Антропогендік ландшафттардың дамуының алғышарттары



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І . Тарау. Антропогендік ландшафттардың жалпы сипаттамасы ... ...7
1.1. Антропогендік ландшафтардың пайда болу ерекшеліктері ... ... ... ...7
1.2. Техногендік ландшафтар түсінігінің калыптасуы ... ... ... ... ... ... ...15
1.3. Геокешендердің дамуына техногенез факторларының тигізер әсері...18
1.4. Өндірістік аймақтардың техногендік ландшафтары ... ... ... ... ... ... 22
ІІ . Тарау. Сырдария өзенінің төменгі алабының
ландшафтық жүйесі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
2.1. Агролаңдшафт түсінігінің қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
2.2. Агроландшафтардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
2.3. Бұзылған ландшафтарды қайтадан орнына келтіру
және рекультивация ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..54

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ..67
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Алғашқы агроландшафтық кешендердің қалыптасуы осыдан 14 мың жыл бұрынғы кезеңнен — адам баласының табиғи ресурстарды қажеттілігіне жарата бастағанынан бастау алған. Осы кезеңнен бастап азық-түліктік мәдени өсімдіктердің дамуы егістікті жерлерде, яғни ірі өзен аңғарлары мен суарылмайтын, климаты қолайлы тау етектерінде жүргізілді. Дүние жүзі бойынша ауылшаруашылықтық мақсатта игерілген агроландшафтар дала зоналарын қамтиды.
Адам баласы табиғи ортада өмір сүріп, оның ресурстарын пайдаланатын болғандықтан, табиғи ортаға тигізер әсері де алуан түрлі. Сондықтан ландшафтарды халық шаруашылығының жекелеген салаларында пайдалану қажеттілігі мен ерекшеліктеріне байланысты туындаған өзгерістер де әрқалай. Мысалы, биологиялық өнімділікті арттыру үшін егін шаруашылығындағы агротехникалық шаралар: қышқыл топырақ қабатын ізбестеу, терендете жырту, суару мен батпақтан құрғату үшін жүргізілетін мелиоративтік жұмыстар, ауыспалы егістіқ әр түрлі тыңайтқыштарды пайдалану, тау беткейлерін террасалау, су өткізгіштігі нашар сазды топыраққа құм себу сияқты шаралардан кейінгі өзгерістер.
Агроландшафтық, яғни егістікті комплекстерде әр түрлі агротехникалық және мелиоративтік шараларды пайдаланғанда қалыптасатын табиғи-антропогендік құрылымдар, ізденістердің методикалық негізі мен теориялық мәселелері көптеген ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады. ТМД елдерінде агроландшафтық ізденістердің негізін қалап, осы ғылыми бағыттың дамуына көп үлес қосқан ғалымдар: П.Л.Николаев, К.В.Зворыкин, И.В.Иванов, А.Т.Исаченко т.б. болca, агроландшафтық ізденістердің ғылыми жүйе ретінде қалыптасуына зор үлес қосып, оның методологиялық негізін жете тұжырымдағандықтан, В.А.Николаев ТМД агроландшафт мектебінің негізін қалаған ғалым деп есептеледі.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Мұстафаев Ж.С., Райымбекова Б.Т. Суғармалы егістік жердің гидротермикалық тәртібінің теориялық нұсқасын негіздеу // Материалы республиканской научно-практической конференции 23-24 октября 2003 г. / Проблемы «Ауыл» и научное обеспечение агропромышленного сектора экономики Республики Казахстан. – Тараз, 2003. – С. 40-42.
2. Мустафаев Ж.С., Райымбекова Б.Т. Эколого-экономическое обоснование адаптивно-ландшафтного режима орошения // Гидрометеорология и экология.- Алматы, 2003. –С. 144-152.
3. Райымбекова Б.Т. «Өсімдіктерді қалай бақылаймыз?» Биология және салауаттылық негізі. - Алматы, 2003. - 12-14 бб.
4. Мустафаев Ж.С., Байманов Ж.Н., Райымбекова Б.Т. Значение адаптивных мелиораций для формирования экологически устойчивого агроландшафта // Алматы: Поиск, 2005.- С. 146-150.
5. Мустафаев Ж.С., Байманов Ж.Н. , Райымбекова Б.Т. Значение адаптивных мелиораций для формирования экологически устойчивого агроландшафта // Докл. межд. науч. конф. / Научное обеспечение как фактор устойчивого развития водного хозяйства (20-21 октября 2005 г.).- Тараз, 2005. – С. 281-284.
6. Мустафаев Ж.С., Козыкенова Г.В., Шегенбаев А.Т., Райымбекова Б.Т. Эколого-ресурсные оценки пригодности возвратных и сточных вод для промывки засоленных почв // Научно-теоретическое и практические аспекты охраны окружающей среды: проблемы, стратегия и перспективы использования природных ресурсов: мат. межд. науч-практ. конф. – Тараз, 2006. – С. 347-350.
7. Мустафаев Ж.С., Байманов Ж.Н., Козыкеева А.Т., Райымбекова Б.Т., Жайнакова Ф. Значение адаптивных мелиораций для формирования экологически устойчивого агроландшафта // Матр. межд. науч-практ. конф. / «Проблемы водного хозяйства», посвещенной 95 –летию академика Р.Ж. Жулаева. - Тараз, 2006. – С. 46-49.
8. Мұстафаев Ж.С., Қозыкеева Ә.Т., Райымбекова Б.Т. Сырдария өзенінің төменгі алабының жағдайындағы агроландшафттардың тиянақтылығын бағалау // Природопользование и проблемы антропосферы. – Тараз: Вестник, 2006.- №2 (22).- 44-52 бб.
9. Мұстафаев Ж.С., Қозыкеева Ә.Т., Райымбекова Б.Т. Сырдария өзенінің төменгі алабындағы агроландшафттардың топырақ-мелиоративтік жағдай және тиянақтылығы // Природопользование и проблемы антропосферы, Тараз: Вестник, 2006.- 44-52 бб.
10. Мұстафаев Ж.С., Рябцев А.Д., Қозыкеева Ә.Т., Байманов Ж.Н., Райымбекова Б.Т. , Сейдуалиев М.А. Агроландшафттық жүйенің экологиялық-мелиоративтік орнықтылығын және тиянақтылығын бағалау (Сараптамалық шолу).- Тараз, 2006. –31 б.
11. Мустафаев Ж.С., Рябцев А.Д., Кененбаев Т., Бейсенов М.У., Райымбекова Б.Т. Разработка типовых моделей ландшафтно-мелиоративных адаптивных систем земледелия // Матр. науч-практ. конф. посвещенной 35-летию Гидрогеолог-мелиоративной службы Республики Казахстан (13-14 сентября 2006 г.).- Алматы, 2006.- С.
12. Мустафаев Ж.С., Рябцев А.Д., Козыкеева А.Т., Умирзаков С.И., Нурабаев Д.М., Райымбекова Б.Т. Определение экологически предельно-допустимой нормы водопотребности агроландшафтов // Природопользование и проблемы антропосферы. Тараз: Вестник, 2006.- С. 5-12.
13. Мустафаев Ж.С., Рябцев А.Д., Атшабаров Н.Б., Бейсенов М.У., Шамшадиева Н.М., Райымбекова Б.Т. Адаптация сельскохозяйственного производства к природным условиям техногенно-нарушенных агроландшафтов // Гидрометеорология и экология, 2006.- №2.- С. 18-33.
14. Мустафаев Ж.С., Рябцев А.Д., Адильбектеги Г.А., Райымбекова Б.Т. Методологические основы оценки устойчивости и стабильности агроландшафтов // межд. науч-практ. конф / Индистурально-инновационное развитие-основа устойчивой экономики Казахстана.- Шымкент, 2006.- Том III. – С. 424-427.
15. Мустафаев Ж.С., Козыкеева А.Т., Изимбаева С., Байманов Ж.Н., Шамшадиева Н.М., Райымбекова Б.Т., Бейсенов М.У. Ландшафтный подход к обоснованию мелиорации сельскохозяйственных земель //Матр. Межд. науч-практ. конф. / Индустриально-инновационные развитие – основа устойчивой экономики Казахстана.- Шымкент, 2006.- Том III. – С. 427-430.
16. Райымбекова Б.Т. Сырдария өзенінің төменгі алабындағы суғару алқаптарындағы тәжірибелік-өндірістік танаптарда сүрлемдік жүгерінің гидротермикалық жүргісін зерттеу // Природопользование и проблемы антропосферы. – Тараз: Вестник, 2006.- № 4 (21).- С. 5-12.
17. Райымбекова Б.Т. Сырдария өзенінің төменгі алабындағы суғару алқаптарындағы сүрлемдік жүгері өсірілген тәжірибелік-өндірістік зерттеу танаптарындағы топырақ қабатының су және тұз қорының тепе-теңдігі // Природопользование и проблемы антропосферы. – Тараз: Вестник, 2006.- № 4 (21).- С. 5-12.
18. Райымбекова Б.Т. Сырдария өзенінің төменгі алабындағы суғару алқаптарындағы сүрлемдік жүгерінің өсірілген тәжірибелік-өндірістік зерттеу танаптарындағы өнімділігі // Природопользование и проблемы антропосферы. – Тараз: Вестник, 2007.- № 1 (21).- С. 5-12.
19. Райымбекова Б.Т. Сырдария өзенінің төменгі алабындағы суғару алқаптарындағы сүрлемдік жүгерінің өсірілген тәжірибелік-өндірістік танаптардың өнімділігі // Труды международной научно-практической конференции / Актуальные вопросы подготовки высококвалифицированных специалистов в ВУЗе. – Тараз, 2007. - С. 28-32.
20. Мустафаев Ж.С., Козыкеева А.Т., Рябцев А.Д., Кененбаев Т.С., Райымбекова Б.Т. Методологические основы оценки устойчивости и стабильности ландшафтов //Актуальные экологические проблемы Республики Татарстан. – Казань, 2007. – С.124-126.
21. Мустафаев Ж.С., Козыкеева А.Т., Рябцев А.Д., Бейсенов М.У., Кененбаев Т.С., Байманов Ж.Н., Шамшадинова Н.Т., Райымбекова Б.Т. Теоретическое основы адаптивно-ландшафтного регулирования мелиоративного режима почв сельскохозяйственных земель // Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары / Экология, құрлыс және су шаруашылығының өзекті мәселелері. – Тараз, 2007. – С. 75-78.
22. Рябцев А.Д., Кененбаев Т.С., Мустафаев Ж.С., Козыкеева А.Т., Райымбекова Б.Т. Методологические основы оценки устойчивости и стабильности агроландшафтов // межд. науч-практ. конф., – Алматы, 2008. – С.716- 723.
23. Мустафаев Ж.С., Козыкеева А.Т., Рябцев А.Д., Кененбаев Т.С., Райымбекова Б.Т. Методологические основы оценки устойчивости и стабильности агроландшафтов // межд. научно-практ. конф. «Вода: ресурсы, качество, мониторинг, использование и охрана воды». – Алматы, 2008. – С. 226-229.
24. Мустафаев Ж.С., Иванова Н.И., Рябцев А.Д., Райымбекова Б.Т. Методология оценки экологической устойчивости и стабильности агроландшафтов // Вестник Кыргызско-Российского Славянского университета – Бишкек, 2008. том 8. - № 9. – С. 117-121.
25. Байракимов С.И., Раимбекова Б.Т. Жүгері дақылының ботаникалық сипаттамасы, биологиялық ерекшеліктері және суару тәртібіне байланысты өнімнің қалыптасуы // - Алматы: Жаршы, 2009. -18-19 бб.
26. Байракимов С.И., Раимбекова Б.Т. Сүрлемдік жүгері өсірілген тәжірибелік-өндірістік зерттеу танаптарындағы топырақ қабатының су және тұз қорының тепе-теңдігі // - Алматы: Жаршы, 2009. -16-17 бб
27. Чурахин. Физическая география Казахстана. Алматы: Мектеп, 1968. 83-90 стр.
28. Физическая география Республики Казахстан /под. ред. К.М.Джаналиевой – Алматы: Қазақ университеті, 1998. – С.11 -18.
29. Бейсенова А.С. Қазақстанның физикалық географиялық тұрғыдан зерттелуі. 2002 ж. 25 б.
30. Николов Н.И., Гвоздецкий Н.А. Казахстан. Алма – Ата: Наука, 1969. - С. 100-115.
31. Бейсенова А.С. исторической основы географического иследование Казахстана. Алматы; Казтос ИНТИ, 2001г.
32. Бейсенова Ә.С. Қазақстан аумағының физикалық-географиялық тұрғыдан зерттелуі. –Алматы: Мектеп, 1990.79-100 б.
33. Бірмағамбетов А.А. Қазақстанның физикалық географиясы.-Алматы: Рауан, 2004. 16-25 б.
34. Гвоздецкий Н.А., Михайлов Н.И. Физическая география СССР. –
М: Высшая школа, 1986. – С. 250-255.
35. Абдуллин А.А. Геология Казахстана.-Алма-Ата: Наука, 1981. -С.34-45.
36. Беспалов В.Ф. Геологическое строение Казахской ССР.-Алма-Ата: Наука, 1971. - С. 100-115.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
Антропогендік ландшафттардың дамуының алғышарттары

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
І – Тарау. Антропогендік ландшафттардың жалпы сипаттамасы ... ...7
1.1. Антропогендік ландшафтардың пайда болу ерекшеліктері ... ... ... ...7
1.2. Техногендік ландшафтар түсінігінің калыптасуы ... ... ... ... ... ... ...15
1.3. Геокешендердің дамуына техногенез факторларының тигізер әсері...18
1.4. Өндірістік аймақтардың техногендік ландшафтары ... ... ... ... ... ... 22
ІІ - Тарау. Сырдария өзенінің төменгі алабының
ландшафтық жүйесі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
2.1. Агролаңдшафт түсінігінің қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
2.2. Агроландшафтардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
2.3. Бұзылған ландшафтарды қайтадан орнына келтіру
және рекультивация ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 54

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ..67

КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Алғашқы агроландшафтық
кешендердің қалыптасуы осыдан 14 мың жыл бұрынғы кезеңнен — адам баласының
табиғи ресурстарды қажеттілігіне жарата бастағанынан бастау алған. Осы
кезеңнен бастап азық-түліктік мәдени өсімдіктердің дамуы егістікті
жерлерде, яғни ірі өзен аңғарлары мен суарылмайтын, климаты қолайлы тау
етектерінде жүргізілді. Дүние жүзі бойынша ауылшаруашылықтық мақсатта
игерілген агроландшафтар дала зоналарын қамтиды.
Адам баласы табиғи ортада өмір сүріп, оның ресурстарын пайдаланатын
болғандықтан, табиғи ортаға тигізер әсері де алуан түрлі. Сондықтан
ландшафтарды халық шаруашылығының жекелеген салаларында пайдалану
қажеттілігі мен ерекшеліктеріне байланысты туындаған өзгерістер де әрқалай.
Мысалы, биологиялық өнімділікті арттыру үшін егін шаруашылығындағы
агротехникалық шаралар: қышқыл топырақ қабатын ізбестеу, терендете жырту,
суару мен батпақтан құрғату үшін жүргізілетін мелиоративтік жұмыстар,
ауыспалы егістіқ әр түрлі тыңайтқыштарды пайдалану, тау беткейлерін
террасалау, су өткізгіштігі нашар сазды топыраққа құм себу сияқты
шаралардан кейінгі өзгерістер.
Агроландшафтық, яғни егістікті комплекстерде әр түрлі агротехникалық
және мелиоративтік шараларды пайдаланғанда қалыптасатын табиғи-
антропогендік құрылымдар, ізденістердің методикалық негізі мен теориялық
мәселелері көптеген ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады. ТМД елдерінде
агроландшафтық ізденістердің негізін қалап, осы ғылыми бағыттың дамуына көп
үлес қосқан ғалымдар: П.Л.Николаев, К.В.Зворыкин, И.В.Иванов, А.Т.Исаченко
т.б. болca, агроландшафтық ізденістердің ғылыми жүйе ретінде қалыптасуына
зор үлес қосып, оның методологиялық негізін жете тұжырымдағандықтан,
В.А.Николаев ТМД агроландшафт мектебінің негізін қалаған ғалым деп
есептеледі.
"Агроландшафт" термині география мен ауыл шаруашылық ғылыми оқулықтарда
кеңінен қолданылады. Жерді егістік мақсатында пайдалануда жеке топырақ
қабатында ғана емес, бүкіл комплекс шеңберінде өзгеріс болатыны белгілі.
Өйткені егістікті айналымға геологиялық құрылым, жер бедері, жер асты мен
жер беті сулары, климат пен өсімдік жамылғысы да қатысады. Сөйтіп, бір
жағынан территорияның табиғи жағдайы мен табиғи ресурстары, екіншіден ауыл
шаруашылықтық өндірістік комплекс бірбірімен тығыз байлаиыста біртұтас
агроландшафтық жүйе құрайды. Осы агроландшафтық жүйенің экологиялық ортасы
(ядросы) - агроценоз немесе егілетін ауыл шаруашылықтық дакыл.
Агроландшафт термині қазір географиялық және ауылшаруашылықтық ғылыми
әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Күнделікті ғылыми термин ретінде
Агроландшафт үғымының қолданылуы агрономдық және экологиялық-географиялық
ортада егістік ландшафтарының принциптері мен әдістері жете зерттелуімен
байланысты болды.
Егістікті аймақтарда түрлі дақылдарды егу зоналық және азональдық
факторларға байланысты қалыптасқан табиғи кешендердің құрылымына,
жекелеген компоненттердің динамикалық ерекшелігіне тәуелді. Сондықтан
антропогенез әсерінен өзгеріске ұшыраған табиғи кешендердің деңгейі, сандық
және сапалық көрсеткіштері тіпті бір зона шеңберінде әр алуан. Бұл
көрсеткіштерге егін шаруашылығында қолданылатын агротехникалық шаралар мен
тыңайтқыш түрлерінің, егістікті өңдеу әдістерінің де елеулі әсер ететіні
белгілі. Осылайша табиғи кешендер шеңберінде ауыл шаруашылықтық және табиғи
жүйелердің себеп-салдары тығыз байланыты құрылымы мен функңионалдық
қасиеті ерекше табиғи-антропогендік комплекстер — агроландшафтар
қалыптасады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу обьектісі: Сырдария өзенінің төменгі
ағысындағы агроландшафттардың мысалындағы агроландшафттық жүйелер және
олардың хронологиясы.
Дипломдық жұмыстың мақсаты:
- ландшафттар жүйесіне талдау жасау;
- еліміздегі агроландшафттардың қалыптасуының факторларын анықтау;
- агроландшафттардың экологиялық жағдайына баға беру;
- агроландшафттарды жақсарту шараларын ұсыну.
Агроландшафтарды табиғи механизмі, яғни өздігінен қалпына келуі нашар
табиғи-ауыл шаруашылықтық геоэкожүйе деп қарастыруға болады. Өйткені:
1) ұзақ тарихи уақытта дамыған табиғи тұрақты фитоценоздарды бір жылдық
агроценоздармен ауыстыру;
2) бір жылдық агроценоздарда арамшөптер мен ауыл шаруашылығына қауіпті
зиянкестердің пайда болуы;
3) топырақ қабатының механикалық құрамының өзгеруіне байланысты оның эрозия
мен дефляция сияқты процестерге тұрақтылығы нашарлайды;
4) жасанды химиялық тынайтқыштарды енгізу салдарынан топырақ фаунасы
жойылады, жер асты суларының минералдық құрамына әсер етеді;
5) табиғи биогеохимиялық айналым өзгереді;
6) ландшафтардың түрлік құрылымы нашарлайды, морфологиялық бірліктерде
аграрлық кешендер нығая түседі;
7) осылардың салдарынан территорияның шөлденуі, эрозияға
және дефляцияға ұшырауы үдемелі дамиды.
Агроландшафтарды көптеген көрсеткіштері бойынша жіктеуге болады:
• шаруашылықтағы құндылығы бойынша;
• пайда болу мақсатына қарай;
• шығу тегі бойынша;
• өмір сүру ұзақтығы мен қайтып орнына келу деңгейіне қарай.
Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы агроландшафтарды қалпына келтіруде
мынадай әдістер қарастырылады:
• топырақтың құнарлы қабатын орнына келтіру;
• дәнді дақылдан жоғары өнім алу мақсатында улы емес химиялық
тыңайтқыштарды тиімді пайдалана білу;
• ауылшаруашылық өнімдерін өсіру.
Дипломдық жұмысты жазу барысында мынадай зерттеу әдістері қолданылды:
теориялық іздену, алынған мәліметтерді салыстыру, статистикалық талдау
жасау, көрсеткіштердің хронологиялық кестесін жасау және қорытындылау.
Дипломдық жұмыстың негізгі міндеттері:
- ландшафттық жүйелердің бұзылуының алғышарттарын анықтау;
- ландшафттардың экологиялық жүргісіне баға беру;
- Қазақстандағы агроландшафттар түрлерін анықтау;
- Сырдария өзенінің төменгі ағысын мысалға ала отырып,
агроландшафттардың экологиялық-мелиоративтік жүргісін реттеу
мәселелерін қарастыру.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан
және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады.

І – Тарау. Антропогендік ландшафттардың жалпы сипаттамасы
1.1. Антропогендік ландшафтардың пайда болу ерекшеліктері
Адам баласы табиғи ортада өмір сүріп, оның ресурстарын пайдаланатын
болғандықтан, табиғи ортаға тигізер әсері де алуан түрлі. Сондықтан
ландшафтарды халық шаруашылығының жекелеген салаларында пайдалану
қажеттілігі мен ерекшеліктеріне байланысты туындаған өзгерістер де әрқалай.
Мысалы, биологиялық өнімділікті арттыру үшін егін шаруашылығындағы
агротехникалық шаралар: қышқыл топырақ қабатын ізбестеу, терендете жырту,
суару мен батпақтан құрғату үшін жүргізілетін мелиоративтік жұмыстар,
ауыспалы егістіқ әр түрлі тыңайтқыштарды пайдалану, тау беткейлерін
террасалау, су өткізгіштігі нашар сазды топыраққа құм себу сияқты
шаралардан кейінгі өзгерістер.
Адамның табиғи ортаға әсер ету формасы әр түрлі болғанымен,
әрқайсысының қарқындылығы мен масштабы бірдей емес. Мысалы, құрылыс
жұмыстары мен қазба байлықтарды өндіру аз территорияны қамтығанымен, табиғи
ортаны өзгертуі күрделі — бүкіл комплексте түбірімен өзгерістер туындатады.
Келесі бір формасы, мысалы, ауыл және орман шаруашылығында үлкен аймақты
қамтығанымен, ландшафтардың өзгеру деңгейі мардымсыз.
Кез келген территорияны пайдалану мен осының салдарынан сол аймақта
антропогендік ландшафт типтерінің қалыптасуы, ең алдымен, табиғи жағдайға
байланысты. Құрлықтардағы қара топырақты жазықтардың суарылмайтыны
секліді, қоңыр топырақты құрғақ далалардың суармалы, ал құрғақ дала мен
шөлейт зоналарының жайылымдық антропогендік ландшафт типінде пайдалануы
тектен-тек емес.
Ф.Н.Мильков (1978) және басқа біршама ғалымдардың түсінігі бойынша, жер
бетінде алғашқы жаратылысын сол табиғи күйінде сақтаған ландшафтар қалған
жоқ, олардың басым көпшілігі антропогендік ландшафтар модификациясымен
ауысқан. Құрамы қаншама өзгеріске ұшыраса да, антропогендік ландшафтар
табиғи зандылықтарға бағынады, яғни тікелей табиғи процестердің әсерінде
дамиды. Сондықтан адам баласы табиғи зандылықтарды ауыстыра алмайды:
тундра, шөл, таулар мен жазықтардың дамуындағы негізгі табиғи
айырмашылықтарды жоққа шығара алмайды. Мысалы, тайгадағы егістіктер тайга
зонасының, ал шөл зонасындағы оазиссер зоналық заңдылықтар барда осы
зонаның бір бөлігі болып қалады. Өйткені, адам баласы күн радиациясын,
атмосфера циркуляциясын және тектоникалық қозғалыстарды басқаруды
меңгермейінше, зоналық зандылықтарды басқару мүмкін емес.
Жекелеген компоненттерді: өсімдіктерді, су режимін қайта құру —
"антропогендік ландшафтар" пайда болды дегенмен бірдей емес. Өйткені,
біріншіден, тіпті ірі қоныстық антропогендік ландшафтар модификациясындағы
қатты өзгеріске ұшыраған компоненттердегі (геологиялық фундамент,
макрорельеф) табиғи ландшафтардың құрылысы мен дамуы табиғи заңдылықтардың
ағымымен болады. Екіншіден, адам ландшафтардың жаңа компоненттерін жасаған
жоқ, тек соған жаңа элементтер енгізді: өсімдіктердің жаңа түрлерін,
каналдар, су қоймалары, карьерлер мен террикондарды қалыптастырды. Оның
ішінде "жасанды элементтер" — инженерлік құрылыстар, тұрғын үйлер, әр түрлі
транспорттық жолдар; табиғи — адам әсерінен бір жерден екінші жерге орын
ауыстыруы: өсімдіктер мен жануарлар акклиматизациясы. Дегенмен, кез келген
жасанды элемент табиғат заңының, оның процестерінің әсеріне ұшырайды.
Мысалы, су қоймаларының тау жыныстарымен толуы, уақыт өте келе біртіндеп
өсімдік түрлерінің қалыптасуы т.б. "Жаңа", адам әсерінен пайда болған
элементтердің "байырғы" элементтерден айырмашылығы олардың тұрақсыздығы.
Геожүйелерді қайта құру үшін немесе оның орнына "жаңасын" қалыптастыру
үшін тұрақтылығы басқаша ішкі және сыртқы байланыстар жүйесін құру керек.
Геожүйелерге әрекет етудің (кенеттен және әдейілеп белгілі бір мақсатпен)
екі тобын ажыратады: фундамент пен ауа массалары; екіншісі қалған
компоненттер. Геожүйелердің құрылысындағы көптеген өзгерістерге бірінші
топтағы компоненттерді өзгерту арқылы жетуге болады, өйткені олар арқылы
геожүйеге зат пен энергия келеді. Өзгеріс болған жағдайда фундамент пен
рельеф кайтып орнына келмейді, яғни олармен байланысты басқа компоненттер
де қайтымсыз өзгеріске ұшырайды. Мысалы, рельеф пішінінің өзгеруінен
гравитациялық тепе-теңдік өзгереді, орнына келмейді. т.с.с.
Ландшафт немесе геожүйе деңгейінде екінші топтағы компоненттер көп
өзгеріске ұшырайды, олар: биота, топырақ жамылғысы мен жануарлар дүниесі.
Дегенмен, биотикалық компоненттердің өздігінен қайтып орнына келу
мүмкіншілігі жоғары. Ландшафтардағы бір элементті екіншісімен ауыстыру:
жаңа өсімдік түрлерін отырғызу немесе басқа аймақтардан жаңа жануарларды
қоныстандыру нәтижесінде зат алмасу мен топырақ түзілу процестері өзгереді,
бірақ түпкілікті өзгеріс болмайды.
Қазіргі кезде жер беті табиғи ландшафтарының 85%-ға жуығы қатты
өзгеріске ұшыраған. Бұл ең алдымен орманды алқаптардың ауданының азаюынан
көрінеді: Антарктиданы қоспағанда бүкіл дүние жүзі жер бетінің 25
пайызын ғана орманды алқаптар алып жатыр. Демеқ орманды алқаптарды халық
шаруашылығының әр түрлі саласында пайдалану салдарынан оның түрлік
құрамы мен сапалық ерекшеліктері нашарлайды. Мысалы, тропиктік ылғалды
ормандардың ауданы соңғы 10 жыл ішінде 55,3 пайызға дейін азайған. Егер де
осындай қарқындылық сақталса, онда тропиктік ормандар 85 жылдан соң жер
бетінен мүддем жойылуы мүмкін.
Халық шаруашылығының әсерінен өзгерген ландшафтардың ауданы
географиялық белдеулер мен жекелеген құрлықтар бойынша бірдей емес.
Климаттың ритмикалық мезгілдік ауытқуы айқын байқалатын қоңыржай,
субтропиктік және субэкваторлық белдеулер халық шаруашылығының салалары
үшін өте қолайлы. Осы белдеулерде жер бетіндегі халықтың басым
көпшілігі тұратындықтан, тығыздық өте жоғары. Мүнда халық шаруашылығына
қолайлы жердің 15-і егістікке жыртылған, 14-ін жайылымдар мен шалғындар,
ал 13-іне жуығын орманды алқаптар алып жатыр. Қоңыржай және субтропиктік
белдеулерде экономикалық деңгейі жоғары дамыған елдер жиі қоныстанғандықтан
өнеркәсіп пен тау-кен өндірісінің, ірі қала агломерацияларының үлес салмағы
жоғары. АҚШ, Герман Федеративтік Республикасы, Англия, Жапония сияқты ірі
өнеркәсіп тораптарында игерілуге тиімді жердің жартысынан көбінде құрылыс
объектілері орналасқан.
Жылу мен ылғал ресурстары мол экватор белдеуінде орман кешендері жаксы
дамыған. Егістік мақсатында жыртылған жердің үлес салмағы төмен, өйткені
фотосинтез қарқындылығы нашар, биогендік компоненттердің дамуына кедергі
болатын жоғарғы температураның басым болуы, кесілген орман алқаптарында
тропиктік топырақ қабаты құнарлылығының аз уақытта жойылуы нәтижесінде егін
шаруашылығынан жоғарғы өнімділік алу мумкін емес. Өсімдіктен алынатын
биологиялық өнімділік төмен және малға азық ретінде пайдаланылатын шөпте
протеин мөлшері малдың өсіп-өнуіне жеткілікті болмағандықтан, мал
шаруашылығын дамыту да тиімді емес. Экваторлық белдеудегі жайылымдық жердің
көлемі 12 пайызға жуық. Климаты адам денсаулығы үшін қолайсыз, ылғалы артық
батпақтар мен ойыстар басым, минералды ресурстардың игерілуі нашар және
әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен болғандықтан, өнеркәсіп пен
қоныстық антропогендік ландшафтардың қамтыған ауданы белдеудің 1 пайызына
тең.
Шөл зонасы тропиктік белдеудің көп бөлігін қамтиды: құрғақ және ыстық.
Мал шаруашылығында жайылым, ирригация мүмкін территорияда суармалы егістік
дамыған.
Субарктикалық, субантарктикалық және арктикалық белдеулер де халық
шаруашылығында нашар игерілген. Егін шаруашылығы үшін қолданылудағы негізгі
кедергі: төменгі температура, вегетациялық кезеңнің аз уақытқа созылуы,
топырақ қабатында мәңгі тоңның кездесуі, сонымен қатар, табиғи
ландшафтардың тұрақсыздығы. Сондықтан ландшафтар мал шаруашылығы үшін
табиғи жайылым және жабайы андардың қоныстану орны ретінде қолданылуы ең
тиімді жол деп есептеледі.
Құрлықтардың физгеографиялық ерекшелігі мен оны мекендеген ұлттардың
әдет-ғұрпына байланысты жерді пайдалануда да айырмашылықтар байқалады.
Осыған байланысты антропогендік ландшафтар модификациясы да алуан түрлі.
Жыртылған жердің, яғни агроландшафтардың ауданы бойынша бірінші орында
Еуропа елдері - 32%, Батыс Еуропада Бұл көрсеткіш одан да жоғары - 40%.
Әсіресе қоңыржай белдеудің жалпақ жапырақты ормандары мен субтропик
белдеуінің мәңгі жасыл ормандарын бау-бақша, егстік плантацияларымен
алмастыру салдарынан осы территориялардың табиғи кешендері көп зардап
шеккен.
Азияда жыртылған жерлердің ірі екі ареалын ажыратады: Солтүстік
Қазақстан мен Оңтүстік Сібірдің тың және тыңайған жерлері, Индия мен
Қытайға дейін созылып жатқан муссонды Азияның жазықтары мен ойпаттары.
Индияда бүкіл территорияның жартысынан астамы жыртылған, сондықтан табиғи
кешендердің өзгеру деңгейі жоғары - кейбір аймақтарда 99%-ға дейін.
Тропиктік Азияның агроландшафтары түрлік сипаты бойынша мәдени
саваннаға ұқсас - шөптесінді өсімдіктер мәдени бау-бақша мен егістіктермен,
ал қонысты антропогендік ландшафтар маңындағы орман ағаштары жеміс-жидекті
мәдени ағаштармен ауысқан. Бұл ландшафтарға күріш монокультурасы (бір жерге
бір дақылды ауыстырмай еге беру), бір қоныс пен екіншісінің жалғасып жатуы
немесе олардың арасындағы кеңістікте егістікті жерлердің орналасуы, яғни
шаруашылықта жоғары деңгейде пайдалануы тән.
Азиялық бөлік пен Таяу Шығыстың құрғақ территорияларында егін
шаруашылығы ерте заманнан бері ирригацияға негізделген. Муссонды Азиямен
салыстырғанда ірі кеңістікті қамтымайды. Олар арал немесе кішігірім дақ
тәрізді сумен жақсы қамтамасыз етілген жерлерге жақын орналасқан. Бұл
аймақтың Кіші Азиядан Моңғол жеріне дейінгі кеңістігін жайылымдық
антропогендік кешендер алып жатыр.
Азия сияқты Африканың да құрғақ аудандарында антропогендік
ландшафтардың қалыптасуы мен дамуы территорияны жайылымдық мақсатта
пайдалану арқылы іске асады. Африка құрлығының басым бөлігінде тарихи
қалыптасқан әдет-ғұрыпқа және отаршылдық мұраға байланысты экстенсивті
егістік осы уақытқа дейін жоқ деуге де болады. Жерді кетпенмен өндеу басым,
сондықтан ауыспалы ылғалды зоналарда егістік ландшафтары арал іспетті
тараған.
Африканың қазіргі ландшафт құрылымының территория бойынша орналасуына
цеце шыбынының әсері едәуір: алдымен су айрықтық жазықтар өнделген, ал цеце
щыбыны мекендейтін аңғарларда ит тұмсығы өтпейтін ылғалды ормандар
сақталған, ал Азиялық бөлікте керісінше өзен аңғарлары егістікте
экстенсивті пайдаланылады. Сонымен қатар, агроландшафтар Африка мен
Эфиопияның солтүстік және оңтүстік шеткі аймақтарында орналасқан.
Солтүстік Американың қазіргі ландшафтары Еуропаның ландшафтарына ұқсас.
АҚШ-тың және Оңтүстік Канаданың жазықтары жақсы игерілген. Мысалы,
прерия зонасының 80%-ы, жалпақ жапырақты ормандардың 60%-ы егін
шаруашылығында пайдаланылады. Тұтас ареал құратын агроландшафтарда
монокультуралық дақылдар егіледі. Бірақ соңғы кезде рекреациялық және
қоныстық кешендердің көлемінің ұлғаюына байланысты агроландшафтар
ауданының азаюы байқалып отыр.
Басқа құрлықтармен салыстырғанда Оңтүстік Америкадағы орман
алқаптарының 50%-ы сақталған, жыртылған жердің көлемі оның ауданының 10%-
на, ал жайылымдар 20%-на тең.
Австралия құрлығы ландшафтарының қарқынды өзгеріске ұшырауы осыдан
200 жыл бұрын басталған, қазір игерілмеген жердің көлемі оның жалпы
ауданының 25% - бұл құрлықтың орталығында орналасқан құмды және
тасты-құмды массивтер мен солтүстігіндегі ылғалды ормандар.
Шаруашылықта игерілген территорияның 35%-ы егістік пен бау-бақша, 56%-ы
ормандар, қалғаны жайылымдық, жердің үлесіне тиеді. Австралияның
жайылымдық ландшафтары алуан түрлі. Табиғи жайылымдармен қатар шөлейт және
сирек орман зонасында жасанды жайылым кеңінен өpic алған. Жасанды
жайылымдарда әр түрлі мелиоративтік және агротехникалық шараларды жүргізу
жақсы жолға қойылған: жер жырту, суару, тыңайтқыштар енгізу мен өнімділігі
мол шөптер егу т.б.
Жер ресурстарын халық шаруашылығының жекелеген салаларында пайдалану
динамикалық ауытқымалы, сондықтан антропогендік ландшафтар модификациясы
үнемі өзгеріп, түрленіп отырады. Оның айғағы - антропогендік кешендер
туралы мәліметтердің жыл өткен сайын ескіріп, яғни жаңа сапалық және сандық
көрсеткіштермен толығып отыруы. Бірақ негізгі бағыт-шаруашылықтағы жер
көлемінің үнемі көбеюі.
Жерді игеруде жіберілген қателер мен тиімсіз пайдалану шаруашылықтық
айналымнан шығып қалған жерлердің артуына әкеп отыр. Олар: бедлендтер,
антропогендік кратер. карьерлер, тұзданған және батпақтанған территориялар,
жылжымалы құмдар мен өнеркәсіп-тұрмыстық қалдықтар жиналатын аймақтар.
Сонымен қатар, кейбір елдерде жел мен су эрозиясына, қайтадан тұздануға
ұшыраған жердің көлемі игерілген жердің ауданынан да артық екені белгілі.
Қазіргі күні жер қорын пайдаланудағы өзгерістің нақтылы бағыты
анықталған - ірі қалалар мен тау-кен өнеркәсібі көлемінің артуына
байланысты егіншіліқ жайылымдық және орман алқаптарының ауданы кемуде.
Бірақ экономикалық жоғары дамыған, урбандалу денгейі жоғары елдерде
рекреациялық мақсатта қолданылатын жер көлемі жыл өткен сайын артуда.
Сондықтан жер бетінде жыл сайын орман алқаптарының көлемі кеміп отыр.
Сонымен, қоғамның дамуында ғылыми-техникалық революцияның қазіргі
жетістіктеріне, халық санының өсуінен табиғи ортада антропогендік салмақ
артып, табиғи кешендер сандық және сапалық өзгерістерге ұшырайды. Ол —
өсімдік топтарындағы түрлік өзгерістер, топырақ қабатындағы ластану,
құнарлықтың төмендеуі, эрозиялық шайылулар, химиялық элементтердің қарым-
қатынасындағы ауытқулар, ластаушы ингредиенттердің жиналуы т.б. Осындай
алуан түрлі көрсеткіштер антропогендік ландшафтар модификациясының өмір
сүру ұзақтығына, территорияның игерілу деңгейі мен оның қарқындылығына
тікелей байланысты. Антропогендік әсерден геожүйелердің табиғи тұрақтылығы,
экологиялық сыйымдылығы нашарлап, өздігінен тазару деңгейі төмендейді.
Сөйтіп табиғи кешендер қоғам мұқтажын қанағаттандыратын мәдени
ландшафтармен ауысады.
Мәдени ландшафтарға екі қасиет тән:
1) жоғарғы өнімділік пен экономикалық тиімділік;
2) адамның рухани дамуына, оның денсаулығын, өмірін жақсартуға қолайлы
табиғи ортаны сактау.
Соңғы уақытқа дейін бұл көрсеткіштер бірге сирек қолданылып келді, ал
аз уақыттық экономикалық тиімділікті орнату ортаның нашарлауына әкеліп
соқты. Мәдени ландшафтарға қойылатын негізгі шарт - биологиялық
ресурстардың жоғарғы өнімділігіне жету, оның эстетикалық сапасы мен
санитарлық-гигиеналық жағдайын жақсарту. Ыңғайына қарай мәдени ландшафтарда
табиғи және техногендік қолайсыз жағдайларды: топырақ қабатындағы су, жел
эрозиясын, шайылуды, батпақтануды, өзен, көл суларының тартылуы мен
қалдықты химиялық элементтермен ластануын болдырмауға тырысу қажет. Бұл
шаралардың барлығы табиғи ресурстарды тиімді пайдаланумен тығыз
байланысты және өндіріс технологиясын жоғары сатыда дамытуға ықпал етеді.
Соңғы жұмысты жақсарту тікелей география мамандарының жұмысы емес, бірақ
оларға жүктелетін жұмыс — мәдени ландшафтар қалыптасуындағы ғылыми
стратегияны нақтылы өңдей білу. Өйткені тек ландшафтану мамандары ғана
кешендердін қазіргі құрылымына, даму ерекшелігіне сүйене отырып әрбір
жекелеген комплекске сай келетін жақсарту шараларын қолдана біледі.
Дегенмен, әрқашан ландшафтардың табиғи даму тенденциясы қоғам мүддесіне
сәйкес келмейді, сондықтан кейбір жағдайларда тұрақты тепе-теңдікті бұзып
жасанды жаңа модификацияларды құруға тура келеді.
Ландшафтарда жақсартудың үш негізгі бағытын ажыратады:
1) әр түрлі мелиоративтік әдістерді пайдалану;
2) оларды "күту, бағу". Олар: орман ағаштарында санитарлық
кесулер, өртке қарсы шаралар қолдану, шаруашылықта пайдалану нормаларын
қатаң сақтау;
3) ішкі күштерден пайда болған қалпын сақтауға тырысу.
Егер мәдени ландшафт шаруашылықта дұрыс қолданылмаған территорияларда
құруға жоспарланса, онда осыған сәйкес "емдеу" шараларын қолдану қажет.
Мысалы, кесілген немесе өртке ұшыраған орманды алқаптарға қайтадан ағаш
егу, карьерлерде рекультивация жұмыстарын жүргізу.

1.2. Техногендік ландшафтар түсінігінің калыптасуы
Академик А.Е.Ферсман 30-жылдары техногенез терминін (адамның техникалық
іс-әрекеті, инженерліқ химиялық, ауылшаруашылықтық, тау-кен техникалық
процестер нәтижесінде қалыптасқан геохимиялық және минералогиялық
процестердің жиынтығы деп қарастырған. Кейіннен техногенез терминінің толық
анықтамасы беріліп, оны адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераның, жер
қыртысыаың қайта құрылу процесі деп атаған. Ландшафтарға әсер етуші
техногендік процестерді ғылыми тұрғыдан зерттеу геотехникалық жүйелер
концепциясы пайда болғаннан кейін қарқынды бағыт алды. Дегенмен, жақын
араға дейін табиғи ортаның ластануын зерттеу салалық бағытта болды: бір
немесе бірнеше компонентке әсер етуші факторларды, мысалы, жер беті ағын
суларына, ауа қабатына, өсімдіктің физиологиялық және биохимиялық өзгеруіне
т.б. әсер ететін факторларды анықтау. Қазіргі уақытта біртіндеп комплексті
бағыт алуда.
Дегенмен, әлі де болса ландшафтарға әсер етуші техногендік процестерге
комплекстік физгеографиялық талдау жасауға арналған еңбектер жеткіліксіз.
Т.В.Звонкованын басқаруымен Курск магнитті аномалиясы аймағында темір
рудасын өңдейтін өнеркәсіптің табиғи ортаға әсер ету ерекшелігі зерттелген.
Қиыр Шығыста тау-кен өнеркәсібінің ортаға тигізер әсері мен табиғи
комплекстердің даму тенденциясын болжау Ю.Г.Симонованың жетекшілігімен
өткізілді. Ф.Н.Мильков басқарған Воронеж университеті ғалымдарының
еңбектері антропогендік ландшафтар модификациясын картаға түсіру мен оны
жіктеуге бағытталған. Жартылай стационарлық ізденістер нәтижесінде топырақ
қабатыньң биологиялық, физикалық және химиялық процестерінің, ортаның
геохимиялық жағдайының мұнай мен көмір өндіргенде өзгеруіне
Н.П.Солнцеваның, К.Н.Дьяконовтың т.б. еңбектері арналған. Ландшафтардың
жекелеген компоненттерінің жылу электростанцияларының әсерінен өзгеру
механизмі мен өсімдік жамылғысының динамикалық трансформация деңгейі,
осыған байланысты ландшафтық-геохимиялық көрсеткіштердің эволюциясы
В.Г.Волкова мен Н.Д.Давыдованың еңбектерінде қарастырылды.
Қазақстан территориясы бойынша геожүйелердің табиғи даму тенденциясына
техногенез факторларының әсер ету ерекшелігі мен оның салдарына талдау
жасап, табиғи ландшафтарды тиімді пайдалану мен оның экологиялық ахуалын
жақсарту шараларына арналған ғылыми, комплекстік еңбектер жоқтың қасы.
А.И.Перельманның антропогендік ландшафтарды белгілі бір жүйеге
келтіруде пайдаланған геохимиялық принңипі материяның қозғалыс формасына
негізделді және ландшафтардың дамуын төмендегідей кезеңдерге жіктеді:
абиогенді (тек механикалық және физикалық-химиялық миграция), биогендік
(биологиялық миграция қосылады), техногендік (техногендік миграция
қосылады). Біздің түсінігімізше, техногендік комплекстердің пайда болуы, ең
алдымен, техногендік заттардың шоғырлану қарқындылығына, яғни техногендік
миграция көлеміне байланысты; кейіннен ландшафт шеңберіндегі техногендік
заттардың миграциялық сипаты зоналық және региональдық факторларға, әсіресе
техногендіқ механикалық және биологиялық миграциялардың қарқындылығының
қарым-қатынасына тікелей байланысты.
Техногенез қалдықтарының шоғырлану қарқындылығы заттардың миграциялық
ерекшеліктеріне, миграция турлерінің қарым-қатынасына да бағынышты. Егер
техногендік зат ағыны табиғи зат ағынынан басым болса, онда геожүйелерде
техногендік қалдықтардың шоғырлануы күрт өседі, сөйтіп геохимиялық
аномальды аймақтар қалыптасады.
Топырақ қабатындағы аномальды аймақтардың қалыптасу ерекшелігі мен оны
зерттеуге арналған салалық ізденістер Докучаев атындағы топырақтану
институтының, Мәскеу мемлекеттік университетінің топырақтану факультетінің,
Қиыр Шығыс ғылыми география институтының және Қазақстан Республикасының
топырақтану ғылыми институтының ғалымдарының еңбектерінен көрініс тапты.
ЮНЕСКО-ның "Адам және биосфера" жобасы бойынша әp түрлі бағыттағы
мониторингтер: биосфералық, геохимиялық,, экологиялық және ландшафтарды
ұйымдастыру қарастырылған. Мониторингті ұйымдастырудың методологиялық
негізі әлі толығымен, бірыңғай шешімін таппады. Өйткені территорияны тандап
алғанда территорияның ландшафтық-географиялық ерекшелігі есепке алынбай,
ізденіс өткізілетін аймақтың шекарасы ғылыми дұрыс анықталмайды.
Территорияның ландшафтық құрылым ерекшелігін есепке алмау ғылыми
нәтижелерді қате түсіндіруге, талдауға негіз болды. Мысалы, өнеркәсіп
қалдықтары бірдей түскеннің өзінде ландшафтардағы техногендік өзгеру
зонасының пішіні рельефтің тілімденуіне байланысты өзгермелі екені айқын.
Ландшафтың морфологиялық құрылымында беткейлік тау комплекстері басым
болса, оған әсер етуші техногендік фактордың ролі жазық ландшафтарымен
салыстырғанда жоғары. Табиғи комплекстердің өзгеру деңгейі территорияның
ландшафтық фонын көрсететін болғандықтан, техногендік фактордың және табиғи
процестердің нәтижесінде пайда болған өзгерістерді бөліп қарастыру керек.
Кез келген мониторинг біртұтас табиғи құрылым — ландшафт шеңберінде
өткізілгені дұрыс. Сондықтан бақылау жүргізілетін территорияда алдымен
ландшафтық съемка өткізілу кереқ ал бақылау параметрлері откізілетін
мониторингтің мақсатына байланысты өзгеріп отырады. Салалық мониторинг
нәтижелері бір-бірімен сәйкес келмейді және территорияның табиғи ерекшелігі
туралы толық мәлімет бермейтіндіктен, экологиялық нормалауға негіз бола
алмайды.
Табиғи комплекстердін техногендік ластану деңгейін анықтауда
қолданылатын негізгі әдіс — ландшафтық индикацция. Территорияның ландшафтық
құрылымы да өздігінен табиғи орта индикаторы болып табылады, ал оның
вөртикальдық және горизонтальдық құрылымының өзгеруі техногендік ластану
қарқындылығын көрсетеді. Ландшафтық индикацияның маңызы оның морфологиялық
құрылымына карай ластану деңгейіне баға беру, анықтау. Әсіресе
ландшафтардың биотикалық компонентінің өзгеру деңгейін айқын анықтауға
болады. Сондықтан техногендік стационарлар ұйымдастырғанда ғылыми
ізденістерге ландшафтық және ландшафтық-геохимиялық бағыт беру қажет.
Осының нәтижесінде ландшафтардың техногендік салмағын, ондағы техногендік
зат ағынын реттеуге және экологиялық норманы анықтауға мүмкіншілік туады.
Әр түрлі табиғи зоналарда қалыптасқан біртұтас табиғи құрылымдар —
ландшафтардың техногендік салмаққа жауап қайтару ерекшелігін есепке ала
отырып, олардың техногендіқ әсерге салыстырмалы тұрақтылығын анықтайды.
Біртұтас табиғи бірлік ретінде ландшафтардың техногендік факторға жауап
қайтаруы мен тұрақтылығы техногендік әсер түріне және қандай табиғи
зонада орналасқанына байланысты. Техногендік әсерде дамып отырған
ландшафтардың бұзылу, нашарлау деңгейін жалпы ландшафт құрылымының немесе
оның жекелеген компоненттерінің өзгеруіне қарай анықтайды. Мұндай жағдайда
өзгерістер техногендік модификациялардың пайда болуынан немесе комплекстің
түбірімен өзгеруінен байқалады. Егер компоненттердің техногендік өзгеруі
оның бір инвариант шеңберіндегі табиғи өзгерісінен аспаса, онда
техногендік ландшафтар модификациялары пайда болады. Жетекші компонеттердің
техногендік өзгеруі оның табиғи даму тенденциясынан басым болғанда,
ландшафтың құрылымының түрлігі өзгергенде техногендік құрылымдар -
техногеомалар - табиғи-техногендік жүйелердің құрамдас бірлігі пайда
болады. Сонымен, техногендік фактордың әсері ландшафтардың құрылымының
нашарлауынан, техногенез модификацияларының пайда болуынан және ондағы
жекелеген компоненттер мен элементтердің трансформацияға ұшырауынан көрініс
табады.

1.3. Геокешендердің дамуына техногенез факторларының тигізер әсері
Ландшафтарға техногенез факторларының тигізер әсерін анықтау
геотехникалық жүйелер концепциясы пайда болған соң қарқындап дами бастады.
Табиғи комплекстер табиғи-техникалық жүйелер құрамында техникалық
элементтердің тікелей әсер етуі нәтижесінде өзгереді. Табиғи комплекстер
мен өнеркәсіп объектілері арасындағы байланыс табиғи, табиғи-техникалық
және техникалық жүйелер арқылы іске асады. Мұндай жағдайда табиғи
элементтердің құрылымы өзгереді, өйткені табиғи элементтер толығымен
немесе жекелеген компоненттері жасанды түрлермен ауысады. Табиғи процестер
бәсендейді немесе керісінше үдейді.
Техногенез қалдықтары әр түрлі болғандықтан. табиғи ортадағы ыдырауы
олардың шығу тегіне және ортаның ландшафтық-геохимиялық ерекшелігіне
байланысты. Өйткені техногенез қалдықтары ортада ұзақ уақыт сақталады,
сөйтіп сандық мөлшері өсіп, табиғи жүйенің тұрақтылығынан артып кетеді.
Мұндай жағдайда олар биологиялық айналымға қатысып, тірі организмдерге
зиянды әсер тигізеді. Келесі жағдайда сандық жағынан да сапалық жағынан да
бірдей техногендік қалдықтар табиғи геохимиялық процестер нәтижесінде тез
өңделіп, улы қасиеті жойылып, үлкен аймаққа таралады. Ал кейбір жағдайда
бастапқыда қозғалмалы болған техногендік қалдықтар белгілі бір ландшафтық-
геохимиялық тосқауылдарда тұрақты инертті формаға ауысады да, миграциялық
ағын шеңберінен шығып қалады, яғни биологиялық айналымға қатыспайды. Мұндай
жағдайда табиғи ландшафт техногенез қалдығынан тез тазарады, тұрақтылығы
артады. Яғни, техногенез қалдықтарының ыдырау немесе шоғырлану, озгеру мен
айналымға қатысу қасиеті ландшафтық-геохимиялық жағдайдың табиғатына
байланысты.
Құрлықтар мен мұхиттардағы табиғи ландшафтық-геохимиялық жүйелердің
(ЛГЖ) жиынтығын құрылымы мен даму ерекшелігіне қарай бірнеше болжамалы
топтарға жіктейді. Болжаудағы негізгі мақсат - техногенез заттарының тірі
организмге тигізер әсерінің деңгейін анықтау. Кез келген типке жататын
ландшафтық-геохимиялық жүйелер мына көрсеткіштер бойынша ұқсас болу керек:
• геохимиялық тұрақтылық деңгейі, яғни геохимиялық процестердің
өздігінен орнына келуі мен техногенез қалдығынан тазаруы;
• егер техногенез қалдықтары нормадан артық болса, онда техногендік
геохимиялық ауытқулар (аномалиялар) және олармен байланысты
топырақ пен өсімдік жамылғысындағы, жер асты, жер беті
суларындағы, биоценоздар өнімділігіндегі өзгерістер ұқсас болу
керек.
Технобиогеомалар белгілі бір географиялық заңдылыққа бағынады,
сондықтан да оларды картаға түсіріп, ландшафтық-географиялық аудандастыруға
мүмкіншілік бар.
Технобиогеомалардың геохимиялық тұрақтылығын анықтайтын табиғи
факторлар бойынша топтастырғанда есепке алынатын көрсеткіштер:
a) атмосферадағы, топырақ жамылғысы мен су көздеріндегі минералдық және
органикалық заттардың химиялық өзгеру жылдамдығы;
б) геохимиялық тоскауыл түрлеріне байланысты заттардың химиялық айналу
жылдамдығы;
в) техногенез қалдықтарының ЛГЖ шеңберінен шығу жылдамдығы;
г) олардың жер беті, жер асты суларымен және ауа ағынымен таралу
ерекшелігі.
Кез-келген химиялық айналым жылдамдығы ЛГЖ шеңберіне келіп түсетін
энергия шамасына байланысты. Сондықтан химиялық процестердің жылдамдығын
есепке алуда төмендегідей орташа жылдық көрсеткіштер ескерілу керек:
1) күннің жиынтық радиациясы мен оң температураның жиынтық мөлшері;
2) ультракүлгін радиация мөлшері;
3) фотосинтез кезінде ассимиляцияланған және жыл ішінде өсімдік
шіріндісі арқылы топыраққа жиналған энергия мөлшері (биохимиялық
процестердің энергия көзі);
4) найзағайлы күндердің саны.
Геохимиялық, тосқауыл түрлеріне байланысты есепке алынатын
көрсеткіштер: 1) топырақ жамылғысы мен су көздеріндегі қышқылды-сілтілі
және тотығу мен қалпына келу процестері;
2) өзен сулары мен көлдердегі органикалық заттың шамасы; металдардың
еруі мен миграциялық ерекшелігін анықтайтын фактор — органикалық зат
мөлшері; 3) жылдық жауын-шашын мөлшері мен булану;
4) булану барьерлері мен булану нәтижесінде жиналған элементтердің
көрсеткіші — тұзды топырақ жамылғысы мен тұзды көлдердің таралуы.
ЛГЖ шеңберінде жиналған заттардың ыдырау және шығу жылдамдығы әртүрлі
факторларға байланысты олар:
1) жылдық өзен ағынының жиынтық шамасы;
2) әр түрлі жылдамдықтағы желдің жылдық орташа көрсеткіші, әсіресе
(штиль) тымық ауа шамасы;
3) мәңгі тоңдардың температурасы төмен болғандықтан, олар механикалық
және термодинамикалық тосқауыл болады. Сондықтан мәңгі тоңдардың бар-
жоқтығы есепке алынады.
Сонымен, табиғи жүйелердің тұрақтылығын анықтайтын факторларды 3 топқа
топтастыруға болады:
1. Техногенез қалдықтарының ЛГЖ шеңберінен шығуы мен ыдырау қарқындылығын
анықтайтын факторлар:
• атмосфера қабатынан техногенез қалдықтарының шығуы мен ыдырауын
анықтайтын көрсеткіштер:
• жауын-шашын мөлшері (жыл мезгілдері бойынша).
• жел жылдамдығы (жыл мезгілдері бойынша).
• су ағыны (жыл мезгілдері бойынша).
• жауын-шашын мен буланудың қарым-қатынасы.
• Топырақ жамылғысы мен ағын сулардан техногенез заттарынын шығуы мен
миграция жылдамдығын анықтайтын көрсеткіштер:
• аймақтың (территорияның) географиялық орны.
• топырақ жамылғысының механикалық құрамы.
2. Техногенез заттарының метаболизм қарқындылығын анықтайтын факторлар:
• заттардың ыдырауындағы энергия көрсеткіштері :
• күн радиациясының жиынтығы, кДжжылына;
• нөл градустан жоғары температура жиынтығы;
• ультракүлгін радиация мөлшері;
• жыл бойғы нажағайлы күндердің саны;
• органикалық заттардың ыдырау жылдамдығы;
• фотохимиялық реакция қарқындылығы.
3. Техногенез қалдықтарының немесе олардың метаболиттерінің ландшафтарда
жиналу қарқындылығын анықтайтын факторлар: Топырақ жамылғысында техногенез
заттарының жииалу к.арк.ьшдылығын анықтайтын көрсеткіштер:
• қышқылды-сілтілі реакция;
• тотығу мен қайтып орнына келу;
• шірінді мөлшері;
• геохимиялық орта сипаты (ашық, жабық т.б.).
• геохимиялық тосқауыл;
• топырақтың минералдық құрамы;
• техногендік айналымға қатысушы алғашқы элементтердің мөлшері.
Атмосфера ағынынан техногенез қалдықтарының шығуын анықтайтын
көрсеткіштер:
• жыл бойғы тұманды күндердің сандық шамасы, оның ұзақтығы;
• жыл ішіндегі тымық күннің ұзақтығы мен сандық шамасы.

1.4. Өндірістік аймақтардың техногендік ландшафтары
Қазіргі индустриалдық қоғамда минералдық ресурстарды пайдаланудың
негізгі ерекшелігі - жоғары деңгейде пайдалы қазбалардың өндірілуі. Өткен
ғасырдың 90-жылдарына қарай әлем халқының саны 2,5 есе өсті, ал пайдалы
қазбалардың жыл сайын өндірілуі 12 еседен астам көбейді. 2000 жылы металл,
химиялық, энергетикалық және басқа да шикізат өнімдерінің өнделуі 3 есеге
артты. Соның ішінде тез дамыған - энергетикалық ресурстар. Мысалы, 1940-
1990 жылдар арасында мұнай өндіру (газ конденсатын қоса есептегенде) 20
есе, газ - 227 есе, көмір - 4,5 есе, темір рудасы - 8, сонымен қатар түрлі-
түсті металдар, асыл тастар мен химиялық шикізатты пайдалану да артты.
Егер де пайдалы қазбаларды өңдеу деңгейі мен көлемін салыстырсақ, онда
келесідей қорытындыға келеміз:
• біріншіден, барлық пайдалы қазбалардың жоғары деңгейде өндірілуі
шаруашылық пен халыққа қажетті өндіріс өнімдерінің бірте-бірте
дамуын қамтамасыз етті;
• екіншіден, пайдалы қазбаларды өндіру масштабының өсуі оның
қорының азаюымен, жаңа кен орындарының сапасының төмендеуімен,
тіпті кейбір аймақтарда азаюымен, техникалық жағдайының
қиындауымен ерекшеленеді;
• үшіншіден, тау-кен металлургия өндірісінің дамуы қоршаған ортаның
экологиялық жағдайына әсер етуі артады.
Сонымен, табиғи ресурстарды пайдаланудың тез дамуы көптеген мәселелерді
тудырды, өсіресе, соның ішінде, шикізатты өндіруде және оны өңдеуде
энергетикалық ресурс көздерін кеңінен пайдалану.
Жер қоры ресурстарын өндіру жылдан-жылға артып отыр. Мұнай өнімімен
қамтамасыз ету - дүние жүзіндегі көптеген мемлекеттердің ұлттық приоритеті
Бритиш Петролиум компаниясының бағасы бойынша қазіргі кезде мұнайды
пайдаланудағы негізгі мемлекет - АҚШ. Америка Құрама Штаттарының мұнай коры
тек қана 10 жылға дейін жетуі мүмкін, ал Германияда, Францияда мұнай мүлдем
жоқ, сондықтан бұл мемлекеттер мұнайды басқа мемелекеттерден сатып алуға
мәжбүр.
1997 жылдың басында мұнайдың дүние жүзіндегі қоры 137,3 млрд. тонна
болған. Бірақ мұнай қорының 83,7 пайызы мұнайлы мемлекеттердің үлесіне
тиеді.
Қазақстанда мұнай өндірісі республика экономикасында негізгі орын
алады. ТМД мемлекеттері арасында Қазақстан мұнай шығару мен барлау бойынша
екінші орында, ал газ бен конденсат бойынша - 4 орында, дүние жүзінде мұнай
қоры бойынша - 13 орында, газ бен конденсат 15-ші орынға, ал мұнайды
өңдеуден 23 - орынға ие.
1995 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасында
166 кен орындары болған.
Ресей дүние жүзінде мұнай қоры бойынша Сауд Аравиясынан кейін екінші
орынға ие. Оның негізгі кен орындары Батыс (бассейніңің ауданы - 2171,6 мың
км2) және Шығыс Сібірде.
1995 жылы Батыс Еуропада мұнайдың өндірілуі - 3,7 пайызға, Ресейде - 3
пайызға, жалпы дүние жүзі бойынша 1,9 пайызға артты.
Дүние жүзінде мұнай мен бірге көмірдің де бассейндері артып келеді.
Көмір қоры әлі екі ғасыр өндіріледі деген мәлімет бар, (салыстырмалы түрде:
мұнай 55 жылға жетсе, уран тек қана 35 жылға дейін жетеді екен). Көмір
бассейндерінің аудандары да ұлғаюда, АҚШ-та: Иллинойсқ Аппалач, Пенсильван
т.б. Ресейде: Кузнецк - 26 мың км2, Канско-Ачинск - 45, Тунгусск - 1000,
Печора - 100, Иркутск - 26 мың км2.
Қазақстан территориясында 400-ден астам көмір кен орны барланған.
Негізгі қоры Орталық, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан бассейндерінде
орналасқан: Қарағанды (ауданы 3 мың км2), Екібастұз, Майкөбе (1400 км2),
Торғай (50 мың км2), Теңіз-Қоржынкөл т.б. Көмірдің негізгі мөлшері (80
пайызы) Қарағанды (8551,6 млн.т. баланс қоры) мен Екібастұз (10403,4 млн.
т. баланс қоры) бассейндерінде өндіріледі.
1995 жылы көмірдің дүние жүзі бойынша өндірілуі 1 пайызға артқан (3600
млн. тонна), ғалымдардың болжамы бойынша 2010 жылы көмірдің өндірілуі
жылына 8 млрд. тоннаға өседі. Болашақта көмірді жоғары деңгейде өндіретін
мемлекеттер катарына Қытай, АҚШ, Австралия мен Канада жатады.
Сонымен, жыл сайын пайдалы қазбаларды өндіру кезінде 6 мың км2 жер
қопсытылады екен. Кейбір ірі тау-кен өндіріс бассейндерінің ұзындығы
мыңдаған текше километрге дейін созылып жатыр. Осыған байланысты тау-кен
өндіру географиясы да кеңейіп келеді. Сонымен катар көптеген кішігірім жаңа
пайдалы қазба кен орындарының ашылып отыратыны белгілі. Олардың ішіндегі ең
ірі аудандар: мұнай мен газ - Орталық және Қиыр Шығыста, Ресейде, АҚШ пен
Солтүстік теңізде; көмір - Қытай, АҚШ, Ресей, Германия,
Индия, Австралия, Польша; темір рудасы - Ресейде, Канадада, Австралия;
марганең рудасы - Габон; бокситтер - Австрилияда, Гвинеяда; мыс - Ресейде,
АҚШ, Чили, Перу; молибден - Ресейде, АҚШ, Канада; бериллий - АҚШ, Канада,
Мексика; уран - Австралия, Канада, АҚШ; калий тұзы - Ресей, Канада;
фосфориттер - АҚШ.
Тау-кен өндірісінің территория бойынша таралуы мен шоғырлануы табиғи
ландшафтардың түрлік құрамына әсер ететіні анық (4-кесте).

1-кесте. Тау-кен өндірісінің таралуы мен шоғырлануы.
Өндірістің шоғырлануы
Ресурстардың Өндірілудің саны Өндірілудің бір өндіріс
таралу түрі бойынша орташа саны,
мың тонна
Жазықты мындаған 100-200
Бассейнді жүздеген 500-5000
Ұялы ондаған 100-1000
Дисперсті алғашқы ондаған 500

Кен орындарының жазықты түрі кеңінен тараған, құра көлемінің
кішілігімен ерекшеленеді, Бұл түр - құрылыс материалдары мен шымтезек кен
орындарына тән.
Бассейнді түр - жер қыртысында бірнеше, тіпті көптеген кен орындарының
бір жерде шоғырлануымен сипатталады, олар - мұнай, газ, темір рудасы және
кейбір полиметалдар. Темір рудасының да ауданы айтарлықтай: Торғай - 400
мың км2, КМА 120 мың км2.
Ұялы түрдегі пайдалы қазбалардың таралуы кішірек кен орындары ретіндс
әрбір жерде сирек орналасқан. Олар металды емес пайдалы қазбалар болып
келеді, бірак алюминий, мыс, титан болуы мүмкін.
Дисперсті таралу түрі - аса құнды және сирек кездесетін шикізаттар
болуы мүмкін - түрлі-түсті, асыл тастар, сирек кездесетін металдар, графит,
слюда т.б. Кен орындары нүкте немесе ошақты түрмен ерекшеленеді, осыған
байланысты олардың табиғи ландшафтарға әсері аздау, шектеулі.
Табиғи ландшафтқа өте қарқынды әсер ететін және қамтитын ауданы үнемі
кеңейе беретін ашық немесе карьерлі түрдегі пайдалы қазбаларды өндіру түрі.
Мұндай аймақтарда ерекше антропогендік кешендер пайда болады. Оларды
карьерлі-үйінді ландшафт типі деп атайды. Қазіргі техника арқылы
карьерлердің терендігі 800 метрге дейін, ені - 5 км-ге жетеді, ал жер астын
қазған кезде шығатын тау жыныстарын бір жерге үйіп тастау мыңдаған гектар
жерді алып жатады. Сонымен, ашық түрде пайдалы қазбаларды өңдеу топырақ
түзілуде, табиғи ландшафтарды түпкілікті өзгертуде, жаңа рельеф пішінің
пайда етуде негізгі рөл атқаратыны белгілі.
Осыған байланысты ландшафтардың фундаменті түбегейлі өзгереді деп
айтуға болады. Жер бетіне желге мүжілуі төмен тереңдегі тау жыныстары
көтеріледі, барлық химиялық үрдістердің жүру жылдамдығы да, бағыты да тұтас
өзгеріске ұшырайды. Терендікте химиялық үрдістер баяу жүрсе, жер бетіне
көтерілген соң олар өздерінің түрін өзгертіп, кейде өсімдіктерге әсер
ететін басқа заттардың қосындыларына қосылып кетеді. Жер беті
ландшафтарының тау жынысы құрамының тұтастай өзгеруі биоценозға, топырақ
тұзілу процесіне кері әсер етеді, кейде мұндай өзгерістердің қарқындылығын
ірі геологиялық апаттардың әрекетімен тең деп те айтуға болады.
Тау-кен өнеркәсіпті аймақтарда кейбір элементтердің және олардың
қоспаларының жоғары деңгейде шоғырлануынан ортада тепе-тендіктің өзгеруі
антропогенді геохимиялық аномальды (ауытқу) аймақтардың пайда болуына әсер
етеді. Геохимиялық аномальды аймақтардың ауданы тау-техникалық жұмыстардың
жүруіне байланысты ұлғая береді. Егер тау-кен өндіріс ауданы шағын болса,
мұндай ауытқулар табиғаттағы жалпы зат айналымына әсер етпеуі мүмкін.
Ресурстардың өндірілуі бассейнді түрде таралса (ауданы жүздеген және
мындаған текше км алатын), онда зат айналымының геохимиялық нашарлауы үлкен
аймақты қамтиды.
Табиғи геохимиялық тепе-теңдік ауытқыған территорияларда өсімдік
жамылғысы нашарлап, мал шаруашылығының сапасы төмендейді және баска да
теріс құбылыстар байқалады. Табиғи (климат, рельеф ерекшелігі, топырақ, су
режимі) және антропогенді (пайдалы қазбаларды өңдеу ұзақтығы, кен орнының
көлемі, өңдеу технологиясы мен өндіріс мәдениеті) факторларға байланысты
құбылыстардың әсер ету қашықтығы 510 кмден 4050 км-ге дейін жетеді. Тау-кен
өндірісі әсерінен жер бетіне жылына 1600 млрд м3 жаңа тау жыныстары
көтеріледі екен. Егер тау-кен өндірісі әсерінен және табиғи түрде пайда
болатын (өзен ағысы арқылы жиналатын) жыныстардың көлемін салыстырсақ, онда
жылына 40 және 13 млрд м3 жыныс жиналады екен.
Шектеулі территориядағы тау жыныстарының үйілуі рельеф пішініңің
өзгеруіне ықпал етеді. Жаңа пайда болған техногенді рельеф тау жынысы
құрамындағы элементтерді, олардың құрамын өзгертеді, сонымен бірге жаңа
рельеф типтері: карьерлер мен үйінділер пайда болады. Оларды карьерлі-
үйінді ландшафт типтері деп атайды. Бұлардың кейбіреулері антропогенді
денудация (тау жыныстарының бұзылуы мен сығылысуы) арқылы пайда боліа,
кейбіреулері - антропогенді аккумуляция (қатты материалдардың жиналуы)
үрдісі арқылы пайда болады. Мысалы, көмір өндеу кезіндегі пайда болатын
үйінділер өздерінің көлемі мен ауданы бойынша кейбір табиғи түрдегі шоқы,
адыр, төбешіктер тәріздес болады.
Карьерлі-үйінді ландшафт типі. Олардың кеңінен таралуын ескере отырып
карьерлі-үйінді ландшафт типін ажыратады. Оған ерекше тип ретінде
террикондар да жатады. Ландшафтың Бұл түрінің ауданы мындаған км жерді
қамтиды. Н.И.Горбуновтың мәліметі бойынша, бұрынғы КСРО-да карьерлердің
жалпы көлемі 2 млн. гектарға жуық.
Карьерлі-үйінді кешендер - адамның ландшафтық сфераға әсер етуінің ізі.
Мұндай кешендерде табиғи комплекстер: өсімдік пен топырақ жамылғысы, су
режимі мен геологиялық құрылыс толығымен трансформациядан өткен. Ойысты
рельеф түрі болғандықтан, карьерлерде ерекше микроклимат пайда болады.
Карьерлі-үйінді ландшафт кешені бірнеше түрге жіктеледі:
1. Ашылған (өсімдіксіз ашық жер) карьерлі-үйінді жер. Бұл жаңадан пайда
болған, өсімдіксіз үйінділер және биологиялық игеруге токсикантты аз
пайдаланатын немесе тіпті пайдаланбайтын жерлер. Бұл рельеф үйінділердің әр
түрлі уақытына байланысты, төбешікті және толқынды жер бетімен
ерекшеленеді. Биологиялық игеруге аз пайдаланылатын үйінді грунттардың
шөптесінді өсімдіктермен көмкерілуінің алғашқы кезеңі әр түрлі
шөптесінді өсімдіктердің қалыптасуы. Кейінгі кезеңдегі өсімдіктердің пайда
болуы мен дамуы грунттардың физикалық-химиялық ерекшеліктеріне байланысты.
Мысалы, кез келген тау-кен немесе темір рудасы бассейндерінде пайда болған
үйінділер таза сазды жыныстардан тұрса, олар жер бетіне төгілгенненак
шөптесінді өсімдіктер дами бастайды, ал тасты үйінділер тек 610 жылдан
кейін ғана түрден құралған шөптесінді өсімдіктермен жабыла бастайды.
Сондықтан осындай жерлердегі шлакты жазықтары - 3 мың гектарға дейінгі
ауданды қамтуы мүмкін - олар индустриалды шөл деген атпен де аталады.
Ашылған карьерлі-үйінді жер типтері - ең кеңінен тараған ландшафт түрі,
қайтып орнына келтіру жұмыстары көп каржыны талап етеді.
2. Терриконниктер - жер астындағы пайдалы қазбаларды өңдеу кезінде пайда
болатын биіқ дөңесті үйінділер. Терриконниктер кейде бір ландшафтың бүкіл
ауданын алып жатады. Мысалы, Украинадағы Донбасста террикондар саны 800-ден
астам. биіктігі - 3045 метр, кейде 90 метрге дейін жетеді. Тіпті ескі
террикондардың беткейлері тік болып келеді, еңкіштігі - 2530°қа дейін,
кейде одан да көп. Беткейлері көп жағдайда жыралармен тілімденген. Мұндай
жерлерде рекультивация үрдістерін жургізу қиынға түседі. Биологиялық
рекультивацияға террикондардың көлемінің үлкендігі, жинақталмауы, ысырылып
түсуі, құрғақтығы, топырағының улануы, жануы, жыныстарының жоғарғы
температуралығы көптеген кедергі жасайды. Сонымен қатар, террикондар өте
жай, тіпті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ГЕОЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА ПӘНІ БОЙЫНША ИНТЕРНЕТ ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Аридтену үрдісінің Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы топырақтардың шөлденуіне әсері
Ландшафт компоненттері арасындағы байланыс
Сырдарияның төменгі ағысындағы және Аралдың жалаңаштанған тағандарындағы топырақтардың өзгеру процестері
Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы
Сырдария өзені төменгі ағысы ландшафттарының құрылымдық өзгерістері
Сырдария өзені атырауының физикалық-географиялық жағдайын талдау арқылы iрi сауармалы егiншiлiк аймағының геоэкологиялық мәселелері мен табиғи ресурстарын тиімді пайдалану жолдары
Ландшафттарды зерттеудегі геожүйелік - бассейндік тәсілдің дамуының негізгі кезеңдері
Антропогендік ландшафт туралы түсінік
Қызылорда қаласының табиғи – экологиялық жағдайлары
Пәндер