Тәрбие әдістері, құралдары, формалары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4

1 Тәрбие әдістері, тәсілдері және олардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5.8

1.1 Сана қалыптастыру әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9.12

1.2 Іс . әрекет ұйымдастыру әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13.16

1.3 Ынталандыру әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17.19

1.4 Тәрбие әдістерін таңдау шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20.21

2 Тәрбие құрал жабдықтары және формалары түсінігі ... ... ... ... ... ... ... 22.23

2.1 Тәрбиенің негізгі формаларына сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24.26

2.2 Тәрбие формалары мен құрал . жабдықтарын таңдау ... ... ... ... ... ... ... .27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

Қосымша 1 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Кіріспе
Тәрбие үдерісін жүзеге асыру құралдары ретінде әдістер, құралдар, нысандарды ерекше атап көрсетуге болады. Тәрбие әдісі қойылған тәрбие мақсаттарына қол жеткізу жолдары болып табылады. Басқаша айтқанда, тәрбие әдістерінің белгілі бір қасиеттерді қалыптастыру мақсатында тәрбиеленушілер санасына, еркіне, сезімдеріне, мінез - құлқына әсер ету жолдары деп тануға болады.
Тәрбие әдістерінің мақсаты: балалардың тіршілік, әрекет, қарым – қатынастарын ұйымдастырып, белсенділігін арттырып, тәртіпке келтіруді көздейді. Тәрбие әдістерінде тәрбиешінің тұлғалық ерекшелігі, кәсіптік құзыр деңгейі айқындалады. Оқыту әдістерінің барлығы ретімен білім, білік, дағдыны қалыптастыруға бағытталған. Тәрбие әдістерінің олардан айырмашылығы, мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланыс іс - әрекеттерінің соңғы нәтижесінде тәрбиелі тұлғанының сапалы даму деңгейін анықтайды. Тәрбие мақсаты жемісті болу үшін тәрбие әдістерін тиімді пайдалану қажет. Әдістердің бірлігі оқушылардың тәрбиелеу деңгейін және әрбір кезде адекватты қойылған мақсатты іске асыруға бағытталған. Тәжірибелі педагогтың жеке іс - әрекет стиліне байланысты тәрбие әдісі әртүрлі өткізіледі. Педагог жалпы тәрбие әдісін өзінің нақты іс - әрекетінде қолдана білуінде көрініс табады. Жеке жағдайларда тәрбиеші жеке өзінің әлде әріптестерінің әдістерін қолдана отырып жаңа, дәстүрлі емес шешімдерге келеді. Әдістерді жетілдіру тапсырмасы үнемі бар болған және әрбір тәрбиеші өзінің күш деңгейіне сүйене отырып жалпы әдістерге тәрбие процесінің жеке шарттарына сәйкес келетіндей толықтырулар мен өзінің жеке өзгерістерін енгізеді. Педагогикада тәрбие әдістерінің классификациялық әртүрлі нұсқасы бар. Тікелей және жанама педагогикалық әсердің тәрбиелік әдістерінің тобын шартты түрде бөлуге болады. Тікелей педагогикалық әсердің әдістері оқушының жылдам әлде баяу реакциясын және оның өзін - өзі тәрбиелеуге бағыталған сәйес іс - әрекетін анықтайды. Жанама педагогикалық әсердің әдістемесі осындай жағдайдың ұйымдастыру іс - әрекетінде тәрбиеленушінің бойында өзін - өзі жетілдіруге бағытталған және оның педагогтармен, жолдастарымен және қоғаммен қарым - қатынас жүйесінде белгілі бір позицияның қалыптасуының пайда болуын анықтайды.
Қазіргі заманғы педагогикада оқушыға әсер етуіне сәйкес тәрбие әдістерін сенім, жаттығу, ынталандыру және жазалау деп бөледі. Кездейсоқ мәліметтерде жалпы жіктелу белгісі бойынша «әдістер сыйпатын» қоса алғанда өзін - өзі бағыттылық, іске асатындық, айрықшалық және басқа да әдістер бар. Оқушылардың жүріс - тұрысын ынталандыру, іс - әрекетін ұйымдастыру және сенім әдісіннің үйлесуіне сәйкес жіктеледі. И.С.Марьенко келесі тәрбие әдісінің жіктелу тобын көрсетеді: анықтау – репродуктивті, проблемалық – ситуатциялық, дағдыландыру – жаттықтыру, ынталандыру, тежелу (кедергілеу), жетекшілік және өзін - өзі тәрбиелеу. Тәрбие әдісінің мақсаттылық, мазмұндылық, іскерлік жақтарын қамтитын дәстүрлі классификация болып табылады. Бағыттаушылық негізіне сай әдістердің үш түрлі тобын көрсетуге болады. Олар сананы қалыптастыру әдістері (әңгімелеу, түсіндіру, анықтау дәріс, этикалық әңгімелесу, иландыру, нұсқау беру, пікірталас, баяндама, өнегілілік); ұйымдастырушылық пен мінезді қалыптастыру әдістері (жаттығу, тапсырма, тәрбиелік жағдаят); ынталандыру әдістері (жарыс, ынталандыру, жазалау).
Профессиялық педагогикада педагогтар мен тәрбиеленушілер негізінде әдістер классификациясы қалыптасқан:
● сана қалыптастыру әдістері
● іс - әрекет ұйымдастыру әдістері
● ынталандыру әдістері
Тәрбие әдістері бірін - бірі толықтырады, олардың бірлігі тәрбие жұмысына игі әсер етіп, балалардың білімін, іскерлігі мен дағдысын тереңдетеді, қоғамдық өмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік тәжірибесін байытады. Әдістермен бірге мұғалім тәрбиенің тәсілдерін және құралдарын қолданады. Әрбір әдісті мұғалім өз практикасында жетілдіре пайдалану мақсатында жекелеген өзгерістер, толықтырулар енгізеді. Мұндай жетілудерді тәрбие тәсілдері деп атайды. Тәрбие тәсілдері – жалпы әдістің бөлігі, жеке әрекет. Тәрбие әдістері мен тәсілдерін білу, оларды дұрыс қолдана білу педагогикалық шеберлік деңгейлерінің маңызды сипаттамасы болып табылады.
Тәрбие құралдары – тұлғаны қалыптастыру көздері. Тәрбие құралдары тәрбиеленушілер мен тәрбиешілер іс - әрекетінің барлық компоненттерімен байланысты. Өзара байланысты іс - әрекетте қолданылатын объектілер әр түрлі қызмет атқарады (тәрбие құралдары, өзін - өзі тәрбиелеу құралдары, бейнелеу заттары, талдау, кострукциялау, дайындау құралдары т.б.). Тәрбие әдістері, тәсілдері, құралдары арасында өзара тығыз байланыстылық та байқалады. Құрал - әдіс пен тәсіл аралығындағы ұғым. Яғни құрал - тәсіл емес,бірақ әдіске де жетпейді. Тәсіл – жеке алғанда бір ғана әсер, ал құрал тәсілдер жиынтығы. Еңбек – тәрбие құралы, бірақ еңбекті көрсету, бағалау тәрбие тәсілдері. Сөз – тәрбие құралы, ал ескерту жасау, сөз қыстыру, салыстыру – тәсілдер. Тәрбие жұмысы құралдары мен формалары бірге қолданылуы мүмкін. Айталық, музейге экскурсия жасау. Экскурсия – нысан, ал музей тәрбие құралы болып табылады. Тәрбие жұмысы нысандары: кеш, жорық, спектакль, интеллектуалдық ойындар, конференция т.с.с.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Бабаев С.Б., Оразов Ш.Б., Бабаева Қ.С. Педагогика жалпы негіздері және тәрбие теориясы //Алматы-2008// Заң әдебиеті.
2. Мұсаева С.А.,Бегалиев Т.Б. Жас ерекшелік педагогикасы //Астана-2006// Фолиант.
3. Әбиев Ж, Бабаев С, Құдиярова А. Педагогика //Алматы-2004// Дарын.
4. Әлемдік педагогикалық ой – сана, 5 том. //Алматы-2008// Мәдени мұра.
5. Байжанова З. Жалпы педагогика //Алматы-2008// Таймас.
6. Сейталиев Қ. Педагогиканың жалпы негіздері //Алматы-2007// Өлке.
7. Құрманалина Ш, Мұқанова Б, Ғалымова Ә, Ильясова Р. Педагогика //Астана-2010// Фолиант.
8. Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. //Алматы-1987// Мектеп.
9. Бабаев .С.Б, Оналбек Ж.К Жалпы педагогика //Алматы-2006//Заң әдебиеті.
10. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Педагогика: жалпы негіздері және тәрбие теориясы. //Алматы-2008.
11. Губашева С.Г, Отарбай А.Ж. Тәрбие жұмысының әдістемесі //Астана-2007// Фолиант.
12. Әбиев Ж. Педагогика. Алматы., 2004.
13. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика. Алматы,2005.
14. Хмель Н.Д. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. А., 2002.
15. 13.ҚоянбаевЖ.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика: Университеттер студенттеріне арналған оқу құралы.- Алматы, 2004-420 бет.
16. Селиванов В.С. Основы общей педагогики: теория и методика воспитания. М., 2000.
17. Абай атындағы қазақ Ұлттық педагогикалық Университеті. Алматы: “Нұрлы Әлем”, 2003.
18. Щадрин Н. К вопросу о функционльных ценности в жизнедеятельности личности и воспитании // Ұлт тағлымы.- 2004.-№ 4
19. Комплексная программа воспитания в учреждениях образования Республики Казахстан. // Учитель Казахстана. – 2001. – 17 июня.
20. Щуркова Н.Е. Программа воспитания. М., 1998
21. Закон РК «Образовании». – Алматы, 1999.
22. Подласый И.П. Педагогика. Новый курс: Учебник для студентов педагогических вузов: в 2кн. – М., 1999.
23. Селиванов В.С. Основы общей педагогики: теория и методика воспитания. М., 2000.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4

1 Тәрбие әдістері, тәсілдері және олардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5-8

1.1 Сана қалыптастыру
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
-12

1.2 Іс - әрекет ұйымдастыру
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13-16

1.3 Ынталандыру
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...17-19

1.4 Тәрбие әдістерін таңдау
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20-21

2 Тәрбие құрал жабдықтары және формалары
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... .22-23

2.1 Тәрбиенің негізгі формаларына
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 24-26

2.2 Тәрбие формалары мен құрал – жабдықтарын
таңдау ... ... ... ... ... ... ... . 27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .29

Қосымша
1 ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...30

Кіріспе
Тәрбие үдерісін жүзеге асыру құралдары ретінде әдістер, құралдар,
нысандарды ерекше атап көрсетуге болады. Тәрбие әдісі қойылған тәрбие
мақсаттарына қол жеткізу жолдары болып табылады. Басқаша айтқанда, тәрбие
әдістерінің белгілі бір қасиеттерді қалыптастыру мақсатында тәрбиеленушілер
санасына, еркіне, сезімдеріне, мінез - құлқына әсер ету жолдары деп тануға
болады.
Тәрбие әдістерінің мақсаты: балалардың тіршілік, әрекет, қарым –
қатынастарын ұйымдастырып, белсенділігін арттырып, тәртіпке келтіруді
көздейді. Тәрбие әдістерінде тәрбиешінің тұлғалық ерекшелігі, кәсіптік
құзыр деңгейі айқындалады. Оқыту әдістерінің барлығы ретімен білім, білік,
дағдыны қалыптастыруға бағытталған. Тәрбие әдістерінің олардан
айырмашылығы, мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланыс іс -
әрекеттерінің соңғы нәтижесінде тәрбиелі тұлғанының сапалы даму деңгейін
анықтайды. Тәрбие мақсаты жемісті болу үшін тәрбие әдістерін тиімді
пайдалану қажет. Әдістердің бірлігі оқушылардың тәрбиелеу деңгейін және
әрбір кезде адекватты қойылған мақсатты іске асыруға бағытталған.
Тәжірибелі педагогтың жеке іс - әрекет стиліне байланысты тәрбие әдісі
әртүрлі өткізіледі. Педагог жалпы тәрбие әдісін өзінің нақты іс -
әрекетінде қолдана білуінде көрініс табады. Жеке жағдайларда тәрбиеші жеке
өзінің әлде әріптестерінің әдістерін қолдана отырып жаңа, дәстүрлі емес
шешімдерге келеді. Әдістерді жетілдіру тапсырмасы үнемі бар болған және
әрбір тәрбиеші өзінің күш деңгейіне сүйене отырып жалпы әдістерге тәрбие
процесінің жеке шарттарына сәйкес келетіндей толықтырулар мен өзінің жеке
өзгерістерін енгізеді. Педагогикада тәрбие әдістерінің классификациялық
әртүрлі нұсқасы бар. Тікелей және жанама педагогикалық әсердің тәрбиелік
әдістерінің тобын шартты түрде бөлуге болады. Тікелей педагогикалық әсердің
әдістері оқушының жылдам әлде баяу реакциясын және оның өзін - өзі
тәрбиелеуге бағыталған сәйес іс - әрекетін анықтайды. Жанама педагогикалық
әсердің әдістемесі осындай жағдайдың ұйымдастыру іс - әрекетінде
тәрбиеленушінің бойында өзін - өзі жетілдіруге бағытталған және оның
педагогтармен, жолдастарымен және қоғаммен қарым - қатынас жүйесінде
белгілі бір позицияның қалыптасуының пайда болуын анықтайды.
Қазіргі заманғы педагогикада оқушыға әсер етуіне сәйкес тәрбие әдістерін
сенім, жаттығу, ынталандыру және жазалау деп бөледі. Кездейсоқ мәліметтерде
жалпы жіктелу белгісі бойынша әдістер сыйпатын қоса алғанда өзін - өзі
бағыттылық, іске асатындық, айрықшалық және басқа да әдістер бар.
Оқушылардың жүріс - тұрысын ынталандыру, іс - әрекетін ұйымдастыру және
сенім әдісіннің үйлесуіне сәйкес жіктеледі. И.С.Марьенко келесі тәрбие
әдісінің жіктелу тобын көрсетеді: анықтау – репродуктивті, проблемалық –
ситуатциялық, дағдыландыру – жаттықтыру, ынталандыру, тежелу (кедергілеу),
жетекшілік және өзін - өзі тәрбиелеу. Тәрбие әдісінің мақсаттылық,
мазмұндылық, іскерлік жақтарын қамтитын дәстүрлі классификация болып
табылады. Бағыттаушылық негізіне сай әдістердің үш түрлі тобын көрсетуге
болады. Олар сананы қалыптастыру әдістері (әңгімелеу, түсіндіру, анықтау
дәріс, этикалық әңгімелесу, иландыру, нұсқау беру, пікірталас, баяндама,
өнегілілік); ұйымдастырушылық пен мінезді қалыптастыру әдістері (жаттығу,
тапсырма, тәрбиелік жағдаят); ынталандыру әдістері (жарыс, ынталандыру,
жазалау).
Профессиялық педагогикада педагогтар мен тәрбиеленушілер негізінде
әдістер классификациясы қалыптасқан:
● сана қалыптастыру әдістері
● іс - әрекет ұйымдастыру әдістері
● ынталандыру әдістері
Тәрбие әдістері бірін - бірі толықтырады, олардың бірлігі тәрбие жұмысына
игі әсер етіп, балалардың білімін, іскерлігі мен дағдысын тереңдетеді,
қоғамдық өмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік тәжірибесін байытады.
Әдістермен бірге мұғалім тәрбиенің тәсілдерін және құралдарын қолданады.
Әрбір әдісті мұғалім өз практикасында жетілдіре пайдалану мақсатында
жекелеген өзгерістер, толықтырулар енгізеді. Мұндай жетілудерді тәрбие
тәсілдері деп атайды. Тәрбие тәсілдері – жалпы әдістің бөлігі, жеке әрекет.
Тәрбие әдістері мен тәсілдерін білу, оларды дұрыс қолдана білу
педагогикалық шеберлік деңгейлерінің маңызды сипаттамасы болып табылады.
Тәрбие құралдары – тұлғаны қалыптастыру көздері. Тәрбие құралдары
тәрбиеленушілер мен тәрбиешілер іс - әрекетінің барлық компоненттерімен
байланысты. Өзара байланысты іс - әрекетте қолданылатын объектілер әр түрлі
қызмет атқарады (тәрбие құралдары, өзін - өзі тәрбиелеу құралдары, бейнелеу
заттары, талдау, кострукциялау, дайындау құралдары т.б.). Тәрбие әдістері,
тәсілдері, құралдары арасында өзара тығыз байланыстылық та байқалады. Құрал
- әдіс пен тәсіл аралығындағы ұғым. Яғни құрал - тәсіл емес,бірақ әдіске де
жетпейді. Тәсіл – жеке алғанда бір ғана әсер, ал құрал тәсілдер жиынтығы.
Еңбек – тәрбие құралы, бірақ еңбекті көрсету, бағалау тәрбие тәсілдері. Сөз
– тәрбие құралы, ал ескерту жасау, сөз қыстыру, салыстыру – тәсілдер.
Тәрбие жұмысы құралдары мен формалары бірге қолданылуы мүмкін. Айталық,
музейге экскурсия жасау. Экскурсия – нысан, ал музей тәрбие құралы болып
табылады. Тәрбие жұмысы нысандары: кеш, жорық, спектакль, интеллектуалдық
ойындар, конференция т.с.с.

1 Тәрбие әдістері, тәсілдері және олардың түрлері
Тәрбие әдісі (гректің методос жол деген сөзі) – бұл мектеп
тәжірибесінде тәрбиеге қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын
жол, тәсілдер, тәрбиелеу саласына, еркіне, сезіміне, іс - әрекетіне әсер
ету шаралары.Əдістер түрі сан - алуан да шексіз көп. Ал оның нақты көрінуі
өз шəкірттерінің білімдік күш - қуаты мен жалпы мүмкіндіктерін жете танып,
оларды өтілетін материал сипатына байланыстырып жəне басқа да көп оқу
жағдаяттарын зерделі саралай білген педагог əрекетіне тəуелді. Қай тұлға,
қанша тұлға араласса, əдіс формасы да сондай əрі сонша – бұл заңдылық.
Əлбетте, əдістердің бəрі бірдей тиімді деп айту қиын. Ол үшін сол əдістің
түзілу, қолдану жағдайларын білу қажет. Нақты мақсатқа байланысты
дайындалған көп əдістердің ішінен біреуі ғана тиімді болуы мүмкін. Тəрбие
тəжірибесі алдымен ежелден келе жатқан дəстүрлі əдістерге арқа сүйегенді
тəуір көреді. Алайда, көптеген жағдайларда олардың да тиімсіз болып
қалатыны бар, сондықтан да тəрбиеші əрдайым тəрбиенің нақты шарттарына сай
келер көздеген мақсатқа үлкен үнем жəне мол табыспен, жылдам жеткізетін
жаңа əдістерді іздестіруге мəжбүр. Тәжірибелі педагогтың жеке іс - әрекет
стиліне байланысты тәрбие әдісі әртүрлі өткізіледі. Педагог жалпы тәрбие
әдісін өзінің нақты іс - әрекетінде қолдана білуінде көрініс табады. Жеке
жағдайларда тәрбиеші жеке өзінің әлде әріптестерінің әдістерін қолдана
отырып жаңа, дәстүрлі емес шешімдерге келеді. Әдістерді жетілдіру
тапсырмасы үнемі бар болған және әрбір тәрбиеші өзінің күш деңгейіне сүйене
отырып жалпы әдістерге тәрбие процесінің жеке шарттарына сәйкес келетіндей
толықтырулар мен өзінің жеке өзгерістерін енгізеді. Тәрбие мақсаттарын әр
түрлі жолдармен жетуге болады. Тәрбиеші тәрбиеленушімен олардың күш
қуатына, мүмкіндіктеріне, ынталарына сүйене отырып, істеген жұмысында
қаншалықты жол тапса, сонша тәрбие мақсатына жету тәсіл түрлері ашылады.
Әрине, кейбір жолдар басқасына қарағанда мақсатқа тезірек жеткізеді.
Тәрбиешінің алдында тәрбиеге сай келетін, көзделген жетістікке тез апаратын
және аз күш жұмсайтын жаңа, қалыптан тыс, қолданылмаған жол табу міндеті
тұрады. Құрастыру, таңдау және тәрбие әдістерін дұрыс пайдалану – кәсіптік
педагогиканың асқар шыңы болып есептеледі. Тәрбие әдістері тәрбиенің
мақсатына, принциптеріне және мазмұнына, балалардың жас және дербес
ерекшеліктеріне, олардың өмірден алған тәжірибесіне байланысты. Тәрбие
әдістері тәрбиенің мақсаттары және мазмұнымен анықталады, ал мақсат -
әдістің бас критерийі (грекше, қазақшасы – белгісі). Тәрбие әдістері тәрбие
мақсаттарын іске асыруға, оқушыларды мінез - құлықтың қоғамдық нормасына
үйретуге, адамдармен қарым - қатынас жасауға және олардың іс -
әрекеттеріндегі құнды тәжірибелерін пайдалануға бағытталуы қажет. Әдістерді
іске асыру барысында ұстаз, тәрбиеші, ата - ана, аға ұрпақ оқушыларға
педагогикалық ықпал жасайтын тәрбиенің тәсілдері мен құралдарын қолданады.
Тәрбиеленушілер тәрбие процесіне немкетті қарап, одан тыс қалмайды. Олар
қалай болғанда да тәрбиелік ықпалды сезінеді, сөйтіп субъект ролін ғана
емес, тәрбие субъектіснің де ролін атқарады. Тәрбие процесін дұрыс
ұйымдастыру нәтижесінде тәрбиеленушілер оған қатысушыларға айналады. Олар
алған хабарларын белсене қорытады, тәрбие жайындағы білімдерін бұрын алған
білімдерімен, жеке басының тәжірибесімен және басқа адамдардың мінез -
құлық тәжірибесімен салыстырады. Егер тәрбиелеу әдісі сәтті таңдалып алынса
және білгірлікпен қолданылса, тәрбиеленушілер өздерінің жауап іс -
әрекеттері арқылы тәрбие міндеттерін шешуге себепші болады. Олардың санасы
дамиды, сезімі байиды, қажетті дағдылары мен мінез - құлық әдеттері
қалыптасады. Әр әдіс құрал ретінде көрініс береді, тәрбиеші соның көмегімен
санаға, сезім мен мінез - құлыққа әсер жасайды, әр түрлі іс - әрекет
ұйымдастырады. Ол оқушылардың іс - әрекетіне басшылық етуді қамтамасыз
етеді, оларды өзін - өзі тәрбиелеуге итермелейді, жеке адамның дамуына
түрткі болады. Тәрбие ісі және тәрбие беру жұмыстарын ұйымдастыру
формасы ұғымдарының өте жақын ұғымдар екендігін есте тұтқан жөн.
Философиялық энциклопедияда әдіс зерттелетін объектінің қозғалыс
заңдылықтарынан туындайтын болмысты практикалық және теориялық жағынан
игеру формасы ретінде ашылып көрсетілетіні тегін емес.Сонымен қатар тәрбие
әдісінің бір бөлігі болып табылатын тәрбие тәсілі туралы айта кеткен жөн.
Әрбір әдістің тәсілі болады. Тәрбие тәсілі – жалпы әдістің бір бөлігі, жеке
дара әрекет (әсер ету), нақты іс. Тәсілдері – бұл тәрбиешінің қойылған
мақсатқа тез жету үшін тәрбиеленушімен бірге салатын соқпақ жолы деуге
болады. Егер оны басқа тәрбиешілер де пайдалана бастаса, біртіндеп ол
соқпақ үлкен жолға - әдіске айналады. Тәрбие әдістері мен тәсілдерін тану,
оларды дұрыс қолдану – бұл педагогикалық шеберлік деңгейінің маңызды
сипаттамасын білдіреді. Демек, тәрбие әдістері мен тәсілдері тығыз
байланысты. Мысалы, үйрету және жаттықтыру әдістерінің тәсілдері: нұсқау,
көрсету, машықтандыру, тапсырма т.б. Шын тәрбие процесінде әдістер мен
тәсілдер арасында нақты шекара жоқ, ол жылжымалы болады. Тәрбие тәсілдерін
екіге бөлуге болады:
а) Дамуды қолдайтын: сенім, мадақтау, көңіл бөлу, өтініш, пікір алмасу,
ықыласпен тыңдау, қызықты іспен қамту, моральды қолдау табу т.б.
б) Дамуды қолдамайтын немесе тежеу тәсілдері: жарлық беру, көкету, ұрсу,
жақтырмау, жазалау, ескерту, ашулану, немқұрайлы қарау, әшкерелеу т.б.
Тәрбие тәсілдері:
- Тәрбиенің мақсаттарын, міндеттерін, оларға жетудің жолдарын ұсыну.
- Ақпараттық – ағартушылық.
- Бағдарлау – іс - қызмет.
- Қатынас.
- Бағалау.
Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін және оларға жетудің жолдарын ұсыну
тәсілін қолданып мұғалім оқушыларды идеялық адамгершілік көзқарастармен
қаруландырып, өз еңбегі мен ұжым еңбегін жоспарлауға, ұйымдастыруға,
еңбекпен іс - қызмет мақсаттарына жету жолдарын таңдауға, іс - қызметтің
сапасы мен нәтижелерін олардың алдағы мақсаттарға сәйкестігін анықтауға
үйретеді.
Бағдарлау – іс - қызметтік тәсіл оқушыларды еңбекке даярлауға қызмет
етіп, еңбек белсенділігін туғызып, іс - қызметке қатысып, қоғамның
материалдық саласында адамгершілік және еңбек бағдарларын дұрыс таңдап
дамытады.
Қарым - қатынас тәсілі (коммуникативтік тәсіл) – балалар мен
ересектердің іс - қызмет кезіндегі қатынасына негізделіп, оқушылардың
қоғамдық мінез - құлық нормаларын игеруіне көмектеседі. Оқушылар тәртіп
ережелері жөніндегі ақпаратты топта, сыныпта, мектепте құрастырып, оны
төменгі және жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер, ата - аналар, ересек
адамдар арасында жетілдіреді.
Бағалау тәсілі көмегімен мектеп оқушылары адамдардың қимыл -
әрекерттерін, көзқарастарын, сенімдерін, тәртіп - бағыттарын айқындауға,
негіздеуге, өз іс - қызметін, оқу мен еңбектегі жетістіктерін, адамгершілік
сапаларын өздері бағалауға үйренеді. Оқушы іс - қызметтің адамгершілік
жақтарын бағалауға жаттығады. Мұғалім бағалауды, өзіне - өзі баға беруді
қалыптастыруға қамқорлық жасайды, Баға беру алынған білімді жеке
тәжірибемен байланыстырып, оған жаңа қасиет береді.
Қоғамдағы әлеуметтік - экономикалық өзгерістерге байланысты тәрбие
мақсаты мен мазмұнының өзгеруі әдістер жүйесін жаңартады. Қазіргі кезде
әдістер жүйесінің ондаған жіктелісі бар, олардың біреулерінің тәжірибелік,
ал екіншілерінің теориялық маңызы басымырақ. Сипатына қарай топтастырылған
тәрбие әдістері: сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс - әрекетті
ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету әдістері. Жіктелудің өзі
әдістердің қайсысының жалпы және жалқы екенін, нақты не кездейсоқ,
теориялық немесе практикалық екенін білуге, сонымен бірге оларды дұрыс
таңдауға, барынша ұтымды пайдалануға көмектеседі. Жіктелуге сүйене отырып,
педагог тек әдістер жүйесіне танып қоймай, ол әр түрлі әдістер белгілерінің
өзгерісін жақсы түсінеді. Кез келген әдістің ғылыми жіктелуі олардың жалпы
негіздері мен белгілерін анықтаудан басталады. Тәрбие әдістері жүйесіне
орай танылатын белгілер өте көп. Кез келген жалпы белгілерден жеке - дара
жікетеме жасауға болады. Қазіргі педагогикада ондаған жіктеме белгілі, бірі
тәжірибелік міндеттерді шешуге қажет болса, екіншісі теориялық міндеттерді
қалыптастырады. Көптеген әдістер жүйесінде жіктелудің қисын негізі анық
емес.Бұған тәжірибелік мәні бар жіктеулерге негіз ретінде әдістің бір емес,
бірнеше маңызды және жалпы тұстарының болуы айқын дәлел. Тәрбиелік әсер ету
әдістерінің нәтижесі бойынша оларды екі топқа бөлуге болады:
а) Адамгершілік қасиеттерге негіз болар ықпалдар: қарым - қатынас,
ортақтасу, көзқарас қалыптастыратын түсініктер, жаңашыл пікірлер, ой
толғаулар;
б) Қандай да бір көзқарас, ұғымдарға сәйкес әдеттер орнықтырушы ықпалдар;
Тәрбие тәсілдері өз ерекшеліктері бойынша келесідей жіктеледі: сендіру,
жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс - әрекетті ұйымдастыру,
тәрбиеленушілерді орынды мінез - құлыққа ынталандыру, түсіндірмелі -
көрнекі үйрету, үйлесімділікке келтіру,өзіндік тәрбие. А.П.Пинкевич
тәрбиені екі топқа бөліп, бірінші тобына педагогикалық ұзақ мерзімді әсер
ету әдісін, ал екінші тобына өтпелі әдісті, яғни белгілі – бір жағдайда
нәтиже беретін әдістерді енгізген. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ұзақ
мерзімді педагогикалық әдістер тиімді деп саналады. Олар: ұзақ мерзімді
жаттықтыру, оқыту әдістерінің жүйесі, тәрбиешінің жеке басының үлгісі.
Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің 11-ден астам түрлері бар. Солардың
ішінде Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина және В.С.Сластенин жасаған тәрбие әдістері
жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде қолданылады.
Қазіргі кезде тәрбие әдістерінің тиімді жетілуі бір мақсатқа, мазмұнға
негізделген тәрбие бағытын қолдайды. Осыған орай тәрбие әдісінің үш тобын
бөлуге болады: [қосымша 1-де көрсетілгендей]
1) Сана қалыптастыру әдістері;
2) Іс - әрекет ұйымдастыру әдістері;
3) Ынталандыру әдістері;

1.1 Сана қалыптастыру әдістері
Тәрбие процесінің жалпы құрылымынан байқағанымыздай, дұрыс
ұйымдастырылған тәрбиенің бірінші сатысы – оқушылардың өздерінде қалыптасуы
қажет әрекет-қылық нормалары мен ережелерін білу (түсіну). Ең алдымен
қандай да сапаны туындатып, орнықтыру үшін, сол сапаның мән - мағынасын
жете түсініп алу міндетті. Адамның көзқарастарын, ұғымдарын, наным -
сенімдерін кемелдендіруге бағытталған әдістер тұлға санасын қалыптастыру
әдістері атамасын алған. Бұл топ әдістері екінші кезеңде іске қосылатын –
сезім, көңіл - күй толғаныстарын қалыптастыруда аса қажет. Егер оқушы
педагогикалық ықпалға бейтараптылық пен немқұрайлылық танытатын болса,
тәрбие процесі шабандайды, мақсатқа жете алмайды.Егер оқушы қабылдаған
идеясын өзін толғантқан жарқын бейнеге айналдыра алса ғана, оның бойында
ізгі де жарқын сезімдер туады. Өткен жылдар оқулықтарында бұл әдістер тобы
сендіру әдістері деп аталған, себебі олардың міндеті – тұрақты наным -
сенімдер қалыптастыру болған. Оқушы әрекет - қылығына дем беретін оның
білімі мен білігі емес, ең алдымен ол көзделген адами сапаның қоғамдық
қажеттігі мен өзіне пайдалылығын танып, оны өз нанымы негізінде әрекет -
қылыққа айналдыруы, ал бұл сана қалыптасуымен бірге жүретін психикалық
құбылыс. Тәрбие мазмұнымен белгіленген іс - әрекетке бала белсенді
араласуға дайын болған жағдайда ғана қолданылатын әдіс өз нәтижесін береді.
Наным - сенімге оқушыны әрқилы әдістермен жеткізу мүмкін. Өткен ғасыр
басындағы мектептерде бұл үшін тағылым - тарихи өсиеттер, хадистер мен
мысалдар кең қолданылған. Ал қорытынды шығару баланың өз еркіне берілді.
Өкініштісі, бүгінде біз мұндай аса құнды әдістерді пайдаланудан мүлде
қалғанбыз, олардың орнына тура, қарабайыр, ойға жетелемейтін уағыздау
әдісіне көшкенбіз. Құрғақ уағыз айтып, шексіз бір жақсы көрсетпе - нұсқау
беруден түскен өнім шамалы. Сондықтан, ұмыт болған әдістерді жаңғыртып,
мұғалімдер өз сабақтарында ислам хадистерін, ақын - жыраулар тағылымдарын,
шешен билердің ұлағатты кеңестерін, ғұлама Абайдың Қара сөздерін және
т.б. тағылым - тәрбие көздерін молынша пайдалануда. Сондай-ақ әдептілік-
имандылық тақырыбындағы әңгімелер, ұғындыру, түсіндіру, әдептілік
сұхбаттары, насихаттау, сендіру, көрсетпе беру әдістері де өз қолданымын
табуда. Сендірудің аса маңызды әдісі - өнеге - үлгі. Әдістердің әрқайсысы
өз ерекшелігі мен қолданымына ие. Сырт көзге қарапайым көрінгенмен, бұл
топ әдістерінің бәрі де жоғары педагогикалық бірлікті қажет етеді әрі
жүйелі түрде басқа әдістермен бірге қолданылады.
Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері (ұғым, байымдау – пікірін
айту, баға беру, сендіру):
• этикалық әңгіме;
• әңгімелесу;
• пікірталас;
• лекциялар;
• өнеге;
• көндіру (суггестия).
Этикалық тақырыптағы әңгіме – инабаттылық мазмұнға негізделген деректер
мен оқиғалардың үлкен көңіл көтеріңкілігімен әсерлі баяндау әдісі. Сезімге
ықпал ете отырып, әңгіме моральдық бағамдар мен әрекет - қылық нормаларының
мәнін түсініп, ұғуға жәрдемдеседі. Мұғалім оқушылармен әңгімелескенде,
олардың ойын тыңдап, онымен санасады, ынтымақтаса жұмыс істеп, адамның
мінез - құлқына, жүріс - тұрысына қойылатын талаптарды бұзған оқушылардың
іс - қылықтарын талдайды. Әңгімені бастауға себепші болатын балалардың
теріс қылықтары. Этикалық әңгіме адамгершілік ұғым, түсініктерінің мазмұнын
ашып қоймастан, оқушылардың инабаттылық талаптарына сәйкес болымды тұлғалық
әрекеттеріне деген ұнамды қатынас өрбітіп, мінез - құлықтың оңды өзгерісіне
ықпал жасайды. Әдептілік әңгімелері бірнеше қызмет атқарады:
1) білім көзі;
2) тұлғаның адамгершілік сапаларын басқалардың имандылық қасиеттерімен
толықтырады;
3) тәрбиелік ұнамды үлгі - өнегені өрнек ретінде ұсынады.
Этикалық әңгіменің жақсы өтуіне әсер ететін жағдайлар:
• бір мәселе төңірегінде бірнеше пікірлердің айтылуы;
• оқушы сұрақтарын мұғалімнің мақұлдауы, оған өзінің жауап беруіне
көмектесу;
• әңгіменің дайын жауаптарының болмауы;
• баланың өз ойын айтып, басқалардың пікірлерін тыңдауы;
• қарым - қатынас мәдениеті, мұғалімнің оқушы дәлелді пікір айтқанша
шыдамдылық көрсетуі;
• әңгімені лекцияға айналдырмау;
• әңгіменің жылы шырайлы жағдайда өтуі;
• баланың ішкі сырын айтуға көмектесуі;
• әңгіме материалдарын баланың өмірінен алу;
• түрлі пікірлерді біліп, оларды бір - бірімен салыстыру, дұрыс пікір
шығару;
• жас ерекшеліктеріне сай болуы;
• тартымдылығы, қызықтылығы;
• мұғалімнің артық сөздер айтпауы.
Мұғалімнің тәртіп бұзған оқушылармен жеке сөйлесіп, оның қателігін өзіне
әдепті түрде түсіндіреді. Әңгіме тақырыбына байланысты техникалық құралдар
қолданылады. Әңгіме мұғалімнің қысқаша сөзінен басталады. Ол оқушыларға
мәселелі сипаттағы сұрақтар қойып, талдатып, қорытындылайды.
Пікірталастар – тәрбиеленушілерді қызықтыратын әр түрлі тақырыптарға
арналған қызу ой сайысы. Мұндай тәрбиелік әдіс орта және жоғары сыныптарда
әр түрлі қоғамдық - гуманитарлық тақырыптарда қолданылады. Пікірталас
негізі – бұл ақыл сайысы, ой күресі, ол арнайы дайындықты талап етеді.
Пікірталас мақсаты – белгілі бір шешім шығару емес, оның маңызы – балаларды
үдеріске қосу, әрі оны басқара жүргізу. Педагог балаларға ойды жинақтауға,
қисынды дәлелдерге сүйенуге, өз ұстанған бағытын ашып көрсете білуге
көмектеседі. Пікірталас – қиын әдістердің бірі және ол педагогтан жоғары
кәсіби біліктілікті, білімділікті талап етеді. Пікір білдіру, баға беру
оқушының дүниеге сенімін арттырып, ондағы қателіктер мен кейбір адамдардың
жалған көзқарастарымен күресуге үйретеді. Пікірталас оқушылардан ақыл - ой
қызметін, сезім белсенділігін талап етеді. Мұғалім пікірталасты өткізбес
бұрын оның тақрыбын, сұрақтарын тұжырымдап, жүргізушіні белгілеп,
қолданылатын әдебиеттерді ұсынып, оқушыларды пікірталас ережелерімен
таныстырады.
Өнеге - өте әсерлі әдіс. Бұл әдіс келесі заңдылыққа негізделеді: көру
арқылы қабылданатын құбылыстар тез, әрі ешбір қиындықсыз санада бекиді.
Сонымен бірге, кітаптағы, кинодағы бас кейіпкерлерді, тарихи тұлғаларды,
атақты ғалымдарды, саяси майталмандарды, т.б өнеге ету үлкен тәрбиелік
мәнге ие. Бұл жағдайдың психологиялық негізі ретінде еліктеуді айтуға
болады. Еліктеудің арқасында адамдар әлеуметтік және адамгершілік тәжірибе
жинақтайды. Еліктеу – жеке адам іс - әрекеті. Кейде еліктеудің аяқталып,
шығармашылықтың басталатын кезін анықтау қиынға соғады. Көбінесе
шығармашылық өзіндік, ерекше еліктеуден болады. Осыған орай бала әлеуметтік
және инабаттық тәжірибе жинақтайды. Мектеп жасындағы балалар өздері аса
ұнатқан адамдарға еліктейді. Сондықтан, баланың адамгершілік дамуына
қамқорлық жасауда оның өнегелі ортаға араласуына басты назар аудару қажет.
Өмір өнегесі ұдайы оңды болса, тіпті жақсы, бірақ олай бола бермейді,
балаға әсер етуші кері өрнек аяқ астында. Оқушылар назарын өмір адам
келеңсіздіктеріне аударып бару, болымсыз қылықтар салдарын талдап, олардан
қорытынды шығару – міндетті шарт. Мезетімен орынды пайдаланған ұнамды үлгі
тәрбиеленушіні жаман қылықтан сақтандыруға жәрдем беретінін де ескерген
жөн. Тәрбие тәрбиешінің жеке басы үлгі - өнегесіне, оның қылық әрекетіне,
қамқорлығындағы балаларға қатынасына, дүниетанымына, іскерлігі мен
абыройына тәуелді.
Түсіндіру – тәрбиеленушіге көңіл - күй – сөздік әсер ету әдісі.
Түсіндірудің әңгімелеуден айырмашылығы – берілген топқа немесе нысанаға
нақты ықпал жасау. Бұл әдісті қолдануда пдагог ұжым мүшелерінің тұлғалық
сапасына, сыныптың тәлім ерекшеліктеріне сүйенеді. Бір топқа, жеке
оқушыларға жаңа ережелер (басқа адамды құрметтеу, өзін басқа кісінің орнына
қою, т.б.) түсіндіріледі. Партаны сызу, дөрекілік жасау теріс қылық екнін
түсіндіре берудің қажеті болмағандықтан басқа әдіс қолдану керек. Мұғалім
адамшылық қасиет туралы баланың пікірін сұрап, оқушыны жақсы сапалардың
қажеттігіне сендіріп, баланы теріс қылығы үшін ұялтып, түзелеуге
бағыттайды. Мектеп тәжірибесінде түсіндіру адам психикасына еніп, іс -
әрекеттің себептерін тудыратын және тұлғаға жалпы әсер ететінін сендіруге
сүйенеді. Сендіру тәрбиеленушіге белгілі бір шешім қабылдату жағдайында
пайдаланылады. Сендіру басқа тәрбие әдістерінің әсерін күшейту үшін
қолданылады.
Сұхбат – тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің пікір алысуға екіжақты кірісуін
керек ететін жүйелі және бірізді әдіс түрі. Сұхбаттың әңгімеден
айырмашылығы – сөйлеушіні тыңдап, оның ойын ескере отырып, онымен қарым -
қатынас жасау жолдарын құру. Мұндай әңгіме моральдық, этикалық, тәрбиелік
мәні бар тақырыптардан тұрады. Сұхбат мақсаты – адамгершілік түсініктерін
тереңдету және бекіту, білімді жалпылау және нақтылап орнату, адамгершілік
көзқарастары мен нанымдар жүйесін қалыптастыру. Этикалы сұхбатқа нақты
деректер, оқиғалар, сыныптағылардың қылықтары себепші болады. Мұндай
сұхбаттасу оқиға ізінше немесе кейінірек, балалар өз қылықтарының жақсы не
жаман екенін ойластырып түсінген соң өткізіледі. Сұхбаттасудың нәтижелілігі
бірнеше маңызды шарттарға байланысты:
1) Сұхбаттасудың мәселесі болғаны маңызды. Тәрбиеші шәкірттерін
үйреншікті емес сұрақтар қоюға ынталандырады, сол сұраққа жауапты
балалардың өздерінің табуына көмектеседі;
2) Этикалы сұхбаттар алдын ала дайындалған, жауаптарын айтып қойған дайын
желі бойынша өткізілуі тиіс. Тыңдаушыларға өз ойларын баяндауға
мүмкіндік беру қажет, оларды басқалар ойларын сыйлауға, оған дұрыс
көзқарас нышанымен қарауға үйрету керек;
3) Сұхбатты дәрісбаянға айналдырмау;
4) Сұхбаттасу құралдары тәрбиеленушінің жан сезіміне жақын болғаны абзал;
5) Сұхбаттасу кезінде барлық көзқарастар мен пікірлерді анықтап, оларды
салыстыра білудің маңызы зор;
6) Әңгімеге дұрыс жетекшілік – тәрбиеленушінің оңды шешімге өз бетімен
келуіне арқау.
Ертегі, әдеби кітаптар, мерзімді баспасөз материалдары – мектеп
жасындағы оқушылардың адамгершілік санасын қалыптастыратын құралдардың
бірі. Оқушылар жағымды кейіпкерлерге еліктеп, жамандықтан аулақ болуға
үйренеді.
Көзін жеткізу – тәрбиешінің өз тәртібі, жұмыс тәсілдері арқылы жүзеге
асатын, балалар көзқарасына ықпал етудің педагогикалық тәсілі.
Қоғамдық пікір. Балаларға тәрбиешінің қоятын талабы ең алдымен ұжымның
талабы – жалпы қоғамдық пікірдің көрінісі. Қоғамдық пікір – ұжымдағы іс -
әрекетті ұйымдастыру және мінез - құлықты қалыптастырудың негізгі әдісінің
бірі. Қоғамдық пікір ұжым мүшесінің, жекелеген топтардың іс - әрекетін,
қылығын бағалауда қолданылады.Қоғамдық пікірдің негізгі нысандары – ұжым
мүшелерінің жиналыста, жиындарда, митингіде, жергілікті баспасөзде және
дөңгелек үстел басында, ашық әңгімеде, кемшіліктерді сынап, жаңа
міндеттерді жүзеге асырудың жолдарын белгілеуі.

1.2 Іс - әрекет ұйымдастыру әдістері.
Тәрбие талапқа сай тұлға қалыптастыруға арналады. Тұлғаның түсінігі,
нанымдары емес, істеген ісі, қылығы оның тәрбиелілігін сипаттайды. Сол
себепті, қоғамдық қылық тәжірибесін қалыптастыру және іс - әрекет
ұйымдастыру тәрбие үдерісінің іргетасы ретінде қарастырылады. Іс - әрекет –
адамдардың қоршаған ортаға белсене қатысуының негізгі нысаны, ішкі жан
дүниесінің көрсеткіші, дамуының өздігінен жетілуінің шешуші белгісі.
Адамның іс - әрекетінің дамуына қарым - қатынас ерекше әсер ететіндіктен,
іс - әрекеттен тыс тәрбиенің болуы мүмкін емес.
Бала іс - әрекетіне қойылатын педагогикалық - психологиялық талаптар:
• іс - әрекеттің мақсатының анықтығы, оның жеке адамға, қоғамға, ұжымға
пайдалылығы, оқушының ынта ықыласын, қабітеттілігі мен іскерлігін ескеру;
оқушылардың ортақ істі сезімталдықпен орындауына қолайлыжағдай жасау.
• баланың мүддесі мен бейімділігін ескере отырып, оның көңілінен шығатын,
шамасы жететін қоғамдық жұмысқа, еңбекке қатыстыру өздігінен әрекет ету
тәжірибесін кеңейтеді.
• іс - әрекетті дұрыс ұйымдастыру балалардың белсенділігіне байланысты.
Жұмысты жоспарлау, жеке тапсырмаларды бөлу, оның нәтижесін тексеру, т.б.
міндеттерді балалар шешіп отыруы керек. Бала талабы мен қабілетін еңбекте
көрсеткенде дамиды.
• тәрбиешінің басшылығы, жұмыс барысында кеңес беру, балалардың ынтасын
арттыру. Жұмыстың мазмұны мен түрлерін, әдістерін жандандыратын материалдық
және моральдық жағдайды сақтау.
• оқушылар ұжымының қоғамдық пікірі арқылы іс - әрекеттің нәтижесін
қорытындылау.
Бұл топқа кіретін барлық әдістер тәрбиеленушілердің тәжірибелік іс -
әрекетіне негізделген. Осы іс - әрекетті басқаруда педагогтар оны құрамдас
бірліктерге, яғни қылық әрекеттер мен кіші бөліктер – амалдарға бліп
қарастырумен іске асыра алады. Тәрбие үдерісі педагогтың амалдарды
орындаудан іс - әрекеттер басқаруға, содан кейін тәрбиеленуші іс - әрекетін
басқаруға өтуімен аяқталады. Тәрбиеленушінің пайдалы істерін ұйымдастыру
міндетті түрде олардың басқа адамдармен жан-жақты қарым - қатынас жасауын
қажет етеді. Әртүрлі жағдайда болған ұжымдық қарым - қатынас белгілі бір
іске, шешімге әрекет қылықтың бір жолын таңдауды қажет етеді, яғни тұлғаның
күрделі бітістері қарапайым қылықтар негізінде қалыптасады.
Қажетті тұлға сапаларын қалыптастырудың жалпыланған әдісі – жаттықтыру.
Қоғамдық қылық тәжірибесін игеруде іс-әрекет шешуші рөл атқарады.
Тәрбиеленушілерді нақты, мақсатты бағытталған, белсенді іс - әрекетке
кірістірмей, қажетті қылық түрін қалыптастыру мүмкін емес.
Жаттығу әдісі оқушыны объект жағдайынан субъект жағдайына жеткізеді.
Жаттығу әдісінің педагогикалық - психологиялық ерекшелігі – жаттығулар мен
әрекеттердің баланың ішкі қасиетіне айналуы. Балада қалыптасатын қылық,
әрекеттің қай - қайсысы да жаттығып, дағдыланудан. Балаға басқалардың қалай
жазатынын әңгімелеп, жазуға атақты күйші өнерін көрсетіп, домбыра тартуға
мүмкін емес. Тәрбиеленушіні мақсатты бағытталған белсенді әрекетке
ынталандырмай, жоспарланған мінез бітісін де орнықтыруға болмайды.
Жаттықтыру мәні – талап етілген әрекеттерді көп мәрте қайталаумен автоматты
орындалуы дәрежесіне жеткізу. Жаттығулар нәтижесі – тұлғаның бекіген
сапалары: әдеттер мен дағдылар.
Жаттықтыру әдісінң тиімділігн келесі шарттар анықтайды:
1) жаттығулар жүйесі;
2) олар мазмұны;
3) түсініктілігі мен жеңілдігі;
4) көлемі;
5) қайталау жиілігі;
6) бақылау мен түзету;
7) тәрбиеленушілердің тұлғалық сапалары;
8) жаттығулардың орындалу мерзімі мен орны;
9) жеке - дара, топтық, ұжымдық жаттығулар формасы;
10) жаттығу сеп - түрткілері мен оған деген ынта себептері.
Жаттығулар жиілігі, көлемі және жетіскен нәтижелер арасында тікелей
тәуелділік бар: жаттығу неғұрлым көп орындалса, олар жәрдемімен қалыптасушы
сапалар дамуы да соғұрлым жоғары келеді. Бұл тәуелділік тұлғалық
ерекшеліктерімен реттеліп барады. Бірдей тең деңгейлі сапаны қалыптастыру
үшін әр оқушының орындайтын жаттығуларының саны әрқилы: бір бала көзделген
сапаға аз санды жаттығудан жететін болса, екінші біреуінде ондаған,
жүздеген жаттығу әрекеті қажет. Сапа неғұрлым күрделі келсе, оған
байланысты әдеттерді қалыптастырып, тұрақтандыру үшін соғұрлым көп жаттығу
орындап, көп мәрте қайталау керек.
Жаттығулар жүйесін жоспарлауда тәрбиеші ең алдымен өз тәрбиеленушілеріне
қандай дағдылар мен әдеттерді қалыптастыруы қажет болатынын ойластырып
алғаны жөн. Жаттығулардың көзделген қылық - әрекетке сәйкес болуы
(адекватность) - әдісінен баланың өмірлік қажетті, мәнді және пайдалы
дағдылары мен әдеттері қалыптасады. Сондықтан жаттығулар қалай болса, солай
ойдан шығарылмай, өмірден алынуы тиіс. Бірінші кезекте жалпы адамзаттық
ізгілі сапалар тұрғызушы жаттығулар пайдаланылады.
Тұрақты дағдылар мен әдеттер қалыптастыру үшін жаттығуларды мүмкін
болғанша ерте жастан қолданған дұрыс. Жас организм қай әсерді де тез
қабылдайды. Әдеттенген адам өз сезімін басқара біледі, құмарлықтарына
тоқтау береді, өз ниеттерін басқалар мүдделерімен салыстырып, бағалай
алады. Ұстамдылық, өзіндік бақылау, ұқыптылық, тәртіптілік, қатынас
мәдениеті – бәрі де тұрақтанәдеттер негізінде туындайтын ізгілі адам
сапалары. Жаттықтыру әдістерінің тиімділігіне себепші маңызды шарттардың
бірі – біртұтас жаттығулар жүйесінің біріндеп күрделеніп баруы. Кіші сынып
оқушыларында мінез - құлық мәдениетін қалыптастыруда келесідей шамалап
түзілген ілгерілі жаттығулар жоспарын ұсынуға болады.
Гуманистік тәрбиеде де қатаң әдістер қолданылады. Бірақ әңгіме онықалай
пайдалануда. Осындай шешімді әдеттердің бірі – талап. Тәрбие барысындағы
талап тәрбиеленуші әрекетінің ынталылығын көтеруге не оны тежеуге қажет
талаптар тікелей не жанамалы болып келеді. Тікелей талап – анық, дәл,
нақты. Жанамалы талапта әрекетке келтіретін талаптың (кеңес, өтініш, сенім,
қолдау, құлақ - қағыс және т.б.) өзі емес, ал сол талаптан туындайтын
психологиялық жағдаяттар: толғаныс, күйзеліс, мүдде, ұмтылыс. Жанама
талаптар арасында аса көп қолданылатындары:
Кеңес-талап. Бала санасына ықпал жасуамен педагог қойған талаптың
қажеттігін, пайдасын түсіндіреді. Мұндайда кеңестің қабылдануы не
қабылданбауы педагог беделіне, оның оқушымен қатынасына тәуелді.
Ойын талап. Әрқандай талаптарды қою үшін тәжірибелі мұғалім баланың
ойынға құштарлығын пайдаланады. Бала ойынды қызығушылықпен орындай жүріп,
өзі байқамай талаптарды да қабылдайды. Бұл талап әдісінің өте ізгілікті
және тиімді формасы, бірақ оны қолдануда аса жоғары педагогикалық шеберлік
қажет.
Сенім талап. Мұндай әдісі, әдетте, сыйластық жайлаған ортада іске асады.
Өтініш талап. Педагог пен тәрбиеленуші арасында достық, жолдастық қарым-
қатынас болған жағдайда өз тиімділігн береді.
Үйретіп көндіру – көзделген сапаны жылдам әрі жоғары деңгейде
қалыптастыру үшін қолданылады. Кейде бала мұндай талапты ауырсынады,
өжеттікпен қарсы шығады. Солай болса да, көндіру баланың өзі үшін қажет.
Гуманистік педагогика адам құқына қарсы қатаң әдістерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Тәрбиенің әдістері мен формалары
Тәрбие жұмыстары бағытында озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және жинақтап қорытындылау
Тәрбиенің құралдары, формалары мен әдістері
Тәрбиенің құралдары, формалары мен әдістері түралы түсінік
Педагогикадан мемлекеттік емтиханға дайындық
Студенттің өзіндік жұмысы
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары
Педагогиканың дәрістері
Пәндер