Оңтүстік Қазақстан облысы табиғатының өзгеруіндегі антропогендік факторлардың ролі



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І БӨЛІМ. Оңтүстік Қазақстан аумағының зерттелу тарихы ... ... ... ... ... ...6
1.1. Оңтүстік Қазақстанның ХІХ ғасырдың бірінші жартысында
зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
ІІ БӨЛІМ. Оңтүстік Қазақстан облысы табиғатының
өзгеруіндегі антропогендік факторлардың ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.1. Оңтүстік Қазақстанның табиғатына жалпы шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2. Оңтүстік Қазақстанның табиғи . аумақтың
кешендерінің геологиялық . геоморфологиялық жағдайлары ... ... ... ... ... ... .21
2.3. Оңтүстік Қазақстан табиғи.аумақтық кешендерінің антропогендік ерекшелігі мен деградациялық үрдістің көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
2.4. Оңтүстік Қазақстандағы өндіріс орындарының қоршаған ортаға әсері ..31
2.5. Антропогендік өзгерген кешендердің демографиялық жағдайға әсері ... 34
ІІІ БӨЛІМ. Оңтүстік Қазақстан облысының шаруашылығына
қысқаша сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
3.1. Оңтүстік Қазақстан облысының агроклиматтық жағдайы ... ... ... ... ... ... 43
3.2. Шаруашылығындағы экологиялық проблемалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...48
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...60
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанның әр аймағының өзіне тән экологиялық мәселелері бар. Сондай мәселелердің бірі – Оңтүстік Қазақстан облысының табиғатының өзгеруіндегі антропогендік факторлардың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерінің салдарлары.
Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздің ежелден өркениет дамыған аймақтарының бірі болып табылады. Облыс аумағының табиғаты алуан түрлі болып келеді. Мұнда шөл, шөлейт, дала, орманды дала, альпілік шалғындар, биік таулы белдеулер секілді барлық табиғат ландшафттары кездеседі. Облыс аумағының жер бедеріндегі жазықтар мен таулы аймақтар жиі алмасып отырады. Мұнда алуан түрлі құмды, сортаң шөлдерден биік тау мұздықтарына дейінгі климаттық табиғат зоналары кездеседі. Таулы аймақтарда болып тұратын тектоникалық жер сілкіністері аумақтағы тау түзілу процестерінің әлі аяқталмағандығын көрсетеді. Осындай алуан түрлі табиғат кешендерін сақтау еліміздегі маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Облыс аумағы ежелден шаруашылығы дамыған аймақтардың бірі болғандықтан саяхатшылар тарапынан да, ғалымдар тарапынан да жиі-жиі зерттеліп отырған. Тарихи кезеңдерде Арал теңізі алабы мен Сырдария өзенінің ортаңғы ағысын қытай, араб, грек саяхатшылары, ХҮІІІ және ХІХ ғасырларда ресейлік саяхатшылар зерттеп, табиғатының ерекшеліктері туралы еңбектер жазған, көпшілікке танымал еткен. Ал Кеңес Одағы кезінде аймақтың табиғатын шаруашылық мақсатта игеру бағытында көптеген зерттеулер жүргізілді. Осы зерттеу жұмыстары кезінде табиғи ортаның тепе-теңдігі бұзылып, экологиялық мәселелер пайда болды.
Табиғи ортадағы деградациялық үрдістер ландшафттардың өзгеруіне әкеп соқтырды. Топырақ жамылғысының құнарсыздануы, өсімдік түрлерінің азаюы, ағаштар мен өзен бойындағы тоғайлардың жойылуы аймақтағы шөлдену процесінің күшеюіне жол ашты. Осының салдарынан көптеген пайдалануға жарамсыз жерлер тозып, эрозияға ұшырады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Бессонов В.Л., Якубова В.Я. - По внутренней Азии. М.1947г.
2. Толстов С.П. По следам древнохорезмской цивилизации. М-Л,1948г.
3. Лебедов Д.М. Очерки по истории географических знаний. М-Л.1949г.
4. Д.И.Валентей, Н.В. Зверева. Изучение народрнаселения вопросы методологии.Издательство МГУ, 1987
5. Региональный статический ежегодник Казахстана, 2005 Алматы.
6. М.С.Бедный. Демографические факторы здоровья .М. Финансы и статистика, 1684.
7. Б.С.Урлас.Эволюция продолжительности жизни. М. Статистика 1978
8. А.Д. Лопес. Различия в смертности мужчин и женщин //Хроника ВОЗ 1984
9. Региональный статистческий ежегодник Казахстана Государственный комитет Республики Казахстан по статистике и анализу. Алматы. Казинформ центр, 1991.
10. Здоровые населения Республики Казахстан и деятельность организаций здаровоохранения в 2004 году. Статистический сборник. Пстана –Алматы. 2005.
11. Р.Ю. Токмаганбетова. Отчет эколого – демографическое обследование сельских терроторий Республики Казахстан (Южно- Казахстанская област) //Эколого- демографическая оценка сельских территорий Южно – Казахстан.
12. Оңтүстік Қазақстан энциклопедиясы . Алматы,2005 ж.
13. Қазақстанның физикалық картасы.
14. Н. Қаландарова. Қасиетті Созақ жері."География және табижғат " журналы. 2007 ж
15. Т.Әуесбайев. Атом өнеркәсібі. Оңтүстік Қазақстан газеті. 2007 ж.
16. Б.Шарахымбай. Қоршаған ортаның экологиялық динамикасы ушығып тұр.Атамекен,2007ж.
17. Қазақстан Республикасының экологиялық кодекісі 45-тарау,310-бап. Атамекен 2007ж.
18. А.Азатьян - Выдаюшиеся исследователи природы Средней Азии. I -Ташкент - 1960г. -Ташкент - 1966г.
19. А.Азатьян-Из истории первых научных обществ Средней Азии Т.1955г.
20. А.Азатьян - Историко-географическо^Р введение к сборнику архивных документов «Русские учеиые - исследователи Средней Азии» Т. 1956г.
21. Д.Ж.Бейкер - История географических открытий и исследований. М.1950г.
22. Л.С.Берг - Поездка на Туркестанский хребет. Бассейн Сырдарьи. Т.1907г.
23. Л.С.Берг - Аральское море. СПБ. 1908г,
24. С.А.Григорин - Великие мыслытели Средней Азии. М. 1958г.
25. Ф.Азаров - Записи о некоторых народах и землях Средней части Азии. М,1968г.
26. Мир географии - География и географы. Из-во мысль 1984г.
27. Родионова И.А. Политическая карта мира. М.200ІГ.
28. Бессонов В.Л., Якубова В.Я. - По внутренней Азии. М.1947г.
29. Толстов С.П. По следам древнохорезмской цивилизации. М-Л,1948г.
30. Лебедов Д.М. Очерки по истории географических знаний. М-Л.1949г.
31. Русские мореплаватели-М.1963г.
32. Маслова О.Б. Обзор русских путешествий и экспедиций в Среднюю Азию. Т. 1955-62гг.
33. Альбом - «Русские географы и путешественники» М-Л. 1948г,

Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І БӨЛІМ. Оңтүстік Қазақстан аумағының зерттелу
тарихы ... ... ... ... ... ...6
1.1. Оңтүстік Қазақстанның ХІХ ғасырдың бірінші жартысында
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы
зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 9
ІІ БӨЛІМ. Оңтүстік Қазақстан облысы табиғатының
өзгеруіндегі антропогендік факторлардың
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.1. Оңтүстік Қазақстанның табиғатына жалпы
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2. Оңтүстік Қазақстанның табиғи – аумақтың
кешендерінің геологиялық – геоморфологиялық
жағдайлары ... ... ... ... ... ... . 21
2.3. Оңтүстік Қазақстан табиғи-аумақтық кешендерінің антропогендік
ерекшелігі мен деградациялық үрдістің
көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
2.4. Оңтүстік Қазақстандағы өндіріс орындарының қоршаған ортаға әсері ..31

2.5. Антропогендік өзгерген кешендердің демографиялық жағдайға әсері ... 34
ІІІ БӨЛІМ. Оңтүстік Қазақстан облысының шаруашылығына
қысқаша
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .43
3.1. Оңтүстік Қазақстан облысының агроклиматтық
жағдайы ... ... ... ... ... ... 43
3.2. Шаруашылығындағы экологиялық
проблемалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...48
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..60

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанның әр аймағының өзіне тән экологиялық
мәселелері бар. Сондай мәселелердің бірі – Оңтүстік Қазақстан облысының
табиғатының өзгеруіндегі антропогендік факторлардың қоршаған ортаға
тигізетін зиянды әсерінің салдарлары.
Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздің ежелден өркениет дамыған
аймақтарының бірі болып табылады. Облыс аумағының табиғаты алуан түрлі
болып келеді. Мұнда шөл, шөлейт, дала, орманды дала, альпілік шалғындар,
биік таулы белдеулер секілді барлық табиғат ландшафттары кездеседі. Облыс
аумағының жер бедеріндегі жазықтар мен таулы аймақтар жиі алмасып отырады.
Мұнда алуан түрлі құмды, сортаң шөлдерден биік тау мұздықтарына дейінгі
климаттық табиғат зоналары кездеседі. Таулы аймақтарда болып тұратын
тектоникалық жер сілкіністері аумақтағы тау түзілу процестерінің әлі
аяқталмағандығын көрсетеді. Осындай алуан түрлі табиғат кешендерін сақтау
еліміздегі маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Облыс аумағы ежелден шаруашылығы дамыған аймақтардың бірі болғандықтан
саяхатшылар тарапынан да, ғалымдар тарапынан да жиі-жиі зерттеліп отырған.
Тарихи кезеңдерде Арал теңізі алабы мен Сырдария өзенінің ортаңғы ағысын
қытай, араб, грек саяхатшылары, ХҮІІІ және ХІХ ғасырларда ресейлік
саяхатшылар зерттеп, табиғатының ерекшеліктері туралы еңбектер жазған,
көпшілікке танымал еткен. Ал Кеңес Одағы кезінде аймақтың табиғатын
шаруашылық мақсатта игеру бағытында көптеген зерттеулер жүргізілді. Осы
зерттеу жұмыстары кезінде табиғи ортаның тепе-теңдігі бұзылып, экологиялық
мәселелер пайда болды.
Табиғи ортадағы деградациялық үрдістер ландшафттардың өзгеруіне әкеп
соқтырды. Топырақ жамылғысының құнарсыздануы, өсімдік түрлерінің азаюы,
ағаштар мен өзен бойындағы тоғайлардың жойылуы аймақтағы шөлдену процесінің
күшеюіне жол ашты. Осының салдарынан көптеген пайдалануға жарамсыз жерлер
тозып, эрозияға ұшырады.
Ландшафттық өзгерістер өз кезегінде табиғат зоналарындағы құрылымдық
өзгерістердің басталуын тездетті. Бұрынғы шөлейт зоналар шөлге, дала
зоналары шөлейт зонаға айналды. Нәтижесінде облыс шегіндегі жарамсыз табиғи
жерлер көлемі екі есеге ұлғайды. Облыс шегіндегі эфемерлі-жусанды, қияқты-
псаммофитті бұталы жайылымдар біркелкі бұзылғанға, жылдық тұзды және
бүйіргенді-нашар бұзылғанға жатады.
Аталған жағдайда азып-тозудың себептері болып малдың шектен тыс жайылуы
болып табылады. Облыстағы жайылымдарда азып-тозудың экологиялық көрініс
беруі болып екінші топтардың үстемдігі, малдың тапталуынан пайда болған су
эрозиясы мен дефляция табылады. Облыстағы азып-тозған жайылымдардың шамамен
75% көлемі желінбейтін және улы өсімдіктермен қоқысталған жайылымдардан
тұрады. Жайылымдардың азып-тозуы Созақ, Отырар, Шардара, Сарыағаш және
Қазығұрт әкімшілік аудандарында едәуір күшті дәрежеде.
Жерді пайдалану барысындағы тиімсіз биоагротехникалық, экономикалық, іс
- әрекеттің салдарынан құнарлы және шірінді қабат азайып, топырақтардың
сорлануы арты. Шаруашылық қиындықтардың, жағдайында нарықтық қатынастарға
өтуде мұның бәрі ауылшаруашылық өнімдерін ұдайы өндірісінің нашарлауына
әкеліп соғады.
Экологиялық ахуалдың күрделене түсуі облыс шегіндегі демографиялық
жағдайға да өз әсерін тигізді. Тұрғындар арасында әр түрлі деңгейдегі
аурулар көбейіп, өлім-жітімнің саны басқа облыстарға қарағанда біршама
артты. Қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан облысында өнеркәсіп пен
ауылшаруашылығының белсенді түрде дамуына байланысты қоршаған ортаның
ластану проблемасы алаңдаушылық туғызып отыр.
Сондықтан, табиғи кешендердің техногендік ластану ошақтарын анықтау
арқылы олардың болашақта даму деңгейіне сипаттама беру мүмкіншілігі қазіргі
таңда өзекті мәселелрдің бірі болып табылады.
Жұмыстың жаңалығы: диплом жұмысында осы антропогендік факторлардың
облыс табиғатының өзгеруіндегі ролін анықтауға назар аударылған. Зерттеу
барысында автор табиғи-аумақтық кешендердің өзгерісін, онда болып жатқан
деградациялық үрдістерді, қоршаған ортаға түсетін экологиялық салмақты да
есепке алған.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті:
- облыс табиғатының зерттелу тарихына және оның кезеңдеріне шолу жасау;
- табиғи-аумақтық кешендердегі антропогендік және техногендік
өзгерістерді анықтау;
- деградациялық үрдістерге баға беру;
- геологиялық-геоморфологиялық ерекшеліктеріне талдау жасау;
- экологиялық жағдайдың экономикалық және демографиялық салдарын
анықтау;
- облыстың экономикалық әлеуетіндегі экологиялық факторлардың ықпалын
төмендету жолдарын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың зерттеу әдістері: автор дипломдық жұмысты жазу
барысында статистикалық және теориялық әдістерді үйлестіре отырып, талдау
және қорытындылау әдістерін шебер қолдана білген. Ақпарат көздерінен
алынған мәліметтер салыстырылған.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен құралады.

І БӨЛІМ. Оңтүстік Қазақстан аумағының зерттелу тарихы

1.1. Оңтүстік Қазақстанның ХІХ ғасырдың бірінші жартысында зерттелуі

ХІХ-ғасырдың жиырмасыншы жылдары Қазқстанның Ресейге қосып алынуының
екінші кезеңіне аяқ басты.
Дегенмен қазіргі Қазақстан территориясының солтүстік жағы ғана емес,
оңтүстік жағы да 1819 жылдан бастап 1856 жылға дейін Ұлы жүз жерлері де
біртіндеп Россияға карайтын бола бастады. Қазақстан территориясы өз
игілігіне мыктап бекіту мақсатымен патша үкіметі Қазақстанның оңтүстік және
солтүсік-шығыс аудандарын Ресейге қосып алғысы келіп, жаңа бекіністер салу
ісін қолға алды. Айтылмыш кезеңде Арал теңізі төңірегінде Райм (1847),
Жонғар Алатауының бөктерінде - Қапал (1848), Жетісуда -Верный (1854)
бекіністері және басқа әскери бекіністер ірге тепті. Тірек пункттері
салынар алдында жергілікті табиғат жағдайлары әржақты зерттелді.
Қазақстанның Ресей құрамына кіруі жаңадан косылған территорияларды
арнайы шолып-барлап, оларда физикалық-географиялық зерттеу жұмыстарын
өрістету үшін колайлы жағдай туғызды.
Жоғарыда айтылған саяси және әлеуметтік-экономикалық оқиғаларға
байланысты 1819 жылдан бастап 1856 жылға дейін Қазақстанның бүкіл
территориясын географиялық тұрғыдан танып білудің алғашқы дәуіріндегі
кезеңнін басталуының айғағы болды. Автор шартты түрде бұл кезеңді 1856
жылмен шектеп отыр. Өйткені осы жылдан кейін классикалық кезең -
П.П.Семенов, Ш.Ш.Уәлиханов, Н.А.Северцов және т.б. жүргізген физикалық-
географиялық жүйелі зертгеулер дәуірі басталған еді.
Орынбор өлкесінің табиғаты туралы ХІХ-ғасырдың 20 жылдарында орыс елшісі
А.Негридің экспедициясы құнды мағлүматтар жеткізді. Бұл экспедиция Бұхар
хандығымен сауда-саттық байланыстарын кеңейту мүмкіндіктерін карастыру
мақсатымен жасакталған-ды. Оның құрамына бас штабтын полковнигі
Е.К.Мейенфорд пен натуралист Э.А.Эверсман кірді.
Сонымен ХІХ-ғасырдың ортасынан бастап Қазақстанды физикалық-географиялық
зерттеу жүйелі түрде дамыды. Егер бұрын қойнауы қазыналы Сібір және Орта
Азия жерлеріне Россияның өз ықпалын таратуға әрекеттенуіне байланысты
Қазақстанның батыс, солтүстік және оңтүстік аймактарындағы жазык, далалы
өнірлерді шолып барлауға баса назар аударылып келсе, енді ХІХ-ғасырдың
екінші жартысында Қазақстанның жаңадан косылған оңтүстік аудандарын
басқарып, шаруашылық жағынан игеру үшін өлкенің жазык алқаптарын табиғи -
географиялық тұрғыдан жүйелі түрде зерттеу, сондай-ақ Қазақстанның
шығысындағы, оңтүстігі мен оңтүстік шығысындағы таулы аудандар жөнінде
толық әрі деректі мағлұматтар жинау қажет болды.[1. 86-б]
Сол кездегі географиялық еңбектердің арасынан П.П.Семенов - Тянь
-Шанскийдін, Ш.Ш.Уәлихановтың, Н.А.Северцовтың, И.В.Мушкетовтың
зерттеулерін айрықша атап айткан орынды. Олардың зерттеулері Қазақстанның
таулы аудандарының құрылымын мүлде жаңадан пайымдауға, Орта Азия таулары
вулкандық негізде жаратылған деп тұспалдаған А.Гумбольдт ұғымының
жаңсақтығын дәлелдеуге және адыр-кыратты аймақтардың жер бедерінің
ерекшеліктерін тұңғыш рет анықтауға мүмкіндік берді.
Олардың еңбектерінің ғылыми құндылығы біздің заманымызда да жоғары
бағаланды. Сол себепті біз ол ғұламаларды Қазақстан жерінің физикалық-
географиялық жағдайларын зерттеуге айрықша енбек сіңірген география
ғылымының классиктері деп орынды мақтан тұтамыз. Міне сондыктан ХІХ-
ғасырдың екінші жартысын Қазакстандағы физикалық-географиялық тұрғыдан
зерттеп, танып-білудің классикалық кезеңі деп атауға лайықты.
ХІХ-ғасырдың екіншІ жартысында еңбек еткен аса көрнекті ғалымдардың
Қазақстан территориясын физикалық-географиялық жағынан зертгеуді дамытуға
қоскан айтарлықтай үлесін біз жеке дара және неғұрлым толық қарастыруды
дұрыс деп таптық.
Казақстан жерін физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеудің ұсынылып
отырған еңбегіміздегі аттары аталған аса көрнекті ғалымдар бастаған
классикалық кезеңдегі еңбектерді кейін басқа зерттеушілер одан әрі
ұластырып дамытты.
1856 жылы Каспийге Н.Ивашинцев баскарған жана экспедиция жасақталып, ол
16 жыл бойы жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде айтарлықтай
географиялық іс тындырды. Н.Л.Ивашинцев мәлімдеуі бойынша жұмыс нәтижелері
төмендегідей:
- Каспий теңізінің бас картасын жасауға қажетті барлық
астрономиялық пункттері және сол сияқты бүкіл теңіз бассейнінің аумағы
анықталды.
* Каспий жағалауы түгелдей дерлік съемкаға түсірілді. Съемкаға түсіру
кезінде тек теңізге жүзушілерге ғана емес, сол сияқты ғалымдардың болашақ
үшін де бұлжымас негіз боларлықтай дәлдікпен анықтау ескерілді. Теңіз
толқындарының әрекетіне немесе жағалардың біртіндеп
көтерілуі салдарынан жағалық жиектерінің өзгеруін бақылауға баса назар
аударылды.
* Теңіз жағасына тақау тұстардағы кеме қайрандап калатын барлық тайыз
жерлерді, су астындағы жартастарды, теңізге жүзуге бөгет жасайтын басқа да
кедергілерді түгел анықтап, теңіз жағалауына барынша толық көлемде өлшеу
жүргізідді. Бұл өлшемдердің ғылыми тұрғыдан маңыздылығы сол, олар теңіз
табанының рельефінің өзгеруіне байланысты деңгейінің ауытқуы, кіріс пен
шығыстың тепе-тең болмауынан, көп мөлшерде булану салдарынан, Каспий
теңізі деңгейінің ауытқуын зерттеу үшін нақтылы деректер болды. Теңіз
табанының рельефі мен барлық физикалық қасиеттері зерттелді, әр түрлі
терендікте және теңіздің әр жерінен су алынды, сондай-ак теңіз түбіндегі
жиналған тұнбалар мен тіршілік ететін теңіз жәндіктерінің үлгілері жиналды.
[2. 71-б]
Көп жылғы зерттеулердің нэтижесінде Н.Л.Ивашинцев пен оның
қызметкерлері Каспий теңізінің әр түрлі бөліктерінің толық атласын жасады.
Экспедиция жұмысынын негізгі корытындыларын 1870 жылы гидрографиялық
департамент бастырып шығарды. Көлемі 44 баспа табақтық жеке томға көптеген
таблицалар мен Каспий теңізінің магнитті картасы кірді.
Осы еңбектердің нәтижесінде Каспий теңізі Ресейдің басқа су
бассейндеріне карағанда анағүрлым байыпты, әрі толық зерттелді.
П.П.Семенов-Тянь-Шанский атап көрсеткеніндей, Орыс география қоғамынын
мәжілістерінің бірінде академик К.М.Бэр орыс теңізшілерінің экспедициялары
бірде-бір теңізді Каспий теңізіндей дәлме-дәл зерттеген жоқ екендігін, ал
басқа ешқандай су бассейніне ғыльми тұрғыдан Каспийдей толық әрі түбегейлі
назар аударылып көрген еместігін мәлімдеді.

1.2. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы зерттеулер
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Арал-Каспий ойпаты туралы ұғымды
кеңейтуге 1858 жылы Хиуаға жасақталған Н.П.Игнатьевтің және Бүқараға
жасакталған В.Л.Дандевильдің экспедициялары айтарлықтай септігін тигізді.
Олар Маңғыстау түбегінен бастап Парсы шекараларына дейінгі Каспий теңізінің
шығыс жағаларын зерттеді. Сонымен қатар В.Л.Дандевиль экспедициясы
Н.Д.Ивашинцев бастаған жұмысты да ішінара жалғастырды.
Н.П. Игнатьев экспедициясының құрамында жұмыс істеген астроном
К.В.Струве мен әскери инженер А.Грен Орынбор қаласы - Үстірт қыраты - Бұхар
маршрутына өлшеу жүргізіп, Үстірт қыратына бірнеше астрономиялық және
гипсометрикалық пункттерді белгіледі. Қ.В.Струвенің деректері бойынша,
Каспий мен Арал теңіздері деңгейлерінің айырмашылығы 40 метрге жететіні
анықталды. 1859 жылы Қызылкұмда, Қуаңдария мен Жаңадария өзендерінде болған
А.Грен осы өзендердің толық топографиялық суреттемесін берді.
Жетісу мен Тянь-Шань ұзак уақыт бойы орыс зерттеушілерінің назарынан тыс
қалып келді. Өткен ғасырдың 50-жылдарының аяғында бұл жерлерді физикалық-
географиялық тұрғыдан жүйелі түрде зерттеу қолға алынды. Бұл аудандарға
экспедициялар ұйымдастыру жөнінен Орыс География қоғамы бастаушы, әрі
ұйытқы болды. Тянь-Шаньға саяхат жасау идеясы қызықтырған П.П.Семенов Орыс
География коғамына Казақстанның оңтүстік-шығыс аймағына А.Ф.Голубевтің
экспедициясын жасақтау туралы ұсыныс енгізіп, мәселе қойды. [3. 129-б]
Осы орайда П.П.Семенов осы маңызды географиялық пункттердін кеңістіктегі
жағдайын анықтауға көріну көзге үлкен олкылыққа жол беріліп отырғанын атап
көрсетті. Ол мысал ретінде Азия материгінің дәл кіндігі түсында жатқан
Ыстык көлді келтірді. Ал бұл көл Обь колтығынан, Бенгаль шығанағынан, Қар
және Сары теңіздерінен шамамен біркелкі қашықтықта орналасқан. Солай бола
тұрса да осы уақытка дейін Балқаштан арғы Жоңғар өлкесінде Лепсі өзенінің
Балқаш көліне қүятын түсындағы бірден-бІр ғана астрономиялық пункт
белгіленгенді. Сондықтан А.Ф.Голубев экспедициясы Балқаш көлі мен
Тарбағатай жотасының Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шань аралығындағы кейбір
географиялық пункттерді анықтауды мақсат етіп қойды. А.Ф.Голубев
П.П.Семеновтан 16 пункттік географиялық орнын айқындауға, оған қоса
Қазақстанның онтүстік-шығыс бөлігі туралы жалпы географиялық деректер
жинап, физикалық-тұрғыдан бақылау жүргізуге тапсырма алды.
1864 жылы тау-кен инженері А.С.Татаринов Тарбағатай жотасында ашылған
қазба байлықтарын барлау мақсатымен осы өңірге келді. Ол Сергиополь
қаласынан шығып, әуелі Тарбағатай жотасының солтүстік бөктері арқылы, ал
содан соң Қаракөл бекетінен бастап таудың оңтүстік бөктерімен Қытайдың
Шәуешек қаласына дейін жол жүрген, одан Хабарасу асуы арқылы Тарбағатай
жотасының солтүстік беткейімен Сергиополь қаласына қайтып оралған.
А.С.Татариновтың мағлұматтары әсіресе Тарбағатай жотасындағы тау
жыныстарының кұрамы жөнінен А.Г.Влангалидің бақылауларын толықтырды.
М.Н.Богдановтың мәлімдеуі бойынша Қызылқұм территориясы Тянь-Шаньның
батыс сілемдері, Аралдың шығыс жағалауы және Сырдария мен Амудария
өзендерінің аралығындағы ұлан-ғайыр төртбұрыш түріндегі жазық кеңістікті
қамтиды. Жер бедері мен топырақ кұрамы жөнінен бұл шөл Сырдарияның
солтүстігінде, Амударияның оңтүстігінде жаткан шөлейт аймакқа ұқсайды, сөз
жоқ, шөлдің бір бөлігі геологиялық өлшеммен есептегенде біршама бертін
кездегі теңіз түбі болып табылады, осынау кең байтак жазықтықтың бедерін
Тянь-Шаньнның сілемдерімен кұм шөгінділер ғана бұзып тұрған секілді.
А.А.Тилло басқарған Орынбор отряды Арал және Каспий теңіздері
аралығындағы төңіректі өлшеп тексерумен шұғылданды. Экспедиция жүргізген
зерттеу жұмысының түпкі нәтижесі Арал теңізінін Каспийден шартты түрде
жоғарырақ екенін анықтайды.. Мұны Ф.Берг (1826жыл) пен К.В.Струве (1858
жыл) басқарған экспедициялар барометр кұралдарының көмегімен өлшеп
айқындады. Алғашкы жолы өлшегенде Арал теңізінің Каспийден шартты түрде
жоғарылап 35,17м немесе 117 фут деп есептелсе, ал К.В.Струвенің өлшемі
бойынша ол 40,2м немесе 132 фут болып шыкты.
Аралдың Каспийден шартты түрде жоғарылығы шын мәнісінде бұрынғы
деректерде көрсетілгендегіден қыруар артық болып шықты. А.А.Тиллоның
экспедициясы бұл өлшемнің 73м шамасында екенін анықтады.
Экспедиция натуралистері Н.Г.Столетов, Н.А.Северцов және С.Н.Смирнов
көптеген зоологиялық және географикалық-ботаникалық жаңалықтар ашты. Олар
шөлді аймақтардың өсімдіктері мен жануарларының алуан түрлерін жинап кана
қоймай, сонымен бірге біркатар физикалық-географиялық байқаулар жүргізді.
Арал теңізінің деңгейінің төмендеуіне байланысты оның шығыс жағасының
нұсқасының тым жылдам өзгеріп, кұбылып тұратынын айкындау да аса маңызды
ғылыми табыс болды. Теңіз жиегінің көне іздерін әдетте жағада өскен
өсімдіктердің қалған орындарына карап анықтауға болады. Осы тұрғыдан алып
қарағанда, мәселен, Арал теңізінің жағалауынан жаңа өсімдік
түрлерін тапты. Бұл өте-мөте кызғылықты ботаникалық-географиялық
жаңалықтардың қатарына жатады. Сол сияқты кейбір өсімдіктердің
жапырақтарының көлбей жатпай, тіп-тік болып олардың куаңшылық жағдайға
бейімделгенін дәлелдейді.
Табиғаттағы зерттеушілер қоғамы Арал-Каспий экспедициясы жұмысының жалпы
корытындыларын 1875-1877 жылдары бастырып шығарды. Гидрографиялық,
гидрометриялық және физикалық-географиялық зерттеулердің материалдары
Географиялық коғамның 1877 жылғы жекелеген басылымдарында (Ш-ІV-V)
жарияланды.
Қазақ жеріндегі саяхатшы Эверсманның экспедициясы Орынбордан шығып,
Арал төңірігіндегі Қарақұм, Сырдария өзені және Қызылқұм арқылы ӨТТІ.
Зерттеу жұмыстарын 1829 жылға дейін жүргізген Эверсман Орынбор
территориясының табиғаты туралы көптеген кызғылықты мағлұматтар бердІ. Ол
1825-1826 жылдары Үстіртте Ф. Берг экспедициясының құрамында, ал 1827 жэне
1829 жылдары Бөкеев ордасында Г.С.Карелин отрядында жұмыс істеді.
Эверсманның еңбектері, әсіресе оның соңғы шығармасы Елдерді комплексті
зерттеу сипатында жазылған. Соңғы енбегінде жазылған алғысөзінде автор
өзінің табиғатта жаратылғандардың бәрін-жануарларды, өсімдіктерді, қазба
байлықтарын өзі қолымен жинап, көзімен көргендерін түгел тізіп, қағазға
түсіргенін баяндайды. Ол Үстірт қыратында кұзды (чинк) таудың мүжілуінен
болған құбылыс деп есептеді. Ғалым Үстірттің тұңғыш анықтамасын беріп
Эверсманның айтуы бойынша Үстіртті құрайтын қабаттар көлбей біткен және тау
жыныстары үш түрлі шөгінді (маргельдерден), жақпар тастан және борпылдақ
жыныстардан түзілген.
Атақты саяхатшы ғалым Г.Н.Потаниннің әкесі хорунжий Н.И.Потанин 1830
жылы Семей қаласы-Орталық Қазақстаң-Бетпак дала Мойынқұм-Шымкент қаласы
маршруты бойынша саяхат жасады. Ол өз жазбаларында жолда 45 тау мен 20 өзен
кездескенін көрсеткен. Автор оларға қысқаша орографиялық және
гидрографиялық сипаттама берілген, Шу өзені Ыстықкөлден бастап ақпайды,
өзеннің бастауы Қырғыз Алатауында деп байлам жасаған Н.И.Потаниннің
деректері ғылымда ашылған соңғы жаңалық еді. Алайда саяхатшы өзінін үлкен
жаңалық ашқанын көзі тірісінде біле алмай кетті. [4. 109-б]
ХІХ-ғасырдың 30-жылдарына дейін Қазакстанның географиялық жағдайлары
туралы жиналған мол материалды қорытып талдау сол кездегі география
ғылымының алдына тың міндеттер қойды. Орыс Географиялық қоғамының негізін
қалаушылардың бірі А.И.Левшин осы міндетті орындауға кірісті.
Левшин (1799-1879) 1818 жылы Харьков университетін бітіргеннен кейін өз
тағдырын Қазақстанмен біржола байланыстырған адам еді. Әуелі Сыртқы істер
министрлігінде жұмыс істеп, қазақтар жөніндегі қызметке ауысқан. Орынбор
мен Орал қалаларында жұмыс істей жүріп, ол қазақ ауылдарына келіп-кетіп,
қазақ халқының тарихы мен этнографиясын, оның мекендеген жерлерінің
географиялық жағдайларын зерттеген.
А.И.Левшиннің қазақтар туралы ең алғашқы ғылыми мақалалары Жол
жазбалары және Кіші қазақ-қайсақ ордасының ханымен жүзбе-жүз кездесулер
деп аталып, 1820 жылы Вестник Европы журналында басылып шыққан. 1827 жылы
Левшиннің кырғыз-қазак халкының ат және оның шын немесе тағы қырғыздардан
айырмашылығы атты мақаласы Московский вестник журналында басылып шықты,
1823 жылы Орал казақтарына тарихи және статистикалық шолу деген очеркінде
Левшин тұңғыш рет казақ терминін қолданып оған тусініктеме берген.
1832 жылы Левшин кырғыз-казак немесе кырғыз-қайсак ордалары мен
далаларының сипаттамасы атты өзінің ең келелі еңбегін жарыкка шығарды. Ол
казақ халқының тарихын, этнографиясын, географиясын толық тркырымды
зерттеу болды. Ш.Ш.Уэлиханов А.И.Левшинді казақ халкының Геродоты деп
атаған.
Қазақстанның батыс бөлігіне 20-жылдардың екінші жартысынан бастап
артиллерия офицері Г.И.Карелин (1801-1872) саяхат жасады. Ол үкіметке
қарсы шығармалар жазғаны үшін әуелі Орынбор каласына, содан соң Гурьев
қаласына жер аударылған-ды. Эверсманмен бірге Бөкей ордасына сапар шегіп,
ол алғашқы саяхатка 1826-1827 жылдары шыкты. 1828-1830 жылдары Карелин
Жәңгір ханның ордасында тұрып, ішкі Бөкей ордасының ірі масштабты картасын
жасаумен шұғыдданды.
Ғылыми тұрғыдан алып қарағанда Г.И.Карелин Каспий тенізінің солтүстік-
шығыс, шығыс және оңтүстік-шығыс жағалауларына шыкқан экспедицияларының
үлкен маңызы болды. 1832 жылы бірінші сапардың мақсаты қамал салу үшін орын
іздеп, тексеру еді. 1834 жылы екіншісінде Қызылтас мекенінде Ново-
Александров бекінісінің іргесін қалау көзделді. 1838 жылы үшінші жолы
теңіздің оңтүстік-шығыс жағалауын зерттеу максаты қойылды.
Г. И. Карелиннің қолында коллекция және колжазбалар түрінде жинакталған
орасан көп географиялық материалдар болды, бірақ одан басылған еңбек өте аз
қалды.
1840-1845 жылдары Г. И. Карелин Шығыс Қазакстанды зерттеуге кірісті.
Оның өмірі мен саяхаттарын зерттеген В.И. Липский айтуынша саяхатшыны
шығысқа Зюнгариядағы жэне басқа жерлердегі табиғат құбылыстарын тексеріп
білу ушін Москваның табиғат зерттеушілер қоғамы жіберген.
XIX ғасырдың 40 - жылдары көптеген орыс
экспедициялары Қазақстанға аттанды. .
А. И. Шренктің 1840-1843 жылдардағы экспедициясы, Орталық, Шығыс және
Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның ұланғайыр территориясын зерттеген. Зерттеуші
Тарбағатай жотасына, Балқаш-Алакөл ойысына, Жоңғар Алатауында, қазақтың
ұсак- шокылы аудандарында (Ұлытау, Сарысу өзені, Қарқаралы қаласы, Баянауыл
селосы,) Бетпақ дала мен Шу-Іле тауларында болған. А.И. Шренк Жоңғар
Алатауы мен Балқаш-Алакөл ойпатын өте мөте толық ситпаттап жазған. Жоңғар
Алатауынын солтүстік сілемдерінің бітімін сипаттай келіп, шоқының
биіктігін барометрмен өлшеп, оның теңіз деңгейінен 4140 м биіктікте
жатқанын анықағанын айткан.
Талантты географ әрі картаға түсірушІ Я.В. Ханықов (1818-1862) 15 жыл
бойы дерлік Қазақстан территориясын зерттеумен шұғылданды. Ол 1839 жылы
Орынбор өлкесіне географиялық шолу атты өзінің тұңғыш енбегін жазып, онда
өлкенің географиялық жағдайы туралы, қазақ халқы жайында статистикалық және
географиялық мағлұматтарды мәлімдеді. Ғалымның екінші бір еңбегі Ішкі
қырғыз ордасының 1841 жылғы жагдайы туралы очерк оның батыс Қазақстан
бойынша жасаған саяхатының сапарнама жазбасы болып табылады.
Хандыков көбіне картаға түсіру, кітап бастырумен шұғылданды. Ол Ішкі
және Кіші ордаларға кіретін кырғыз жерлерінің картасын (1845), Арал
теңізі мен Хиуа хандығының төңіректерімен коса картасы (1851) және Орта
Азияның солтустік-батыс бөлігінің картасьн (1855) жасады.
Орыс Географиялық қоғамының екінші бір мүшесі М. И. Иванин (1801-1874)
арасында үзілістер жасап, 1835 пен 1855 жылдар арасында Орынбор өлкесінде
әуелі жергілікті корпустың офицері, ал одан соң ішкі Бөкей ордасы уақытша
Советінде кеңесші және баскарушы болып қызмет істеген. 1846 жылы Иванин
маңғыстау түбегінің едәуір бөлігін зерттеген. Ол түбекте мұнай, глаубер
тұзы және құрылыс материалдары ретінде пайдалануға жарамды кабыршықты ақ
әктастың бар екенін атап көрсетті. Иванин Каспий теңізінің төмендеуі туралы
жазғанымен, бұл кұбылыстың себебін түсіндіре алмады, Ол Маңғыстау түбегінің
таулы өңірін- Қаратау мен Ақтау тауларын ең бірінші болып зертгеді.
Орыс ғалымдарының ұзак жылдар бойы риясыз еңбектерінің нәтижесінде орыс
зерттеушілері мен саяхатшылары жасаған географиялық карталарда Қазақстан
территориясы неғұрлым дұрыс бейнеленді. Л.В.Боувердің картасы мазмүны
жағынан сол кездегі ең толық әрі мағлұматтары мол карта болды. Қосымша жаңа
материалдар жинау мен табиғаттағы өзгерістер жайындағы колда бар деректерді
анықтау келесі кезеңде алда тұрған міндет еді.
Орыс географ-саяхатшыларының енбектері нәтижесінде орыс ғылымы, сондай-
ак, дуниежүзілік ғылым Орынбор өлкесі, Арал-Каспий бассейні, Балқаш-Алакөл
ойьсы, Жоңғар Алатауы және Қазақстанның басқа да аймактары жөнінде сөз
болып отырған кезеңде мол да дұрыс географиялық деректерге ие болды.
Орталық Қазақстанға бірнеше рет саяхат жасалды, елдің өзге де өңірлерін
зерттеу міндеті алға койылды. [5. 148-б]

ІІ БӨЛІМ. Оңтүстік Қазақстан облысы табиғатының өзгеруіндегі
антропогендік факторлардың ролі
2.1. Оңтүстік Қазақстан табиғатына жалпы шолу
Оңтүстік Қазақстанда болған адам осы бір тамаша өлке мен оның ғажайып
табиғатынан алған әсерлерін мәңгі есте сақтайды.
Оңтүстік Қазақстан облысы Тянь-Шань тауының батыс сілемдері мен Тұран
ойпатының шығысын алады, 117,3 мың шаршы шақырым аумаққа орналаскан. Оның
солтүстік бөлігін Бетпақдала шөлі, оңтүстік қиыр шетін Мырзашөл куаң даласы
алып жатыр.
Оңтүстік Қазақстан облысының шағын ғана аумағын салыстыра қарағанда
өзіне астасқан ғажап табиғаттың бояу тақтасын еске салатын алуан түрлі
ландшафты сыйғызғанын көресіз. Бір жағынан, байсалды қалпындағы атам
заманғы дала суреті, сондай-ақ сирек ұшырасатын, әдеттегі өсімдіктер
түрлерінен тұратын әсем өрнек. Облыстың бір бөлігінде - тіршілік куан
көрінгенмен де, оның дәл қасында жануарлар үшін таптырмас жұмақ жер тұр.
Облыстың солтүстігіне қарай Бетпақ дала мен Мойынқұм Қаратау қырқаларына
иек артқан. Нақ осы тұста, бұлақтар мен дала қайнарларының айналасындағы
шалғындарда сан ғасырлық мал жайылымына пайдаланылатын жерлер қалыптасқан.
Облыс жері негізінен жазық, көпшілік бөлігін орташа биіктігі теңіз
деңгейінен 200-300 м болатын Тұран ойпатының шығыс бөлігі алып жатыр.
Терістігіңде Бетпакдала шөлі, Шу аңғарының оңтүстігін Мойынқұм, облыстың
батысында Қызылқұм және Шардара даласы, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып
жатыр. Орталық бөлігінде, Жамбыл облысының аумағымен шектес, оңтүстік-
шығыстан солтүстікке қарай 217 километрге көлбей созылып Қаратау жотасы (ең
биік нүктесі 2176 м) жатыр, ал оңтүстік-шығысыңда Талас Алатауының батыс
шетіндегі - Өгем жотасында облыстың ең биік нүктесі - Сайрам шыңы (4238 м)
бар. Өгем мен Келес өзеңдерін бөліп жатқан Қаржантау жотасы Тәңіртаудың
(Тянь-Шань) ең батыс сілемі болып табылады. Қаржантаудың орташа биіктігі
2000 м, ал ең биік нүктесі - Мыңбұлақ тауы (биіктігі 2834 м). Қаржантаудан
солтүстік батыска қарай тарихы терең, аңызға толы қарт Қазығұрт (ең биік
нүктесі 1600 м) тұр. Қазығұрт тауы оңтүстігіде Келес өзенінің аңғарына
тіреледі.
Қазығұрт туралы жыр да, аңыз да көп. Көк Тәңірі дүние жүзін топан су
басқан кезде жаңа бір пәк дүние жасау үшін Нұх пайғамбардың кемесіне
адамзат, жан-жануар, ұшқан құстан, өсімдіктен жұп-жұбымен отырғызып, таза
тұқым сақтап қалмақ болған. Топан тартылып, су қайтқанда, Нұх пайғамбардың
кемесі Қазығұрт тауының басына қайырлапты деседі.
Облыс аумағының жер бедеріндегі жазықтар мен таулы аймақтар жиі алмасып
отырады. Мұнда алуан түрлі құмды, сортаң шөлдерден биік тау мұздықтарына
дейінгі климаттық табиғат зоналары кездеседі. Таулы аймақтарда болып
тұратын тектоникалық жер сілкіністері аумақтағы тау түзілу процестерінің
әлі аяқталмағандығын көрсетеді.
Жер бедерінің қалыптасуына зор ықпал етуші күштер: ағын сулар мен
желдер. Осы күштерге қосымша антропогендік, яғни адамдардың шаруашылық
әрекеттері табиғи ортаның, әсіресе жер бедерінің қалыптасуына зор әсерін
тигізетіні сөзсіз. Мысалы, каналдар мен суару аймақтары, авто және темір
жолдар, кеніштер мен қала салынған аймақтар, т.б.
Геологиялық құрылымы жөнінен облыс аумағы Тұран плитасына жатады.
Қаратау жотасы - протерозой тақтатастарынан және құмтастардан тұрса,
оңтүстік-батыс Қаратау карбонның әктас, кұмтас конгломераттарынан және
девонның жанартау тектес тау жыныстарынан құралған. Сонымен бірге палеозой
қатпарлы іргетасы, пермь дәуірінде қалыптасқан интрузиялық және жа-
нартаулық, сондай-ақ платформалық мезозой-кайнозой шөгінді тау жыныстары
кездеседі.
Облыс қойнауы әр түрлі пайдалы қазбаларға бай: полиметалдар, қоңыр
көмір, темір кені, гипс, әктас, оттөзімді саз, кварцты құм қабаттары,
мәрмәр, түрлі құрылыс шикізаттары бар. Қарт Қаратау қойнауындағы Ащысай,
Мырғалымсай және Байжансай қорғасын-мырыш кеніштері 20 ғасырдың 40-
жылдарынан жұмыс істейді. Боралдайтау, Қаржантау, Күмісті және Жоғарғы
Бадам алтын кен көздерінің орны ерекше.
Облыста республика уран ресурстарының жартысына жуығы орналасқан, олар
әлемдегі ең ірі уран кеніштері болып саналады. Ал Иірсу, Сусіңген және
Абайыл кеніштерінен титан, хром, марганец және темір кендері өндіріледі.
Облыс аумағында Шу-Сарысу газ-гелий және Сырдария мұнай-газ кен орындары
бар. Боралдайдан, Таскөмірсайдан, Келтемашаттан және Ленгер кеніштерінен
мезозойлық қоңыр көмір өндіріледі. Облыс аумағындағы Қаратау фосфорит
алабына жататын Герес және Үшбас фосфор кен орындары барлаудан өтті. Ал
Тәңіртаудың ең батыс сілемі Қаржантау мен Сайрам жоталары өнеркәсіптің
көптеген салаларына өте қажетті шикізатқа бай.
Кентау қаласына жақын маңда орналасқан Ақсай және Солтүстік доломитті
кеніштерінде резина, қағаз, бояулар дайындалады, газ-мұнай бұрғылау
жұмыстарында кеңінен пайдаланылатын минералдық шикізат - бариттің ірі
ресурстары бар. [6. 82-б]
Облыстағы құрылыс материалдарының минералды-шикізат базасы әр түрлі
цемент, керамзит, кірпіш, шыны және құрылыстық тас өндірістерінің
шикізаттары, кұм-тас, минералдық бояулар ретінде қолданылады. Олар:
Қазығұрт, Бадам, Састөбе және Түлкібас әктастары, Бағаналы гипсі,
Күбірексай минералдық бояулары, Леңгір отқа төзімді сазы, Күрішбұлақ кварц
құмы, Дарбаза және Қыңырақ бентониттері, Сарытопырақты саздақтардың ірілі-
ұсақты ресурстары мен құмтастардың табиғи қоспалары көп кездеседі.
Облыс аумағының географиялық орнына (яғни атмосфераның ылғалдылықтың
негізгі көзі мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерінің
сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Мұнда күндізгі
және түнгі, қысқы жөне жазғы температуралар шұғыл ауытқып отырады. Жазы
ұзақ, облыс түстігінде 8 айға дейін созылады. Қысы жылы: ең суық ай -
қаңтардың орташа температурасы -2 -9°С. Ең суық кезең Созақта тіркелген (-
41°С).
Жазы ыстық: шілде айының орташа тем-пературасы 20-30°С. Ең ыстық кезең
Шардарада (47°С) тіркелген. Вегетация кезеңі 230-320 тәулікке созылады.
Шөлді аудандарда жылдық жауын-шашын мөлшері 100-170 мм, тау етектерінде
300-450 мм, ал биік тауларда 1000 мм-ге дейін құбылады. Жауын-шашын
негізінен көктем мен күз айларында болады. Қар жамылғысының орташа
қалыңдығы 20-40 см аралығында, жазықта 2 айға, тауларда 5 айға дейін
жатады. Қар қарашаның соңы, желтоқсанның басында түсіп, наурыз айында ери
бастайды.
Облыстың су қорларын ірілі-ұсақты 127 өзен (жалпы үзыңдығы 5 мың
шақырымдай), 34 көл (көлемі 110 млн. текше метр), 30 бөген (көлемі 6 млрд.
текше метр), 29 пайдаланылатын жер асты сулары және 5 минералды су көздері
құрайды. Жалпы облыс аумағына жылына орташа есеппен 37 млрд. текше метрге
жуық су келіп, осыншама мөлшерде су кетіл отырады.
Облыстағы ең ірі және ұзын өзен - Сырдария өзені басқа мемлекеттерден
басталып, Қызылорда облысы арқылы Арал теңізіне қүяды. Облыс аумағындағы
Сырдария өзенінің негізгі саласы Арыс өзені (378 км), ол Алатау
мұздықтарынан басталып, жол-жөнекей Боралдай (130 км), Ақсу (133 км), Машат
(60 км), т.б. көптеген өзен суларымен толығады. Маңызды да ірі өзендер
қатарына Келес (102 км), Бадам (145 км) өзендерін жатқызуға болады.

1-кесте. Оңтүстік Қазақстан облысының өзендері.

№ Өзендер Ұзындығы, км. Су жинау алабы, Орташа ағыны,
км². м³с.
1. Арыс 372 4700 32.3
2. Ақсу 133 744 7.3
3. Бадам 182 4730 4.5
4. Боралдай 130 1460 10.6
5 Машат 60 441 2.61
6 Сайрамсу 76 468 7.8
7 Сырдария 450

Облыстағы ең үлкен суқойма - Шардара бөгені 1965 жылы пайдалануға
берілген, су сыйымдылығы 5,2 млрд. текше метр, су өткізу мөлшері 200 м3с.
Одан су алатын Қызылқұм (106 км), Шардара (10 км) каналдары арқылы 71,5 мың
гектар егістік жер суландырылады. Бөген суқой-масының сыйымдылығы 37 млн.
текше метр, ол Бөген, Арыс өзендерінің суларымен толығып отырады.
Облыстағы 500 мың гектардан астам суармалы жерлерді игеру үшін 14336
шақырым су арналары, 4743 км су қашыртқылары және 1900 дана тік дренажды
ұңғышалар, 61 мыңнан астам гидротехникалық ғимараттар жұмыс істейді.
Облыс аумағындағы көлдер ауыл шаруашылығымен бірге басқа да мақсаттарға
пайдаланылады. Шошқакөлде (көлемі 8,6 млн.м3) аң ауланады, Сарыкөлден (10,2
м3) балық ауланады, Қызылкөл суының (5,9 м3) ем үшін пайдасы зор.
Облыстағы жерасты суларының қоры ретінде Бадам-Сайрам, Мырғалымсай,
Талас-Ақсу, Иқансу, Бөген жерасты су көздерін атауға болады, Шу-Сарысу
артезиан алабының су қоры 260 млн. текше метрден асады, минерадды сулар
Сарыағаш, Манкент шипажайлары мен Темірлан ауылда-рында арнайы рұқсатпен
пайдалануға берілген.
Ордабасы, Қазығүрт, Төле би, Созақ, Түркістан, Түлкібас, Отырар және
Бәйдібек аудандарында аң аулауға пайдаланылатын жерлер мол. Қазақы тазы
жүгіртіп, бүркіт, сұңқар сияқты құс салу сияқты ұлттық аңшылыққа
негізделген туризмге ден қоюшылардың қызығушылығын арттыра түседі.
Бұдан өзге Түлкібас, Төле би, Қазығұрт аудандарында атпен және жаяулап
саяхаттаушыларға, сондай-ақ туризмнің басқа да түрлеріне кең жол ашылған.
Төле би ауданының жер жағдайы, табиғаты мен ауа райы қысқы туризмді
өрістетуге қолайлы: осы бағытта Тау самалы демалыс лагері маңында аспалы
жол мен шаңғы базасы салынды. Бұл көптеген қызмет түрлерін көрсету
тораптарын өрістетуге, демалыс лагерьлерінің жұмысын жандандыруға,
инфрақүрылымды дамытуға серпін береді. Біркөлік санаторийі қалыпқа
келтіріліп, іске косылуда.
Сарыағаш ауданындағы әйгілі бұлақ көздері маңайындағы санаторийлік
демалыс пен емдеу орындары, сондай-ақ Сайрам ауданындағы Манкент шипажайы
келушілер санын арттыра түсуде.
Ақсу-Жабағылы қорығы - әлемнің айрықша қорғауында болатын қорықтар
қатарына жататын Батыс Тянь-Шаньның көрікті жері.
Қорық 1926 жылы кұрылған. Оның иелігіңде бай өсімдік пен жануарлар
дүниесі камтылған. Мұнда жануарлар мен кұстардың 55-тен аса түрі және 200-
ден аса өсімдік түрі бар. Олардың көпшілігі Қызыл Кітапқа енгізілген.
Тянь-Шань тауының көзтартар жоталары мен сайлары, Ақсу өзенінің арнасы
ешкімді де бей-жай қалдырмайтыны анық.
Түлкібас ауданындағы бақылауға алынған табиғи ескерткіштер - Ақбиік
ауылындағы ғажап үңгір, Пістелідегі жаңғақ тоғайы, Машат сайы және басқа да
көптеген көрікті табиғат қойнаулары.
Батыс Тянь-Шаньның тамаша табиғатын 2003 жылы өңірімізге келген ЮНЕСКО
Комиссиясы қанағаттанған сезіммен атап өтті. Комиссия осынау көп бөлігі
Оңтүстік Қазақстан облысына қарайтын табиғат бұрышын алдағы уақытта сақтау
үшін шекаралас үш мемлекетті күш біріктіруге шақырды. Қожа Ахмет Яссауи
кесенесіне барабар Жабағылы қорығы да ұлт мақтанышы болып табылады. [7. 156-
б]

2.2. Оңтүстік Қазақстанның табиғи – аумақтың кешендерінің геологиялық –
геоморфологиялық жағдайлары
Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының оңтүстігінде
орналасқан, солтүстіктен оңтүстікке 550 шқ және батыстан шығысқа қарай
шамамен 470 шқ созылып жатыр. Физикалық-географиялық аудандастыру бойынша
зерттеу территориясы қоңыржай белдеудің шөлді ландшафт зонасына, солтүстік
(жусанды-тұздықты) және оңтүстік (эфемерлі-жусанды) шөлдің зона-шығына,
Ортаазиялық елге, Тянь-Шань облысына, Солтүстік Тянь-Шань және Оңтүстік-
батыс Тянь-Шань провинцияларына кіреді. Аталған аймақтың геологиялық-
геоморфологиялық, климаттық, гидрологиялық, топырақты-өсімдік сияқты
физикалық-географиялық жағдайлардың әр алуандығы, сонымен қатар
территорияның солтүстіктен оңтүстікке қарай едәуір созылып жатуы табиғи-
территориялық кешендердің әр алуандығын алдын ала анықтап қойды және
олардың көп жоспарлы шаруашылық пайдалануын қамтамасыз етті. Нақты табиғи-
территориялық кешендердің жел және су эрозиясы, батпақтану мен құрғақтану,
топырақтың тұздануымен қабаттасуы сияқты табиғи және антропогендік
келісілген физикалық-географиялық үрдістерге бейімін бағалау үшін табиғи-
территориялық кешендердің жетекші құрамдарының зерттелуі қажет.
Геологиялық орта, көбіне, аэрацияның белсенді зонасы жергілікті жердің
экологиялық жағдайының қалыптасуындағы басты фактор болып табылады: грунт
қасиеті мен оның литологиялық құрамы территорияның құрғатушылығын, грунт
суларының бағы-тын, шөлдің сол не басқа типін, топырақтың түрі мен типін,
олар-дың қалыңдығы мен тұздық режимін анықтайды. Оңтүстік Қазақстан
облысының территориясы күрделі геологиялық-геоморфологиялық құрылыммен
сипатталады және Тұран плитасының шығыс бөлігі мен Солтүстік Тянь-Шань
қатпарлы жүйесінің батыс сілемдерінің шегінде орналасқан. Құрылымдық
денудациялық жазықтар Бетпақдала үстіртінің шегінде көрініс береді. Жер
беті қалыптасуының барлық геологиялық кезеңінде зерттелген территория
айтарлықтай трансформацияға ұшырады. Палеозойға дейінгі кезеңдегі ең көне
метаморфтық құрылымдар фрагментті түрде Қаратау, Батыс Тянь-Шань
тауларындағы антиклиноридің білік бөлігінің шегінде кездеседі. Оңтүстік
Қазақстан территориясының геологиялық дамуының палеозойлық сатысында
теңіздік геосинклиналдық жағдайлар үстемдік етті, мұны Қаратау жоталарында,
Тұран плитасы ауданындағы ордовик және кембрий кезеңдері шөгінділерінің
едәуір қабаты куәландырады және біршама аз мөлшерде Батыс Тянь-Шань шегінде
кездеседі. Девон кезеңі климаттың едәуір аридтылығымен, құрылықтың
үлкеюімен және қуатты магмалық іс-әрекетпен ерекшеленді. Мезозой сатысында,
соның ішінде таскөмір кезеңінде аталған территорияға едәуір тектоникалық
қозғалыстар тән, ал бор кезеңінде жеткілікті ылғалды климаттың басым
болуына байланысты Оңтүстік Қазақстан облысының шегінде жер-жерде
шұбаланған саздар мен құмтастар қалыптасты.
Неоген кезеңінде облыс территориясында теңіз трансгрессиясы, Тянь-Шань
және Қаратау тау жүйелерінің көтерілуі және теңізден босаған құрлықтарда
өзен торабының қалыптасуы байқалды. Соның ішінде аталған кезеңде қазіргі
Қызылқұм шегіндегі өзен торабы жеткілікті түрде жақсы дамыды. Осы кезеңге
Сырдария мен Шу өзендері алаптарының қалыптасуы жатады.
Төрттік кезеңде тау жүйелері қазіргі бейнелерін иемденді. Мұздықтардың
еруі өзендердің суының молаюына алып келді және көптеген көлдер қалыптасты,
олардың саны қазіргі уақытта азаюда. [8. 183-б]
Қазақстан территориясының геоморфологиялық аудандастырудың схемасына
сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы Қаратау орта тауының орогенді белдеуіне,
Солтүстік Тянь-Шаньның тауалды мен жоталар жүйесі, Сырдария және Шу-Сарысу
ойпатының аккумулятивті және денудациялық жазықтарына жатады. Аталған аудан
рельефтің едәуір әр алуандығымен, гипсометриялық айырмашылықтармен
сипатталады және ірі геоморфологиялық аудандар шегінде орналасады, олар:
Батыс Тянь-Шаньның таулары мен тауалды жазықтары, Бетпақдала көтерілген
денудациялық жазық Қызылқұм мен Мойынқұмның құмды массивтері және Сырдария
мен Шу өзендерінің аңғарлық кешендері. Бетінің құрылысы бойынша Оңтүстік
Қазақстан облысы территориясының үлкен бөлігі жазықтыққа орналасқан.
Орталық және Оңтүстік-шығыс бөлігінде таулардан тұрады. Мезозой мен
кайнозойда облыстың жазықтық бөлігі вертикальды тербеліске ұшырады, соның
нәтижесінде қатпарлы палеозой фундаментінде теңіздік және континенттік
шөгудің кезектесуі байқалды.
Облыстың солтүстігінде абсолютті көрсеткіші 200-290 м, оңтүстік-батысқа
қарай төмендейді және солтүстік пен батысқа қарай шыңдардың кертпештерімен
шектелген, көтерілген пластты Бетпақдала үстірті орналасқан. Үстірт
горизонтальды (көлбеу) шөккен құмдармен, саздармен және палеоген
малтатастарымен, сонымен қатар нашар дислокацияланған саздармен,
алевролиттермен және палеоген құмтастарымен, жоғарғы бор жүйесі
шөгінділерімен қабатталған. Беттің рельефі тегіс, кей жерде тақыр тәрізді
және сорлы төмендеумен күрделендірілген.
Облыс территориясындағы құмды массивтер жеткілікті түрде кең таралып,
Мойынқұм және Қызылқұм құмдарының ірі құрылымдармен және бірқатар ұсақ
құмды түзілулермен көрсетілген. Мойынқұм құмдары Шу өзені аңғарының
оңтүстігінде орналасқан және қырқалы-төбешіктер мен жазықты болып оңтүстік-
шығысында абсолюттік көрсеткіші 400-430 м, ал 160-180 м солтүстік-батысында
құрайды. Мойынқұм құмдарының рельефтері үшін науалар- мен көзектесетін,
көне аңғар болып табылатын терраса түрлі кертпештермен сипатталады. Грунт
суларын сыналану зонасындағы құмдардың шеттері бойынша көптеген көлдер
таралған. Қызылқұм құмды массиві Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-
батыс бөлігіне ұштасады және негізінен қырқалы-төбешікпен (төбешіктерінің
биіктігі 20-40 м), едәуір сирек бархандық құмдармен, кей жерде тақыр
тәрізді және сорлы төмендеулер мен палеозой тау жыныстарымен түзілген
бұйраттармен құралған. Аталған құмдардың абсолюттік көрсеткіштері 300-320 м
оңтүстікте және солтүстік-шығыста 190-200 м тән.
Оңтүстік Қазақстан облысының шалғай оңтүстігінде солтүстік-батысқа
нашар еңісті, кей жерде сорлы төмендеумен және ұшырылған құмдармен
күрделенген жайпақ жазық (тақыр дала) орналасқан. Жазықтықтың беті сазды
және саздақты тасындылардың қалың қабатымен қайта жабылған, жиі тұздалған.
[9. 73-б]
Оңтүстік Қазақстан облысының шегіндегі тауалды жерлер төбелі-жонды және
жонды-толқынды рельефпен сипатталады, олар бор, палеогенді-неогендік пен
төрттік жүйелерінікі және едәуір деңгейде өзен аңғарларымен тілімденген
лесс түріндегі саздақтардың борпылдақ шөгінділерінің қалың қабаттарымен
салынған.
Батыс Тянь-Шаньның таулары біршама күрделі орографиясымен сипатталады
және абсолюттік биіктігі бойынша биік, орташа және аласа тауларға жатады.
Тянь-Шаньның тау құрылысы ретінде қалыптасуы төменгі палеозой (каледон
қатпарлануы) кезінде басталды. Неоген мен төрттік кезеңде Батыс Тянь-Шань
қайтадан қатпарлану процесіне ұшырады және қатпар түзумен рельефтің
тілімденуін ұлғайтқан жарылымның пайда болуымен қатар, Тянь-Шаньның жалпы
көтерілуі жүрді. Біршама биік абсолюттік көрсеткіштер (3600-4200 м)
Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында Талас Алатауы, Өгем,
Майдантал жоталарының шегінде кездеседі. Биік таулар шегінде рельефте тік
беткейлер мен тіктеуіш жартастар басым болды. Кей жерлерде мұзданудың
қазіргі үрдістері (Сайрам, Ақсуат таулары, т.б.) орын алады. Биік таулардың
ерекше белгісі жота шыңдарында пенепленизацияланған суайрықтардың бар болуы
саналады.
Орташа тауларға Қаржантау, Жабағалы жоталары жатады, биіктік
көрсеткіштері 2000-2800 м және тік беткейлі рельефімен сипатталады.
Аласа таулар мен жоталар (Қаратау, Боралдайтау, Қазығұрт және т.б.)
биіктік көрсеткіші 1800 м дейін, облыстың орталық және оңтүстік-шығыс
бөлігіне ұштасады, жайпақ беткейлі тегіс рельефпен ерекшеленеді. Қаратау
жотасы абсолюттік көрсеткіші 2100 м дейін, Оңтүстік Қазақстан облысының
орталық бөлігінде орналасқан, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай
созылып жатыр. Құрылымдық қатынасында Қаратау жотасы жаңа күмбөзді-шойтасты
көтерілу және облыстың жазықтық территориясын екі бөлікке бөледі:
солтүстік, Мойынқұм құмдары мен Бетпақдала үстірті алып жатқан және
Сырдария маңы ойпатымен Қызылқұм құмдары орналасқан оңтүстік бөлігі,
жотаның Сырдария өзеніне қараған оңтүстік-батыс беткейлері жайпақ,
біртіндеп жазыққа өтетін тауалды алаптары дамыған. Мойынқұм құмдарына
қараған солтүстік-шығыс беткейлері тік және жартасты келеді. Қаратау үшін
тегістелген суайрық беттер тән.
Оңтүстік Қазақстан облысы шегіндегі аңғарлық кешендердің ішінде, ең
көрнекілері қатқабатты төрттік көне аллювийлік шөгінділермен қалыптасқан
Сырдария мен Шу өзендерінің аңғарлары болып табылады. Сырдария өзені
қазіргі аңғарының ескі арнамен, арна алды белмен, арна аралық төмендеумен
және құмды төбешікпен күрделенген солтүстік-батысқа жалпы ылдиланған.
Оңтустік Қазақстан облысы шегінде Шу өзенінің қазіргі аңғары, өзінің
төменгі атыраулық бөлігімен көрінеді, кей жерлері батпақтанған және ұсақ
тармақтардан, арна алды белден, арна аралық төмендеулерден тұрады. Өзен
құмда жоғалатын соқыр атыраумен бітеді.
Осылайша уақыттың тарихи кезеңінде әр алуан палеогеографиялық жағдайлар
петрографиялық құрамы мен генезисі бойынша ерекшеленетін литологиялық
кешендердің бір текті еместігін және территорияның едәуір геоморфологиялық
әр алуандығын алдын ала анықтады, ол өз кезегінде зерттеліп жатқан
территорияның шаруашылық игеруінде және салдар ретінде табиғи-территориялық
кешендердің трансформациясының әртүрлі бағытының дамуына септігін тигізді.
Әртүрлі рельеф одан тәуелді табиғи процестердің көптүрлілігін анықтайды:
құмдардағы дефляция және аккумуляция, таулардағы беткейлік эрозия, жайпақ
эрозия, ағынсыз ойпаңдарда тақыр түзілу және т.б. Жоғарыда аталған
процестер антропогендік ықпал ету нәтижесінде едәуір күшеюі мүмкін және
үлкен масштабты сипатты иемденеді. [10. 81-б]

2.3. Оңтүстік Қазақстан табиғи-аумақтық кешендерінің антропогендік
ерекшелігі мен деградациялық үрдістің көрінісі
“Табиғи – аумақтық кешен” терминінің өзі география ғылымының қойнауында
пайда болған. Қазіргі көптеген зерттеушілердің пікірінше, аталған термин
неміс тілінен алынған. Ғылыми әдебиетке табиғи-аумақтық кешен (ландшафт)
термині 1805 жылы неміс географы А. Гоммейермен енгізілген, ол жер
бетіндегі белгіленген бөліктерінің арасында орналасқан және бір нүктеден
көрінетін бірнеше мекеннің үйлесімі деп түсінеді. Табиғи –аумақтық кешен
құрамына бірнеше негізгі құрам бөліктер: геологиялық құрылыс, бедер,
климат, су, топырақ, өсімдік және жануарлар дүниесі кіретін табиғи
үйлесімді жүйе, Табиғи-аумақтық кешеннің барлық құрам бөліктері өзара
қатынаста болады.
Табиғи-аумақтық кешеннің даму механизмі келесілерден тұрады. Аумақтық
геологиялық құрлысы, оның механикалық құрамын, геохимиялық қасиетін және
топырағының ылғалдылығын анықтайды. Бедер күн қуатының тарауы жағдайын,
химиялық заттардың шығару жолдарын анықтайды. Климат күн қуатынның келуін,
жауын-шашынды, булануды, табиғи-аумақтық кешенде мезгілдің қалыптасуын
анықтайды. Табиғи-аумақтық кешенінің біршама жоғары ұйымдасқан бөлігі
өсімдіктер мен жануарлар организімі болып табылады. Табиғи – аумақтық
кешенде органикалық және бейорганикалық бөліктердегі өзара әрекеттесу
топырақта пайда болады. Аталған кешенде барлық үрдістер және зат айналымы
күн қуатынның есебінен жүріп отырады. Табиғи-аумақтық кешен өзін-өзі
ұйымдастыру қасиетіне ие. Өзін-өзі ұйымдастыру, оның қызмет атқаруын
қолайландыруға, тіршілік ету қажеттілігі сапасын бекітуге апарады. Уақыт
және кеңістік бойынша тұрақтылығы табиғи-аумақтық кешенінің маңызды
қасиеті болады.
Оңтүстік Қазақстан облысы аумағынның табиғи-аумақтық кешендерінің 86%
антропогендік түр өзгертуге ұшыраған. ТАК тереңдігі бойынша әртүрлі
бүзылулар табиғи және антропогендік сипаттағы азып-тозу үрдістерінің пайда
болуы және дамуымен қоса жүреді. Зерттеу аумағында табиғи жағдайдың,
шаруашылық әрекеттің түрі және оның экологиялық қауіпсіздігіне байланысты
су және жел эрозиясы, тұздану, батпақтану, топырақтың батуы мен
құрғақтануы, жайылымдық өсімдіктің азып-тозуы, және де атмосфералық
ластану, су мен топырақ ластануы сияқты техногендік үрдістер орын алады.
Ғылыми жарияланымдардың талдауы негізінде зерттеу ауданындағы азып-тозу
үрдістері бағалауының критерилері айқындалады. [11. 92-б]
Жел эрозиясы үрдістері өсімдік жамылғысынның сипаты және оның жобалық
жабындысы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызылорда қаласының табиғи – экологиялық жағдайлары
Зымыран тасымалдаушының ұшырулуынын қоршаған отаға әсері
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТЕРРИТОРИЯСЫ ТАБИҒАТЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қатон - Қарағай ауданыны орман жүйелерінің сипаттамасы
Қазақстан табиғи ортасының экологиялық қасиеттері
Құрлықтар мен мұхиттардың физикалық географиясы
Алматы облысы Балқаш ауданы
Топырақ жамылғысы. Топырақтың ауданы экономикалық қызметке байланысты деградацияға ұшырауын қарастыру
Өсімдіктер мен жануарлар әлеміне антропогендік әсер
Экология ғылымының қалыптасу тарихы
Пәндер