Қазақ ұлттық-демократиялық зиялыларының 1908 – 1916 жылдардағы қоғамдық-саяси қызметі және алаш қозғалысы



М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.9

I.тарау. Ұлттық интеллигенцияны қудалау саясаты. «Қа.
зақ» газеті және азаттық үшін күрес идеологиясы.
ның қалыптасуы (1908 . 1916 жылдар) ... ... ... ...10.36

1.1. Ұлттық интеллигенцияны қудалау саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. «Қазақ» газеті және отарлық езгі мен феодалдық мешеулікке қарсы
күрес идеологиясының қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23.36

II.тарау. Қазақ демократиялық интеллигенциясы бірінші
дүниежүзілік соғыс және 1916 жылғы ұлт.азаттық
көтеріліс тұсында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37.59

2.1. Қазақ зиялылары бірінші дүниежүзілік соғыс тұсында ... ... ... ...37.50
2.2. Демократиялық интеллигенцияның 1916 жылғы көтеріліс қарса.
ңындағы және тұсындағы қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50.59
2.3. Қазақ демократиялық интеллигенциясы майдандағы жұмысшылар
арасында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..60.64
Сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65.68
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .69
КІРІСПЕ
XX ғасырдың бас кезі қазақ қоғамы үшін түрлі ағымдардың өзара қақтығыс, күрес кезеңі болды. Бір жағынан, ескі, күні өткен феодалдық, қатынастар өзінің барлық даму қуатын тауысып, коғамдық өніп-өсуде кедергіге айналса, екінші жағынан, оларды ауыстыра аларлық жаңа қоғамдық қатынастар тым әлсіз, балаң күйде еді. Елдегі мұндай ауыр жағдайды ресейлік империализмнің пәрменді отарлау және орыстандыру саясаты тереңдете түсті. Басқаша айтқанда, бұл мезгілде ортағасырлық мешеулік пен ұлттық езгі қыспағына бірдей іліккен қазақ елінің болашағына үлкен қауіп төнген еді.
Міне, осындай жағдайда қоғамдық күреске қазақ қоғамы үшін мүлдем жаңа саяси-әлеуметтік күш — ұлттық интеллигенция араласа бастайды.
Қазақ қоғамы үшін нағыз өтпелі кезең, болған сол уақытта тарих сахнасына көтеріліп, бас-аяғы жиырма жылға созылған қысқа мерзім ішінде өшпес із қалдырған бұл ұлт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметін,оның ішінде олардың 1908 – 1916 жылдардағы қызметін, азаттық үшін күрес идеологиясының қалыптасуын қарастыру диплом жұмысының мақсаты болып табылады. Жұмыстың хронологиялық шеңбері 1908 – 1916 жылдарды, яғни 1905 – 1907 жылдардағы бірінші орыс революциясынан кейінгі реакциялық қудалау кезеңінен 1917 жылдардағы революцияларға дейінгі кезеңді қамтиды.
Бұл тақырыпты жан-жақты қарастыру, біздің пікірімізше, ең алдымен бүгінгі қоғамдық өмір сұранысынан, соған сай таным құралы ретінде тарих ғылымының танымы болмысынан туындайды. Кез келген өркениетті елде тарих ғылымы сол елдің, халықтың жүріп өткен жолын, әсіресе күрделі тарихи өтпелі кезеңдер мен сол кезеңдерде өзінің қоғамдық қызметімен тарихта терең із қалдырған түрлі қоғамдық күштердің, жеке тарихи қайраткерлердің өмір жолын зерттеу арқылы өзінің гуманистік міндетін орындап отырған және сол арқылы прогреске қызмет еткен.
Кеңестік тарих ғылымы революцияға дейінгі ұлттық интеллигенцияның қоғамдық қызметі «буржуазиялық ұлтшылдықтың» немесе «күні өткен феодалдық тәртіпті жақтаушылықтың» көрінісі есебінде бағалап келді. Ал қа¬зақ зиялыларының қоғамдық қызметінде мұндай көрініс болды ма, жоқ әлде бұл аталған ұғымдар жаңа тарихи жағдайда ұлы державалық пиғылдағы саяси топтардың патриоттық, ұлт-азаттық күштермен күресте қолданған жаңа әдіс-кұралдары ма еді?
XX ғасырдың басындағы ұлттық зиялылардың қоғамдық-саяси қызметін зерттеу, белгілі дәрежеде, тарихи қоғамдық құбылыс ретінде оның табиғи болмысын, тыныс-тіршілігін, әлеуметтік күш есебінде биік қасиеттері мен кемшіліктерін де танып білу екендігі түсінікті. Басқаша айтқанда, бүгінгі ұрпақ үшін бұрыңғылардың қандай тарихи іс тындырғаны ғана маңызды емес, нақ сондай дәрежеде олардың қайраткер ретінде бар болмысымен кім болғаны да мәнді. Өйткені барлық өркениетті қоғамда әрбір ұрпақ өзінің ерекшелігін, тіптен тарихи борыш-міндеттерін тарихи контексте ғана терең әрі толық түсіне алған.
ӘДЕБИЕТТЕР.

1. Бейсембаев С. Ленин и Казахстан. Изд.2. А., 1987.
2. Бөкейханов Ә. Шығармалар. А., 1995.
3. Бурабаев М.С. Общественная мысль Казахстана в 1917 – 1940 гг.. А., 1991.
4. Григорьев В.К. Противостояние. А., 1989.
5. Дулатов М. Шығармалары. А., 1991.
6. Елеуов Т. Установление и упрочение Советской власти в Казахстане. А., 1961.
7. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. А., 1995.
8. Қойгелдиев М., Омарбеков Т. Тарих тағлымы не дейді? А. , 1993.
9. Мартыненко Алаш-Орда. Сборник документов. А., 1992.
10. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. А., 1995.
11. 1917 год в Казахстане. А., 1977.
12. Пахмурный П., Григорьев В. Октябрь в Казахстане. А., 1978.
13. Сейфуллин С. Тар жол, тайғақ кешу. А., 1977.
14. Сафаров Г. Колониальная революция (Опыт Туркестана).А., 1996.
15. Спирин Л.М. Россия. 1917 год. Из истории борьбы политических партий. М., 1987.
16. Тынышпаев М. История Казахстана. А., 1993.
17. Шоқай М. Түркістанның қилы тағдыры. А., 1992.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ш.ЕСЕНОВ
АТЫНДАҒЫ АҚТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТ

Тарих және философия кафедрасы

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ 1908 – 1916 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ-
САЯСИ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ
( ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС )

Дайындаған : Тарих және геог-

рафия ( КИО-02-3 )
тобының
студенті Азбергенова Ләззат
.

Ғылыми жетекші : аға оқытушы
Исаева Л.Н.

Қорғауға жіберілді
мамыр 2007 ж.
Тарих және философия
кафедрасының меңгерушісі,
Бекенжанова А.А.

Ақтау - 2007
М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..3-9

I-тарау. Ұлттық интеллигенцияны қудалау саясаты. Қа-
зақ газеті және азаттық үшін күрес идеологиясы-
ның қалыптасуы (1908 – 1916 жылдар) ... ... ... ...10-36

1.1. Ұлттық интеллигенцияны қудалау
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Қазақ газеті және отарлық езгі мен феодалдық мешеулікке қарсы
күрес идеологиясының
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...23-36

II-тарау. Қазақ демократиялық интеллигенциясы бірінші
дүниежүзілік соғыс және 1916 жылғы ұлт-азаттық
көтеріліс
тұсында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37-59

2.1. Қазақ зиялылары бірінші дүниежүзілік соғыс тұсында ... ... ... ...37-50
2.2. Демократиялық интеллигенцияның 1916 жылғы көтеріліс қарса-
ңындағы және тұсындағы
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50-59
2.3. Қазақ демократиялық интеллигенциясы майдандағы жұмысшылар

арасында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...60-64
Сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..65-68
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...69

КІРІСПЕ.

XX ғасырдың бас кезі қазақ қоғамы үшін түрлі ағымдардың өзара
қақтығыс, күрес кезеңі болды. Бір жағынан, ескі, күні өткен феодалдық,
қатынастар өзінің барлық даму қуатын тауысып, коғамдық өніп-өсуде
кедергіге айналса, екінші жағынан, оларды ауыстыра аларлық жаңа қоғамдық
қатынастар тым әлсіз, балаң күйде еді. Елдегі мұндай ауыр жағдайды ресейлік
империализмнің пәрменді отарлау және орыстандыру саясаты тереңдете түсті.
Басқаша айтқанда, бұл мезгілде ортағасырлық мешеулік пен ұлттық езгі
қыспағына бірдей іліккен қазақ елінің болашағына үлкен қауіп төнген еді.
Міне, осындай жағдайда қоғамдық күреске қазақ қоғамы үшін мүлдем жаңа
саяси-әлеуметтік күш — ұлттық интеллигенция араласа бастайды.
Қазақ қоғамы үшін нағыз өтпелі кезең, болған сол уақытта тарих
сахнасына көтеріліп, бас-аяғы жиырма жылға созылған қысқа мерзім ішінде
өшпес із қалдырған бұл ұлт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметін,оның ішінде
олардың 1908 – 1916 жылдардағы қызметін, азаттық үшін күрес идеологиясының
қалыптасуын қарастыру диплом жұмысының мақсаты болып табылады. Жұмыстың
хронологиялық шеңбері 1908 – 1916 жылдарды, яғни 1905 – 1907 жылдардағы
бірінші орыс революциясынан кейінгі реакциялық қудалау кезеңінен 1917
жылдардағы революцияларға дейінгі кезеңді қамтиды.
Бұл тақырыпты жан-жақты қарастыру, біздің пікірімізше, ең алдымен
бүгінгі қоғамдық өмір сұранысынан, соған сай таным құралы ретінде тарих
ғылымының танымы болмысынан туындайды. Кез келген өркениетті елде тарих
ғылымы сол елдің, халықтың жүріп өткен жолын, әсіресе күрделі тарихи өтпелі
кезеңдер мен сол кезеңдерде өзінің қоғамдық қызметімен тарихта терең із
қалдырған түрлі қоғамдық күштердің, жеке тарихи қайраткерлердің өмір жолын
зерттеу арқылы өзінің гуманистік міндетін орындап отырған және сол арқылы
прогреске қызмет еткен.
Кеңестік тарих ғылымы революцияға дейінгі ұлттық интеллигенцияның
қоғамдық қызметі буржуазиялық ұлтшылдықтың немесе күні өткен феодалдық
тәртіпті жақтаушылықтың көрінісі есебінде бағалап келді. Ал қазақ
зиялыларының қоғамдық қызметінде мұндай көрініс болды ма, жоқ әлде бұл
аталған ұғымдар жаңа тарихи жағдайда ұлы державалық пиғылдағы саяси
топтардың патриоттық, ұлт-азаттық күштермен күресте қолданған жаңа әдіс-
кұралдары ма еді?
XX ғасырдың басындағы ұлттық зиялылардың қоғамдық-саяси қызметін
зерттеу, белгілі дәрежеде, тарихи қоғамдық құбылыс ретінде оның табиғи
болмысын, тыныс-тіршілігін, әлеуметтік күш есебінде биік қасиеттері мен
кемшіліктерін де танып білу екендігі түсінікті. Басқаша айтқанда, бүгінгі
ұрпақ үшін бұрыңғылардың қандай тарихи іс тындырғаны ғана маңызды емес, нақ
сондай дәрежеде олардың қайраткер ретінде бар болмысымен кім болғаны да
мәнді. Өйткені барлық өркениетті қоғамда әрбір ұрпақ өзінің ерекшелігін,
тіптен тарихи борыш-міндеттерін тарихи контексте ғана терең әрі толық
түсіне алған.
Революцияға дейінгі қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметінің
тарихын зерттеуді олардың өздері бастап берген болатын. Бұл ретте Ә.
Бөкейхановтың1, М. Дулатовтың2, М. Тынышбаевтың3 және Е. Омаровтың4 өз
замандастарының өмірі мен қызметіне байланысты түрлі басылымдарда
жарияланған еңбектерін айтуға болады.
Кеңес үкіметі тұсында қазақ зиялыларының тарихын жасау ісі ресми
саясатқа тікелей тәуелді болды, соған сай өзгеріп отырды. Қазақ облыстық
бірінші партия конференциясы жаңа қоғамдық құрылыс үшін қазақ елінің
интеллигенциясының тым аз екендігін, ал білімді, тәжірибелі аз ғана
зиялыларды ешқандай да кітаптың ауыстыра алмайтындығын5 мойындай отырып,
бірақ олармен қызмет бөлісу ниеті де жоқ екендігін ашық білдірді. Мұндай
саясаттың астары түсінікті болатын, қазақ бұқарасының санасын өзіне қаратып
алуды көздеген большевиктер, өзінің негізгі қарсыласы ұлттық тәуелсіздік
тұғырнамасында тұрған қазақ демократиялық интеллигенциясын күрес аренасынан
біржола ығыстыруды алдына мақсат етіп қойған еді. 1922 жылдан бастап жоғары
білікте жүрген Алаш қайраткерлері қызметтерінен ығыстырыла бастайды6. Бұл
саяси жағдай осы кезеңде жарық көрген материалдардан да анық аңғарылады.
Бүгінгі күнге дейін зерттеушілер мен қалың окырманның назарына ілікпей
келе жатқан кітап Мартыненконың Алаш-Орда атты құжаттар жинағы7. Бұл Алаш
қозғалысы жөнінде біршама түсінік бере алатын құжаттардан құралған тұңғыш
ғылыми жинақ болатын. Сонымен бірге Мартыненко жинағы да Бочагов еңбегі
сияқты нақты саяси мақсатқа қызмет етуге негізделген.
Бочагов пен Мартыненко еңбектерінің шығуымен бір мезгілде алаштық
интеллигенцияны қудалау және сотқа тарту ісі қатар жүрді. 1927 жылы қазан
айында ОГПУ орындарының Е.Омаровты тұтқынға алып, тергеу жүргізуінен
басталған бұл процесс 1930 және 1932 жылдары ұлт-азаттық қозғалысы
қайраткерлерінің үлкен тобын (А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Тынышбаев және
басқалар бастаған) түрлі-ауыр жазаларға кесумен аяқталды8.
20-жылдардың орта тұсынан қалыптаса бастаған бұл ауыр саяси жағдай
Алаш қозғалысына қатысты жазылған еңбектерге өз әсерін тигізбей қоймады.
Өздерінің алғашқы еңбектерінде ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясының
объективті-революциялық рөлі жөнінде жазған Т. Рысқұлов9 пен С.
Асфендиаров10 соңғы еңбектерінде қазақ зиялыларының қызметін басынан аяғына
дейін реакциялық буржуазиялық ұлтшылдықтың көрінісі есебінде бағалауға
мәжбүр болды. Ал F. Тоғжанов11, I. Қабылов12 және Н. Тимофеев13 сияқты
тарихшылар Алаш қозғалысынан тек Кеңес үкіметі мен большевиктер партиясына
қарсы әрекетті көрді.
Ф. Голощекин мен партиялық басшылықтың есебі бойынша алаштық идеология
мен интеллигенцияға қарсы шабуылдың шырқау биігі С. Брайнин мен Ш. Шафиро
даярлаған Алашорда тарихы бойынша очерктер кітабы болуға тиіс еді14.
Кітапты дайындау барысында, яғни 1933 жылы 8-28 желтоқсан аралығында Қазақ
марксизм-ленинизм ғылыми-зерттеу институтында Алашорданың контреволюциялық
рөліне арналған ғылыми конференция өткізіледі.
Ұлт-азаттық қозғалыс қайраткерлерімен біржола есеп айырысу мақсатында
жүргізілген 1930 және 1932 жылдардағы сот процестерінен кейін өткізілген
бұл конференцияның негізгі мақсаты күйретілген Алашорданың қалдықтарына
енді теория жүзінде, тарих майданында соққы беру еді. Өздерінің осындай
саяси мақсат көздегенін баяндамашылар Брайнин мен Шафиро да жасырған жоқ.
Қазақ демократиялық интеллигенциясының қоғамдық-саяси қызметін зерттеу
20-30-жылдары шамамен осы жоғарыда баяндалғандай бағытта және деңгейде
жүрді. Ал 1937-1938 жылдардағы интеллигенцияға қарсы жүргізілген жаппай
жазалау саясаты және тоталитарлық идеологияның салтанат құруы бұл
тақырыптың ғылыми зерттеу объектісі санатынан ұзақ мерзімге шығып қалуына
алып келді. 80-жылдардың соңына шейін XX ғасыр басындағы қазақ
интеллигенциясының қоғамдық-саяси қызметіне арналған бірлі-жарым мақалалар
болмаса15, бұл тақырыпты арнайы зерттеу объектісі есебінде алған
монографиялык деңгейдегі еңбектер жарық көрмеді.
Әрине, бұл мәселе мүлдем назардан тыс қалып қойды деген сөз емес еді.
Зерттеушілер бұл мәселеге тоқталды. Бірақ оған революцияға дейінгі
Қазақстандағы азаттық (таптық) қозғалысқа немесе кеңестік құрылысқа
арналған еңбектерінде негізгі мәселеге жанама сюжет есебінде ғана қарады.
1989 жылы баспадан белгілі қоғам қайраткері, ағартушы М. Сералиннің
қоғамдық-саяси көзқарасын талдауға арналған С. Зиманов пен К. Ыдрысовтың
монографиялық еңбегі жарық көрді16. Кітаптан Айқап журналы төңірегіне
топтасқан қазақ зиялылары жөнінде көптеген тың фактілерді кездестіреміз.
Қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси көзқарасы әр жылдарда қазақстандық
философ ғалымдардың да зерттеу объектісі болды17.
Қазан революциясы қарсаңындағы Қазақстандағы
жағдай, соған байланысты қазақ интеллегенциясының
қоғамдық-саяси қызметі, белгілі дәрежеде, шетелдік
эмиграция өкілдері еңбектерінде де көрініс тапты18. Бұл
ретте 1917 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың даму ерекшеліктері мен бағыттарын
тереңірек түсіну үшін М. Шоқайұлының естеліктерінің маңызын бөліп айтқан
орынды19.
Алаш қайраткерлерінің тағдырын, әсіресе шет елдерге қоныс аударуға
мәжбүр болған алаштықтардың өмірі мен қызметін танып-білуде X. Оралтай
еңбегінің20 орны ерекше.
XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ ұлт-азаттық қозғалысын жаңа
әдістемелік тұрғыдан қорытып зерттеуде шетелдік тарихшы мамандардың
жариялаған еңбектерінің мәні зор21. Сонымен бірге, елімізде қалыптасып
отырған мүлдем жаңа саяси жағдайға және бұрын жабық архив қорларының
ашылуына байланысты шетелдік авторлардың зерттеулерінің деректік
(негізінен, орыс тіліндегі құжаттық жинақтар мен баспасөз материалдарынан
тұратын) негізінің әлсіздігін, соған байланысты жасаған тұжырымдарындағы
кемшіліктерді елемеу құр еліктеушілікке ұрындырар еді.
Қазақ демократиялық зиялылардың XX ғасырдың бас кезіндегі қоғамдық-
саяси қызметін зерттеудегі шын мәніндегі жана кезең 80-жылдардың соңына
қарай басталды. Оған жол ашып берген сол кездегі бүкіл Кеңестер Одағын
қамтыған қайта кұру процесі, соған байланысты тоталитарлық жүйенің құрбаны
болған қазақ мәдениеті мен ғылымының көрнекті қайраткерлерінің
шығармашылық мұрасын қайта қарау үшін Қазақстан Коммунистік партиясы
Орталык Комитеті жанынан құрылған комиссияның шешімдері болды. Соның
нәтижесінде, сталиндік жазалау құрбаны болған қазақ зиялыларының
шығармашылық мұрасы 1988 жылдан бастап жарық көре бастады.
Осы кезеңнен бастап қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі
дөңгелек столдардың тақырыбына айнала бастайды. Қазақстан коммунисі
журналы ( 1991 жылдан бастап Ақиқат журналы) мен Социалистік Қазақстан
газеті Алаш қозғалысына арналған мақалалар топтамасын жариялайды22. Түрлі
басылымдарда Алаш қозғалысы қайраткерлерінің қоғамдық қызметі мен
саяси көзқарасын талдауға арналған мақалалар жарық көреді23.
Қазақ ұлт-азаттық қозғалысын бүгінгі қоғамдық сұранысқа сай зерттеуде
М. К. Қозыбаев еңбектерінің орны ерекше24. Олар бұл күрделі мәселені ескі,
ұлыдержавалық мүдде тұрғысынан емес, ұлттық ерекшеліктер мен мүддеге, жалпы
адамзаттық қасиеттерге негізделген жаңа әдістемелік және теориялық деңгейде
зерттеуді меңзейді.
Зиялылардың тарихын зерттеудегі жаңа кезеңнің тағы бір белгісі бұл
мәселені кең тарихи хронологиялық ауқымда және нақты деректік негізде
зерттеуді қуаттайтын еңбектердің жарық көре бастауы25. Ұлттық интеллигенция
тарихын кеңес билігі дәуірімен шектеген Қарағұсов және баска авторларлардың
пікірін X. Әбжанов орынды сынаған. Сондай-ақ осы жаңа кезеңде ұлттық
зиялылардың қоғамдық-саяси қызметін зерттеу тарихнамасы да белгілі бір
жүйеге түсе бастады. I. Қозыбаевтың тарихнамалық еңбектерінің жарық көруі
соның айғағы еді26.
90-жылдардың басында осы уакытқа дейін зерттеушілер үшін жабық болып
келген бұрынғы Қауіпсіздік комитетінің архив корлары өз есігін ашты. Сол
жаңадан ашылған архив құжаттарының негізінде жазушы Д. Досжанов Абақты
(Алматы, 1992) аталатын өзінің әдеби-көркем туындысын жариялады. Онда А.
Байтұрсынов, М. Дулатов және т.б. Алаш қайраткерлерінің істі болу тарихын
бейнеленіп, олардың өмірбаяндық тың деректері де келтіріледі.
1993 жылдың соңына қарай Ш. Ш. Уәлиханов атындағы тарих институтының
ұжымы XX ғасырдың бас кезіндегі Қазақстан тарихы мәселелеріне арналған
ғылыми мақалалар жинағын шығарды27. Бұл жинақ көтерген ғылыми мәселелері,
мақала авторларының тарихи фактілерді талдау және қорыту дәрежесі
тұрғысынан алғанда қазақ тарих ғылымының тәуелсіздікке бет бұрысының айқын
көрінісі болып табылады.
Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін арнайы осы тақырыпқа арналған
еңбектерден ХІХ – ХХ ғасырлар межесіндегі Қазақстанның әлеуметтік-
экономикалық және саяси дамуына талдау жасай отырып, Алаш қозғалысының
пайда болуы, Алаш қайраткерлерінің Алаш автономиясын құру жолындағы қызметі
жан-жақты қарастырылатын көлемді еңбек ретінде белгілі тарихшы – ғалым
М.Қойгелдиевтің Алаш қозғалысы еңбегін айтуға болады. Сонымен қатар
белгілі тарихшы К.Нұрпейісовтың Алаш һәм Алашорда атты монографиялық
зерттеуінде Алаш қозғалысы тарихының деректемелік негіздері, Алаш
партиясының дүниеге келуі, оның бағдарламалық мақсат-міндеттері, Алаш Орда
автономиясының іс-әрекеттері қарастырылады.
I – ТАРАУ.
Ұлттық интеллигенцияны қудалау саясаты. Қазақ газеті және азаттық үшін
күрес идеологиясының қалыптасуы (1908—1916 жылдар).
1.1. ҰЛТТЫҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯНЫ ҚУДАЛАУ САЯСАТЫ.

1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыс барысында барлық
деңгейдегі орыс әкімшілігі қазақ елінің ұлт-азаттық қозғалысын бастаушы
саяси күш – ұлттық интеллигенциямен бетпе-бет келді. Сондай-ақ осы
мезгілден бастап әкімшілік орындары ұлттық интеллигенцняның белсеңді
өкіддерін қудалау саясатын қолға алды. Бұл саясаттың басында империяның
ішкі істер министрлігі тұрды, ал жергілікті жерлерде оның нақты
жүргізушілері губерниялық және уездік әкімшілік орындары болды.
1905—1906 жылдары ұлт-азаттық қозғалыстың әсіресе далалық
облыстарда тегеурінді жүрген еді. Соған сай реакция жылдары да отаршыл
билік пен ұлттық интеллигенция арасындағы күрес осы облыстарда айқын сипат
алды. Басында далалық облыстардың генерал-губернаторы тұрған облыс және
уезд әкімшіліктері ұлт-азаттық қозғалыстың бастаушы өкілдерін, шығармашылық
қызметімен ұлттық санаға ықпал жасай бастаған ақын-жазушыларды, революция
жылдары түрлі саяси істерге белсенді атсалысқан жеке адамдарды, дін
қызметкерлерін жазалау шараларын іске асырды.
1905 жылы жаз айларында түрлі жәрмеңкелер мен жайлауларда мыңдаған
адамдардың қатысуымен өткен жиналыстар, оларда қабылданып, үкімет
орындарына жөнелтілген петициялар отаршыл әкімшілік үшін күтпеген
белсеніділіктің көрінісі еді. Сондықтан да үкімет орындары бұл оқиғалардың
одан ары өріс алмауына қажет шараларды істеп бақты. Сол кездегі оқиғалардың
куәсі М.Тынышбаевтың көрсетуіне қарағанда, 1905 жылдың күзіне қарай Семей
губернаторы Галкин билік орындарына қазақтарды Омбыда өтпек жиналысқа
жібермеу туралы жарлық береді. Әскери генерал Романов қазақ тілмаштарын
жұмыстан босатып, олардың орнына орыс-казактарды қабылдайды. Крестьян және
уезд бастықтарына қазақтардың үстінен бақылауды күшейту және түрлі
петицияларға қол қойғандардың тізімін жасау жөнінде нұсқау беріледі. Бұл
ретте, әсіресе көзге түсуге тырысқан Қарқаралы уезінің бастығы Оссовский
еді. Ол Қарқаралы петициясына қолдарын қойған 42 болыс пен биді жауап алу
үшін Қарқаралыға шақыртады, бірақ, олардың бірде-біреуі келмейді.
Әрине, мұндай жағдайда билік орындарының алдымен қозғалыстың
басшыларына назар аударатыны мәлім. Бүл ретте ең алдымен көзге іліккен –
Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі, бірінші Мемлекеттік Думаның
мүшесі, оны таратуға қарсылық білдіріп басқа депутаттармен бірге Выборг
манифесіне қол қойған, орыс тілді басылымдардағы өткір мақалаларымен көзге
түсіп үлгірген Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкей-ханов. Әкімшілік орындары
даладағы революциялық өрлеу барысында-ақ оны халық бұқарасынан аластауға
тырысты. 1906 жылы қаңтарда, азаттық күндерімен бірге келген окиғалар
ағымында Семейде облыстық съезд өтетін болды. Соған қатынасуға Павлодардан
Семейге келе жаткан жолымда, - деп жазды Бөкейханов, - мені Ямышевск
поселкесінде 8 каңтар күні тұтқынға алды... Сол қамалғаннан ол ешқандай да
тергеусіз 30 сәуірге дейін, яғни Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының
елубасылары Мемлекеттік Думаға депутат сайлаушы етіп бекіткені мәлім
болғанға дейін абақтыда отырады1.
Араға бір жыл салып, яғни 1908 жылы Ә. Бөкейханов Выборг манифесіне
қол қойғаны үшін заңдар жинағының 51-бабы және 129-бабының 3-тармағының 1-
бөлімі бойынша жауапқа тартылып, Петербург округтік сотының үкімімен Семей
абақтысында бірнеше ай отырып шығуға міндеттенді2. Осы жылдан бастап үкімет
орындары қазақ ұлт-азаттық қозғалысын әлсірету және бастаушысыз қалдыру
мақсатында оның белсенді қайраткерлерін қазақ облыстарынан тыс аудандарға
жер аудару тәжірибесін қолданды. Ә. Бөкейханов Семей абақтысынан шыққаннан
кейін ішкі Ресей қаласы Самарада жандарм орындарынын бақылауы астында
тұруға тиіс болды.
Әрине, 1905 жылдың саяси оқиғаларына белсенді түрде араласқан жалғыз
Ә. Бөкейханов емес екені түсінікті. Әсіресе, Қарқаралы петициясын дайындау
кезінде, ел арасындағы саяси үгіг жұмысында ерекше белсеңділігімен танылған
Жақып Ақбаев, Ахмет Байтұрсынов бастаған Қарқаралы интеллигенциясы еді.
Қазақ даласында өздерінен басқа ешкім де еркінсінбеуі керек деп түсінген
патша шенеуніктері бұл жағдайды бірден аңғарды. Олар көп ойланбастан тиісті
орындарға, жандарм тыңшыларына Қарқаралы интеллигенциясы үстінен, алдымен
олардың жетекшісі ретінде танылған Ж.Ақбаев пен А.Байтұрсынов жайында
тиесілі материалдар жинауды тапсырды.
Соның нәтижесінде 1906 жылы 4 тамызда Омбы сот палатасының отырысында
Ж.Ақбаевтың үкімет орындарына қарсы әрекет ісі қаралды. Сот жалған
көрсетулер берген куәләрдің келмеуіне, ал келгендерінің бұрынғы
көрсетулерінен бас тартуына байланысты айыпкерге тағылған бірде-бір кінәнің
негізсіз екендігін мойындауға мәжбүр болған еді.
Семей облысындағы белсенді қазақ интеллигенттерін қудалау ісі облысқа
1908 жылы әскери губернатор қызметіне А. П. Тройницкий келгеннен кейінгі
уақытта ушыға түсті. Өзінің реакциялық іс-әрекеттерімен прогрессивті
көзқарастағы орыс қоғамына да жексұрын көрінген2 Тройницкийдің Семейге
келген бетте қолға алған істерінің бірі түрлі лас жолдармен қазақ
зиялыларының үстінен материал жинау болды. Сол жиналған материалдарды
негізге ала отырып, ол 1908 жылы 17 қарашада дала облыстары генерал-
губернаторына құпия қатынас жазып, онда Ж.Ақбаевка бірнеше айып тақты.
Олардың мазмұны қысқаша мынаған сайды: 1) 1905 жылы 15 қарашада Карқаралыда
өткен митингіде басым бөлігіқказақтар мен татарлар болған тобырды орыс
билігіне бағынбауға шақырып, Патша ендігі уақытта патша емес, біздің
құлымыз, бостандықты патша өз еркімен берген жоқ одан халық тартьш алды!
деген сөздер айтқан, халықты алым-салық төлеуден бас тартуға шақырған; 2)
І907 жылы маусымда Қоянды жәрмеңкесінде переселен учаскелер дайындайтын
комиссия-ның отырысы үстіне рұқсатсыз кіріп келіп, қазақтар Мемлекеттік
Думаның арнайы ұйғарымынсыз бір тұтам да жер бермейтіндігін, қажет болса
жерін қорғап өлуге даяр екендігін айтып, комиссия төрағасын қорлаған;
3) Петербург университетінің профессоры Петражицкийге жазған хатында өзінің
қазақтарга ықпал жасап, орыс
билігіне қарсы қарулы көтеріліске даярлағанын айтқан; 4) басқа қазақтармен
бірге орыс патшалығының құрамынан кету жолдарын талқылап, сөйтіп
сеператистік пиғыл тудырған; 5) Бөкейхановқа беру үшін қазақтардан қаржы
жинаған т.с.с.1.
Ақбаев атына осындай айыптар тағып және оларды өзінде бар фактілермен
дәлелдегенсіп, Тройницкий мұндай әрекеттердің қазақ даласында орыс
билігінің қадірін тycipмece көтермейтіндігін таусыла айтып, генерал-
губернатордан Дала Ережесінің 17-бабына сай Ж.Ақбаевты Сібір өлкесінің бір
алыс түкпіріне жер аударуды қиыла өтінеді.
Дала облыстары генерал-губернаторы Е. О. Шмит Тройницкийдің ұсынысын
қабыл алып, 1908 жылғы 4 желтоқсанда ішкі істер министріне жолдаған № 99
өтініш хатында егер Ақбаевты Семей облысынан тағы да сол қырғыздар
қоныстанған Ақмола облысына жер аударумен қанағаттансак, онда ол
ота.дастарына ықпал ету арқылы өзінің зиянды әрекеттерін жалғастыра бермeк,
сондықтан да Ереженің 32-36-бабтарына сәйкес полиция бақылауында бес жылға
Якут облысына жер аударуды2 сұрайды.
Ж.Ақбаев ісін Ереженің 34-бабына сәйкес құрылған Ерекше Кеңес
қараған соң, ішкі істер министрі 1909 жылы 2 қаңтарда Ақбаев
астанадан, губерния және дала генерал-губернаторлығы орталықтарынан
басқа, өзі қалаған жерге 1908 жылдың 22 желтоқсанынан бастап санағанда екі
жылға жер аударылып ашық полиция бақылауына бағындырылсын1 деген үкім
шығарады.
Бұл уақытта губернатор Тройницкий министрлік шешімін күтпей-ақ
желтоқсанның орта тұсында жергілікті полиция орындарына бұйрық беріп, ауру
Ақбаевты тұтқынға алады. 1909 жылдың қаңтарының басында Қарқаралы уезінің
ақсақал, би, старшин және болыс басқарушылардың үлкен тобы Ақбаевтың
жазалану себебі мүлдем түсініксіз, деп тауып, сондықтан да оны абақтыдан
босатуды талап етіп генерал-губернатор Шмитке хат жөнелтеді2. Шамамен осы
мазмұндағы өтініш Ақбаевтың отбасынан да түседі. Бірақ бұл өтініштер
қабылданбайды. 1909 жылы наурыз айында Ж. Ақбаев Жетісу облысындағы Қапал
қаласын тандап, тиесілі мерзімді өтеуге сонда аттанады3.
Ж.Ақбаевты жер аудару Қарқаралы интеллигенциясына қарсы жүргізілген
жазалау шарасының басы болатын. Ендігі кезек Қарқаралыдағы 2 кластық орыс-
қазақ училищесінің меңгерушісі Ахмет Байтұрсыновтікі еді. 1909 жылы мамыр
айында құпия тыңшылар, яғни уез бастығының көмекшісі Солотич пен Қарқаралы
тұрғыны Т.Шыңғысовтың көрсетулерін негізге ала отырып, губернатор
Тройницкий Округтік оқу бөлімінің меңгерушісі А. Е. Алекторовтан
Байтұрсыновты қызметінен босатуды талап етеді. Қызметтен босаған
Байтұрсынов Омбыға Алекторовқа аттанады. Істің жайын түсінген сон,
Алекторов Байтұрсыновқа өз қызметін қайтарып беруге уәде етеді. Мұны
естіген Тройницкий 1 шілдеде Байтұрсыновтың үйінде тінту жүргізіп, өзін
тұтқынға алады4.
Губернатор Тройницкий мен ерекше тапсырмалар бойынша шенеунік
Третьяков 1909 жылы 13 қыркүйекте Омбыдағы далалық облыстар генерал-
губернаторынын міндетін атқарушы генерал-лейтенант Тихменевтің сұрауына
берген жауабында Байтұрсыновтың тұтқынға алыну себебін былайша түсіндіреді:
...Байтұрсынов Қарқаралы уезіндегі қырғыздар арасында сеперативтік рухтағы
насихат жургізген және Семей облысынан тыс өлкеге жер аударылған Жақып
Ақбаевты қайтару туралы арыз ұйымдастырған.
Уез бастығының тергеуінде болған адамдардың көрсетуіне қарағанда, ол
жүргізген насихаттың мазмұны, біріншіден, қырғыз ұуртының арасында өзін-өзі
автономиялық басқару идеясын тарату, ал белсенді әрекеттерге көше қалған
күнде орыс билігінен қорықпау, өйткені Қытай мен Ауғанстан оларға көмек
көрсетуге даяр... сияқты ойларға сайса, екіншіден, алым-салықты төлемеу
және орыстар мен қырғыздардың арасында өшпенділікгі қоздыру болды1.
Ақбаев сияқты Байтұрсыновтың да кінәлі екеніне әбден сенімді болған
губернатор Тройницкий тергеу жұмысын аяқтауға асықпады. Байтұрсынов сияқты
тұтқынды ешқандай жауап алусыз бірнеше ай абақтыда ұстау оған, біріншіден,
тұтқынның сағын сындыру үшін керек болса, екіншіден, сыртта бостандықта
жүрген Байтұрсыновтың пікірлес отандастарына отаршыл биліктің күшін,
мүмкіншілігін көрсету еді.
Байтұрсыновтың ісі бойынша үкімет орындарын белгілі бір шешімге келуге
итермелеген Мемлекеттік Думаның мүшесі Н. Л. Скалозубовтың 1909 жылы 17
қарашада ішкі істер министрінің орынбасары П. Г. Курловқа жолдаған хаты
еді. Мемлекеттік дума мүшесі хатында Семей мен Өскемен абақтыларында біраз
уақыттан бері тергеусіз, сотсыз бірнеше қырғыз интеллигенті жатқан
көрінеді. Олар өздерінің шарасыз жағдайына көніл аударуды өтінеді, бұл
істерді тездетіп аяқтауға болмас па екен деген ойды білдіреді1.
1910 жылы 4 ақпанда далалық облыстар генерал-губернаторының міндетін
атқарушы генерал-лейтенант Тихменев ішкі істер министріне Байтұрсынов ісіне
байланысты тағы да есеп беріп, оған қандай айып тағылғанын толық баяндайды.
Сонымен, Тихменев хатында былай деп көрсетеді:
Названный Байтурсунов ранее заведывал Каркаралинскнм русско-
киргизским училищем и был уволен от службы Попечителем учебного округа по
настоянию Семипалатинского Губернатора за политическую неблагонадежность и
агитацию, беспорядок в училище и совершенное отсутствие в нем русских
учеников. Показаниями целого ряда свидетелей Байтурсунов обвиняется в том:
1) что он, в разное время, начиная с 1905 г., как в г. Каркаралах у себя на
квартире, так и при разъездах по аульным школам в уезде и при всяком
подходящем случае, неоднократно говорил киргизам: а) что податей платить не
следует, б) что киргизы ни в коем случае не должны переходить на
крестьянское положение, так как тогда с них будут брать по 10 руб. подати с
души, заставлять отбывать их воинскую повинность и переведут в русскую
веру, а если насильно отберут от них землю, то Байтурсунов рекомендовал
укочевать в Китай, в) что повиноваться начальству не следует, г) что
русский царь в настоящее время обессилен и управлять не может, а киргизы,
что захотят, то и возьмут (показание Амантая Ажанбаева, Темиргалия
Бесекова, Шаина Кулатаева); 2) что распространял среди киргиз
преступного рода воззвания; 3) что внушал волостным управителям не собирать
недоимки, указывая им на то, что в России за крестьянами целые миллионы
недоимок, и что им за это ничего не делают и 4) что поручил Кентскому
волостному управителю Карыбаю Матаеву произвести в пользу Алихана
Букейханова денежный сбор на предмет издания последним газеты
противоправительственного направления1.
Біз бұл айьштау құжатыңда көрсетілген фактілердің басым көпшілігінің
Байтұрсынов пен оның серіктерінің саяси қызметінде орын алғанына және
олардың сол үшін де қудалауға ұшырағанына ешқандай шек келтірмейміз.
Сонымен бірге бұл айыптаулардың ішінде жандарм орындары, тыңшылардың жапқан
жаласы да бар болатын. Мәселен, осы және бұдан бұрын берілген басқа
құжаттарда көрсетілгендей, А.Байтұрсыновтың қазақтарды орыс билігіне қарсы
күреске шақыра отырып, Қытай мен Ауғанстаннан көмек келеді, немесс
жазалаудан құтылу үшін Қытай көшіп кетіңдер деп айтуы, әрине, мүмкін
емес-тін. Бұл фактілер жандарм орындарына Байтұрсынов пен оның серіктерін
Ресей империясының бітіспес жауы ретінде көрсету үшін керек еді.
Генерал Тихменев министр атына жолдаған осы хатында Қарқаралы
уезіндегі қазақтар арасында үгіт-насихат жүргізуде кінәсі Байтұрсыновтан
кем емес деген бірнеше адамның атын атайды. Олар Әлихан Бөкейхановтың
інісі Смахан Бөкейханов, Жақьш Ақбаевтың інісі Ыбрай Ақбаев, Қу болысының
бұрынғы меңгерушісі Хасен Ақаев, Қарқаралыдағы емхананың фельдшері Ахмет
Райымбеков, Ақшатау болысының тұрғыны Бодаубек Райымбеков, ауыл мектебінің
мұғалімі Смаил Байтенов және Қарқаралыдағы орыс-қырғыз училищесінің оқушысы
Асылбек Сүлейменов еді. Қатынаста бұл аталған кісілердің бәрі де
қырғыздарды салық төлемеуге, билік орындарына бағынбауға және
переселендерге жерлерін бермеуге үгіттеді деп көрсетіледі2. Бұл тізімнің
ішіндегі Асылбек Сүлейменов 15 жасар болатын. Оған тағылған айып
Байтұрсыновтың өлеңдерін жатқа білгендігі еді.
Қарқаралы интеллигенциясының ісі 1910 жылы ақпанда Ішкі Істер
министрлігінің Ерекше Кеңесінде қаралып, 19 ақпанда Омбыдағы генерал-
губернатор кеңсесіне А.Байтұрсыновқа екі жылға Дала өлкесінде, Жетісу және
Торғай облыстарында тұруға тыйым салынады деген министрдің бұйрығы
келеді2.
А.Байтұрсынов министрдің бұйрығынан соң екі жылға тұруға өз еркімен
Орынбор қаласын таңдап алады4. Ал қалған жетеуі 1910 жылдың наурызынан
бастап келесі жылдың 16 сәуірінде елге қайтуға рұқсат берген мпннстрдің
жарлығы шыққанға дейін Том губерниясында тұрады5.
Міне, осы арада соңғы жетеуінің мерзімінен ерте елге оралуына себепші
болған Сібір губернияларынан Мемлекеттік думаға мүше болып сайланған Михаил
Александрович Дзюбинский мен Николай Лукич Скалозубовтың еңбегі екендігін
атап айтқан орынды. Архив материалдарымен таныса отырып оған толық көз
жеткізуге болады6.
Сөйтіп, отаршыл әкімшілік пен Қарқаралы интеллигенциясы арасында 1905
жылдан басталған саяси күрес соңғыларын жазалау шараларымен аяқталған.
Көріп отъгрғанымыздай, саяси жазалауға тек ұлттық наразылықтың көш
бастаушылары ғана (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ж.Акбаев т. б.) емес,
сонымен бірге азаттық қозғалыстың қатардағы қолдаушылары да (С.Байтенов,
А.Сүлейменов т. б.) іліккен еді. Басқаша айтқанда, патша үкіметі кімдерді,
не үшін жазаға тартқанын жақсы түсінді. Мұны екінші, жазаланушы жақ та
білді.
Бірінші орыс революциясынан кейінгі уақытта қазақ зиялыларының
қоғамдық-саяси қызметі саяси тақырыптарға кітап бастырып, елге тарату
түрінде де көрінді. Ұлттық мерзімді баспасөз жоқ, ал жазба әдебиеттің әлі
қалыптасып үлгірмеген кезінде қоғамдық-саяси тақырыпқа жазылған кітаптардың
орны ерекше еді. Сондай отаршыл әкімшілік орындарына үлкен қолайсыздық
тудырған алғашқы кітаптардын, бірі Оян, қазақ! болды. Уфа қаласындағы
Шарқ баспасынан 1909 жылы жарық көрген бұл кітаптың авторы Міржақып
Дулатов еді. Көзінд аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер
жасты! Жер кетті, дін нашарлап, хал һэрам боп, Қазағым, енді жату
жарамасты!2. Қазақ елінің қоғамдық санасына ең жақын жанр-өлең түрінде
жазылған бұл кітап сол тарихи кезеңдегі қазақ қоғамдық өмірінің ең зәру
саяси-әлеуметтік мәселелерін көтеріп, ұлттық сананың оянуына үлкен қызмет
жасаған болатын.
Оян, қазақ! Орал, Торғай, Семей және Ақмола облыстарында тез тарап,
өте көп оқылатын кітапқа айналады. Бір қызығы сол, бұл кітапты халық
арасында кең насихаттауда белсенділік танытқан дін қызметкерлері молла,
имамдар еді.
Өкінішке қарай, уез бастығы бұл тінтудің немен аяқталғанын жазбаған.
Бірақ әнгіменің Оян, қазақ! жөнінде болып отырғандығында шәк жоқ.
Оян, қазақ! шыққанға дейін Омбы уезі Қорған болысы, Арқалык ауыл
мектебінде мұғалімдік жұмыста жүрген М.Дулатов 1909 жылы қазан айында
Ақмола облысындағы Петропавл қаласына келіп алдымен қалалық мұсылмандар
кітапханасы - оқу залының меңгерушісі2, соңынан соттың хатшысы қызметінде
жұмыс жасайды3.
Деректердің көрсетуіне қарағанда, М.Дулатовқа Петропавл қаласына келіп
орналасуы екінші басылым көрген Оян, қазақ!-ты, 1910 жылы жарық көрген
Бақытсыз Жамал романын және басқа азаттық үшін күрес рухында жазылған
кітаптарды ел арасына таратуға қолайлы жағдай тудырса керек.
Бірақ бұл уақытта Оян, қазақ!-тың авторының сыртынан жандармдық
бақылау қойылып, оның қылмыстық ісін дайындау бұдан бұрын Ж.Ақбаев пен
А.Байтұрсыновтың тергеу ісін жүргізген Омбы жандарм басқармасы бастығының
көмекшісі ротмистр Леваневскийге жүктеледі.
Ротмистр Леваневский 1911 жылғы 15 маусымда Семей губернаторына
жолдаған қатынас хатында М.Дулатов үстінен қылмыс кодексінің 129-бабының 6-
тармағы бойынша іс қозғағандығы жөнінде мәлімдеп4, артынша Оян, қазақтың
орыс тіліне аударылғанын және оның көптеген даналарының ел арасына тез
арада тарап кеткенін айта келіп, Өлеңмен, жақсы тілде, шебер жазылған
Оян, қазақ! тіптен аударма түрінде-ақ айтарлықтай әсер қалдырады, ал
өзінің мазмұны жағынан орыс үкіметінің қырғыздарға қатысты бүгінгі
саясатына наразылық туғызуды көздейді, сондай-ақ оның ішінде Жоғары
Мәртебелі Императорды мазақ ету және панисламизм идеясын тарату пиғылы да
байқалады5 деп көрсетеді.
Семей округтік соты М.Дулатов ісін жүргізу барысында Қазан қаласындағы
баспа ісі бойынша Уақытша Комитетке қайрылып, Оян, қазақ! қаншалықты
заңға сәйкес екендігі жөнінде пікірін сұрайды. Уақытша Комитет 1911 жылғы 8
қарашада берген № 1735 жауабында өзінің Оян, қазақты! қылмысты деп тауып,
кітаптың таралуына тыйым салуға және оның авторы М.Дулатовты қылмысты істер
Заңының 128 және 129-баптарына сәйкес жауапқа тартуға рұқсат сұрап Саратов
Сот палатасына қатынас қағазын жібергенін хабарлайды2.
Баспа ісі бойынша Уақытша Комитеттің бұл шешімін негізге ала отырып,
Семей округтік соты М.Дулатовты қылмысты істер Заңының 129-бабының 6-
тармағы бойынша қылмысты деп тауып, 1911 жылдың 23 желтоқсанында тергеу
кезіндегі мерзімін есепке алмағанда 1 жылға абақтыға жабу туралы үкім
шығарады3.
М.Дулатов Семей абақтысында 1912 жылдың желтоқсанына дейін отырып
шығады. Шыққан бетте, яғни 1913 жылдың басында ол Орынбор қаласына келіп
жетеді. Оған себеп болған сол тарихи кезеңдегі қазақ облыстарында
қалыптасқан саяси жағдай еді. М.Дулатов бұдан былайғы уақытта қазақ
облыстарында жүріп қоғамдық-саяси жұмыспен айналысу мүмкін еместігін жақсы
түсінді.
Отаршыл әкімшіліктің қазақ зиялыларының қарсылығын басу саясаты
жоғарыда аталған қайраткерлермен шектелмегені түсінікті. Мәселен, 1909 жылы
жандарм орындары саяси белсенділігі үшін Зайсан уезінің мұғалімі Отыншы
Әлжановты түрлі жалалар жауып, алдымен Семей абақтысына отырғызып, соңынан
Жетісудағы Лепсі қаласына жер аударады2.
1910 жылы университетті жаңа бітіріп келіп, қызметке орналасқан заңгер
Жаһанша Досмұхамедовты генерал-губернатор Уральский листок газетінде жер
мәселесіне байланысты жариялаған мақалалары үшін Орал облысында тұруға
тыйым салды. Ж.Досмұхамедов 1917 жылғы ақпан революциясы жеңгенге шейін
Сібірдегі сот мекемелерінде қызмет жасайды3.
Сонымен, шамамен 1912 жылы бірінші орыс революциясынан бері белсенді
қоғамдық-саяси қызметке араласа бастаған қазақ интеллигенциясының отаршыл
әкімшілікпен бетпе-бет келген күресінің алғашқы кезеңі осылайша аяқталды.
Бұл күресте, әрине, екі жақтың күші мүлдем тең емес-тін. Соған қарамастан
ұлттық интеллигенция өзінің негізгі мақсатынан - ұлттық тәуелсіздікке жету
- бас тартқан жоқ, қайта оның өз ісінің әділдігіне деген сенімі нығая
түсті. Сонымен бірге осы кезеңде жаңа ғаана қарқын ала бастаған ұлт-азаттық
қозғалыстың жетекші тобы да айқындала түсті. Бұл топ 1913 жылы қазақ қоғамы
үшін саяси күрестің мүлдем жаңа құралы - жалпыұлттық саяси басылымды
ұйымдастырды. Ол Қазақ газеті еді.

1.2. ҚАЗАҚ ГАЗЕТІ ЖӘНЕ ОТАРЛЫҚ ЕЗГІ МЕН ФЕОДАЛДЫҚ МЕШЕУЛІККЕ ҚАРСЫ КҮРЕС
ИДЕОЛОГИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ.
Орынбор қаласында 1913-1918 жылдары Ахмет Байтұрсыновтың басшылығымен
шығып тұрған Қазақ газеті туралы тарих ғылымында соңғы жылдарға дейін
объективті ғылыми түсінік қалыптаспаған. Солай болуы заңды да еді. Өйткені,
объективті ғылыми баға Қазан революциясына дейін жарық көрген қазақ
басылымдарын шығарушы ұлттық интеллигенцияның қоғамдық-саяси қызметіне де
берілген жоқтын. Сондықтан да, ұлттық интеллигенцияның бұл тарихи кезеңдегі
қызметі буржуазиялық ұлтшылдықтың көрінісі есебінде бағаланса, олардың
қолынан шыққан басылымдардың жеңіл түрде буржуазиялық-ұлтшылдық бағыттағы
басылым аталуы да таңданыс тудырмаса керек. Осындай тар таптық айқыңдаманы
ұстанған зерттеушілер Қазақтың материалдарын пайдалануға да соншалықты
ынталылық танытпай келді.
Қазақ газетінің материалдары тарихшы ғалымдар үшін мынадай екі
тұрғыдан құнды. Біріншіден, газет материалдары XX ғасырдың алғашқы жиырма
жылдығындағы қазақ қоғамындағы болып өткен түрлі қоғамдық процестерді
зерттеп тану үшін аса бағалы деректер болып табылады. Екіншіден, ғасыр
басындағы ұлт-азаттық қозғалыстың қалыптасып, даму арнасында өмірге келген
бұл басылым ең алдымен бостандық үшін күрес идеологиясының қалыптасуына
қызмет етті. Демек, отарлық езгі мен феодалдық мешеулікке қарсы ұлттық
интеллигенция жүргізген азапты күрестің негізгі идеялық бағыттары мен
кезеңдерін Қазақ материалдарынсыз түсіну, әрине, мүмкін емес.
Қазақ газетінің пайда болу тарихынан. ХХ ғасырдың алғашқы он
жылдығында қазақ ұлттық интеллигенциясы үшін жалпыелдік зәру мәселелерді
көтеретін қоғамдық ойға қозғау салып, бағыт бере алатын газет-журналдар
шығару үлкен қоғамдық мәселеге айналған болатын. Қарқаралы петициясында
өкімет алдына қойылған негізгі талаптардың қатарында қазақтардың
күнделікті мұқтажын айқындап отыру үшін қазақ тілінде газет шығару
қажеттілігі де айтылған еді1. Оның артынша бұл істі Семей, Орал, Петербург,
Том және басқа қалалардағы қазақ ннтеллигенттері қолға алғанымен, тез арада
айтарлықтай нәтиже шыға қоймады. 1910 жылдың соңында өкімет орындары
М.Сералинге Троицк қаласында Айқап журналын шығаруға келісім береді1.
1911 жылдың қаңтарында шыға бастаған қазақ тарихындағы тұңғыш журналдың
халықтың рухани жетілуінде алатын орны аса үлкен еді. Сонымен бірге оның
күнделікті оқиғалар ағымына байланысты жедел пікір қалыптастыру
мүмкіншілігі шектеулі болғандығы өзінен-өзі түсінікті. Самодержавиелік
биліктің қазақ даласын пәрменді отарлау саясатына көшуі, соның салдары
есебінде бүкілелдік наразылықтың қарқынды өрлеу жағдайында саяси оқиғаларға
дер кезінде түсінік беріп, қоғамдық пікірге пәрменді ықпал ете алатын
қолайлы құрал - қазақ тілінде газет шығару қажеттілігі күн тәртібінде
түрды. Ол саяси түрғыдан қоғамның саналы бөлігі - демократиялық
интеллигенция мен халықты жалғастырушы көпір есебінде болып, өмір тереңінен
бастау алып, күн санап нығайып келе жатқан халық наразылығына бағыт беруге
тиісті еді. Міне, осы қажеттілікті іске асыру мүмкіншілігі бүкіл Ресей
көлемінде революциялық қайта өрлеу жағдайында туды және ол империяны шығыс
бөлігімен жалғастырып тұрған Орынбор қаласында іске асырылды.
Қазақтың басқа қалада емес Орынборда шығуы, әрине, кездейсоқ емес-
тін. Орынбор XX ғасырдың басында орта Еділ сағасымен Орал өңірінде Қазаннан
кейінгі мәндегі ірі саяси, сауда және мәдени орталыққа айналған болатын.
Шығыс пен оңтүстікке тереңдеп енуді көздеген патша үкіметі, бұл мақсатта
Орынбор татарларының көрші түркі тілдес халықтармен тіл және дін жағынан
жақындығын өз мүддесіне пайдаланғысы келді және сол үшін оларға бірсыпыра
еркіндіктер де берді. Өз кезегінде мұндай мүмкіншілікті татар сауда
адамдары мен ағартушы интеллигенттері де текке жібермеді, олар Орынбордың
iрі сауда және мәдени орталыққа айналуына көп күш салды.
Ә.Бөкейханов және А.Байтұрсынов бастаған белсенді топтың жалпыұлттық
газет шығару ісін 1905 жылдан бастап қолға ала бастаған еді.
Революция жылдарынан кейін қалыптасқан жағдай Ә.Бөкейханов пен
А.Байтұрсыновты далалық облыстарда газет шығару мүмкіншілігінен біржола
айырған еді. Біз жоғарыда Ә.Бөкейхановтың шамамен 1909 жылы Самара қаласына
жер аударылғандығы, ал 1930 жылы Қазақ газетінің болашақ редакторы
А.Байтұрсыновтың ішкі істер министрінің оған екі жылға Қазақстанда тұруға
тыйым салған жарлығы шыққан соң, өз еркімен Орынбор қаласын таңдап
алғандығы жөнінде айтқан едік. Орынбор мен Самара жақын орналасқан, өзара
көлік қатынасы біршама жақсы қалалар болатын. 1910 жылдан бастап
Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсыновтың кездесіп, газет шығару ісін қайтадан
қолға алуы, әрине, толық ықтимал еді.
А. Байтұрсынов үкімет орындарынан Қазақты шығаруға ресми рұқсат
алып, алғашқы санын шығаруға қызу дайындық жасап жатқанда Орынборға
Семейдегі абақтыдан жаңа ғана босанған М.Дулатов келеді. Жоғарыда аталған
генерал Бабич Торғай губернаторына Қазақ туралы жолдаған хатында М.Я.
Дулатов Семей абақтысында отыру мерзімі аяқталған соң 1912 жылы 12
желтоқсанда ол қаладан кетіп Орынборға тұруға келді. Қазақ газеті шыға
бастағанда соған қызметкер болып орналасты3, - деп көрсетеді.
Газетті ұйымдастыру жолында оның болашақ редакторымен бірге жүйелі
түрде үлкен білгірлікпен және сақтықпен еңбек еткен Ә.Бөкейханов екендігі
де даусыз. Газетпен тығыз байланыста болып, оған қаржылай көмек
ұйымдастырушылардың бірі Мұхамеджан Тынышбаев.
Қорыта айтсақ, Қазақ газеті, белгілі дәрежеде, сол кезеңдегі қазақ
ұлт-азаттық қозғалысының ең белсенді қайраткерлері Ә.Бөкейханов,
А.Байтұрсынов және М.Дулатовтың үлкен еңбегінің ортақ жемісі еді. Газетті
ұйымдастыру, ашу қандай қиын болса, оны қатаң патшалық цензура жағдайында
алты жылға жуық уақыт бойы шығарып тұру екі есе азапқа түскендігі ақиқат.
Архив материалдарына сүйенсек, Қазақ газетін шығаруға рұқсат 1913
жылдың қаңтар айында берілген. Орынбор губерниясының губернаторы, генерал-
лейтенант Сухомлинов губерниялық жандармерияның бастығы, генерал Бабичтің
А.Байтұрсыновтың газетке редакторлық қызметке қашан бекітілгендігі туралы
сауалына берген жауабында 1913 жылдың 5 қаңтарын көрсетеді. Ал Қазақтың
алғашқы саны бір айдан кейін, яғни 2 ақпан күні жарық көреді. Бастырып
шығарған Орынбордағы Каримов, Хусаинов және К серіктігінің баспаханасы2.
Сонымен, газетті шығарушылар нені көздеді, алдына қандай мақсат қойды? Бұл
сауалға бір сөзбен жауап беру мүмкін емес. Өйткені жоғарғы үкімет
орындарының арнайы рұқсатымен шыққан газет белгілі бір дәрежеде сол
орындардың талап-тілегіне мойынсұнбаса бірден жабылып қалатыны түсінікті.
Ал өкімет орындарының түсінігі бойынша, Қазақ ең алдымен самодержавиелік
биліктің ішкі және сыртқы саясатын, дала өміріне қатысты қаулы-қарарларын
қазақ еліне жеткізіп, оларға билік тұрғысынан түсінік беруге тиіс. Газеттің
мұндай міндетін А.Байтұрсыновтың 1914 жылы 8 қарашада газетті жетісіне екі
peт шығарып тұруға рұқсат сұрап, өз қолымен губернаторға жазған арызына
қосымша тіркелген газет бағдарламасынан да байқау қиын емес. Он бес
тармақтан тұратын бағдарламаның алғашқы үш тармағы бойынша, газет халық
арасында насихаттауға өз мойнына мынадай міндеттерді алады: 1. Қазақтарға
қатысты өкімет нұсқаулары мен заңдары. 2. Мемлекеттік Дума мен Мемлекеттік
Совет жұмысы. 3. Ішкі және сыртқы хабарлар. Ресми орындар Қазақтың саяси
бағытын өте мұқият бақылап отырған.
Газет редакторы мен шығарушылары өкімет тарапынан күдік туғызбау үшін,
алғашқы жылдары мойнына алған міндеттерге сай материалдар беріп, түрлі
бүркеме айлаларға да барды. Бұл жергілікті биліктің сеніміне кіру, сол
арқылы газетті жабылып қалудан сақтау әрекеті болатын. Жоғарыда аталған
генерал Бабич 1914 жылы наурыз айында Түркістан аудандық жандарм бөліміне
жолдаған аса құпия хатында ...доношу, что в Оренбурге с 5-го января 1913
года действительно издается еженедельная киргизская газета под названием
Казак (Киргиз), которая является единственным краевым органом, освещающим
различные стороны обширного киргизского края, распространяя среди населения
полезные сведения из разных областей наук, искусства и техники и знакомит
вообще с культурой. Со времени своего существования газета эта не
уклонялась от принятой ею программы и особенно резких статей в ней замечено
не было,— десе, сол жылғы қарашада Торғай губернаторына жолдаған
қатынасында: Казак - газета прогрессивная с некоторой тенденциозной
окраской1 деп бағалайды. Міне, бұл келтірілген фактілер Қазақты шығаруға
келісім берген үкімет орындарының оған өз мүддесіне сай міндеттер
жүктегендігін, ал газет шығарушылар оны мойындауға мәжбүр болғандығын
көрсетсе керек.
Дегенмен, Қазақ алғашқы сандарынан бастап-ақ сырт көзге мен мұндалап
тұрған айқындамасы бар, көздеген мақсаты оқырмандарына түсінікті газет
болатын. Қазақ алғашқы санынан бастап, өзекті саяси мәселелерге арналған
мақалалары арқылы да, тіптен кішкене жарнамалары арқылы да сол түпкі
мақсатқа қызмет етуге бар күшін салды. Ол мақсат - ортағасырлық мешеу
феодалдық тәртіптер құрсауында жатқан қазақ қоғамын ояту, оны қараңғылық
пен ұлт-азаттық езгіге қарсы күрес жолына алып шығу еді.
Қазақтың әлеуметтік айқындамасы туралы. Расын айту керек, Қазақ
газеті қазақ бұқарасын таптық езгіден азат етуді өзіне міндет етіп алған
емес. Ауыр отарлық езгі, Столыпин реформасы салдарынан жер үшін күрестің
шиеленісе түсуі, шаруашылық дағдарысының тереңдеуі, саяси-әлеуметтік
құқықтың жоқтығы, міне, осындай жағдайда Қазақ жалпыұлттық мәселелерді
көтеріп, сол үшін күресті. Егер таптық және жалпыұлттық мүдделердің белгілі
бір қоғамдық даму сатыларында өзара ымыраға келе алатындығын есепке алсақ,
Қазақ газетінің бұл ұстанған айқындамасы сол тарихи кезеңдегі қазақ
қоғамының объективті жағдайынан туындап, оның сол кезеңдегі ең зәру талап-
тілегін, ұлт ретінде мақсат-мүддесін білдіретін еді. Газеттің жалпыұлттық
басылым ретінде ерекшелігі де, әлеуметтік шектеулігі де осы қырынан
көрінген. Анығырақ айтқанда, Қазақ империяның шет аймақтарында ұлы-
державалық мақсаттарды көздеген Столыпин реформасына байланысты үдей түскен
ұлт-азаттық қозғалыстың үні ретінде өмірге келді және 1918 жылы жабылғанға
дейін осы мақсатқа қызмет етті. Сонымен бірге оның бұл бағыты қазақ
бұқарасының ауыр жағдайына іш тарта қарауға, қажет жерінде оған араша
түсуге кедергі жасаған емес. Қазақ ең алдмен осы ұлттық бостандыққа
байланысты өзекті мәселелерді тынымсыз көтеріп тұрғаны үшін де отаршыл
әкімшіліктің қатаң бақылауында болды. Үкіметтің әділетсіз саясатын ашық
сынағаны үшін оған әр жылдары 50 сом, 1500 сом, 3000 сом көлемінде ақшадай
айып төлеуге тура келді1. Бір қызығы сол, Қазақтың үстінен бақылау жасап
отыруға газеттің қазақ қоғамынан шыққан жаулары көмектесті.
Қазақтың шығу тарихына байланысты принциптік мәселелердің бірі -
газеттің қаржылық негізі. Бізге мәлім материалдар газет бай-шонжарлардың
қаржысына сүйеніп шығып тұрды деген пікірдің сын көтермейтінін көрсетеді.
Өкімет орындары газет шығаруға рұқсат бере отырып, А.Байтұрсынов газеті де
бұдан бұрынғы қазақ газеттерінің кебін киеді деп түсінді Бұл сол кезеңдегі
қазақ қоғамындағы нақты жағдайға негізделіп жасалынған тұжырым болатын.
Сондықтан да Орынбордағы жандарм ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1917-1920 жылдардағы қазақ жастар қозғалысының тарихы мен тағылымдары
Алаш қозғалысының тарихнамасы
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі
Бірінші ширегіндегі Қазақстандағы саяси - құқықтық көзқарастар
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының мәселелері қазақ зиялылары еңбектерінде
ХХ ғасыр Қазақстандағы саяси – құқықтық ойлар
Алаш қозғалысы және жер мәселесі
ХХ ғасырдың ұлы жаршысы - Әлихан Бөкейханов
ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕРЗІМДІ БАСПАСӨЗІ
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі. Ең алғашқы қызметтері
Пәндер