Жергілікті атқарушы органдардың жалпы сипаттамасы



Жоспар:

Кіріспе

I. Жергілікті атқарушы органдардың жалпы сипаттамасы
1.1.Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
1.2.Жергілікті басқару органдарының қызметін ұйымдастыру
1.3. Қазақстан Ресубликасында жергілікті өзін.өзі басқару принципі

II. Қазақстан Республикасында атқарушы биліктің жергілікті органдары
2.1.Облыстық әкімдер және олардың өкілеттіктері
2.2.Аудандық әкімдіктер Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдiктiң құзыретi
2.3. Жергілікті өзін.өзі басқаруды енгізудің маңызы мен проблемалары

III. Қазақстан Республикасында жергілікті басқару органдарының қызметін жетілдіру.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі: Демократиялық мемлекеттердің саяси өмірінде, ондағы сан-салалы қоғамдық процестерде парламенттердің ерекше рөл атқаратыны белгілі. Демократия жолына түскен елдердің оңды тәжірибесі көрсетіп отырғандай, парламент елдің үдемелі, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етіп, сол арқылы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың және өркениетке лайықты өмір сүруінің кепілі болып табылады және соның негізін қалайды. Бұл демократиялық институттың маңызы мен қажеттелігі де осында жатыр.
Қазақстандағы басқару органдарының қалыптасып, дамуының феноменін теориялық зерделеу, талдау, біртұтас мемлекеттегі атқарушы органдарының қызметі ерекшеліктеріне, табиғаты мен қайшылықтарына, олардың атқарушы қызметінің өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық қатынастарды реттеуге ықпалына, басқа елдерден өзгешеліктеріне саяси талдау – толғағы жеткен ғылыми проблемалар. Сондай-ақ, атқарушы билік, жергілікті атқарушы органдар қызметі мен тарихы оған әр қырынан жан-жақты талдау жасауға мол және нақты материал беріп отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстандағы атқарушы үкіметінің жергілікті басқару органдарының мәні мен қызметін, ерекшеліктері мен табиғатын саяси ғылымдардың бүгінгі жетістіктері тұрғысынан терең, жан-жақты, кең ауқымды түрде талдау, сондай-ақ орындаушы үкіметінің жергілікті басқару органдары туралы жан-жақты түсінік алу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Мемлекеттік басқару органдары туралы, олардың құрылымы мен құзыретімен танысу;
- Жергілікті мемлекеттік басқару, атқарушы биліктің орталық органдары туралы танып-білу;
- әкімдер және әкімшіліктерді құру, олардың құзыретімен танысу;
Зерттеу объектісі: Курстық жұмыстың зерттеу объектісі болып Қазақстандағы атқарушы үкіметінің жергілікті басқару органдарының еліміздің саяси, демократиялық жүйесінде қызмет жасауы мен қалыптасуының ерекшелікетрін, нығаюы мен даму эволюциясын саяси талдау саналады.
Зерттеудің пәні: Қазақстан Республикасы Конституциясы және заңнамалары аясындағы мемлекет билік жүйесіндегі басқару органдарының атқарушылық деңгейін сараптау.
ҚР Конституциясында Республиканың атқарушы билігін Үкіметтің жүзеге асыратындығы, атқарушы огандар жүйесін басқарып, олардың қызметіне басшылық жасайтыны көзделген.
Қазақстан Республикасының Үкіметі – Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асыратын, атқарушы орнадардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық жасайтын ең жоғары орган.
Пайдаланылған әдебиеттер

1 Ашитов З.О. Егемен Қазақстанның құқығы:Оқулық.- Алматы,1997.-256 б.
2. Баянов Е.
Мемлекет және құқық негіздері.- Алматы:Жеті Жарғы,2001.- 265-272 б.
3. Билік жүйесі дамудың жаңа деңгейіне сай болсын // Егемен Қазақстан.- 2003.- 4 сәуір.- Б.2
4 Кемел М.
Жергілікті мемлекеттік басқару: бүгін және ертең // Егемен Қазақстан.- 2005.- 16 наурыз.- Б.2
5 Қазақстан Республикасының Конституцяиысының түсіндірме сөздігі .- Алматы: Жеті Жарғы, 1996.- 368 б.
6 Қалмырзаев Ә.
Мемлекет дамуының тамыршысы – халық : Елбасы Жолдауының ғылыми негізі мен сабақтастық сипаты// Егемен Қазақстан.- 2005.- 3 0 наурыз.- Б.2
7 Мақұлбеков Б.
Жергілікті мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздері // Ақиқат .- 2001 .- 3.- Б.42-46
8 Несіпбай А.
Жергілікті басқару жүйеісін жетілдіру : ел дамуына жаңа серпін қосады// Егемен Қазақстан.- 2005.- 7 қаңтар.- Б. 2.
9 Нүкенов А.
Жергілікті басқаруды жетілдіру мәселелері// Саясас.- 2002.- N 7.- Б. 26- 3
10 Сапарғалиев Ғ.
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы.- Алматы: Жеті Жарғы, 2004.- 480б.
11 Сапарғалиев Ғ.
Қазақстан Конституциясы : тәуелсіздікке қызмет етудің 10 жылы// Егемен Қазақстан.- 2005 .- 26 қаңтар.- б.1-2
12. Дағдарыстан дамуға: Қазақстан Республикасының Президентінің 2009 арналған Жолдауы.- Астана, 2009.- 40 б.
13. ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар: ҚР Заңы// жаршы.- 2007.- №10.- б.36
14 Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жетілдіру –заман талабы// Егемен Қазақстан.- 2006.- 25 қыркүйек.- б.2

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе
I. Жергілікті атқарушы органдардың жалпы сипаттамасы
1.1.Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
1.2.Жергілікті басқару органдарының қызметін ұйымдастыру
3. Қазақстан Ресубликасында жергілікті өзін-өзі басқару принципі
II. Қазақстан Республикасында атқарушы биліктің жергілікті органдары
2.1.Облыстық әкімдер және олардың өкілеттіктері
2.2.Аудандық әкімдіктер Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдiктiң
құзыретi
2.3. Жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізудің маңызы мен проблемалары
III. Қазақстан Республикасында жергілікті басқару органдарының қызметін
жетілдіру.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі: Демократиялық мемлекеттердің
саяси өмірінде, ондағы сан-салалы қоғамдық процестерде парламенттердің
ерекше рөл атқаратыны белгілі. Демократия жолына түскен елдердің оңды
тәжірибесі көрсетіп отырғандай, парламент елдің үдемелі, тұрақты әлеуметтік-
экономикалық дамуын қамтамасыз етіп, сол арқылы адам құқықтары мен
бостандықтарын қорғаудың және өркениетке лайықты өмір сүруінің кепілі болып
табылады және соның негізін қалайды. Бұл демократиялық институттың маңызы
мен қажеттелігі де осында жатыр.
Қазақстандағы басқару органдарының қалыптасып, дамуының феноменін
теориялық зерделеу, талдау, біртұтас мемлекеттегі атқарушы органдарының
қызметі ерекшеліктеріне, табиғаты мен қайшылықтарына, олардың атқарушы
қызметінің өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық қатынастарды реттеуге
ықпалына, басқа елдерден өзгешеліктеріне саяси талдау – толғағы жеткен
ғылыми проблемалар. Сондай-ақ, атқарушы билік, жергілікті атқарушы органдар
қызметі мен тарихы оған әр қырынан жан-жақты талдау жасауға мол және нақты
материал беріп отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Курстық жұмыстың мақсаты –
Қазақстандағы атқарушы үкіметінің жергілікті басқару органдарының мәні мен
қызметін, ерекшеліктері мен табиғатын саяси ғылымдардың бүгінгі
жетістіктері тұрғысынан терең, жан-жақты, кең ауқымды түрде талдау, сондай-
ақ орындаушы үкіметінің жергілікті басқару органдары туралы жан-жақты
түсінік алу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Мемлекеттік басқару органдары туралы, олардың құрылымы мен құзыретімен
танысу;
- Жергілікті мемлекеттік басқару, атқарушы биліктің орталық органдары
туралы танып-білу;
- әкімдер және әкімшіліктерді құру, олардың құзыретімен танысу;
Зерттеу объектісі: Курстық жұмыстың зерттеу объектісі болып Қазақстандағы
атқарушы үкіметінің жергілікті басқару органдарының еліміздің саяси,
демократиялық жүйесінде қызмет жасауы мен қалыптасуының ерекшелікетрін,
нығаюы мен даму эволюциясын саяси талдау саналады.
Зерттеудің пәні: Қазақстан Республикасы Конституциясы және заңнамалары
аясындағы мемлекет билік жүйесіндегі басқару органдарының атқарушылық
деңгейін сараптау.
ҚР Конституциясында Республиканың атқарушы билігін Үкіметтің жүзеге
асыратындығы, атқарушы огандар жүйесін басқарып, олардың қызметіне басшылық
жасайтыны көзделген.
Қазақстан Республикасының Үкіметі – Қазақстан Республикасының
атқарушы билігін жүзеге асыратын, атқарушы орнадардың жүйесін басқаратын
және олардың қызметіне басшылық жасайтын ең жоғары орган.

1.Жергілікті атқарушы органдардың жалпы сипаттамасы
1. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті

Жергілікті атқарушы органдардың өздеріне мемлекет жүктеген міндеттерді
жүзеге асыруы үшін кең көлемде құзырет бірелген.
Құзыреттің негіздер республиканың Негнізгі заңның 87 –бабында баянды
етілген, ал жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы Заң мен басқа
да нормативтік-құқықтық актілерде неғұрлым егжей-тегжейлі баяндалады.
Жергілікті атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады:
Аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік
бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың орындалуын
қамтамасыз ету;
Коммуналдық меншікті басқару,
Жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және
қызметтен босату. Жергілкті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға
байланысты өзге де мәселелерді шешу,
Жергілікті мемлекеттік басқару мүдделері үшін рсепубликалық заңдарында
жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілетті жүзеге асыру
... Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы заңда жергілікті
әкімдердің, өзге де облыстық, аудандық, қалалық поселкелік және селолық
әкімшілік органдардың өкілеттігі неғұрлым егжей-тегжейлі регламенттелген.
Заңда жергілікті әкімдердің өкілеттігі баянды етілетінін, олардың
өкілеттігін жүзеге асыру саласын бөліп көрсетілмейтінін атап өткен жөн.
Заңның 42 – бабында облыстық, аудандық, қалалық әкімдердің өкілеттігі
баянды етілген. Атап айтқанда, жергілікті әкім: - облысты, ауданды, қаланы
басқарудың бөлімдер, басқармалар және қызметтер жөніндегі үлгі тізбесін
ескере отырып әзірленген схемасын мәслихаттың бекітуіне табыс етеді;
- тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс бюджетінің жобасын мәслихаттың
бекітуіне ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді,
экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен бағдарламаларын
мәслихаттың бекітуіне ұсынады, олардың орындалуын қамтамасыз етеді,
мәслихаттың сессиясында олардың орындалуы туралы есеп береді.
- әкімшілік-аумақтық бөліністің меншігін басқаруды жүзеге асырады,
қарамағындағы кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің басшыларын
тағайындайды және қызметінен босатады,
- жоғары тұрған атқарушы орган берген өкілеттікке сәйкес республикалық
меншіктегі кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың қызметін үйлестреді;
- жергілікті әкімшілік органдарының басшыларын тағайындайды және қызметтен
босатады, республика министрлктерінің, мемлекеттік комитеттері мен
ведомстволарының, аумақтық органдарының, республикалық бағыныстағы
кәсіпорындардың басшыларын тағайындауға келісім береді, оларды қызметтен
босату және басқалар туралы ұсыныстар енгізеді.
- Поселкелік, селолық әкім поселке, ауыл, ауылдық округ азаматтары
өкілдерінің жиналысын шақырады, олардың шешімдерінің орындалуын қамтамасыз
етеді,
-азаматтардың арыздарын, шағымдары мен өтініштерін қарайды.
- ауыл, поселке, округ аумағының шеңберінде жер заңдарына сәйкес жер
пайдалануға байланысты мәселелерді шешеді.
- Заңды жеке тұлғалармен шарттар жасасады, және банк құжаттарына қол қояды.
- Қоғамдық тәртіпті нығайтуға байланысты мәселелерді шешеді. Өртке қарсы
қауіпсіздік пен судағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бақылау жасауды
жүзеге асырады.
Жоғарыда келтірілген қызмет салаларында облыстық, аудандық, қалалық
әкімшіліктердің өте кең өкілеттігі бар. Мәселен, жоспарлау, бюджет,
шаруашылық қызмет, көлік пен байланыс саласында, бюджеттің облысты,
ауданды, қаланы дамыту жоспарлары мен бағдарламаларының жобаларын
әзірлейді, әкімшілік-аумақтық бөліністердің меншігіндегі кәсіпорындарды,
мекемелер мен ұйымдарды құрады, қайта ұйымдастырады және таратады, еңбек
ресурстарын есепке қамтамасыз етіп, олардың бөлінуін реттейді, халыққа
кәсіпорындар мен ұйымдар көрсететін байланыс қызметінің сапасын бақылауды
жүзеге асырады, оларға шарт негізіндегі почта, телефон, байланысы өзге де
байланысты және басқаларын жақсартуда көмек көрсетеді.
Жер пайдалану, табиғат қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
саласында: табиғатты қорғауға және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға
мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, табиғат қорғау, экологиялық
сараптама, қорғау объектілерін салу мен қайта құру жөнінде бағдарламалар
әзірлеуді ұйымдастырады, экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы бар
объектілерін салу мен қайта құруға тыйым салу және басқалар туралы
қорытындылар дайындайды.
Құрылыс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету,
сауда, қоғамдық тамақтандыру, сәулет өнері, қаоа құрылысы саласындағы
орталық мемлекеттік органмен міндетті түрде келісе отырып, аумақта құрылыс
салуды жүзеге асырады, әлеуметтік-мәдени және өнеркәсіп объектілерін салу
жөнінде тапсырысшы болуға құылы, жоспарлардың мемлекеттік сараптамасына,
жеке және заңды тұлғалардың жобалау мен құрылыс салу қызметіне мемлекеттік
лицензия беруге жәрдемдеседі.
Халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету саласында: білім беру ісін,
балаларға мектепке дейін және мектептен тыс тәрбие беру жұмысын жүргізеді,
облыстық, аудандық, қалалық білім беру мекемелерінің материалдық техникалық
базасын нығайтуға қамқорлық жасайды; тарих және мәдениет ескерткіштерін
қорғауды жүзеге асырып, пайдалануды ұйымдастырады.

2. Жергілікті басқару органдарының қызметін ұйымдастыру

Жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқару органдары
тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілді және атқарушы
органдар жүзеге асыратын болады.
Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы
органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді. Сонымен бірге тиісті аумақтық
мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің
жалпымемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етіп отырады. Олардың
құзыретіне : аумақты дамыту жоспарлары, экономикалық және әлеуметтік
бағдарламаларды; жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқарылуын
қамтамасыз ету, коммуналдық меншікті басқару, жергілікті органдардың
жұмысын ұйымдастыру т.б жатады.
Мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына – Қазақстан
Республикасы Президенті мен Үкіметінің заңдарын, актілерін және
Конституцияны орындауды қамтамасыз ететін жергілікті атқару органдары
жатады.
Жергілікті әкімшілік пен оның органдарының қызметін ұйымдастыру
құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін бюджет жобасын
талдайтын және оны орындайтын жергілікті әкімшіліктің аппараты құрылады.
Жергілікті атқару органдарының өкілеттігі Қазақстан Республикасының
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару Заңының 42-46
баптарында жете мазмұндалған.
Жергілікті өкілді органдар – мәслихаттар.Жергілікті өкілді орган облыстың,
ауданның, халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шаралар
белгілейтін және олардың жүзеге асуын бақылайтын сайланбалы орган болып
табылады. Бірінші белгі – бұл сайланбалық. Бірақ сайланбалық жергілікті
өкілді органдардың айрықша белгісі болып табылмайды.
Мәслихаттардың екінші белгісі оларды әкімшілік-аумақтық бірліктер халқы
сайлайтыны және сондықтан осы бірліктердің өкілді органдары болып
табылатынында.Мәслихаттар әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында
тұрып жатқан халықтың еркін білдіреді. Егер аталған үш белгі жергілікті
өкілді органдардың қалыптасу процесін сипаттайтын болса, онда төртінші
белгі олардың қызмет саласына жатады. Жергілікті өкілді органдар өз
қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыруға және
халықтың еркін іске асыру үшін қажетті шараларды белгілеуге тиіс.

3. Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару
принциптері мен функциялары

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жергілікті
өкілді және жергілікті атқарушы органдардан тұрады. Ол мемлекеттің құрамдас
бір бөлігі болып табылады және Республика үшін біртұтас мемлекеттік қызмет
принциптерін басшылыққа алады. Демек, жергілікті мемлекеттік басқару
мемлекеттік биліктің туындысы. Бұл жергілікті мемлекеттік басқару жалпы
жергілікті ерекшеліктерді есепке алмайды және жергілікті проблемаларды
шешпейді дегенді білдірмейді. ҚР – дағы жергілілікті мемлекеттік бақсару
мемлекет тетігінің ерекше бөлшегі болып табылады және белгілі бір
дербестікке ие болады. Бірақ дербестік жергілікті өкілді органдар мен
жергілікті атқарушы органдарда ұйымдық және құзыреттілік тұрғысынан өзіндік
ерекшелікпен көрінеді.
Жергілкті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру тарихи, этникалық,
географиялық және басқа жағдайларға байланысты объективтілік және
субъективтілік фаткорлардың негізінде жүреді.Осы себепті мемлекеттерде
жергілікті басқаруды ұйымдастырудың және тиісінше осы құбылысты заңдық
реттеудің сан алуан түрлі практикасы бар.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Констиуциясы жергілкті
органдардың жаңа үлгісін бекітті. Ол оларды жергілікті мемлекеттік басқару
және жергілікті өзін-өзі басқаруға бөлді. Жергілікті мемлекеттік басқаруға:
жергілікті өкілді органдар, 2)жергілікті атқарушы органдар.
Жергілікті өзін-өзі басқару жергілкті мемлекеттік басқаарудан бөлінді.

Жергілікті өзін-өзі басқару – мемлекеттегі белгілі бір әкімшілік аумақтық
бөлік тұрғындарының жергілікті істерді басқару жөніндегі дербес қызметі. ҚР
Конституциясы Жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзі-өзі
басқару туралы бөлімінде 8 – бабында жергілікті өкілді органдардың
сипатына, мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы ережелер
белгіленген. Осы бөлімнің 89 бабы бойынша Қазақстан Республикасында
жергілікті маңызы бар мәселелерді жергілікті тұрғындардың өзі шешуін
қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады. Жергілікті өзін-өзі
басқаруды тұрғындардың тікелей сайлау жолымен, сондай-ақ адамдар жинақы
тұратын аумақты қамтитын ауылдық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы
сайланбалы және басқа жергілікті өзі-өзі басқару органдары арқылы жүзеге
асырады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың
қызмет тәртібі заңда көрсетліген шекте азаматтардың өздері белгілейді.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне олардың заңмен
білгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі. Мемлекет олардың
қызметін және олардың өкілеттігінің шегін заңдылық деңгейінде тек жалпы
шеңберде белгілейді.Басқа жағдайларда өзін-өзі басқару органдары мәселені
дербес шешеді. Сондықтан жергілікті жерлерде мұндай органдардың құрылуы тек
атауы бойынша ғана емес, бағыты, нысаны, қызмет тәртібі, кірістердің
қосымша көздері, әкімдермен, мәслиахттармен өзара қатынас тәсілдері бойынша
да әртүрлі болуы мүмкін.
Қазақстанда жергілікті басқарудың тиімді тәсілдерін қалыптастыру
жолында бірқатар түбірлі өзгерістер жүзеге асырылып келеді.
Жергiлiктi өзiн-өзi басқару – халық тiкелей жүзеге асыратын, сондай-ақ
мәслихаттар және басқа да жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы
жүзеге асырылатын осы Заңда, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде
айқындалған тәртiппен жергiлiктi маңызы бар мәселелердi өзiнiң
жауапкершiлiгiмен дербес шешуге бағытталған қызмет;
 - жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары — осы Заңға сәйкес жергiлiктi
маңызы бар мәселелердi шешу жөнiндегi функциялар жүктелген органдар;
- Жергiлiктi өзiн-өзi басқару облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық
(селолық) округ, ауылдық (селолық) округтiң құрамына кiрмейтiн кент пен
ауыл (село) шегiнде жеке жүзеге асырылады.
  - Жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды жергiлiктi қоғамдастық мүшелерi
тiкелей, сондай-ақ мәслихаттар мен басқа да жергiлiктi өзiн-өзi басқару
органдары арқылы жүзеге асырады.
      Облыстың, ауданның, қаланың, қаладағы ауданның, ауылдық (селолық)
округтiң, ауылдық (селолық) округтiң құрамына кiрмейтiн кент пен ауылдың
(селоның) әкiмi мемлекеттiк басқару функцияларымен қатар жергiлiктi өзiн-
өзi басқару органдарының функцияларын да жүзеге асырады.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мiндеттерi:

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде:
     - Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;
      - жалпымемлекеттiк iшкi және сыртқы саясатқа, оның iшiнде қаржылық
және инвестициялық саясатқа сай келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол
бермеуге;
     - бiрыңғай еңбек нарығын, капиталды қалыптастыруға, тауарлар мен
қызметтердi еркiн алмасуға, Қазақстан Республикасының бiрыңғай мәдени және
ақпараттық кеңiстiгiнiң қалыптасуы мен дамуына кедергi келтiретiн
шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге;
      - Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде
Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтауға;
      - қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген
жалпымемлекеттiк стандарттарды сақтауға;
      - жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң құқықтары мен заңды
мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге;
      - өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде жариялылық пен ашықтық, қоғамдық
пiкiрдi ескеру принциптерiн ұстануға, жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң
жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының отырыстарына еркiн қатысу
мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге;
      - жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң жергiлiктi маңызы бар
мәселелердi шешуге қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Мемлекеттiк органдардың жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара
қарым-қатынасы:
Мемлекеттiк органдар жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды қалыптастыру және
дамыту үшiн қажеттi құқықтық, ұйымдастырушылық және өзге де жағдайлар
жасайды, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қызметiн әдiстемелiк және
ақпараттық қамтамасыз етудi қоса алғанда, Қазақстан Республикасының
заңнамалық актiлерiне және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес
халықтың жергiлiктi өзiн-өзi басқару құқығын жүзеге асыруына жәрдемдеседi.
Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес жергiлiктi қоғамдастық халқының алдында жауапты болады.

2.Қазақстан Республикасындағы атқарушы биліктің жергілікті органдары
2.1. Облыстық әкімдер және олардың өкілеттіктері

Жергілікті атқарушы органдарға әкімдер және олардың аппараттары
жатады. Заң талаптарына сәйкес, әкім – Қазақстан Республикасы Президенті
мен Республика Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдарды басқаратын,
қарауындағы аумақта мемлекеттік саясаттың жүзеге асуын, Қазақстан
Республикасының орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімдерінің
үйлесімді қызмет жасауын қамтамасыз ететін, атқарушы органдарға басшылық
жасайтын, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын, Қазақстан республикасының
заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттігіне ие, сол сияқты тиісті
аумақтың әлеуметтік және экономикалық дамуына жауапты уәкілі болып
табылады.
Жергілікті атқарушы органдардың және әкімнің қызметін қамтамасыз ету
үшін мемлекеттік мекеме - әкімнің аппараты құрылады.
Жергілікті мемлекеттік басқару дегеніміз – жергілікті өкілдікті және
атқарушы органдардың белгілі бір аумақта мемлекеттің саясатын жүргізетін,
осы және басқа да заң актілерінде көрсетілген өкілеттіктердің аясында оның
дамуына және осы аумақтағы істің ахуалына жауапты болу үшін атқарылатын
қызмет.
Ал, жергілікті атқарушы орган деген ұғымға келетін болсақ- бұл
облыстың ауданның, қалалардың әкімдері басқаратын, өзінің өкілеттігі
аясында тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын
алқалы атқарушы орган.
Жергілікті мемлекеттік басқару институтының негізгі буыны атқарушы
органдар - әкімдер мен әкімшіліктер болып саналады.
Аудандық (қалалық), облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың,
Астананың) әкімдері Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бірыңғай
жүйесіне кіреді және тиісті аумақтың мүддесі мен мұқтаждарына байланысты
атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын жүргізеді.
Облыстық, аудандық әкімшіліктерді заңда көрсеьілген тәртіппен
сайланатын әкімдер басқарады. Ал, әкімшіліктің құрамына әкімнің
орынбасарлары, аппарат басшысы, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын
атқарушы органдардың бірінші басшылары кіреді.
Әкімшілік – заңдық тұлға санатына кірмейтін алқалы орган болып
табылады. Әкімшіліктердің төмендегі буындары құрылады: 1) облыстық,
республикалық маңызы бар қалалық, астаналық; 2) аудандық (облыстық маңызы
бар қалалардың), республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық,
аудандық маңызы бар қалалық, кенттік, ауылдық (селолық), ауылдық ( селолық
) округтік әкімшіліктер .
Облыстық әкімдіктер
Облыстық (Алматының, Астананың), аудандық (облыстық маңызы бар қаладағы
(Астанадағы) аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттік, ауылдық
(селолық), ауылдық (селолық) округтік әкімдіктер түзілмейтін болғандықтан,
олар тиісті атқарушы органдардың бір бөлігі болып саналады.
Облыстық (Алматының, Астананың), аудандық (облыстық маңызы бар
қалалардың) әкімшіліктерінің ортақ бір міндеті бар: тиісті аумақтың
мүдделері мен даму қажеттіліктеріне тіркес атқарушы үкіметтің жалпы
мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз ету.
Облыс әкімшілігінің құзыретінің төмендегідей бағыттары бар:
1) ұйымдық – шаруашылық; 2) басқарушылық, 3) реттеушілік; 4)
үйлестірушілік5) консультативтік.
Ұйымдық шаруашылыққа төмендегі өкілеттіктер жатады: облысты (Алматыны,
Астананы), облыстық (Алматының, Астананың) бюджетті дамыту жоспарларын,
экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын әзірлеу, облыс (Алматының,
Астананың) аумағында кәсіпкерлік қызметті, инвестициялық ахуалды дамыту
үшін жағдайлар жасау, облыс аумағында су құбырларының, тазартқыш
құрылыстары, электр беру желістерінің, басқа да инфрақұрылым обьектілерінің
құрылысын ұйымдастыру, қоғамдық тәртіп қорғау және қауіпсіздік сақтауды
қамтамасыз етуді ұйымдастыру және т.б.
Басқарушылыққа төмендегі өкілеттіктерді жатқызуға болады:
Аграрлық сектордың ұтымды және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету,
облыстық ( Алматы, Астаналық) маңызы бар жолдарды ұтымды іске пайдалану мен
күтіп ұстауды қамтамасыз ету,мемлекеттік стандарттарды сақтауды қамтамасыз
ету, азаматтардың кепілдік берілген медициналық қызметке құқығын іске
асыруын қаматамасыз ету, облсытық коммуналық шеншікті басқару, оны қорғау
бойынша шараларды жүзеге асыру, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер
құру.
Реттеушілік заңдарға сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру
жатады: әкімшілік нормативтік қаулылар қабылдайды.
Облыстық әкімшілік аудандық әкімшіліктердің құзыретіне кіретін
мәселелер бойынша олардың жұмысын үйлестіреді, халықтың әлеуметтік осал
топтарына қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмысын
үйлестіреді.
Облыстық (Алматы, Астаналық) әкімшілік консультативтік жұмысты жүзеге
асырады, ол үшін ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша
консультативтік-кеңестік органдар түзейді. Облыстық әкім Қазақстан
Республикасының Конституцяисына сәйкес облыстардың (Алматының, Астананың)
әкімдерін қызметке Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша Президент
тағайындайды. Облыстың әкіміне бірнеше түрге бөлуге болатын құзырет
берілген:
Өкілдік өкілеттіктер. Облыстың (Алматының, Астананың) әкімі
мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен қарым-қатынастарда
облыстың мүдделеріне өкілдік етеді. Әкім өз құзыретін жүзеге асыру
барысында Парламент пен сот органдарынан басқа, Үкіметтен бастап орталық
атқарушы органдардан төмен тұрған атқарушы органдарға дейінгі барлық
органдармен қарым-қатынастарға кіреді.
Бақылау өкілеттіктері. Орталық атқарушы органдардың аумақтық
бөлімшелері әкімшіліктің аумағында орналасады және қызмет істейді. Олардың
қалай жұмыс істейтіні, өздерінің міндеттерін қалай атқаратыны, нормативтік
актілер талаптарын орындайтыны облыс әкімшілігі үшін бәрі бір емес.
Сондықтан облыс әкіміне орталық атқарушы органдардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
Мемлекет механизмі жайлы
Жергілікті атқарушы және өкілетті билік органдарының арақатынасы
Жергілікті өкілді органдар - мәслихаттар
Мемлекет – басқару функциясы
Мемлекеттік аппарат туралы
Мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару : өзара іс-қимылдың арақатынасы мен тетіктері
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік құқықтық басқару тетігі
Мемлекеттік басқару және атқарушы билік: түсінігі мен мазмұны және арақатынасы
Биліктің бөліну принциптері
Пәндер