Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы



1. Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ)
2. Жалпы мәліметтер
3. Тарихы
4. Хельсинки қорытынды актісі туралы.
5. Мүше мемлекеттер
6. Қазақстанның ЕҚЫҰ.ға қатысуының тарихы
7. Төрағалық.2010
8. Үштікке қатысу
9. Тест сұрақтары
10. Сөзжұмбақ
11. Тест сұрақтары
12. Пайдаланылған әдебиеттер
ЕҚЫҰ – құрамына 56 қатысушы мемлекет кіретін жалпыеуропалық ұйым. БҰҰ Жарғысының 8-тарауына сәйкес Еуропадағы дағдарыстық ахуалдардың ерте алдын алу және оларды болдырмау, Еуропадағы қазіргі бар жанжалдарды және жанжалдан кейін қалыпқа келтіруді реттеудің басты құралы ретінде құрылған.
Ұйым қару-жараққа бақылау жасауды, алдын алу дипломатиясын, сенім шаралары мен қауіпсіздікті нығайтуды, адам құқықтарын, сайлауға бақылауды, сондай-ақ экономикалық және экологиялық қауіпсіздікті қоса алғандағы мәселелердің кең ауқымымен айналысады.
ЕҚЫҰ қауіпсіздікті кешенді ұғым деп санайды және үш өлшемде -әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және адами өлшемдерде әрекет етеді.
1. Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық
сайты - www.kazakhstan-osce.org

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
АГРОӨНЕРКӘСІП ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ

Тақырыбы:

Орындаған: Мұратбеков Н.
Қабылдаған: Сапарбекова Б.

Шымкент, 2013 ж.
Жоспары:

1. Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ)
2. Жалпы мәліметтер
3. Тарихы
4. Хельсинки қорытынды актісі туралы.

Мүше мемлекеттер

5. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға қатысуының тарихы

Төрағалық-2010

Үштікке қатысу

6. Тест сұрақтары
7. Сөзжұмбақ
8. Тест сұрақтары
9. Пайдаланылған әдебиеттер

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы
Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) (ағылш. Organization
for Security and Co-operation in Europe) — саяси диалог үшін арналған
халықаралық ұйым. Негізгі мақсаты — жетілдірілген басқару мен демократиялық
үрдіс негізіндегі аймақтық тыныштық пен қауіпсіздік. 3500 астам
қызметкерлерінің басым бөлігі жерлердегі істермен айналысып, ал оның 10 %-
ға жуығы бас пәтерде отырады.
Жалпы мәліметтер
ЕҚЫҰ – құрамына 56 қатысушы мемлекет кіретін жалпыеуропалық ұйым. БҰҰ
Жарғысының 8-тарауына сәйкес Еуропадағы дағдарыстық ахуалдардың ерте алдын
алу және оларды болдырмау, Еуропадағы қазіргі бар жанжалдарды және
жанжалдан кейін қалыпқа келтіруді реттеудің басты құралы ретінде құрылған.
Ұйым қару-жараққа бақылау жасауды, алдын алу дипломатиясын, сенім шаралары
мен қауіпсіздікті нығайтуды, адам құқықтарын, сайлауға бақылауды, сондай-ақ
экономикалық және экологиялық қауіпсіздікті қоса алғандағы  мәселелердің
кең ауқымымен айналысады.
ЕҚЫҰ қауіпсіздікті кешенді ұғым деп санайды және үш өлшемде -әскери-саяси,
экономикалық-экологиялық және адами өлшемдерде әрекет етеді.
Тарихы
1970 жылдардың басында Шығыс пен Батыс арасындағы үнқатысуды жолға қою үшін
көпжақты форум - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңес
(ЕҚЫК) шақырылған болатын.  1975 жылғы Хельсинки қорытынды актісі ЕҚЫК-ға
қатысушы мемлекеттердің өз азаматтарына қатысты, сондай-ақ өз араларындағы
қатынастардың негізгі қағидаттарын бекітті.
1990 жылға дейін ЕҚЫК нормалар мен міндеттемелер тұжырымдалатын кездесулер
мен конференциялар түрінде жұмыс істеді, мерзім-мерзім олардың орындалуы
туралы ақпарат тыңдалып отырды.
Форум қызметіндегі бетбұрыс жасалған сәт  - 1990 жылғы  жоғары деңгейде
өткен Париж кездесуі болды. Жаңа Еуропа үшін Париж хартиясында Еуропадағы
тарихи өзгерістер үдерісін басқаруға үлес қосу және қырғи-қабақ соғыс
біткен соң туындаған жаңа сын-талаптарға жауап беру міндеті қойылды. Осы
міндеттерді шешу үшін бірнеше мекемелер мен институттар құрылды,
кездесулерді тұрақты негізде өткізу жолға қойылып, Кеңестің жұмысына жүйелі
сипат берілді.
1990 жылғы қарашада ЕҚЫК үдерісі шеңберіндегі келіссөздерде  қарулануға
бақылау саласындағы маңызды келісім – Еуропадағы әдеттегі қарулы күштер
туралы шарт (ЕӘҚКШ) әзірленді.
1994 жылғы жоғары деңгейдегі Будапешт кездесуінде ЕҚЫК-ні Еуропадағы
қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ) деп қайта атау туралы
шешім қабылданды. Бұл Ұйым жұмысына жаңа саяси серпін берді және бір
мезгілде оның институционалдық даму жолының көрінісіне айналды. 
1996 жылғы  жоғары деңгейдегі Лиссабондағы  кездесуінде XXI ғасырдың
Еуропасы үшін жалпы және бәрін қамтитын қауіпсіздік үлгілері туралы
декларация қабылданды,  Қару-жараққа бақылаудың негіздері және
Қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл бойынша форумның күн тәртібін
дамыту бекітілді. Дәл сол кезде ЕҚЫҰ-ның қауіпсіздік пен тұрақтылықты
барлық өлшемдерде нығайту ісіндегі шешуші рөлі туралы тезис одан әрі
дамытыла бастады. Бұл кездесудің қорытындысы 1999 жылы Стамбұлда Ұйымның
жедел мүмкіндіктерін жетілдіруді көздейтін Еуропалық қауіпсіздік хартиясын
қабылдауға себепші болды. Осы кезде ЕҚЫҰ-ға қатысушы 30 мемлекет Стамбұл
декларациясын қабылдады және  Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы
бейімделген шартқа қол қойды.

АҚШ Президенті Дж.Форд және КСРО Бас хатшысы Л.Брежнев Хельсинкиде, 1975ж.
Хельсинки қорытынды актісі туралы.
1969ж. 7 мамырда Финляндия үкіметі 32 еуропалық мемлекетке, сондай-ақ АҚШ
пен Канадаға осындай кенестің  ұйымдық даярлығына қатысуға өздерінің ниеті
бар екендігі туралы мәләмдеген хат жіберді. Кенес екі жыл бойы Хельсинки
мен Женевада өтті. Нәтижесінде 1975 жылы 1 тамызда кеңестің қорытынды
кезеңі басталды. Ол жоғары саяси деңгейде өтіп, оған 33 еуропалық елдердің,
АҚШ пен Канаданың басшы қайраткерлері қатысты. 1 тамызда қорытынды актіге
қол қою рәсімі болды.
Қорытынды актінің 10 қағидасы құжаттың саяси өзегі болып табылады:
1. халықтар мен мемлекеттердің егеменді құқығын құрметтеу;
2.  күш қолданбау;
3.  шекаралардың мызғымастығы;
4. мемлекеттердің аумақтық тұтастығы;
5. дау-жанжалдарды бейбіт реттеу;
6. ішкі істерге араласпау;
7. адам құқығы мен негізгі бостандықтарды құрметтеу;
8. халықтардың тең құқығы, өз тағдырларын өздері шешу;
9. мемлекеттердің арасындағы ынтымақтастық;
10. міндеттерді адал ниетпен орындау.
Болып өткен кеңес пен ізінше қалыптасушы елдердің арасындағы кездесулер 80-
жылдардың өзінде-ақ Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымдарын
қалыптастыру үшін негіз салып берді.
Белградтағы және Мадриттегі кездесулер Еуропа елдерінің қауіпсіздігі мен
ынтымақтастығын жүгезе асыру үшін тұрақты ұйымның қажеттігін бұрынғыдан
бетер нығайта түсті. 1990 жылғы жоғары деңгейде өткен Париж кездесуі
болды.1994ж. Будапешт кездесуінде ЕҚЫК-ні ЕҚЫҰ деп қайта атау туралы шешім
қабылданды. 1996ж. Лиссабондағы кездесуінде ХХІ ғасырдың Еуропасы үшін
жалпы ж\е бәрін қамтитын қауіпсіздік үлгілері туралы декларация
қабылданды. Бұл кездесудің қорытындысы 1999 ж. Стамбұлда Ұйымның жедел
мүмкіндіктерін жетілдіруді көздейтін Еуропалық қауіпсіздік хартиясын
қабылдауға себепші болды. Осы кезеңде ЕҚЫҰ-ға қаысушы 30 мемлекет Стамбұл
декларациясын қабылдады ж\е Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы
бейімделген шартқа қол қойды.

Мүше мемлекеттер

ЕҚЫҰ қол қойғандар (2006 ж. дейін).
██  Хелсинкидегі Соңғы Актіне және Париж Хартиясына қол қойған
██  Тек Хелсинкидегі Соңғы Актіне қол қойған
██  Қол қоймаған
██  Ынтымақтастық үшін серіктес

Мемлекет Ұйымға кіруі Хелсинкидегі Соңғы Париж хартиясына қол
Актіне қол қойған қойған
 Албания 1991 Маусымның 19 1991 Қыркүйек16 1991 Қыркүйек 17
 Андорра 1996 Сәуірдің 25 1999 Қараша10 1998 Ақпанның 17
 Армения 1992 Қаңтардың 30 1992 Шілденің 8 1992 Сәуірдің 17
 Австрия 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
 Әзірбайжан 1992 Қаңтардың 30 1992 Шілденің 8 1993 Желтоқсан 20
 Беларусь 1992 Қаңтардың 30 1992 Ақпанның 26 1993 Сәуірдің 8
Республикасы
 Бельгия 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
 Босния және1992 Сәуірдің 30 1992 Шілденің 8  
Герцеговина
 Болгария 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
 Канада 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
 Хорватия 1992 Наурыздың 24 1992 Шілденің 8  
 Кипр 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
 Чехия 1993 Қаңтардың 1    
 Дания 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
 Эстония 1991 Қыркүйектің 10 1992 Қазанның 14 1991 Желтоқсан 6
 Финляндия 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
 Франция 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
 Грузия 1992 Наурыздың 24 1992 Шілденің 8 1994 Қаңтардың 21
 Германия 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
 Грекия 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
 Ватикан 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
 Мажарстан 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
 Исландия 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
 Ирландия 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
 Италия 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
 Қазақстан 1992 Қаңтардың 30 1992 Шілденің 8 1992 Қыркүйек 23
Республикасы
 Қырғызстан 1992 Қаңтардың 30 1992 Шілденің 8 1994 Маусымның 3
 Латвия 1991 Қыркүйектің 10 1991 Қазанның 14 1991 Желтоқсан 6
 Лихтенштейн1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
 Литва 1991 Қыркүйектің 10 1991 Қазанның 14 1991 Желтоқсан 6
 Люксембург 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
 Македония 1995 Қазанның 12    
 Мальта 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
 Молдова 1992 Қаңтардың 30 1992 Ақпанның 26 1993 Қаңтардың 29
 Монако 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
 Черногория 2006 Маусымның 25 2006 Қыркүйек 1  
 Нидерланд 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
 Норвегия 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
 Польша 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
 Португалия 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
 Румыния 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
 Ресей 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
 Сан-Марино 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
 Сербия 1973 Маусымның 25    
 Словакия 1993 Қаңтардың 1    
 Словения 1992 Наурыздың 24 1992 Шілденің 8 1993 Наурыздың 8
 Испания 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
 Швеция 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
 Швейцария 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
 Тәжікстан 1992 Қаңтардың 30 1992 Ақпанның 26  
 Түркия 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
 Түрікменста1992 Қаңтардың 30 1992 Шілденің 8  
н
 Украина 1992 Қаңтардың 30 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясаты
Еуропадағы қауіпсіздікке қатысты мәселелер
1990 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЕУРОПАДАҒЫ ГЕОСАЯСИ ЖАҒДАЙДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және Қазақстан
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға жетекшілік ету
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы
Қазақстан жетістіктері
Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық
Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы орны
Қазақстан және ЕҚЫҰ
Пәндер