Облыс орталықтарының дамуына географиялық талдау



Облыс орталықтарының дамуына географиялық талдау («Мысалы Көкшетау қаласы»)

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
І Тарау. Облыс орталығының даму тарихы және географиялық жағдайы ... ... ... .5
1.1. Көкшетау қаласының тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Көкшетау қаласындағы көрікті орындар мен мекемелер...10

ІІ Тарау. Көкшетау қаласына физикалық.географиялық сипаттама ... 16
2.1. Жер бедері мен пайдалы қазбалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2. Климаты және гидрографиялық торы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.3. Топырағы, өсімдік және жануарлар дүниесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

ІІІ Тарау. Көкшетау қаласына экономикалық . әлеуметтік
сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
3.1. Қаланың әлеуметтік мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
3.2. Қаланың экономикалық мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48
3.3. Көкшетау қаласының экологиялық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...65

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..72
КІРІСПЕ
Көкшетау - Ақмола облысының әкімшілік орталығы. Астана қаласынан - солтүстік-батысқа қарай 276 км жерде, Көкшетау тауларының солтүстік бөлігіндегі Бұқпа тауының етегін ала, Қопа көлінің оңтүстік жағалауына, Қыпшақты өзенінің бойына жайғасқан. Қаланың аумағы 420,0 км2.
Көкшетау-Ақмола облысының солтүстік бөлігінде орналасқан және Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау, Тайынша, Ғ.Мүсірепов, Ақжар, Ш.Уәлиханов аудандарымен шектесіп жатыр. Орталық бөлігінде Көкшетау қыраты орналасқан. Көкшетау қыраты батыстан шығысқа қарай 400-450 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 200-250 шақырымға созылған. Орташа биіктігі 350-400 м. Көкшетау қыратының солтүстік-шығыс бөлігінде жақпартасты, орманды-көлді тау-Көкшетау тауы орналасқан. Ол оңтүстіктен солтүстікке қарай 20 шақырымға доғаша иіле созылып жатыр, ені 5 шақырымдай. Ең биік жері-Көкше шоқысы (947 м). Қырат көптеген жеке таулар мен шоқылардан тұрады. Олардың бастылары-Жақсы, Жалғызтау (729 м), Жаман Жалғызтау, Имантау (621 м), Жыланды (609 м), Сандықтау (626 м), Үлкентүкті (593 м), Бұқпа, Қошқарбай, Зеренді таулары (653 м), Айыртау (555 м), Сырымбет таулары шығыстан батысқа қарай созыла орналасқан.
1824 жылы 29 сәуірде Көкшетау округтік приказы салтанатты түрде ашылды. Болашақ округтің орталығын Көкшетау баурайынан (яғни Бурабай төңірегінен) Көкшетау қаласы орналасқан қазіргі жерге ауыстыруға келісім берген-ді.
1826 жылдың жазында округтік приказ Шағалалы өзенінің сол жағалауына қоныс ауыстыруға күш салғанымен отряд бұл іспен қанағаттана қоймады. Отряд басшылығы жайлы қоныс қарастырумен болды да, ақырында Бұқпа тауының терістігінде Теріс Қыстау деген мекенді таңдады. 1944 жыл Көкшетаудың тарихында ерекше орын алады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан. (ұлттық энциклопедия) 5 том
«Қазақ энциклопедиясының» бас редакциясы. Аматы 2003
2. Қазақ СССР 1том қысқаша энциклопедия Алматы 1984жыл
3.«Көкше» Омск ГУИПП. «Омский дом печати», 2000
4. «Жер шоқтығы-Көкшетау» .Жанайдар Мүсин. «Жалын баспасы», 1989жыл . 3-41 бет.
5.«Кокшетау» исторические очерки. К.К. Әбуев. Кокшетау,1997.
6. Брошюра «Көкшетау 180 жыл» Көкшетау әкімінің тапсырысы бойынша жасалған. (архивтан алынған деректер) Құрастырушы-С.Н.Жаналиев Тамыз 2004жыл. Көкшетау.
7. «Арқа ажары» газеті. “Көкшетау көнеден болашаққа” –Бейсен Жұмағалиев 4 қараша 1999
8.«Арқа ажары». Гүлбаршын Салық. Көкшетау келбеті 29 сәуір 2003жыл.
9. «Көкшетау» газеті «Арғын тамырының тұғыртасына айналған балбалдар» - Өмірзақ Мұқай 16 маусым 1999жыл
10.«Көкшетау» газеті. «Халық кегі»- Иван Фурсов 22 маусым 2001жыл.
11. «Көкшетау» газеті «Ерлік жылнамасы» 23 қыркүйек 2004жыл 5 бет.
12.«Көкшетау» газеті «Көкшетаулықтар соғыс жылдарында» 23 қыркүйек 2004жыл 5 бет.
13.«Көкшетау» газеті « Тарихи кезеңдер» – Қ. Әбуев. 23 қыркүйек 2004жыл
14.«Көкшетау» газеті «Өткен тарихқа үңілсек» –Бекіш Қуандық Омарұлы.
15.«Егеменді Қазақстан» газеті «Көкшетау шежіресі» 4 қараша 2004.
16.”Көкшетау”газеті. „Қасиетті мекеннің құтты ордасы”. 23 қыркүйек 2004 жыл.
17. .”Көкшетау”газеті. „Игілікті істер жалғаса бермек.Көкшетау қаласының 2006 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2007 жылға арналған міндеттер туралы”. 11 қаңтар 2007 жыл.
18. ”Көкшетау”газеті. „Тұрғын үй құрылысы көптеген проблемаларды шешеді”. 29 шілде 2004 жыл.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   
Облыс орталықтарының дамуына географиялық талдау (Мысалы Көкшетау
қаласы)

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
І Тарау. Облыс орталығының даму тарихы және географиялық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Көкшетау қаласының
тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..5
1.2. Көкшетау қаласындағы көрікті орындар мен мекемелер...10

ІІ Тарау. Көкшетау қаласына физикалық-географиялық сипаттама ... 16
2.1. Жер бедері мен пайдалы
қазбалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2. Климаты және гидрографиялық
торы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.3. Топырағы, өсімдік және жануарлар
дүниесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

ІІІ Тарау. Көкшетау қаласына экономикалық - әлеуметтік
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
3.1. Қаланың әлеуметтік
мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
3.2. Қаланың экономикалық
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...48
3.3. Көкшетау қаласының экологиялық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...65

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 72

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .75

КІРІСПЕ
Көкшетау - Ақмола облысының әкімшілік орталығы. Астана қаласынан -
солтүстік-батысқа қарай 276 км жерде, Көкшетау тауларының солтүстік
бөлігіндегі Бұқпа тауының етегін ала, Қопа көлінің оңтүстік жағалауына,
Қыпшақты өзенінің бойына жайғасқан. Қаланың аумағы 420,0 км2.
Көкшетау-Ақмола облысының солтүстік бөлігінде орналасқан және
Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау, Тайынша, Ғ.Мүсірепов, Ақжар,
Ш.Уәлиханов аудандарымен шектесіп жатыр. Орталық бөлігінде Көкшетау
қыраты орналасқан. Көкшетау қыраты батыстан шығысқа қарай 400-450
шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 200-250 шақырымға созылған.
Орташа биіктігі 350-400 м. Көкшетау қыратының солтүстік-шығыс бөлігінде
жақпартасты, орманды-көлді тау-Көкшетау тауы орналасқан. Ол оңтүстіктен
солтүстікке қарай 20 шақырымға доғаша иіле созылып жатыр, ені 5
шақырымдай. Ең биік жері-Көкше шоқысы (947 м). Қырат көптеген жеке таулар
мен шоқылардан тұрады. Олардың бастылары-Жақсы, Жалғызтау (729 м), Жаман
Жалғызтау, Имантау (621 м), Жыланды (609 м), Сандықтау (626 м), Үлкентүкті
(593 м), Бұқпа, Қошқарбай, Зеренді таулары (653 м), Айыртау (555 м),
Сырымбет таулары шығыстан батысқа қарай созыла орналасқан.
1824 жылы 29 сәуірде Көкшетау округтік приказы салтанатты түрде
ашылды. Болашақ округтің орталығын Көкшетау баурайынан (яғни Бурабай
төңірегінен) Көкшетау қаласы орналасқан қазіргі жерге ауыстыруға келісім
берген-ді.
1826 жылдың жазында округтік приказ Шағалалы өзенінің сол
жағалауына қоныс ауыстыруға күш салғанымен отряд бұл іспен
қанағаттана қоймады. Отряд басшылығы жайлы қоныс қарастырумен болды
да, ақырында Бұқпа тауының терістігінде Теріс Қыстау деген мекенді
таңдады. 1944 жыл Көкшетаудың тарихында ерекше орын алады. Осы жылғы 16
наурыз күні Қазақ ССР Жоғарғы кеңесі президиумының Указы бойынша
Көкшетау облысы құрылып, оның орталығы болып Көкшетау қаласы белгіленді
ХХІ ғасырда урбандалу процесі маңызды орын алатыны сөзсіз.
Тұрғындардың қала мен оған жақын елді-мекендерде шоғырлануы облыс
орталықтарында қоршаған ортаға барынша салмағын түсіріп отыр. Қазіргі кезде
урбандалу процесінен барлық облыс орталықтары зардап шегуде Қалалардың,
әсіресе, облыс орталықтарының дамуы қазіргі кезде география ғылымының
зерттеу обьектісіне айналып отыр. Дипломдық жұмыста облыс орталықтарының
дамуына кешенді сипаттама берілген. Бұл дипломдық жұмыстың өзектілігі болып
табылады.
Облыс орталықтарына оның орналасу жағдайы, пайдалы қазбалары және басқа
да физика-географиялық сипаттамаларының тигізетін әсері кеңінен
қарастырылған. Мысал ретінде Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласы
алына отырып, қаланың ХХ ғасырдың басынан бергі даму үрдісі, ондағы барша
құбылыстар, инфрақұрылымы, тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы
мен демографиялық үрдістер т.б. аспектілеріне сипаттама бере отырып, автор
дипломдық жұмысты жазудағы мақсатына жете білген.
Еліміздегі география ғылымының тарихында облыс орталықтарының дамуына
талдау жасайтын әдебиеттер қоры өте аз. Көпшілігі Кеңес Одағынан қалған
ескі әдебиеттер. Әдеби қордың аздығына қарамастан, тақырыпты қайтадан
көтеріп, облыс орталығының дамуына талдау жасауға тырысуын автордың идеясы
мен дипломдық жұмыс тақырыбының жаңашылдығы деп айтуға болады.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде автор Көкшетау қаласының тарихына,
қысқаша дамуына сипаттама бере отырып, қаланың көрнекті орындарына тарихи-
мәдени орындары мен инфрақұрылымына тоқталып өткен.
Екінші бөлімде облысқа кешенді-географиялық сипаттама бере отырып, оның
пайдалы қазбалары мен жер бедеріне, өсімдіктер әлемі мен жануарлар
дүниесіне, табиғат ресурстарына сипаттама берген және облыстың ресурстық
әлеуетіне талдау жасаған.
Үшінші бөлімде облыс орталығы ретінде Көкшетау қаласының жеке
мәселелеріне, атап айтқанда:
- әлеуметтік-демографиялық;
- экономикалық;
- экологиялық мәселелеріне жеке-жеке тоқталып, кеңінен талдау
жүргізген. Диплодық жұмыс өз деңгейінде өте жақсы жазылған. Автор
барынша терең ізденуге тырысқан.

І Тарау. Облыс орталығының даму тарихы және географиялық жағдайы
1.1. Көкшетау қаласының тарихы
1822 жылдың 22 шілдесінде Александр І патша Сібірді басқару
жөніндегі бір топ заң жобаларына қол қойды. Оның ішіндегі ең бастысы
Сібір қырғыздарын (қазақтарды) басқару жарғысы болатын.
Сібір қырғыздары Жарғысы негізінде Омбы облысы Омбы , Петропавл,
Семей және Өскемен ішкі округтарына бөлінді, ал 1824 жылдан бастап сыртқы
округтар (яғни казак бекіністері мен бекеттерінен тыс) болып бөліне
бастады.
Орта жүз шеңберінде тысқы округтар ашу мәселесі Сібір комитеті
мәжілісінде 1824 жылдың 25 ақпанында Санкт-Петербургте қаралды. Батыс
генерал-губернаторының ұсынысымен алдымен екі округ Қарақаралы және
Көкшетау қойнауларында ашылатын болып шешілді.
Бұл округтарды ашу жөніндегі нұсқауда Сібір комитеті: Сібір
қырғыздары туралы Жарғының бабына сәйкес округтарға атақты қоныс аттары
берілсін, яғни бірінші округ Көкшетау, ал екіншісі Қарқаралы аталсын,-деп
көрсетілген.
1824 жылы 29 сәуірде Көкшетау округтік приказы салтанатты түрде
ашылды. Болашақ округтің орталығын Көкшетау баурайынан (яғни Бурабай
төңірегінен) Көкшетау қаласы орналасқан қазіргі жерге ауыстыруға келісім
берген-ді.
Казактар мен офицерлер Көкшетау таулы өлкесінің әсемдігіне таң
қалып, оны Дала Щвейцариясы деп те атаған болатын. Сондықтан да тамаша
өлкеден амалсыз, қинала-қинала көшуге тура келді. Келісімен жергілікті
халықтың наразылығын тудырмас үшін, әрі соны қатаң талап еткен,
нұсқауға бағынуға мәжбүр болған Григоревский қоныс аударуға амалсыз
көнуге мәжбүр болды. Ол жоғарғы басшылыққа: Барлық сұлтандар старшындардың
сұранысына орай, мен приказ ашылуының ертеңіне Көкшетау тауынан дуан
орталығын Көкшетау мен Имантау тауының аралығына, Азат қойнауына қарай
70 шақырымға батыс бағытына жылжытуға мәжбүр екендігін,- хабарлайды.
Алайда бұл жерде де ұзақ тұрақтамай, жайлы қоныс іздеу нәтижесі Бұқпа
тауының етегендегі Қопа көлінің жағасына тоқталды. Құжаттарда Көкшетау
дуанының тұрағы Қопа көлінің жағасындағы аласа төбелердің етегі
екендігі айқын көрсетілген. Сондай-ақ кей құжаттарда Шат қойнауының Қопа
көлінен 150 құлаштай, Шағалалы өзенінен шамамен 4 шақырымдай жерде
екендігі нақты көрсетілген. Бұдан округ орталығының Бұқпа тауының оңтүстік-
батысына қарай бүгіндегі Саумалкөл бағытынбағы Уәлиханов пен Әуезов
көшелері арқылы өтетін екі жолдың қиылысына орналасқаны талас тудырмасқа
керек.
1826 жылдың жазында округтік приказ Шағалалы өзенінің сол
жағалауына қоныс ауыстыруға күш салғанымен отряд бұл іспен
қанағаттана қоймады. Отряд басшылығы жайлы қоныс қарастырумен болды
да, ақырында Бұқпа тауының терістігінде Теріс Қыстау деген мекенді
таңдады.
Кейінірек 1827 жылдың жазында округтық қазіргі Көкшетау қаласының
мекеніне қоныстанды.
Көкшетау қаласы сонау іргесі қалана бастаған кезеңнен бастап
зерттеушілердің назарын әрдайым өзіне аударып келеді. Көкшетау қаласының
орын тепкен жері және құрылысы жөніндегі алғашқы мәліметті Омбы
облысының бастығы болған С.Б.Броневскийдің жазбаларынан оқуға болады.
Ол Көкшетау қаласында 1827 жылдың жазында болса керек. ХІХ ғасырдың 65-
70 жылдарындағы Көкшетау қаласының экономикалық және мәдени өмірі туралы
деректерді, мәліметтерді И.Завалишин, М.Красовский, И.Я.Словцевтың
жазбаларынан да кездестіруге болады. И.Завалишиннің айтуынша Көкшетау
қаласы, округтік приказдың орталығы, Қопа көлінің жағалауындағы
Жылантаудың етегінде салынған. Көкшетауда бір шіркеу, 300 үй бар және
онда 1263 адам тұрады. Мұнда көпестер сауда-саттық жұмыстарын
жүргізеді. Қалашықтың оңтүстік-шығысында 60 шақырымдай қашықтықта
Көкше деп аталатын тау бар. Көкшетауда салынып жатқан құрылыстардың
барлығы тартымды, далалық өңірде салынып жатқан қалалардың ішіндегі
әдемісі деуге тұрады. Өйткені бұл маңда құрылыс жұмыстарына
пайдаланатын ағаш, орман толып жатыр.
Географиялық жағынан ыңғайлы жерге орын тепкен, сауда-саттық
жүргізуге қолайлы Көкшетау тез өсті. 1851 жылы мұнда Воздвиженск деп
аталған атақты жәрмеңке ашылды. Бұл жәрмеңкеге осы төңіректегі қалаларды
былай қойғанда, Ресей мен Орта Азияның алыс аймақтарынан көпестер
ағылып келіп жатты.
1868 жылы Дала облыстарын басқарудың уақытша ережесіне байланысты
Көкшетау округі уезге айналдырылды. Соған сәйкес Көкшетау енді қала
атала бастады. Алайда бұл мәртебе қалаға анағұрлым кейін, 1895 жылы
берілді. Бұл кезде Көкштау қаласында 5 мыңнан астам адам тұратын. Ал
1917 жылы мұнда 10 мың тұрғын болды.
Қазан төңкерісіне дейін Көкшетау қаласы провинциалды қалашық
деңгейінде қалды. Ол станицалық және мещандық деген екі бөліктен
тұратын. Өнеркәсіптің негізін мұнда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін
шағын кәсіпорындар құрайтын еді. 1916 жылы қалада шойын құятын завод
бой көтерді. Сондай-ақ заводтың жанынан кішігірім электр станциясы
салынды.
Көкшетау қаласында 1917 жылғы желтоқсанда Кеңес үкіметі орнады.
1928 жылы әкімшілік реформаларға байланысты Көкшетау уезі таратылып,
1944 жылға дейін Көкшетау уезінің аумағы Солтүстік Қазақстан облысының
құрамына енгізілді.
Ұлы Отан соғысы Көкшетау тұрғындары үшін де қатал сын болды. Қата
тұрғындары қан майданның бел ортасында неміс фашистерімен жан аямай
шайқасты. Ал соғысқа бармағандар тылда жанқиярлықпен еңбек етті. Көкшетау
қаласына майдан шебінде қалған бірнеше кәсіпорын көшірілген болатын.
1941 жылдың қыркүйек айында Москва облысындағы тігін машиналарын жасап
шығаратын Подольск заводының жұмысшылары бүкіл жабдықтарымен бірге
көшіп келді. Осыдан соң екі ай өткеннен кейін Орджиникидзе қаласындағы
аяқ киім және тігін фабрикалары да Көкшетауға көшірілді. 1941 жылдың
тамыз тамыз айынан бастап қалаға №2447 госпиталь эвакуацияланды.
Соғыста ауыр жараланған көптеген кеңес солдаттарын қатарға қосуда бұл
госпитальдың еңбегі зор болды.
1944 жыл Көкшетаудың тарихында ерекше орын алады. Осы жылғы 16
наурыз күні Қазақ ССР Жоғарғы кеңесі президиумының Указы бойынша
Көкшетау облысы құрылып, оның орталығы болып Көкшетау қаласы белгіленді.
Көкшетау қаласының инфрақұрылымының салыстырмалы түрде дамыған және
өскен тұсы алпысыншы-жетпісінші жылдарға сәйкес келеді. Бұл кезеңде
облысты Е.Н. Әуелбеков басқарған болатын. Осы жылдары қазіргі Көкшетау
мәдениет сарайы, темір жол вокзалының ғимараты, педагогикалық институт,
Саяси-ағарту үйі, қалалық аурухана, №3 орта мектептің ғимараты, әуежай
салынып, қала бірте-бірте көркейе бастады. Ш.Уәлиханов пен В.Куйбышевке
ескерткіштер орнатылды. Облыс орталығы мен ауыл-селоларды одан әрі
өркендету, дамыту мақсатымен үй құрылысы комбинаты салынып, іске қосылды.
Соның арқасында қуатты құрылыс базасы жасалды, тұрғын үй құрылысы кең
қанат жайды, өнеркәсіпті дамытуға мол мүмкіндік жасалды.
ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдары жекелеген халықтардың тағдырында
бетбұрыс кезеңіне айналған зор мәнді оқиғаларға толы болғаны мәлім.
Осынау он жылдықта Кеңес империясы құлап, орнында тәуелсіз мемлекеттер
пайда болды. Ауыспалы кезеңнің қиындықтары, нарықтық қарым-қатынастардың
енуі, жаңа мемлекеттің қалыптасу шағының барлық ауыртпалығы
Қазақстанда ұзаққа созылған экономикалық дағдарыстың етек алуына әкеп
соқты. Бұл үрдіс әсіресе Көкшетау облысына көп қасірет әкелді десе
болады. Либеризациялау жағдайында өнеркәсіп тауарларының бағасы он
еселеп өсті де, оның есесіне ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы төмен
деңгейде қалды. Сондықтан негізінен аграрлық саналатын Көкшетау
облысына экономикада қалыптасқан осынау күрделі жағдайлар ерекше ауыр
тиді.
Обьективтік сипаттағы бұл қиындықтарға қоса, субьективті формалар
да өз салқынын тигізді. 1991-1996 жылдардың аралығында Көкшетау
облысында алты бірдей бірінші басшы ауысты. Осынау кері тартпалық
құбылыстардың барлығы жиналып келіп, 1997 жылы Көкшетау облысын еріксіз
ыдыратуға әкеліп соқты. Дотацияның арқасында ғана өмір сүріп отырған
облыс ретінде Көкшетау облысының шаңырағы жабылды. Ал оның орталығы
Көкшетау қаласы облыстық бағыныстағы қала қатарына енгізілді.
Ақмола облысының жаңа тарихы 1939 жылдың 14 қазанынан, оның Қазақ
КСР құрамына енуінен бастау алады. Сондай-ақ Ақмола облысындағы
айтарлықтай үлкен уақиға , жалпы Қазақстан тарихындағы айрықша маңызы бар
тарихи оқиға- Қазақстан Республикасы Елбасының 1997 жылдың 30 қазанындағы
№ 3700 Қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы астанасының Ақмолаға
көшірілуі еді. Бір жылдан кейін Елбасы Қаулысы бойынша, Ақмола қаласы
Астана болып өзгертілді. Бұл тарихи уақиғалар Көкшетау қаласының тарихына
да айтарлықтай ықпал етті. Көкшетау және Ақмола облысы тарихында 1999
жыл айрықша орын алады- осы жылдың 8 сәуірінде Қазақстан Республикасы
Президиумы және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығы бойынша Ақмола облысының
орталығы Көкшетау қаласына көшірілді. Сонымен бірге Ақмола облысы
құрамына бұрынғы Көкшетау облысының үш ауданы: Зеренді, Шущье және
Еңбекшілдер ауданы енгізілді.
Қазіргі таңдағы Ақмола облысы Орталық Қазақстанның солтүстік
бөлігіне орналасқан. Ол солтүстігінде Қазақстанның Солтүстік Қазақстан,
батысында Қостанай, шығысында Павлодар және оңтүстігінде – Қарағанды
облыстарымен шектеседі. Облыс территориясы - 147 мың шаршы км, тұрғындар
саны - 810 мың адам, әрі ақмолалықтардың 50 пайызы қалада өмір сүреді.
Облыстың орталығы – Көкшетау қаласында 140 мыңнан астам адам тұрады.
Облыс орталығында Көкшетаудан басқа тағы 9 қала: Степногорск,
Щучинск, Степняк, Атбасар, Державинск, Ерейментау, Есіл және Макинск; 17
ауылдық аудан: Ақмола, Аршалы,Атбасар, Бұланды, Жақсы,Жарқайың, Зеренді,
Қорғалжың, Сандықтау, Целиноград, Шортанды, Щучье.
1999 жылы Көкшетауда облыстық орталықты құру ісі қайтадан қолға
алынды. Астаналық облыстың орталығына айналған Көкшетау қаласы соңғы
жылдары онан әрі көркейіп, гүлдене түсті. Сәулетті ғимараттар, алаңдар,
саябақтар, скверлер Көкшетаудың атына затын сай етіп, ажарын аша түсті.

1.2. Көкшетау қаласындағы көрікті орындар мен мекемелер
Абылай хан ескерткіші. Абылай хан есімі үш жүздің басын қосқан
мемлекеттік қайраткер ретінде тарихта қалды. Ескерткіш авторлары:
Т.Жұмағалиев және мүсінші Ю.Баймұқановтар. Ескерткіштің ашылу салтанатына
Қазақстан Респуликасының Президенті Н.Ә. Назарбаев қатысты. Ескерткіш 1996
жылы ашылды.
Біржан сал мен Ақан сері ескерткіштері. Әйгілі ақындардың
ескерткіштері 1991 жылы бірінші тамызда ашылды. Біржан сал Степняк
маңындағы Ербол елді мекенінде дүниеге келген. Алпыстан астам әндері
белгілі. Шығармашылық бай мұрасы мен жоғары орындау шеберлігі Біржан атын
алты алашқа паш етті.
Сегіз қырлы бір сырлы Ақан өз дәуірінде сері атанды. Ақан сері Солтүстік
Қазақстан облысы Айыртау ауданында туған. Оның “Сырымбет”, “Көкшетау
биігі”, “Құлагер” атты әндері осы күнге дейін халқымен бірге жасауда.
Ескерткіштің авторлары: Арыстан Қайнарбаев және белгілі мүсінші
Т.Досмағанбетов.
Ш.Уәлиханов ескерткіші. Шоқан Уәлиханов – ғалым, ағартушы этнограф,
ақын. Ш.Ш.Уәлиханов 1835 жылы Қостанай облысы Құсмұрында дүниеге келген.
1971 жылы ашылған ескерткіштің авторы: Т.Досмағанбетов және архитекторлық
жұмыстарын К.Әбдуәлиев орындады. Ескерткіштің биіктігі 9,18 метр.
Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театры.2004 жылдың 31
қаңтарында Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театры ғимараттың
есігін айқара ашты. Театрда 22 адам еңбек етеді. Театрдың алғашқы
қойылымдарының бірі Ғ.Мүсіреповтың “Ақан сері Ақтоқты” спектаклі.
Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық кітапхана. 1971 жылы салынған.
Қалалық қазақ кітапханасы. 2000 жылдан бастап халыққа қызмет көрсетуде.
“Юность” кинотеатры. 20 ғасыр басында “Зингер” компаниясының тігін
шеберханасы, Шамсуттиновтың сауда үйі және Коротков серіктестігі болған.
Көкшетау облыстық орыс драма театры. 1977 жылы 28 қазанда Л.И. Славиннің
„Интервенция” спектаклімен ашылды. (Режиссері- Я.А. Куклинский). 2000 жылы
25 қарашадан Ақмола облыстық орыс драма театры болып аталды. Театр
қазақ драматургтері Ғ. Мүсірепов („Қозы Көрпеш-Баян сұлу”), С. Жүнісов
(„Жапандағы жалғыз үй”), Шота Уәлиханов („Шоқан анты”), О. Жанайдаров
(„Оқжетпес”, С.Сейфуллиннің „Көкшетау” поэмасы бойынша, 1994 жылы
республикалық фестиваль жүлдегері)орыс әдебиетінің классиктері мен шет ел
драматургтерінің пьесаларын сахнаға шығарды.Театрдың негізін
қалағандардың бірі алғашқы бас режиссер ҚР еңбек сіңірген өнер
қайраткері (1997) Куклинский болды.Театрда Қазақстанның еңбек сіңірген
артистері Ю. Журавлев, Г.А. Куклинская және Г.Эпштейн сияқты жас актерлер
өнер көрсетеді. Театрдың көркемдік жетекшісі –Қазақстанның еңбек сіңірген
өнер қайраткері В.В. Тарасов. Театр ұжымы облыстық театрлардың тұңғыш
республикалық фестивалінің (1984) жеңімпазы.
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті. 1996 жылы 7
мамырда Қарағанды политехникалық институтының бөлімшесі, Ш.Уәлиханов
атындағы педагогикалық институты және С.Сәдуақасов атындағы ауыл
шаруашылық институты негізінде ұйымдастырылды. Қарағанды политехникалық
институтының бөлімшесі Қарағанды политехникалық институтының құрамына
1972 жылы берілген Павлодар индустриалды институтының жалпы техникалық
факультеті негізінде 1993 жылы құрылған. Институт өндірістік және
азаматтық құрылыс, құрылысты басқару және экономика, машина жасау
технологиясы, т.б. салалар бойынша мамандар даярлады. Ш.Уәлиханов
атындағы Көкшетау педагогикалық институты 1962 жылы құрылған. Оның
құрамына физика-математика, филология, жаратылыстану, шет тілдер, химия
және биология факультеттері болды. 1965 жылы институтқа Ш.Уәлиханов есімі
берілді. С.Сәдуақасов атындағы ауыл шаруашылығы институты 1991 жылы
Целиноград ауыл шаруашылығы институты негізінде құрылған. Құрамында
агрономия, зооинженерия, ауыл шаруашылығын механикаландыру және
экономика факультеттері болды. 3 жоғарғы оқу орны біріктірілгеннен
кейін, құрамындағы (күндізгі және сырттай бөлімдерде) филология, экономика,
шет тілдер және тарих, инженерлік-педагогикалық және ауыл шаруашылығы
факультеттерінде 32 мамандық бойынша 5000 астам студент білім алады.
Университеттің материалдық және ғылыми-техникалық базасы қалыптасқан;
электрондық баспа техникасы, машина-трактор оқу паркі, дәнекерлеу және
жөндеу шеберханалары, жастар орталығы студенттердің жаздық-сауықтыру
кешені, кітапхана, дәрігерлік орталық, „Арасан” сауықтыру кешені жұмыс
істейді. Университет жанында гимназия және лицей, магистратура,
кәсіптік мамандық бойынша оқытуға мамандандырылған оқу орталығы жұмыс
істейді. Университетте оқулықтар ғылыми еңбектер, монографиялар,
„Алау”газеті шығарылады, республикалық және халықаралық конференциялар,
„Уәлиханов оқулары” өткізіледі. Ресей, Египет, Польша, АҚШ, Канада,
Германия ғылыми орталықтарымен байланыстар орнатылған. Аграрлық-
техникалық және экономикалық мамандықтар бойынша ЕуроОдақ ұйымының
„ТАСИС” және „ТЕМПУС” бағдарламаларына қатысады. Университетте спорттық
үйірмелер, көркемөнерпаздар шығармашылық ұйымы жұмыс істейді. Университет
спортшылары боксшы Р.Б. Мусинов 2-Азия ойындарының күміс жүлдегері, ҚР-
ның бірнеше дүркін чемпионы; жеңіл атлет А.В. Князев- ҚР-ның чемпионы.
Науан Хазірет атындағы мешіт. Бұл мешіт 19 ғасырдың архитектуралық
ескерткішіне жатады. 1920 жылға дейін қызмет еткен мешітте 1941-1945
жылдарда жасақталған әскери бөлімдер орналастырды. Кейінгі жылдарда
ғимаратта драма театрдың көркемдік шеберханасы және тарихи өлкетану музейі
болды. Жаңарту жұмыстары жүргізілгеннен соң, 1991 жылдан бастап мешіт өз
жүйесінде жұмыс істей бастады.
Ғалым мешіті. 1996 жылы салынды. Авторы -Т.Жұмағалиев, құрлысшы-
В.П.Сиротинин.
Католиктік костел. 1997 жылдан жұмыс істейді.
Облыстық аурухана 1950 жылы негізі қаланған. Соңғы диагностикалық
құралдармен, сонымен қатар компьютерлік томографиямен жабдықталған.
Геология және жер қойнауы байлығын қорғау комитетінің ғимараты.1955 жылы
салынған ғимарат кезінде Кеңес үйі болған.
Главпочтамт. 1977 жылы салынып бітті. Архитекторы-Ю.Земляков.
Көкшетау қонақ үйі Қолдануға 1987 жылы 16 желтоқсанда тапсырылды.
Достық қонақ үйі. (1990)
Қалалық мәдениет және демалыс саябағы. 1957 жылы салынған.
Теміржол вокзалы. 1981 жылы салынды.
Көкшетаудағы „Васильков алтын” ( „VASGOLD) бірлескен кәсіпорны- кен
байыту кәсіпорны . Васильков алтын кеңінің орны 1963 жылы ашылды. 1966-
1970 жылдары аралығында геологиялық барлау және баға беру жұмыстары
аяқталды (1982).
2002 жылдың 31 қаңтарында “Васильков алтыны” атты біріккен өнеркәсібі
құрылды. Оның акция пакетінің 60%-ын “Floodgate Holding B.V.” компаниясы,
40%-ын Қазақстан Республикасының Үкіметі иеленеді.
Қаланың ірі кәсіпорындарының бірі-“Көкшетау минералды сулары” ЖШС
болып табылады. Емдік және асханалық су өндіретін кәсіпорын.1991 жылы
Қазақстан Республикасы Геология министрлігінің Көкшетау гдрогеологиялық
экспедициясының жанындағы „Су қорлары” жергілікті кәсіпорны болып
құрылған. 1993 жылы акционерлік қоғам, 1994 жылы ЖШС болып қайта
құрылды. „Құлагер-Арасан”деп аталатын газдандырылған емдік –асханалық
су, газдандырылмаған „Тұран” асханалық суын, биологиялық әсерлі асханалық
су, газдандырылған тәтті сусын, „Құдаша” аталатын шарап сусынын, спиртті
ішімдіктер (ащы тұнба, джин, бальзам) шығарады. Кәсіпорынның 8 цехы бар.
Серіктестікте 325 адам жқмыс істейді. Бас директоры-А.Қ.Әлиев.
Көкшетау прибор жасау зауыты - байырғы машина жасау кәсіпорны. Көкшетау
қаласында орналасқан. Бұл зауыт Көкшетау механикалық зауыты негізінде
құрылған. Ауыл шаруашылығына арналған бөлшектер, су арматурасын және
пеш құймасын шығарды. Соғыс жылдары (1941-45) Мәскеу түбінен көшірілген
Подольск тігін машиналары зауытымен біріктіріліп, майданға қажетті
қорғаныс өнімдерін, тігін машиналарын шығарды.1948 жылдан таразы
аспаптарын шығаруға мамандандырылып, 1951 жылға дейін таразы шығарды,
1953 жылы таразыға қажетті циферблатты көрсеткіштерді жасауды игерді.
1974 жылы прибор жасау зауытына айналдырылды. Зауыт циферблатты және
шкалалы сан алуан таразылар ( автомобиль, вагон, т.б. өлшейтін,
көрсеткіштер, параметрлердің тербелісін өлшейтін аспаптар, сондай-ақ
халық тұтынатын тауарлар: конькилер, тұрмыстық таразылар, машиналардың
диагностикалық және баланстік тербелісін талдауға арналған прибор
түрлерін шығарады. Зауыттың мәдениет үйі, стадионы, балалар бақшасы,
қосалқы шаруашылықтары бар.

ІІ Тарау. Көкшетау қаласына физикалық - географиялық сипаттама
2.1. Жер бедері мен пайдалы қазбалары
Көкшетау - Ақмола облысының әкімшілік орталығы. Астана қаласынан -
солтүстік-батысқа қарай 276 км жерде, Көкшетау тауларының солтүстік
бөлігіндегі Бұқпа тауының етегін ала, Қопа көлінің оңтүстік жағалауына,
Қыпшақты өзенінің бойына жайғасқан. Қаланың аумағы 420,0 км2.
Көкшетау-Ақмола облысының солтүстік бөлігінде орналасқан және
Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау, Тайынша, Ғ.Мүсірепов, Ақжар,
Ш.Уәлиханов аудандарымен шектесіп жатыр. Орталық бөлігінде Көкшетау
қыраты орналасқан. Көкшетау қыраты батыстан шығысқа қарай 400-450
шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 200-250 шақырымға созылған.
Орташа биіктігі 350-400 м. Көкшетау қыратының солтүстік-шығыс бөлігінде
жақпартасты, орманды-көлді тау-Көкшетау тауы орналасқан. Ол оңтүстіктен
солтүстікке қарай 20 шақырымға доғаша иіле созылып жатыр, ені 5
шақырымдай. Ең биік жері-Көкше шоқысы (947 м). Қырат көптеген жеке таулар
мен шоқылардан тұрады. Олардың бастылары-Жақсы, Жалғызтау (729 м), Жаман
Жалғызтау, Имантау (621 м), Жыланды (609 м), Сандықтау (626 м), Үлкентүкті
(593 м), Бұқпа, Қошқарбай, Зеренді таулары (653 м), Айыртау (555 м),
Сырымбет таулары шығыстан батысқа қарай созыла орналасқан.
Геологиясы
Жерінің геологиялық құрылымы каледон және герцин қатпарлығы
кезеңінде қалыптасқан. Палеозой дәуірінің соңында континенттік түзілу
кезеңі басталды. Өте ұзақ мерзімге созылған тегістелудің нәтижесінде
пайда болған таулы өлке мезозой дәуірінде бірте-бірте қыраттарға айналды.
Палеозойдың метаморфтанған тақтатастарынан, құмтастарынан,
кварциттерінен, альбитофирлерінен, әктастарынан, конгломераттарынан
түзілген. Солармен бірге интрузиялық (гранит, диорит, габбро, т.б.) және
эффузиялық жыныстар кең таралған. Байырғы жыныстары неоген мен төрттік
дәуірлердің сарғылтым шөгінділерінің қалың қабаттары жауып жатыр.
Көкшетау таулары девон, силур кезеңі граниттерінен түзілген. Тектоникалық
жарықтардан, граниттің үгіліп мүжілуінен, денудаттанудан беткейлері көп
тілімделген. Соның салдарынан гранит ашылымдары сан алуан қат-қабат
тастардан, ғажайып мүсіндерден, қираған мұнара тәріздес тастардан тұратын
аласа таулы жартасты бедер құрайды.
Пайдалы қазбалары
Жер асты байлықтары мол қазыналарға толы. Көкшетау алтын мен алмас
тастарына бай ерекше өлке. Көкше аймағында техникалық алмаздардың барша
түрі шығарылады, еліміздің қазба байлығының 25 пайыз уран, 5 пайыз қола
қоры, 37 пайыз цирконий өнімі, Қазақстан алтынының төрттен бір бөлігі
өндіріледі, өзіндік қор мөлшері жағынан Васильков алтын өндіру кен орны
да айрықша мәнді кәсіпорын. Мамандардың есебіне сәйкес, Васильков кен
орны толық меңгерілген жағдайда бұл жерден жылына 15 тонна алтын алып
тұруға болады. Техникалық алмаздар шоғырланған Құмдыкөл кен орны
әлемдегі ең ірі пайдалы қазбасы бар кәсіпорны екені айғақ. Болашақта
бұл кәсіпорын барлық ТМД елдері бойынша алтын қажеттіліктерін өтейтін
индустрияға айналмақ. Сондай-ақ Сырымбет қорғасын шығару кен орны да
әлемдегі ірі кәсіпорын қатарына енеді. Облыста көмір, титан, уран,
темір, магний, хром, цирконий, каолин, доломиттің сан алуан шоғырлары
бар.Аса терең емес деңгейде жатқан пайдалы қазба көздері және кен
орындарының теміржолдарға жақын орналасуы оларды өндіруді
экономикалық тұрғыда пайдалануды тиімді етеді. Аталмыш кен орындарының
байлығын мамандар 36,8 млрд. АҚШ долларына бағалап отыр, оны игеру үшін
шамамен 3,7 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция қажет.

2.2. Климаты және гидрографиясы
Климаты күрт континенталды, ыстық құрғақ жазымен және қатаң қысымен
сипатталады. Негізгі климат түзуші фактор- күн сәулесі, оның ұзақтығы
жылына 2200 сағат, максимальды шілде айына сәйкес келеді. Жылдық жиынтық
радиация мөлшері 112 ккалсм2, шашыранды радиация шамасы 52 ккалсм2
жетеді. Облыс территориясына ауа массаларының негізгі үш типі әсер
етеді: арктикалық, полярлық, тропиктік ауа массалары. Жылдың суық
мезгілінде ауа райын Азия антициклонының батыс бөлігі анықтайды. Қыста
ашық ауа райы қалыптасады. Антициклондық режим әдетте көктемде де
сақталады. Бұл күндізгі ауа температурасы жоғары, түнде аяз болатын
құрғақ желді тұрақсыз ауа райының қалыптасуына алып келеді. Жаз
мезгілінде жазық кеңістіктерде ауаның қарқынды қыздырылуы нәтижесінде
бұлтсыз, құрғақ, ыстық ауа райы қалыптасады.
Жауын-шашындар мен найзағайлар нөсермен, дауылдармен қатар жүреді,
мұндай жағдай көбінесе жазда және күз мезгілдерінде байқалады. Нөсерлі
күндердің орташа саны 19-25. Нөсерлік белсенділік жазда, әсіресе шілде
айында (6-9 күн) айқын байқалады. Нөсердің орташа ұзақтығы 2,4 сағат.
Найзағайлар өте сирек түседі, кейде олардың ені мен ұзындығы бірнеше
шақырымға жетеді. Борандар жиі болып тұрады, боранды күндердің саны 20-
50 күн, кейбір жерлерде 50-ден көп болуы мүмкін. Шаңды дауыл болатын
күндер саны бір жылда 15-40 күнге, тұманды күндер 24-70 күнге дейін
жетеді. Тұман әсіресе наурыз-сәуір айларында жиі байқалады. Сәуірден
қыркүйекке дейінгі аралықта құрғақшылық байқалған күндер саны 14-20 күн
болады. Кейбір жылдары қыс қатты болып, 5-5,5 айға созылады. Шілденің
максималды температурасы +190С +210С, қаңтардікі – -160С-180С. Қаңтар
айында аяз күшейе түседі. -250С төмен аязды күндердің саны 10-14 немесе
38-45 күнге, кейбір жылдары бір айда 18-20 күнге созылады. Жылдың жылы
мезгілдерінің ұзақтығы 194-202 күн, суық мезгілінің ұзақтығы 171 күн.
Аязсыз кезең 105-130 күнге созылады. Тұрақты қар жамылғысы қарашаның
ортасында қалыптасып, 150-155 күн жатады. Қардың орташа қалындығы 20-22
см..Қар мол түскен жылдары қар жамылғысының биіктігі 28-30 см-ге жетеді.
Көктем наурыздың екінші жартысында келеді және 1,5-2 айға созылады.
Температураның көтерілуі әдетте сәуір айында байқалады. Қардың ең ерте
еруі 18-наурыз -1 сәуір араплығында, ең кеш еруі 25-26 мамырда байқалады.
Түндегі аяздардың тоқталуы 10-19 сәуір -14-24 маусым аралығында тіркелген.
Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300-350 мм. Жауын-шашынның ең көп
мөлшері жаз айларында – маусым – тамызда (49%), ең аз мөлшері желтоқсан –
ақпан айларында түседі; көктем кезінде жылдық жауын-шашын мөлшері жылдық
норманың 18%-ын құрайды. Желдің орташа жылдық жылдамдығы 5,3 мсек.
Орташа айлық жел жылдамдығының ең үлкен мәні наурызда (6,2 мсек), бұдан
шамалы төмен мәні сәуірде, қараша мен желтоқсанда байқалады. (5,8 мсек).
Жел жылдамдығының орташа айлық минимальды мәні тамызда - 4,4 мсек
байқалады. Қараша мен сәуір айлары аралығында желдің орташа айлық
жылдамдығы шамасы артады; Жылдың суық мезгілінде жел режимі негізінен
сібір антициклонының батыс тармағы әсерінен қалыптасады, жылы мезгілде
жел режимінің ерекшеліктері әлсіз барикалық депрессиямен анықталады.
Ауа ылғалдылығының салыстырмалы жоғары шамасы қыс мезгілінде
байқалады. Қараша – наурыз айларында оның орташа айлық шамасы 80-82%
құрайды. Жылдың жылы мезгілінде ауаның салыстырмалы ылғалдылығының
көрсеткіштері солтүстікке қарай кемиді. Мамыр – маусым айларында
салыстырмалы ауа ылғалдылығы ең төмен көрсеткіштер көрсетеді (54-56 %).
Күз қыркүйектің басында түседі және қазан айының соңына дейін
созылады, жазға қарағанда құрғақ болып келеді. Қыркүйек әдетте құрғақ, әрі
жылды болады. Қыркүйекте 33, қазанда 41 мм жауын-шашын түседі.
Климатының қолайсыз жақтарына ерте көктемдегі құрғақшылықты, жиірек
шаңды дауылды (топырақ эрозиясын) тудыратын көктемдегі күшті желдерді,
көктемнің кеш келуімен, күздегі ерте жер қабатының қатуын жатқызуға болады.
Жер қабатының қату тереңдігі 110 см-ге, кей жерлерде 200 см-ге жетеді. Бұл
табиғат жағдайлары табиғат балансының бір қалыпты орнына келуіне кедергі
жасайды.
Гидрографиясы
Қылшықты өзені Көкшетау тауларынан басталады. Жыланды тауынан бастауын
алатын Шағалалы өзені Шағалалытеңіз көліне құяды. Көкшетау көлдерінен
басталатын Иманбұрлық және Аққанбұрлық өзендері Есіл өзеніне құяды.
Көптеген ұсақ өзендер көктемде қатты тасығанымен, жазда суы азайып,
көпшілігінің арналары кеуіп қалады. Көкшетау қыратынан Есілдің көптеген
оң салалары: Қалқұтан, Боқсық, Аршалы, Жабай, Қызылсу, Аққанбұрлық,
Иманбұрлық, солтүстікке қарай Қамысақты, Шағалалы, шығысқа қарай Сілеті
өзендері бастау алады. Көкшетау қыратының тауаралық ойыстары көлдерге
бай. Тұщы көлдер: Имантау, Жақсы Жалғызтау, Зеренді, Айдабол, Бурабай,
Шортан, Үлкен және Кіші Шабақты, Қатаркөл, Итемген, Шошқалы, т.б. Ащы
көлдер: Қалмақкөл, Мамай, Салқынкөл, т.б.

2.3.Топырағы, өсімдік және жануарлар дүниесі
Солтүстіктен оңтүстікке қарай қара қоңыр, қоңыр, ашық қоңыр топырақ
белдемдері бірін-бірі алмастырады. Олардың көпшілігі жыртылған. Өсімдіктің
73 тұқымдасы, 800-ден астам түрі кездеседі. Негізінен, қылқан, селеу,
бетеге, далалық жоңышқа, таспашөп, жебіршөп, қазтабан, сәбізшөп, жусан,
т.б., өзен жайылмалары мен көл жағалауында астық тұқымдас және әртүрлі
шөп аралас шалғын, ұсақ шоқыларда шоқ қарағай, қайың, көктерек, түрлі
бұталар өседі.
Жануарлар дүниесі. Жергілікті жер табиғатына сәйкес мұнда сүтқоректілердің
55, құстың 80, бауырымен жорғалаушылардың 8, қосмекенділердің 3, балықтың
30 түрі мекендейді. Ормандарда бұлан, сібір елігі, сілеусін, ақкіс, ақ
қоян, тиін, еуропа кірпісі, орман құстары (құр, ақ құр, тоқылдақ, т.б.),
жыртқыш құстар (қарақұс, шаңқылдақ қыран, кезқұйрық, жамансары, күйкентай,
жағалтай), сауысқан, ала қарға, жауқара, т.б. кездеседі. Су құстарынан:
қоқиқаз, қаз, үйрек, т.б., бауырымен жорғалаушылардан: сарыбас, өрнекті
қарашұбар жылан, сұр жылан, секіргіш кесіртке, т.б. мекендейді. Суларында
мөңке, оңғақ, лаха, алабұға, торта, шортан, аққайран балықтары өседі.

ІІІ Тарау. Көкшетау қаласына экономикалық және әлеуметтік сипаттама
3.1. Қаланың әлеуметтік мәселелері
Өткен ғасырдың 20 жылдыры Көкшетау округінің қалыптасу кезеңіндегі
ұлттар саны сан алуан болып табылатын, сол кезеңде бұл аймақта 56918
қазақ өмір сүрсе, кейінірек патшалық үкімет саяси билік пен үстемдікті
күшейту мақсатында кең сипат алған қоныс аудару саясатын жүзеге асырады.
Миграциялық процесс осы өлкенің ұлттық құрылымының күрт өзгеруіне әкеліп
соқты. Алғашқы бүкілресейлік адам санын есептеу деректеріне сәйкес,
1897 жылы Көкшетау уезінде 79 мың қазақ, 48 мың орыс, 19,3 мың украин
өкілдері тұрса, мордва, татар, өзбек, неміс ұлт өкілдері 9 мың адамды
құраған.
Патшалық Ресейдің қазақ жеріне славян халқы өкілдерін жер аудару
саясаты кеңестік кезеңде де орын алды. 30 жылдары Қазақстан бас еркінен
айрылып, қоныс аударылғандар мен қуғын-сүргінге ұшыраған халықтар
мекеніне айналды. Неміс, поляк, корей, т.б. халық өкілдерінің жер
аударылуы 1936 жылғы 28 сәуірдегі УССР-ден 15000 поляк және неміс
отбасыларының шығарылып, Қазақ КСР-на қоныстандырылуы жайлы КСРО ХКК
шешіміне сәйкес жүзеге асырылды. Бұл жер аударылған халықтың негізгі
бөлігі қазіргі Көкше аумағына шоғырландырылды. Қазақстанға қуғын-
сүргінге ұшыраған халықтардың жер аударылуы екінші дүниежүзілік соғыс
кезеңінде үлкен мөлшерде жүзеге асырылады. Осы жылдары республикаға 393
мың неміс, 403 мың шешен және ингуш, 45 мың грек, 21 мың балқар, 10 мың
корей, литвалық жер аударылады. Олардың көбі Көкшетау жеріне келіп
шоғырланды.
Қазақстанға қоныс аударушылардың екінші легі 1950-60 жылдары, тың
игеру егіншілік науқанына байланысты орын алады. Осы жылдары КСРО-ның
еуропалық бөлігінен Көкшетау өңіріне 200 мың адам көшіп келді. Осы
тарихи оқиғалар нәтижесінде ежелгі қазақ жерінде құрамы жағынан өте
ерекше болып табылатын 120-ға жуық ұлт өкілдерін біріктіретін Қазақстан
халқы қалыптасты. Қазіргі таңда облысымызда 433486 қазақ, 253430 орыс,
53472 украин, 45519 неміс, 11901 татар, 10553 белорус, 1025 азербайжан, 404
өзбек, басқа ұлт тұрғындарының 46210 өкілі өмір сүріп жатыр.
Статистика бойынша облыс халқымен қатар Көкшетау қаласы тұрғындарының
саны да қарқынды өсті. Оған мына көрсеткіш дәлел болады:
Кесте 1. Көкшетау қаласының халық саны

жыл тұрғын саны
1824 350
1855 1220
1868 1685
1897 5000
1900 5900
1928 11030
1939 19000
1944 34589
1972 87000
1992 146400
1996 143800

Диаграмма 1. Көкшетау қаласы халық санының өсу динамикасы

Халық саны 01.01.2007. жылғы санақ бойынша 141927 адам. Оның ішінде
қазақтар-60880, орыстар-15093, украиндер-7558, татарлар-4158, немістер-2692
адам. Қалада сонымен қатар беларустар, поляктар, ингуштар, шешендер,
башқұрттар және басқа да ұлт өкілдері тұрады.
Кесте 2. Көкшетау қаласының табиғи өсім көрсеткіштері (адам)

Жылы 2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006
Туылғандар 1858 1916 2004 2113 2438 2408 2727
саны
өлгендер 1546 1733 1661 1699 1710 1847 1858
саны
Табиғи 312 183 343 414 728 561 869
өсім

Диаграмма 2. Көкшетау қаласының табиғи өсім динамикасы

Көкшетау қаласы халқының табиғи жолмен өсуі 2000 жылы 312 адамды
құраған, яғни туылғандар саны 1858 адам болса, қайтыс болғандар саны 1546
адам. 2001 жылғы табиғи өсім көрсеткіші 183 адамға кеміген. 2002 жылы 2001
жылмен салыстырғанда 160 адамға өссе, 2000 жылмен салыстырғанда 31 адамға
артқан. 2004 жылы табиғи өсім 728 адамға жетіп, алдыңғы жылмен
салыстырғанда 314 адамға қала халқы табиғи жолмен артқан.2006 жылы 869 адам
болса, бұл көрсеткіш 2005 жылмен салыстырғанда 308 адамға артық, ал 2000
жылмен салыстырғанда 557 адамға көбейген. Немесе 2000-2006 жылдар
аралығында 64,1 пайызға көбейген. Табиғи өсім болғанымен, жыл өткен сайын
өлім санының артып келе жатқандығын 1-кестеден көруге болады. 2000 жылы
1546 адам қайтыс болса, 2003 жылы өлім саны 1699 адамға ұлғайған. Ал, 2006
жылы 11 адамға немесе 0,6 пайызға өлім санының өскендігін аңғарамыз.
2006 жылы халық туылуының жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда
тұтастай облыс бойынша 15,98 туылғандарды құрады. 2005 жылы -15,97.
Туылудың ең жоғары деңгейі Көкшетау қаласында – 20,17 промилле.
Халықтың өлімі себептерінің негізгі сыныптарын бұрынғыша барлық тіркелген
өлім оқиғаларының үлесіне 54,4% келетін (2005 жылы 57,9% ) қан айналымы
жүйесінің аурулары алып отыр. Кісі қолынан өлуден және өзін-өзі өлтіруден
29 және 48 адам немесе қайғылы оқиғалардан, уланудан және жарақантанудан
өлгендердің жалпы санынан 12,1% және 20,1% (2005 жылы 13 және 35 немесе
тиісінше 6,1% және 16,4%) қайтыс болды.
Кесте 3. Көкшетау қаласының халық саны (адам)

жылы 2000 2001
2000 72121 60905
2001 72166 60799
2002 71887 60418
2003 72328 60796
2004 73524 61826
2005 74660 62832
2006 76025 63803
2007 77309 64618

Диаграмма 4. Көкшетау қаласындағы тұрғындардың жыныстық құрамы

Қала бойынша отбасын құру жылдан-жылға артып келеді. 2000 жылы 815
отбасы құрылса, 2001 жылы 717-ге кеміген, бірақ 2002 жылы бұл көрсеткіш
қайтадан 127-ге артқанын байқаймыз. 2003 жылы некелесулер саны өткен жылмен
салыстырғанда 193 немесе 18,8 пайызға артқан. 2006 жылы некелесу 2005
жылмен салыстырғанда 128-ге артса, 2004 жылмен салыстырғанда 263-ке
артқандығын көреміз. Некелесулер саны өскенімен, ажырасулар саны кемімей
отыр. 2000 жылы ажырасулар саны 338 болып, 2000 жылғы некелесудің 41,7
пайызы ажырасқан. 2001 жылы ажырасу саны кемігенімен, 2002 жылы өткен
жылмен салыстырғанда 4,4 пайызға көбейген. 2003 жылы некелесулер саны
1027, ажырасулар саны 479. Яғни 2003 жылы отбасын құрғандардың 46,6
пайызы қайта ажырасқан. 2004 жылы ажырасу көрсеткіші 513 болса, 2005 жылы
бұл көрсеткіш 525-ке артқан. 2006 жылы некелескендердің 39 пайызы
ажырасқан. 2000-2006 жылдар аралығында ажырасулар 35,5 пайызға көбейген.
Кесте 5. Некелесулер мен ажырасулар

Жылы 2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006
Некелесу 815 717 834 1027 1080 1215 1343
ажырасу 338 377 394 479 513 525 524

Диаграмма 5. Көкшетау қаласындағы некелесу мен ажырасу арақатынасы

Қала халқы саны көші – қон үлесінен де көбеюде. 2000 жылы келгендер
саны 4248, кеткендер саны 4621 болып, көші-қон айырмасы теріс мәнде
болды. 2001 жылғы көші-қон айырмасы да -843 теріс мәнді. 2002 жылдан
бастап көші-қон айырмасы ұлғайып, 476-ға жетті. 2003 жылы өткен жылмен
салыстырғанда бұл көрсеткіш 4 еседей яғни 74 пайызға ұлғайды. 2004
жылдан бастап қайтадан көші-қон айырмасы кеміп отырды. 2004 жылы өткен
жылмен салыстырғанда 398–ге кеміді. 2005 жылы алдыңғы жылға қарағанда 20
пайызға ұлғайғанымен, 2003 жылға қарағанда 37-ге немесе 2,1 пайызға
кеміген. 2006 жылы 1230-ге дейін немесе 31 пайызға дейін кеміген.

Кесте 6. Көкшетау қаласындағы халықтың көші-қоны (адам)

Жылы 2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006
Келгендер 4248 3584 4102 4771 4713 5857 5173
Саны
Кеткендер 4621 4427 3626 2959 1487 4082 3943
саны
Көші-қон -373 -843 476 1812 1414 1775 1230
айырмасы

Диаграмма 6. Көкшетау қаласы бойынша көші-қон графигі

Криминогендік жағдай
Көкшетау қаласы бойынша қылмыстар саны жылдан-жылға көбеюде. 2001
жылы 2167 қылмыс жасалса, оның 1065 ауыр қылмыстар қатарында. 2002 жылы
қылмыстар саны өткен жылмен салыстырғанда 2167-ден 1789-ге кемігенімен,
оның ішіндегі ауыр қылмыс саны артқан.2004 жылы қылмыстар саны 1826
болып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 393-ке немесе 21,5 пайызға көбейген.
2005 жылы 1963 –ке жетіп, оның ішіндегі ауыр қылмыс саны 499-ға жеткен.
2006 жылы Көкшетау қаласының аумағында тіркелген қылмыс саны 2005
жылмен салыстырғанда 2,0 пайызға азайғандығы байқалады. 2005 жылмен
салыстырғанда қылмысты ашу көрсеткіші 61,8 пайыздан 64,2 пайызға
өсті.[17]
2007 жылы қылмыс саны 1460 құраған, оның 25 пайызы ауыр қылмыс.2001-
2007 жылдар аралығында қылмыс саны 2167-ден 1460-қа дейін яғни 707 немесе
32,6 пайызға төмендеген.
Кесте 7. Көкшетау қаласы бойынша қылмыстар саны

Тіркелген қылмыстар саны
2001 2002 2003 2004 2005 2006 2007
2167 1789 1433 1826 1963 1691 1460
Оның ішіндегі ауыры
1065 1294 412 492 499 480 362

Диаграмма 7. Көкшетау қаласы бойынша тіркелген қылмыс саны

Тұрғын үй
Қаланы көріктендіру, абаттандыру, көгалдандыруға жете көңіл бөлініп,
бұл бағытта айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде.
2007 жыл ішінде қала ішіндегі жолдарды жөндеуге қомақты қаражат
бөлінді. Дәлірек айтсақ, жолдар мен тротуарларды жөндеуге 488,4 млн.
теңге қаржы жұмсалды. Бұл 2005 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге немесе
260 млн. теңгеге көп. Өткен жылы Мәлік Ғабдуллин (Ақан сері көшесінен
Уәлиханов көшесіне дейін), Сүлейменов (Әуезов көшесінен Смайылов
көшесіне дейін), Пушкин (Капцевич көшесіне Уәлиханов көшесіне дейін),
Уәлиханов (М.Горкий көшесінен Б.Момышұлы көшесіне дейін) күрделі жөндеу
жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар, Темірбеков (Әуезов көшесінен Ақан
сері көшесіне дейін), Ж.Сайн (Мир көшесінен гогль көшесіне дейін), Мир
(Уәлиханов көшесінен Жамбыл көшесіне дейін) көшелері мен Боровской,
Юбилейный мөлтек аудандары аралықтарындағы жолдарға да ағымдағы
жөндеу жұмыстары жасалды. Осындай жөндеу жұмыстары Кенесары, Капцевич,
Жамбыл, Гагарин көшелерінің, сондай-ақ Станционный, Застанционный
поселкелері мен Красный Яр селосында да атқарылды. Атқарылған жұмыстың
жалпы көлемі 56,8 мың шаршы метр. Абылай хан даңғылындағы жолаушы өткелі
және мөлтек аудандарға баратын жолдар көркейтіліп, абаттандырылды. Қала
құрылысының бас жоспарына сәйкес Қопа көлінің жағалауымен жол салудың
жобасы жасалды. Қозғалыс қауіпсіздік шараларын қамтамсыз ету үшін
Уәлиханов-Крупская, Темірбеков – Ақан сері, Куйбышев-Уәлиханов көшелерінің
қиылысында, Абылайхан даңғылы мен Сүлейменов көшесінің бойында 6 жаңа
бағдаршам орнатылды.
Жаңадан жөнделген жол бойында 5,5 мың шаршы метр алаңға гүлзар
жасалды. Бұл 2006 жылмен салыстырғанда 2,5 мың шаршы метрге көп.
Уәлиханов, Куйбышев, Сүлейменов, Горная, Менжинский, Пушкин көшелері
мен Станционный поселкелері және Красный Яр селоларын жарықтандыру
жөнінде де ауқымды жұмыстар атқарылды. Жалпы ұзындығы 9,4 километр
электр жүйелері жөндеуден өткізілді. Көптеген көшелер бойларындағы
шамдар алмастырылды. 2006 жыл ішінде қаланың санитарлық тазалығын сақтау
үшін 82,6 миллион теңге қаржы бөлінді. Бұл 2005 жылмен салыстырғанда
1,2 есеге немесе 15,8 миллион теңгеге көп. Механикаландырылған
әдіспен және қолмен көшені сыпырып, жинау жұмыстарының ауқымы кеңейді.
Тек өткен жылы жылы ғана көң-қоқыс салатын 260 контейнер жасалды. Мұның
сыртында 44 контейнер алаңы жөнделіп, 13 автопавильон тәртіпке
келтірілді. 337-дей көше бойындағы жарнамалар мен 663 үйдің адрестік
нөмірі ауыстырылды. Көшелердің атауы мен бағытын көрсететін 26 қондырғы
орнатылды. Мир, Ақан сері, Әуезов көшелерінің бойындағы апатты
жағдайдағы 7 үйдің инженерлік жүйелері, шатырлары жөнделді. Мұның
сыртында 26 тұрғын үйдің сыртына да жөндеу жұмыстары атқарылды.
Қаланың санитарлық тазалығын сақтап, абаттандыру жұмыстарын жақсарту
үшін коммуналдық кәсіпорындарға 10 жаңа арнайы техника алынды.
Үй арасындағы спорт алаңдарын қалпына келтіру жұмыстары жалғасын
тапты. Осы мерзім ішінде қосымша осындай 9 алаң жабдықталды. Аталған бұл
жұмысты жүйелі әрі жоспарлы жүргізу үшін 2007-2010 жылдарға арналған
Көкшетау қаласындағы аула территориясын көркейтіп, көгалдандыру
бағдарламасы жасалды. [17]
Өткен жылы жолдар мен жаяу жүргіншілерге арналған жағажолдарды
жөндеуге 546,3 млн. теңге қаржы бөлінде. Жыл аяғына дейін бұл қаржы толық
игерілді. Сүлейменов, Әуезов көшелері жолдарына жөндеу жүргізілді.
Центральный ықшам ауданындағы үйлердің аулаларында демалатын, балалар
ойнайтын алаңдар жабдықталды.
Сондай-ақ жетпіске тарта көп қабатты үйлердің сыртына жөндеу
жүргізіліп, жағажолдар қайта салынды. [10]
Кесте 8. Капиталдық құрылыс пен құрылыстық жинақтау жұмыстарына инвестиция
жұмсау (млн теңге)

2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006 2007
Капиталдық құрылысқа инвестиция жұмсау
635,2 3029,0 4643,0 5247 5116,4 7380,8 8254,0 9985,1
Құрылыстық-жинақтау жұмыстары
517,3 2683 4465 4785,1 4847,2 6602,5 16253 16259

2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006 2007
Нақты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның экономикалық аудандары
Алматы облысының өндірістік емес саласына талдау жасау
«Қазақстан көлік жүйесіндегі темір жол көлігі»
Ақмола облысының су ресурстарын пайдалану және қорғау
Шығыс Қазақстан өңірінің туристік потенциалы
Ақмола облысының көлдер жүйесіне толықтай сипаттама
Туристік ресурстар тізімін дайындау
Ақтау қаласына сипаттама
Алматы облысының туризм индустриясының даму жағдайын айқындау
Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы және табиғи ресурстық әлует
Пәндер