Халықаралық стандарттау және техникалық реттеу (сүт өнімі мысалында)



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
СТАНДАРТТАУ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНІМДЕРІ ҚАУІПСІЗДІГІН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ... ... ...
ИСО.ның құрамы мен құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қазақстан Республикасында стандарттарды халықаралық деңгейде қолдану барысы
НАССР Жүйесі . Тамақ Өнімдері Қауіпсіздігін Басқарудың Осы Заманғы Тәсілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚР Мемлекеттік стандарттау жүйесінің стандарттау бойынша нормативтік құжаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
«Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОСЫМШАЛАР
Мемлекетіміздің индустриялды-инновациялық бағдарламасы- ның ең бір басты мақсаты – бәсекеге қабілетті және экспортқа ұялмай шығара алатын өнімдерді өндіру. Қазақстандық өндірушілерді ішкі және сыртқы нарықта жетістіктерге жеткізетін бірден-бір құрал – ол халықаралық стандарттарға көшу болып отыр.
Халықаралық сауданы дамытудың проблемаларын шешуде стандарттардың арақатынастық функциясы анық көріне бастады. Халықарлық стандарттау адамдардың, энергияның және ақпараттың алмасуына жәрдемдеседі. Осыған байланысты халықаралық стандарттар нарықты ашатын құлып деген ұғым қалыптасқан.
Халықаралық стандарттар ашық және мөлдір ортада жасалады, онда әрбір мүдделі тарап өз үлесін енгізе алады. Қазақстанда құрылған стандарттау жүйесі Қазақстан Республикасының 2005 жылы қабылданған “Техникалық реттеу туралы” Заңымен белгіленген құқықтық негізге құралған. Мемлекеттік стандарттардың өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің адамдар өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіздігін, өнімдердің үйлесімділігі мен бірін-бірі алмастыра алатындығын, өнімдерді маркалауды, бақылау әдістері бірлігін қамтамасыз ететін талаптары заңмен міндетті түрде сақталатын болып айқындалған.
Әлемдік қоғамдастық сапаны басқаруға– сапаны жоспарлауға көшті. Негізгі мақсат – өнім өндірушілердің тұтынушыны толық қанағаттандыруы.
Бұл тенденция стандарттың жаңа түрінде-ISO (International Organization for Standardization) 9000 анық көрініс тапты. ISO — ұлттық ұйымдардың (ИСO комитет-мүшелерінің) әлемдік федерациясы саналатын стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым.
Өнім өндіру және қызмет көрсету компаниялары мемлекеттік ұйымдар мен тапсырушылар тұтынушылар тарапынан тұрақты қадағалауға алынуы тиіс. Тамақ өнімдерін өндіру саласында қауіпсіздікті басқаруды стандарттауға арналған әкімшілік жүйені құрып жетілдіруге деген ұмтылыс туындауда. Ондай стандарттарда НАССР қағидаларына негізделген сапа жүйесінің элементтері қамтылады. Бұл қағидалардың негізгі мағынасы: компанияның өндіріс жағдайы мен технологиялық үрдістерінің өнім қауіпсіздігі үшін қатерлі болып табылатын кезеңдеріне баса назар аударуына жәрдем жасау. Сол арқылы компания НАССР жүйесін енгізіп, құжат түрінде рәсімдеп, жұмыс жағдайында ұстап отыру мүмкіндігіне ие бола алады. Нәтижесінде осы кәсіпорыннан өндірілген өнім тұтынушы үшін зиянсыз болатынына кепілдік беріледі.
ҚР Мемлекеттік стандарттау жүйесінің стандарттау бойынша нормативтік құжаттары «Техникалық реттеу» Заңына сәйкес тағайындалған.Оған кіретіндер:
ҚР мемлекеттік стандарттары (ҚР СТ);
Технико-экономикалық ақпараттың мемлекеттік сыныптауыштары (ТЭА МС);
Мемлекетаралық стандарттар (МСТ),техникалық-экономикалық ақпараттың сыныптауыштары;
Салалық стандарттар;
Ұйым стандарттары.
Осы айтылған стандарттарды мысалыға сүт өнімдеріне айтатын болсам, сүт өнімі- табиғаттың ең құнды өнімі. Адам ағзасы оның құрамындағы қоректік заттардың 98-99% пайдаланады. Сүт-тағамдардың ішіндегі ең құнарлы,әрі таңдаулы түрі.Оның құрамында жүзден астам витаминдер, қант, минералдық тұздар, т.б. түрлі элементтер бар. Мұның бір ерекшелігі – сол элементтердің бәрі адам ағзасы үшін өте пайдалы. Сондықтан да одан түрлі тағамдар, шипалы сусындар жасауға болады, демек, сүттің адамға сіңімділігі, қоректілігі және оның диеталық қасиеттері өте күшті.
Сонымен қатар сүт өнеркәсіптерінің жоспарлау қызметін ұйымдастыру мен ауыл шаруашылығы және өндірістік кәсіпорындарының бірігуін қамтамасыз ету керек. «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - техникалық регламент) Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі, «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы және «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және сүт және сүт өнімдерінің (бұдан әрі - сүт және сүт өнімдері) қауіпсіздігіне қойылатын ең аз қажетті талаптарды белгілейді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1. Акишов К., Далибаева Г. «Стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау» «Фолиант» баспасы: Астана, 2008
2. Самсаев М., Самсаев И., Жүнісбаев Б., Ислямов Х., Сафарғалиев А. «Өзара ауыстырымдылық, стандарттау, сертификаттау негіздері және техникалық өлшеу. Сапа менеджменті»: Алматы, 2008
3. Иванов В.А., Марусина М.Я., Ткалич В.Л. Прикладная стандартизация:Учебное пособие. – СПб.: СПбГИМО(ТУ), 2003. – 104 с.
4. Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества: Учеб.пособие / Мырзабай М.М., Ивлева О.П. и др. – Алматы: Казахстанская ассоциация маркетинга, 2003. – 564 с.
5. Основы стандартизации, сертификации, метрологии: Учебник для вузов. – 3-е изд.,перераб. и доп. – М.:ЮНИТИ-ДАНА, 2006.-671с
6. Сағадиев К., Смағұлов А., Барақбаев Б., Қалиев А. Сертификаттау: оқулық. Алматы 2000.-211 б.
7. Махамбетов Ж.Ж. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері. Оқу құралы. Алматы 2008 - 262 б.
8. Аскаров А.С. Стандартизация, сертификация и метрология. Учебное пасобие. – Алматы 2005 – 222 б.
9. Поярков И.В. Квалиметрия. Управление качеством продукции. - Алматы: Қазақ университеті, 2005.-162с.
10. Фомин В. Н. Квалиметрия: Управление качеством. Сертификация: Учебное пособие. - М.: Ось-89, 2002. - 364 с.
11. Управление качеством продукции: Справочник / Под ред. В.В. Бойцова, А.В. Гличева. — М.: Изд-во стандартов, 1985. — 320 с.
12. «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
13. http://finefinance.ru/news/2012/03/13/132105/hassp-moloko-i-princip-ego-proizvodstva
14. ews.d2d.ru/standardsnormdocuments/backgroundandtools/2140-razrabotan-novyy-mezhdunarodnyy-standart-iso-na-molochnuyu-produkciyu.html

Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАУ
Халықаралық стандарт - стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт.
Халықаралық байланыстардың даму жағдайында стандарттау саласындағы жұмыстарды тек қана бір ел шеңберінде жүргізу мүмкін емес. Барлық елдердің арасында сауда, экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастығын құру үшін халықаралық стандарттаудың маңызы өте зор. Халықаралық стандарттардың қажеттілігі уақыт өткен сайын айқындалып келе жатыр, өйткені, халықаралық нарыққа шығарылатын өнімдер түрлеріне тағайындалған ұлттық және халықаралық стандарттардың арасындағы айырмашылықтар халықаралық сауданы дамытуға кедергіні жасауда.
Халықаралық сауданы дамытудың проблемаларын шешуде стандарттардың арақатынастық функциясы анық көріне бастады. Халықарлық стандарттау адамдардың, энергияның және ақпараттың алмасуына жәрдемдеседі. Осыған байланысты халықаралық стандарттар нарықты ашатын құлып деген ұғым қалыптасқан.
Халықаралық стандарттардың жалпы мақсаты - сенімділікті қамтамасыз ету, олар барлық қажетті сипаттамаларға ие болады. Оған өнім мен қызметтің сапасы, экологиялық тазалығы, қауіпсіздігі, сенімділігі, үйлесімділігі және тиімділігі жатады. Сол сияқты халықаралық стандарттар экономикалық шығындарды азайтуды қамтамасыз етуге көмектеседі. Ұйымдар үшін халықаралық стандарттарды енгізу сенім мен ұсыныстың бірігуі болып табылады. Көптеген ұйымдар өздерінің өнімдерінің немесе қызметтерінің халықаралық стандарттарға сәйкестігін қосымша баға басымдығы ретінде атап көрсетеді. Басқаша айтқанда, халықаралық стандарттар сенім баламасы тәрізді. Халықаралық стандарттардың осы кепілдік және сенімділік беру қабілеттілігі барлық әлемнің бизнес-секторында және экономикасында өзін танытқан соңғы жаһандық қаржы дағдарысы көрінісінде тіпті де зор бағаға ие болды. Тұрақтылық кезіндегі сияқты халықаралық стандарттар тәуекелшілік кезінде де, барлық әлемде сенімді қалыптастыру, тұманды жағдайды және басқарушылық тәуекелдерін сейілту үшін іс жүзіндегі тетіктерді қамтамасыз етеді. Осызаманғы әлемде өзіміз күткендегідей барлығы тегіс жұмыс істейтін жоғары деңгейлі күтім болуы қажет. Айталық, біз телефон тұтқасын көтерген кезде әлемдегі басқа кез келген телефонмен жылдам байланыса аламыз деп күтеміз. Сол сияқты Интернетке енген кезімізде жаңалықтар мен ақпараттарды жедел алуды күтеміз. Ал ауырған кезімізде зерттейтін және емдейтін медициналық құрал-жабдықтарға сенім артамыз. Өз автокөлігімізді жүргізер болсақ, біз оның моторының, рулінің, тежегіш желісіне және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету желісінің сенімділігіне үміт артамыз. Біз электрмен жабдықтауда болатын іркілістерден және экологияны ластаудың зиянды зардаптарынан қорғаныс күтеміз. Халықаралық стандарттар жаһандық деңгейде осындай сеніммен қамтамасыз етеді. Іс жүзінде стандарттаудың негізгі мақсаттарының бірі осындай сенім ұялату болып табылады. Жүйелер, өнімдер және қызметтер олардан күткеніміздей халықаралық шарттарда көрсетілген тиісті шарттар бойынша орындалуда. Олар өндірушілерге әлем нарықтарына шығу қабілеттілігіне және өнімдерінің жаһандық көлемде ұсыныла алатынына сенімділік береді. Өзара іс-қимыл қабілеттілігі ауқымдылық танытып, пайдаланушыларға қайда болса да тең қызмет алуларына сенімділіктерін арттырады. Сөйтіп, халықаралық стандарттар тұтынушыларға да, өндірушілерге және қызметтер жеткізушілеріне де бірдей пайда әкеледі. Оның дамушы елдерде жаңа өнімдер мен қызметтерді жылжытуды және енгізуді жылдамдататынын, экономикалық дамуына ықпал ететінін атап өту маңызды.
Жалпы ИСО деген не? Әлемдік қоғамдастық сапаны басқаруға - сапаны жоспарлауға көшті. Негізгі мақсат - өнім өндірушілердің тұтынушыны толық қанағаттандыруы.
Бұл тенденция стандарттың жаңа түрінде-ISO (International Organization for Standardization) 9000 анық көрініс тапты. ISO -- ұлттық ұйымдардың (ИСO комитет-мүшелерінің) әлемдік федерациясы саналатын стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым.
ISO мақсаты -- түрлі салалардағы және қызмет түрлеріндегі ықпалдастық үрдісіне ықпал ететін стандарттау және жобалау қағидаларын дамыту.
Халықаралық стандарттау ұйымы (ИСО) - халықаралық стандарттарды әзірлейтін және басып шығаратын әлемдегі ірі ұйым. ИСО - бір ел бір комитет - мүшені білдіретін 157 елдің стандарттау бойынша ұлттық ұйымдар (комитет - мүшелер) желісі. Орталық хатшылығы Женевада, Швейцария барлық жүйені үйлестіреді.
ИСО - мемлекеттік және жеке секторды байланыстыратын үкіметтік емес ұйым. Бір жағынан көптеген ұйымдар (комитеттер - мүшелер) өз елдерінің мемлекеттік құрылымының бөлігі болып табылады немесе өз үкіметтерінің мандаттары болады. Екінші жағынан, басқа да комитет - мүшелер өнеркәсіптік ассоциация арасындағы ұлттық серіктестік арқасында дүниеге келген жеке секторға кірді. Осылайша, ИСО қоғамның айтарлықтай кең қажеттілігі сияқты, бизнес талаптарына да сәйкес келетін шешімдер негізінде жетуге тиіс консенсусқа мүмкіндік береді. ИСО атауы Халықаралық стандарттау ұйымы (ИСО) атауында әр түрлі тілдегі түрлі қысқартулар болар еді ("МОС" орыс тілінде, "IOS" ағылшын тілінде, "OIN" француз тілінде), сондықтан оның негізін қалаушы оған барлығын қанағаттандыратын қысқа атау беруге шешті. Олар грек тіліндегі isos, яғни тең деген мағынаны білдіретін "ИСО" деген сөзді таңдады. Қандай да бір елге және тіліне қарамастан, ұйым атауының қысқаша түрі үнемі ИСО болады.
Халықаралық стандарттар ашық және мөлдір ортада жасалады, онда әрбір мүдделі тарап өз үлесін енгізе алады. Қазақстанда құрылған стандарттау жүйесі Қазақстан Республикасының 2005 жылы қабылданған "Техникалық реттеу туралы" Заңымен белгіленген құқықтық негізге құралған. Мемлекеттік стандарттардың өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің адамдар өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіздігін, өнімдердің үйлесімділігі мен бірін-бірі алмастыра алатындығын, өнімдерді маркалауды, бақылау әдістері бірлігін қамтамасыз ететін талаптары заңмен міндетті түрде сақталатын болып айқындалған. Мемлекеттік стандарттардың өнімдердің тұтынушылық сипаттамаларына, оның пайдалану қасиеттеріне, кепілдік мерзімдеріне қатысты басқа талаптарына еркіндік берілген. Қазіргі уақытта техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қорында 64453 стандарттау жөніндегі мемлекеттік құжат бар, оған мемлекеттік, халықаралық, ұлттық және өңірлік стандарттар енеді. Мемлекеттік стандарттар деңгейінде 3721 бірлік қабылданды, оның ішінде халықаралық талаптармен үйлестірілгені - 2562 бірлік, ол жалпы үйлестірудің 68,8 пайызын құрайды. 2011 жылғы 1 қаңтардан және 1 шілдеден бастап экономиканың басым бағыттарын есепке ала отырып жасалған 2010 жылдың 250-ден астам мемлекеттік стандарты іске қосылды. Мемлекеттік стандарттардың салалар бойынша саны мынадай: барынша көп сан тамақ өнеркәсібінде - 322 (61,1% немесе абсолюттік өлшемде 197) және жол-көлік пен темір жол техникасында - 297 (үйлестіру деңгейі - 74,7% немесе абсолюттік көрсеткіште 222 стандарт); мұнай-газ саласында, аралас өндірістер - 288 (85,4% немесе абсолюттік көрсеткіште 246) және құрылыс материалдары мен құрылыс саласында - 194 (72,6% немесе абсолюттік көрсеткіште 141); металлургия және тау-кен жұмыстары саласында - 138 (71,0% немесе абсолюттік көрсеткіште 98); жеңіл өнеркәсіпте - 120 (53,3% немесе абсолюттік көрсеткіште 64); ауыл шаруашылығында - 115 (46,0% немесе 53); энергетика мен электротехникада - 99 (74,7% немесе 74); машина жасауда - 99 (84,8% немесе 84) және химия технологиясы мен лак-бояу өнеркәсібінде - 85 (67,0% немесе абсолюттік көрсеткіште 57). "Қазақстан Республикасындағы 2010-2014 жылдарға арналған техникалық реттеу және сапа инфрақұрылымын құру жөніндегі бағдарламаның" негізгі мақсаттарының бірі халықаралық стандарттарға сәйкес өнім өндіру үшін жағдай туғызу, менеджмент жүйесі мен технологиялық қайта құруды енгізу болып табылады. Аталмыш бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерін орындай отырып, мүдделі тараптардың барлығын халықаралық талаптарға жауап беретін жаңа мемлекеттік стандарттарды белсене енгізуге шақырамыз. 2011 жылға арналған мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстар жоспары бекітілді және 2012 жылдың осындай жоспары талқылауға ұсынылды. Қазақстан Республикасындағы экономика салаларындағы стандарттарды жасау үшін жұмыс тәжірибесі мол білікті ғылыми кадрлары бар стандарттау жөніндегі 49 техникалық комитет жұмыс істейді, олар 15 ТК ИСО жұмысына белсене қатысады. Қазіргі уақытта мемлекеттік, ұлттық, халықаралық, өңірлік стандарттар және техникалық-экономикалық ақпараттар классификаторлары туралы ақпарат "Қазақстандық стандарттау институты" РМК Интернет-дүкені ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Интернет-дүкен техникалық реттеу және метрология комитеті сайтының қосымша жүйесі болып табылады және www. memst. kz мекенжайы бойынша орналасқан, Интернет-дүкеннің барлық ақпараттық өнімі нақтылы, маңызды ақпараттан тұрады және ресми мәртебесі бар. Өндірістің де, өнімнің де бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында халықаралық стандарттарды одан әрі жетілдіре беру қажет.
Стандарттар неге маңызды? Стандарттар біздің өміріміздің аспектілеріне орасан зор үлес қосады. Стандарттар бұйымдар мен қызмет көрсетудің қажетті мысалы, сапа, достық қоршаған орта, қауіпсіздік, сенімділік, тиімділік және өзара алмасушылық, дұрыс экономикалық құндылығы үшін маңызды сипаттамаларды қамтамасыз етеді. Бұйым және көрсетілетін қызметтер біздің қажеттілігімізге сәйкес келетін болса, біз мұны тиісті ретінде қабылдаймыз және бұған стандарттың қандай рөлі бар екеніне ойланып қарамаймыз. Ал стандарт жоқ болса, мұны байқай бастаймыз. Біз сапасы нашар бұйым бізге қолайлы емес екеніне, сатып алған жабдықпен үйлеспейтініне, сенімсіз және қауіпті екеніне алаңдаушылық таныта бастаймыз. Егер бұйым, машина және құрал жүйелері жақсы қауіпсіз жұмыс істейтін жағдайда, ол стандарт талаптарына қанағаттандыратындықтан қауіпсіз жұмыс істейді.Мысалы, ҚР СТ ИСО 1736-2009 Сүт және сүт өнімдері. Майдың құрамын анықтау. Гравиметрлік әдіс(Бақылау әдісі). (ISO 1736:2008 Dried milk and dried milk products - determination of fat content -
gravimetric method (reference method), IDT),
Бүкіл әлемге пайда әкелетін мыңдаған стандарттарға жауап беретін ұйым - ол ИСО. Стандарт болмаса, ондай жағдайды байқайтын боламыз.
ИСО Бренді
▪Демократиялығы
Әрбір толық құқылы комитет - мүше өз елінің экономикасы үшін маңызды деп саналатын кез келген стандартты әзірлеуге қатыса алады. Осы экономика көлеміне немесе беріктігіне қарамастан, әрбір ИСО комитет - мүшесінде бір дауыс болады. Әрбір елде стратегиялық деңгейде ИСО жұмыстары бағытына сияқты, жеке стандарттардың мазмұнына әсер ететін тең құқығы бар.
▪Еріктілігі
ИСО стандарттары ерікті болып табылады. Үкіметтік емес ұйым ретінде ИСО заңды өкілеттілікті стандарттарға енгізуге мәжбүрлей алмайды. ИСО реттеумен немесе заңнамамен айналыспайды. Алайда мүше елдер ИСО стандарттарын қабылдау туралы шешім енгізе алады, көбінесе, регламент немесе техникалық базаны қамтамасыз ететін заңдарда сілтеме беру үшін ретінде денсаулық, қауіпсіздік немесе экология мәселелеріне қамқорлық жасайтын елдер. Оның үстіне ИСО стандарттары ерікті болғанымен, олар ИСО 9001 Сапа менеджмент жүйесі немесе жүк контейнері және банк карточкалары өлшемді сияқты нарық талабымен жүре алады. ИСО реттеумен немесе заңнамамен айналыспайды.
▪Нарықтық жағдай жасау
ИСО нарық сұранысына ие стандарттарды ғана әзірлейді. Әдетте стандарттарға сұраныс пайда болған және кейіннен оларды қолданысқа енгізетін өнеркәсіптік, техникалық және экономикалық секторының мамандары жүргізеді.
▪Консенсус
ИСО стандарттары осы облыстағы мамандар арасында халықаралық консенсусте негізделген. Консенсус технология сияқты дамиды және ИСО стандарттардың қолданыста болуын, одан әрі қолданылуын, актуальданатынын немесе күші жойылатынын шешу үшін кемінде әрбір бес жыл сайын кезеңді қайта қарауды қажет ете отырып, дамитын технология сияқты дамушы мүдделерге де назар аударады. ИСО стандарттары ғылым және техниканың қазіргі заманғы жағдайын бейнелеу сияқты өзінің позициясын сақтайды.
▪Кең ауқымды мағынада релевантты ИСО стандарттары технологияны халықаралық көлемде үйлестіру құрылымын қамтамасыз ететін техникалық келісімді білдіреді. Олар бүкіл әлемге пайдалы кең көлемді релевантты ретінде әзірленді. ИСО стандарттары бүкіл әлемге пайдалы болды. Бүгінгі таңда ИСО жұмысы нәтижесі ағылшын және француз тілінде (терминология үнемі беріледі және басқа тілдерде беріледі) 620000 астам беттен тұратын 16000 халықаралық стандарт болып табылады.
ISO сертификаты - кәсіпорынға сапа менеджменті жүйесінің барын растайтын, ISO стандарты бойынша Халықаралық мекемемен жасалатын халықаралық сертификат болып табылады. ISO сертификатының болуы сіздің компанияңыздың отандық және халықаралық дәрежеде бәсекеге қабілеттілігін көтереді. Сертификат өнім сапасының немесе тұтынушыға қызмет көрсету барысында белгі, сенімділіктің қосымша кепілдігі.
Сертификат жарамдылығы 3жыл.
ISO-ның және ISO сертификатының мақсаты - әртүрлі бизнес саласында интеграциялық процестерге қабілетті стандартизация принциптерінің дамуы. ISO сертификаты және сапа менеджменті сертификаты әлбетте, компанияны берік мекеме ретінде позициялайды, бірақ жұмыс барысында тек сапа жүйесінің болуы жеткіліксіз болатынын көрсетеді.

2 СТАНДАРТТАУ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНІМДЕРІ ҚАУІПСІЗДІГІН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ

2.1 ИСО-ның құрамы мен құрылымы
1923 жылы бірінші Халықаралық стандарттау ұжымы құрылды, оның аты Стандарттау бойынша ұлттық ассоциациясының Халықаралық федерациясы (ИСА) оның мүшелер саны 20. Бұл ұжымен 32 Халықаралық стандарттар зерттелініп дайындалынып ұсынылды. ИСА екінші дүниежүзілік соғыс кезінд өзінің қызметін тоқтатты.
Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым (ИСО) 1947 жылы құрылды. ИСО-ның қызметі электроника мен электротехникадан басқа стандарттау саласының барлығын қамтиды. 2003 жылдың 1 қаңтарынан ИСО жұмысына 146 ел қатысты, оның ішінд 94 ел ИСО мүшесі болады, 37 корреспондент-мүше жән 15 қол қоюға құқысы бар мүшелер(1-сурет). ИСО мүшелерінің ИСО комитеттерінің кез келген жұмыстарына қатысуға, стандарт жобаларына дауыс беруге, ИСО кеңес құрамына сайлануға және Бас ассамблея отырысына қатысуға құқысы бар. Корреспондент-мүшелері ИСО жұмыстарында белсенді жұмыс істемейді, бірақ зерттеп дайындалып жатқан стандарттар туралы ақпарат ала алады. ИСО-ның органдары-Бас ассамблея, ИСО кеңесі, Кеңес комитеттері, техникалық комитеттер, орталық секретариат, Жоғарғы органы-Бас ассамблея. Бас ассамблея ИСО-ның жоғарғы органы болады, ол - мүшелер, белгіленген делегаттар мен басқарушылар жиналысы.

██ мүше елдер
██ корреспондент мүшелер
██ жазылушы елдер қатары
██ ISO 3166-1 стандартты кодын қолданушы, бірақ мүше емес елдер

1-сурет. Халықаралық Стандарттау Мекемесінің ISO мүше елдер картасы

Әр мүшенің үш делегат арнына дауыс беру құқысы бар. Корреспондент-мүшелер мен қол қоятындар жиналысқа бақылаушы ретінде қатысады. Бас ассамблеяның сессиялары арасында ИСО жұмыстарын ИСО кеңесі атқарады, оның басында ИСО Президенті тұрады. Техникалық комитеттер жалпытехникалық және техниканың нақтылы саласына қатысты болып екіге бөлінеді. Жалпытехникалық топқа жататын техникалық комитеттер (ИСО құрамында олардың саны 26) жалпытехникалық және салааралық мәселелермен шүғылданады. Оларға жататындардың ішінде Өлшем бірліктері (ТК 12), Ерекше сандар (ТК 19) ж.б. бар. Қалған техникалық комитеттер (ИСО құрамында олардың саны шамамен 140) техниканың нақты салаларына қатысты. Мысалы, Автомобильдер (ТК 22), Станоктар (ТК 39) ж.б. ТК күрделі салаларға қатысты болған жағдайда (химия, космостың техника ж.б.) олардың құрамында комитет бөлімдері және жұмыс топтары құрылады. Халықаралық стандарттың жобасын қабылдау үшін ТК мүшелерінің 75%-ның келісімі болуы керек. 2000 жылдың басында шамамен 12 мың халықаралық стандарттар қолданыста болған. Халықаралық стандарттарды қолдану міндетті емес, яғни әрбір ел оны толығымен, тек қана кейбір бөлімдерін қолдануына болады немесе жалпы қолданбауы да мүмкін. Бірақ та халықаралық нарықтағы бәсекелестіктің артуы жағдайында өндірушілер өз өнімдерінің бәсекелесу деңгейін көтеру мақсатында халықаралық стандарттарды қолдануға мәжбүр. Шетел мамандарының бағалауларына қарағанда кейбір өндірістері дамыған елдерде ИСО-ның стандарттар қорының 80%-ына дейін қолданылады. Халықаралық электротехникалық комиссия (ХЭК) электротехника, радиоэлектроника және байланыс салаларында қолданылатын стандарттарды дайындайды. Ол1906 жылы, яғни ИСО-дан көптеген жылдар бұрын құрылған. Әр уақытта құрылғандықтан және жұмыс бағыттары әр түрлі болғандықтан, осы халықаралық мекемелердің екеуі де бүгінгі күнде жұмыстарын жалғастыруда. ИСО мен ХЭК алдындағы мәселелердің тұтастығын ескере отырып және жекелеген техникалық органдардың жұмыстарында жарыса жүргізуді болдырмау үшін мекемелер арасында өзара келісім жасалған. Келісім, біріншіден, іс-қимылдар шеңберін шектеуге, екіншіден, техникалық қимылдарды үйлестіруге бағытталған. Біраз елдерде электротехника, электроникажәне байланыс салаларының дамуы деңгейінің төмендігіне байланысты ХЭК мүшелерінің саны (шамамен 60) ИСО мүшелерінің санынан аз. ХЭК жоғарғы органы - барлық ұлттық комитеттер өкілдерін қамтитын Кеңес. ХЭК бюджеті ИСО бюджеті сияқты үйым мүшелерінің жарна төлемінен және халық- аралық стандарттарды сатудан түскен қаржылардан құрылады. ХЭК техникалық органдарының құрылымы ИСО құрылымына ұқсас - техникалық комитеттер (шамамен 80), комитеттер бөлімі және жұмыс топтары. Осы органдар қазіргі кезде 3000-нан астам стандарттар дайындаған. Халықаралық стандарттау саласында ИСО, ХЭК-тен басқа да ұйымдар бар. Олар - Біріккен Ұлттар Үйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы, Халықаралық сауда палатасы. Стандарттау жұмыстарына БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО, МАГАТЭ ж.б. ұйымдар да қатысады. Дүние жүзіндегі стандарттау саласында жеті аймақтың ұйымдар жұмыс істейді. Скандинавияда, ЛатынАмерикасында, Арабия аймағында, Афикада, Еуропалық Одақ (Е.О). Бұлардың ішінде ЕО жұмыс тәжірибесін ерекше атауға болады. Кеңес 18 мүшеден тұрады, стандарттау бойынша ұлттық ұжымдардың укәкілеттіліктері, олар үш жылға сайланады. Кеңес жанында Ақтау бюросы құрылды, ол ИСО-ның техникалық комитеттерін басқарады. Ұйым құрамында 200-де аса комитет бар. Штаб пәтері Женевада орналасқан. ИСО-ның жоғарғы басшылық органы Бас ассамблея 3 жылда бір рет өтеді. Тікелей басшылық ИСО кеңесі жүргізіледі. Негізгі координациялық жұмысты жеті комитет атқарады(1-сұлба).

Бас ассамблея

ИСО кеңесі

ПЛАКО
ИНФКО
РЕМКО
КАПОЛКО

ДЕВКО
КАСКО
СТАКО

Атқару бюросы

Орталық секретариат

Техникалық комитеттер

Кіші комитеттер

Жұмысшы топтар

1- сұлба. ИСО құрылымы

СТАКО - ИСО кеңесінің стандарттау бойынша іргелі мәселелерді қарайтын комитеті. Барлық жұмыстары жұмыс тобының шеңберінде жүргізіледі. Мысалы стандарттау принциптері, стандарттаудың тиімділігі, мемлекеттерде халықаралық стандарттарды қолдану т.б. мәселелерді қарастырады.
Сондай-ақ СТАКО-ның терминология жөніндегі тобы үлкен жұмыстар атқаруда. Бұл комитеттен дайындап шығарған терминология мен анықтамалар стандарттау, сертификаттау және сынақ жүргізу бойынша қолданылатын терминдерді бір үлгіге келтіруге мүмкіндік берді. Қазіргі кезде СТАКО-ның негізгі іс қызметі стандарттау саласында мемлекетаралық тәжрибе алмасу мақсатымен семинарлар өткізу болып отыр.
ПЛАКО. ИСО-ның жұмысын жоспарлау жөнінен ұсыныстар дайындайды, техникалық жұмыстарды үйлестіріп, ұйымдастырады. Сондай-ақ техникалық комитеттерді құру, тарату жөніндегі ұсыныстарды қарайды.
КАСКО. Өнімді сертификаттаудың стандарт талаптарына сәйкестігін ұйымдастыру мәселелерін зерттейді. Негізгі жұмыс саласы сертификаттаудың ұлттық және аймақтық жүйесін өзара тану (ұйғару), қабылдауына жәрдем жасау.
ИНФКО - ИСО-ның ақпараттық жүйесін құрады (қалыптастырады). Стандарт НҚТ-дың автоматтырылған тізімін жүргізу, стандарттар жөніндегі ақпарат алмасу мүмкіндігін жасау.
-Стандарттау орталықтарының жұмысын үйлестіреді.
-Стандарт, НТҚ-ды жіктеу, индекстеу жөнінен нұсқаулар беру.
-НТҚ жөніндегі ақпараттық жүйесінің халықаралық стандартының қолданылуына жәрдем жасайды.
ДЕВКО - стандарттау саласы бойынша дамып келе жатқан елдердің сұранысын (қажеттілігін) зерттейді. Дамыған елдермен тәжірибе алмасу, мамандар дайындау, оқулықтар әзірлеу, дамыған елдермен стандарттау саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерімен айналысады.
КОПОЛКО - тұтынушылар үшін өнімді стандарттаудың тиімділігін арттыру жолдарын зерттейді, стандарттау жұмысына тұтынушылардың қатынасуына жағдай туғызады. Тұтынушылар мәселесі бойынша ИСО ұйымдарымен байланыс жасайды.
РЕМКО - стандарттың үлгі, эталондарға қатысты жетекшілік құжаттар әзірлеуіне ИСО-ға әдістемелік көмек көрсетеді.

2.2 Қазақстан Республикасында стандарттарды халықаралық деңгейде қолдану барысы
Қазақстан ИСО, МЭК, МОЗМ сияқты халықаралық ұйымдар- дың мүшелеріне 1994 жылдан бастап ене бастады. Сондай-ақ, МГС (мемлекетаралық стандарттау жөніндегі кеңестің) және МНТКС (құрылыста техникалық реттеу және стандарттау жөніндегі мемлекетаралық ғылыми-техникалық комиссияның), сол сияқты ЕврАзЭС (Эвразиялық экономикалық ынтымақтастығы) және ШОС (Шанғай ынтымақтастық ұйымының) халықаралық ұйымдарының тең құқылы мүшесі бола алды. Елімізде Саудадағы техникалық кедергілер мен санитарлық және фитосанитарлық шаралар Орталығымен тығыз қарымқатынаста жұмыс істейтін Орталық құрылды. Техникалық реттеу және стандарттау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік қоры халықпен тығыз жұмыс істейді. Онда 48 мыңнан астам нормативтік құжаттар, сондай-ақ ИСО, МОЗМ, МЭК халықаралық стандарттары да бар. Бүгінгі таңда тұтынушылардың стандарттар базысынан компьютер арқылы нормативтік құжатын оңай тауып алуына ыңғайлы жағдай жасалынған.
Мемлекетіміздің индустриялды-инновациялық бағдарламасының ең бір басты мақсаты - бәсекеге қабілетті және экспортқа ұялмай шығара алатын өнімдерді өндіру. Қазақстандық өндірушілерді ішкі және сыртқы нарықта жетістіктерге жеткізетін бірден-бір құрал - ол халықаралық стандарттарға көшу болып отыр.
Қазақстан Республикасы стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның (ИСО) толық құқылы мүшесі, халықаралық электр-техникалық комиссияның (ХЭК) ассоциациялық мүшесі және стандарттау бойынша бірқатар ИСО техникалық комитеттерінің, атап айтқанда, ОТК 1 Ақпараттық технологиялар, ИСОТК 18 Мырыш және мырыш қорытпалары, ИСО Ж 34 Тамақ өнеркәсібі, ИСОТК 37 Терминология және басқа да тілдік ресурстар, ИСОТК 67 Мұнай мен мұнай-химиялық және газ өнеркәсібіне арналған континенталды шельф материалдары, жабдықтары мен құрылыстары, ИСОТК 135 Бүлдірмейтін бақылау, ИСОТК 176 Сапа менеджменті мен сапамен қамтамасыз ету, ИСОТК 193 Табиғи газ, ИСОТК 207 Экологиялық менеджментінің, толық құқылы қатысушысы болып табылады.
Әлемнің алдыңғы қатарлы ИСО (халықаралық стандарттау ұйымы), МЭК (Халықаралық электротехникалық комиссия), МСЭ (Халықаралық телекоммуникациялар одағы) халықаралық ұйымдары өте құнды стандарттармен әлемнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде деп айтуға болады. Ол стандарттар нарықтық жағдайда да, үкіметтік, не болмаса аймақтық деңгейде де қолдануға өте ыңғайлы.
Қарапайым тіршілікте өндіріліп жатқан өнім, не қызмет түрі тасымалдануы керек, біреуден біреуге берілуі, яғни өндірушіден тұтынушыға жеткізіліп отыруы қажет етеді. Ал халықаралық стандарттау осы алмасуларды бір-бірімен үйлестіре түсіп, тиімділігін арттырады. Бүгінгі күні саудадағы жаңа кедергілерді жою үшін ең жақсы тәжірибеден ең озық технологияларды пайдалану арқылы жетістіктерге жете аламыз. Одан біз ұлттық қауіпсіздігімізді және қауіпсіздік регламенттерін әзірлеуді қамтамасыз етеміз. Халықаралық стандарттардың маңыздылығын бүгінгі таңда әлем мойындап отыр.
ИСО және Қазақстан. 2011 жылғы 17-18 наурызда өткен ИСО кеңесінің отырысы шеңберінде, Кеңеспен 5 546 швейцарлық франкті құраған (182011 қарар) мүшелік жарна бірлігін белгілеу шешімі қабылданды. Осы қарарға сәйкес Қазақстан үшін 2012 жылға мүше жарнасын төлеу 44 368 швейцарлық франкты құрады. ИСО техникалық комитеттері мен ішкі комитеттері. Қазіргі таңда Қазақстан 16 ИСО техникалық комитеттерінің толық құқықты мүшесі болып табылады ИСО (P-Member)Төмендегідей техникалық комитеттердегі толық құқықты мүшелер:
1. ТББ 1 Ақпараттық технологиялар
2. TК 18 Мырыш және мырыш қорытпалары
3. TК 20 Авиациялық және ғарыш аппараттары
4. ТК 27 Қатты минералды отын
5. ТК 28 Мұнай өнімдері және майлау материалдары
6. TК 34 Тамақ өнімдері
7. TК 37 Терминология және басқа тілдік және мағыналық қорлар
8. ТК 67 Мұнай және газ өнеркәсібіне арналған материалдар, жабдық және теңіз платформалары
9. TК 135 Бұзылмайтын бақылау әдістері
10. TК 176 Сапаны басқару және сапаны қамтамасыз ету
11. TК 193 Табиғи газ
12. TК 207 Экологиялық менеджмент
13. ТК 242 Энергетика менеджменті
14. ТК 59 Ғимаратты салу
15. ТК 205 Ғимараттың ішкі ортасын жобалау
16. ТК 146 Ауа сапасы Қазақстан мынадай ИСО техникалық комитеттерінің бақылаушы мүшесі (O-Member) болып табылады:
1. TC 22 - Жол көлігі
2. ТС 30 - Жабық арналардағы сұйықтық ағынын өлшеу
3. TC 46 - Ақпарат және құжаттама
4. TC 68 - Банк ісі және тиісті қаржы операциялары
5. TC 181 - ойыншықтардың қауіпсіздігі
6. TC 183 - Мыс, қорғасын және мырыш кені және концентраттар
7. TC 215 - Денсаулық сақтау саласындағы информатика
8. TC 219 - Еденге арналған жабын
9. TC 223 - Қоғамдық қауіпсіздік
10. TC 228 - Туризм және оған байланысты қызметтер
11. TC 229 - Нанотехнологиялар
12. TC 254 - Аттракциондардың қауіпсіздігі
2011 жыл ішінде Қазақстан бақылаушы мүше ретінде ИСОТК 68 Банк ісі және тиісті қаржы операциялары, ИСОТК 181 Ойыншықтардың қауіпсіздігі, ИСОТК 215 Денсаулық сақтаудағы ақпараттық технологиялар қатысты.2012 жылы - бақылаушы мүше ретінде ИСОТК 266 Биомиметика қатысуы.

2.3 НАССР Жүйесі - Тамақ Өнімдері Қауіпсіздігін Басқарудың Осы Заманғы Тәсілі
Қазіргі кезеңде НАССР (Hazard Analysis Critical Control Points) қазақша мағынасы тәуекелдерді талдау және сыни бақылау нүктелері) дүние жүз бойынша тамақ өнімдері қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең тиімді әдісі ретінде мойындалып отыр. НАССР жүйесі өнім өндіру үдерісі кезінде пайда болатын қауіпті факторлар мен соларға қойылатын бақылау шараларын анықтайтын тамақ өнімдері қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқарудың осы заманғы тәсілі болып табылады.
НАССР жүйесінің дүние жүзі бойынша өндірістік практикада кең қолданыла бастауының негізгі себебі оның төменде көрсетілген артылықшылықтарына байланысты болып отыр:
-НАССР жүйесі шикізатты өндіріске қабылдаудан бастап, өнім
өндіру, тұтынушы пайдалануының барлық сатыларын қамтитын жүйесі көзқарасқа негізделген
-Жарамсыз (ақаулы) өнімді қайтару немесе жарымсыздықты жөндеу (жою) бойынша кешігіп жасалынатын іс қимылдардың есесіне керсінше олардың алдын алу, дер кезінде әрекет ету шараларын жүзеге асыру
-Тамақ өнімдері қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жауапкершілікті нақтылы анықтау
-Қауіпті (сыни) үрдістерді қатесіз айқындау және кәсіпорынның мүмкіндіктерін соларға бағыттау
-Жалпы өндірілген өнім көлімдегі жарамсыздықтың үлесін азайту есебінен болатын айтарлықтай үнемділік
-өндірілген өнімнің қауіпсіздігіне қатысты сенімділіктің құжатталған түрде анықталуы (бекітілуі). Бұл әсіресе наразылыққа талдау жасау және сәт талқылауы кезінде маңызды, сонымен қатар ИСО 9001:2008 стандартымен интеграциялау үшін қосымша мүмкіндіктер береді
НАССР жүйесін енгізу кәсіпорынға бірқатар сыртқы артықшыларды береді:
-өндірілген өнімге тұтынушының сенімділігі жоғарлайды
-жаңа, соның ішінде халықаралық нарыққа шығу мүмкіндігі ашылып, өткізу нарығының ауқымы кеңейеді
-маңызды тендерлерге қатысу кезендегі артышылық
-кәсіпорын өнімінің бәсекелестік қабілеті артады;
-инвестиция тарту қабілеті артады
-өнім сапасының тұрақтылығын қамтамасыз ету нәтижесінде тұтынушылардан түскен шағым санының азаюы
-сапалы және қауіпсіз өнім өндіру жөнінен өндіруші беделінің артуы.
HACCP-та, әсіресе сапа бақылау мәселесіне жүйелік көзқарас тұрғысынан қарау көзделген. Біздіңше, бақылауды жүзеге асыру тұрғысынан алып қарағанда, қорлар мен қызметкерлер күшін өндірістің недәуір маңызды бөліктеріне шоғыландыруға мүмкіндік беретін себепті HACCP ең пайдалы жүйе болып табылады. Ал жобаны жүзеге асыруға жұмсалған шығын тұтынушылардың сенімін арттыру, компанияның беделін көтеру нәтижесінде өтеледі. Сондай-ақ бұл жүйе сауданың арықарай кеңеюі мен сыртқы нарыққа шығу кезінде бәсекелестікке қосымша артықшылық береді. HACCP жүйесінің қағидалары мен механизмдері адам өмірі мен денсаулығына төнетін қауіптілікті айтарлықтай азайтады.
НАССР жүйесінің басты жетістігі дайын өнімді бақылау арқылы қателіктерді анықтауда емес, керісінше қателіктердің алдын алуға негізделгендігінде. НАССР тамақ өнімдерін өндіру кезінде пайда болуы мүмкін қауіптілікті алдын ала байқауға жәрдемдеседі, сөйтіп өнім қауіпсіздігі бойынша тұтынушыларға кепілдікті қамтамасыз етеді.
НАССР жүйесі алғаш АҚШ-та 1960 жылдары ғарышкерлердің азық-түлігін өндіру кезінде қолдануға бастады. 1985 жылы АҚШ-да ресми құжат НАССР-ты қолданылуға жетекшілік нұсқау басылып шықты, кейінірек бұл жүйе көптеген нормативтік құжаттарға , соның ішінде ет өнімдері, құс еті және теңіз өнімдері т.б. өнімдерге қатысты гигиеналық ережелерге енгізілді. 1993жылы ЕЭО 9343 Тамақ өнімдерінің гигиенасы туралы директиваларына осы жүйені қолдану жөнінен ұсыныстар енгізілді. Ал 1997 жылы НАССР жүйесі ФАОДД7 Кодекс Алиментариусқа енгізілді. Осылайша НАССР жүйесі қауіпсіз тамақ өнімдерін өндірудің негізі ретінде шын мәнінде әлемдік деңгейде мойындалып отыр.
НАССР-тың шынайы мән маңызын түсіну үшін тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жұмысы қандай түрде жүзеге асырылып келгеніне тоқталайық: әдетте көбінесе өткізуге (сатуға) дайын болған соңғы өнімнен алынған үлгілерге зерттеу жүргізіледі. Бұл әрине барлық өнім топтамасының сапасына кепілдік бере алмайды. Ондай кепілдікті беру үшін барлық өнім топтамасы бойынша әрбір тауар бірлігіне жаппай зерттеу жүргізу қажет болады Практика жүзінде ол мүмкін емес. Сондықтан не істеу керек? Бұл сұраққа НАССР қағидалары жауап бере алады. Яғни тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылауды өнім өндірудің соңғы сатысында ғана емес, шикізатты дайындау, өндіріске қабылдаудан бастап технологиялық өңдеу, дайын етіп шығару, сақтау, тасымалдау, пайдалану (тұтыну)-дың барлық кезеңдерінде пайда болуы мүмкін қауіпті факторларды қадағалау арқылы қауіптілікті болдырмау шараларын іске асыру нәтижесінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету НАССР қағидаларының негізі болып саналады. Мысалға ет өнімдерін алайық. Ет өнімдерінің қауіпсіздігіне әсер ететін факторлар малды бағып-күту, жемдеуден бастап, малды союға дайандаудың барлық кезендерінде кездесуі мүмкін. Мысалы шұжық өндіру технологиялық үрдісі кезінде жүргізілетін бақылау шаралары өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты менеджмент жүйелерін өнімнің барлық өмірлік кезеңдерін қамти отырып интерациялауқажет. Оны жүзеге асыру үшін тиісті кәсіпорындардың іс қимылын өзара оңтайлы үйлестіру талап етіледі. Қазіргі кезеңде техногендік әсерлерден қоршаған ортаның көптеп ластауына байланысты ауыл шаруашылық өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі күрделене түсуде. Сонымен қатар қоршаған ортаға келіп түскен зиянды заттар (ауыр металл тұздары, пестицидтер, радионуклеидтер, нитраттар т.б.) өсімдіктерден мал өніміне, мал өнімдерінен (ет, сүт) адам ағзасына таралып оның өмірі мен денсаулығына қауіпті әсер етендіктен бұл мәселе әлемдік деңгейде ерекше назарға алынып отыр. Сондықтан тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылауды дайын өнімге ғана жүргізіп қоймай өндірістің барлық сатыларында қолға алу қажет.
Технологиялық үрдістерді бақылау іс қимылын күшейту өз кезегінде өндірістік тәртіп пен гигиеналық ереже, рецептуралық нормаларды қатаң сақтауға ықпал етеді. Ал нормативтік құжат талаптарын қатаң сақтау өнім қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кепілі болып табылады.
Технологиялық үрдістерді бақылау іс қимылдарын жетілдіру үшін ИСО 22000 стандарты талаптарын жүзеге асыру қажет. Ол үшін ИСО 22000 талаптарын ескере отырып технологиялық үрдістің әрбір кезеңіндегі микробиологиялық, химиялық және басқа факторлардың деңгейіне байланысты өнім сапасы мен қауіпсіздік көрсеткіштерінің өзгеру заңдылықтары туралы ғылыми ақпараттарды зерттеу, өндірістік үрдісті бақылауға және сапа мен қауіпсіздікке қойылатын заңнамалық, нормативтік талаптарға талдау жасау, қауіпті факторларды анықтап, қатерлерді бағалау, бақылау нүктелерін айқындау, шекті параметрлерді анықтап, ұйғарымды шектерді белгілеу шараларын іске асыру қажет. Қатерлі бақылау нүктелерін анықтау арқылы олардың пайда болу мүмкіндігінің алдын алуға болады. Қазіргі кезеңде дүниежүзілік тәжірибеде интеграцияланған (біріктірілген) менеджмент жүйесіне (ИМЖ) негізінен сапа менеджменті, экологиялық менеджмент, өндірістік қауіпсіздік және денсаулық сақтау менеджменті, әлеуметтік жауапкершілік менеджменті қатарлы менеджменттер қамтылуда. Сапа менеджменті жүйесін енгізген кәсіпорындар соған қоса біртіндеп басқа менеджменттерді енгізу арқылы немесе барлық менеджмент жүйелерін кешенді түрде біріктіре отырып толықтай интеграцияланған менеджмент жүйесін (ИМЖ) құруды жүзеге асыруына болады. Интеграцияланған менеджмент жүйесін құру ИСО 9000 стандарттар топтамасы қағидаларына негізделуі тиіс. Яғни интеграцияланған менеджмент жүйесін енгізудің базалық қағидалары ретінде үрдістік және жүйелік тәсіл, басшының озықтығы, қызметкерлерді тарту (жұмылдыру) принциптерін негізге алу қажет. Менеджмент саласы бойынша Европа мен Америка компанияларының тәжірибелеріне қарағанда компания өзінің менеджмент жүйесіне ИСО 9001 стандартын біріктіре отырып ұйымның барлық іс қызметін қамтыған менеджмент жүйесін құра алады. Бұл дегеніміз шын мәнінде интеграцияланған менеджмент жүйесінің негізі болып табылатын жаппай сапа басқару қағидасын жүзеге асыру деген сөз (TQM - Total Quality Management). Өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелері ұйымдардың тұтынушыны қанағаттандыруына жәрдемдеседі. Тұтынушыға өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын өнім қажет. Тұтынушы қажеттілігі өнім сапасына қойылатын белгілі талаптар бойынша анықталады. Ал тұтынушылардың қажеттілігі мен талаптары өзгеріп тұратындықтан кәсіпорындар бәсекелестік қысымына ұшырайды. Сондықтан олар өз өнімдерін үнемі жетілдіріп отырулары тиіс. Отандық кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетін арттыру мақсатымен Елбасы және үкімет тарапынан ISO-9000 халықаралық стандарттар сериясы мен өнім қауіпсіздігінің НАССР жүйесін енгізу арқылы өнім, қызмет сапасын тиімді басқару саясаты жүргізілуде.
Өнім өндіру және қызмет көрсету компаниялары мемлекеттік ұйымдар мен тапсырушылар тұтынушылар тарапынан тұрақты қадағалауға алынуы тиіс. Тамақ өнімдерін өндіру саласында қауіпсіздікті басқаруды стандарттауға арналған әкімшілік жүйені құрып жетілдіруге деген ұмтылыс туындауда. Ондай стандарттарда НАССР қағидаларына негізделген сапа жүйесінің элементтері қамтылады. Бұл қағидалардың негізгі мағынасы: компанияның өндіріс жағдайы мен технологиялық үрдістерінің өнім қауіпсіздігі үшін қатерлі болып табылатын кезеңдеріне баса назар аударуына жәрдем жасау. Сол арқылы компания НАССР жүйесін енгізіп, құжат түрінде рәсімдеп, жұмыс жағдайында ұстап отыру мүмкіндігіне ие бола алады. Нәтижесінде осы кәсіпорыннан өндірілген өнім тұтынушы үшін зиянсыз болатынына кепілдік беріледі. НАССР стандартының мәтіні қолдануға қолайлы болу үшін талаптар түрінде жазылады. НАССР-тың жеті қағидасы талаптарды жалпылай рәсімдеудің негізі ретінде танылады. Оларды тиімді пайдалану үшін мекеменің барлық үрдістері мен қосалқы іс-әрекеттерін толықтай түсіну қажет. НАССР қағидаларында заңнамалық және нормативтік құжаттарға, қаулы, ережелерге тікелей сілтемелер жоқ. Дей тұрғанмен, олар мекеменің жұмысына әсер ететін жағдайда оларға сілтемелер жасалуы сөзсіз. Осылайша ол нормативтік құжаттар сол мекеменің НАССР жүйесінің бір бөлігі болып қалады. Тамақ өнеркәсібінде НАССР қағидаларын қолданудың тағы да басқа бір бағыты ұсынылуда. Мысалы НАССР жүйесі бойынша талдау жүргізгенде қауіптілік параметрін дәмдік қасиеті түсінігімен алмастыра отырып сыни бақылау нүктелерін өнімнің дәмдік сапасына қатысты анықтау яғни сыни бақылау нүктелерін өнімнің кез-келген қасиетін анықтап, бақылау үшін пайдалануға болады. Өнім өндіруші немесе қызмет көрсетуші әрбір мекемеде сапа басқаруға қатысты іс-шаралар жүзеге асырылады. Бірақта ол іс-шаралар көбінесе жүйеліемес, стихиялы түрде жүргізіледі. Тіпті ISO-9000 халықаралық стандарттары негізінде сапа жүйесін енгіздік дейтін кейбір мекемелер бұл жүйені тек қағаз жүзінде (формальды түрде) ғана енгізгені байқалады. Бұл әрине мекеменің өзін-өзі алдауы болып табылады. Өнім немесе қызмет сапасы ең әуелі шикізат, жоба, технологиялық үрдіс, қызметкер, қор, бақылау, басқару сапасына байланысты қалыптасады. Сондықтан басқару жүйесіне осы кезеңдер тұтастай қамтылуы тиіс. Компанияның табысты жұмыс істеуіне негізінен бес фактор ықпал етеді:
1)қызметкерлер, олардың білімі мен біліктілігі, шығармашылық қабілеті, өзгеріске ұмтылысы (қалыптасқан жағдайдан ілгерілеуге талпыныс).
2)Басшылық, яғни қызметкерлерді басқара білу, қолдау, ынталандыру, оңтайлы шешім шығара білу.
3)Компания мәдиниеті, яғни фирма қызметінің тұнықтылығы, сәтсіздікке төзімділік, өзгеріске ұмтылу кезінде тәуекелге дайын болу.
4)Компания стратегиясы. Стратегия қоршаумен қорғалуы қажет. Оның ішінде инновациялық үрдіс жүріліп жатуы тиіс.
5)Іс-әрекетті ұйымдастыру. Ол компанияның жаңаруына ықпал етіп, қызметкердің жаңа шешімдерді сынау, тәжірибеден өткізуіне мүмкіндік жасауы тиіс.
Мекеме өнім өндіру немесе қызмет көрсетуде ішкі және сыртқы нарық бәсекелестігіне қабілетті болу үшін сапа менеджментінің жүйесі ISO-9000 халықаралық стандарттарының талаптары мен НАССР қағидаларына сәйкес болуы қажет. Сондықтан қазіргі кезеңде тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджмент жүйесін ISO-9000 стандарттары мен ISO-22000 стандартын интеграциялау арқылы жетілдіру қажеттілігі туындап отыр.Фермадан шанышқыға қағидасы Қазақстан Бүкіләлемдік Сауда ұйымына кіруге дайын және кірудің міндетті шарты-тамақ кәсіпорындарына сапа менеджменті жүйесі - ХАССП жүйесін енгізу болып табылады. Бұдан басқа, 2013 жылдың 1 шілдесінен бастап Кедендік одақ комиссиясының 2011ж. 9 желтоқсандағы №880шешімімен бекітілген Кедендік Одақтың Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы ТР ТС 0212011 Техникалық регламенті күшіне енеді. Осы регламентке сәйкес азық-түлік өнімдерін шығарушы ХАССП қағидаларына негізделген рәсімдерді әзірлеп, енгізуге және құптауға міндетті.
ХАССП сапа менеджменті жүйесі дегеніміз не? ХАССП (ағылшын транскрипциясы бойынша HACCP - Hazard Analysis and Critical Control Points, тәуекелді қолдау және бақылаудың аумалы нүктелері) қауіпті ахуалдың пайда болу ықтималы бар тамақ тізбегінің барлық кезеңдерінде, өндірістік процестің кез келген нүктесінде бақылауды қамтамасыз ететін азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін басқару жүйесі. Ең бастысы ХАССП жүйесін әлемнің барлық өркенниетті елдерінің азық-түлік өнімдерін өндіруші компаниялары қолданады, ал АҚШ-та, Канадада, Жаңа Зеландияда, Жапонияда, тағы бірқатар мемлекеттерде ХАССП жүйесін заңнамалық деңгейде енгізу талап етілген.
ХАССП жүйесін құру тарихы. ХАССП тұжырымдамасы 60 жылдары Америка ғарыш бағдарламасын жасау кезінде Pillsbury компаниясының, АҚШ-ң қарулы күштері зертханасының және аэронавтика мен космонавтикалық ұлттық басқармасының (NASA) біріккен күштерімен әзірленді. NASA алдына азық-түлік өнімдерінде токсиндердің пайда болу мүмкіндігін болдырмайтын жүйені әзірлеу және соның салдары ретінде тамақтан улануды болдырмау міндеті койылды. Аяққы өнімді немесе жартылай фабрикаттарды іріктеп, тіпті жаппай сынақтан өткізу өнімнің қауіпсіздігіне кепілдік бермеді, бірақ технологиялық үдерісті күрделендіріп, өндірісті қымбаттатты. Осы мәселені шешу үшін 1971 жылы азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі Бірінші Америка Ұлттық конференциясында Pillsbury компаниясы ұсынған ХАССП тұжырымдамасын әзірлеу бастамасы болды.
ХАССП (HACCP) жүйесін қолдану мақсаты. Қазіргі таңда ХАССП (HACCP) жүйесі азық-түлік өнімдерінің сапасын басқарудың және реттеудің негізгі моделі, оның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бас құралы болып табылады. Мақсатты бақылау шараларының нәтижесінде азық-түлік өнімдерін тұтынуға байланысты болатын барлық тәуекел түрлерін алдын-ала ескеріп, болдырмайтын, жоятын және қисынды деңгейіне дейін азайтатын аумалы бакылау нүктелері деп аталатын мәселеге ерекше көңіл бөлінеді. ХАССП жүйесі тәуекел факторларын болдырмау жүйесі емес. Оның негізгі бағыты - азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігіне байланысты болатын проблемалардан туындауы мүмкін тәуекелдерді азайту.
ХАССП жүйесінің қағидалары.
ХАССП жүйесінің негізіне алынған жеті қағида бар және олар белгілі азық-түлік өнімдерін шығарушы кәсіпорын үшін жүйені құру кезінде міндетті түрде қолданылады:
1.Тәуекелдерге (қауіпті факторларға) мұқият талдау жүргізу;
2.Аумалы бақылау нүктелерін(АБН) анықтау;
3.Әр бақылау нүктесі үшін аумалы шектеулерді белгілеу;
4. Аумалы бақылау нүктелерінің мониторингісі рәсімдерін белгілеу (қалай?, кім?, қашан?) ;
5.Түзету іс-қимылдарын әзірлеу;
6.Есепке алу және құжаттамаларды жүргізу, рәсімдерін белгілеу;
7.Құжаттама жиынтығын тексеру рәсімдерін белгілеу.
ХАССП жүйесін енгізудің ұтымдылығы.
Азық-түлік өнімдерін өндіруші компаниялар өздерінің кәсіпорындарына ХАССП жүйесін енгізе отырып, тауарлардың рыноктағы қозғалысы кезінде өздерінің өнімдерінің немесе сауда белгісінің қорғалуын қамтамасыз етеді. ХАССП жүйесінің маңызды да шартсыз құндылығы оның қасиеттерін айқындау емес, атап айтқанда азық-түлік өнімдерінің өндірісінің барлық тізбегінде кезең-кезеңімен бақылау арқылы қателіктердің алдын-алу, болжау және ескерту болып табылады. Бұл тамақ өнеркәсібі саласының жұмысындағы бірінші кезектегі басты міндет болып табылады және тұтынушыларға азық-түлік өнімдерін қолдануда қауіпсіздікті кепілді түрде қамтамасыз етеді. ХАССП қағидаларына сүйенген жүйені өндірісте қолдану азық-түлік өнімдерін өндіруші компанияларға жоғары еуропалық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін өнімдерді ғана емес, Еуропаның тағам рыногындағы қатаң бәсекелестікке қабілетті өнімдерді шығаруға да мүмкіндік береді
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету -- өзінің ішкі және сыртқы саясаттарын жүргізуі кезінде кез-келген ел соқтығысуы мүмкін стратегиялық мәселе. Елдің тұрақты дамуы туралы ешқандай сөз болуы мүмкін емес, егер ол ел өз халқын негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың толыққұнды және жеткілікті деңгейімен қамтамасыз ете алмайтын және өзінің жеке сыртқы саясатын жүргізе алмайтын болса. Сонымен қатар, ел ішіндегі азық-түлік нарығы импортқа тәуелді болса.
Елімізде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі Қазақстан Республикасының "Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы" (2004 ж.), "Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы" (1992 ж.), "Техникалық реттеу туралы" (2004 ж.), т.б. заң актілерінде қарас - тырылған. Осы заң актілерінде белгіленген талаптарды орындау, тамақ өнімінің сапасы мен қауіпсіздігін тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін әлемнің көптеген елдерінде НАССР (Hazand Analysіs and Crіtіcal Control Poіnts) жүйесі сәтті пайдаланылуда. Қазақша мағынасы тәуекелдерді талдау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономика жағдайында өнеркәсіп салаларында сапаны қамтамасыз етудің теориялық негіздері
Йогурт сапасын бақылау
Өнім сапасын басқару Қазақстан Республикасы жағдайында
Сапаның экономикалық маңызы
Сүт өнімдерінің сапасын бақылау және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету
«Райымбек Агро» ЖШС-те СМЖ және қаупсіздік жүйесін дайындау
АҚ Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы
Өнімнің бәсекелік қабілетін бағалау әдістемесі
ҚР ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық мәні
Өнімдердің сапасы және қасиеттері
Пәндер