Көркем аударма ерекшеліктері.Көркем аударма міндеттері. Аудармашыға қойылатын талаптар, аудармашы қызметі



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.4
І. Көркем шығармаларды ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктері
1.1. Көркем шығармаларды аударудағы тіл мен рухтың үндестігі ... ... ... ..5.12
1.2. Көркем шығарманы аударудың лингвистикалық сипаты ... ... ... ... .. 12.18
1.3. Көркем шығарманы аударудың стилитикалық сипаты ... ... ... ... ... ... 19.28
ІІ. Аударманың психолингвистикалық классификациясы ... ... ... ... ... ... . 29.30
а) көркем шығармадағы қос сөздердің қолданылу ерекшеліктері ... ... ... 30.33
ә) көркем шығармадағы біріккен сөздердің қолданылу ерекшеліктері ... 33.35
б) фразеологиялық және еркін сөз тіркестерінің қолданылуы ... ... ... ... .. 35.36
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Адамзат аударма арқылы араласып - құраласады. Біз өмір сүріп жатқан әлемнің іштей белгілі бір жүйеге құрылғандығы, адам тіршілігінің кез келген қимыл-әрекеті өзінше шағын жүйе екендігі, онсыз әлемнің тұтас жүйесі жасалмайтындығы белгілі. Әлем халықтары тілдерінің арасында да қарым-қатынастың өз жүйесі, яғни трансляторы болуы керек. Тілдер арасындағы осындай байланыстырушы жүйенің ең қарапайым шешімі – аударма. Бұл тұрғыдан қарағанда аударма адамзатты біріктіріп тұрған факторлардың бірі деуге де болады.
Көркем аударма – аударматанудағы ең бір күрделі де күрмеулі сала. Көптеген зерттеушілердің аударма теориясы тұрғысынан көркем аударманы “Жалпы аударма” курсының дербес пәні ретінде қарастыруды ұсынатыны тегін емес. Олай дейтініміз – көркем аудармада шығармашылық белгі-сипаттарының лингвистикалық және мәдениеттанушылық қырлары аударманың өзге түрлеріне қарағанда айрықша бедерленіп көрінеді. Ал көркем шығармаларды аударуда ерекше жауапкершілік жүктелетіндіктен, аудармашыдан лингвистика мен аударма теориясы саласында жеткілікті дайындықпен қатар, әдебиетшілік, мәдениеттанушы¬лық, стилистік дарын да талап етіледі.
Ағылшын тілінде жазылған көркем шығармаларды қазақ тіліне аударуда шығарманы аудармашының оқырманға тұтастай жеткізуі мен автор мен аудармашының арасында тіл үндестігі мен рухани үндестігінің сәйкес болуы. Тіл табиғатын, сөз мағынасы мен қызметін анықтауға бағытталған аударма зерттеушілерінің танымдық тұжырымдары негізінде зерделенген көркем шығарманы аудару теориясының басты қағидалары мен ұстанымдары.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Hemingway Ernest/The old man and the sea/Антология/2000
2.Ғабдуллин Н./Шал мен теңіз/Астана/Аударма 2002
3.http://www.soylem.kz/
4.Аханов К./Тіл біліміне кіріспе/ Алматы,/1965
5.В. С. Слепович/«Курс перевода» /Минск/2009
6.http://www.bauka.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=226:2009-09-14-14-43-08&catid=47:2009-09-02-07-34-58&Itemid=76
7.Ө.Айтбайұлы,С.Абдрахманов,Ә.Кекілбай/Русско-Казахский словарь/Алматы/2007ж
8. http://www.vestnik-kafu.info/journal/6/222/
9.http://www.temakosan.net/load/referaty_na_kazakhskom/aza_debieti/le_audarmasyny_teorijasy_men_poehtikasy/10-1-0-589
10. http://read.kz/348-krkem-trzhma-tzhribes-bojynsha-praktikum.html
11.Э.Аканиашвили,М.Бажан,С.Баруздин,Ю.Гаврун/Мастерство перевода/Сборник деятый/Советский писатель/Москва/1975
12.Т.А.Казакова/Translation Techniques English<=>Russian/Союз/Санкт-Петербург/2000
13.В.Н.Комиссаров/Общая теория перевода/ЧеРо/Москва/2000

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Адамзат аударма арқылы араласып - құраласады. Біз өмір сүріп жатқан әлемнің іштей белгілі бір жүйеге құрылғандығы, адам тіршілігінің кез келген қимыл-әрекеті өзінше шағын жүйе екендігі, онсыз әлемнің тұтас жүйесі жасалмайтындығы белгілі. Әлем халықтары тілдерінің арасында да қарым-қатынастың өз жүйесі, яғни трансляторы болуы керек. Тілдер арасындағы осындай байланыстырушы жүйенің ең қарапайым шешімі - аударма. Бұл тұрғыдан қарағанда аударма адамзатты біріктіріп тұрған факторлардың бірі деуге де болады.
Көркем аударма - аударматанудағы ең бір күрделі де күрмеулі сала. Көптеген зерттеушілердің аударма теориясы тұрғысынан көркем аударманы "Жалпы аударма" курсының дербес пәні ретінде қарастыруды ұсынатыны тегін емес. Олай дейтініміз - көркем аудармада шығармашылық белгі-сипаттарының лингвистикалық және мәдениеттанушылық қырлары аударманың өзге түрлеріне қарағанда айрықша бедерленіп көрінеді. Ал көркем шығармаларды аударуда ерекше жауапкершілік жүктелетіндіктен, аудармашыдан лингвистика мен аударма теориясы саласында жеткілікті дайындықпен қатар, әдебиетшілік, мәдениеттанушы - лық, стилистік дарын да талап етіледі.
Ағылшын тілінде жазылған көркем шығармаларды қазақ тіліне аударуда шығарманы аудармашының оқырманға тұтастай жеткізуі мен автор мен аудармашының арасында тіл үндестігі мен рухани үндестігінің сәйкес болуы. Тіл табиғатын, сөз мағынасы мен қызметін анықтауға бағытталған аударма зерттеушілерінің танымдық тұжырымдары негізінде зерделенген көркем шығарманы аудару теориясының басты қағидалары мен ұстанымдары.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмыстың мақсаты - көркем шығарманы аудару теориясының концептуалдық жүйесі мен когнитивтік парадигмасын тіл білімінің аудармалық сипатын танытар әрі әлемдік қордың маңызды ғылыми арнасын құрар қағидалар тізбегі ретінде анықтап-талдау. Ағылшын тілінен көркем шығарманы аударудың концептуалды және когнитивтік тұжырымдамалық қорын дәстүрлі және тың бағытта негіздеп талдау. Аударматану теориясының танымдық негізде қалыптасып даму бағытын уәждейтін ұғымдық бірліктерді жүйелеу, олардың халықтық дүниетаныммен сабақтастығын, идеялық және мағыналық болмысын түсіндіру. Көркем шығарманы аударудың әдіснамалық негізі мен когнитивтік парадигмасын анықтау, сол арқылы тіл білімінің аудармалық сипатын таныту.
Ағылшын тілінің рухани қоры мен мұрагерлік қазынасынан бастау ала отырып, бүгінгі танымдық ұстанымдарға үйлесе жалғасқан көркем шығарманы аудару теориясының ғылыми негіздерін анықтап талдау арқылы өзекті мәселелерді шешу, көркем шығарманы аудару теориясының өзіндік даму бағыты қазақ ұлтының заңды динамикалық өсуінің, өркениетті өрлеуінің жемісі, қоршаған дүниені тануға талпынған болмысының тілдегі көрінісі ретінде танылды және көркем шығарманы аударуды жан-жақты меңгеруге ықпал ететін терминдер бір жүйеге келтіріліп, оларға ғылыми негізде түсініктеме берілуі.

І. Көркем шығармаларды ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылу ерекшеліктері
1.1 Көркем шығармаларды аударудағы тіл мен рухтың үндестігі
Ағылшын жазушысы Эрнест Хемингуэйдің Шал мен теңіз атты көркем шығармасы орыс және қазақ тілдеріне аударылып, оқырманның көңілінен шығып отырғаны белгілі. Ағылшын жазушысы Эрнест Хемингуэйдің Шал мен теңіз атты көркем шығармасын қазақ тіліне аударған Нығмет Ғабдуллин. Аудармашы Нығмет Ғабдуллин кісіні жалықтыр - майтындығымен, қарапайымдылығымен баурап, сыпайы сөз саптауымен ширықтыра тартып әкететін-ді. Оның осындай қасиетін аудармашылық шеберлігіне мәдеиет өнері саласындағы әріптестері өте риза болатын. Солай екен-ау, өзі деп, кішірейіп, басқаны жетелей, алғы іске тамызық жасап, бөлім жұмысын саралағанда редакцияның портфеліне көп сүйенетін. Оқушылар хатына құлақ асуды жөн санайтын, ұжымның ұйытқысы болу -- оның басты қасиеті еді, авторлармен жұмыс жасағанды ұнататын, мақтау сөзге құмар емес-ті, қазақтың қарапайым тілімен-ақ жүрекке жетер жылы сөз таба қоюшы еді, иә, біз білген Нығмет Ғабдуллин осындай жан-тұғын, нағыз тәрбиеші-ұстаз еді. Автор жазушылықтың алғашқы басқышын балалар әдебиетінен бастап, кейін жастар өмірін шығармашылығының негізгі арқауы етті. Ол әрі қысқа, әрі нұсқа жазатын. Шұ - балаңқылықпен жаны қас еді, оқушысын зеріктірмей баурап отыру басты бағыты, шығармалары жылы лиризмге толы болатын, аз сөзбен көп мағына беруге ұста еді. Оның әңгіме-повестерінен құлжаның асығындай топ етіп шиырып, шымыр соғар стиль аңғарылатын. Кейіпкерлері ашық бейнелі, оқушыға ескі танысындай әсер етуші еді. Мұны ерекшелік десек, жазушының көркемдік шеберлігі де сонысында болатын. Тілі құнарлы-тын. Нығмет Ғабдуллин аудармамен айналысып
Э. Хемингуэйдің Шал мен теңіз хикаятын т.б. шығармаларын аудару арқылы әлем әдебиетіне өз үлесін қосты.
Э. Хемингуэйдің Шал мен теңіз хикаятын аударуда екі жазушының арасында рухани үндестік байқалады. Осындай үндестікті жасайтын, ұлыларды танытып, бір-біріне жақындататын әлем әдебиеті болып табылады. Көркем шығармаларды аударуға қойылар талаптарды айтқанда алдымен ауызға алынатыны сөзбе-сөзділіктен қашу, жолма-жолдылықтан қашу, шығармашылық еркіндікке құлаш ұру сияқты болып келеді. Бірақ, осы айтылғаннан көркем шығарма аудармасында сөзбе-сөздік, дәлдік, жолма-жолдық көркемдік болуы мүмкін емес деген ой шыға ма? Шықпайды. Бәрі де дарынды аудармашының қолында. Шын дарынды аудармашы өзге біреу сірестіріп қоятын сөзбе-сөзділіктің өзін сырлы сұлулыққа суара алады, нағыз аудармашы өзге біреу жабыстырып қоятын жолма-жолдылықтың өзін жарасымды жымдастырып жібереді. Бұл орайда қазақ тіліне аударған Нығмет Ғабдуллиннің Э. Хемингуэйдің Шал мен теңіз хикаяты нақты мысал бола алады.
Көркем шығарманы аудару тәжірибесіне талдау жасаған тұста аудармашы жұмысының бүкіл үдерісі шартты түрде төрт кезеңге бөлінген.
* түпнұсқаның мазмұны;
* оның семантикалық және стилистикалық құралдарын жан-жақты зерделеуі;
* көркем шығарманың ырғақтық байланысы;
* фонетикалық, синтаксистік құрылымдарының заңдылықтарға сәйкестігі;
Адамды түсіну қандай қиын болса, оның жазғанын түсіну одан да қиын. Иржи Левыйдың: "Дұрыстап оқу - жұмыстың жартысын жасап тастау" деген сөзі бар. Аударылатын мәтіндегі өмір болмысын дұрыс әрі терең түсіну - аудармашыға қойылар басты талап.
Аудармашы Нығмет Ғабдуллиннің Э.Хемингуэйдің Шал мен теңіз аудармасында басқа аудармашыларда кездесетін когнитивті тәжірибесінің жетіспеуі, семантикалық деңгейдегі қателіктер өзгеру, ауысулардың, яғни трансформацияның дәл ұғынылмауы сияқты жіберілетін кемшіліктің бірі де жоқ екен.
Көркем шығарма аудармасының өнері дегеніміз бір тұста ұтып, бір тұста ұтылып жүріп барып шығармашылық жеңіске жету. Әр жол сайын дөп табамын, әр жол сайын дәл түсемін деген адам дәл сол жолдарда тауып кеткендей болып көрінгенімен, шығарманы тұтастай алып қарағанда көркемдік өзегінен айырылып қалмай аудармасы дәл берілген. Ол үшін аудармашы өзі қолға алған шығармадағы тастап кетуге, алмастыруға болатын тұстарды бар жан-жүрегімен, бар ақыл-ойымен, бүкіл болмыс-бітімімен сезінуге тиіс, ең бастысы - нақпа-нақ білуге тиіс екенін түсіне білгенінде. Абзалы, аудармашының ақын немесе жазушы ғана емес, тарихшы, этнограф, тілші, сыншы, мәдениеттанушы болып жатқаны керек. Аудармашы өнер мен ғылымның арасында тұруға тиіс деп бекер айтпайды.
Реалиялар аудармаларына да назар салынған. Ең алдымен түпнұсқаның рухын дәл табу, негізгі айтар ойын дәл аңдау, басты бейнелерін дәл жеткізу шарт. Тіпті бір қарағанда реалия сияқты көрінетін сөздердің, атаулардың өзі шындап келгенде шығармадағы сөз өрнегін айшықты ете түсуге, дыбыс үндестігін күшейту арқылы әсерді арттыруға қызмет етіп қана тұрғанын көруге болады.
Э. Хемингуэйдің Шал мен теңіз Бір қоғамның басқа елде немесе басқа дәуірде пайда болған әлеуметтік және мәдени формаларды қабыл алуы әдеби ауыс-түйістен алдымен көрінеді. Көркем мәтінді қабыл алушы, пайымдаушы ретінде аудармашының өзі субъективті тұлға екені талассыз. Әрі тәржімеші мен автордың дүниетанымында да өзгешелік болатындығы сөзсіз. Оның үстіне қабыл алушы (реципиент) - коммуникативтік актінің қатысушысы ретінде оқырманның өзі де субъективті тұлға. Аударылған мәтіннің қабыл алынуында оқырман менталитетін, тіл заңдылықтарын ескерудің қандайлық үлкен орын алатынына көңіл бөлудің маңызы зор.
Э. Хемингуэйдің Шал мен теңіз аудармасында жазушының сөз сәйкестігінің де, бейне баламалылығының да, уәзін, екпін, ұйқас, интонация барабарлығының да үздік үлгісін жасағандығына мына жолдардан көруге болады:
Гольфстримде бір шал жалғыз өзі қайығымен балық аулап жүрді.Шал сексен төрт күнде бірде бір балық ұстай алмады. Алғашқы қырық күнде жанында бала болды.Күн сайын балықсыз келген баласына ата-анасы бұл қайықпен жолың болмайды, сондықтан басқа қайықпен барып аула,- деді.Шынында да бірінші аптада бала үйіне үш үлкен балық әкелді.Күн сайын теңізге барып, бос қайтқан қартқа бала ылғи да аяушылық білдіріп қарап, оған көмектескісі келіп жағалауға шықты.Парусы қапшықтардың кесінділерімен жамалған, қырық жамау. Шал арық,өте жүдеу, желкесіндегі терең әжімдері теңіз айдынымен шағылысқан тропикалық теңіздерді шақырып тұрғандай ... Самайынан мойнына дейін созылып жатқан теңбіл дақтар мен үлкен балықтарды ұстау кезінде жырылған ескі жарақаттардың орны көзге түседі. Жазылған жарақаттарының орны сусыз шөл даладағы жарылған қара жерге ұқсайды.Әбден жүдеген қарияның өн бойынан теңізге ұқсаған көгілдір көзі мен қиындыққа қажуды білмейтін күлімдеген көзінен басқаның бәрі аянышты көрінеді деп суреттеуі жазушының шеберлігін,саяси әлеуметтік жағдайды анық көрсете алуында. Бала:
- Сантьяга,біз біраз ақша таптық, енді мен тағы да сенімен бірге балық аулауға шығуыма болады,- дейді.
-Жоқ, балам, сен ырысы мол, бақытты қайыққа кездестің . Сен енді сол қайықта қала бер,- дейді Сантьяга.
- Есіңде ме, сексен төрт күн қатарынан теңізге балық аулауға барып, бірде-бір балық ұстай алмай бос қайтқаныңды?
-Иә, есімде. Сен менің қайығымнан маған сенбегендіктен кетпегеніңді білемін,-деді шал балаға.
- Иә, Сен менің қайығымнан маған сенбегендіктен кетпегеніңді білемін есімде,- деді шал балаға . Ол сенбейді,-деді бала.
Э. Хемингуэйдің Шал мен теңіз аудармасынан бала мен балықшы-шалдың арасындағы достық қарым-қатынасты, мейірімділікті көремін. Сондай-ақ бала мен балықшы қарттың бір-біріне деген сыйластығын, жанашырлығын аудармашы, оқырманға дәл жеткізе білген. Аудармадағы нақтылық, сәйкестік назар аударарлық.
- Сантьяга, мен ертең нәлім балық ұстап берейін, - дейді бала.
- Жоқ, одан да сен бейсбол ойна,-деді шал.
- Мен саған кішкене де болса көмектескім келеді. Мені теңізге өзіңмен бірге бірінші рет алғанда мен неше жаста едім? Сол кездің өзінде де шамам келгенше көмектесіп едім ғой.
Осындай үзінділерден Э. Хемингуэйдің Шал мен теңіз аудармасынан баланың қарияға бауыр басып, оның өзіне жасаған жақсылығын бағалай білетінін, еңбекшіл екенін және балықшы қарттың басына түскен қиыншылықты түсіне білетінін көруге болады. Бала мен қарттың жас ерекшеліктеріне қарамастан бір-біріне деген достығының жарасуын автор өте тартымды, әсерлі етіп суреттесе, аудармашы Нығмет Ғабдуллин де оқырманның жүрегіне жылы әсер етерліктей аудара білген. Міне рухани үндестік дегеніміз де осы үзіндіден көруге болады.
Э. Хемингуэйдің Шал мен теңіз шығармасында
The old man dropped the line and put his foot on it and lifted the harpoon as high as he could and drove it down with all his strength, and more strength he had just summoned, into the fish's side just behind the great chest fin that rose high in the air to the altitude of the man's chest. He felt the iron go in and he leaned on it and drove it further and then pushed all his weight after it.
Қария қармақбауды тастай беріп, табанымен басты да, қолына гарпунды ала салып, шалқая беріп, бар пәрменімен балыққа сілтеп қалды. Гарпунды жайынның бауыр қанатының артқы жағынан дәл бүйіріне қадады. Үшкір темір балықтың жұмсақ етіне кірш етіп қадалған соң, шал оны енді бар салмағын сала итеріп, бойлата берді.
Э. Хемингуэйдің Шал мен теңіз аудармаларында жазушының сөз сәйкестігінің де, баламалылығының да, уәз, екпін, ұйқас, интонация барбарлығының да үздік үлгісін жасағандығына жоғарыды келтірілген жолдардан көруге болады.
Ғабдулиннің аудармашылық үлгісіне келетін болсақ, Э.Хемингуэйдің Шал мен теңіз хикаятына жасаған нұсқасының жанрлық табиғаты жөнінде қазақ әдебиеттануында едәуір материал қордаланып үлгерді. Э.Хемингуэйдің асыл нұсқаның белгілі бір анықтаманың аясына сыйя қалмайтыны, қатқан қалыпқа дәл түсе қоймайтыны - жазушы ұлылығының тағы бір айғағы. Түпнұсқаға шығармашылық еркіндікпен қараған, кейіпкерлер болмысына өз байыптамасын жасаған, туындының табиғатын қазақ реципиентінің қабыл алуына лайықтап келтірген.
Аударма - уақытқа тәуелді өнер. Ешкім де барлық замандарға бірдей жарай беретін аударма жасай алмауы мүмкін. Сондықтан да әр дәуір өз аудармасын талап етеді делінеді. Аудармашы өз тіліндегі оқырман үшін жазады. Ол ұлттық көркем әдебиет мектебінде тәрбие алған оқырманның түсінік-пайымын, таным деңгейін, талғамын, қалыптасқан дәстүрлерді ескермей отыра алмайды. Аудармашы өз оқырманының талғамын жаңа өрістерге тартып жатса, биіктерге көтеріп жатса ғанибеттің ғанибеті. Өзге тілдегі үздік үлгіні қолға алған ақын өз оқырманының эстетикалық тұрғыдан қабылдампаздығын тәрбиелеуді де дәйім есте ұстағаны, өзге ұлттық мәдениеттердің өлең өнеріндегі құнды қасиеттердің қыр-сырын ашу арқылы сол тілдердегі өлең өрімдерінен өзімізге де өнеге болатындай өрнектер тауып жатқаны абзал. Зерттеудің өн бойында жалпы бір тілден екінші тілге аудару мүмкін бе өзі дегеннен бастап, көркем шығарма аударыла ма, соның ішінде ағылшын тілінен көркем шығарманы қазақ тіліне аударуға бол ма , аударылса түпнұсқаға теңдес етіп шығаруға бола ма деген тұрғыда неше түрлі пікірлер қазіргі таңда жауабын толық алып отыр. Ал дұрысында көркем шығарма аудармасында түпнұсқадан асып түсу кездеседі . Бұл арада негізгі мәселе - тәржімеші тұлғасы. "Көпшілік назарын өзіне аударған Қазақстандық лингвистиканың өзекті мәселелері қатарында әр түрлі бағыттардың әдістемелік және онтологиялық негіздерін пайымдап түсіну, соның ішінде әлеуметтік лингвистика, этнолингвистика секілді интегралды салаларға, ат қою теориясына, когнитивті лингвистика, лингвосемиотика, лингвистикалық семантика, сөйлеу актілерінің теориясы мен мәдениаралық қатынас проблемаларына және т.б. көңіл бөлу аталып келеді".
1.2 Көркем шығарманы аударудың лингвистикалық сипаты
Ұлттық мәдениеттердің бетбұрысты белестерінде аударманың алар орны арта түсті. Тарихшылдық ұстанымына негізделген салғастырмалы-типологиялық көзқарас қай елдің де әдебиетіндегі тәржіме жәдігерліктерінің идеялық-көркемдік және эстетикалық құндылығын анықтауға мүмкіндік беретіндігі, біз әдеби байланыстар жүйесінде ненің аударма ашып алуға ұмтылуға тиіс екендігіміз айтылады. Алдағы кезде қазақ әдебиетіне көркем шығарманы ағылшын тілінен аудару қазіргіден тереңірек зерттеледі деп сеніммен айтуға болады.
Төл әдебиетімізде аударма арқылы дүниеге келген шығармалардың үлкен бір саласы - прозалық туындылар. Шынтуайтына келгенде, қазақ поэзия аудармасының өзіндік ерекшелігінің келісті көрінетін бір тұсы да осы.
Ағылшын жазушысы Эрнест Хемингуэй шығармасының қазақша аудармасы тұтастай алғанда тілі жеңіл,сөз саптау шеберлігі тілтанудың заңдылықтарына сәйкес. Жазушы шығармасында сиқырлы сөз сазы да қазақ жазушыларына алдыртпай келе жатқан асу. Эрнест Хемингуэй шығармасының жекелеген тұстары, тұрақты сөз тіркестері қазақша жатық, табиғи шыққанымен, тұтастай алғанда, сырлы саздылық, төгілген тіл өрнегі, метафора айшықты ашылған. Бір мәтіннің бірнеше рет тәржімеленуі әртүрлі мағынаны сан түрлі етіп жеткізу арқылы тілдің ішкі мол мүмкіндігін аша түсетіндігімен де пайдалы. Оның үстіне кейбір, аса күрделі шығармалардың аудармалары салған беттен сәтті бола қалуы мүмкін емес те екендігі тағы бар. Осы тұрғыдан қарағанда қазақ әдебиетінде ағылшын жазушысы Эрнест Хемингуэйдің "Шал мен теңіз" хикаятының аударылу эволюциясы - өте қызғылықты тақырып болып орын алған.. Көркем шығарманы аударудың басты өлшемі - оқырманға әсері. Аудармаға қойылар басты талап - түпнұсқаның әсерін жасау. Ол әсерге аудармашының қалай қол жеткізетіні - бөлек мәселе. Көркем шығармаларды аудару мәселелерін талдаған бұл тарауда аудармашы түпнұсқаны өзге тілде орындауы үшін аспапты, яғни тілді, сол тілдегі көркемдік құралдарды ауыстыратыны нақты мысалдармен көрсетіледі. Бұл істе түсіну, зерттеу (идентификация) мен өзектен өткізудің (эмпатия) орны үлкен. Тәржіменің бірқатарында қателіктердің біразы мәтіннің мәнін түсінбеуден кететін қателіктердің жоқтығы, әдеби тілдің тазалығы, стилистикалық стилі шығарманың авторының жетістігі.
Бұл тараушада пішін мен мазмұн бірлігіне қол жеткізу, эвфонияны қалпына келтіру, бунақ, буын, ұйқас, ырғақ, метафора, перифраз, идиома, интонация құбылыстары әртүрлі қолданыстары арқылы көрсетілді.
Кез-келген тәржіме тіліне қарап сол кезеңдегі ұлттық әдеби тіл деңгейіне баға беруге болады, әрі тілдің тарихын қалыптастыруға да мүмкіндік ашылады. Ағылшын тілінен көркем шығармаларды аудару көркемдік құралдарын қалай байытқаны бұрын бізде болмаған шалыс ұйқастан, он буындық тармақтардан, тасымалдың тың түрлері арқылы өлең мақамының өзгеруінен де танылады.
Тілдің өзіндік сипатына байланысты тәржіменің түпнұсқадан да асып түсуі мүмкін дегенге тоқталатын болсам. Мәселе мынада. Аударма - өлшемге байлаулы өнер. Ақ өлеңнің де өзінің ішкі ырғағы бар. Ақын қай шумақты құрағанда да ырғаққа, ұйқасқа, буынға, бунаққа қарамай тұрмайды. Соған орай оның өз ойын, өз тұлғасын, өз бояуын дәйім дәл өзінің көздегеніндей етіп жеткізе алмауы әбден мүмкін. Мұның өзі ең мінсіз деген шығармалардан да табылуы мүмкін. Сол ойдың, сол тұлғаның, сол бояудың өзге тілдегі өзге ырғаққа, өзге ұйқасқа, өзге буынға, өзге бунаққа түпнұсқадағыдан да әуездірек, әрлірек болып түсуі де мүмкін. Ол әрбір халықтың тарихының, тұрмысының, сенім-нанымының, әдет-ғұрыптарының, үйренген үрдістерінің, талғамының ерекшелігінен құралады. Аудармашының еңсеруіне тура келетін қиындықтарының ең үлкенінің бірі ұлттық пішіннің ерекшеліктерін дәл ұстай білу.
Эрнест Хеменгуэй Шал мен теңіз көркем шығармасының мазмұны тереңде жатыр.Көркем шығарманы оқи отырып шығарманың тақырыбынан белгілі, осы тақырып арқылы автордың алға қойған мақсатынан бастап, көркемдік шешімге дейін баратын кейіпкердің мінезін, дүниетанымын, іс-әрекетін қамти келе автордың тілі мен стиліне, бағыты мен әдісіне, эстетикалық идеалына жетудің жолдарын көреміз. Сонымен, автор көркем шығармадағы шындықты, яки адам образын жасауға қажет өмірлік материалды жинақтауды типтендіру тәсілімен жүзеге асырған. Эрнест Хеменгуэйдің Шалмен теңіз көркем шығармасын қазақ тіліне аударуда Нығмет Ғабдуллинның ойынша, мұның өзі типтілік проблемасы -- әдебиеттің жалпы мәні мен маңызына жағалай теліне беретін жағдай, жалаң уағыз емес, жаппай жапсырыла беретін жамау емес, терең шығармашылық сипаттағы орасан күрделі мәселе екенін аңғартады және аударма жасауда автордың шығармасының мазмұнын толық береді.
Эрнест Хеменгуэйдің Шалмен теңіз көркем шығармасында суреткердің жасаған уақыты мен жағдайларын ескермей оның дүниеге көзқарасының сипатын терең талдамай, оның оқырман үшін қажеттілігін түсіну мүмкін еместігі дәл. Шығарманы қазақ тіліне аударған Нығмет Ғабдуллин Эрнест Хеменгуэйдің Шал мен теңіз шығармашылықтың психологиясы -- тым табиғи нәрсе, оның жасандылыққа көнбейтінін, жаттампаздық жетегіне ермейтініне басты назар аудара отырып, аударманың тек мазмұнын ғана беруді көздемейді..
Автор шындық құбылыстарды типтендіре жинақтау арқылы суреткер образдың немесе типтің жалпы бітімін, тұлғасын қалыптастырумен қатар оның ішкі ерекшелігін ашып, мінезін даралайды. Әрбір әдеби тұлғаны өз ортасынан адам ретінде бөлек, оқшау танытып тұратын, оның тек өзіне ғана тән, өзгелерде жоқ және қайталанбайтын психикалық ерекшеліктері болуы шарт екенін көрсетеді. Суреткердің өмір шындығын жинақтау әрекеті әрқашан оның адам мінезін даралау әрекетімен ұласып, ұштасып жату себебі де сондықтан деп білу керек.
Эрнест Хеменгуэйдің Шал мен теңіз көркем шығармасында автор кейіпкердің мінезін -- адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы екенін жақсы суреттей білген.
Сөйтіп, ұлы жазушы адам мінезін даралауға асқан жауапкершілікпен қараған, ол өз кейіпкерлерінің ішкі бітімін бүкіл шығармашылық әрекетінің өн бойында бір сәт көзден таса қалдырмаған, әр адамның ақылын, ойын, сезімін, білімін, мәдениетін ашқан үстіне аша берген. Өзінің осы әрекетінің үстінде өз кейіпкерлері көркем шығармадағы образдан да, ақиқат өмірдегі кәдімгі тірі кісілерге айналып, автордың еркінен тыс, бұл мүлде қаламаған мінез жасай берген. Кейіпкердің шын тұлғасын, мінезін даралай келгенде, күрделі, тамаша, тартымды бейне болып шыққан. Оны Эрнест Хеменгуэйдің Шал мен теңіз көркем шығармасынан алынған үзіндіден көріп, көз жеткізуге болады.
The old man dropped the line and put his foot on it and lifted the harpoon as high as he could and drove it down with all his strength, and more strength he had just summoned, into the fish's side just behind the great chest fin that rose high in the air to the altitude of the man's chest. He felt the iron go in and he leaned on it and drove it further and then pushed all his weight after it.
Қария қармақбауды тастай беріп, табанымен басты да, қолына гарпунды ала салып, шалқая беріп, бар пәрменімен балыққа сілтеп қалды. Гарпунды жайынның бауыр қанатының артқы жағынан дәл бүйіріне қадады. Үшкір темір балықтың жұмсақ етіне кірш етіп қадалған соң, шал оны енді бар салмағын сала итеріп, бойлата берді.
Эрнест Хеменгуэйдің шығармасынан эпикалық образ -- кескін-кейпі, мінез-құлқы, іс-әрекетімен тұтас көрінген әрі толық жинақталған, әрі әбден дараланған тип екенін көруге болады. Мүсіндеу мен мінездеу, диалог пен монолог, түрліше сезімдер мен мінездерді суреттеу секілді көркем бейне жасаудың көптеген амал-тәсілдері әсіресе эпикалық образ үшін керек. Өйткені мұнда адамның түр-түсін де, ішін де, ісін де кең суреттеп, мол көрсетуге терең, әрі жан-жақты танытуға мүмкіндік бар. Оған эпикалық шығарманың өрісі де, құшағы да еркін жетіп жатыр.
The old man felt faint and sick and he could not see well. But he cleared the harpoon line and let it run slowly through his raw hands and, when he could see, he saw the fish was on his back with his silver belly up .
Шал әлсіреп, есеңгіреп қалды, көзіне түк көрінбеді. Гарпунның бауын босатып, жаралы қолымен абайлап қана үстады. Осы мысалдан аудармашының түсіріп тастау қолданысын таңдағанын байқауға болады.
Эрнест Хеменгуэйдің шығармасындағы сөздің реңін, әдеби тілмен ажарлау жайын әңгіме еткен жағдайда айқындау мен теңеуге арнайы тоқтау қажет. Көркем шығармада әр нәрсені терең ойлап - толғап барып, асықпай дәл беруге тырысқан аудармашы Нығмет Ғабдуллинің аудармашылық шеберлігіне көз жеткізуге болады, білімсіздер не нәрсені болса да оп-оңай, шолтаң еткізіп, шорт кесуге құмар ғой. Көркем шығарманы аудару кезінде автор шығарманың түпнұсқасындағы айқындау, теңеу дегендер немесе құбылту мен айшықтауды шебер қолдану арқылы оқырманға тартымды жеткізуге тырысқан. Бұл әдебиетшілер мен аудармашылар үшін басты мәселе.
The old man felt faint and sick and he could not see well. But he cleared the harpoon line and let it run slowly through his raw hands and, when he could see, he saw the fish was on his back with his silver belly up.The shaft of the harpoon was projecting at an angle from the fish's shoulder and the sea was discolouring with the red of the blood from his heart. First it was dark as a shoal in the blue water that was more than a mile deep. Then it spread like a cloud. The fish was silvery and still and floated with the waves.
Шал әлсіреп, есеңгіреп қалды, көзіне түк көрінбеді. Гарпунның бауын босатып, жаралы қолымен абайлап қана үстады. Көзінің алдындағы тұман сейілген шақта ол, бауыры жалтырап, шалқасынан сұлап жатқан балықты көрді. Арқа жағынан гарпунның сабы шошайып көрініп тұр, балықтың жаткан жері қызыл ала қан. Қан әуелі қошқылданып, тереңде қаптай жүзген қалың балық шоғырындай карауытып көрінді де, бірте-бірте ыдырай жайылып, аспандағы түйдек-түйдек бұлтқа ұқсады. Аппақ күмістей жайын балық толқында акырын ғана тербетіліп жатты.
Осы бір үзіндіден Эрнест Хеменгуэйдің шығармасында айқындау, яғни заттың құбылыстың айрықша сипатын суреттеу де әдеби нормаға сай қолданылғанын және соны көркем шығарманы аудармашы Нығмет Ғабдуллиннің де дәл бере білуі жазушының шеберлігінің тағы бір айғағы екенін көрсетеді.
Көркем шығарманың авторы идеялық, эстетикалық, мақсатына жету аметафора мен метонимия арқылы сөз мәнін өңдендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған құбылысты айқындай, ажарландыра түсу, әсерін күшейте түсу үшін шебер қолданғанын, сондай-ақ аудармашының тұрақты эпитет, тұрақты метафора, тұрақты теңеудің түрлері берілген.
1.First it was dark as a shoal in the blue waterthat was more than a mile deep.
2.Then it spread like a cloud. The fish was silvery and still and floated with the waves.
1.Қан әуелі қошқылданып, тереңде қаптай жүзген қалың балық шоғырындай карауытып көрінді де, бірте-бірте ыдырай жайылып, аспандағы түйдек-түйдек бұлтқа ұқсады.
2.Аппақ күмістей жайын балық толқында акырын ғана тербетіліп жатты.
Шығармада автор да, аудармашы да аппақ жайын күмістей балық толқында ақырын ғана тербетіліп жатты деп теңеуді орынды қолданған.

1.3 Көркем шығарманы аударудың стилистикалық сипаты
Э. Хемингуэйдің Шал мен теңіз шығармасын мына үзіндіден:
The old man looked carefully in the glimpse of vision that he had. Then he took two turns of the harpoon line around the bit in the bow and hid his head on his hands ... .
Шал қашан көзі бұлдырағанша, одан жанарын тайдырмады. Көзінің алды кайтадан тұмандана бастағанда, ол гарпунның бауын діңгекке екі қайыра орады да, басын қолына сүйеді.
Осы үзіндіде тайдырмады етістігі метафоралық тәсілмен өзінің тікелей мағынасынан шығып, стильдік жаңа ұғымда жұмсалған. Мұндағы қолданылған метафораның ойды бейнелі түрде жеткізгендігі.
The fish had turned silver from his original purple and silver, and the stripes showed the same pale violet colour as his tail. They were wider than a man's hand with his fingers spread (cөздік гипербола)and the fish's eye looked as detached as the mirrors in a periscope or as a saint in a procession.
Енді балықтың құйрығын қайыққа тақап байлау үшін жіптен кесіп алып, қайықтың арт жағына таман барды. Жайынның түсі дәл казір таза күмістей жалтырап жатты, бүйіріндегі жолақтары құйрығы реуішті көгілдірленіп көрінді. Жолақтарының жалпақтығы кере карыс, көздері шарадай деген үзіндідегі қаптай жүзген, балық шоғырындай тіркестері метонимияның көркем әдебиет стилінде тек жеке сөз түрінде ғана емес, тұтас бір орам, тіркес болып келіп отыр.
Көркем шығармада автордың тарапынан тілдің морфологиялық тұлғаларының стильдік қолданылу жүйесі заңдылықтарға сәйкес жасалған. Мысалы көптік жалғауы көптік мағынаны білдіру мақсатында қолданылған. Шығарманың өн бойында септік жалғаулары да өз орындарында стилистикалық заңдылыққа бағына берілген. Мысалы қанатының, шалдың, балықтың, қайығының сөздері ілік септігінде тұрса, етіне, бүйіріне, діңгекке сөздері барыс септігінде берілген.
Э. Хемингуэйдің Шал мен теңіз шығармасында түйдек-түйдек,тілім-тілім, күмп етті сияқты қайталанып тұрған сын есімдер экпрессивті - эмоцианалдық екпін туғызудың өнімді тәсілдерінің бірі ретінде берілген.
Сондай-ақ эмоционалдығы оған қоса адамның бір затқа, құбылыскқа өзіндік көзқарасын, көңіл-күйін, сезімін білдіруінен көрінеді.Сөздің бейнелі, мәнерлі айтылуы мен сезімге әсер ету касиеті бір-бірімен тығыз байланысты. Эмоция бар жерде экспрессивтілік болады.Эмоционалдық бояуы бар сөздер арқылы білдіріледі.Әсіресе сүйісненшілік, масаттанушылық, есіркеушілік, еркелік, таңырқаушылык қасиеттерін білдіру де жиі кездеседі. Экспрессивті-эмоционалды сөздер барлық стильде бірдей қолданыла бермейді, олар негізінен сөйлеу тілі мен көркем әдебиетке тән екенін мына үзіндіден көруге олады.
"Don't think, old man," he said aloud. "Sail on this course and take it when it comes.
- Мұны ойлап басыңды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудармашы - тіларалық делдал
Аудармашынің сенімділігі
Аударма теориясы - сұрақ-жауап түрінде
Аудармашы этикасі қолданушының көзқарасына тәуелді
Аударманың түрлері. Аударма мәдениетаралық қарым-қатынас құралы
ЖАЗБАША АУДАРМАНЫҢ АЛГОРИТМІ
Поэзиялық шығармаларды аудару
Аударманың трансформациясы және оның түрлері
Көркем шығармаларды қазақ тілінен ағылшын тіліне аударудағы ерекшеліктер
Аудармадағы транспозиция және трансмутация ұғымы
Пәндер