Қазақстанның геосаяси жағдайы



1 Қазақстанның геосаяси жағдайы
2 Қазақстан және халықаралық ұйымдар
3 Қазақстанның сыртқы саясаты
Тәуелсіз Қазақстан Республикасына өзіндік сыртқы саясаты ұстанымын қалыптастыру қажет болды. Сыртқы саясаттағы негізгі мақсат — елдің кауіпсіздігін сақтау, саяси және экономикалық қарым-катынастарда аймақтық, субрегионалдық құрылымдарға ену, тәуелсіз мемлекет есебінде елдің дамуы үшін сыртқы қолайлы жағдайларды қарастыру және оны тиянақтау.
«Азия мен Еуропаның түйіскен жерінде орналасқан геосаяси жағдайы, экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қол жеткен қуаты Қазақстанды қазіргі халықаралық қатынастарда өзінің айналасындағы елдермен қауіпсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын құрметтеу қағидаларына негізделген тату көршілік аймағын құруға мүдделі ірі аймақтык мемлекет ретінде танытты».
Бүгінгі әлем күрделі де жан-жақты. Бұрынғы кездегі идеологиялық қарама-қайшылық (социалистік жүйе — капиталистік жүйе) енді жекелей мемлекеттердің экономикалық және саяси беделіне ауысты.
1993 жылдың 13 желтоқсанында Үкімет қаулысына сөйкес, ядросыз мемлекеттер қатарында Қазақстан «Ядролық қаруды таратпау жөніндегі Келісімге» қосылды. Республика аумағында бір неше жылдар бойы ядролық қару болып келді. Бірақ оны Қазақстан өз бақылауында ұстай алған жоқ. Ендігі бірден-бір шешім — ядролық қарудан бас тарту еді. 1994 жылы үш мемлекеттің — Еуропадағы қауіпсіздік пен өзара достық қарым-қатынастар жөніндегі Будапештте өткен Кеңесінде Қазақстанның қауіпсіздігін сақтауға Ұлыбритания, АҚШ және Ресей мемлекеттері өз кепілдіктерін берді. 1995 жылы оларға Қытай мен Франция қосылды. Сөйтіп, Қазақстанның төуелсіздігі, дербестігі, шекара біртұтастығы мен

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстанның геосаяси жағдайы
Тәуелсіз Қазақстан Республикасына өзіндік сыртқы саясаты ұстанымын қалыптастыру қажет болды. Сыртқы саясаттағы негізгі мақсат -- елдің кауіпсіздігін сақтау, саяси және экономикалық қарым-катынастарда аймақтық, субрегионалдық құрылымдарға ену, тәуелсіз мемлекет есебінде елдің дамуы үшін сыртқы қолайлы жағдайларды қарастыру және оны тиянақтау.
Азия мен Еуропаның түйіскен жерінде орналасқан геосаяси жағдайы, экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қол жеткен қуаты Қазақстанды қазіргі халықаралық қатынастарда өзінің айналасындағы елдермен қауіпсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын құрметтеу қағидаларына негізделген тату көршілік аймағын құруға мүдделі ірі аймақтык мемлекет ретінде танытты.
Бүгінгі әлем күрделі де жан-жақты. Бұрынғы кездегі идеологиялық қарама-қайшылық (социалистік жүйе -- капиталистік жүйе) енді жекелей мемлекеттердің экономикалық және саяси беделіне ауысты.
1993 жылдың 13 желтоқсанында Үкімет қаулысына сөйкес, ядросыз мемлекеттер қатарында Қазақстан Ядролық қаруды таратпау жөніндегі Келісімге қосылды. Республика аумағында бір неше жылдар бойы ядролық қару болып келді. Бірақ оны Қазақстан өз бақылауында ұстай алған жоқ. Ендігі бірден-бір шешім -- ядролық қарудан бас тарту еді. 1994 жылы үш мемлекеттің -- Еуропадағы қауіпсіздік пен өзара достық қарым-қатынастар жөніндегі Будапештте өткен Кеңесінде Қазақстанның қауіпсіздігін сақтауға Ұлыбритания, АҚШ және Ресей мемлекеттері өз кепілдіктерін берді. 1995 жылы оларға Қытай мен Франция қосылды. Сөйтіп, Қазақстанның төуелсіздігі, дербестігі, шекара біртұтастығы мен қауіпсіздігі басты-басты ядролық державалар тарапынан кепілдікке алынды.
Ядролық қаруды өз жерінен көшіру үшін республика 84 млм доллар алды. 1995 жылдың 26 мамырында ядролық қарудың соңғы бөлшектері республика аумағынан әкетілді. 1995 жылдың 30 мамырында Семей сынақ алаңында қалған ең сонғы ядролық заряд жойылды.
90-жылдары әлемде бірқатар аса маңызды геосаяси және экономикалық өзгерістер болды. КСРО-ның ыдырауы, бұдан кейінгі Ресей жағдайын анықтау, бірігуге бет алған Еуропа мен реформадан кейінгі Қытайдың күшейе түсуі, бірқатар Азия аумағы мемлекеттерінің пайда болуы, жаңа халықаралық экономикалық жүйенің қалыптасуы, т.б. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан өзінің сыртқы саясатында мына төмендегі аймақтық саяси одақтарға сүйенеді:
АӨСШК -- Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес -- 1992 жылдың қазан айында болды. БҰҰ Бас Ассамблеясында Н.Назарбаев бұл ұйымды қолдап сөз сөйледі.
Еуразиялық Одақ 1994 жылдың наурыз айындавы Мәскеуге сапары кезінде Н. Назарбаев бұл одақты құру жөнінде мәселе көтерді.
1992 жылдан бері Қазақстан Экономикалық өзара қарым-қатынас ұйымына Иран, Пәкстан, Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Ауганстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Турікменстан, Өзбекстан мүше болды.
Қазақстанның геостратегиялық басымдылығы үш бірдей әлеуметтік-экономикалық және әлемдік қатынастардың саяси орталығына негізделеді. Олар Солтүстік Америка, бірігу бағытындағы Еуропа және Тынық мұхит аймағы. Орталық Азияда орын тепкен жас мемлекетке дүниежүзілік экономикалық кеңістікке шығу әлдеқайда тиімді.
Қазақстанның геосаяси жағдайы, қазақстандық өнімдерді дүниежүзілік рынокқа шығару жолдарын іздестіру қажеттігі жан-жақты халықаралық байланыстар орнатуға қосымша негіз болды.
Қазақстан және халықаралық ұйымдар
Дүние жүзіндегі көптеген экономикалық және саяси жаһандау үдерістері халықаралық құқықтың басты-басты қағидаларын алға қойып отыр. Қазақстан жекелеген мемлекеттермен сыртқы қарым-қатынасында халықаралық құқықтың көпшілік таныған нормаларын сақтауды көздейді.
Сондықтан да жас мемлекет үшін БҰҰ, ЕҚЫҰ (ОБСЕ) -- (Еуропадағы кауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Халықаралық Еуропалық даму және қайта құру банктері, Халыкаралық валюта қоры, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, т.б. сияқты ірі-ірі халықаралық ұйымдарға мүше болуы аса маңызды жағдай.
1992 жылғы 2 наурыздағы БҰҰ Бас Ассамблеясыныц (БҰҰ БА) 46-сессиясында Қазақстан Республикасын БҰҰ-ға мүшелікке алу жәніндегі қарарға қол қойылды. Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше мән бере отырып, Қазақстан БҰҰ-ның бейбітшілікке бағытталған қызметіне белсенді түрде қолдау көрсетті. 1996 жылы Қазақстан БҰҰ-ның, бейбітшілікті қолдайтын шараларына қатыса алатын резервтік келісімдер жүйесіне қосылған 51 - мемлекетке айналды.
1998 жылы 16 қарашада БҰҰ БА-ның 53-сессиясы Халықаралық ыңтымақтастық және тұрғындарды сауықтыру Қазақстандағы Семей аумағының экологиясы мен экономикалық дамуы мақсатындағы жұмыстарды үйлестіру деп аталган қарар қабылдады. Қазақстан басқа да халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесіне айналды. 1998 жылы республика БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кенесі (ЭӘК) жанындағы комиссия құрамына кірді. Қазақстанның БҰҰ-ның балаларға көмек қорымен (БКҚ) ынтымақтастығы кең түрде даму үстінде. Республикада Бала мен ана денсаулығы, Базалық білім беру, Сумен қамтамасыз ету және санитария ісі және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР-ның геосаяси мүдделері
Геосаясаттың даму тарихы
Дүниежүзілік геосаяси циклдер
Халықаралық экономикалық жүйе
Глобализация және әлемдік қауіпсіздік
Тәуелсіздігін алғаннан кейінгі Орталық Азия мемлекеттерінің әлемдік қауымдастықта алатын орны тақырыбын мектепте оқыту
Орталық Азия мемлекеттері жаңа мемлекеттілік құру сатысында
Әскери фактор
Экономикалық фактор
Орталық Азия одағы
Пәндер