Сауат ашу балалардың жас ерекшелігіне қарай педагогикалық талаптар



Сауат ашу балалардың жас ерекшелігіне қарай педагогикалық талаптар
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4
1 Сауат ашу методикасын оқыту әдістері
1.1 Сауат ашу кезеңінде балалардың оқу, жазу процесстері ... ... ... ... ... .. 5.8
1.2 Сауат ашудың әліппе кезеңін оқыту әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8.10

2 Сауат ашу балалардың жас ерекшелігіне қарай педагогикалық талаптар
2.1 Сауат ашу кезеңінде балалардың жас ерекшелігіне қойылатын педагогикалық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11.14
2.2 Сауат ашудың әліппе кезеңін оқытудың педагогикалық негізі ... ... ... .14.17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18.19
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Педагогикалық талап әдісі іс-әрекеттердің бір түрін тежеу, енді бір түрін мадақтау тәрбиеленушінің санасын дамытады. Л.Г.Макаренко: «Егер жеке адамның басына тиісті талаптар қойылмайтын болса, онда ұжымды құруға, ұжым ішінде тәртіп құруға да болмайтындығы, әрине, өзінен-өзі түсінікті нерсе. Мен жүйелі түрде талаптар қойылуын жақтайтын адаммын», - деп педагогикалық талап әдісінің басқа әдістерге қарағанда ерекшелігін көрсеткен.
Оқушылардың өмірінде педагогтің талап қоюы шешуші рөл атқарады. Нақтылы педагогикалық жағдайға байланысты талаптың, түрі, мазмұны іріктеледі. Тәрбиеші мен тәрбиленушінің өзара әңгімесі мен байсалды, сенімді қарым-қатынас педагогикалық талаптың нәтижелі болуына ықпал жасайды. Тұтас педагогикалық процесте тәрбиеленушіге педагогикалық талап қою мен дұрыс іс-әрекет істеуге мәжбүр ету қатар жүреді.
Жаттығу әдісі - мінез-құлықтың нормалары мен ережелеріне сай тәрбиешінің әр түрлі іс-әрекетті ұйымдастыруы. Тәрбиеленушілердің орындайтын жаттығулары - тәрбиешінің талаптарын орындап, адам игілігіне еңбек ету, басқаларға қамқорлық жасап, қуанышқа бөленуі.
Жаттығу әдісі оқушыны объект жағдайынан субъект жағдайына жеткізеді. Жаттығу әдісінің педагогикалық-психологиялық ерекшелігі - жаттығулар мен әрекеттердің баланың ішкі қасиетіне айналуы. Тапсырма бергенде баланың ішкі мүмкіндігін, күшін, бағытын жан-жақты терең зерттеп, қоғамдық бел-сенділігін басқару жалпы адамзаттық адамгершілік қасиетінің дамуына және оның дұрыс іс-қимылы мен мінез-құлық дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ойын - балалардың бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерін тәрбиелейді. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тілін дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері пәндері оларда табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сипатын қалыптастырады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Әміров Р., Дәулетбекова Ж. «Қазақ тілі» пәні мазмұнының жаңа бағыттары жөнінде // Қазақ мектебіндегі оқу-тәрбие деңгейін көтеру проблемалары: Ғылыми-практ. конф. материалдары. – Алматы, 1996. – 132-136 б.
2. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы, 2008. – 240 б.
3. Қазақ тілінің оқу бағдарламалары. – Алматы, 2005. – 25 б.
4. Аханов К., Ысқақов А., Кәтенбаева Б. Қазақ тілі / 5-сыныпқа арналған оқулық. – Алматы, 2000. – 173 б.
5. Прәлиева А., Әбуева К. Қазақ тілінен дидактикалық материалдар. – Алматы, 2002. – 88 б.
6. Сыздықова Р. Тіл табиғатын таза сақтайық десек // Қазақстан мектебі. – 2000. - №5. – 21-24 б.
7. Дүйсебаева М. Фонетиканы оқыту // Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы, 1998. – 240 б.
8. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. – Алматы, 1994. – 120 б.
9. Сұнғатова Г.Ж.Сабақта ойын жағдаяттарын пайдалану//.Қазақ тілі әдістемесі,2008,№2, 9-11б.
10. Сұнғатова Г.Ж. Тілдерді оқыту ойын әдісі//, 2009,№3,26-29 б.
11. ҚұдайбергеноваА.М.Ойындар-коммуникативтік компетенциясын қалыптастыру құралы// Қазақ тілі әдістеме, 2009,№8. 20б,22 б.
12. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер/-Алматы,1998 ж.
13. Исаев С. Қазақ тілі/-Алматы, 1993ж.
14. Аханов К. Тіл білімінің негіздері/ Алматы,1991ж.
15. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты/-Алматы, 1998 ж.
16. Лингвистикалық түсіндірме сөздік/ -Алматы, 1998 ж.
17. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері/ -Алматы, 1996 ж.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Педагогикалық талап әдісі іс-әрекеттердің бір түрін тежеу, енді бір түрін мадақтау тәрбиеленушінің санасын дамытады. Л.Г.Макаренко: Егер жеке адамның басына тиісті талаптар қойылмайтын болса, онда ұжымды құруға, ұжым ішінде тәртіп құруға да болмайтындығы, әрине, өзінен-өзі түсінікті нерсе. Мен жүйелі түрде талаптар қойылуын жақтайтын адаммын, - деп педагогикалық талап әдісінің басқа әдістерге қарағанда ерекшелігін көрсеткен.
Оқушылардың өмірінде педагогтің талап қоюы шешуші рөл атқарады. Нақтылы педагогикалық жағдайға байланысты талаптың, түрі, мазмұны іріктеледі. Тәрбиеші мен тәрбиленушінің өзара әңгімесі мен байсалды, сенімді қарым-қатынас педагогикалық талаптың нәтижелі болуына ықпал жасайды. Тұтас педагогикалық процесте тәрбиеленушіге педагогикалық талап қою мен дұрыс іс-әрекет істеуге мәжбүр ету қатар жүреді.
Жаттығу әдісі - мінез-құлықтың нормалары мен ережелеріне сай тәрбиешінің әр түрлі іс-әрекетті ұйымдастыруы. Тәрбиеленушілердің орындайтын жаттығулары - тәрбиешінің талаптарын орындап, адам игілігіне еңбек ету, басқаларға қамқорлық жасап, қуанышқа бөленуі.
Жаттығу әдісі оқушыны объект жағдайынан субъект жағдайына жеткізеді. Жаттығу әдісінің педагогикалық-психологиялық ерекшелігі - жаттығулар мен әрекеттердің баланың ішкі қасиетіне айналуы. Тапсырма бергенде баланың ішкі мүмкіндігін, күшін, бағытын жан-жақты терең зерттеп, қоғамдық бел-сенділігін басқару жалпы адамзаттық адамгершілік қасиетінің дамуына және оның дұрыс іс-қимылы мен мінез-құлық дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ойын - балалардың бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерін тәрбиелейді. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тілін дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері пәндері оларда табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сипатын қалыптастырады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Сауат ашу кезінде бала бар зейінін жеке әріптерді, буындарды қосып оқуға жұмсайды да, сөздердің арасындағы байланыстарға зер салмайды. Сондай-ақ олар іштей оқудан гөрі дауыстап оқуға дайын тұрады. Оларға таңбалануы мен айтылуы бірдей сөздерді оқу қиындық келтірмейді, ал айтылуы мен жазылуында өзгеріс болатын сөздерді оқу да, жазу да біраз қиындық қелтіреді. Ондай қиындықтан практикалық жолмен ғана шығуға болады, яғни ақ аю, сары ала сияқты жазылатын сөздердің оқылуының үлгісін мұғалім үнемі ескертіп, дұрысын оқытып отырса, балалар жаттығудың арқасында біраздан кейін дағдыланады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Сауат ашу методикасын оқыту әдістері.
2. Сауат ашу кезеңінде балалардың оқу, жазу процесстері
3. Сауат ашудың әліппе кезеңін оқыту әдістері
4.Сауат ашу балалардың жас ерекшелігіне қарай педагогикалық талаптар
5. Сауат ашудың әліппе кезеңін оқытудың педагогикалық негізі.
Курстық жұмыстың жаңашылдығы.
1. I сынып оқушыларының ес ерекшеліктері: логикалық-сөздік байланыстардан гөрі көрнекі бейнелердің басым болуы.
2. Балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, қарым-қатынас жасау барысында олардың, жауап беру ерекшелігін, белсенділіктері байқалады.
Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі. Сауат ашу барысында баланың жазу процесінде де айтарлықтай ерекшеліктер ксздеседі. Алғашқы қезде бала ежіктеп оқыған сияқты, әр әріпті таңбалау бары - сында оның дыбысын дауыстап айтып отырады.
Курстық жұмыстың құрлымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, төрт бөлімшелерден және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1 Сауат ашу методикасын оқыту әдістері
1.1 Сауат ашу кезеңінде балалардың оқу, жазу процесстері
Дауыстап оқу көбінесе I -- II сынып оқушыларына тән болады. Бірақ I сыныпта іштен оқытуға болмайды деген ұғым тумасқа тиіс. Іштен оқу I сыныптан-ақ басталады. Содан былай қарай, оқудың бұл көрсетілген екі түрінің екеуі де бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Балалардың дауыстап оқуы арқылы алған дағдылары іш - тен оқуға тасымалдана береді (II -- III сыныптан бастап дауыстап оқылған материалдар іштен оқуға беріледі), III сыныпта жаңа материалдар алдын ала дайындық жұмыстарынан кейін іштен оқуға тапсырылады. Мұнда мәтіннің мазмұнын оқушылардың түсінуін қамтамасыз ететін түрлі тапсырмалар беріледі: мәтінге сурет ойластыру, тақырып табу, бөлімдерге бөлу т. б. ІІІ -- IV сыныптарда іштен оқылған мәтіндерге балалардың түсінген-түсінбегендері түрлі сұраулар қойып, жауап алу арқы - лы немесе мәтіннің мазмұнын айтқызу арқылы, мәтіннен кейбір сөздерді тапқызу арқылы т. б. с. с. тексеріледі. Оқудың бұл түрлерінің екеуінде де дұрыс оқу, шапшаң оқу және түсініп оқу талаптары орындалуға тиіс. Дауыс - тап оқуға бұларға қосымша мәнерлеп оқу талабы қойылады. Бұл талаптар бір-бірімен тығыз байланыста іске асады. Өйткені түсінбей, мәнерлеп оқи алмайды, ал дұ - рыс оқымаса, түсінбейді.
Соңғы психологиялық зерттеуге қарағанда бастауыш сынып оқушыларының өзін теориялық ойлауға, жалпыдан жекеге көшу, заттар мен құбылыстардын, арасындағы байланысты аңғаруға үйретуге болатыны анықталды.
Егер мектепке оқуға түскен бала әлі заттар мен құбылыстардың негізгі белгілерін айыра алмайтын болса, мұның өзі олардың тәжірибесінің аздығынан, білімінің жсткіліксіздігі мен шашыраңқылығынан деп түсінген жөн.
Осыған орай, I сынып оқушыларының заттар, құбылыстар туралы елестерін анықтап, бір жүйеге келтіру қажет. Бұл жұмыс әуелі әліппеде берілген сөздер арқылы жүргізіледі. Сездік қорды байыту заттар мен құбылыстар және олардьщ арасындағы байланыстар жөніндегі елестерді анықтаумен қатар жүріп отыруға тиіс.
Бірінші сынып балалары естігендері, көргендері, кейбіреулері оқығандары жөнінде айтып бере алады. Алайда олардың сөйлемдері нашар, жүйесіз құрылған, бел - гілі бір жоспармен айта алмайды. Ойы негізгі нәрседен басқаға тез ауып кетеді. Мысалы, ойынның түрлері жөнінде әңгімелегенде, шешесімен барып, дүкеннен ойыншық сатып алғанына ауысады т. с. с. Егер мұғалім әңгі-мені дұрыс салаға бағыттап отырмаса, тіл дамыту құр мылжың болып кетуі мүмкін. Мұндағы негізгі міндеттің өзі -- балаларды белгілі бір жүйемен сөйлеуге үйрету ғой.
I сынып оқушылары сурет бойынша, сөйлегенде де, ұсақ бөліктерге көбірек тоқталады. Мұның өзі де олардың ойының жинақы еместігін көрсетеді. Ал мәтін бойынша сөйлегенде көбіне сөзбе-сөз айтуға, яғни мәтіннің сөзімен баяндауға тырысады. Бұл құбылыс олардың көбінесе естің жұмысына сүйенетінін байқатады. Сондықтан балаларды ойлауға, сөздерді көре білуге, оның мағынасын ұғынуға үйрету жағына баса назар аудару қажет.
I сынып оқушысы дыбыстық талдауды меңгеру барысында дыбыстар тобын еркін ұғына алады, негізгі типтік дыбыстарды абстракциялайды, осының арқасында жазуға үйренеді.
Оқуды меңгеру барысында да оқушылар әрбір жеке дыбысты, оның әрпін естерінде ұстау емес, дауысты, дауыссыз дыбыстардың негізгі қасиеттеріне үйренеді. Мұнда балалардың көрнекі-бейнелік ойлауы (көрнекі түрде салыстыру, қайта құрастыру) пайдаланылады.
Оқушылардың тілін дамыту әліппедегі мәтіндер мен суреттер арқылы жүргізіледі. Әліппеде бағана-бағанамен берілген сөздер өмірдің әр саласын қамтиды: балалар мен үлкендер өмірі, табиғат құбылыстары, баланы қоршаған сан алуан заттар, өсімдіктер, жануарлар дүниесі т. б.
Оқушылар әр топтағы заттармен, олардың қызметімен, неден жасалғанымен танысады. Соңында оларды топтастырады, негізгі белгілеріне қарай ажыратады. Мысалы, шеті иректелген жапырақтарды бір топқа, қылқан жапырақты ағаштар: шырша, үйеңкі т. б.
Байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысы. I сынып оқушылары сөйлеу сөйлемнен тұратынын біледі. Олар сөйлемді сөзге бөледі. Бір сөйлемде қанша сөз бар екенін анықтайды, өздері екі-үш сөзден сөйлем құрайды. Ертегіні қайталап айтқанда, әнгімелескенде олар сөйлеммсн сөйлейді. Әрине, бұлар сөйлем туралы тек алғашқы мәліметтері, бұл мағлұматтары кейін граммати - ка сабақтарында нақтылана түседі.
Әліппе кезеңіндегі негізгі міндет -- балаларды ауызша сөйлем құрауға үйрету. Әліппедегі картинкалардың, көпшілігі балаларды сөйлем құрауға үйретуді және олардың сөйлеу қателіктерін түзетуді көздейді.
Байланыстырып сөйлеуге үйрету сұрақ-жауап түрінде жүргізіледі. Ол (сұрау) әңгіменің жоспары іспеттес болуы керек.
Логикалық байланыстырып сөйлеуге үйрету үшін деформациялық мәтіндер алған жақсы.
Байланыстырып сөйлеуге үйретуде диафильм, мульт - фильм немесе балалардың ойыны, сондай-ақ мектептегі қандай да болмасын бір оқиға жөнінде де әңгімелесу тиімді нәтиже береді.
Сөйлеуге үйретуде дыбысты дұрыс айтып және оны дәл қабылдаудың маңызы зор. I сынып оқушыларының бірқатары дыбысты дұрыс айта алмайды (р, л, с, ш, з, ж, щ, ц).
Дыбысты бұзып айту бірқатар жағдайда оны дәл қабылдай алмағандықтан болуы мүмкін. Мысалы, ұяң дауыссыздарды қаттылау айту, айтылуы ұқсас дауыссыздарды ажыратпай, түсініксіз айту (с-ш, ж-з, ч-щ, т. б.). Мұндай жағдайды балаға осы дыбыстардан қос буын құратып айтқызса, (па-ба, ба-па, ка-га, га-ка, жа-за, за-жа, жа-ша, ша-жа) оңай білуге болады.
Дыбыстарды бұзып айту сөзді дыбыстық талдау процесінде де көрінеді. (Мысалы, шаш, шана сөздерінен ш дыбысын бөліп көрсеткенде т. б.). Баланың сөйлеу кемшілігін жөндеу әрбір баламен үнемі жеке жұмыс жүргізуді талап етеді.
Егер баланың сөйлеуі анық болмаса және ол түзеле қоймаса, мұндай жағдайда оны маман мұғалімге-логопедке жіберу керек.
1.2 Сауат ашудың әліппе кезеңін оқыту әдістері
Сауат ашу барысында қолданылатын әдістер оқушылардың продуктивті ойлауын дамытуға, дамыта оқыту тапсырмаларының мазмұны оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға, балалардың жақын даму аймағына әсер етіп, оларды дамытуға негізделді. Сондықтан жұмысымызда бастауыш мектепте сауат ашудың әліппе кезеңін оқыту жүйесін жетілдіруде дамыта оқытуға негізделген сабақтарда талдау, жинақтау, жаттығу, классификациялау, ойын, салыстыру, нақтылау, жалпылау, жұптап оқыту т.б.әдістерін қолдандық. Сауат ашудың әліппе сабақтарында қазақ тілінің дыбыстары мен әріп жүйесін үйрету мәселесі көп салалы жұмыстардан тұрады. Бұл зерттеуде негізінен эксперимент барысында нәтижеге ойдағыдай қол жеткізген тиімді әдістер ғана берілді. Мұндай әрекет сауат ашудың әліппе кезеңіндегі қазақ тілінің дыбыстық жүйесін тек ұтымды әдістер арқылы ғана игертудің шектеулі формасын көрсетпейді.
Сауат ашудың әліппе кезеңін оқытуға арналған жаттығулар мен тапсырмалар.Сауат ашудың әліппе кезеңін оқытуда жаттығудың мынандай түрлерініңтиімді екені экспериментте дәлелденді: оқыту, танымдық, ізденімдік және шығармашылық жаттығулар.Жаттығуларды орындауға дағдылану сатылары да төртке бөлінді. Олар:қалыптастыру,меңгеру, дағдылану және қорытынды сатылары.
Оқыту жаттығулары оқушылардың дыбыстардың айтылуы мен жазылуының негізгі заңдылықтарын меңгертуде, жаңа сабақты игертуде, өтілген материалдарды қайталауда, оқушыларға қазақ дыбыстары жөнінде алғашқы ұғымдар мен түсініктерді үйретуде пайдаланылды. Сауат ашудың әліппе кезеңінің алғашқы сатысында А, Н, Л, Р, О, Т, У, Ш, С дыбыстары меңгертілді. Оқыту жаттығуында берілген тапсырмалар ауызша айтылды. Себебі бұл кезде оқушылар енді ғана дыбыстармен таныса бастайды.
Танымдық жаттығулар оқыту жаттығуларына қарағанда күрделі беріліп, оқушылардың оқыту жаттығуларында меңгерген біліктері мен дағдыларын дамытуда пайдаланылды. Танымдық жаттығуларды орындау барысында оқушылардың қарапайым болса да теориялық білімдері бекітіліп, дыбыстарды орынды қолдану біліктері мен дағдылары қалыптасады.Бұл кездеЫ, І, М, Ң, Й, И, Ұ, Қ, Ғ, Е, Д, Ү, К, Г, Ө, Ә, З, Ж, П, Б дыбыстары оқытылды.
Ізденімдік жаттығулар оқушылардың өздігінен проблеманы шешу, белгісізді табу, тапсырманы орындау барысында зерттеушілік әдістерді қолдану дағдыларын қалыптастыруда пайдаланылды. Танымдық жаттығулар сауат ашудың әліппе кезеңінің соңғы кезеңінде, балалардың сөйлемдер құрастыру дағдыларын дамытуда арнайы қолданылды. Бұл сатыда оқушылар жаттығуларда берілген тапсырмаларды орындау барысында зерттеушілік, ізденімдік әрекеттер жасайды. Бұл кезеңде қазақ тілінде сирек қолданылатын Х, Һ, Я, Ю, Ф және орыс тілінен енген В, Э, Ё, Ц, Щ, Ч дыбыстары оқытылды.
Шығармашылық жаттығулар оқушылардың продуктивті ойлауын қалыптастыруда, балалардың тапсырманы өздігінен орындауға бейімделу біліктері мен дағдыларын жетілдіруде, проблемаға байланысты жаңашыл ойлар мен көзқарастар білдіруде тиімді. Шығармашылық жаттығуларды орындау барысында оқушылар сөздерді дұрыс тіркестіру, сөйлемдер мен мәтінді құрастыру дағдыларына ие болады. Сондықтан, шығармашылық жаттығулар оқушылардың тілін дамытуда кеңінен қолданылады. Біздің жұмысымызда шығармашылық жаттығулар сауат ашудың төртінші кезеңінде, яғни орыс тілінен енген Ь, Ъ белгілерін оқытуда қолданылды.
1. Әліппе сабағында күнделiктi қолданған дыбыстарды оқыту ретінің жаңа жүйесі оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын, сабақ барысындағы белсендiлiктерiн арттырды.
2. Дыбыстарды оқытуда сөздердегі дыбыстардың кездесу жиілігін ескеру оқушылардың алғашқы сабақтарында-ақ сөздерді көбірек үйреніп, олардың мағналарын толық меңгеруіне мүмкіндік жасайды. Алғашқы жеті дыбыс пен әріпті өткенде экперимент сыныптарындағы оқушылар толық мағыналы 51 сөз құрауға және сөз мағыналарын түсінуге дағдыланды. Ал бақылау сыныптарындағы оқушылар 36 сөз ғана құрады.
3. Буын құрауда дыбыстардың көрші дыбыстармен тіркесу мүмкіндігін ескеру балалардың оқу дағдыларын жетілдірді.
4. Дыбыстардың өзіндік ерекшеліктерін ескеру негізінде оқушылырдың дыбысты айту және әріпті танып жазу дағдылары артты.
5. Дыбыстардың жұпталып келу құбылысын ескеру арқылы балалардың орфографиялық және орфоэпиялық біліктері қалыптасты.
6. Сауат ашудың әліппе кезеңін жетілдіруді дамыта оқыту жаттығулары мен тапсырмалары арқылы оқыту нәтижесінде оқушылардың дыбыстарын меңгеру қабілеттері артып, қатесіз оқып, білім сапалары көтерілді.
7. Сауат ашудың әліппе кезеңінде қолданылған дамыта оқыту тех-нологиясы оқушылардың танымын кеңейтіп, тілдік қорын дамытты және оларды байланыстырып сөйлеуге дағдыландырды. Бақылау сыныптарында оқушылар қарапайым сөйлемді жетінші әріпті өткене ғана оқи алса, эксперимент сыныптарында олар сондай сөйлемді үшінші әріпті өткенде-ақ (Ана, нан ал) игерді, жеті әріп өткенде жиырма екі сөйлемді оқи алды.
8. Эксперимент сыныптарында оқушылардың сауатын, логикалық ойлауы-ның дамуын арттыру үшін ұсынылған оқу, танымдық, ізденімдік және шығармашылық жаттығулар түрінің тиімділігі дәлелденді.
9. Ұсынылған жаттығулар мен тапсырмалар жүйесі оқушылардың орфо-графикалық, орфоэпиялық дағдыларын дұрыс қалыптастыруға негіз болады

2 Сауат ашу балалардың жас ерекшелігіне қарай педагогикалық талаптар
2.1 Сауат ашу кезеңінде балалардың жас ерекшелігіне қойылатын педагогикалық талаптар
Оқу жұмысын ойдағыдай жүргізу үшін балалардың, жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін, олардын, зейін, қабылдау, ес, ойлау, қиял ерекшеліктерін, сезім, ерік жақтары мен жеке қасиеттерін жақсы білу керек, Алты жасар баланың зейіні тұрақсыз, оның толқуы сабақ үстінде күшті, ал бөліну қасиеті мүлде жоқ десе де болғандай, көлемі ете шағын болады. Сондықтан оқудың алғашқы күнінен бастап-ақ балаларды тыңдай білуге, оңай тапсырмаларды дәл орындап жүруге үйрету керек. Бұлардың зейіндері заттарды бақылай білу, олармен жұмыс жасау (әріптерден сөз құрау) арқылы тәрбиеленеді. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейіннің тұрақтылығы арта түседі. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтері, іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-әрекет түрлерін жиі өзгерту -- балалар зейінін тәрбиелеуге көмектеседі.
I сынып оқушыларының ес ерекшеліктері: логикалық-сөздік байланыстардан гөрі көрнекі бейнелердің басым болуы. Сөздік материалды олар механикалық түрде, мағынасына түсінбестен жаттап алады. Мұғалім бұл ерскшелікке де көңіл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әліппеден кейінгі кезең
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту жолдары
Сауат ашудың міндеттері
Сауат ашудың мақсаты мен міндеттері
Тіл дамыту және оқыту әдістемесі
Бастауыш сыныпта сауат ашу барысында оқушылардың тілін дамыту және сөз қорын арттыру
Әдебиеттік оқытудың тәрбиелік, дамытушылық мақсаты мен міндеттері
Бастауыш сыныпта сауат ашу әдістемесі
Әліппеден кейінгі кезең мен сауат ашу кезеңіндегі жасалатын жұмыстар, сабақ жүйесі
“Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы” пәнінен дәрістер
Пәндер