Құқыққорғау органдар жүйесінің конституциялық құқықтық жүйесі



Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Құқық қорғау қызметі: ұғымы, белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1 Ұлттық қауіпсіздік комитеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Ішкі істер органдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3 Қаржы полициясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2 Адвокатура ұғымы және мiндеттерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
2.1 Прокуратура органдарының қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары" деп айқын жазылған. Бұл мемлекеттің мемлекеттік және өзге де органдар атынан өз қызметін құқықтық нормалар, Занның үстемдігін қамтамасыз ету, жеке адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, мемлекет пен азамат арасында өзара заң жауапкершілігін белгілеу негізінде жүзеге асыратының айғақтайды.
Көптеген мемлекеттік органдар үшін олардың қызмет ауқымы, аса маңызды болса да, бірақ нақты шектелген міндеттер - құқық тәртібі, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қылмыстар мен өзге құқық бұзушылықтарға қарсы күрес міндеттерін шешумен бітпейді, құқық тәртібі мен заңдылықты қорғау жөніндегі кейбір функцияларды олар өздерінің негізгі міндеттерімен қатар жол-жөнекей орындайды.
Құқық қорғау органдары мемлекеттің басым құрылымдарына жатады. Оларға қару қолдануға дейін үлкен өкілдіктер берілген. Сондықтан олар міндеттері, қызметтері, қызметініңтүрлері мен әдеттері белгіленген ҚР Конституциясының қағидаттары мен нормаларына сәйкес қатаң жұмыс істеуге міндетті. Республикада олардың қызметіне қатысты болатын ІІм, ҰҚК, прокуратура органдары, әділет органдары, сот жүйесі, адвокатура, нотариат туралы заңдар мен басқа заңдар қабылдаған және олар жұмыс істейді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Г.С. Сапаргалиев Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы: Академиалық курс. Өнд., 3 басылым, - Алматы: Жеті жарғы, 2008. – 536 бет
2. С.Қ. Амандықова Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы: Оқу құралы – Астана: “Фолиант”, 2001. – 175 бет
3. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы Академиалық курс. Өнд., 2 басылым, - Алматы: Жеті жарғы,
2004. – 480 бет

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Құқық қорғау қызметі: ұғымы, белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...4
1.1 Ұлттық қауіпсіздік комитеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Ішкі істер органдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3 Қаржы полициясы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2 Адвокатура ұғымы және мiндеттерi ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
2.1 Прокуратура органдарының қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары" деп айқын жазылған. Бұл мемлекеттің мемлекеттік және өзге де органдар атынан өз қызметін құқықтық нормалар, Занның үстемдігін қамтамасыз ету, жеке адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, мемлекет пен азамат арасында өзара заң жауапкершілігін белгілеу негізінде жүзеге асыратының айғақтайды.
Көптеген мемлекеттік органдар үшін олардың қызмет ауқымы, аса маңызды болса да, бірақ нақты шектелген міндеттер - құқық тәртібі, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қылмыстар мен өзге құқық бұзушылықтарға қарсы күрес міндеттерін шешумен бітпейді, құқық тәртібі мен заңдылықты қорғау жөніндегі кейбір функцияларды олар өздерінің негізгі міндеттерімен қатар жол-жөнекей орындайды.
Құқық қорғау органдары мемлекеттің басым құрылымдарына жатады. Оларға қару қолдануға дейін үлкен өкілдіктер берілген. Сондықтан олар міндеттері, қызметтері, қызметініңтүрлері мен әдеттері белгіленген ҚР Конституциясының қағидаттары мен нормаларына сәйкес қатаң жұмыс істеуге міндетті. Республикада олардың қызметіне қатысты болатын ІІм, ҰҚК, прокуратура органдары, әділет органдары, сот жүйесі, адвокатура, нотариат туралы заңдар мен басқа заңдар қабылдаған және олар жұмыс істейді.

1 Құқық қорғау қызметі: ұғымы, белгілері, мақсаттары
Мемлекет пен оның органдарының кызметінде басым бағыттардың бірі ретінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін қамтамасыз етуге, қазақстандық қоғам мен мемлекеттің тұрақты әрі дәйекті дамуын, халықаралық аренада Қазақстанның қызметін құқықтық қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыру орын алатыны белгілі.
Құқық тәртібі мен заңдылықты қамтамасыз етумен арнаулы органдар тобы айналысады. Оларды құқық тәртібін қорғау органдары, яғни ҚР Конституциясымен, басқа да заннамалық және құқықтық ұйғарымдармен жалпы мемлекеттің өмірі мен қызмет тәртібін күзетуге арналған органдар деп атайды.
Құқық тәртібін қорғау органдары ұғымына құқық қорғау органдары ұғымы өте жақын келеді. Бұл ұғымдар өте ұқсас, бірақ бірдей емес. Олар білдіретін органдар тобы сай келмейді. Құқық тәртібін қорғау органдарының барлығы бірдей құқық қорғау деп есептелмейді. Дәл осылайша құқық қорғау қатарына кейбір құқық тәртібін қорғау органдарын жатқызуға болмайды.
ҚР заңдарына сәйкес құқық қорғау қызметінің бірқатар белгілері бар:
- біріншіден, құқық корғау қызметі әртүрлі қылмыстың түрлері бойынша мәжбүрлеу және өндіру сиякты заңдық ықпал ету шаралар қолдана отырып, тек заңның негізінде жүзеге асырылады. Бұл жерде құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу шаралары ерекше орын алады;
- екіншіден, қолданылатын заңдық ықпал ету шаралары заңдар мен нормативтік құқықтық актілерге қатаң сәйкес келуге тиіс;
- үшіншіден, құқық қорғау қызметі заңның негізінде белгілі бір рәсімдер сақтала отырып жүзеге асырылады. Мысалы, қылмыс жасағаны үшін ешқандай жаза алдын ала қаралмастан қолданылмайды.
- төртіншіден, құқық қорғау қызметін іске асыру сауатты және дайындалған қызметкерлерден тұратын арнаулы және уәкілетті мемлекеттік органдарға жүктеледі.
Өз мазмұны бойынша құқық қорғау қызметі күрделі болып табылады. Оның көп жоспарлығы осы мемлекеттік қызмет түрінің негізгі бағыттарымен мазмұны айқындалатын әлеуметтік функциялардың әр түрлігіне қатысты айқындалады. Мұндай бағыттардың қатарына мыналарды жатқызуға болады:
- конституциялық бақылау;
- сот төрелігі;
- соттарды ұйымдық қамтамасыз ету;
- прокурорлық қадағалау;
- қылмыстарды анықтау және тергеу;
- заң көмегін көрсету және қылмыстық істер бойынша қорғау.
Осы бағыттардың, әрқайсысы нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған: ҚР Конституциясының ұйғарымдарын бұзуды жою, азаматтық, қылмыстық және өзге де істерді әділ талқылау және шешу, соттардың қалыпты жұмыс істеуі үшін жағдай жасау; прокурорлық ден қою құралдарының көмегімен заңды бұзуды анықтау және жою, қылмыс-жасауға кінәлі адамдарды әшкерелеу және ашу, сотта нақты істерді қарау үшін материалдар дайындау, кімге қажет болса, барлығына білікті заң көмегін ұсыну. Осы нәтижелерге қол жеткізу, ең аяғында, нақты функцияларды іске асыру процесінде пайдаланылатын әдістердің әртүрлігі мен өзгешелігіне қарамастан, құқық қорғау қызметінің жоғарыда аталған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді.

1.1 Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ҚР Президентінің "Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Жарлығының 1-бабында ұлттық қауіпсіздік органдарынын мақсаты айқындалған: "Қазақстан Республикасының үлттық қауіпсіздік органдары - Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын және өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде жеке адамның және коғамның қауіпсіздігін, елдің конституциялық құрылысын, мемлекеттік егемендігін, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуметін қорғауды қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік органдар". Әрі қарай, осы Жарлық-тың 2-бабының 1-тармағында былай деп жазылған:
Ұлттық қауіпсіздік органдарының міндеттері:
1) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыруға катысу;
2) Қазақстан Республикасының мүддесі үшін барлау ақпаратын іздеп табу;
3) шетел мемлекеттері арнайы қызметтері мен ұйымдарынын, сондай-ақ жекелеген адамдардың Қазақстан Республикасының кауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған барлау және өзге де қызметін анықтау, алдын алу және тыю;
4) Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, тұтастығын бұзуға және кауіпсіздігін әлсіретуге бағытталған терроризм және өзге де қызметті анықтау, алдын алу және тыю;
5) заңмен ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарыныңт жүргізуіне жатқызылған қылмыстарды анықтау, тыю, ашу және тергеу;
6) Қазақстан Республикасының Президентін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларын бейбіт кезде және соғыс уақытында үкіметтік байланыспен қамтамасыз ету;
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, ұйымдарында және әскери құрамаларында шифрлау жұмысын ұйымдастыру болып табылады".

1.2 Ішкі істер органдары
ҚР Президентінің "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы заң күші бар Жарлығының 1-бабына сәйкес "Қазакстан Республикасының ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес анықтау, алдын ала тергеу мен жедел іздестіру қызметін, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол сұғушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкім етушілік функцияларын жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылады".
Осы Жарлықтың 4-бабында былай делінген: "Ішкі істер органдарының біртұтас жүйесін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының, көліктегі оған бағынатын ішкі істер басқармалары, қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, поселкелік, желілік ішкі істер органдары, ішкі істер органдарының тергеу изоляторлары, Ішкі әскерлер, оқу орындары, мекемелер және өзге де ұйымдар құрайды.
Ішкі істер органдарының құрамында криминалдық полиция, әкімшілік полиция және полицияньң өзге де қызметтері, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің әскери құрылымдар мәртебесі бар әскери-тергеу органдары мен әскери полициясы құрылады.
Криминалдық полицияның негізгі міндеттері қылмыстарды анықтау, оның алдын алу, жолын кесу, оны ашу және тергеу, ішкі істер органдарының жүргізуіне жататын қылмыстар туралы істер бойынша анықтама ісін жүргізу, тергеуден, аныктамадан және соттан жасырынған, қылмыстық жазаны өтеуден жалтарған, хабарсыз кеткен және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда адамдарды іздестіруді ұйьшдастыру және жүзеге асыру болып табылады.
Әкімшілік полицияның негізгі міндетгері қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық кауіпсіздікті камтамасыз ету, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, оның алдын алу және жолын кесу, қылмыстарды ашу, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген кұзыретінін. шегінде анықтама мен әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру, ұсталған және қамауға алынған адамдар, оның ішінде белгілі бір тұратын жері, кұжатгары жок адамдар ұсталатын жерлерде құқық тәртібін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік қадағалау және бақылау жасау, төлқүжаттық жұмыстар мен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ішкі істер органдарына жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру болып табылады. Әкімшілік полицияны полицияның учаскелік инспекторлары мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторлар қызметтері, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық пен экомомика, саясат
Адам құқықтарын халықаралық сот мекемелері арқылы қорғау
ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Қазақстан Республикасы прокуратурасының Конституциялық – құқықтық мәртебесі
Прокуратура органдары қызметі жайында
Қазақстан Республикасындағы прокуратура органдарының жеке тұлғалардың құқықтық мәртебесін қамтамасыз етудегі рөлі
Құқық қорғау қызметі
Мемлекеттік аппараттың түсінігі мен мазмұны.
ҚР әділет органдарының қызметі: құрылымы, маңызы, мақсаттары мен міндеттері
Құқық қорғау органдарының ұйымдастырылуы мен қызметінің құқықтық негіздері
Пәндер