Түгендеу- бухгалтерлік есептің негізгі әдісі ретінде



МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.4
І.БӨЛІМ. ТҮГЕНДЕУ. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ НЕГІЗГІ ӘДІСІ РЕТІНДЕ

1.1. Түгендеу туралы жалпы түсінік және түгендеу жөніндегі негізгі ережелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.8
1.2. Түгендеу принциптері және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9.12

ІІ.БӨЛІМ. АКТИВТЕРДІ ТҮГЕНДЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1. Ақша қаражаттарын, ақша құжаттарын және есептілік бланкілерін түгендеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13.16
2.2. Тауарлық.материалдық босалқыларды түгендеу ... ... ... ... ... ... ...17.22
2.3. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді түгендеу ... ... ... 23.29

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
КІРІСПЕ

Соңғы жылдары елiмiздiң экономикасының нарықтық қатынастарға өту жағдайында есеп жүргiзу әдiстемесi мен тәжiрибесiнде түбегейлi өзгерiстер орын алды.
1977 жылдың қаңтар айынан бастап бухгалтерлiк есеп Стандарттары және субъектiлердiң қаржылық – шаруашылық қызметi шоттарының Бас жоспарының әрекетке енгiзiлуi, сондай – ақ қаржылық есеп беру формаларын халықаралық стандарттар талабына сәйкестендiру ұйым мүлкiнiң жағдайын есепке алудың дәстүрлi әдiстерiне жаңаша көзқарасты өңдеу қажеттiлiгiн туындатып отыр. Мұндай көзқарас шаруашылық жүргiзушi субъектілер арасында қалыпты байланыстардың дамуына ықпал ететiн қаржылық есептiң шынайлығын анықтау үшiн қажет, сондай –ақ бұл әрiптестердi таңдауға негiз болады, өндiрiстiк циклға ағымдағы бақылау мен үздiксiз мониторинг жүргiзуге, ақпаратты пайдаланушыларға өз мүлкiнiң жағдайын неғұрлым толық және шынайы бағалауға мүмкiндiк бередi.
Ешбiр ұйым өз мүлкiнiң талан – тараж болуын қаламайды. Алайда, қазiргi кезде ұйымды мүддесi ортақ бiртұтас ұжым ретiнде қарастыруға болмайды. Себебi бiз құрылтайшыларға, яғни ұйымның иелерi мен оның жалдамалы жұмысшыларына бөлiнемiз. Осыған байланысты түгендеуге кәсiпкердiң жеке қаражаттары мен жоғары пайызбен алынған несиелерi салынған меншiктi мүлiктiң дұрыс сақталуын қамтамасыз ететiн әдiс ретiнде қарау керек.
Бухгалтерлік есепке қойылатын талаптардың ең бастысы көрсеткіштердің дұрыстығы мен нақты шындылығына байланысты. Бұл талаптарға жауап беретін бухгалтерлік есеп тек қана шынайы және қатесіз көрсеткіштермен қамтамасыз етілуі тиіс. Бірақ, кейбір жағдайларда есеп мәліметтері шындықтан немесе ақиқаттан аутқуы мүмкін. Бухгалтерлік есеп көрсеткіштерінің ақиқаттан аутқуынан бірнеше себептер болады: табиғи себептер, өнімдерді қабылдап немесе тапсыруда болатын себептер, есептегі қателер.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Кеулімжанов «Бухгалтерлік есеп принциптері» Алматы, 2004ж.
1. Ә. Әбдiманапов. «Бухгалтерлiк есеп теориясы және принциптерi» Алматы, 2001ж.
2. В.К. Радостовец, Т.Ғ. Ғабдуллин «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» Алматы, 2003ж.
3. С.Ж. Жақыпбеков «Тауарлы – материалдық қорлар есебі» Шымкент, 1999ж.
4. Э. Нурсеитова. Внутрихозяйственный расчет. Инвентаризация имущества предприятия. Вестник предпринимателя. 2000г., № 1. стр.24-26.
5. «Бухгалтер бюллетені» БИКО баспа үйі, №50, желтоқсан 2004ж.
6. Селина «Принципы бухгалтерского учета» Алматы, 2003г.
7. Б. Нидлз «Принципы бухгалтерского учета» Москва, 1999г.
8. Ч.Т. Хорнгрен «Бухгалтерский учет: управленческий аспект» Москва, 2003г.
9. Вон Хорн «Основы управления финансами» Москва, 2002г.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4

І-БӨЛІМ. ТҮГЕНДЕУ- БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ НЕГІЗГІ ӘДІСІ РЕТІНДЕ

1. Түгендеу туралы жалпы түсінік және түгендеу жөніндегі негізгі
ережелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5 -8
2. Түгендеу принциптері және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9-12

ІІ-БӨЛІМ. АКТИВТЕРДІ ТҮГЕНДЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1. Ақша қаражаттарын, ақша құжаттарын және есептілік бланкілерін
түгендеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ..13-16
2.2. Тауарлық-материалдық босалқыларды түгендеу ... ... ... ... ... ... ...17-22
2.3. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді түгендеу ... ... ... 23-29

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

КІРІСПЕ

Соңғы жылдары елiмiздiң экономикасының нарықтық қатынастарға өту
жағдайында есеп жүргiзу әдiстемесi мен тәжiрибесiнде түбегейлi өзгерiстер
орын алды.
1977 жылдың қаңтар айынан бастап бухгалтерлiк есеп Стандарттары
және субъектiлердiң қаржылық – шаруашылық қызметi шоттарының Бас жоспарының
әрекетке енгiзiлуi, сондай – ақ қаржылық есеп беру формаларын халықаралық
стандарттар талабына сәйкестендiру ұйым мүлкiнiң жағдайын есепке алудың
дәстүрлi әдiстерiне жаңаша көзқарасты өңдеу қажеттiлiгiн туындатып отыр.
Мұндай көзқарас шаруашылық жүргiзушi субъектілер арасында қалыпты
байланыстардың дамуына ықпал ететiн қаржылық есептiң шынайлығын анықтау
үшiн қажет, сондай –ақ бұл әрiптестердi таңдауға негiз болады, өндiрiстiк
циклға ағымдағы бақылау мен үздiксiз мониторинг жүргiзуге, ақпаратты
пайдаланушыларға өз мүлкiнiң жағдайын неғұрлым толық және шынайы бағалауға
мүмкiндiк бередi.
Ешбiр ұйым өз мүлкiнiң талан – тараж болуын қаламайды. Алайда,
қазiргi кезде ұйымды мүддесi ортақ бiртұтас ұжым ретiнде қарастыруға
болмайды. Себебi бiз құрылтайшыларға, яғни ұйымның иелерi мен оның
жалдамалы жұмысшыларына бөлiнемiз. Осыған байланысты түгендеуге кәсiпкердiң
жеке қаражаттары мен жоғары пайызбен алынған несиелерi салынған меншiктi
мүлiктiң дұрыс сақталуын қамтамасыз ететiн әдiс ретiнде қарау керек.
Бухгалтерлік есепке қойылатын талаптардың ең бастысы көрсеткіштердің
дұрыстығы мен нақты шындылығына байланысты. Бұл талаптарға жауап беретін
бухгалтерлік есеп тек қана шынайы және қатесіз көрсеткіштермен қамтамасыз
етілуі тиіс. Бірақ, кейбір жағдайларда есеп мәліметтері шындықтан немесе
ақиқаттан аутқуы мүмкін. Бухгалтерлік есеп көрсеткіштерінің ақиқаттан
аутқуынан бірнеше себептер болады: табиғи себептер, өнімдерді қабылдап
немесе тапсыруда болатын себептер, есептегі қателер.
Осы қателерді болдырмау және осындай орын алған себептердің дер
кезінде анықтап кеткен қателерді түзетіп отыру үшін бухгалтерлік есептің
әдісінің бірі ретінде – түгендеу әдісінің маңызы өте зор.
Бухгалтерлiк есеп шаруашылық қорлары және олардың қалыптасу
көздерi құрамындағы, шаруашылық процестер мен олардың нәтижелерiндегi орын
алатын барлық өзгерiстердi дер кезiнде және дәл көрсетуге арналған. Есеп
мәлiметтерi шаруашылық қорларының нақты көлемiне сәйкес болуы керек, бiрақ
тәжiрибеде айырмашылықтар болып тұрады. Айырмашылықтар табиғи шығын,
тауарлы – материалдық құндылықтарды тасымалдау, өлшеу құралдарының
жарамсыздығы, операцияларды рәсiмдеу кезiндегi арифметикалық қателер және
материалды жауапты тұлғалар мен бөгде кiсiлердi қызмет бабын пайдалана
отырып зиянкелтiруi нәтижесiнде пайда болады. Бұл есеп мәлiметтерiн нақты
мәлiметтермен үнемi салыстырып отыру қажеттiгiне алып келедi, сондықтан
бухгалтерлiк есеп мәлiметтерiнiң шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында
әрбiр шаруашылық жүргiзушi субъект мүлкi мен қаржылық мiндеттемелерiн
түгендеп отыруға мiндеттi.

І-БӨЛІМ. ТҮГЕНДЕУ- БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ НЕГІЗГІ ӘДІСІ РЕТІНДЕ
1.1.Түгендеу туралы жалпы түсінік және түгендеу жөніндегі негізгі
ережелер

Қаржы есептілігін пайдаланушылардың барлығы үшін ұсынылған қаржы
есептілігінің дұрыс болуы маңызды. Осының нәтижесінде бухгалтерлік баланс
пен қаржы есептілігінің қалған элементтерін жасаған кезде бухгалтердің
кәсіпорын операцияларының бухгалтерлік есепте көрсетілуі дұрыстығын
бағалауы қажет болады.
Қаржы есептілігінің дұрыстығы операциялар бухгалтерлік есепте дұрыс
көрсетілмеген жағдайда күмән туғызады.
Кәсіпорын қызметінің есепті кезең ішіндегі қорытындыларын шығару
үшін, сондай-ақ, кәсіпорынның бухгалтерлік есеп жүйесінің тиімділігін
бағалау үшін бухгалтердің баланстағы тауарлы-материалдық қорлар және
кассадағы ақша сияқты сезімтал баптардың, сондай-ақ өзге де активтердің
бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілгенін тексергені жөн. Ол есепті кезеңнің
аяғында түгендеу жүргізу қажет болады.
Есепті кезең ішінде түгендеу жүргізу тәртібі, мерзімділігі мен
мерзімдері кәсіпорыннын есеп саясатымен белгіленеді және ол кәсіпорындағы
ішкі бақылаудың жай-күйіне, тауар айналымының көлеміне және кәсіпорын
қызметінің ерекшелігіні көрсететін өзге факторларға байланысты болады.
Алайда есепті кезеңнің аяғында активтер мен міндеттемелердің бухгалтерлік
есеп тіркелімдерінде дұрыс көрсетілгендігін анықтау үшін кәсіпорын
балансының баптарына түгендеу жүргізу қажет.
Түгендеу дегенiмiз – қоғамдық меншiктiң сақталуын, есеп
мәлiметтерiнiң дәлдiгiн және толықтығын тексеретiн тәсiл немесе түгендеу
шаруашылық өндiрiс құралдарының түрлерiн және олардың қайнар құралу
көздерiн бiр мезгiлде нақтылай барын тексеру. Түгендеудiң негiзгi мақсаты
қоғамдық меншiктiң сақталуын анықтау. Түгендеу арқылы өздiгiнен кемiген
материалдық құндылықтарды, ұрланған немесе жоғалған заттарды анықтап бiлiп
отырамыз.
Түгендеу – бұл материалды жауапты тұлғалардың жауапкершiлiгiндегi
нақты мүлiк пен қаржылық мiндеттемелер көлемiн анықтау деген түсiнiк
берiлсе, Қазақстандық әдебиеттерде түгендеу – негiзгi құралдарды,
материалдық емес активтердi, тауарлы – материалдық құндылықтарды,
аяқталмаған өндiрiстi, ақша қаражаттарын, есеп айырысуларды салыстыруды
көздейтiн бухгалтерлiк есеп әдiс элементтерiнiң бiрi деген анықтама
берiлдi.
Түгендеу жұмыстары меншiк формасына, қызмет түрiне, жұмыс iстеу
ырғақтылығына байланыссыз барлық шаруашылық жүргiзушi субъекттерде
жүргiзiледi.
Бухгалтерлiк есептiң № 24 ,,Мүлiктер мен мiндеттемелерге
түгендеу жүргiзу тәртiбi жайлы,, стандартының әдiстемелiк нұсқауына сәйкес
түгендеу жылына 1 рет жылдық есеп беру алдында, ал iрi субъектiлер үшiн 1
қазанда жүргiзiлуi керек. Түгендеу келесi жағдайларда жүргiзiледi:
- материалды жауапты тұлғалардың өзгеруi;
- төтенше жағдайлар;
- бухгалтерлiк есеп пен қойма есебiнiң мәлiметтерi арасында ауытқулар жайлы
хабар анықталғанда,
- ұйым тарату кезiнде жойылу балансын жасар алдында Түгендеу барысында
келесi мiндеттер шешiледi;
- материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарының нақты мөлшерi мен сақталу
жағдайы анықталады;
- есеп айырысу операцияларының есепте дұрыс көрсетiлуi бағаланады;
- субъектiге қажетсiз немесе сапасыз құндылықтар анықталады;
- материалдық құндылықтардың дұрыс сақталмау фактiлерi анықталады;
- қойма ғимараттары мен құрал – жабдықтарының жағдайы тексерiледi;
- материалды жауапты тұлғалардың жұмысы қадағаланады;
- құндылықтардың жетiспеушiлiгi мен басқа да шығындар, мүлiктiң тоналуы
т.б. анықталады;
- бастапқы бухгалтерлiк есеп жүргiзу ережелерiнiң сақталуы тексерiледi;
- бастапқы бухгалтерлiк есеп сапасы бағаланады.
Түгендеу жұмыстары белгiлi бiр тәртiпте жүргiзiледi. Шартты түрде
бұл процесстi бiрнеше кезеңге бөлуге болады: даярлық, түгендеу жүргiзу,
рәсiмдеу, нәтижелерiн анықтау және есепке алу, шешiм қабылдау.
Түгендеу жүргізген кезде, сондай-ақ түгендеу нәтижелерін көрсеткен
кезде Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Бухгалтерлік есеп және
аудит әдістемесі Департаментінің 06.03.1998ж. № 47 бұйрығымен бекітілген
24- Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру бухгалтерлік есеп стандартына
заңды тұлғалардың мүліктер мен міндеттемелерге түгендеу жүргізуі туралы
Әдістемелік ұсынымдарды (бұдан әрі - Әдістемелік ұсынымдар) басшылыққа алу
керек. Осы құжаттың негізгі ережелеріне жүгініп, мысалдар қарастырайық.
Түгендеу жөніндегі негізгі ережелер:
Түгендеу жүргізу үшін арнайы комиссия құрылады, оның құрамы
кәсіпорын басшысының бұйрығымен бекітіледі. Тағайындау туралы бұйрық
бекітілгеннен кейін түгендеу комиссиясының төрағасына басшының қолы
қойылған жазбаша өкім беріледі, оның комиссияның құрамынан басқа: бұйрықтың
нөмірі мен шығарылған күні, түгенделуге тиіс объект, жұмыс басталатын және
аяқталатын мерзімдер көрсетіледі. Түгенделетін мүліктермен жасалатын барлық
операциялар түгендеу жүргізу уақытында тоқтатылатынын және бөтен
тұлғалардың түгенделетін мүліктің сақталатын жеріне келуіне тыйым салынады.
Комиссияның құрамына әкімшіліктің, бухгалтерияның өкілдері, сондай-
ақ кәсіпорынның материалды-жауапты тұлғалары болып табылмайтын
қызметкерлері міндетті түрде енгізілуге тиіс. Бұл түгендеу нәтижелерінің
дұрыстығын қамтамасыз ететін факторлардың бірі болып табылады. Материалды-
жауапты тұлғалар комиссияның құрамына кірмеуге тиіс, өйткені нақ солардың
жұмыс нәтижелері түгендеу кезінде тексеріледі. Алайда түгендеу материалды-
жауапты тұлғаның міндетті түрде қатысуымен өткізіледі.
Түгендеу жүргізу үшін түгендеу комиссиясының мүшелері баланстың
қайсыбір баптарының қателікпен көрсетілгенін-көрсетілмегені, сондай-ақ
оларды жою үшін қандай шаралардың қабылдағаны туралы ақпараты болуы үшін
алдыңғы түгендеудің нәтижелерімен танысады.
Техникалық жағына келетін болсақ, онда түгендеу комиссиясының
мүшелері түгендеу жүргізбес бұрын түгенделетін мүліктердің қозғалысқа
түсуін болдырмас және оның нәтижелерінің дұрыс болуын қамтамасыз ету үшін
мүлік сақталатын жерге (қойма, сейф және т.с.с.) пломба салады.
Әдістемелік ұсынымдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы
Министірінің 19.03.2004ж. № 128 бұйрығымен бекітілген Бастапқы құжаттардың
үлгілік нысандарына материалды-жауапты тұлғалардың түгендеу басталған кезде
жауапты сақтауына берілген бүкіл мүліктердің кіріске алынғаны, ал
шығарылғандарының шығысқа есептен шығарылғаны туралы және есеп беруінде
тұрған бүкіл шығыстық және кірістік құжаттардың бухгалтерияға берілгендігі
туралы қолхат беруін көздейді. Сол секілді қолхаттар мүлікті сатып алуға
есеп беретін сомалары және мүліктер алуға сенімхаты бар тұлғалардан да
қабылданады.

Түгендеу жүргізу уақытында мүліктер мен міндеттемелердің белгілі бір
күнде бар екенін растайтын түгендеу тізімдемесін жасайды. Түгендеу
тізімдемесіне түгендеу комиссияның бүкіл мүшелері мен материалды-жауапты
тұлға қолдарын қояды. Тізімдеменің соңында материлады-жауапты тұлға
комиссияның мүлікті оның қатысуымен жүргізгені, комиссия мүшелеріне қандай
да бір шағым-талаптардың доқтығы туралы қолхатын береді. Түгендеу
тізімдемесінің деректері бухгалтерлік есептің жеректерімен салыстырылады.

Кез келген компанияның балансының сезімтал баптары тауарлы –
материалдық қорлар мен кассадағы ақша болып табылады, өйткені бұл активтер
ұдайы қозғалыста болады. Сондықтан ең алдымен баланстың осы баптарына
түгендеу жүргізудің тәртібін қарастырайық.

1.2.Түгендеу принциптері және түрлері

Бухгалтерлiк есеп жүйесiндегi түгендеу принципi – қаттау – тiркеу
құжатын жүргiзу жолдарымен жүзеге асырылады. ,,Қаттап – тiркеу,, деп ат
қойылған құжат – бастапқы құжаттар құрамына жатады. Қаттап – тiркеу құжатын
iске асыру арқылы белгiлi жағдайды сипаттап салыстыруға, қолда бар
құндылықтардың нақтылығын, натуралдық қалдықтарды, шындық фактiлер
дәрежесiн анықтауға болады. Белгiлi бiр объектiлердегi құндылықтарды қаттап
– тiркеу үшiн, бұл объектiлердiң ерекшелiк жағдайларын (қойманың, цехтiң,
ферманың, жөндеу хананың т.б.) бiлген жөн. Қаттап – тiркеу фактiсiнiң
негiзi – натуралдық өлшем бiрлiгiндегi құндылықтар.
Натуралдық өлшем бiрлiгi ақшалай өлшемге айналған сәттен
бастап, экономикалық қабатқа түсiп, кәсiпорынның тауарлы – материалды
құндылықтарын – ресурстарының жағдайын көрсетедi. Сонымен қатар түгендеп –
қаттау құжаты құқықтық құжат болып танылып, кәсiпорын деңгейiндегi жауапты
адамдардың жауапкершiлiк деңгейiн көрсетедi.
Қаттап – түгендеу принципiнiң түпкi мақсаты қолда бар нақтылы
құндылықтар мен бухгалтерлiк есеп мәлiметтерiндегi құндылықтардың айырымын,
салыстыру ведомстарын қосымша жасау арқылы шығару. Қаттап – түгендеу
объектiсiне қолда бар құндылықтар жатады. Құндылықтардың дұрыс есептелiнуiн
түгендеу үшiн натуралды қалдықтар шығарылуы керек. Натуралды қалдықтарды
шығару, өлшеу, қайта өлшеу, есептеу және қайта есептеу, токсировкалау,
сандық өлшемдi ақша өлшемiмен көбейту әдiстерiн қолдану арқылы орындалады.
Сонымен, қаттап – түгендеу дегенiмiз натуралды қалдықтарды белгiлi бiр
кезеңдерге қарай шығарып отыру болып табылады. Кәсiпорындағы жауапты қызмет
атқарушы адамдар мен бухгалтерлердiң жауапкершiлiгiндегi құндылықтардың бар
– жоғын түгендеу үшiн кәсiпорын басшылары арнайы комиссия құрып, қаттап –
түгендеу үшiн iсiн iске асырады. Қаттап – түгендеу iсiнiң қорытындысы
шығарылып, артық не кем шыққан құндылықтардың көлемi салыстыру
ведомостысына жазылғаннан соң арнайы шешiм қабылданады. Кем шыққан, жетпей
қалған құндылықтарды есептен шығару үшiн меншiк иесiнiң келiсiмi немесе
соттың шешiмi шығарылады. Натуралды құндылықтар мен есеп мәлiметтерi
арасындағы айырым болуын есептеу кезiнде кеткен қателiктерден де
болатындығын есте сақтау керек.
Құндылықтардың дұрыс сақталуын қамтамасыз етiп отыру, бұл
үрдiстi басқару, күнделiктi бақылау жұмысын ұйымдастырудың маңызы зор.
Кейде шаруашылық өмiрде кездесетiн апат, төтенше жағдай (өрттен, су
тасқынынан, ұрлықтан) себептерiне байланысты түгендеу жұмысын жүргiзу
қажеттiгi туындайды. Түгендеу жұмысы көлемiне қарай – толық және жекелеген
объектiлер бойынша түгендеу болып екi топқа бөлiнедi.
Толық түгендеу кәсiпорынның барлық қаржы – шаруашылық қызметi
деңгейiнде жүргiзiледi. Толық түгендеу бiр жылда бiр рет, әдетте жылдық
қорытынды есеп жасаудың алдында, бiрiншi қаңтарға қарай орындалады.
Бухгалтерлiк есеп объектiлерiнiң жекелеген учаскелерiндегi
құндылықтарды түгендеудi нысанды түгендеу деп те атайды.
Мысалы, кәсiпорын басшысы қолда бар барлық мүлiктер мен
активтердi түгендеудi бұйырса, онда мұндай түгендеудi толық түгендеу, ал
шикiзат қоймасындағы құндылықтарды түгендеудi бұйырса, онда бұл түгендеудi
нысанды түгендеу немесе бөлiп түгендеу деп те атайды.
Түгендеудiң келесi бiр түрi осы кәсiпорын иелiгiндегi
құндылықтардың орналасқан орнына қарай түгендеу. Мысалыға, жалға берiлген
мүлiктердi, сатып алушыларға жөнелтiлген тауарларды түгендеу т.с.с. Сонымен
қатар кәсiпорын өз қызметiн бастаудың алдында алғашқы кезеңдегi қолда бар
мүлiктер мен т.б. құндылықтарды түгендеп тексеру жұмыстары да жасалынуы
мүмкiн. Ағымдағы тiркеп түгендеу жұмыстары негiзiнен төмендегiдей
жағдайларда iске асырылады:
1. жасалған жоспар бойынша;
2. тауарлы – материалды құндылықтардың дұрыс сақталынбай, есебi
бұрмаланып, талан – таражға түсе бастағаны кәсiпорын басшыларына
хабарланған жағдайда;
3. төтенше жағдайға (өртке, су тасқыны) байланысты құндылықтардың
көлемiн анықтау;
4. құндылықтарды қайта бағалауда.
Түгендеудiң келесi түрi материалды жауапты адамдар ауысқан жағдайда
бұлардың жауапкершiлiгiнде қалатын құндылықтар дәлме – дәл түгенделедi.
Мiндеттi түрде жүргiзiлетiн түгендеудiң ең бастысы кәсiпорында
жайылып, банкротқа ұшыраған жағдайда орындалады. Банкротқа ұшырап,
тарқатылған кәсiпорын басқалар алдында берешек қарызға ұшырайды. Банкротқа
ұшыраған кәсiпорынға конкурстық басқарушы тағайындалып, бұл кәсiпорынның
мүлiктерiн сатып, басқалардың қарызын өтеу мақсаты қойылады.
Тiркеп түгендеу жұмыстары арнайы жасалған есеп саясатындағы
ережеге сай жүргiзiлуi керек. Бұл үшiн кәсiпорын басшысының шешiмiмен
арнайы комиссия құрылып, түгендеу жұмысының басталуы мен аяқтау мерзiмi
көрсетiледi. Комиссия құрамына есеп қызметкерлерi мен түгендеу жүргiзу
кезiндегi мәлiметтер салыстырылып, салыстыру ведомстысы жасалады.
Бухгалтерлiк есеп тәжiрибесiнде түгендеу жұмысын бастамас бұрын
барлық кiрiс-шығыс құжаттары толығымен өңделiп счеттарға түсiрiледi. Әрбiр
қолданбалы счеттар бойынша соңғы қалдық шығарылады. Түгендеу объектiсiне
жататын барлық құндылықтардың аттары мен сортына, саны мен сомасына қарай
жинағы шығарылады. Түгендеу жұмысы әрбiр қоймалар, сақтауда тұрған орындар,
есеп беруге жауапты әрбiр атқарушы адамдардың тiкелей қатысуымен
жүргiзiледi. Салыстыру ведомостысы жасалып, бұл құжатқа комиссия мүшелерi
қолдарын қояды. Түгендеудiң нәтижесiнде артық не кем шыққан құндылықтардың
саны мен сомасы, мұндай жағдайлардың себебi анықталады. Кем немесе артық
шыққан құндылықтардың себебi анықталғаннан соң арнайы құрылған әлгiндегi
комиссия шешiм қабылдайды. Мысалға, табиғи жағдайларға байланысты, нормадан
тыс жетпей қалушылықтан пайда болған сома кәсiпорын басшысы шешiмiне қарай
шығындар құрамына жазылады. Талан – таражға түсiп, ұрланған, себепсiз
бүлiнген құндылықтар сомасы жауапты адамдардың есебiне өндiрiледi. Егер
нақтылы жауапты адамдар анықталмаған жағдайда кем шыққан құндылықтар сомасы
шығындар құрамына жазылады.
Кем шыққан, жоғалған, ұрланған, бүлiнген, табиғат апатынан т.б.
жағдайлардан орын алған тауарлы материалды құндылықтар есебiн жүргiзуге
арналған счеттардың кредитiнен өндiрiстiк шығындар есебiн жүргiзуге
арналған счеттардың дебетiне жазылады. Түгендеу кезiнде әртүрлi себептермен
артық шыққан құндылықтардың сомасы қайта кiрiске алынып, шығындар есебiн
жүргiзуге арналған счеттардағы соманы азайтады.
Нақты бақылау бухгалтерлiк есепте және аудит барысында ерекше орын
алатын бақылау-тексеру әдiсi. Оның негiзгi мақсаты кәсiпорын мүлкiнiң нақты
есебiн алып түгендеу. Бухгалтерлiк есептiң күдiксiз дұрыс екенiн,
аналитикалық және синтетикалық есеп көрсеткiштерiнiң дұрыс екенiн тек қана
нақты тексеру арқылы сенiмдi түрде анықтауға болады. Ол өз кезегiнде
шаруашылық субъектiлерiнiң қорытынды ақпарат көрсеткiштерiн нақты тексеруге
болады. Нақты тексеру методологиясы сенiмдi, күдiксiз әдiс, сол осы арқылы
ғана ар шындықты анықтауға болады. Өз кезегiнде нақты тексеру үш түрге
бөлiнедi: түгендеу, сараптап анықтау, бақылау арқылы анықтау.

ІІ-БӨЛІМ. АКТИВТЕРДІ ТҮГЕНДЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1. Ақша қаражаттарын, ақша құжаттарын және есептілік бланкілерін
түгендеу

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы Бухгалтерлік
есеп және аудит әдістемесі Департаментінің №4 Ақша қаражатттарының
қозғалысы туралы есеп деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші
бабында Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субъектілердің ақша
қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі
операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша
қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі, ол қаржылардың жұмсалуы туралы
ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни
субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді
делінген. Ал, осы стандарттың екінші бабында Заңды тұлғалар субъектілер
(банктер мен бюджеттік мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы
туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті
кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында тапсырады делінген.
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын
банктердің тиісті мекемелеріндегі шоттарда сақтайды. Міндеттемелер
жөніндегі басқа субъектілерге төлемдер, әдетте, ақша аудару арқылы есеп
айырысу тәртібімен банктердің осы мекемелері арқылы жүргізіледі. Нақты
ақшасыз есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі беллгілеген
нормативтік құжаттармен белгіленген жағдайлар мен шегінен шығып
кетпейтіндей етіп жүргізіледі.
Ақша бірлігі ретінде теңгені пайдаланатын коммерциялық банктер
арасындағы есеп айырысуларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктер
орналасқан жерлерде құрылған өзінің есеп айырысу – кассалық орталықтары
арқылы ұйымдастырады. Банкаралық есеп айырысуларды жүргізетін коммерциялық
банктермен есеп айырысу орталықтарындағы құжаттар айналымы Ұлттық Банктің
нормативтік құжаттарына сәйкес жүргізіледі. Банктердің қызметін Қазақстан
Республикасының Ұлттық банк үйлестіреді және оған бағыт береді.
Ақша қаражаттарын сақтау және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу
үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері мынадай шоттар ашады:
есеп айырысу шоттары – шаруашылық есепте тұрған, дербес балансы бар,
Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің органдарында тіркеуден өткен
заңды тұлғаларға;
ағымдағы шоттар – жергілікті бюджеттегі мекемелерге, бюджеттік мекемелерге,
олардың бюджеттен тыс қаражаттары бойынша өндірістік және коммерциялық
қызметпен айналысатын қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғаларға;
бюджеттік шоттар – Қазақстан Республикасының республикалық бюджеттегі
мекемелерге;
корреспонденттік шоттар – корреспонденттік келісімдер негізінде есеп
айырысу ережелеріне сәйкес екінші деңгейдегі банктерге Ұлттық Банк
мекемелерінде және өз арасында;
өзі орналасқан жерден тысқары жерлерде жеке филиалдары мен өкілдіктері бар
заңды тұлғаларға табысты нақты ақшалай түріндегі несие төлем тапсырмалары
бойынша есептеу үшін есеп айырысу субшоттары ашылуы мүмкін.
Уақытша есеп айырысу шоты ішінара пайдалануға берілген, салынып
жатқан кәсіпорынға арнап ашылуы мүмкін. Мұндай шот жоғары тұрған органның
өкімі бойынша кәсіпорын пайдалануға толық берілгенге дейінгі мерзімге
ашылады.
Субъектіге валюталық шот ашылуы мүмкін, ол шетел валютасындағы
қаражаттың нақты бары мен қозғалысын есепке алуға арналған. Ол сыртқы
экономикалық қызметті жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект
үшін ашылады. Аккредивтер бойынша шоттарды чек кітапшаларының шоттарын және
басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқлаулап сақтау үшін және тиісті
операцияларды жүргізу үшін ашады.
Ақша қаражаты субъектілердің шоттарынан олардың иелерінің өкімі
бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты
есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және
қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол беріледі.
Банк шоттарымен жасалатын операцияларды көрсету кезінде қателіктер
жәберу мен алаяқтық жасаудың ықтималдылығы төмен болады. Сондықтан банк
шоттарындағы ақшаны (ұлттық валютадағы, сондай-ақ шетелдік валютадағы)
түгендеу бухгалтерлік есептің деректері бойынша тиісті шоттардағы
сомалардың қалдығын банк көшірмелерімен салыстыру арқылы жүргізіледі.
Кассадағы қолма-қол ақша неғұрлым осал актив болып табылады.
Сондықтан бухгалтер қаржы жылының аяғында кассадағы қолма-қол ақша
қалдығының бухгалтерлік есепте көрсетілу дұрыстығын көрсетуі кажет. Алайда
кассадағы қолма-қол ақша қалдығына түгендеу жүргізу көп уақыт пен күшті
қажет етпейді. Баланстың осы бабын түгендеу сейфтегі ақшаны (сондай-ақ
қатаң есептілік бланкілері мен бағалы қағаздарды) санаумен және
қорытындыларын бухгалтерлік есеп деректерімен салыстырумен шектеледі.
Түгендеу рәсімі былайша болады.
Кассаны түгендеу бүкіл ақша қағаздарының (купюра бойынша және сомасы
бойынша), бағалы қағаздардың, ақша құжаттарының, түрлері бойынша қатаң
есептілік бланкілерін толық парақтай санап, актіде атауын, нөмірін, сериясы
мен атаулы бағасын көрсете отырып және кассадағы басқа құндылықтарды
тексеру арқылы жүргізіледі. Бұл ретте кассирдің кассада аталған субъектіге
тиесілі емес ақша қаражаттары мен басқа құндылықтардың бар екендігі туралы
арызы қабылданбайды. Соның нәтижесінде кәсіпорынның сейфінде тұрған, бірақ
оған тиесілі емес қолма-қол ақшалар не басқа құндылықтар түгендеу
нәтижелеріне қосылады.
Кейіннен ақшаны түгендеу актісі жасалады, оның жоғары бөлігінде
материалды-жауапты тұлғаның түгендеу басталған кезде ақшаның кірісі мен
шығысына қатысты бүкіл құжаттардың, ақша құжаттарының және оның
жауапкершілігіне берілген барлық ақша мен ақша құжаттарының кіріске
алынғаны, ал шығарылғандарының шығысқа есептен шығарылғаны туралы қолхаты
орналасады. Ақшаны түгендеу актісі үлгілік құжат болып табылады және
материалды-жауапты тұлғаның қолхатынан басқа мынандай ақпараттарды қамтиды:
түгендеу жүргізу туралы бұйрықтың нөмірі мен шығарылған күні, теңгедегі
қолма-қол ақшаның, ақша құжаттарының және өзге құжаттардың, атап айтқанда,
қатаң есептілік бланкілерінің, бағалы қағаздардың және т.б. (бухгалтерлік
есеп деректерінің және айырманың (артықтың және жетіспеушіліктің мөлшері))
нақты көрсеткіштері жазылған жиынтық кесте. Одан кейін материалды-жауапты
тұлға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қорлар есебі
Бухгалтерлік есептің маңызы
ҚҰЖАТТАУ ЖӘНЕ ТҮГЕНДЕУ
Тауарлы-материалды қорларды түгендеу және оларды есеп беруде ашып көрсету
Бухгалтерлік құжаттар туралы
Қоймадағы қорлардың есебі
Бухгалтерлік есептің типтік счеттары
Бухгалтерлік құжаттар, құжаттардың деректемелері
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру негізі
Бухгалтерлік есептің мәні мен әдісі
Пәндер