Жаһандану дәуіріндегі тарихи сананың трансформациясы



КІРІСПЕ

1. Жаһандану дәуірінің негізгі ерекшеліктері.
1.1. Жаһандану түсінігі, құрылымы мен қызметтері.
1.2. Жаһандану дәуірінің қалыптасуы мен методологиялық негіздері.

2. Жаһандану жағдайындағы тарихи сана мәселесі.
2.1. Тарихи сана трансформациясы.
2.2. Жаһандық мәдениеттің қалыптасуы заманауи қоғам қажеттілігінің көрінісі ретінде.

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. ХХI ғасыр - жаһандану ғасыры болып табылады, адамзат қауымы дамудың жаңа сатысына аяқ басты. Біз куә болып отырған қазіргі заманға зерттеушілер әртүрлі анықтама беруде: біріншілері «жаһандану» дәуірі деп атаса, екіншілері «постмодернистік», үшіншілері «ақпараттық қоғам» деп баға беруде. Бір анығы, біз «әлемдік бір тұтастылыққа» негізделген қоғамда өмір сүріп жатырмыз.
Осы заманғы әлем жаһандану кезеңін адамзаттың біртұтас ақпарат және коммуникациялар кеңістігінде жан-жақты бірігу, бүкіл планетаның біртұтас экономикалық рыногқа айналуы дәуірін бастан кешуде.Қазіргі замандағы техникалық прогресс пен мәдени жаһанданудың адам болмысын біршама өзгерткендігі, психологиялық, ділдік түзетпелер жасауға алып келгендігі, сол арқылы тарихи сананың біршама өзгеріске ұшырап жатқандығы белгілі. Қазіргі заманғы жаһандану өріс алған тұста жер шары түрлі элементтерден құралатын тұтас жүйеге айналуда.
Жаһандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. Global - әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) - жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет 1983 жылы америкалық экономист Т.Левита енгізді.
Бүгінде әлем тұтастануда. Қазіргі әлемде бірде бір өркениет өзінің мәдении ерекшеліктеріне қарамастан жаһандық экономикалық та саяси да модернизация үдерісінен тысқары қалмақ емес.
Қазір жаһандану, интеграция қоғамды күрделендіре түсті. Діні, тілі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы әртүрлі көптеген халықтарды өзара қарым-қатынасқа түсуге мәжбүрлеп жатыр. Бұндай процестер барысында өзара түсініспеушіліктен, салт-дәстүрлердің ерекшелігінен туындаған қайшылықтарға байланысты халықтар, тіпті мемлекеттер арасында келіспеушіліктер байқалуда. Көптеген әлеуметтанушылар, психологтар, саясатшылар бұл бағытта әртүрлі ғылыми зерттеулер, сараптамалар жүргізіп, әрқилы тұжырымдар мен болжаулар ұсынуда.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, бұрынғы коммунистік таптық идеология күйреп, жаңа жаһандық қоғам теориясы мен методологиясын жаңаша пайымдауға, объективті зерттеуге кеңінен жол ашылды. Сондықтан, соңғы жылдары қазақстандық ғылым саласында жаһандану ұғымын тарихи тұрғыдан зерттеген біршама ғылыми еңбектер жарық көрді.
Бiрқалыпты және белгiлi стандартты мәдени үлгiлердiбүкiл әлем бойынша тарату осы заманғы мәдени жаһанданудың тiкелей салдарына айналып отыр. Бұған бiрқатар факторлар себеп болды, солардың iшiнде мәдени ықпал жасау мен қарым-қатынас үшiн шекаралардың ашықтығы, бұқаралық ақпарат құралдарының, әсiресе ғаламды “виртуалды деревняға” айналдырған телевизияның теңдессiзәсерi, және ең соңында, адамзат баласының бұрын-соңды болмаған әлеуметтiк жұмылғыштығының ауқымдарын атап кеткен жөн. Осының нәтижесiндемәдениеттердiң ассимиляция мен басқа мәдениетке сiңiп кету қаупiтөндi.
Зерттеу жұмысының мақсаты – Жаһандану дәуіріндегі тарихи сананың трансформациясы теориясының өркениеттік кеңістіктегі маңызын кешенді талдау және оның ерекшеліктерін анықтау арқылы әлеуметтік-философиялық талдау жасау болып табылады.
Зерттеу мақсатынан туындайтын негізгі міндеттер:
- жаһандану дәуіріндегі тарихи сана мәселелерін көтерудегі атқарып отырған қызметіне баға беру;
- жаһандану ұғымына, оның қоғамдағы жай-күйіне, даму
барысына әлеуметтік-философиялық талдау жасау;
- демократиялық қоғамымыздағы жаһанданудың алар орнына,
қалыптасу кезеңдерінде философиялық талдау жасау;
- тарихи сана трансформациясыныңқоғамдық көзқарасты
қалыптастырудағы ықпалына тоқталу.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Кишибеков Д. Философия истории и современность.- Алматы: Ғалым, 2002.- 306 с.
2. Ясперс К. Смысл и назначениеистории.- М. Политздат, 1991. -575 c.
3. Махлин В.М. Я и Другой: истокифилософиидиалога ХХ в. СПб, 1995. Его же: Я и Другой: к историидиалогическогопринципа в философии ХХ в. М., 1997.
4. Хантингтон С. Столкновениецивилизаций. Полис, 1994, № 1.
5. Әлемдік философиялық мұра: жиырма томдық Ғылым мен техниканың батыстық философиясы, 10-том. - Алматы: Жазушы, 2006. – 454 б.
6. Кастельс М. Галактика Интернет. – Екатеринбург, 2004. – 235 с.
7. Epжaнoвa, A.M. Cпocoбы кoммyникaции и тpaнcфopмaции кyльтypы // Мeдиaфилocoфия. Ocнoвныe пpoблeмы и пoнятия. − CПб.: Caнкт-Пeтepбypгcкoe филocoфcкoeoбщecтвo, 2008. − C. 80-90.
8. Гиддeнc Э. Уcкoльзaющиймиp. Кaкглoбaлизaциямeняeтнaшyжизнь. − М.: Вecьмиp, 2004. − 120 c.
9. Миpзaбeкoвa A.Ш. Пpoблeмaкyльтypнoйидeнтичнocти в ycлoвияхмнoгooбpaзияцивилизaций: coциaльнo-филocoфcкийacпeкт. Aвтopeф. диcc. д.филoc.н. − Aлмaты: Изд-вo «Қaзaқyнивepcитeтi», 2007. − 38 c.
10. Хaнтингтoн C. Cтoлкнoвeниeцивилизaций? // «Пoлитичecкиeиccлeдoвaния». 1994. № 1. C.33-48.
11. Гиддeнc Э. Coвpeмeннocть и caмoидeнтичнocть // Coциoлoгия. Peфepaтивныйжypнaл ИНИOН. Cepия 11. − М., 1994. − №2 . − C. 14-27.
12. С.Е. НұрмұратовАшыққоғамаясындағықазақстанныңбірегейленумәселесі // ТәуелсізҚазақстанныңхалықаралықбеделініңөсуіжәнежаһанданудыңқауіп-қатерлері: халықаралықғылыми-практикалықконференцияматериалдары (Алматы, 27 мамыр 2011 ж.) – Алматы: ҚР БҒМ ҒК Философияжәнесаясаттануинститутының КБО, 2011. – Б. 169-176.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жаһандану дәуіріндегі тарихи сананың трансформациясы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. Жаһандану дәуірінің негізгі ерекшеліктері.
1.1. Жаһандану түсінігі, құрылымы мен қызметтері.
1.2. Жаһандану дәуірінің қалыптасуы мен методологиялық негіздері.

2. Жаһандану жағдайындағы тарихи сана мәселесі.
2.1. Тарихи сана трансформациясы.
2.2. Жаһандық мәдениеттің қалыптасуы заманауи қоғам қажеттілігінің көрінісі ретінде.

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. ХХI ғасыр - жаһандану ғасыры болып табылады, адамзат қауымы дамудың жаңа сатысына аяқ басты. Біз куә болып отырған қазіргі заманға зерттеушілер әртүрлі анықтама беруде: біріншілері жаһандану дәуірі деп атаса, екіншілері постмодернистік, үшіншілері ақпараттық қоғам деп баға беруде. Бір анығы, біз әлемдік бір тұтастылыққа негізделген қоғамда өмір сүріп жатырмыз.
Осы заманғы әлем жаһандану кезеңін адамзаттың біртұтас ақпарат және коммуникациялар кеңістігінде жан-жақты бірігу, бүкіл планетаның біртұтас экономикалық рыногқа айналуы дәуірін бастан кешуде.Қазіргі замандағы техникалық прогресс пен мәдени жаһанданудың адам болмысын біршама өзгерткендігі, психологиялық, ділдік түзетпелер жасауға алып келгендігі, сол арқылы тарихи сананың біршама өзгеріске ұшырап жатқандығы белгілі. Қазіргі заманғы жаһандану өріс алған тұста жер шары түрлі элементтерден құралатын тұтас жүйеге айналуда.
Жаһандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. Global - әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) - жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет 1983 жылы америкалық экономист Т.Левита енгізді.
Бүгінде әлем тұтастануда. Қазіргі әлемде бірде бір өркениет өзінің мәдении ерекшеліктеріне қарамастан жаһандық экономикалық та саяси да модернизация үдерісінен тысқары қалмақ емес.
Қазір жаһандану, интеграция қоғамды күрделендіре түсті. Діні, тілі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы әртүрлі көптеген халықтарды өзара қарым-қатынасқа түсуге мәжбүрлеп жатыр. Бұндай процестер барысында өзара түсініспеушіліктен, салт-дәстүрлердің ерекшелігінен туындаған қайшылықтарға байланысты халықтар, тіпті мемлекеттер арасында келіспеушіліктер байқалуда. Көптеген әлеуметтанушылар, психологтар, саясатшылар бұл бағытта әртүрлі ғылыми зерттеулер, сараптамалар жүргізіп, әрқилы тұжырымдар мен болжаулар ұсынуда.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, бұрынғы коммунистік таптық идеология күйреп, жаңа жаһандық қоғам теориясы мен методологиясын жаңаша пайымдауға, объективті зерттеуге кеңінен жол ашылды. Сондықтан, соңғы жылдары қазақстандық ғылым саласында жаһандану ұғымын тарихи тұрғыдан зерттеген біршама ғылыми еңбектер жарық көрді.
Бiрқалыпты және белгiлi стандартты мәдени үлгiлердiбүкiл әлем бойынша тарату осы заманғы мәдени жаһанданудың тiкелей салдарына айналып отыр. Бұған бiрқатар факторлар себеп болды, солардың iшiнде мәдени ықпал жасау мен қарым-қатынас үшiн шекаралардың ашықтығы, бұқаралық ақпарат құралдарының, әсiресе ғаламды "виртуалды деревняға" айналдырған телевизияның теңдессiзәсерi, және ең соңында, адамзат баласының бұрын-соңды болмаған әлеуметтiк жұмылғыштығының ауқымдарын атап кеткен жөн. Осының нәтижесiндемәдениеттердiң ассимиляция мен басқа мәдениетке сiңiп кету қаупiтөндi.
Зерттеу жұмысының мақсаты - Жаһандану дәуіріндегі тарихи сананың трансформациясы теориясының өркениеттік кеңістіктегі маңызын кешенді талдау және оның ерекшеліктерін анықтау арқылы әлеуметтік-философиялық талдау жасау болып табылады.
Зерттеу мақсатынан туындайтын негізгі міндеттер:
жаһандану дәуіріндегі тарихи сана мәселелерін көтерудегі атқарып отырған қызметіне баға беру;
жаһандану ұғымына, оның қоғамдағы жай-күйіне, даму
барысына әлеуметтік-философиялық талдау жасау;
демократиялық қоғамымыздағы жаһанданудың алар орнына,
қалыптасу кезеңдерінде философиялық талдау жасау;
тарихи сана трансформациясыныңқоғамдық көзқарасты
қалыптастырудағы ықпалына тоқталу.

1. ЖАҺАНДАНУ ДӘУІРІНІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
1.1. Жаһандану түсінігі, құрылымы мен қызметтері.
Жаһандану процестерiмiндеттi түрде бiрыңғай мәдениет құруды талап етпесе де, зерттеулер көрсеткендей ол, космополиттi және мәдени бiркелкiлiктi, бұқаралықты, ұлттық мәдениеттердiң, әсiресеәлемдiк аренада бекiп үлгермеген, басым емес мәдениеттердiң шекараларын жою үрдiсiненгiзiп отыр. Мұндай жағдайда мәдени жаһандану әсiресебiздiң мәдениетке қауiп-қатер тудыруы әбден мүмкiн. Бiрақ бұл жаһанданудытерiске шығаруды емес, керiсiнше, оған сын көзбен қарай отырып, "бiраз" өзгертулер мен түзетулер жасауды меңзейдi.
Жаһандану заманында ұлттар мен ұлыстар, бір жағынан, топтасып, өзара байланысып, біртұтастыққа икемделсе, екінші жағынан, бұл үрдістің ұлттар арасында күрделі қайшылықтар тудырып, ұлттық мемлекеттер мен олардың мәдениетінің тағдыры алаңдатып отыр. Қазіргі жаһандану заманында өркениетті дамыған ел қатарына қосылу үшін, алдыңғы қатарлы қауымдас­тықтардың ортасынан лайықты орын алу үшін біз көпшіліктің мүддесін барынша ескеретін, көп мәселені ашық түрде шешетін қоғамға айналуымыз керек. Бұл талапты ашық қоғам теориясын алға тартқан батыстық қоғамтанушы мамандар үнемі ескертіп отырады.Сондықтан, тарих ғылымының түйткілді мәселелерін шешуде философиялық әдіс-тәсілдерді қолданудың маңызы зор. Тарихты тұтастай қарастыру дүниетанымдық ғылымдар өкілдерінің ғана қолынан келеді,- дейді елімізге белгілі философ Д. Кішібеков.
Жаһандық қоғам әлдеқайда ашық бола түсуде: капиталдың, қаржылардың, адамдардың, ақпараттың еркін қозғалысы осы заманғы шекараларсыз әлем тұжырымдамасының негізіне айналды.
Жаһандану - халықтар мен мәдениеттер арасын жақындата түсуде. Ақпараттық технология бұл процестi одан әрi жылдамдатты. Қазіргі әлем өзi тудырған күрделiмәдениеттiөзi игере алмай жатқан қомағайға айналуда!
Дегенмен қазіргі заманғы буржуазиялық тарих философиясы өткен уақыттың парасатты, алдыңғы қатарлы белгілерін әлдеқашан жоғалтты. Олар үдемелі даму идеясынан, шынайы тарихи үдерістерді қорытындылаудан да, жалпы сәттер зерттеулерінен іс бас тартты. Қазіргі заманғы буржуазиялық тарих философиясы қоғам дамуының қандай да бір жалпы заңдылықтарының болуын, өндіргіш күштер мен техника дамуы деңгейінің қоғамдық қатынастар, адамдардың рухани өмірі, қоғам дамуына әсерін мойындайды. Буржуазиялық тарих философиясы ақиқат өмірдің сол, немесе өзге жақтарын шексіздендіруге, асыра көрсетуге негізделген. Осы тарих философиясының көзқарасы бойынша бәрі жеке-дара, қайталанбайды, бөлектенген, кездейсоқ. Осындай бап қоғам дамуының шынайы көрінісін, оның негізгі ойын, қозғаушы күштерінің болашағын бұрмалайды.Мысалы, "Еуропа тарихы" кітабының авторы А.Фишер: "Мен басқаның орнын басатын толқынды толқынның қуалауы сияқты алдын ала болжанбаған бір оқиғаны ғана көре аламын. Мен соған салыстырмалы өте сирек, ешқандай қорытындылау болмайтын бір ұлы оқиғаны көре аламын. Тарихшы үшін тек бір қатесіз ереже бар: ол адамдардың тағдыры дамуында тек қана кездейсоқ және алдын ала көруге болмайтын күштердің ойынын мойындауы керек!" Сол себепті, біз көбірек ұғынған сайын, таң қала түсеміз де, ізденуді қайта жалғастыра береміз. К. Ясперстің Тарихтың мәні мен мақсаты еңбегінен осындай ойды оқуға болады.
Әлемдік жаһандану үрдісі жағдайында ақпараттық, технологиялық бәсекеге төтеп бере алмай, өзіңнен-өзің өркениет арнасының жиегіне шығып қаласың. Әсіресе, мұндай қатерден жері ұлан-байтақ, сол жердің қойнауындағы игерілмей жатқан байлығы одан да ұшан-теңіз, бірақ салыстырмалы түрде саны аз, сондықтан оң-солымен бейбіт, ашық саяси және экономикалық қарым-қатынас жасаудан басқа амалы жоқ қазақ ұлты әлі арыла қойған жоқ. Біз өзімізбен өзіміз тұйықтала алмаймыз, тұйықталудың қажеті де жоқ. Керісінше, ашық қоғамның мың сан тиімді жақтарын барынша өз пайдамызға жаратуымыз қажет. Сонда әлгі қатерден сақтанудың амалы қайсы? Амалы: шетелдік әріптестерімен бәсекеде ұлттық болмысы жағынан да, білігі жағынан да, рухы жағынан да жеңілмейтін жас ұрпақ тәрбиелеп өсіру. "Білімі мықты мыңды жығар, білегі мықты бірді жығар" деген ойды баяғыда-ақ айтып қойған халқымыздың ұлдары мен қыздары кез келген жаңалықты жедел игеру жағынан ешкімнен кем түспейді.
Кез келген қоғамдық құбылысты, олардың өзара тарихи байланыстарын, жалпы заңдылықтарын белгілеп, тек осы негізде ғана өзіндік ерекшеліктерін анықтап, оқып зерттеу керек.
Буржуазиялық тарих философиясы да өзінің алғашқы негізі қоғам дамуының жалпы әмбебап принциптерін анықтауға ұмтылудан бастау алады. XVIII, XIX ғасырларда тарихтың осындай түсіндірмесі ұстанымында Монтескье, Вольтер, Кондорсе, Гегель тұрды. Әрине олардың әрқайсысының қоғамдық құбылыстарға өзінің айрықша түсіндірме принципі, өзінің даму бағдарламасы болды, бірақ, соған қарамастан оларды ақиқатты түсіндіруге деген объективті ұмтылыс біріктірді. Әрине, Монтескье және басқалар да идеалистер болғандықтан, олар әдістемелерінің шикілігінен әлем көрінісінің ақиқат, шынайы ғылыми түсіндірмесін бере алмады. Бірақ, әлемге толықтай енулері, қоғамның жан-жақты өрбуінің себептерін анықтауға талпыныстары, олардың буржуазиялық ғылымға қосқан белгілі үлестері туралы айтуға мүмкіндік береді.

1.2. Жаһандану дәуірінің қалыптасуы мен методологиялық негіздері.
Жаһандану жағдайында мәдениетаралық үндесу елдер арасындағы қарым-қатынасты орнатуға, жалпыадамзаттың бір-бірін түсінуде біз ұғымын түйсінуге ықпал етуші әлеуметтік мәдени фактор ретінде қарастырылуда. Жаһандық ойлаудың негізіне пікірлер мен идеялар алаңының, ұстанымдар мен әлемге деген көзқарастың үндесуі жатады. Нақ осы үндесулер түрлі мәдениеттер мен олардың арасындағы диалогтың түйсіу нүктесі саналды. Бүгінгі әлемді бірі-біріне тәуелді экономикалық, технологиялық, ақпараттық байланыс арналары ұстап тұрғаны мәлім. Бірақ бұл байланыс арналарында өркениеттің қас жауы - қақтығыстар мен соғыстың орын алуы өте қатерлі үндеу болып отыр. С.Хантингтонның айтуынша, бүгінгі өркениет өзінің тарихы, тілі, діні, мәдениеті, дәстүрлерімен бір-бірімен ерекшеленеді.
Батыс экономикалық, саяси және мәдени стандарттарының жаһандық экспанциясы, батыстық мәдениет үлгілерінің шығыс аймақтарына жасанды таңылуы Батыс пен Шығыс арасындағы қарама-қайшылықты ушықтыра түспек. Мәдениет диалогы ұғымы Мәдениет өнімдерімен алмасу баламасына алмасып, барлық құндылықтар жойылып, барлық құндылықтар мен мәдениеттерді тауарға айналдырады. Осыған орай ширек ғасыр бұрын ғалым К.Леви-Строс өзінің ойын былай деп білдірген болатын: Қазіргінің адамы мәдениет арасындағы айырмашылықты өзіне ұнамсызын жоя отырып, түсінуге талпынады. Батыстық-шығыстық диалог таяу 10-15 жылда қандай болады деген сауалдар, әрине, көптеген зерттеушілер мен саясаткерлерді, мәдениет пен өнер, дін қайраткерлерін толғандыратыны заңды. Болашақты болжау қиын. Бүгінгі ықпалды идеялар ертең-ақ өзінің күшін жоюы мүмкін. Керісінше, бүгінде тек қана атауы бар идеялар, ертесіне ақыл мен ойдың шыңына өрлеуі мүмкін.
Сонымен, Батыс бізге не ұсынады? Үйреніп қалған өзіміздікі тұрғанда, өзгенікін не қыламыз деп, қарадай үркіп жүрген жоқпыз ба? Батыстың бізге ұсынатыны - американдық өмір салты; бұл дегеніміз, адам хұқығы, еркіндік, демократия, толеранттық сияқты сырт қарағанда әдемі ұстанымдарды жамылып, шын мәнінде, түпкі мақсаты дәстүрлі мәдениетті жоққа шығару арқылы ойдан-қырдан құралған, ұлттық тамыры жоқ американдықтардың өмір сүру құндылықтарын басқа халықтарға таңу; нәтижесінде адамзат баласын ұлттық сана-сезімінен айырып ағылшын тілді батыстық өмір салты қалпына түсіру; сөйтіп, бір оқ шығармай, әлем халқын жаулап алу. Жаһанданудың астарында әлемді билеу сияқты империялық пиғылдың жатқандығына қазір әлемде жүріп жатқан шекарасыз саясат көз жеткізеді. Батыс ұсынып отырған еркін нарықтық экономиканың да, жаппай мәдениеттің де басты мақсаты мемлекеттік шекараларды бұзып, олардың материалдық байлықтарын иемдену; ұлттық болмысынан айыру арқылы, американдық мәдениетке көшіру. Өмір сүру үшін қажетті материалдық байлықтарынан, рухани құндылықтарынан айрылған халықты бағындыру оңай. Қоғам дамиды, өмір өзгеріп отырады. Сонымен бірге ғылым-білім өсіп, мәдениеттер толысып, жаңа құндылықтар өмірге келіп, адамның сана-сезімінде, рухани тіршілігінде де жаңарулар туындап жатады. Батыс жаһандануды, сол арқылы әлемге таңылып жатқан американдық өмір салтын қоғамдық дамудың заңдылығынан, заман қажеттілігінен туындаған заңды құбылыс санайды. Жаһанданудың қаншалықты өркениетке апарар қоғамдық, экономикалық мәдени дамудың тура жолы екендігіне оның мәдениет, әдебиет саласындағы негізгі ұстанымдарына зер салғанда, көзіңіз жетеді.
Әлем, біздің қоғам және қазіргі заманғы ғылым алдында пайда болған жаңа мәселелер өзінің шығармашылық деңгейден қайта қаралуын, қалыптасып қалған ескі түсініктерді жеңуді, практикалық мәселелердің шешімдері көшірмелерінен бас тартуды және ой жүйесін қайта құруды талап етеді. Соңғысы әлеуметтік қызмет бағасына байланысты сұрақтарды күннен күнге өткір қоюда. Өйткені тарихи мақсаттар ауқымының өсуі өлшеміне байланысты жауапкершілікті, саналы әрбір адамның қоғам ісіне белсенді араласуы арта түседі, күшейеді.
Тарихтың енжар объектісі болудан бас тартып, оның белсенді субъектісіне айналған халық бұқарасының белсенді шығармашылығы, тәжірибесі - бүл әлеуметтік қызметтің басты мәселесі. Мәселеге қызығушылық - қоғам болашағының көпшіліктің саналы шығармашылығымен байланысты болуында. Сондықтан нақты қоғамдық ақиқат талданылымы әлеуметтік қызметке батыл түзетулер енгізеді. Демек, теория практикаға жол салады, экономикалық, мәдени өмір басқарылымына ғылыми тұрғыдан келуді қамтамасыз етуі керек. Осымен бірге, жалпы философиялық-әлеуметтанымдық білім нақты тарихи фактілермен және оқиғалармен негіздік байланыста болып, адамдардың әлеуметтік қызметі үшін бағыттаушы да болады.
Қоғам өмірінің барлық жақтарын қазіргі уақыт талаптарына сай жеделдету таным алдына үлкен міндеттер жүктейді. Өйткені болашақ даму қажетті әлеуметтік және өндірістік өзгерістерді жүзеге асыруда көпшіліктің және сол сияқты жеке адамдардың қызығушылықтары түсінігінсіз мүмкін емес. Қоғамның барлық ішкі кең көлемді өзгерістері, тарихи сұраныстар түсінігінің болмауы және оның практика жүзінде іске асырылуына сенімнің жоқтығы келеңсіз салдарларға ұшыратады .
Осындай жағдайда әлеуметтік таным дамуындағы бастысы -- оның жаңа мазмұнмен байытылуының керек болуы, әлеуметтік қызметтің көптеген түрлеріне өрістеу жолымен тереңдеуі. Өз кезегінде ол, негізінде саяси және басқа кепілдемелер, келешекте олардың тиімді пайдаланылуы үшін ғылыми рецепт жасауға мүмкіндік беретін қатаң белгіленген әлеуметтік негізге бағытталған болуы керек. Әлеуметтік таным принциптерінің өзіндік дамуына адамдардың нақты тарихи қалыптасқан және өзгерген әлеуметтік қызмет түрлері арқылы жалпыға ортақ, әмбебап әлеуметтік байланыс орнатулары өтетін, танымға себепші болатын, оның әлеуметтік мазмұнын байытуға көмектесетін талдау әсерін тигізеді.
Біз бұл ретте жаңа құндылықтар жүйесіне тезірек бейімделіп кеткен, болашаққа жаңаша көзқарасы бар жас ұрпаққа сүйене отырып, бұқаралық сананы төзімділікпен жаңғыртуға тиіспіз.
Адамның ой-санасын бір сәтте өзгерту мемлекеттің қолынан келмейді. Бірақ мемлекет өзгерістер үрдісін, объективті тенденцияларды түсіндіру, маңызды ақпаратты халыққа жеткізу жолымен және де, ең бастысы, өзіндік молшылыққа бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру жолымен жеделдетуге қабілетті. Адамдардың жаңа дүниетанымы қалыптасқанша ондаған жылдар қажет болады" .
Алайда, еркін кәсіпкерлік пен пайда табуға ұмтылушылықты дамудың қозғаушы күші деп білетін Адам Смит тұжырымы бүгінгі әлемде салтанат құрып тұр. Өз елдеріндегі күшті әскери қуат пен трансұлттық компаниялардың көл-көсір байлығының шексіз мүмкіндігіне арқа сүйеген, адамзат өркениетінің біз әлі қадіріне жетіп болмаған жаңалығы - ғаламдық ақпарат алмасу жүйесін шебер жолға қоя білген бүгінгі Адам Смит ізбасарлары Платон мен Марксті тәрк етіп қана қоймай, "байлық - біз іздеп жүрген нәрсе емес, ол тек сол нәрсені іздеп табу жолында пайдасы тиетін дүние ғана" деген Аристотельдің уәжіне де әжуамен қарайды... Хайек пен Поппердің жеке адам құқығы мен өндіріс құралдарына тұтастай жеке меншікті бәрінен биік қоятын "ашық қоғам" туралы идеясын ту еткен "жаңа оңшылдар" қазір батыстың дамыған елдерінің бәрінде дерлік билік тұтқаларын иемденіп бітті. Олар, тіпті, соғыстан кейінгі жылдары өз елдерінде социализм емес, бірақ "жалпыға бірдей молшылық қоғам орнатуға" тырысып, халыққа әлеуметтік қамқорлық жасау жүйесін жан-жақты құрып кеткен саясаткерлердің аға ұрпағының іс-әрекеттеріне консерваторшылдық деп баға бере бастады. Қысқасы, ақпарат пен қаржы желілері арқылы біртүтас кеңістікке айналған дүниедегі адамдардың бәріне өндіруші немесе сатып алушы деп қарау, ал экономикалық байлықты әлемге билік жүргізудің басты құралы деп бағалау батыс елдеріндегі ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағытына айналған сыңайлы.
Әр ұлттың ділі, яғни менталитеті туралы мәселе әлемдік әлеуметтік-гуманитарлық ғылымындағы өзекті тақырыптардың бірі. Қаржы мен ақпарат ағынына шекара сызықтары бөгет бола алмайтын, адамдардың бір елден екінші елге жүріп-тұруына ешқандай шек қойылмайтын қазіргі өркениетті әлемдік құрылым жағдайында кез келген ұлт өзінің болмыс-бітімін тілі мен ділін, мәдениеті мен әдет-ғұрпын аман сақтау арқылы ғана қорғауға тырысады. Сондықтан олар дәстүрлі мәдениетін дамытуға, әдет-ғұрыптарын атадан балаға таза жеткізуге күш салады. Сан ғасыр бойы жер шарының әр қиырында шашырап жүрген еврей халқы ділінің мықтылығының арқасында жерін қайтарып, дербес мемлекетін орнатып, ғасырлар тозаңының астында ұмытылуы мүмкін-ақ тілін қайта тірілтіп алды. Оған, керісінше, қырық рудан құралған ең жас этностардың бірі американдықтар, салыстырмалы түрде аз уақыт шегінде халықты топтастыратын ортақ діл жасап, әлемдік өркениет дамуының көшбасшысына айналып отыр. Ал этностық жіктелу қатерінен арылмай отырған өзге халықтар қасіретінің негізгі сыры - осы ортақ ділдің болмауында жатыр. Тіпті, "кеңес халқы" деген жаңа этнос қалыптастырдық деп 70 жыл бойы жар салған КСРО-ның ыдырауына да себеп болған осы: оның құрамындағы этностардың ғасырлар бойғы төл ділін сақтап қалуы.
Қазіргі кейбір қоғамтанушы ғалымдар қазақ ұлтын "жас ұлт" деп атап жүр. Егер халқымыздың орта жасына қарап бағалайтын көзқарас тұрғысынан алсақ біз, шынында да, жас ұлтпыз, ал тарихи-әлеуметтік даму тұрғысынан алып қарағанда, қазақтар - ортақ тілі мен ділі әлдеқашан орныққан, өзін-өзі сақтау рефлексі қалыптасқан, сыртқы ықпалды әсерлердің қай-қайсысына да алдырмай, болмыс-бітімін таза сақтаған байырғы этностардың бірі.
Ұлттың өзін-өзі сақтау рефлексі мәселесі де, тереңдей зерттеуді қажет ететін, халықтың ғасырлар бойғы қалыптасқан әдет-ғұрпында көрінісі сақталған күрделі тақырып.
Тек осындай келісімнің қажеттілігі XX ғасыр дамуы тенденцияларының өрістеуімен және жаһандастыру белгісімен постиндустриалды ақпараттық мәдениеттің қалыптасуымен дәлелденді. Адамзат шын мәнінде бірлескен әрекет пен экономикалар, саясаттар, тілдер, мәдениеттер, адамдар өмірлік әр түрлі практикалар мен жүріс-тұрыс түрлері қатынасының жаңа дәуіріне кірді. Келісім әмбебаптығы тарихи тәжірибенің өзімен дәлелденді. Бүгін келісімді орнату үрдісінен бірде-бір адамды, этнос, халық, мәдениет, әлеуметтік топты шығаруға, бөлектеуге, "тырнақшаның сыртына шығаруға" болмайды. Ол қазіргі заманның үзілді-кесілді анықтаушысы.
Қазақстанда да қазірдің өзінде осындай бірегейлену үрдісі жүріп жатыр. КСРО ыдырағаннан кейінгі кезеңде адамдар өздерінің болашақ ұрпақтары өсіп-өркендер Отанын таңдау құқығын жүзеге асыруда. Бұған азаматтық алу, жаңа төлқұжат беру т. б. шаралар он ықпалын тигізді. Ендігі міндет - текке, түрге бөлінбей, барша қазақстандықтар болып, ортақ жалпы ұлттық идея, саяси құндылықтар негізінде Отанымызды өркендету.
Осы орайда, біздің мемлекетіміздің халықаралық тіл - ағылшын тіліндегі жазылуын бір үлгіге түсіру қажеттігін айта кету қажет. Мемлекетіміз бұрын "Kazakhstan" деп жазылатын. Кейін қай білгіштің өзгерткенін білмеймін "Kazakstan" болып жазыла бастады. Ал бүл атау арқылы бізді мәселенің мән-жайына мән бере білмейтін қарапайым шетелдіктердің көпшілігі кезінде отарлау саясатының қолшоқпарына айналып, әпербақандықпен аты шулы болған "казактармен" шатастырады. Олар "казактар", біз "қазақтармыз" деп қай адамға түсіндіріп жатарсың. Сондықтан мемлекетіміздің бастапқы ағылшынша аталуын қалпына келтіру қажет.
Тіл - ұлттық бірегейліктің негізі, яғни әрбір халықтың өзіне ғана тон ділі, дүниетанымы, діні, мәдениеті осы тіл арқылы ғана сақталып, дамиды. Ал жоғарыда айтқанымыздай, кез келген мемлекеттің құрылғандағы мақсаты белгілі бір ұлттың бірегейлігін сақтау болып табылатындығын еске алсақ, (онсыз мемлекет мәнін жоғалтады), онда Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде өркендеуі өзінен-өзі түсінікті жайт. Мемлекеттік ұлттық саясатты қазақ ұлтын өркендетуге, азаматтық ұлтты қалыптастыруға қарай бағыттаған жөн.
Алайда отарлық күйден дербес мемлекетке айналған елде мемлекеттік тіл бірден өз күшіне толық ие болып кете алмайды. Ұзақ уақыт бойы бұрынғы үстем тіл қосамжарланып мемлекеттік тілмен қолданыста жүреді. Үндістанда ағылшын тілі, Алжирде француз тілі сондай рол атқарған. Қазақстанда да қазір орыс тілі осы рөлді атқарып отыр.
Сондықтан, қазақ тілі неге бірден мемлекеттік тіл міндетін атқарып кете қоймады деп, шыдамсыздық танытудың қажеті жоқ. Бұған, әзірше екі жағдай қолбайлау болуда.
Біріншіден, объективті және субъективті себептердің әсерінен еліміз халқының бірқатар бөлігі (оның ішінде өзге этностық топтар өкілдерімен бірге өзіміздің қазақтар да бар) қазақ тілін толық дәрежеде меңгермеген.
Екіншіден, қазіргі заманғы сан-салалы қызметтерді атқаратындай қазақ тілінің ғылыми терминологиясы толық қалыптасып бітпеген.
"Ұлттық идея" (ұлттық идеология емес), "ұлттық мүдде", "ұлттық рух", "ұлттық намыс" және "ұлттық экономикалық жүйе" деген мәселелер - философия мен саясаттану ғылымындағы күрделі мәселелер екені рас. Бір қоғамға, бір елге катысты болғандықтан бүл үрдістердің дамуы арасында өзара тығыз байланыс, өзара ықпалдастық болатыны да түсінікті. Алайда ұлттық тәуелсіздіктің тағдырын осы ықпалдастықтың оңтайлы үлгісінің табылу-табылмауына апарып тіреп қоюға болмайды. Соңғы жылдары қауырт дами бастаған отандық философия мен саясаттану ғылымында бұл үш мәселені жеке-жеке де, бір-бірімен байланыстырып та ғылыми зерттеу ісі қолға алынды. Алғашқы нәтижелер жаман емес. Тек сол ғылыми зерттеулер нәтижесі үкімет мүшелерінің назарына ілініп, күнделікті іс-тәжірибелерінде басшылыққа алынса екен. Оларды қадағалап оқып отыру журналистерге де артық жүк болмас еді.
Бізде мемлекеттік идеология деген жоқ. Кешегі кеңестік қоғамда мемлекеттік идеология ретінде жұрттың бәрінің санасы мен көзқарасын темір құрсаудың шеңберінде ұстауға тырысқан "марксизм-ленинизмнен" тартқан зардабымыз есіңізде болар. Тек демократия принциптеріне негізделген қоғам ғана өркениетті жолмен дами алады. Шынында да адамдардың бір қоғамда ынтымақтаса тіршілік етуінің әзірше "демократиядан басқа ойлап табылған үлгісі жоқ". Ол қоғамда ор алуан пікірлер мен көзқарастардың, яғни әр түрлі идеологиялық ұстанымдардың өмір сүруі қалыпты құбылыс болып табылады. Адамдар әлеуметтік мүдделері мен мұрат-мақсаттарына орай сол әрқилы идеологиялық ұстанымдарды ту етіп көтерген әр түрлі саяси ұйымдарға (не партияларға) біріге алады. Біздің Ата заңымызда да осы принциптерді ұстанатынымыз жазылған. Бірақ, бұдан мемлекет ұстанатын идеялық құндылықтар болмайды деген пікір тумауы қажет. Мемлекет халықты іштей топтастырып, біріктіретін, ілгері дамуға жетелейтін, көпшіліктің мүддесіне сай келетін жалпы ұлттық идеяны темірқазық етіп ұстайды.
Көп елде бұл "ұлттық идея" деп аталады. Бізде Қазақстанда да "ұлттық идея", яғни "қазақ ұлтын немесе қазақстандықтарды топтастыру идеясы" халықты біріктіруші идея болуы керек. Мұны қазіргі таңдағы жалпы ұлттық-мемлекеттік идея деп атасақ та артық болмас.
Екіншіден, біз әлі күнге дейін "мемлекеттік" және "ұлттық" деген ұғымдарды ескі кеңестік көзқарас тұрғысынан түсінеміз. Қазақстан тәрізді біртүтас унитарлық елде "ұлттық" пен "мемлекеттік" сөздері бір ғана мағынада қолданылуы қажет. Әлемдік түсінікте де солай. "Ұлттық мүдде" десе, мемлекеттік мүддені түсінеді. "Ұлттық идея" десе, мемлекеттік идея деп біледі. Біз де бұдан былай осы түсінікті бойымызға сіңіруіміз қажет.
Біздің Президентіміз айқындаған "Қазақстан-2030" стратегиясының негізінде ұлттық идея жатыр. Осы еңбектерде қазақ ұлтын және басқа да этностарды іштей біріктіріп, дамытудың бағыт-бағдары жақсы ашылған.
Ағылшынның ғана емес, адамзат тарихында аты қалған атақты саяси қайраткер Уинстон Черчилль "экономика ұлттық болу қажет" деген сөзді осыдан жарты ғасыр бұрын айтса да, бүл пікір өзінің маңызын әлі жойған жоқ, керісінше, ол кезде күшін енді ғана көрсете бастаған "трансұлттық" компаниялар ауқымдана-ауқымдана келе әлемдік экономикада ықпал аймағын өзара бөлісіп болған казіргі біздің заманымызда, тіпті, бұл ең өмірлік мәселеге айналды. Және бұл тек Англияға немесе Қазақстанға қатысты ғана мәселе емес, бүкіл әлем елдерінің кез келгенінің басында бар жағдай.

2. ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ТАРИХИ САНА МӘСЕЛЕСІ.
2.1. Тарихи сана трансформациясы.
XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік дамуда жаһандану үрдісі басталып, тез қарқын алды. Дамыған елдер барынша үстемдік жүргізу әрекеттеріне қарай (АҚШ және оның, ең жақын әріптестері), географиялық орналасуына қарай (Батыс Еуропадағы мемлекеттер, Шығыс Азия елдері), көмірсутегі шикізатын шығару мүмкіндігіне қарай (ОПЕК елдері) топтасып алып, ықпал жүргізу аймақтары үшін, тауар шығару елдері үшін нағыз талас пен жанжал басталды. Жаһанданудың басты бір талабы қандай да болсын бір қауымдастықтың құрамына кіру қажеттігі болып қалды.
Осындай жағдайда Қазақстан өзінің дербес дамуын жаһандану үрдісімен үйлестіруге мәжбүр болады. Былай алып қарағанда, еліміздің өз еркімен өркендеуіне барлық мүмкіндіктер бар сияқты. Қазба байлығымыз жеткілікті, шетелдік инвестициялармен бірге жаңа технологиялар да келіп жатыр, ойлы да байыпты саясаттың арқасында кадрлар даярлау ісі де оңалып қалды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендікпен айтып жүргеніндей, жаһандану жағдайында шикізатқа бай елдердің жұлдызы жанады. Олай болса, ата-бабаларымыз бізге мұра ретінде қалдырған жердің қойнауындағы байлық, егер дұрыс және тиімді пайдалана білсек, ұтымды саудалай алсақ, еліміздің өркендеуіне негіз, халқымыздың әл-ауқатының артуына азық бола алады. Алайда сол байлықтарымызды өндіру де, оны өнімге айналдыру да, сыртқа шығарып сату да Қазақстанның әлемдегі талай-талай елдермен ықпалдастықта болуын, интеграцияға түсуін талап етеді.
Ендігі міндет Азияның барысы болуға ұмтылған мемлекеттің даналық пен әккілікті, айбат шегу мен икемділікті катар алып жүруінде болса керек. Мұндайда жақсы мағынасындағы мемлекеттік шамшылдық та, ақылды тәуекел де қажет. Осы айтылғандарды ой сарабына салып көрсек, Республика Президентінің Орталық Азия мемлекеттерімен экономикалық қауымдастықты, Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан кіретін Еуразиялық экономикалық қауымдастықты дамытуға, Шанхай ынтымақтастық ұйымын Қазақстан үшін барынша тиімді пайдалануға жанын сала әрекет етіп жүргенін түсінуге болатындай. Бүгінде Қазақстан ішкі дербес дамуын жалғастыра отырып, дүние жүзінің барлық бұрышынан өзіне сенімді әріптестер іздеуде. Бұл тұрғыдағы әрекеттердің де нәтижесіз емес екеніне көзіміз көріп жүр.
Егер бүгінгі заманның жаһандық мәселелері тоғысын мұқият сараласақ, олардың бір-бірімен іштей байланысып жатқандығына көз жеткізу қиын емес. Мұның өзі оның әрқайсысын басқаларымен бірге кешенді қарастырғанда ғана толық шешуге болады деген соз. Мәселен, дамушы елдердегі көптеген мәселелер кедейліктен туындап отыр, яғни екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары адам басына шаққандағы ұлттық табыс деңгейі тұрғысынан дамыған және дамушы елдер арасындағы айырмашылық елеулі болса, қазір бұл айырмашылық тіпті өсіп кетті.
XXI ғасырда ғылыми жаңалықтар мен зерттеулердің мәні өлшеусіз өсетін болып отыр. Мұның өзі республика зиялылары мен ғалымдарынан жаңа технологиялар мен техникаларды талдап жасауға барынша ден қойып, оларды ел игілігіне қызмет еткізуді, Қазақстанның Ресей және Қытай сияқты ұлы көршілерімен тарихи тағдырластығының, Орта Азиядағы елдермен туыстық тағдырластығының дәнекерлерін тауып, солардың негізінде бүгінгі ынтымақтастықтың қажеттігін ғылыми негіздеуді талап етеді.
Қазақстан дербес дамуды үйренді, сол жолмен нық жүріп келеді. Енді жаһандану жағдайында өзі соған кіріге отырып, оның серпінділігін сезінуші жақ қана емес, сездіруші жақ ретінде де әрекет етуді игеруі керек.
Қазақстан Республикасы аталатын жаңа мемлекеттің әлемдік қауымдастық қатарына қосылғанына биыл он жылдан асты. Он жыл деген ұлан-ғасыр тарих көшінің биігінен қарағанда қас қағым сәт іспетті көрінер, сірә. Бірақ, бұл сыртқы эсер ғана. Сол он жылда аласапыран оқиғалар арасында, бұрын табынып келген мұраттарымыз бен құндылықтарымыздан қинала арыла отырып, өзін-өзі өзгертудің қиын жолынан өткен, қанша қиналсақ та, ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіз еліміздің бұғанасы бекіп, әлемдік қауымдастық төрінен салиқалы орын иелене бастағанына шүкіршілік ететін біз - барша қазақстандықтар өзгелерге қас қағым сәт сияқты көрінер осы кезеңді жүз жылға балар едік. Бұл пікіріміздің дұрысы мен бұрысын болашақтың тарихшылары таразылай жатар. Ал біздің бүгінгі анық ұққанымыз және өзгелерге де ұқтырғанымыз: қазақ деген халықтың қазіргі заманғы үлгідегі дербес мемлекетін құрып, жаһандану заманында ешкімге жалтақтамай, өркениетті елдер тәрізді өмір сүре алатындығы.
Кез келген мемлекеттің әу бастағы құрылу үрдісі оңай болмаған. Анау Американы алыңыз, бергі Батыс Еуропа мемлекеттерінің тарихына үңіліңіз, қазіргі Африка мен Азияда өтіп жатқан оқиғаларды зерделеңіз. Қайда қарасаңыз да, жаңа мемлекеттің қаз тұрып, болашаққа кадам басуы сыртқы және ішкі мүдделер қақтығысынан, қанқұйлы соғыстардан кейін ғана барып жүзеге асқан.
Әлемдік жаһандану үрдісі жағдайында ақпараттық, технологиялық бәсекеге төтеп бере алмай, өзіңнен-өзің өркениет арнасының жиегіне шығып қаласың. Әсіресе, мұндай қатерден жері ұлан-байтақ, сол жердің қойнауындағы игерілмей жатқан байлығы одан да ұшан-теңіз, бірақ салыстырмалы түрде саны аз, сондықтан оң-солымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмысқа орналасардағы гендерлік дискриминация
Жаһанданудың қазіргі заман теориялары
Жаһандану дәуіріндегі мәдениеттің әмбебапталуы
Мәдени модернизацияны арнайы зерделеудің басты тақырыбы мәдени модернизация
Қоғам, дін және мәдениет
Саяси процестегі БАҚ рөлі
Философия дәрістер
Қазіргі кезеңдегі діндегі эволюция пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Этнопсихологиядағы ұлттық мәселелер
Дүниеге көзқарас түрлері
Пәндер