Құрылысты салу кезіндегі техникалық қауіпсіздік



1. Құрылысты салу кезіндегі техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1. Жер жұмыстарын жүргізудегі техникалық қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ..
1.2. Құрастыру жұмыстарының техникалық қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... .
2. Бетонмен жұмыс кезіндегі техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1. Тастарды төсеу жұмыстарындағы техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... .
2.2. Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды дұрыс пайдалану ... ... ... ...
3. Ғимарат үстін жабудағы техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4. Өңдеу жұмысы кезіндегі техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5 Электрмен жұмыстағы техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6. Құрылыс машиналарын пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
7 Құрлыстан тыс жердегі техника мен адамдар қауіпсіздігін сақтау ... ...
8 Өрт профилактикасы жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
9 Электрмен дәнекерлеу (сварка) жабдықтармен жұмыс ... ... ... ... ... ... ...
10 Ғимаратты кептірерде өрт қауіпсіздігін жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
11 Отқа қауіпті заттарды дұрыс сақтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Жер жұмыстары өндіріс жұмысының бекітілген жобасымен ғана жасалады. Егер сол ауданда жер жұмысы болса, сол жерді қазу сол ағымды баптайтын ұйымның өкілі арқылы жасалады. Қазылып жылжытылған жерге көлікпен жер қазатын машиналар толығымен жарықтандырылып 0,5 м дейін тақалмауы қажет. Түнде жұмыс істегенде жұмыс орындары мен жер қазатын машиналар толығымен жарықтандырылуы қажет. Экскаватормен жер қабаттарын өңдеу кезінде жұмыскерлерге экскаватор шөмішінің астында тұрып жұмыс істеуге болмайды. Басқа адамдар экскаватордың жұмыс істеу радиусынан 5 м қашықтықта болуы керек. Экскаватор тек тегіс жолмен қозғалуы керек, ал бос қабаттарда шпал қою арқылы жылжиды. Скрепердің жұмыс кезіндегі мынандай боялған бөлмелерге адамдарды 4 минуттан артыққа кіргізбейді.
Жарақат алудың 10% жердегі жұмыстар кезінде болады. Қайғылы жағдайлардың негізгі себептері:
- топырақ қабатының бостығы, дұрыс бекітілмеуі;
- биікті сақтамай, бекіту құралдарының бостығынан;
- бекіту жабдықтарының тәртібін сақтамаудан;
- еңіс жерлерде тас т.б. заттарды төмен түсіру кезінде;
- қауіпті жерлерге техниканың тақау келуінен;
- топырақты машинаға арту кезінде техникалық қауіпсіздікті сақтамаудан;
- түнде, тұман мен қысқы қауіпсіздікке мән бермегендіктен;
- қатып қалған желеде жұмыскердің байқамай құлауынан.
Коммуникация өтетін жерлердегі жұмыстар тиісті рұқсат берілгеннен кейін жасалады, оның өзінде қол жұмысымен байқап істеледі. Ұрып-соғу т.б. жолдарға тыйым салынады. Қазылған жерлер көшеде, аулада т.б. болса да, сол жерді арнайы қоршаумен қоршап тастайды, әрі белгілер қойылады. Қазылған

жерден алынған топырақты 0,5м жерге тастайды. Қазылған жерден тереңдігі 3м дейін, не одан терең болса түрлі қорғайтын жабдықтар пайдаланылады. Жобада осының бәрі көрсетілген.
1.ҚНжЕ III-4-90."Жұмысты жургiзу жэне қабылдау.
Құрылыстагы техника қауiпсiздiгi’’
2.ҚНжЕ 3.01.01 ‘’Құрылыс өндерiсiн ұйымдастыру’’
3.Одинцов В.П. ’’Жұмысты жүргiзу жобасын жобалауға
анықтама’’ Будивильник, 1982
4.Усик С. А. ‘’Азаматтық және өндiрiстiк ғимараттарға курстық және диплом жобасын жасауға методикалык нұсқау.
5.ДикманЛ.Г.’ Құрылыс ондiрiсiн жоспарлау, басқару және ұйымдастрыру‘’ Жоғарғы мектеп баспасы ‘’ 1982 г
6.А.Ф. Гаевой,С.А. Усик «Курсавое и дипломное проектирование»
1987-264
7.Справочник мастера-сторителя, Москва Стройиздат 1989г.
8.Справочник по разработке проекта производства работ В.П.Одинцов
9.Производство строительных работ И.И.Вульчин

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
6.1.1. Жер жұмыстарын жүргізудегі техникалық қауіпсіздігі

Жер жұмыстары өндіріс жұмысының бекітілген жобасымен ғана жасалады. Егер сол ауданда жер жұмысы болса, сол жерді қазу сол ағымды баптайтын ұйымның өкілі арқылы жасалады. Қазылып жылжытылған жерге көлікпен жер қазатын машиналар толығымен жарықтандырылып 0,5 м дейін тақалмауы қажет. Түнде жұмыс істегенде жұмыс орындары мен жер қазатын машиналар толығымен жарықтандырылуы қажет. Экскаватормен жер қабаттарын өңдеу кезінде жұмыскерлерге экскаватор шөмішінің астында тұрып жұмыс істеуге болмайды. Басқа адамдар экскаватордың жұмыс істеу радиусынан 5 м қашықтықта болуы керек. Экскаватор тек тегіс жолмен қозғалуы керек, ал бос қабаттарда шпал қою арқылы жылжиды. Скрепердің жұмыс кезіндегі мынандай боялған бөлмелерге адамдарды 4 минуттан артыққа кіргізбейді.
Жарақат алудың 10% жердегі жұмыстар кезінде болады. Қайғылы жағдайлардың негізгі себептері:
- топырақ қабатының бостығы, дұрыс бекітілмеуі;
- биікті сақтамай, бекіту құралдарының бостығынан;
- бекіту жабдықтарының тәртібін сақтамаудан;
- еңіс жерлерде тас т.б. заттарды төмен түсіру кезінде;
- қауіпті жерлерге техниканың тақау келуінен;
- топырақты машинаға арту кезінде техникалық қауіпсіздікті сақтамаудан;
- түнде, тұман мен қысқы қауіпсіздікке мән бермегендіктен;
- қатып қалған желеде жұмыскердің байқамай құлауынан.
Коммуникация өтетін жерлердегі жұмыстар тиісті рұқсат берілгеннен кейін жасалады, оның өзінде қол жұмысымен байқап істеледі. Ұрып-соғу т.б. жолдарға тыйым салынады. Қазылған жерлер көшеде, аулада т.б. болса да, сол жерді арнайы қоршаумен қоршап тастайды, әрі белгілер қойылады. Қазылған

жерден алынған топырақты 0,5м жерге тастайды. Қазылған жерден тереңдігі 3м дейін, не одан терең болса түрлі қорғайтын жабдықтар пайдаланылады. Жобада осының бәрі көрсетілген.

6.1.2. Құрастыру жұмыстарының техникалық қауіпсіздігі

Құрастыру жұмыстарын бастамас бұрын мынадай шаралар орындалуы қажет:
- жинақтау алаңында ескерту белгілері мен инвентарлық қоршаулардың дайын болуы керек;
- қажетті мөлшерде тесіктерді жабу үшін жиналмалы баспалдақтар мен инвентарлық тақталар болуы керек;
- мөлшерлі түрде жинақтау және жүкті ілу құралдарымен қамтылуы керек;
- жинақтаушылар, электрмен дәнекерлеушілер және басқада жұмыскерлердің қауіпсіздендіру каскаларымен, сақтандыру белдіктерімен жарақтандырылуы керек;
- инвентарлық тұрмыстық бөлмелерге тисті қондырғылардың қойылуы;
Құрастыру жұмыстарының технологиялық жолын екі топқа бөлуге болады:
- жобадағы құрастыру жұмыстарына байланысты процесстер (қою, бекіту, құрастыру,көтеру т.б.);
- электрмен дәнекерлеу әрі жіктерді бітеуде: көтерілетін зат ең алдымен шаңнан, кіден тазартылады, көтергенде шайқалып қозғалудан сақтап, орнына қойылғаннан кейін бекітіледі, соңында ілгектен ағытылады.
Найзағай болғанда, қар, жаңбыр кезінде күші 15мс желде жұмыс толықтай тоқтатылады. Баспалдақтар, ілініп қоятын құрастыру заттары жобаға сай тәртіпте атқарылады.
Темір конструкцияларды құрастырудң өзіндік ерекшеліктері болады:
oo көтергенге дейін оларды бір біріне қосады;
oo байланыстыру үшін жабдықтарды пайдаланады жене осал тұстарына діңгектер мен пластиналарды қолданады.
Көтеретін салмақты (затты) арнайы ұстатқышпен атқарады. Оған әр түрлі жабдықтар дайын тұруы қажет (арқандар, темір тетіктері т.б.).
Объектіде келесі техникалық құжаттар болуы қажет: монтаждық бөлімдер мен тетіктері бар архитектуралық құрылыстық жоба; жинақтау жұмысына өндірістік жұмыстарға жоба; қосалқы жұмыстар мен бұйымдарды жинақтау КТП; өндірістік жұмыстар журналы; жұмыскерлерді техника қауіпсіздігі ережесімен таныстыру журналы; инвентарларды, құралдарды өндіріс жағдайында тексеру актісі; жүк көтергіш қондырғыларын тексеру журналы; жасалған конструкцияларды тексеру журналы.
Салынып жатқан объектіге келіп түскен техникалық ұйымдастыру құжаттары өндіріс жұмысындағы бас инженермен бекітілуі қажет. Құрылыс өндірісіндегі жұмыс орнынын шашылып жатуы, құралдарды дұрыс сақтамау қайғылы жағдай туғызуына себеп болуы мүмкін.
Жоғарыда жұмыс істегенде құралдар арнайы жәшіктерде сақталуы керек. Үзіліс кезінде жоғарғы жаққа құрал қалдырып кетпеу керек, ол адамға құлауы мүмкін. 20° жоғары көлбеу орналасқан кіреберістің жабдықтануы 0,6 м-ден, ал кіреберістің биіктігі 1,8 м кем болмауы керек.
Жинақтау жұмыстарына жасы 18 толған, дәргерлік тексерістен өткен және арнайы инструктаждан өткен куәлігі бар адамдарға рұқсат етіледі.
Техника қауіпсіздігімен әр 3 ай сайын таныстырылып тұрады. Жұмысқа қабылданған жинақтаушылар еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау керек.

6.2. Бетонмен жұмыс кезіндегі техникалық қауіпсіздік

Арматураны дайындау жұмыстарында, жұмыс орнын қоршау керек. Дайындалған арматураларды сақтау үшін арнайы орындар жасалады. Жүретін жерлер ашық жерлер жабылады. Арматурамен жұмыс кезінде, жұмысшылар өтіп жүретін жерде һ=1,8 деңгейде қорғайтын жабдық жасалады. Конструкцияларды
отырғызу, құрау кезінде арасына салынатын бетон қоспасының беріктілікке тексерілуі тиіс.
Әр ауысым сайын қауіпсіздік жабдықтары толық тексеріліп отырады. Сұйық заттарды көтеретін ыдыстардың бүтіндігі көтеру ілгектерінің мықтылығы мұқият тексеріледі. Сұйық құйылатын ыдыс пен бетон төселген жердің арасы 1м болуы керек. Бетон қатқан кезде оның сыртындағы қорабы алынады. Осы кезде қорабтың құлауын болдырмауға назар аударылады. Құлаған жағдайда ағаш жабдықтарды сындырып кетуі мүмкін. Бетонды ұрып тығыздайтын жабдықтармен жұмыс кезінде сақ болған дұрыс.
oo жабдықтарды қолмен дұрыс ұстау;
oo жұмыс алаңында басқаның болмауы;
oo жабдық гайкаларын қатты бұрап отыру керек;
oo аппарат әр 30-35мин кейін сөндіріліп, салқындатылып отырады.

6.2.1. Тастарды төсеу жұмыстарындағы техникалық қауіпсіздік

Тастарды төсеу жұмысындағы іс шаралар екі топқа бөлінеді:
oo биік жерлерде жұмыс істегенде;
oo нолдік деңгейден төмен жерде жұмыс істегенде.
Ірге тастарды қоярда, траншея мен құдақтармен жұмыстарда сақтандыру құралдарының мықтылыққа тексерілуі қажет. Кран жүретін жолдар мен басқа техниканың жүру реті, төмен түсетін жердің еңкітігі жұмысқа сай болуы қажет. Қалау, құрастыру жұмыстарында техникалық қауіпсіздік естен шықпауы қажет. Көтеретін ағаш заттар, балкон бөліктері, терезе, есік, темір бетон, т.б. заттарды мұқият атқару керек.
Терезе орнату жұмыстарында қауіпсіздікке екі есе мән бөлу керек.
Сақтандыру бекіністерін қою:
- 6 м биіктікке дейін;
- әрқайсысының арасы 6-7метр болады.

6.2.2. Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды дұрыс пайдалану

Барлық жабдықтар қысымға, төзімділікке тексеріледі, оның ішінде монометрлер тиянақты тексеріледі. Одан кейін клапандардың тексерілуі керек.
Балон газдарын пайдаланғанда: балондар жылу орындарынан 1м қашықтықта тұрады. От жанып тұрған жерден 5м қашықтықта қойылады. Газ толтырылған балондар арнайы орында сақталып күзетіледі. Балондар тұратын қоймалар желдетілетін т.б. жабдықтармен қорғалады. Бұл орындарға оқытылған мамандар ғана кіріп-шыға алады. Балнарды автокар немесе ресорлы машинамен, арнайы арқылы нерантар тасымалдайды.
Газ толтырылған балондар әр түстерге боялынады. Мысалы,кислород толтырылған балон көгілдір түсте қоңыр жолақты болады, әрі арнайы жазумен белгі жазылады.

6.3. Ғимарат үстін жабудағы техникалық қауіпсіздік

Ғимарат үстіндегі жұмыстың қуіпсіздігінін іс-шаралары:
oo жақтау, қалқанның (парапет) мықтылыққа тексерілуі
oo жеңіл баспалдақ, басқыш (стремянка) тасымалдануы,төбедегі қауіпсіздік жіті қарастырылады
oo төбеге көтерілетін материалдар арнайы таралармен көтеріледі , құрал-жабдықтар, ағаштар, т.б. осылай көтеріледі
oo төбеде жұмсыс жасайтын адамдарға арнайы белдік, арнайы киімдер берілуі керек.
Төбе 20% еңкіш болса жұмыскерлерге тайғанамайтын аяқ-киімдер мен белдіктер беріледі. 15м.с қатты желде, мұз қатқанда, тұманда жұмыс істеу тоқтатылады.
Жұмсақ материалдарды төсеуде оның ішінде мастиканы әзірлеп, оны төбеге жеткізу кезінде қауіпсіздіке жол бермеу керек. Мастиканы ерітіп-қайнату арнайы
үлкен ыдыста жасалады, ыдыстың үсті бұралып жабылады. Арнайы шкала арқылы дйындық реті көрсетіліп тұрады. Котел (34) көлемде толтырылып, бір
жағына сәл енкіш қойылады. Дайын мастиканышағын жабын ыдыстармен (34) деңгейде толтырып көтереді.

6.4. Өңдеу жұмысы кезіндегі техникалық қауіпсіздік

Сылау-әрлеу жұмыстары.
Сылап-әрлеу жұмысындағы жарақат алудың басты себептері:
Жұмысшының жоғарыдан құлауы, тұрған орынынын сынып кетуінен, әктен күйіп қалу, химиялық басқа материалдардың әсерінен болады.
Қысқы уақытта ғимарат калорифермен жылытылады.
Қолдан жасалған жылытқыш құралдарын қолдануға болмайды.
Сырлау жұмыстары:
Малярлық жұмыстар орталықтанған жерде дайындалады. Жұмыс орындарында дайындалса, бөлме ауасы тазартылып отырады. Электр сырлағыш жабдықтарын пайдаланғанда от жағуға болмайды, электр нүктелермен жабдықталады.
Шынылау, қаптау жұмыстары:
Жоғарыға көтеру , шыныны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Астана қаласы Нұрсая ықшам ауданындағы жер асты автокөлік тұрағы бар тұрғын үйді жобалау
Құрылыс торын жобалау
Геодезия пәнінен
Алматы облысы жайлы
Құрастырмалы конструкцияларды монтаждау
Инженерлік геодезиялық ізденістер
Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талаптары
Құрылыста атқарылатын геодезиялық жұмыстар
Құрылысты геодезиялық сүйемелдеу
Жабын және ара жабындар құрастырмалы темірбетонды қуысты плитадан
Пәндер