға" және "қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді диктаторға ерекше акті арқылы міндеттеуге " болады. Бірақ диктаторлық биліктің мұндай мерзімін Руссо қысқа мерзімге ғана беруге болатындығын қатаң ескертеді.
Жан Жак Руссо мемлекетті ұйымдастыру қағидалары мен қоғамдық шарт туралы концепциясы және жалпы ерікті білдіретін заң мен заң шығару билігі туралы ілімі мемлекеттік құқықтық ойдың және әлеуметтік саяси тәжірибенің одан кейінгі дамуына терең ықпалын тигізді. Оның, саяси - құқықтық қағидалары мен тұжырымдамалары ұлы француз революциясын дайындау мен өткізу кезінде оның идеялық қызметін атқарды.

2 Жан Жак Руссоның қоғамдық шарт және саяси құқық принципі
Руссоның саяси көзқарастары оның басты еңбегі - "Қоғамдық шарт және саяси құқық принципі " деп аталатын трактатында баяндалған. Руссоның ілімі француз ағартушылығы идеяларының дамуына елеулі ықпал етті. Ол ілім бүкіл Еуропаға және одан тыс жерлерге де таралып, кеңінен мәлім болды. Мен азаматтық ахуалда заңдарға негізделген, егер адамдарды олардың қандай екендігі күйінде, заңдарды олардың қандай болуы мүмкін күйінде алсақ, сенімді болатын әлдеқандай басқару принципі мүмкін бе деген мәселені зерттемекпін.
"Бұл зерттеуде мен құқық рұқсат беретін нәрсені пайда табу міндеттейтін нәрсемен, әділет пен пайда арасында ешқандай алшақтық болмайтын етіп ұштастырып отыруға ұдайы ұмтылатын боламын. Осынау іске тақырыбымның маңыздылығын дәлелдемей - ақ кіріспекпін. Менен: саясат туралы жазатындай сен тақсыр не заң шығарушы ма едің деп сұрауы мүмкін. Мен тақсыр не заң шығарушы болсам, не істеу керек деген әңгімеге уақытымды сарп етпей, не соны істер едім, не жақ ашпас едім. Мен бостан мемлекеттің азаматы әрі егемен мүшесі болып туғандықтан, қоғамдық істерде менің даусым қаншама әлжуаз болса да, сол істерді талқылау кезінде үн қату құқығым ол істердің мәнісін ұғып алуды міндеттеуге жеткілікті деп есептеймін, және басқару пошымдары жөнінде толғанған әрбір жолы, ізденістерімнен өз елімнің басқару тұрпатын жақсы көрудің әрдайым жаңа себептерін табатыныма бақыттымын" деген болатын.
Барлық қоғамдардың ішіндегі ең ежелгісі және бірден-бір жаратылыстығы - отбасы. Бірақ сол отбасының өзінде де балалар әкесімен оған мұқтаж кезінде ғана байланысты. Ол мұқтаждық жойылған бойда жаратылыстық байланыс үзіледі, әкесіне бағыну қажеттігінен құтылған балалар және балалар қамын жеу міндетінен құтылған әке енді бірдей тәуелді болып шығады. Егер олар бірге тұра берсе де, олардың екендігі қатынастары жаратылыстық қажеттілік емес, ерікті қатынас, ал отбасының өзі тек келісіммен маталады. Осынау ортақ бостандық адам табиғатының салдары. Оның бірінші заңы - өзін-өзі қорғау, оның бірінші қамы - адам өзіне - өзі қарыздар нәрселер, және кәмелетке жеткен бойда, ол енді өзін сақтау үшін қандай құралдар жарайтынын өзі шыдауға тиіс, осылай ол өз билігі өзіндегі қожайын болып шығады. Сонымен, отбасы - қажет десеңіз, саяси қоғамдардың алғашқы бейнесі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАН ЖАК РУССОНЫҢ САЯСИ ҚҰҚЫҚТЫҚ ІЛІМДЕРІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨЗҚАРАСТАРЫ
Ж. -Ж. Руссоның қысқаша өміртарихы және шығармашылық мұрасы
Франциядағы XVIII – XIX ғасырдың басындағы ағартушылық ілімдер
Ағартушылық ғасыры және француз материализмі
Мемлекеттің пайда болуы туралы ақпарат
Ежелгі және орта ғасырдағы саяси және құқықтық ілімдер тарихы
Француз материалистері мен ағартушыларының педагогикалық көзқарастары
Шарль Луи Монтескьенің мемлекет және құқық туралы ілімдері
Социология ғылымының қалыптасуы және дамуы
Орта ғасыр мен қайта өрлеу жылдарындағы, жаңа замандағы саяси ой-пікірлер
Пәндер