Соғыс уақытындағы ТЖ зақымдаушы факторлары



ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Соғыс уақытындағы төтенше жағдайдың түсінігі, түрлері ... ... ... ... ... ..4
2 Соғыс уақытындағы төтенше жағдайдан қорғану жолдары ... ... ... ... ... 7

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
КІРІСПЕ
Төтенше жағдай - мемлекетке төнген түрлі қауіпке байланысты елбасы немесе парламент жариялайтын уақытша режим. Ол елде немесе елдің жекелеген аудандарында сыртқы және ішкі қауіптен қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында енгізіледі. Азаматтардың, заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтары шектелуі мүмкін, сондай-ақ оларға қосымша міндеттер жүктелуі мүмкін.
Ол табиғат апаты, соғыс қаупі, техногендік апат, халық ішіндегі толқу, т.б. жағдайларда жарияланады. Мұндай уақытта азаматтардың құқықтары мен бостандықтары саналы түрде шектеледі, бейбіт кездегі заңдар күшін тоқтатып, төтенше заңдар шығарылады. Төтенше жағдай жариялай отырып мемлекет басшысы өзіне көптеген абсолютті өкілдіктер алады. Түрлі мемлекеттік органдар өз қызметтерін өзгертеді. Олар жаңа заңдық кеңістікте қатаң тәртіпке бағына отырып қызмет жасауға мәжбүр болады. Төтенше жағдай жариялау уақыты, мерзімі, сол кездегі билікке берілетін өкілеттіктер дәрежесі ел Конституциясында анықталады.
Төтенше жағдай бұл аймағы жағынан үлкен маштабты және көптеген адамдарға төндіретін қауіпі бар оқиға. Көптеген жағдайда бұл оқиғаны авария және катастрофа деп те атайды. Бір қарағанда бұл екеуінің айырмашылығы жоқ. Ал олардың әкелген зияндығын, адам өлімін ескерген жағдайда ғана айырмашылығын білуге болады.
Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.ТЖ және АҚ. Б.Ө. Жақып. Алматы: 2011. – 640 б.
2.Тіршілік қауіпсіздік негіздері. Мейірбеков Ә.Т., Раимбердиев Т.П., Башбенова Г.Ю. Түркістан: 2010. – 119 б.
3.Өмір тірішілік ќауіпсіздігі. К.С.Қалжігітов, А.М.Төлемісова, Н.Г.Приходько, К.Ш.Исаев. Алматы: 2004. – 256 б.

ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Соғыс уақытындағы төтенше жағдайдың түсінігі, түрлері ... ... ... ... ... ..4
2 Соғыс уақытындағы төтенше жағдайдан қорғану жолдары ... ... ... ... ... 7

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .11

КІРІСПЕ
Төтенше жағдай - мемлекетке төнген түрлі қауіпке байланысты елбасы немесе парламент жариялайтын уақытша режим. Ол елде немесе елдің жекелеген аудандарында сыртқы және ішкі қауіптен қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында енгізіледі. Азаматтардың, заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтары шектелуі мүмкін, сондай-ақ оларға қосымша міндеттер жүктелуі мүмкін.
Ол табиғат апаты, соғыс қаупі, техногендік апат, халық ішіндегі толқу, т.б. жағдайларда жарияланады. Мұндай уақытта азаматтардың құқықтары мен бостандықтары саналы түрде шектеледі, бейбіт кездегі заңдар күшін тоқтатып, төтенше заңдар шығарылады. Төтенше жағдай жариялай отырып мемлекет басшысы өзіне көптеген абсолютті өкілдіктер алады. Түрлі мемлекеттік органдар өз қызметтерін өзгертеді. Олар жаңа заңдық кеңістікте қатаң тәртіпке бағына отырып қызмет жасауға мәжбүр болады. Төтенше жағдай жариялау уақыты, мерзімі, сол кездегі билікке берілетін өкілеттіктер дәрежесі ел Конституциясында анықталады.
Төтенше жағдай бұл аймағы жағынан үлкен маштабты және көптеген адамдарға төндіретін қауіпі бар оқиға. Көптеген жағдайда бұл оқиғаны авария және катастрофа деп те атайды. Бір қарағанда бұл екеуінің айырмашылығы жоқ. Ал олардың әкелген зияндығын, адам өлімін ескерген жағдайда ғана айырмашылығын білуге болады.
Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.

1 Соғыс уақытындағы төтенше жағдайдың түсінігі, түрлері
Біздің мемлекетіміздің әскери доктринасының мазмұны халықтың қауіпсіздігін қорғау және қорғаныс сипаттағы іс-әрекетті алға қояды. Дегенмен Қазақстанның геополитикалық күрделі жағдайы өзінің қарулы күштерін ұстады және олардың әскери дайындығын жоғары ұстағанда талап етеді. Сондықтан қайтымы жоқ миллиондаған ақшалай қаражаттар қорғаныс жұмыстарына жұмсалып жатады. Кейінгі жылдары мемлекеттік деңгейде Азаматтық қорғаныс жұмысы қолға алынып, 1997 жылы арнайы "Азаматтық қорғаныс туралы" ҚР Заңы қабылданды.
Соғыс жағдайында адамдарды, мал - мүлікті, шаруашылықты қорғау мақсатында дұрыс әрі ойластырылған шешім қабылдау үшін, қазіргі заманғы жаппай қырып - жою қаруларының сипаттамасын білу қажет. Бүгінде кейбір мемлекеттерде ядролық қару ғана емес, сондай-ақ лазерлік, ғарыштық тағы басқа түрлері де бар. Бұндай қарулар қолданған кезде қирау, көптен адам, мал шығындары сияқты үлкен зардап, әкелетін сөзсіз.
Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай.
Соғыс уақытындағы төтенше жағдайдың түрлеріне ядролық қару, химиялық қару, бактериологиялық қарулардың жарылыс ошақтары жатады.
Ядролық қару деп жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қаруды айтады. Ол барлық белгілі зақымдау құралының ішіндегі ең қуаттысы. Ядролық жарылысының қуаты тротилдық эквивалентпен өлшенеді. Тротилдық эквивалент тоннамен (т), килотоннамен (Кт) және мегатоннамен (Мт) өлшенеді.
Ядролық жарылыс ауада, жер (су) бетінде және жер (су)астында болуы мүмкін. Оның талқандау факторына: соққы толқын, жарықты сәуле бөлу, өткір радиация, төңіректі радиоактивті ластаужәне электрлік магниттік импульс жатады.
Соққы толқын ауаның бірден қысылысынан пайда болады және дыбыс жылдамдығынан жоғарғы жылдамдықпен тарайды. Соққы толқынының пайда болу көзі жарылыстың ортасында өте жоғары қысымның пайдаболуы. Соққы толқын өзінің жойқын күшіне байланысты жолындағылардың бәрін қирата талқандап өтеді. Соққы толқынның күші эпицентрінен қашықтаған сайын бәсеңдей береді. Адамдар соққы толқыннан тек арнайы панаханаларға, шұңқырларға т.с.с. таса жерлерге жасырынып, сақтанады.
Жарықты сәуле болу ядролық қарудың жарылысының әсерінен пайда болады. Оның құрамында ультракүлгін, инфрақызыл және көрінетін сәулелер болады. Жарықты сәуле бөлу жарылыстың күшіне байланысты бірнеше секундқа ғана созылады. Бұл сәулелердің ішіндегі қауіптісі инфрақызыл сәулесі.
Жарықты сәуле бөлу үлкен өрттердің пайда болуына әсер етеді, адамдар күйеді, көзді жандырып жібереді.
Өткір радиация - гамма-сәуленің және нейтрондардың ағымы. Ядролық жарылыстың нәтижесінде, оның айналасына жоғары көтеріліп бұлт құраған радиоактивті заттар жерге түсіп, айналаны, суды, ауаны радиоактивті заттармен ластайды.
Радиоактивті заттар адамдарға екі жолмен әсер етеді: гамма-сәуленің бета-бөлшектерімен бөлініп адамның ашық жеріне, терісіне қонады, екіншіден, олар адамның ішіне кетеді. Осыдан адамдар сәуле ауруына шалдығады. Егер теріге радиоактивті заттар көп қонса, адамдар радиоактивті күйік алуы мүмкін. Ішке түскен радиоактивті заттар қан арқылы адам бойына толық тарайды.
Радиоактивті заттардан арнайы панаханалар ғана сақтайды.
Электрлік магниттік импульс жарылыстан кейін электрлік және магниттік алаңның пайда болуына әсер етеді. Бұндай алаңның көлемі бірнеше мыңдаған шаршы километр аумақ болуы мүмкін, ол жарылыстың қуатына тікелей байланысты. Электрлік магниттік импульс үлкен антеналы өте сезімтал электрондық элементтерді күйдіріп жібереді, прибролады, конденсаторларды, ваакумды қондырғыларды және т.с.с. электрондық қондырғыларды істен шығарады. Яғни бұл фактордың әсерінен байланыс аппараттарды, электрондық есеп машиналарды жарамсыз болып қалады.
Радиацияға қарсы қорғаныс. Медициналық көмек көрсету. Алдымен халықты радиациялық қауіп жөнінде құлақтандыру керек, ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын пайдалану туралы хабардар ету керек, радиоактивтік заттармен ластанған аймақтың тұрғындарын өздерін қалай ұстау керектігін мүмкіншілігінше түсіндіру қажет, радиацияның деңгейін анықтаудың маңызы зор, дозиметрлік бақылауды тұрақты жүргізу керек, су мен тамақты радиоактивтік ластануға зерттеу жасау қажет.
Химиялық қару дегеніміз жалпылай улау заттарын қолданатын әскери қару. Химиялық улау заттарын жеткізу үшін зымырандар, бомбалар, снарядтар және т.с.с. құралдар пайдаланылады. Улау заттары адамдарды, мал-жануарды, тірі организмдерді, өзен-көлдерді, су қоймаларын, сол ошақ төңіректерін, егіндерді, өсімдіктерді жояды, қатты зақымдайды.
Улау заттарының жіктелуі келесі белгілерімен анықталады:
1. Зақымданудың клиникалық зақымдау белгілері бойынша улау заттарын 6 топқа бөледі: нервтік-салдық әсері (зарин, зоман, V типті заттар); тері жарасы әсері (иприт, люизит), жалпы улау әсері (синильдік қышқыл, хлорциан), тұншықтыру әсері (фосген, фифосген), психикаға әсері (ВZ), тітіркендіру әсері (СS-адамсит, хлорпикрин, хлорацетофен и др.)
2. Улау заттарының сақталу қасиетіне байланысты, оларды 2 топқа бөледі: сақталмайтындар (синилбдік қышқылы, хлорциан, фосген, дифосген), ұзақ сақталатындар (иприт, зоманр, V типті заттар), бұлар ұзақ уақытқа (тіпті айлар бойы) дейін улау қасиетін жоғалтпайды.
3. Соңғы зақымдау нәтижесі бойынша: өлімге әкеледі (иприт, зарин, зоман, V типті заттар, синильдік қышқыл және басқалары) және адамдарды уақытша есінен айырады.
4. Әсер ету уақыты бойынша: тез әсер ететіндер (удың әсері тез арада білінеді (V), жай әсер ететіндер(әсері бірнеше сағат өткен соң біліне бастауы мүмкін), мысалы, азотты және күкіртті иприттер, фосген, дифосген.
5. Қолданылуы ықтимал улау заттары (V) және фосфорорганикалық заттар.
6. Басқалары жатады.
Бактериологиялық (биологиялық) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамның мекендеу ортасының қауіптіліктері
Азаматтық қорғаныстың жалпы сипаттамасы
Транспорттагы төтенше жағдайлар
Алматы қаласы «құтқару қызметінің» төтенше жағдайлар кезінде құтқару жұмыстарын ұйымдастыруы және өткізуі
Зақымдану ошағы
Халық шаруашылық объектілерде болуы мүмкін төтенше жағдайлар
Бейбітшілік уақытындағы төтенше жағдайлар
Тіршілік әрекетінің қаупсыздігін оқыту әдістері
Қорғаныс ғимараттарының құрылымы, жабдықталуы
Соғыс және бейбіт уақытындағы жаппай зақымдау құралдарының түрлері. Транспорттагы төтенше жағдайлар. транспорттық оқиғаларды топтастыру
Пәндер