Құрманғазы Сағырбаев



Ұлы күйші, композитор, халық арасына кең тараған “Балбырауын”, “Сарыарқа”, “Кішкентай”, “Көбік шашқан”,“Серпер”,“Алатау” және тағы басқа күйлердің авторы Құрманғазы Сағырбаев қазақтың аспаптық музыкасының басты бір саласының негізін қалаушысы. Басқа да халық мәдениеті саласының көрнекті өкілдері сияқты, Құрманғазының шығармашылығы да, өмірі де сол өзі өмір сүрген заманның тарихи –көркемдік шежіресі болды.
Құрманғазы тек қана қазақ аспаптық музыкасының батыс қазақстандық дәстүрінің негізін қалаушысы ғана емес, сонымен қатар оның Дина, Мәмен, Көкбала, Ерғали Есжанов және басқа көптеген дарынды күйшілердің шығармашылық жолдарының қалыптасуына тигізген ықпалы да мол болды.
Құрманғазы Сағырбаев 1823 жылы Бөкей Ордасының Жиделі ауылында кедей – шаруа отбасында дүниеге келді. Құрманғазы жастайынан халық әндері мен күйлерін тыңдап өсті. Оның әкесі Сағырбайға баласының музыкаға деген қабілеті оншалық әсер етпейді. Бірақ шешесі Алқа Құрманғазының бұл талабына Сағырбайдан гөрі өзгеше көңіл қояды. Жасы оннан асқанда Шағбаланың ауылына әйгілі домбырашы Ұзақ келеді. Жас Құрманғазының домбырада күй тартуын ұнатқан Ұзақ қарт, оған домбыра тарту өнерінен біршама сабақ береді. Бұл кездесу Құрманғазы үшін өмір жолын анықтаудағы маңызы зор оқиға болады. Ол он алты жасынан бастап туған аулынан кетіп, күй тартып, ел аралай бастайды. Үнемі ат үстінде жүріп, әйгілі күйшілермен кездесіп, өз өнерін одан әрі жетілдіре түседі. Осындай күндердің бірінде Құрманғазы өзіне бата берген Ұзақ қартпен тағы кездеседі. Онымен бірге ауылдарды аралап, көптеген күй тартыстарға қатыса жүріп, елге атағы шығады. Бұл уақытта оның орындаушылық қорында Соқыр Есжан, Жаппас, Байжұма және басқа да белгілі күйшілердің шығармалары болғанын көреміз.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Құрманғазы Сағырбаев
(1823 -1896)
Ұлы күйші, композитор, халық арасына кең тараған “Балбырауын”,
“Сарыарқа”, “Кішкентай”, “Көбік шашқан”,“Серпер”,“Алатау” және тағы басқа
күйлердің авторы Құрманғазы Сағырбаев қазақтың аспаптық музыкасының басты
бір саласының негізін қалаушысы. Басқа да халық мәдениеті саласының
көрнекті өкілдері сияқты, Құрманғазының шығармашылығы да, өмірі де сол өзі
өмір сүрген заманның тарихи –көркемдік шежіресі болды.
Құрманғазы тек қана қазақ аспаптық музыкасының батыс қазақстандық
дәстүрінің негізін қалаушысы ғана емес, сонымен қатар оның Дина, Мәмен,
Көкбала, Ерғали Есжанов және басқа көптеген дарынды күйшілердің
шығармашылық жолдарының қалыптасуына тигізген ықпалы да мол болды.
Құрманғазы Сағырбаев 1823 жылы Бөкей Ордасының Жиделі ауылында кедей –
шаруа отбасында дүниеге келді. Құрманғазы жастайынан халық әндері мен
күйлерін тыңдап өсті. Оның әкесі Сағырбайға баласының музыкаға деген
қабілеті оншалық әсер етпейді. Бірақ шешесі Алқа Құрманғазының бұл талабына
Сағырбайдан гөрі өзгеше көңіл қояды. Жасы оннан асқанда Шағбаланың ауылына
әйгілі домбырашы Ұзақ келеді. Жас Құрманғазының домбырада күй тартуын
ұнатқан Ұзақ қарт, оған домбыра тарту өнерінен біршама сабақ береді. Бұл
кездесу Құрманғазы үшін өмір жолын анықтаудағы маңызы зор оқиға болады. Ол
он алты жасынан бастап туған аулынан кетіп, күй тартып, ел аралай бастайды.
Үнемі ат үстінде жүріп, әйгілі күйшілермен кездесіп, өз өнерін одан әрі
жетілдіре түседі. Осындай күндердің бірінде Құрманғазы өзіне бата берген
Ұзақ қартпен тағы кездеседі. Онымен бірге ауылдарды аралап, көптеген күй
тартыстарға қатыса жүріп, елге атағы шығады. Бұл уақытта оның орындаушылық
қорында Соқыр Есжан, Жаппас, Байжұма және басқа да белгілі күйшілердің
шығармалары болғанын көреміз.
1836 - 1837 жылдардағы Махамбет пен Исатай бастаған халық көтерілісі
Бөкей Ордасын, оның ішінде Құрманғазы шыққан Қызылқұрт руын дүр
сілкіндірді. Құрманғазы бұл көтеріліске тікелей қатыспаса да, көтерілістен
кейін сол көтерілістің басшысы батыр Исатайға арнап Кішкентай күйін
шығарады. Бұл шығарма туралы академик Ахмет Жұбанов өзінің Ғасырлар
пернесі кітабында былай деп жазды: Аспай – саспай, жұмсақ қағыспен,
баяулап қана, тек домбыраның үстіңгі шегінде басталатын жалғыз дауысты
“кіріспе” – іште жатқан шер; терең қиял теңізінің толқуын бергендей...Одан
кейінгі буындарында баяу толқу, қобалжу кезеңдерімен кезектесе белсенді
күрестің, драманың элементтері көрінеді. Домбыраның сағасына қарай
жылжығанда екпіні бұрынғыдан недәуір шапшаңдап, қағыстар қатайып, күйде шын
мәнісінде тынышсыздық, талас – тартыс айқас суреттері алдыңа келеді.
Домбырашы бұл арада Құрманғазы дәстүрінің орындаушылық түйінін пайдаланып
оң қолдың шынтағын көтеріп қойып, домбыраны біраз дүрліктіріп алады. Күйдің
аяғында музыка кейпі өзгереді. Бастағы шер, терең ой, қиялға қайта
оралады.
Күйші творчествосының табысты шығармасы, оның өнерінің өрлеу
кезеңінде шығарылған “Балбырауын” күйі болып табылады. “Балбырауын”
халықтың сүйіп орындайтын, елге кең таралған күйлерінің бірі. Бұл ырғақты,
биге икемді келетін күй ауыл жастарының ойындарына, билеріне арналған
сияқты, күйдің негізінде үш тактіден тұратын қысқаша кіріспе мен біршама
созылмалы тақырып жатыр. Ол анық сезілетін төрт әлементтерден тұрады. Күй
көлемі ұлғайып, әуен жоғары өрлейді.
Шарықтау шегіне жеткеннен кейін, әуен ырғағы бәсеңдеп, бұрынғы
қалпына оралады.
Ғалым А. Жұбанов жазғандай, Құрманғазы Адайдың бір қызымен күй
тартысып, сондағы Адай қызына шығарған күйі “Адай” күйі екен дейді. Күйші –
рудың өр көкіректігін негіз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықтың музыкалық шығармашылығы
Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі мен творчествосы
Сағырбайұлы Құрманғазы
Қазақ халқының музыкалық фольклорын зерттеу тарихы
Құрманғазы - ұлы күйші
Қазақстанның музыка және балет өнері
Автор өмірі
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы музыка мәдениеті
Қазақстанның балет өнері
Музыкалық білім мен тәрбиенің атқаратын міндеттері
Пәндер