Түйсіктер туралы жалпы түсінік



Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім
а) Түйсіктер туралы жалпы түсінік
ә) Түйсіктің түрлері
б) Қабылдау туралы жалпы түсінік
в) Қабылдаудың ерекшеліктері

Қортынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атаймыз.
Түйсік арқылы заттардың түсін, исін, дәмін, қатты, жұмсақтығын, кедір-бұдырлығын т.б. осы секілдіқасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысымен оның кеңістікте орналасуын, жеке бөліктерінің жұмысы жайлы хабарлайды.
В.И.Лениннің айтуынша, «түйсік-объективті дүниенің субъективтік бейнесі». Түйсік сыртқы дүниені танудың алғашқы табалдырығы, немесе есігі деуге болады. Өйткені, бұған соқпай, бұны аттап дүние танылмайды. Осы жөнінде В.И. Ленин өзінің «Материализм және эмпириокритицизмінде» былай деп жазған еді: «Түйсік арқылы болмаса, біз басқа жолмен заттың ешқандай формалары туралы да, қозғалыстың ешқандай формалары туралы даеш нәрсе біле алмаймыз».
Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады.
Қабылдау – ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітікендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайд болатын уақытша байланыстар жатады. Мұны И.П.Павлов қатынас рефлексі деп атаған.
Сөйтіп, қабылдау – түйсіктегідей бір анализатордың ғана қызметі емес, бірнеше анализаторлардың бірлесіп қызмет істеуінің нәтижесі. Мәселен, киноны көру екі анализатордың (көру, есіту) өз ара байланысып жұмыс істеуінен болады.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Жарықбаев Қ. Психология (оқу құралы), Алматы, 1970 ж.

2. В.Богословский, А.Г.Ковалев, А.А.Степонов, С.Н.Шабалин. Жалпы психология, Алматы “Мектеп” , 1980 ж.

3. Төлеген Тәжібаев. Жалпы психология, Алматы “Қазақ университеті” 1993 ж.

4. Сәбет Бап- Баба. Жалпы психология (оқулық), Алматы “Дарын ” 2003 ж.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе

Негізгі бөлім
а) Түйсіктер туралы жалпы түсінік
ә) Түйсіктің түрлері
б) Қабылдау туралы жалпы түсінік
в) Қабылдаудың ерекшеліктері

Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім
мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп
атаймыз.
Түйсік арқылы заттардың түсін, исін, дәмін, қатты, жұмсақтығын, кедір-
бұдырлығын т.б. осы секілдіқасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде
болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысымен оның
кеңістікте орналасуын, жеке бөліктерінің жұмысы жайлы хабарлайды.
В.И.Лениннің айтуынша, түйсік-объективті дүниенің субъективтік
бейнесі. Түйсік сыртқы дүниені танудың алғашқы табалдырығы, немесе есігі
деуге болады. Өйткені, бұған соқпай, бұны аттап дүние танылмайды. Осы
жөнінде В.И. Ленин өзінің Материализм және эмпириокритицизмінде былай деп
жазған еді: Түйсік арқылы болмаса, біз басқа жолмен заттың ешқандай
формалары туралы да, қозғалыстың ешқандай формалары туралы даеш нәрсе біле
алмаймыз.
Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттері мен
сапаларының миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың
мида тұтастай бейнеленуі болып табылады.
Қабылдау – ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің
нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітікендіргіштердің
жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайд болатын уақытша байланыстар
жатады. Мұны И.П.Павлов қатынас рефлексі деп атаған.
Сөйтіп, қабылдау – түйсіктегідей бір анализатордың ғана қызметі емес,
бірнеше анализаторлардың бірлесіп қызмет істеуінің нәтижесі. Мәселен,
киноны көру екі анализатордың (көру, есіту) өз ара байланысып жұмыс
істеуінен болады.

Түйсік және Қабылдау
1. Түйсіктер туралы жалпы ұғым
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім
мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп
атаймыз.
Түйсік арқылы заттардың түсін, исін, дәмін, қатты, жұмсақтығын, кедір-
бұдырлығын т.б. осы секілдіқасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде
болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысымен оның
кеңістікте орналасуын, жеке бөліктерінің жұмысы жайлы хабарлайды.
В.И.Лениннің айтуынша, түйсік-объективті дүниенің субъективтік
бейнесі. Түйсік сыртқы дүниені танудың алғашқы табалдырығы, немесе есігі
деуге болады. Өйткені, бұған соқпай, бұны аттап дүние танылмайды. Осы
жөнінде В.И. Ленин өзінің Материализм және эмпириокритицизмінде былай деп
жазған еді: Түйсік арқылы болмаса, біз басқа жолмен заттың ешқандай
формалары туралы да, қозғалыстың ешқандай формалары туралы даеш нәрсе біле
алмаймыз.
Адам түйсіктерінің ерекше жетіліп, дамуына еңбек процесі, тарихи-
әлеуметтік жағдайлар, екінші сигнал жүйесінің (тілдің) пайда болуы күшті
себеп болды. Маркс пен Энгельс: бес сезім мүшесінің пайда болуы-бұл бүкіл
әлемдік тарихтың жемісі,- деп босқа айтпаған. Адам түйсіктерінің жануарлар
түйсіктеріненсапалық айырмашылығы болатындығын да ғылыми тұрғыдан алғаш
түсіндірген марксизм классиктері: Ф.Энгельс бұл туралы былай деп жазған
болатын: Бүркіт адамға қарағанда әлдеқайда алыстағыны көреді, бірақ
адамның көзі заттың көп жағын бүркіттің көзінен әлдеқайда жақсы бақылайды.
Адамға қарағанда ит әлдеқайда иіс білгіш келеді, бірақ ит түрліше заттардың
адам үшін анық белгісі болып табылатын иістердің жүзден бірін де айыра
алмайды.

2. Түйсіктердің негізгі заңдылықтары
а) Сезгіштік
Психологияда адамның түйсіне алу қабілетін сезгіштік деп атайды.
Сезгіштік екі түрге бөлінеді, олар: 1) абсолюттік, 2) айырма сезгіштік.
1)Абсолюттік сезгіштік дегеніміз- сезім мүшелерінің өте әлсіз
тітіркендіргіштерді түйсіне алуы. Сезгіштік түйсіктің табалдырығымен тығыз
байланысты.
2)Айырма сезгіштік деп сезім мүшелерінің тітіркендіргіштердің арасындағы
болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады.
ХIХ ғасырдың орта шенінде өмір сүрген неміс ғалымдары Э.Вебер мен
Г.Фехнер тітіркендіргіштердің күші мен адам түйсігінің арасындағы
байланысты заң түрінде тұжырымдады. Мұны түйсіктің п с и х о ф и з и к а л
ы қ заңы дейді.
ә) Адаптация
Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп
бейімделуге байланысты да өзгеріп отырады. Бұл құбылысты адаптация дейді.
Адаптация құбылысы адам сезгіштігінің артуын, немесе төмендеуін
көрсетіп отырады. Түйсіктердің қай-қайсысы да адаптацияланады. Мәселен,
көру түйсігіндегі адаптацияны алайық. Жарық жерден қараңғы үйге кіру бізге
қараңғылық адаптациясын туғызады. Жарық жерден қараңғы бөлмеге кіргенде
көздің қарашығы 17 есе ұлғаяды. Бұл қарашықтан өтетін жарықтың мөлшері 17
есе көбейеді деген сөз.
Адаптация тері түйсіктерінде де күшті байқалады. Осының салдарынан
кейбір адамдар тітіркендіргіштерді түсінбей де қалады. Температуралық
түйсіктердің де адаптациясы мол. Мәселен, судың бір қалыпты салқындығына
дене тез уақыт ішінде төселеді де, адамның терісі суыққа тітіркенбейтін
болады.
б)Сенсибилизация
Егер адаптация анализаторлардың сезгіштігінің трлі жағдайларға
байланысты артуының төмендеуінің көрсеткіші болса, с е н с и б л и з а т ц
и я сезгіштіктің тек артуын ғана көрсететін құбылыс болып табылады.
Сезім мшелерінің біреуінің әсерінен басқаларының сезгіштігі артып
отырады. Мұны былайша түсіну керек. Әлсіз тітіркендіргіштер өзімен бірге
әсер етіп тұрған басқа тітіркендіргіштердің сезгіштігін арттырады. Мәселен,
көзге жеткілікті мөлшерде түскен жарық оның көру қабілетін арттырумен
қатар, есту түйсігінің сезімталдығының артуына да себепші болады. Қызыл түс
адамның ақ, қара түстерді дұрыс ажыратуына жәрдемдеседі. Түнгі ұшуға
дайындық кезінде ұшқыштардың көздеріне 20-30 минутбойына қызыл көзілдірік
киетіндері осыдан.

3. Түйсіктердің түрлері
Түйсіктердің түрлерін үлкен екі топқа бөлуге болады.
1. Сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардң жеке қасиеттерінің
бейнесі болып табылатын түйсіктер. Бұлардың рецепторлары дененің бетінде,
немесе оған жақын орналасқан. Осындай сыртқы анализаторлардың рецепторларын
э к -с т е р о ц е п т о р деп атайды. Бұған көру, есту, иіс, дәм тері
түйсіктері жатады.
2. Ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін (хабарлайтын) түйсіктерге
түрлі органкалық түйсіктер жатады. Олардың рецепторларын и н т е р о ц е п
т о р деп атайды. Дене мүшелерінің қозғалысы мен бірқалыпты орналасу
қозғалысы немесе к и н е с т е з и я л ы қ т ү й с і к т е р хабарлап
отырады. Мұның рецепторы п р- о п р и о ц е п т о р деп аталады. Енді
осы топтағы түйсіктерге тоқталып өтейік.
а) Көру түйсігі
Көру түйсігі біздің көзімізге электромагнит толқындарының әсер ету
нәтижесінде пайда болады. Белгілі бір ұзындығы бар әр түрлі толқындар әсер
етсе ғана көз заттардың түсін (бояуын) ажыратады. Мәселен,
Қызыл түс ұзындығы 700 миллимикрон, жасыл түс 300 миллимикрон, көк түс 450
миллимикрондай ұзындықтағы электромагнит толқындардың әсер етуінен пайда
болады.
Түстер хроматикалық, яғни бояулы (қызыл, қошқыл сары, жасыл,
көгілдір, көк, күлгін), ахроматикалық яғни бояусыз (ақ, қара және барлық
сұр түстер) болып екіге бөлінеді.
Хроматикалық түстер үш түрлі сапамен (түстің жарықтылығы, өңі,
қоюлығы), ахроматикалық түстер тек жарықтылығымен ғана ажыратылады. Түстің
жарықтылығы- түстердің қара түстен айырмашылық дәрежесі. Мәселен, ақ ең
жарық түс, қара түс жарықтылығы ең төмен түс болып табылады. Түстердің өңі
дегеніміз бір түстің екінші түстен өзіндік ерекшелігін көрсететін сапасы.
Түстің қоюлығы-жарықтылығы бірдей сұр түстерден жеке түстердің
айырмашылығы. Ең қою түс – қызыл түс болады.
Көру мүшесі – көз. Оның негізгі бөлімі – көз алмасы. Көз алмасы үш
түрлі қабықпен (ақ түсті, тамырлы және торлы) қапталған шар тәріздес
нәрсе.
ә) Есіту түйсігі
Есіту мүшесін тітіркендіретін ауа бөлшектерінің тербелістері – дыбыс
толқындары. Есіту түйсігінің үш жағы болады. Олар: дыбыстың жоғарылығы –
бұл тербелу жиілігінің сәулеленуі, дыбыстың қаттылығы – бұл тербелу
амплитудасының сәулеленуі, тембрі – тербелістің түрінің сәулеленуі.
Түйсік туғызатын дыбыстар музыкалық (ән, музыка аспаптарынан шығатын
дыбыстар) және шулар (сан алуан сықыр-тықыр, дүрсіл, гүрсіл, гүріл-сарыл т.
б.) болып жіктеледі. Бұлардың құлаққа жағымдылары кононанс, жағымсыздары
диссонанс дыбыстар дейді.
Есіту мүшесі құлақ үш бөлімнен тұрады. Оның біріншісі – сыртқы құлақ,
сыртқы құлаққа дыбыс түтігімен қосылған құлақ қалқаны жатады. Ал екіншісі –
ортанғы құлақ (бұған дыбыс жарғағы, және үш есітусүйекшелері): балғашық,
төстік, үзеңгі кіреді. Есіту мүшесінің үшінші бөлігі – ішкі құлақ. Ішкі
құлақтың бітісі өте күрделі. Оның өзі үш бөліктен: босағадан, иірім
түтіктен және жартылай имек каналдардан тұрады.
б) Иіс түйсігі
Мұрын кеңістігіндегі кілегей қабықтың клеткаларына түрлі химиялық
заттардың әсер ету нәтижесінде иіс түйсіктері пайда болады. Осы клегей
қабықтың таяқша тәрізді сезгіш клеткалары бр. Ауамен бірге мұрынға кіретін
иісті заттар иіс мүшесінің сезгіш клеткаларын тітіркендіріп отырады.
Иісті жақсы сезу соқыр, мылқау, керең адамдарда ерекше жетілген.
Мәселен, олар бөтен адамдарды, түрлі нәрселерді алыстан-ақ исінен таниды.
Үйге кірген адамды да, таныс көшесін де, тұрған үйінде олар иісіне қарап оп-
оңай айыра алады.
Иіс түйсіктері адамның көңіл күйіне, жалпы психикасына жағымды және
жағымсыз әсер қалдыруы мүмкін. Мәселен, жұпар иісті гүл – адамның көңілін
сергітсе, шылымның түтіні – басты ауыртады.
в) Дәм түйсігі
Дәм айыратын мүше – тіліміздегі дәм бүршіктері. Оны тітіркендіретін –
белгілі дімі бар, суға ерігіш түрлі химиялық заттар. Дәмді тәтті, ащы,
тұзды, қышқыл деп төртке бөледі. Дәм, иіс түйсіктері бір – бірімен араласып
жататындықтан адам көбінесе дәмді де дұрыс айыра алмайды. Тілдің түрлі
бөліктері дәмнің жоғарыда аталған төрт түрін түрліше сезеді. Мәселен, тәтті
дәмді – тілдің ұшы, ащыны – тілдің түбі, қышқылды – тілдің екі жақ шеті,
тұзды – тілдің ұшы менекі шеті жақсы сезеді. Дәм түйсіктері де адам
психологиясына түрліше әсер етіп, із қалдырып отырады. Мәселен, дәмді
тағамдар – адамның тәбетін арттырды. Тәбет – дәм нервтерін қоздыратын
психикалық акт.
г) Тері түйсіктері
Тері түйсігінің рецепторы – денедегі терінің өн ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таным процестер және олардың инженерлік ерекшеліктері
Түйсік туралы
Дəм түйсіктері
Түйсік бейнелеудің алғашқы процесі және қоршаған болмысты тану
Түйсік туралы жалпы түсінік
Түйсік пен қабылдаудың патологиясы туралы мәлімет
Түйсіктің жалпы заңдылықтары
Бала түйсігі және жеке адамның сенсорлық құрылымы
Түйсік және оның негіздері
«Түйсік және оқушылардың түйсігін дамыту»
Пәндер