Пантеизм, гуманизм, диалектика ұғымдары, Эмпиризм мен рационализмнің бір-бірінен айырмашылығы, Субстанция ұғымы,Готфрид Лейбниц, Дж. Беркли, Дж.Юм



1. Пантеизм, гуманизм, диалектика ұғымдары
2. Эмпиризм мен рационализмнің бір.бірінен айырмашылығы
3. Субстанция ұғымы
4. Готфрид Лейбниц, Дж. Беркли, Дж.Юм
1) Пантеизм (гр. pan – бәрі, tcheos – құдай) – Құдай мен әлем біртұтас деп танитын, құдіретті табиғатпен бірлікте қарастыратын философиялық ілім; Құдай барлығы деген ілім; бар ғаламды, табиғатты дәріптеу ілімі.
Пантеизм табиғаттың ішкі сырларын бейнесіз әлемдік рух деп танып, табиғаттан тыс бастамалардың барлығын жоққа шығарады. Пантеизм терминін философияға алғаш енгізген ағылшын философы Джон Иолланд (1670 – 1722) болды. Ол деизмді өткір сынға алып, дүниенің жаратылуын, жанның мәңгілік екендігін, о дүниедегі өмірдің бар екенін жоққа шығарды. Пантеистік идеялар үнді (брахманизм, индуизм, ведант), қытай (даосизм), ежелгі грек (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен) философияларында дамыды. Ежелгі грек философы Ксенофан өзінің пантеистік көзқарасында табиғатты сезіммен біліп болмайды, тек ақылмен ғана ұғынуға болады деп санады. Кейінірек стоицизмнің натурфилос. және этик. ілімдері пантеистік сипатта болды. Пантеизмнің натуралистік сипаттары И.С. Эриугена мен П.Абеляр ілімдерінде кездеседі. Материя, ақыл және құдай бір нәрсе деп, Пантеизмді материалистік тұрғыда алғаш тұжырымдаған Д.Динанский болды. Пантеизм қайта өркендеу дәуірінде кең өріс алды. Бұл дәуірдегі алғашқы Пантеизм өкілдерінің бірі Н.Кузанский болды. Ол “адам өзінің ақыл-ойының, іс-әрекетінің арқасында құдаймен қатар тұрады” деп тұжырымдады. Еуропада 16 – 17 ғасырларда пантеистік бағытты дамытқан Д.Кардано, Т.Кампанелла, Дж.Бруно, т.б. болды. Бруноның пікірінше, “табиғаттан тыс ешқандай күш жоқ. Табиғат өз заңдылығымен дамиды. Әлем мен құдай бір. Әлем – әмбебап бастама, сондай-ақ жалғыз ғана мәнділік”. Нидерланд философы Б.Спиноза пантеистік дәстүрге сүйене отырып, өзінің жан-жақты материалистік философиялық жүйесін қалыптастырды. Бұл ілімде “құдай” және “табиғат” ұғымдары бір-біріне барабар. Қазіргі кезде Пантеизм ғылымды дінге жақындастырумен, табиғаттың заңдылықтарын, ішкі сырын діни, мифтік тұрғыда сипаттаумен ерекшеленеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қазақша энциклопедия 7 том
2.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
3.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б.
4.Қазақ Энциклопедиясы, V-том

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СОӨЖ

Тақырыбы: Пантеизм, гуманизм, диалектика ұғымдары, Эмпиризм мен
рационализмнің бір-бірінен айырмашылығы, Субстанция ұғымы,Готфрид Лейбниц,
Дж. Беркли, Дж.Юм

Тексерген:
Сыбанбаев Қ. Ү.
Орындаған: Борашева Жайна
Тобы: Туризм-241

Алматы 2013

1. Пантеизм, гуманизм, диалектика ұғымдары
2. Эмпиризм мен рационализмнің бір-бірінен айырмашылығы
3. Субстанция ұғымы
4. Готфрид Лейбниц, Дж. Беркли, Дж.Юм

1) Пантеизм (гр. pan – бәрі, tcheos – құдай) – Құдай мен әлем біртұтас
деп танитын, құдіретті табиғатпен бірлікте қарастыратын философиялық ілім;
Құдай барлығы деген ілім; бар ғаламды, табиғатты дәріптеу ілімі.
Пантеизм табиғаттың ішкі сырларын бейнесіз әлемдік рух деп танып,
табиғаттан тыс бастамалардың барлығын жоққа шығарады. Пантеизм терминін
философияға алғаш енгізген ағылшын философы Джон Иолланд (1670 – 1722)
болды. Ол деизмді өткір сынға алып, дүниенің жаратылуын, жанның мәңгілік
екендігін, о дүниедегі өмірдің бар екенін жоққа шығарды. Пантеистік идеялар
үнді (брахманизм, индуизм, ведант), қытай (даосизм), ежелгі грек (Фалес,
Анаксимандр, Анаксимен) философияларында дамыды. Ежелгі грек философы
Ксенофан өзінің пантеистік көзқарасында табиғатты сезіммен біліп болмайды,
тек ақылмен ғана ұғынуға болады деп санады. Кейінірек стоицизмнің
натурфилос. және этик. ілімдері пантеистік сипатта болды. Пантеизмнің
натуралистік сипаттары И.С. Эриугена мен П.Абеляр ілімдерінде кездеседі.
Материя, ақыл және құдай бір нәрсе деп, Пантеизмді материалистік тұрғыда
алғаш тұжырымдаған Д.Динанский болды. Пантеизм қайта өркендеу дәуірінде кең
өріс алды. Бұл дәуірдегі алғашқы Пантеизм өкілдерінің бірі Н.Кузанский
болды. Ол “адам өзінің ақыл-ойының, іс-әрекетінің арқасында құдаймен қатар
тұрады” деп тұжырымдады. Еуропада 16 – 17 ғасырларда пантеистік бағытты
дамытқан Д.Кардано, Т.Кампанелла, Дж.Бруно, т.б. болды. Бруноның пікірінше,
“табиғаттан тыс ешқандай күш жоқ. Табиғат өз заңдылығымен дамиды. Әлем мен
құдай бір. Әлем – әмбебап бастама, сондай-ақ жалғыз ғана мәнділік”.
Нидерланд философы Б.Спиноза пантеистік дәстүрге сүйене отырып, өзінің жан-
жақты материалистік философиялық жүйесін қалыптастырды. Бұл ілімде “құдай”
және “табиғат” ұғымдары бір-біріне барабар. Қазіргі кезде Пантеизм ғылымды
дінге жақындастырумен, табиғаттың заңдылықтарын, ішкі сырын діни, мифтік
тұрғыда сипаттаумен ерекшеленеді.

2) Ізгілік (латынша Нumanitas — адам табиғаты) — адамның еркін
ойлауының әр түрлі көріністерімен байланысты; оған сәйкес еркіндікті,
адамның индивидуалдық дамуын уағыздайды.[1] Қоғамдық жағдайы мен өзінің
шығармашылық күштерін еркін дамытатын жеке бас құқығына тәуелсіз түрде,
адамның құндылығын, адамдардын арасындағы тендік, әділеттілік, адамгершілік
қатынастарды қуаттайтын көзқарастар мен идеялар жиынтығы.
Ізгілік — әдеп санаты; адамның қоғамдық және жеке өміріндегі
құбылыстардың мұратқа қатысты жағымды адамгершілік мәнін бейнелейді,
моральдық-қоғамдық сананың неғұрлым жалпы ұғымдарының бірі. Ізгілікке
қарама-қарсы ұғым — зұлымдық. Нақ ненің бағамдалып отырғанына (жеке адамның
қылығы, моральдық сапасы, адамдардың қарым-қатынастары не әлеуметтік
қызметі) орай, ізгілік неғұрлым нақты ұғым нысанын алады — жақсылық,
қайырымдылық, әділеттілік және т.б. Әдеттегі ұғынуда ізгілік ұғымының
мазмұны моральдық құбылыстарға қоса басқа да жағымды құндылықтарды қамтиды;
бұлар игілікпен теңдестіріліп, жағымдыны, пайдалыны, белгілі бір әлеуметтік
топтардың мүдделеріне сай келетін мақсатқа лайықтыны білдіреді. Бірсыпыра
жағдайларда жеке және жалпы мүшелерді қанағаттандыруға бағытталған іс-
қимылдар арасындағы, өткінші жағдайлардың ықпалымен жасалған бағамдаулар
мен жалпы адамзаттық негізі бар пайымдаулар арасындағы, субъективтік
тілектерден не сол сәттегі көкейкесті қажеттіліктерден туындаған шешімдер
мен мұрат жолындағы құлшыныстан туыңдаған шешімдер арасындағы шектерді
дұрыс анықтау қиынға соғады. Тарихи тұрғыда ізгілік адамдар арасындағы
бытыраңқылық пен жатсынуды жеңуге, өзара түсіністікті, моральдық теңдік пен
туысқандық бірлікті орнықтыруға жәрдемдесетін іс-қимылдар мен қоғамдық
бастамаларды білдіреді. Ізгілікті бұлайша ұғыну — мұратқа ұмтылған адамның
өз нәпсілерінен, материалдық мұқтаждықтан, жеке адамға жасалатын топтық
және қоғамдық қысымнан тәуелсіз болуына себептесіп, ізгіліктің тарихи және
жағдаяттық нақтылықтарына гуманистік тиянақтылық береді. Идеяда ізгілік
адамның кемелділікке құлшынысын бейнелейді. Ізгілік зұлымдыққа антитеза
ретінде ұсынылғанда жеке тұлғаның іс-әрекетінде, қасиеттерінде бейнеленеді.
Зұлымдыққа қарсы қойылғанда ізгіліктің мазмұны іс жүзіндегі бағыттылыққа ие
болады. Адам ізгілікті таңдағанда зұлымдыққа қатысып анықтап алуға, оны жою
қажеттігін, ізгілік пен зұлымдықтың осы қарама-қарсылығын туғызған
себептерді жеңу керектігін ұғынуға тиіс. Ізгілік идеясы зұлымдыққа қарама-
қарсы болғандықтан ғана емес, адамның басқа алдындағы және өзінің алдындағы
міндеттері жүзеге асырылғанда өзінің әлеуметтік нақты мәніне ие болады.
Ізгілік пен парыздың қатынасы проблемасьін сонау классикалық философия
қойған болатын. Бұл ұғымдар идеялық түрде адамдардың мінез-құлқын реттеу
амалдарының әр алуан, өзара тәуелді сәттерін бейнелейді. Ізгілік мақсат
ретінде адамдардың мінез-құлқына реттеушілік ықпал жасайды да, осы арқылы
әлеуметтік талап, міндеткерлік түрінде көрінеді.

Диалектика теориясының мәселелері

Диалектика теориясының мәселелері. Диалектика жүйе хақында.
Диалектиканың негізгі принциптері. Обьективтік және субъективтік
диалектиканың бірлігі. Диалектика категорияларының мәні. Диалектиканың
категориялық аппараты. Диалектика адмның ғылыми-танымдық және практикалық
түрлендірулік іс-әрекетінің логикасы және методологиясы ретінде.

Диалектикалық терістеу құбылыстың ішкі заңдылықтары мен қайшылықтарын
тудырады, ол өзін - өзі терістеу ретінде көрінеді. Терістеу жалпы сипатта,
оның көмегінсіз ешқандай даму да, өзгеріс те болмайды. Бірақ терістеу
өткенді жалаң жоққа шығару емес, оған жан – жақты баға беру, сондай
аналитикалық бағалаудың нәтижесінде оның өміршең, бағалы жақтарын анықтап,
оны ұстап қалуға әрекет жасау болып табылады.

Терістеуді – терістеу заңының аясында аса маңызды заңдылықты –
сабақтастықты түсіндіруге болады. терістеу, сабақтастық – жалпы дамудың,
соның ішінде ғылыми көркемдік дамудың да объективтік заңдылығы. Сабақтастық
жоқ жерде ілгері өрлеу, даму болмайды. Адамзат баласы тарихи дамудың әр
сатысында әдебиет пен көркемөнерді, ғылыми жетістіктерді қайта жасамайды.
өткен заманда істелген жұмыспен, пайда болған әдеби туындымен таныс
болмасақ, онда біз дүниені танудың бұрыннан белгілі әдіс, жолдарын қайта
қарастырып, уақыт өткізер едік. Сабақтастықтың арқасында мұндай жағдайды
бастан кешірмейміз.
Кейінгі ұрпақ өзіне дейін істелген істі, қалыптасқан эстетикалық талғам мен
ой – пікірді өзінің тың көзқарасымен, жаңа мүмкіндігімен ілгері дамытып
жетілдіреді, оны неғұрлым жоғары сатыға көтереді, байытады.
Тарихи сабақтастықтың екі түрі болады. оларды шартты түрде уақыт пен
кеңістік деп атаймыз. Уақыт және кеңістік сабақтастығы – бір дәуірден
екінші дәуірге өту арқылы болатын өрлемелі дамуды сипаттайды. Мысалы,
біздің эрамыздан әлде қайда бұрын өмір сүрген Сократ, Конфуций, Гаутама
өздерінің болашаққа қол созған өміршең ойларымен бізді рухани байытуда.

Көркемөнердің, әдебиеттің алғашқы қарапайым нұсқалары бүгінгі әдебиеттің
қалыптасуына негіз болды. Кеңістік сабақтастығы халықаралық, не әртүрлі
ұлт әдебиеттерінің өзара әсер – ықпалымен байланысты. Әрине, сабақтастықтың
бұл түрі де уақыт, тарихи кезеңді аттап өте алмайды. Ұлтаралық мәдени әсер
– ықпал қоғамдық дамудың жоғарғы сатыларында жан – жақты дамиды.

Диалектиканың негізгі принциптері:
- Жалпы байланыс принципі
- Жүйелік принципі
- Себеп – салдарлық байланыс принципі
- Тарихилық принципі
Жалпы байланыс қоршаған әлемнің біртұтастығын, оның ішкі бірлігі мен
заттардың, құбылыстардың, процестердің өзара бір – бірімен тығыз
байланыстығын білдіреді.
Байланыстар сыртқы және ішкі, тікелей және жанама, генетикалық және
функционалдық, кеңістік және уақыттық, кездейсоқ және қажетті болуы мүмкін.
Ең көп тараған байланыс – сыртқы және ішкі байланыстар. Мысалы, адамның
ішкі байланыстары биологиялық түр ретіндегі ішкі ағзалық өзгерістер, сыртқы
байланыстар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Декартта жеке модустардың сипаты болса, Спиноза ілімінде бүкіл субстанцияның қасиеті
Жаңа уақыт мәдениетіндегі батысеуропалық философия
Философия пәні мен оның қызметі
Пантеизм. Натурафилософия
Экзистенциализм философиясы
Дүниеге көзқарас ұғымы
Философия пәні мен қызметі
Философияның алғашқы бастаулары
Жаңа Заман философиясының ерекшеліктері
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Пәндер