Азық-түлік өнімдерінің сапа көрсеткіштерін квалиметриялық талдау



Кіріспе
Өнімнің тағайындалу көрсеткіші.
Сенімділік көрсеткіші
Эстетикалық көрсеткіштері
Экологиялық көрсеткіштері
Патенттік құқықтық көрсеткіштер
Технологиялық көрсеткіштері
Эргономикалық сапа көрсеткіштері
Қауіпсіздік көрсеткіші
Ресурс бағалау көрсеткіші
Стандарттау және сәйкестендіру көрсеткіштері
Экономикалық көрсеткіштер
Қорыынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазіргі экономикаға байланысты шығарылған өнімнің сапасына көптеген талаптар қойылады. Бұл кез келген кəсіпорынның өміршеңдігі, оның тауарлар нарығындағы жəне қызмет көрсетудегі орнықты жағдайының бəсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.
Өз кезегінде бəсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты – баға деңгейіне жəне өнім сапасы деңгейіне. Екінші фактор бірте-бірте бірінші орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей орын береді.
Өнімнің сапа деңгейі оның салалық көрсеткіштер жүйесі негізінде анықталады. Бұл деңгейді анықтау үшін əрбір көрсеткіштердің сандық маңыздылығын білу жəне өнімнің ұқсастық көрсеткіштерімен салыстыру қажет.
Сапа көрсеткіштері – жасау, пайдалану немесе тұтыну шарттарының белгілі біреуінде қарастырылатын өнімнің бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық сипаттамасы. Өнімнің сапа көрсеткіші әртүрлі өлшеу бірлігімен жазылады. Мысалы, жылдамдық- км/с, бояу беріктігі- балдармен және т.б. Қызметтер үшін шарттары болып өңдеу мен көрсету саналады, ал процесс үшін дайындау мен өткізу. Сапаның кез келген қасиетін құру үшін сапаның келесі компоненттеріне назар аудару керек: қоғамдық қажеттілік, нақты шарттар, объект және қажеттіліктің қанағаттанарлық дәрежесі.
Сапаның көрсеткішін анықтау оның сандық маңызын түсіну болып табылады. Ол үшін практикада өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты төмендегідей əдістер пайдаланылады:
• өлшеуші əдіс (аспапатар, приборлардың көмегімен);
• тіркеу əдісі – бұл тіркеуге жəне есептеуге негізделген. Тіркеу əдісі мынадай
көрсеткіштермен, атап айтқанда: қауіпсіздік, патенттік-құқықтық, стандарттау, сəйкестендірумен анықталуы мүмкін;
• есептеу əдісі - өнім сапасы жөніндегі көрсеткіштерді анықтау үшін арнайы математикалық үлгілерді қолдауға негізделеді;
• органолептік əдіс – адам мүшесін сезу-көру, есту, дəм, түйсінуді талдауды қамтиды. Табылған маңыздылықтың дəлдігі жəне растылығы адамдардың біліктілігі, дағдылығы жəне қабілеттілігіне байланысты;
• əлеуметтік əдіс - өнім, оны нақты немесе тұтынушылардың мүмкіншілігі туралы пікірлерді талдау жəне жинау негізінде жүзеге асырылады;
• сапаршылық əдіс – мамандар тобы арқылы жүзеге асырылады. Мысалы: дизайнерлер, дəм айырушылар. Пратикада өнімнің сапа деңгейін бағалау үшін көрсеткіштер жүйесін пайдаланады. Яғни, қорытындылау жəне өнімнің сапасы жөніндегі жеке көрсеткіштер қосылады.
Тасымалдау,сақтау,жою,т,б негізгі және қосымша функцияларды орындау мен қатар жүретін «адам-өнім-орта» жүйесіндегі заттардағы өнімдердің функционирлеу ерекшеліктерін сипаттайды. Қосымша операцияларды орындау негізгі функцияларды орындауға әсер етеді және тұтынушының туынды емес уақыт шығындарын анықтайды. Мысалы, тұз тамаққа консервіленетін дәм бергіш зат ретінде қолданылады.
1. Сағадиев К., Смағұлов А., Барақбаев Б., Қалиев А. Сертификаттау: оқулық. Алматы 2000.-211 б.
2. Махамбетов Ж.Ж. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері. Оқу құралы. Алматы 2008 - 262 б.
3. Аскаров А.С. Стандартизация, сертификация и метрология. Учебное пасобие. – Алматы 2005 – 222 б.
4. «FoodMaster» компаниясы http://www.foodmaster.kz/
5. Поярков И.В. Квалиметрия. Управление качеством продукции. - Алматы: Қазақ университеті, 2005.-162с.
6. Фомин В. Н. Квалиметрия: Управление качеством. Сертификация: Учебное пособие. - М.: Ось-89, 2002. - 364 с.
7. Управление качеством продукции: Справочник / Под ред. В.В. Бойцова, А.В. Гличева. — М.: Изд-во стандартов, 1985. — 320 с.
8. ГОСТ 15467-79. Управление качеством продукции. Основные понятия. Термины и определения.
9. Шишкин И.Ф. Квалиметрия и управление качеством. Учебное пособие. М., Изд-во МГИ, 1991. – 84 с.

Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Глоссарий
өнімді сертификаттау - өнімнің берілген талаптар мен өнімнің қойылған талаптарының сәйкес келуі.
Өнімнің беріктігі(немесе сенімділігі) - өнімді пайдаланудың, техникалық күту мен жөндеудің соңғы мерзіміне дейін өнімнің қолданысқа жарамды қасиеттерін сақтауы.
квалиномия - сапа туралы ғылым .
Квалиметрия - өнімнің сапасын бағалау және өлшеуімен айналысушы немесе өнімнің сапсының сандық бағалануы.
Квалиметролог - квалиметриямен айналысушы маман.
Өнімнің сапасының көрсеткіштері - жасау, қолдану немесе тұтыну шарттарының белгілі біреуінде қаралатын өнімнің бір немесе бірнеше қасиеттерінің мөлшерлік сипаттамасы.
ТАҒАЙЫНДАУ - өнімнің шығарылуы, қасиеттері туралы талаптар. Мысалы, өнімдердің дәлдігі, шикізаттық құрамы, калориясы, құрамы және өзараалмасу механизмі;
ҚАУІПСІЗДІК - шығарылған өнім - адамның денсаулығын мүлкін, қауіпсіздігін сақтауы;
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ - ластамау, зиянды қалдықтарды шығармау, қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау;
СЕНІМДІЛІК - бұйымдардың конструкциясының адам ағзасына сәйкес келуі;
САПА - әртүрлі, біртұтас факторларды анықтайтын синтетикалық көрсеткіш. Бұл ұғым қасиеттердің біртұтастығын бейнелейді және өнімнің сипаттамасын көрсетеді. Сапа сұраныстардың артуына және өндірістің ұлғаюына қанағаттанарлықтай мүмкіндіктері бар көп ғұмырлық кезеңдерден өтті.
РЕСУРС ҮНЕМДЕУ - табиғат және еңбек ресурстарын дұрыс қолдана білуі;
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ - тауардың эксплуатациясы және ремонттау типі шағын болуы керек;
ЭСТЕТИКАЛЫҚ - әдемілігі, дизайны т.б.

КІРІСПЕ

Қазіргі экономикаға байланысты шығарылған өнімнің сапасына көптеген талаптар қойылады. Бұл кез келген кəсіпорынның өміршеңдігі, оның тауарлар нарығындағы жəне қызмет көрсетудегі орнықты жағдайының бəсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.
Өз кезегінде бəсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты - баға деңгейіне жəне өнім сапасы деңгейіне. Екінші фактор бірте-бірте бірінші орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей орын береді.
Өнімнің сапа деңгейі оның салалық көрсеткіштер жүйесі негізінде анықталады. Бұл деңгейді анықтау үшін əрбір көрсеткіштердің сандық маңыздылығын білу жəне өнімнің ұқсастық көрсеткіштерімен салыстыру қажет.
Сапа көрсеткіштері - жасау, пайдалану немесе тұтыну шарттарының белгілі біреуінде қарастырылатын өнімнің бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық сипаттамасы. Өнімнің сапа көрсеткіші әртүрлі өлшеу бірлігімен жазылады. Мысалы, жылдамдық- кмс, бояу беріктігі- балдармен және т.б. Қызметтер үшін шарттары болып өңдеу мен көрсету саналады, ал процесс үшін дайындау мен өткізу. Сапаның кез келген қасиетін құру үшін сапаның келесі компоненттеріне назар аудару керек: қоғамдық қажеттілік, нақты шарттар, объект және қажеттіліктің қанағаттанарлық дәрежесі.
Сапаның көрсеткішін анықтау оның сандық маңызын түсіну болып табылады. Ол үшін практикада өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты төмендегідей əдістер пайдаланылады:
:: өлшеуші əдіс (аспапатар, приборлардың көмегімен);
:: тіркеу əдісі - бұл тіркеуге жəне есептеуге негізделген. Тіркеу əдісі мынадай
көрсеткіштермен, атап айтқанда: қауіпсіздік, патенттік-құқықтық, стандарттау, сəйкестендірумен анықталуы мүмкін;
:: есептеу əдісі - өнім сапасы жөніндегі көрсеткіштерді анықтау үшін арнайы математикалық үлгілерді қолдауға негізделеді;
:: органолептік əдіс - адам мүшесін сезу-көру, есту, дəм, түйсінуді талдауды қамтиды. Табылған маңыздылықтың дəлдігі жəне растылығы адамдардың біліктілігі, дағдылығы жəне қабілеттілігіне байланысты;
:: əлеуметтік əдіс - өнім, оны нақты немесе тұтынушылардың мүмкіншілігі туралы пікірлерді талдау жəне жинау негізінде жүзеге асырылады;
:: сапаршылық əдіс - мамандар тобы арқылы жүзеге асырылады. Мысалы: дизайнерлер, дəм айырушылар. Пратикада өнімнің сапа деңгейін бағалау үшін көрсеткіштер жүйесін пайдаланады. Яғни, қорытындылау жəне өнімнің сапасы жөніндегі жеке көрсеткіштер қосылады.
Тасымалдау,сақтау,жою,т,б негізгі және қосымша функцияларды орындау мен қатар жүретін адам-өнім-орта жүйесіндегі заттардағы өнімдердің функционирлеу ерекшеліктерін сипаттайды. Қосымша операцияларды орындау негізгі функцияларды орындауға әсер етеді және тұтынушының туынды емес уақыт шығындарын анықтайды. Мысалы, тұз тамаққа консервіленетін дәм бергіш зат ретінде қолданылады.

Белгілері
Өнім сапасының көрсеткіштерінің топтары
Сипатталатын саны бойынша
Бірлік
Комплексті

Сипатталатын қасиеттері бойынша

Тағайындау
Сенімділік
Үнемділік
Экономикалық
Эргономикалық
Эстетикалық
Технологиялық
Стандарттау мен унификация

Жеткізу тәсілі бойынша
Табиғи бірліктерде (кг, мм, балл және т.б.)
Көрсеткіштің мәнін анықтау этаптары бойынша
Болжамдау
Жобалау
Өндірістік

Мысалы азық-түлік өнімдерінің ішінен Фут Мастер ұсынған майлы айранның сапа көрсеткіштеріне квалиметриялық талдау жасайтын болсақ, арине біз оны өнімнің сапа көрсеткіштері арқылы анықтаймыз. Оның ішінде тағайындалу, сенімділік, патентті-құқықтық, экономикалық, технологиялық, тасымалдау және т.б. көрсеткіштеріне тоқтала кетейік.

Өнімнің тағайындалу көрсеткіші
Өнімнің тағайындалу көрсеткіші - өнімнің негізгі қызметін анықтайтын қасиетін және қолдану аймағын орындау үшін негізгі функцияларды орындайтын өнім қасиеттерін сипаттайды. Фут Мастер ұсынған майлы айран өнімдерінің тағайындалу көрсеткіші өнімдердің энергетикалық құндылығы өнім құрамы мен құрылымы (белоктық, витаминдік, минералдық, ароматтық және т.б) болып табылады. ФудМастер ұсынған майлы айран ағзаның сау болуына себін тигізеді және табиғи минералдар мен дәрумендердің қайнар көзі болып табылады. Оның ішінде А дәрумені, β-каротин, D тобы дәрумендері, В1, В2 дәрумендері, С дәрумені сияқты ағзаға қажет дәрумендер бар. Өнім құрылымын сипаттайтын тағайындалу көрсеткіші ішінен құрылымын қалыптастыратын әртүрлі тағамдық заттарды атап кетуге болады (эмульгаторлар, тұрақтанғыштар, ұйытылулар, қопсытқыштар, су байланыстырушы қосымшалар және т.б). Өнім құрамы (белок, май, көмірсулар, т.б) ең алдымен өнімнің тағамдық құндылығын сипаттайды, оның энергетикалық және биологиялық құндылығын көрсетеді. Құрылымын сипаттайтын көрсеткіштер ішінен өнімнің органолептикалық көрсеткіші (консистенция, яғни, қатты, нәзік, жұмсақ, май тәріздес және т.б кең қолданылады ).
Тағайындалу - бұл физиологиялық және әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыру қабілеті. Тағайындалу көрсеткіші мына түрлерге бөлінеді:
1) Функционалдық тағайындалу - тағайындалуға сәйкес (материалдық және рухани) өз функцияларын тауарлармен қамтамасыз етуді орындайды.
2) Әлеуметтік тағайындалу - жеке немесе қоғамдық-әлеуметтік қажеттілікті тауарлармен қанағаттандыру қабілеті.
3) Жіктемелік тағайындалу - бірқатар көрсеткіштер мен қасиеттердің жіктелу қасиеттері ретінде шығу қабілеті (майлылығы). Фут Мастер ұсынған майлы айран өнімдерінің 1%, 2,5%, 3,2% майлылығы бойынша жіктеледі.
4) Әмбебеп тағайындалу - адамға пайдалы қосымша функциялар көрсетілген тағайындалу бойынша нақты тауарларды қолданудың мүмкіншілігін және жағдайын қамтамасыз ету диапазоны. Тұтынушыға пайдалы берілген тамақ өнімдерінің қосымша функциялардың болуын қолдану бойынша тағайындалу мүмкіншілігі және жағдайлары кең диапазонда сипатталады. Мысалы айранның сіңімділігі жақсы, тағамдық құндылығы жоғары 100г өнімде 5200 ккал-ғы бар, сондай-ақ айранның сергіткіш әрі тыңайтқыш дәмі бар. Сонымен қатар оны емдік-профилактикалық мақсатта, кондитерлік өнімдерде, яғни торт, пирог және т.б. қолданылады. Тіпті кейде косметология саласында да маска ретінде де қолданады.

1-кесте. Табиғи дәрумендер мен минералды құрамы

100 г құрамында
Дәрумендер
мг
%*
Минералдар
мг
%*
А
0,020
2,22
(Са) кальций
113
11,30
β - каротин
0,009
0,18
(Р) фосфор
94,0
11,75
В1
0,035
2,33
(Ғе) темір
0,20
2,00
В2
0,170
9,44
(Na) натрий
44,0
3,38
С
0,700
0,78
(К) калий
124
4,96

(Mg) магний
16,0
4,00
*Ересектер үшін тәуліктік тұтыну нормасынан %-дық мөлшер

100 г өнімнің тағамдық және энергетикалық құндылығы

Энергетикалық құндылығы ( 100 г)
52.1 ккал
Ақуыз ( 100 г)
3.3 г
Майлылығы ( 100 г)
2.5 г
қөміртек ( 100 г)
4.1 г

Өнімнің әлеуметтік тағайындалу көрсеткіші
Бұл көрсеткіштер - тұтынушының әртүрлі топтарынан қоғамдық мәніне және қоғамның қажеттілігіне өнімнің сәйкестігін сипаттайды. Оларға мыналар жатады:
:: Шығарылатын тауарлардың бүтін көрсеткіші
:: Әлеуметтік мекен-жайы
:: Тауарлардың тұтыну класы
:: Тауар ассортименті
:: Әлеуметтік эффектілер
Шығарылатын тауарлардың қоғамдық көрсеткіштері тауарлардың берілген тобына қанағаттандырарлық емес сұраныстың көлемін көрсетеді.
Әлеуметтік мекен-жайының және тауардың тұтыну класының көрсеткіштері тауардың тұтынушыға қажеттілігіне және қажеттік ерекшеліктеріне сәйкестігін сипаттайды. Тұтынушының анықталған тобына тұтыну класын орнатады. Азық-түлік тауарларына, мысалы, емдік өнімдер, диабетпен ауыратын адамдар үшін тағайындалған өнімдер, бүйрек ауруына арналған өнімдер, балаларға арналған, туристерге, ғарышкерлерге және т.б арналған өнімдер. Анықталған тұтынушылық класының тауарлары сорты және түрі бойынша ажыратылады. Оптималдық ассортименттеріне қарай тауарлардың сәйкестендіру көрсеткіші: берілген өнім түрінің негізгі немесе жобаланатын жүйесін қолданудағы тиімділігін сипаттайды, сонымен қатар оның басқа өнімдерімен де байланысын қатар сипаттайды. Мысалы ФудМастер айранының тұтынушы анықталған тобына тұтыну класын тоқталатын болсақ, біз оны диеталық, жас балаларға және ересек адамдарға арналған өнім топтарына топтастырамыз.

Сенімділік көрсеткіші
Өнімнің сапасы мен бәсекегеқабілеттілігін анықтауда сенімділік көрсеткіштері маңызды рөл атқарады, себебі мүлтіксіз бұйым, сенімділіктің қажетті деңгейіне ие болмаса, сенімділік көрсеткіштері мәндері бойынша белгіленген функцияларды атқара алмайды. Сенімділік көрсеткіші объекттің қойылған мақсатты берілген уақыт (мерзімі) аралығында орындау қабілетін сипаттайды. Эксплуатацияның шарттары мен арналуына байланысты сенімділік әр түрлі көрсеткіштермен сипатталады. Сондай көрсеткіштерге жөндеуге жарамдылық, ұзақ өмірлік, техникалық қор, қызмет мерзімі, қабыл алмаудың қарқындылығы жатады.
Сенімділік - объектінің, қолдану, қызмет көрсету, жөндеу мен тасымалдаудың белгіленген режимдері мен жағдайларында қажетті функцияларды орындау мүмкіндігін сипаттайтын барлық параметрлерінің маңыздылығының белгіленген шектерінде, қасиетін сақтау қасиеті. Сенімділік күрделі қасиет болып табылады, объекті мен шарттардың тағайындалуына байланысты оның қолданысы келесі қасиеттердің үйлесімділігінен тұрады: мүлтіксіздік, өміршеңдік, жөндеуге жарамдылық, сақталымы.
Нақты объектілер мен оларды эксплуатациялау жағадайлары үшін бұл қасиеттер әр түрлі салыстырмалы мәнге ие болады.
Мүлтіксіздік - объектінің белгілі бір уақыт ішінде немесе белгілі бір атқарым ішінде жұмысқақабілетті күйін үздіксіз сақтау қабілеті.
Өміршеңдік - объектінің, техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің орнатылған жүйесі кезінде шектік күйдің орнауына дейінгі жұмысқа қабілетті күйін сақтау қабілеті.
Жөндеуге жарамдылық - бүлінулер мен зақымданулардың туу себептерін анықтауға, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүргізу жолымен жұмысқақабілетті күйін сақтау мен қалыпқа келтіруге бейімділігінен көрінетін объектінің қасиеті.
Сақталымы - объектінің сақтау немесе тасымалдау мерзімінде мүлтіксіздік, өміршеңдік пен жөндеугежарамдылық көрсеткіштерінің маңыздылығын сақтау қасиеті. Мысалы ФутМастер айранының сақталу мерзімі: 21 күн және тоңазытқышта сақтау керек. Сақталу температурасы: 4+-2°С.
ГОСТ 27.002-83 стандарты келесідей анықтамаларды қарастырады:
Түзетілетін күй - нормативті-техникалық немесе құрылымдық құжаттаманың барлық талаптарына сәйкес келгендегі объектінің күйі.
Жұмысқақабілетті күй - белгіленген функцияларды орындау мүмкіндігін сипаттайтын барлық параметрлер мәндері нормативті-техникалық құжаттамаға сәйкес келгендегі объектінің күйі.
Жұмысқақабілетсіз күй - белгіленген функцияларды орындау мүмкіндігін сипаттайтын бір ғана параметр мәні нормативті-техникалық құжаттамаға сәйкес келмегендегі объектінің күйі.
Шектік күй - объектінің тағайындалуы бойынша одан әрі қолдану жол бергісіз немесе орынсыз болғандағы немесе оның түзетілген немесе жұмысқақабілетті күйін қалыпқа келтіру мүмкін емес немесе орынсыз болғандағы объектінің күйі.

Эстетикалық көрсеткіштері
Нарықтың бәсекелестігі, нарықтың түрлі тауарлармен молықтырылғандығы жағдайларында өнім сапасының эстетикалық көрсеткіштері өнімнің бәсекегеқабілеттілігін қамтамасыз етуде шешуші орынға ие. Бұл көрсеткіштер - ақпараттық айқындылық, форманың ұтымдылығы, композицияның тұтастығы, колористік суреттеу, ортаға, стиль мен сәнге сәйкес келу, үйлесімділік, тауар түрінің тұрақтылығы, т.б. сияқты өнімнің тұтынушылар үшін маңызды қасиеттерін сипаттайды.
Эстетика (грекше aisthetikos-сезімтал) - құбылыстардың өзара байланысты екі шеңберін: адамның әлемге құндылықты қараудың ерекше көрінісі ретінде сезімділік сферасын және адамдардың шығармашылық қызмет сферасын зерттейтін ғылым.
Өнім сапасының эстетикалық көрсеткіштері тобына көрсеткіштердің мынадай шағын топтары жатады:
1. Ақпараттық айқындылық. Бұл көрсеткіштердің шағын тобына ФутМастер ұсынған майлы айран сапаның келесі бірлік көрсеткіштері кіреді: таңбалық, түпнұсқалық, сәнге сәйкестік, стильдік сәйкестік.
Өнімнің таңбалылығы - айран өнімінің әлеуметтік маңызды ақпараттың көркемдік-образдық көрінісі, ол - бұйымға әлеуметтік-эстетикалық көзқарастар мен қоғамдық көріністерді көрсетуге мүмкіндік береді. Өнімнің түпнұсқалылығы - ФутМастер ұсынған майлы айранның форма белгілерінің өзгешелігі, бұйым формасында оны басқа ұқсас бұйымдардан ерекшелейтін өзіндік элементтердің бар болуы. Мысалы тауар белгісі, аты, маркасы, т.б.
Сәнге сәйкестік көрсеткіші - уақытша басым эстетикалық талғамдардың жалпылығын көрсететін бұйым қасиеттерін сипаттайды.
Стильдік сәйкестік көрсеткіші - бұйым формаларының тұрақты белгілерінің тұынушының мәдени даму деңгейіне сәйкестігін сипаттайтын көркем айқындылықтың құралдары мен тәсілдерінің жалпылығы. Мысалы айранның қорабының түсі, түр ілпеті, т.б.
2.Форма ұтымдылығы. Бұл көрсеткіштердің шағын тобына мынадай көрсеткіштер кіреді:
-функционалды-конструктивті алдын ала келісімділік;
-эргономикалық алдын ала келісімділік пен орындылық;
3.Композиция тұтастығы. Ол мынадай көрсеткіштермен сипатталуы мүмкін:
көлемдік-кеңістікті құрылымның ұйымшылдығы;
тектоникалылық(гр. tektonikos-құрылысқа жататын), конструкциялар мен материалдардың жұмысын көркем ұғынуда көрінеді;
пластикалылық, бұйымның көлемдік және элементар форманың айқындылығын сипаттайды;
графикалық және бейнелік элементтердің реттілігі;
- түсті колорит пен сәнділік.
4.Өндірістік атқарудың жетілдіруі - бұйымның контурларын орындау мен бөліктерінің түйіндесуінің тазалығы, төсем ұқыптылығы сияқты көрсеткіштермен бағалануы мүмкін.
5.Тауар түрінің тұрақтылығы - сертификаттау белгілерін, фирма мен тауар белгілерін жасаудың айқындылығы, тасымалдау мен эксплуатациялауда бүлінуге тұрақтылық сияқты көрсеткіштермен сипатталуы мүмкін.
Өнім сапасының эстетикалық көрсеткіштері органолептикалық және экспертті әдістермен анықталады, көбінесе баллмен бағаланады және нормативтік-техникалық құжаттамада белгіленеді.
Өнімнің тауарлардың түрін, тұрақтылығын, радионалды қалпын, композиция бүтіндігін, оригиналдығын, сыртқы түрін сипаттайды. Рецептура жиынтығында және жалпы тамақтануындағы өнімдердің жеке түрінің сыртқы түріне, түсіне, қалпына, мөлдірлігіне қойылатын талаптар нормативті технологиялық құжатта айтылған. Бұдан басқа өнім сапасын көрсететін қалыптасу ерекшелеліктерінде де сипаттама берілген, өнім сапасының эстететикалық көрсеткіші ақпараттылығын, қалпын, өндірістік орындауды, тауарлық түрін сипаттайды.
Ақпараттық қабылдау өнімнің қоғамдағы құрастырылған эстетикалық көрінісін сипаттайды. Ол суретті, ақпараттық болады.
Бұйымның белгілігі - бұл көркем-бейнелі қоғамдық маңызды ақпараттардың бейнеленуі және ол бұйымға қоғамдық - эстетикалық көзқарастар жасауға мүмкіндік береді.

Экологиялық көрсеткіштері
Шығарылған айран өнімі қоршаған ортаға зиянды әсерін көрсетпеу қасиеті. Экологиялық көрсеткіште айранды тұтынуда пайда болатын қоршаған табиғи ортаға зияндылықтың әсер деңгейін сипаттайды. Бұл көрсеткіштерге қоршаған ортаға тасталатын зиянды қоспалар, газдардың зиянды бөлшектері тауарларды сақтағанда, өткізуде пайда болатын сәулелер жатады. Айран өнімі сапасының экологиялық көрсеткіштері өнімді тұтыну мен экспллуатация кезінде сыртқы ортаға зиянды әсер ету деңгейін анықтаушы өнім ерекшелігін сипаттайды. Шығарылатын айран өнімі Рure-pak қорапшасында сақталады. Ол осы уақытқа дейін шығарылып келген Tetra-Pak қорапшасынан еш айырмашылығы жоқ. Тек Рure-pak қорапшасы Tetra-Pak-тен 20% қымбат. Себебі, Рure-pak қорапшасының ішкі бөлігі жақсы тігіліп бекітілген. Дегенмен екеуінің де экологиялық проблемалары бірдей. Яғни қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері бар. Бұл қорапшаларға тоқталып жатқан себебім, өнімнің сапасы оның құйылатын осы қорапшаға тікелей байланысты. Себебі оның сақталуы мен тасымалдауы осы қораптың химиялық және механикалық қасиеттеріне байланысты. Қорап сыртқы ортамен байналысқа түскенде пайда болатын жағдайларды қарастырады.
Экологиялық көрсеткіштерге әдетте:
* Өнімді эксплуатациялау, транспортировкалау, сақтау кезіндегі қоршаған ортаға тасталатын зиянды заттардың құрылымы;
* Зиянды қалдықтардың сыртқа тасталу ықтималдылығы;
* Өнімді эксплуатациялау, транспортировкалау, сақтау кезіндегі зиянды сәулелендіру ықтималдылығы;
* Адамға кері әсер ететін шу мен вибрациядан пайда болатын өнім деңгейі.
Көрсетілген көрсеткіштер көп жағдайда өлшенуі және есептелінілуі мүмкін, ол бойынша ақпарат жүйелендіріледі, жиналады, жіберілетін деңгейдің шегін анықтайтын таблицалар мен диаграммалар түрінде көрсетіледі. Тәжірибеде адамға және қоршаған ортаға зиянды әсерлерден қорғалғандығын бағалау үшін осындай көрсеткіштердің мәні туралы сандық мәліметтердің жоқтығында, экологиялық жағдайды жанама бағалау үшін сапалық сипаттамалар, мысалы, тазалағыш құрылғылардың, қорғағыш экрандардың, тежегіштердің, шаң сорғыштардың пайдаланылуы мүмкін.
Өнімнің бәсекеқабілеттілігі және оның сапасын бағалаудағы экологиялық көрсеткіштерді тіркеудің қажеттілігін негіздеуге оларға эксплуатация және сынаулар кезінде бағалау деңгейін анықтау жүргізіледі.
Қоршаған орта мен адам денсаулығын күзетуге арналған шарттар мен нормалар стандарттармен, ережелермен, қоғамдық және меелекеттік ұйымдармен, халықаралық кеңеспен, халықаралық экологиялық регламенттермен және нормалармен анықталады.

Патенттік-құқықтық көрсеткіштер
Патенттік-құқықтық көрсеткіштер - бұйымның патенттік жиілігін анықтайды. Оларға патенттік қорғаныс және патенттік жиілік көрсеткіштері жатады. Патенттік қорғаныс көрсеткіші отандық ұйымдарға жататын объекттің
қорғаныс дәрежесін сипаттайды.
Өнімдерді тек ел ішінде ғана емес шетелдерде де мүмкіндіктері бар екенін көрсетеді. Табиғи тамақ өнімдері патенттелмейді. Өнім сапасының құқықтық-патенттік көрсеткіштері бұйымның патенттік тазалығы мен патенттік қорғауды ҚР да және шетелде сипатталады. Бұл халықаралық сауда арақатынасында және жоғары экономикалық байланыстардағы кең дамуда маңызды болып табылады. Мысалы айранды РФ-да патенттелген.
Патенттік қорғау көрсеткіші отандық бұйымдарға лицензия сату немесе экспорт болжанатын елдерде ҚР дағы патенттердің өнімге көрсетілген қорғау деңгейін анықтайды. Ол ҚР да және шетелде қолдауға ие болған бұйымға берілген отандық техникалық шешімдерді сынауға мүмкіндік береді.
Патенттік тазалық көрсеткіші тек мемлекет ішінде қолданатын өнімге айналу деңгейін көрсетеді. Олар техникалық шешім үшін мемлекетте қолданатын патенттік құқықтарға кірмейтін, ал бұйымдар үшін шетелде іске асатын экспорт болжалатын мемлекеттермен берілген патенттерге қолданбайтын техникалық шешімдер үшін қолданады. Бұл көрсеткіштер ҚР да және шетелде бұйымдардың келтірілген заңдық санкцияларға бағынбай іске асуын көрсетеді.
Бұйымның патенттік тазалығы мен қорғалу көрсеткіштерін анықтау тек ғылыми техникалық және бағдарламалық бұйымға таралатын мемлекеттік және ведомоствалық нормативті құжаттармен регламенттелед, ал экономика, ұйым және өндірісті жоспарлау облысындағы ойлар, прициптер, әдістер мен әдістемелер, ұйымдарды және кәсіпорындарды басқару қорғауға қабілетсіз болып табылады және патенттік қорғау мен патенттік тазалықты бағалауға жатпайды.
S - бұйымдағы құраушы бөліктерінің мәнді тобындағы саны;
n ­ бұйымдағы өте маңызды элементтер саны;
mj - өте маңызды элементтердің индивидуал коэффициеттері;
Nio - i- топта бұйым элементтеріндегі жалпы саны;
Ni - i- топта экспортқа болжанатын мемлекеттердегі патенттерден қорғалған элементтердің жалпы саны;
Nin - берілген мемлекеттегі патент ішіне кіретін топтағы бұйымды құраушы бөлігінің саны;
nn - патенттік тазалыққа ие бұйымдағы ең маңызды элементтердің саны;
mi - негізгі немесе көмекші топтың салмақтылық коэффициенті;
ҚР дағы және шетелдегі бұйымның патенттік қорғау көрсеткіші:
р=mj+ j=1smj NiNio
ал патентті тазалық көрсеткіші
p= mj+ mj Nio-Nin Nio
Патенттік қорғау және патенттік тазалық көрсеткіші тек өнім сапасын бағалауға ғана емес, шетелде сатылуы үшін сертификаттау үшін де қолданылады.

Технологиялық көрсеткіштері
Технологиялық көрсеткіш өнімнің сапа көрсеткіштеріне, шығару көлеміне, орындау жұмысының жағдайына, берілген мәндерді тоқтату, өндіру, сақтауда, минималдық шығындарға жетуге, қабілеттенуінде анықталған өнім құрылымы мен құрамының қасиеттерін сипаттайды. Технологиялық көрсеткішке дайындалуға байланысты өнімнің энергия сыйымдылығы, материал, еңбек сыйымдылығы жатады. Жалпы тамақтануда өнім өндірісінің технологиялығы шикізаттың құрамы мен құрылымына байланысты болады.
Технологиялық көрсеткіштер бұйым конструкциясының қасиеттерінің жиынтығын сипаттайды. Кез келген өнімді жасап шығару еңбектің барлық түрінің шығындарын есептейтін өнімнің өзіндік құнында көрінетін шикізат пен материалдардың шығындарынсыз мүмкін емес. Бұл бұйымның технологиялық моделі еңбек шығыны тұрғысынан қазіргі нормативтік құжаттарда қабылданған. Еңбек сыйымдылығын, материал сыйымдылығын және өзіндік құнды жалпылыққа, структуралыққа, салыстырмалы және қатыстылыққа бөледі.
Бұл сапа көрсеткіш тобының сипаттамасының технологиялық көрсеткіштеріне шығындарды емес, керісінше осы шығындарды азайтуды жатқызу керек. Мысалы, прогрессивті материалдардың меншікті салмағы және оларды өңдеу әдістері; жинаудың прогрессивті әдістерінің үлес салмағы және т.б.
Өнім тұтынушылары үшін технология тікелей қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты емес. Бұл байланыс өнімнің бағасында, сонымен бірге оның сенімділігінің көрсеткіштерінен көрінеді. Бұл тұрғыдан тұтынушы сапаның көрсеткіштерінің осы тобына қызығушылық танытады.

Эргономикалық сапа көрсеткіштері
Эргономды көрсеткіштері оның адам-объект-орта жүйесіндегі адамның өндірістік және тұрмыстық жағдайларын қолдануға икемделушілігін сипаттайды. Эргономды көрсеткіштердің тобына шағын топтар кіреді:
oo антрометрикалық;
oo гигиеналық;
oo физиологиялық пен психофизиологиялық;
oo психологиялық.
Антрометрикалық көрсеткіш бұйымның адамның өлшемі, пішіні және салмағына сәйкестігін анықтайды. Бұл көрсеткішке мынадай сәйкестік көрсеткіші кіреді: адам мөлшеріне бұйым конструкциялары; адамның дене бітіміне және жеке мүшелеріне бұйым конструкциялары; адамның салмағының таралуына бұйым конструкциялары. Мысалы ФутМастер айранының Рure-pak қорапшасының адамға қолайлы жасалуы. Оның қорапшасының сыйымдылығы 1 л, 0,5 л болуы, адам мөлшеріне қолайлы болуы, конструкциясының ыңғайлы болуы.
Гигиеналық көрсеткіш бұйымның адамның жұмысқа қабілеті мен өмірлік қызметінің гигиеналық жағдайына сәйкестігін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнімнің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы
ШАЙДЫ БҰРМАЛАУ ӘДІСТЕРІН ТАЛДАУ
Тоңазытқыш сапасының көрсеткіштері
Сары майдың квалиметриялық бағалануы және оның сапасын жақсарту жөніндегі шараларды ұйымдастыру
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Квалиметрия
Піскен шұжықтың квалиметриялық бағалануы және оның сапасын жақсарту жөніндегі шараларды ұйымдастыру
Қарашай өнімінің сипаттамалары
Квалиметрия - сапаны сан жағынан бағалау
Шұжық өнімдері
Пәндер