Бәсеке – рыноктық экономиканың негiзгi элементi ретiнде



КIРIСПЕ

I БӘСЕКЕ . РЫНОКТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГIЗГI ЭЛЕМЕНТI
РЕТIНДЕ
1.1 Бәсекенің экономикалық мәні мен қызметтері
1.2 Бәсекенiң экономикалық табиғаты қағидалары

II ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАДАҒЫ ЖЕТІЛГЕН ЖӘНЕ ЖЕТІЛМЕГЕН БӘСЕКЕЛІК ЖАҒДАЙЛАР
1.1 Жетiлген бәсеке рыногы, қызмет ету механизмі
2.2 Жетiлмеген бәсеке рыногы және оның формалары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Тауардың бәсекелестік қабілеттілігі белгілі бір уақыт сәтінде оның сол нарықтағы сәтті сатылу мүмкіндігі. Қазіргі заманғы нарықта тауар бәсекелестік қабілеті бар болып саналады, егер ол нақты сатып алушыға есептеле отырып жасалатын болса. Өткізілмеген тауар, тіптен егер ол стандартқа сәйкес келсе де, егер оның технологиясы жасалса да, ал дайындаушы оны жоғары бағаласа да сапалы тауар болып саналмайды.
Бәсекелестік қабілеттілік бірқатар факторларға байланысты болады: тауардың сапасына және оның жаңалығына; төлем жағдайына; тауарды жеткізу мерзіміне; оны жарнамалауды және оған шығарылған шығындар ұйымдастыру; салық мөлшерлері және соған ұқсас тауарларға нарықтық кедендік салық; халықтың төлем қабілеттілігіне; техникалық қызмет көрсету деңгейіне; қосалқы бөлшектердің нарықта болуына және т.б.
Алайда бәсекелестік қабілеттіліктің негізгі көрсеткіштері тауардың сапасы және және оның жаңалығы болады. Қазір фирманың немесе бүкіл өнеркәсіптік саланың жұмыс істеуінің негізгі жағдайы мыналар болып саналады: «бәсекелестік қабілеттілік – коммерциялық сәттілік кілті». АҚШ-тың 200-ден астам ірі фирмаларын зерттеген кезде сауалнама қойылғандар пайдалы баға бойынша тауарды сату үшін негізгі фактор бұйымның сапасы болып табылады. Бір де бір фирма тауардың бағасын бірінші орынға қоймады.
Тауардың бәсекеге қабілеттілігінің ең ортақ тұжырымдамасы мынадай: «Бәсекелестік қабілеттілік деп тауардың нарықтағы сатылу сәттілігін яғни осы тауардың басқа бәсекелес ұқсас тауарларға айырбастауға кең ұсыныс түскен жағдайдағы ақшаға айырбасталуы мүмкін қабілеттілігі бар тауардың тұтынушылық және құндық кешені түсіндіріледі». Тауардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау бірқатар факторларды зерттеуді және талдауды талап етеді:
 Ішкі және сыртқы нарықтың талаптарын және ең алдымен онда сатылатын бұйымдардың сапасына;
 Ішкі және сыртқы нарықта сұранысқа ие өнімдерді жасау және дайындаудың негізгі бағыттарын;
 Нақты бұйымдарды сатудың болашағын;
 Сатуға арналған өнімнің бағасына;
 Өнімді аттестациялау және сертификаттау мүмкіндігіне;

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КIРIСПЕ

I БӘСЕКЕ - РЫНОКТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГIЗГI ЭЛЕМЕНТI
РЕТIНДЕ
0.1 Бәсекенің экономикалық мәні мен қызметтері
0.2 Бәсекенiң экономикалық табиғаты қағидалары

II ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАДАҒЫ ЖЕТІЛГЕН ЖӘНЕ ЖЕТІЛМЕГЕН БӘСЕКЕЛІК ЖАҒДАЙЛАР
1.1 Жетiлген бәсеке рыногы, қызмет ету механизмі
2.2 Жетiлмеген бәсеке рыногы және оның формалары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

КIРIСПЕ

Тауардың бәсекелестік қабілеттілігі белгілі бір уақыт сәтінде оның сол нарықтағы сәтті сатылу мүмкіндігі. Қазіргі заманғы нарықта тауар бәсекелестік қабілеті бар болып саналады, егер ол нақты сатып алушыға есептеле отырып жасалатын болса. Өткізілмеген тауар, тіптен егер ол стандартқа сәйкес келсе де, егер оның технологиясы жасалса да, ал дайындаушы оны жоғары бағаласа да сапалы тауар болып саналмайды.
Бәсекелестік қабілеттілік бірқатар факторларға байланысты болады: тауардың сапасына және оның жаңалығына; төлем жағдайына; тауарды жеткізу мерзіміне; оны жарнамалауды және оған шығарылған шығындар ұйымдастыру; салық мөлшерлері және соған ұқсас тауарларға нарықтық кедендік салық; халықтың төлем қабілеттілігіне; техникалық қызмет көрсету деңгейіне; қосалқы бөлшектердің нарықта болуына және т.б.
Алайда бәсекелестік қабілеттіліктің негізгі көрсеткіштері тауардың сапасы және және оның жаңалығы болады. Қазір фирманың немесе бүкіл өнеркәсіптік саланың жұмыс істеуінің негізгі жағдайы мыналар болып саналады: бәсекелестік қабілеттілік - коммерциялық сәттілік кілті. АҚШ-тың 200-ден астам ірі фирмаларын зерттеген кезде сауалнама қойылғандар пайдалы баға бойынша тауарды сату үшін негізгі фактор бұйымның сапасы болып табылады. Бір де бір фирма тауардың бағасын бірінші орынға қоймады.
Тауардың бәсекеге қабілеттілігінің ең ортақ тұжырымдамасы мынадай: Бәсекелестік қабілеттілік деп тауардың нарықтағы сатылу сәттілігін яғни осы тауардың басқа бәсекелес ұқсас тауарларға айырбастауға кең ұсыныс түскен жағдайдағы ақшаға айырбасталуы мүмкін қабілеттілігі бар тауардың тұтынушылық және құндық кешені түсіндіріледі. Тауардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау бірқатар факторларды зерттеуді және талдауды талап етеді:
+ Ішкі және сыртқы нарықтың талаптарын және ең алдымен онда сатылатын бұйымдардың сапасына;
+ Ішкі және сыртқы нарықта сұранысқа ие өнімдерді жасау және дайындаудың негізгі бағыттарын;
+ Нақты бұйымдарды сатудың болашағын;
+ Сатуға арналған өнімнің бағасына;
+ Өнімді аттестациялау және сертификаттау мүмкіндігіне;
+ Тұтынушыға ұсынылатын (соның ішінде шетелдік) тауарды жарнамалау сапасы және деңгейіне.
Тауардың бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық көрсеткіштерін есептеу негізіне бір жолғы және эксплуатациялық (ағымдағы) шығындардан тұратын тұтынушының толық шығындарын салыстыра қойылуы мүмкін. Бір жолғы шығындар - өнімді алуға (нақты баға), кедендік баж салығы және басқа алымдарға шығындар, тасымалдауға, жинақтауға және іске қосуға шығындар. Эксплуатациялық(ағымдағы) шығындарға мыналар кіреді: өнімге қызмет көрсететін қызметкердің еңбек ақысы, отын мен қуатқа шығындар, жөндеуге кеткен шығындар және т.б.
Өнімнің бәсекелестік қабілеттілігін бағалаудың бірқатар басқа әдістері бар, мысалы, бағалық, салыстырмалы құны бойынша, салыстырмалы пайдалылығы бойынша. Бағалық әдіс кезінде тауар, егер оның сатылу бағасы, дизайны және сапасы нарықта ұсынылған осыған ұқсас тауарлардың сипаттамасынан кем қалмаса, бәсекеге қабілетті деп саналады. Салыстырмалы құны бойынша бәсекеге қабілеттілік бірегей валютада саналған салыстыратын фирмалардың өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек бірлігінің салыстырмалы құны ретінде түсініледі. Салыстырмалы пайдалылық бойынша бәсекеге қабілеттіліктің өлшемі компанияның пайдасының нормасы болып табылады.

I БӘСЕКЕ - ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ
2.1 Бәсекенің экономикалық мәні мен қызметтері

Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетiстiктердi дамытудың негiзгi құралы болып табылады. Бәсекелiк рынокта қызмет етушi фирмалар мен кәсiпорындар қоғамның әр түрлi сұранысына бейiмделiп, тиiмдi инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске ұмтылады, өндiрiстiк және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнiмдер шығарудың көлемiн арттыруға ынталы болады.
Осылайша әрбiр кәсiпкердiң бәсекеқабiлетi жоғары болуының нәтижесiнде әлемдiк экономикалық рынокта ұлттық экономиканың бәсекеқабiлеттiлiгi артады.
Қазақстанның соңғы жылдардағы экономикалық өсуге қол жеткiзуiнiң өзi бәсекеқабiлеттiлiктiң қалыптасуы мен дамуы есебiнен болып отыр. "Қазақстан - 2030" даму стратегиясында жеке меншiк құқығын қамтамасыз ету, сондай-ақ рынокта еркiн бәсекелестiк ортаны қалыптастырып және антимонополиялық реттеудi сенiмдi түрде жүргiзу керектiгiн атап өткен.
Бәсеке қоғамға экономикалық еркiндiктi, тиiмдiлiктi, дамудың тұрақтылығын, экономикалық қауiпсiздiктi ұсынады. Немiс экономикасының белгiлi экономист ғалымы Людвиг Эрхард бәсекелестiктiң экономика үшiн қажеттiлiгiн келесi жолдармен көрсетедi: "... рыноктың шаруашылық және оның қызмет ету механизмi еркiн бәсекелестiктен ажырап қызмет етуi мүмкiн емес...". Бәсекенiң экономикалық табиғаты жеке меншiктiк қатынастармен тығыз байланыста болады.
Бәсеке дегенiмiз, бiр жағынан, iс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшiн жүрiп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргiзудiң қолайлы жағдайына ие болу үшiн, пайданы көп табу үшiн тауар өндiрушiлердiң бiр-бiрiмен күресi. Екiншi жақтан, ол рынок субъектiлерiнiң өнiмдi өндiру мен оны өткiзудегi және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары.
Бәсекенi экономикалық процесс ретiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң белгiлi әрекеттерiнiң жиынтығының түрi деп тануға болады. Осы әрекеттер экономикалық цикл түрiнде жинақталады. Осыған бiрте-бiрте жүрiп отыратын төменде аталған ұдайы өндiрiстiк процестер жатады:
* өндiрiс және еңбек ұжымдарының материалдық-заттық элементтерiн қалыптастыру;
* өндiрiстi ұйымдастыру, оны шикiзатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен жабдықтау және өндiрiстiк, несие-қаржылық және жобалау мекемелерiнiң бiр-бiрiне әсер етуi;
* бәсекеқабiлеттiлiгi жоғары өнiм өндiру;
* өнiмдi сату. Бұл үшiн оның саны анықталады, өткiзiлетiн орны мен уақыты белгiленедi;
* пайда есебiнен инвестициялық қор жасау және оны өндiрiстi кеңейту үшiн пайдалану.
Өнiмнiң өмiр сүру циклi бәсекелiк күрес дәрежесiне елеулi әсер етедi. Өнiмнiң өмiр сүру циклiне оның шығарыла бастауынан тоқтағанша жүрiп отыратын мерзiмi жатады. Бұл цикл төрт фазадан тұрады:
1. жаңа өнiмдi игерiп, өндiрiске енгiзiп орналастыру. Бұл арада сату көлемi көп емес, шығарылған өнiмнiң бағасы жоғары болады;
2. өндiрiстiң өсуi - өндiрiстiң масштабы өседi, сұраныс өседi, жоғары баға сақталады;
3. кемелдену. Өндiрiс көлемi ең жоғары дәрежеге жетедi, сұраныс толық қанағаттанады, өндiрiс қарқыны бәсеңдейдi, бәсеке шиеленiседi және бағалар төмендей бастайды;
4. ескiру. Бұл фазада сұраныс төменгi шегiне жетедi, өндiру азаяды. Бәсеке сайысы сөне бастайды. Өнiмнiң басым көбiнiң өндiрiлуi тоқталады, жаңа өнiм өндiру басталады.
Рыноктық экономикада рыноктағы көптеген фирмалар мен кәсiпорындар бәсекелiк сайыста шаруашылық жүргiзушi субъектiлер өз бәсекелесiне мардымсыз әрекеттер қолданады. Мұндай әрекеттердi "тиiмсiз бәсеке" деп атауға болады:
* тауардың сапасы туралы және оның сипаттамасы. Жасау әдiсi мен жасалған орны туралы жалған ақпарат тарату;
* бәсекелес туралы өтiрiк немесе қате мәлiметтер тарату;
* бәсекелестiң тауарлық белгiсiн, оның фирмасының атын, маркировкасын заңсыз пайдалану;
* тауардың сапасы туралы дұрыс түсiнiк бермейтiн жарнама жасау;
* бәсекелестiң тауарын жамандап көрсететiн салыстырмалар қолдану;
* келiсiм бойынша өздерi ған бiлуге тиiстi салаға жататын конфиденцияллық ғылыми-техникалық өндiрiстiк және басқадай информацияны таратып жiберу. Аталған шарт бзушылықпен күресу Қазақстанда мемлекеттiк антимонополиялық агенттiкке жүктелген.
Қазiргi заманда "жетiлген бәсеке" концепциясы болып, өндiрiстiң экономикалық теориясы жарыққа келдi. Мұның үлгiсiндегi рыноктың екi типi аталады:
* жеке тұтынуға пайдаланылатын тауарлар мен қызметтер рыногы;
* өндiрiс факторларының рыногы.
Осы рыноктардың өзара байланысы техникалық заң түрiнде тұжырымдалған, экономистер оны "өндiрiс функциясы" деп атайды.
1.2 Бәсекенiң экономикалық табиғаты мен қағидалары
Бәсеке қоғамға экономикалық еркiндiктi, тиiмдiлiктi, дамудың тұрақтылығын, экономикалық қауiпсiздiктi ұсынады. Немiс экономикасының белгiлi экономист ғалымы Людвиг Эрхард бәсекелестiктiң экономика үшiн қажеттiлiгiн келесi жолдармен көрсетедi: "... рыноктың шаруашылық және оның қызмет ету механизмi еркiн бәсекелестiктен ажырап қызмет етуi мүмкiн емес...". Бәсекенiң экономикалық табиғаты жеке меншiктiк қатынастармен тғыз байланыста болады.
Бәсеке шаруашылық өмiрде басты рольде ойнайды. Ол экономикалық еркiндiктi қамтамасыз етiп, рыноктағы субъектiлердiң қарым-қатынасын тереңдету арқылы рыноктағы жағдайлар мен сұранысқа бейiмдi болып келедi. Адам Смиттiң "көрiнбейтiн қол" мысалының негiзiнде бәсекелестiк теориясы жатыр, яғни , әрбiр жеке адам немесе кәсiпкер ең бiрiншi өз пайдасын ойлайды, сол пайдаға қол жеткiзу үшiн олар өз қызметтерiнiң бәсекелiк қабiлетiн арттыруға ынталы болады. Бұл өз кезегiнде жаңа iзденiстердi, инновациялық жаңалықтарды ашуға жол ашады.
Бәсеке экономикалық категория ретiнде объективтi және субъективтi маңызда болады. Объективтi мағынада бәсеке рыноктағы ерекше жағдайларды белгiлейдi, яғни жекелеген субъектiлер кәсiпкерлер жалпы рыноктағы тауарлардың айналысына және оның бағасына жеке өзi әсер ете алмау сипатымен көрiнедi. Бәсеке субъективтi тұрғыда бәсекелес шаруашылық субъектiлерi арасындағы экономмкалық қатынастарды көрсетедi, яғни өндiрiс пен материалды игiлiктердi айырбастау негiзiнде туындайды.
Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетiстiктердi дамытудың негiзгi құралы болып табылады. Бәсекелiк рынокта қызмет етушi фирмалар мен кәсiпорындар қоғамның әр түрлi сұранысына бейiмделiп, тиiмдi инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске ұмтылады, өндiрiстiк және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнiмдер шығарудыңкөлемiн арттыруға ынталы болады.
Осылайша әрбiр кәсiпкердiң бәсекеқабiлетi жоғары болуының нәтижесiнде әлемдiк экономикалық рынокта ұлттық экономиканың бәсекеқабiлеттiлiгi артады.
Қазақстанның соңғы жылдардағы экономикалық өсуге қол жеткiзуiнiң өзi бәсекеқабiлеттiлiктiң қалыптасуы мен дамуы есебiнен болып отыр. "Қазақстан - 2030" даму стратегиясында жеке меншiк құқығын қамтамасыз ету, сондай-ақ рынокта еркiн бәсекелестiк ортаны қалыптастырып және антимонополиялық реттеудi сенiмдi түрде жүргiзу керектiгiн атап өткен.
Бәсекенiң экономикадағы орнын оның негiзгi қағидалары арқылы да анықтауға болады.
Бәсекенiң негiзгi қағидалары:
* рынокқа қатысушылар санының шектелмеушiлiгi, рынокқа кiрудiң және одан шығудың абсалюттi еркiн болуы. Бұл қағида кәсiпкерлiк қызметтiң еркiндiгiн, олардың өндiрiстiң бiр түрiнен екiншi түрiне өтуiн, тұтынушылардң еркiн талғамын, әрбiр тұтынушы өзiнiң қажеттiлiгiн ең жоғары деңгейде қамтамасыз етуiн талап етедi;
* материалды еңбек, қаржылық және басқа да ресурстардың мобильдiлiгi. Капитадың еркiн айналысы өнеркәсiптiң тиiмдi салаларының дамуына, қосымша ресурс көздерiн ашуға, олардың комбинациясын неғұрлым тиiмдiрек қолдануға мүмкiндiк беру;
* сұраныс пен ұсыныс туралы бәсекеге қатысушылардың толық ақпаратта болуы, сондай-ақ рыноктағы баға өзгерiсiн, пайда деңгейiн дер кезiнде қадағалап отыруы керек;
* өнiмдердiң бiртектiлiгi, сапасының, қасиеттерiнiң ұқсас болып келуi. Ерекше маркалардың болмауы, ондай ерекше маркалар өзiнiң бәсекелестерiн жену үшiн монополиялық рынокта қолданылады;
* рыноктағы жекелеген қатысушылардың әсер теу мүмкiншiлiгiнiң болмауы, бағаның рынок арқылы берiлген деңгейi қатысушының белгiленген бағасымен сәйкес келiп отыруы мiндеттi шарт емес.
Бәсеке өз кезегiнде салаiшiлiк, салааралық және халықаралық бәсеке болып бөлiнедi. Iшкi және салааралық бәсеке қоғамдық еңбектiң бөлiнiсiнiң заңдылықтарын дамытып, өнеркәсiптi мамандандыруға. Салалардың салаiшiлiк, өнеркәсiп орындарының санының артуына және олардың бiр-бiрiне тәуелдiлiгiн қамтамасыз етедi.
Салаiшiлiк бәсеке тауарлардың рыноктық бағасын қалыптастырады. Олардың iшiдегi техникалық жағдайы жоғары және еңбек өнiмдiлiгi артық кәсiпорындар қосымша пайда тауып отырады. Әрбiр саланың компанияларының техникалық жағдайы, еңбек өнiмдiлiгi қарқынының деңгейi, тауарлардың жеке құны әр түрлi болып отырады. Салаiшiлiк бәсеке негiзiнде кәсiпорындар шығынды азайтуға, ресурстарды тиiмдi пайдалануға, инновациялық өнiмдер шығаруға ынталы болады.
Салааралық бәсеке әр түрлi рынокта қызмет етушi шаруашылық салалардың арасында туындайды. Яғни сырттан келетiн инвестицияларды өз саласына тартуға, осы саланы жетекшi сала ретiнде алып шығуы үшiн бақталас болып табылады.
Халықаралық бәсеке әр түрлi елдер арасында орын алады. Бүгiнгi жаһандану және ғылыми-техниканың жоғары дамыған, экономикалық қатынастардың күрделене түскен жағдайда әрбiр ел өзiнiң егемендiгiн және экономикалық потенциялын сақтап қалу үшiн бәсекеге түседi.
Халықаралық бәсеке келесiдей сипатталады:
* бiрнеше басты салаларды әлем бойынша өзiне қарату, ноу-хауды дамыту, қаржылық жағдайын жақсарту;
* көп аспектiлiк, әр түрлi рынок құрылымы мен механизмдерiне бейiмдi болу;
* рыноктың осы заманға сай жылдам дамуын қамтамасыз ету;
* рыноктық бақталаста айқын басымдылық қасиеттерiнiң болуы;
Бәсекенiң толық қанды және тиiмдi дамуы экономика дамуына белгiлi тиiмдiлiктердi және қолайлы ортаны ұсынады. Оларға:
1. Қоғамның өндiрiстiк тиiмдiлiгiнiң өсуi;
2. Рыноктық механизмнiң толық қанды қызмет етуi;
3. Өндiрiс факторларының қолданысын жақсарту;
4. Оптималды баға құру;
5. Тауарлардың және қызметтердiң әлемдiк стандарттарға өтуi;
6. Бизнестiң тиiмдiлiгi, басқашайтқанда ел iшiндегi кәсiпорындар iс-қимылының жаңашылдығы;
7. Инфрақұрылым немесе елдегi қолданып отырған технологиялардың, қатынас және байланыс жүйелерiнiң, ғылыми орындардың, ел тұрғындарының бiлiмi мен бiлiктiлiгi, жасампаздық қасиеттердiң бизнестiң жоғары талабына сәйкестiгi;
8. Инновацияларды енгiзу.
Бәсеке жаратылысының негiзi шектеулi ресурстарды неғұрлым тиiмдi қолданатын салаларға бөлу болып табылады. Бәсеке экономикада сонымен қатар тауар өндiру және қызмет көрсетулердiң өз өнiмдерiне инновациялар енгiзуiне ынтасын арттырады. Әлемдiк тәжiрибеге жүгiнсек бәсекелестiк инновациялық тауар пайданың жоғары деңгейiн 5-10 жыл шамасында ұстап тұрады.
Рыноктық экономикада рыноктағы көптеген фирмалар мен кәсiпорындар бәсекелiк сайыста шаруашылық жүргiзушi субъектiлер өз бәсекелесiне мардымсыз әрекеттер қолданады. Мұндай әрекеттердi "тиiмсiз бәсеке" деп атап, оны бәсекелестiктiң кемшiлiктерi ретiнде түсiнуге болады. Оларға:
* тауардың сапасы туралы және оның сипаттамасы. Жасау әдiсi мен жасалған орны туралы жалған ақпарат тарату;
* бәсекелес туралы өтiрiк немесе қате мәлiметтер тарату;
* бәсекелестiң тауарлық белгiсiн, оның фирмасының атын, маркировкасын заңсыз пайдалану;
* тауардың сапасы туралы дұрыс түсiнiк бермейтiн жарнама жасау;
* бәсекелестiң тауарын жамандап көрсететiн салыстырмалар қолдану;
* келiсiм бойынша өздерi ған бiлуге тиiстi салаға жататын конфиденцияллық ғылыми-техникалық өндiрiстiк және басқадай информацияны таратып жiберу. Аталған шарт бзушылықпен күресу Қазақстанда мемлекеттiк антимонополиялық агенттiкке жүктелген.
Экономикада рынокты, ондағы бәсекелестiк жағдайды анықтайтын, оны зерттейтiн, бағаны белгiлейтiн сұраныс пен ұсыныс қана емес, сондай-ақ рынок құрылымы болып табылады. Өйткенi әр рынок құрылымында бәсеке түрлерi де әр түрлi, соған сәйкес баға құру тәсiлi және фирманың қызмет етуi де өзгеше болып келедi.

II ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАДАҒЫ ЖЕТІЛГЕН ЖӘНЕ ЖЕТІЛМЕГЕН БӘСЕКЕЛІК ЖАҒДАЙЛАР
2.1 Жетiлген бәсеке рыногы, қызмет ету механизмі
Рынок құрылымы фирмалардың саладағы санына, әрбiр фирманың көлемiне, тауардың сипатына, ол рынокқа ену жеңiлдiгiне ақпараттың қолда болуына тәуелдi. Рынок құрылымын сыныптағанда оның негiзгi белгiсi болып сатушы мен аларманның ықпалдылық деңгейiне, әсiресе ол ықпалдылық баға деңгейiне байланысты.
Жетiлген бәсеке қалыптасу үшiн ондаған фирмалар әрекет жасап, олардың өзара келiсiм жасауға мүмкiндiгi болмауы тиiс. Сонымен зерттеу нысаны бәсекелес фирма болып табылады, ал оның мақсаты тауар өндiру мен қызмет көрсету және оларды нарықта сату барысында пайданы мейлiнше арттыру.
Жетiлген бәсекеде жеке меншiкке және шаруашылықтың оңашалануына негiзделедi. Өндiрушiлер бiр-бiрiмен тек рынок арқылы байланысады. Жеке фирма өз өнiмiн өткiзуде iс жүзiнде рыноктағы айырбас жағдайына ешқандай әсер ете алмаса, онда осындай болмыс - бәсекелiк қабiлеттiң ең жоғары дәрежесi болып табылатын жетiлген бәсеке деп аталады.
Жетiлген бәсекелес рыногы дегенiмiз - төмендегi шарттар орындалатын нарық:
1. Iрi фирманың жалпы нарықтық ұсыныстағы сату үлесi елеусiз. Сондықтан, оның өнiм көлемi туралы өндiрiстiк шешiмдерi жалпы ұсынысқа ықпал етпейдi, соған орай фирмалар нарықтар бағасына да әсер ете алмайды;
2. Нарықта өнiм ұсынатын тәуелсiз сатушылар саны көп және өнiмдерi бiртектi болып келетiн;
3. Баға, технология, ықтимал пайда жөнiндегi ақпараттар белгiлi болады;
4. Сатып алушылардың баға туралы информациясы толық болады. Егер бiреу өз өнiмiнiң бағасын көтерсе, онда ол сатып алушыларынан айырылады;
5. Сатып алушылар өзара баға туралы келiсiм жасаспайды және әрекеттерiн бiр-бiрiмен келiспей жеке жүргiзедi;
6. Жаңа фирмалардың салаға кiруiне немесе одан шығуына тосқауылдар жоқ.
Осындай сатып алу-сату шарттарының орындалуы өндiрушiлер мен тұтынушылардың өзара қатынастарына еркiндiк сипат бередi. Жетiлген бәсеке баға белгiлеу механизмiнiң және тепе-теңдiк болмысы арқылы экономикалық жүйенiң өзiн-өзi реттеуiнiң қалыптасу шарты болып табылады. Осының нәтижесiнде жеке индивидтердiң экономикалық жетiстiкке жетудi көздейтiн өзiндiк жеке дара қимылдары бүкiл қоғамдық жетiстiктерге жол ашады.
Жетiлген бесекенiң экономикада артықшылықтары мен кемшiлiктерi болады:
Артықшылықтары:
* Қоғамға қажет тауарларды өндiруде ресурстарды тиiмдi пайдалануға мүмкiндiктiң болуы;
* Тез өзгерiп отыратын өндiрiс жағдайларына икемдi болып, оларға тез үйлесуге көмектесе алатындығы;
* Тауарлардың жаңа түрлерiн жасау саласына жаңа техника мен технология енгiзуге, өндiрiстi ұйымдастырып басқарудың жетiлген әдiстерiн қолдануға, ғылыми-техникалық жетiстiктердi ұнамды пайдалануға жағдайлар тудыратындығы;
* өндiрушiлердi көптүрлi қажеттiлiктердi қанағаттандыруға, тауарлар мен қызметтердiң сапасын жоғарлату мақсаттандыруы.
Кемшiлiктерi:
* ұдайы өндiрiлмейтiн ресурстарды (ормандар, табиғи жануарлар, жер, теңiз, мұхит қоймалары) сақтауға көмектеспейдi;
* қоршаған ортаны қорғауда негативтiк бағытта болады;
* ұжымдық пайдалануға бағытталған таулар мен қызметтер ( дамбалар, жолдар, қоғамдық көлiк) өндiрiсiнiң дамуын қамтамасыз етпейдi;
* фундаменталдық ғылымның, жалпы бiлiм беру жүйесiнiң, қалалық шаруашылықтың көп элементтерiнiң дамуына жағдай жасамайды;
* еңбек, табыс, демалу құқықтарына кепiлдiк бермейдi;
* әлеуметтiк әдiлетсiздiк пен қоғамның байлар мен кедейлерге бөлуiне бөгет жасайтын механизмдерi жоқ.
"Бәсекелесу" деген сөздiң өзi экономикалық пайданы бөлу және тұтынушының таңдауының бар екендiгiн көрсетедi. Дәл осы себептен де өндiрушiлер тұтынушының сұранысын арттыру үшiн әрекеттер жасайды.
Жетiлген бәсекелес нарығында тауарды сатушылар және сатып алушылар саны өте көп болады, сондықтан олардың әрқайсысы жеке түрде тауардың нарықтық бағасына әсер ете алмайды. Тауардың бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланыс арқылы анықталады. Осының салдарынан тұтынушылар мен сатушылар жетiлген бәсеке нарығында тауардың бағасын тұрақты деп және өздерiнiң бақылауынан тыс деп қабылдайды. Өнiм өндiрушiлердiң басты мақсаты пайданы ең жоғары деңгейге жеткiзу, сондықтан олар әрдайым ұтымды өнiм көлемiн анықтауға ынталанады.
Жетiлген бәсекелi жағдайда фирманың көлемi шамалы болғандықтан ол бағаға әсерiн тигiзе алмайды, ал монополиялық рынок бағаға өз үстемдiлiгiн жүргiзедi.
Сондықтан қысқа және ұзақ мерзiмде кәсiпкер оңтайлы жағдай қалыптастыру үшiн өнiм көлемiн немесе шығындарды өзгерту арқылы қол жеткiзедi. Ал монополиялық рынок жетiлген бәсекелi рынокқа қарағанда күрделi. Монополист фирма шығындарын есептеп қана қоймай, бағаның ұтымды деңгейiн қалыптастыру керек, нарықта өзi жалғыз болғандықтан басқа бәсекелестер кiргiзбеу үшiн немесе өнiм көлемiн арттыру үшiн көптеген iс- шаралар жүргiзедi.
Жалпы TR табыстан барлық экономикалық жұмсаған шығынды алғанда экономикалық пайда болады:
П = ТR - ТС
Мұндағы, П - пайда;
ТR - жалпы табыс;
ТС - жалпы шығындар.
Қысқа мерзiмдi кезеңде бәсекелес фирманың құрал- жабдығы тұрақты болады да, ал өнiм шығару көлемi өзгерген кезде тек айнымалы ресурстар ғана өзгередi, осыған сәйкес айнымалы шығындар өседi.
Орташа табыс - бұл шығаратын өнiм бiрлiгiне келетiн табыс.
AR = TR Q
Шектiк табыс - ол шығаратын өнiмдi бiр бiрлiкке көбейткенде түсетiн қосымша табыс, яғни:
MR= ΔTRΔQ
Бұл екi формуладағы: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рынок шаруашылықты ұйымдастырудың тиIмдI жүйесI ретIнде
Рыноктың шаруашылық тауарлық өндiрiс дамуның жоғарғы баспалдағы ретiнде
Экономиканы рыноктық қатынастарға одан ары реформалау
Әкімшілік және нарықтық экономика: салыстырмалы талдау
РЫНОКТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ТАУАРЛЫҚ ӨНДІРІС ДАМУЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ БАСПАЛДАҒЫ
Қазақстан Республикасында рыноктық қатынастардың қалыптасу ерекшелiктерi
Нарық тепе-теңдiгi туралы түсiнiк
Шаруашылық саладағы жетілген және жетілмеген бәсекелік жағдайлар
Бәсеке, оның экономикалық табиғаты мен елдiң шаруашылық өмiрiндегi атқаратын рөлi
Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық маңызы
Пәндер