Түркілердің діни сенімдері



Жоспар

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім.
1.Түркілердің діни сенімдері.
2.Түркілердің тілі және әдебиеттері.

ІІІ.Қорытынды.

Әдебиеттер
Кіріспе
Ежелгі түркілердің діни сенімдері негізінен Көкке (Тәңірге) және Жерге (Жер-суға) табыну болды. Құдай күштерінің бұл жұбында Көк (Тәңір) негізі болып саналады. Түркі қағандары тек Көк Тәңірісінің бұйрығымен билік етеді деп түсінілген. Мәселен Білге қаған: "Түркі халқы жойылмасын, ел болсын! Әкем Елтеріс қағанды, шешем Елбілге қатынды Тәңірі төбесіне ұстап, жоғары көтерген екен, мені қаған етіп отырғызған екен",— депті өзінің таққа отыруы туралы тасқа қашалған жазуца. Түркілер Тәңірі бұйырығымен жеңіске жетеді не жеңіліске ұшырайды. Тәңірі мен Жер-Су түркі халқының аласапыран жылдары құтқарды. Түркі хандары өз жазуларында Тәңіріні үнемі өздеріне рақымды болуға шақырады.
Мазмұны жағынан келесі құдай отбасы және балалардың жебеушісі — әйел құдай Ұмай болды. XIX ғасырдың аяғында Ұмайға табыну Алтайдағы кейбір түркі тілді халықтар арасында түркілердің жоғарыдағы қүдайлар үштігіне енді және олардың барлық істері құрметіне қойылған ескерткіштен анық көрінеді, онда сәтті жорықтардың бәрін суреттейтін тұста былай делінген: "Көк Тәңірі, Ұмай осылар бізге жеңіс сыйлаған" екен. Орта ғасырда барлық түркі тілді тайпалардың сенімдеріне сонау өткен ғасырда-ақ Алтайда сақталған қасиетгі тауларға (ыдуқ баш) табыну үлкен маңызға ие болды. Ежелгі түркілер қаған тегінің жебеуші рухы саналған қасиетгі Өтікен сүлбасын (Хангай тауларын) ерекше пір тұтқан. Ондағы ата-баба үңгірінде түркі аңызы бойынша бөрі (қасқыр) сол үңгірде түркілердің ата-бабаларын дүниеге әкелген, бұған қаған жылына бір рет құрбандық шалған. Түркілердің нанымы бойынша жер және суды, ормандар мен тауларды көптеген рухтар жайлаған. Құрбандық шалумен олардың көңілін жұмсартып, мейірлендіру қажет делінген. Сенім бойынша өлгеннен кейін адамның жаны көшеді делінген. Жер асты патшалығын өлім құдайы және жер асты Эрклиг өлемінің өміршісі билейді десе, оның аты Енисей руна жазуларының бірінде аталады.
Әдебиеттер.

1.Қайдаров.Ә., Оразов.М.Түріктануға кіріспе.-Алматы,1992.
2.Түрік тілінің салыстырмалы граматикасы.-Алматы,1996.
3.Байбатша Ә.Қазақ даласының ежелгі тарихы.-Алматы,1998.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім.
1.Түркілердің діни сенімдері.
2.Түркілердің тілі және әдебиеттері.
ІІІ.Қорытынды.
Әдебиеттер

Кіріспе
Ежелгі түркілердің діни сенімдері негізінен Көкке (Тәңірге) және Жерге
(Жер-суға) табыну болды. Құдай күштерінің бұл жұбында Көк (Тәңір) негізі
болып саналады. Түркі қағандары тек Көк Тәңірісінің бұйрығымен билік етеді
деп түсінілген. Мәселен Білге қаған: "Түркі халқы жойылмасын, ел болсын!
Әкем Елтеріс қағанды, шешем Елбілге қатынды Тәңірі төбесіне ұстап, жоғары
көтерген екен, мені қаған етіп отырғызған екен",— депті өзінің таққа отыруы
туралы тасқа қашалған жазуца. Түркілер Тәңірі бұйырығымен жеңіске жетеді не
жеңіліске ұшырайды. Тәңірі мен Жер-Су түркі халқының аласапыран жылдары
құтқарды. Түркі хандары өз жазуларында Тәңіріні үнемі өздеріне рақымды
болуға шақырады.
Мазмұны жағынан келесі құдай отбасы және балалардың жебеушісі — әйел
құдай Ұмай болды. XIX ғасырдың аяғында Ұмайға табыну Алтайдағы кейбір түркі
тілді халықтар арасында түркілердің жоғарыдағы қүдайлар үштігіне енді және
олардың барлық істері құрметіне қойылған ескерткіштен анық көрінеді, онда
сәтті жорықтардың бәрін суреттейтін тұста былай делінген: "Көк Тәңірі, Ұмай
осылар бізге жеңіс сыйлаған" екен. Орта ғасырда барлық түркі тілді
тайпалардың сенімдеріне сонау өткен ғасырда-ақ Алтайда сақталған қасиетгі
тауларға (ыдуқ баш) табыну үлкен маңызға ие болды. Ежелгі түркілер қаған
тегінің жебеуші рухы саналған қасиетгі Өтікен сүлбасын (Хангай тауларын)
ерекше пір тұтқан. Ондағы ата-баба үңгірінде түркі аңызы бойынша бөрі
(қасқыр) сол үңгірде түркілердің ата-бабаларын дүниеге әкелген, бұған қаған
жылына бір рет құрбандық шалған. Түркілердің нанымы бойынша жер және суды,
ормандар мен тауларды көптеген рухтар жайлаған. Құрбандық шалумен олардың
көңілін жұмсартып, мейірлендіру қажет делінген. Сенім бойынша өлгеннен
кейін адамның жаны көшеді делінген. Жер асты патшалығын өлім құдайы және
жер асты Эрклиг өлемінің өміршісі билейді десе, оның аты Енисей руна
жазуларының бірінде аталады.

Түркілердің діни сенімдері
Бұл барлық сенім, нанымдар ежелгі түркі тайпалары, оның ішінде оғыз,
қарлұқ, қимақ, қыпшақ тайпалары үшін ортақ болды. Мұны орта ғасырдағы араб
және парсы шығармаларында кездесетін түркілердің нанымдарына берілген үзік-
үзік сипаттамалар дәлелдейді. Мысалы, араб географы Әл-Макдиси (X ғ.) Орта
Азия түркілерінің діні туралы былай деп жазады: "Түркілер" бір "тәңірі"
дейді, бұл "бір құдай" дегендері. Олардың кейбірі тәңірі аспанның көгілдірі
десе, ал кейбірі тәңірі — бұл — көк "аспан,, дейді. Византия елшісі Земарх
(VI ғ.) және қытай жазбалары мен жасырын парсы географы Худуд әл-Әлам (X
ғ.) отты пір тұту және отпен тазалау, аластау жөнінде хабарлайды.. Көптеген
араб авторлары шақпақ тастың магиялық күшімен жаңбыр шақыратын қабілеті бар
түркі сиқыршылары туралы жазады. Өзіндік ежелгі наным-сеніммен қатар, VI—IX
ғасырларда' Орталық Азияның, одан кейінірек Орта Азия мен Қазақстанның
түркі тілді тайпалары арасында басқа өркениет дүниеге келтірген діни жүйе —
буддизм, манихей, христиаңдық, иудаизм тарады. Иудаизмді өз қағанымен бірге
хазар аристократтарының шектеулі тобы ғана қабылдады.
IX—Х-ғасырлардың аяғында Орта Азия мен Шығыс Түркістанның түркі тілді
халықтарының бір бөлігінде ислам дінін қабылдау басталды, бірақ бұл процесс
мейлінше кешірек кезенде дамыды. Бұл Қарахан және Селжук мемлекеттерінің
құрылуымен байланысты болды.
Барлық "ұлы діндер" ішінен буддизм Шығыс Түркі қағандығының
аристократиялық ортасында мейлінше танымал болды. Бугут жазбасында (VI ғ.)
Таспар қаған мемлекетгік дін ретінде буддизмді еңдіруге тырысқандығын
білеміз. Ол елге индиялық дін уағыздаушы Чинагуптны шақырды, монастыр
салды, будда қауымдастығын құрды. Қағанаттың шығысы мен батысында буддизм
ұзақ уақыт сақталды, ол Енисей қырғыздары мен қыпшақтарына аз да болса
тарады. Қырғыздардың төре үйінің ханзадасының бірі тіпті будда монахы
болды, Шығыс Түркістанның будда монастырларының біріне жайғасып, қасиетті
мәтіндерді тибет тілінен түркі тіліне аударды. Шығыс Қазақстанда белгілі
ақсүйек қимақ әйелінің жерлеуі кезінде табылған руна жазуы бар қола айна
түркі тіліндегі буддалық нақыш сөзбен (сентенциямен) безендірілген. Тек
Шьіғыс Түркістанның ұйғырлары ғана буддизмді мемлекеттік дін ретінде
қабылдады және Индияда, Тибетте, Шығыс Түркістанда жазылған будда
мәтіндерінің түркі тіліне аударылған бай жинағын жасады.
Түркі ортасында таралған басқа бір дін Иранда "жарық ұстасы" Мани
(216—277 ж.) негіздеген манихейлік дін болды. Бұл — жарық пен қараңғылықтың
әлемдік күресі, күнге, жарыққа сыйыну арқылы о дүниедегі қараңылықтан
құтылу жолдары, діни салт-жораларжәне дұғалар арқылы адамдардың жан
дүниесіндегі жарықтың бір бөлшегін азат ету туралы электикалық (қарама-
қарсы көзқарастарды дәйексіз қосу) ілім.
Манихейлік өзінің барлық қағидаларьш (көзқарастарын) принциптерін
зороастризм, будцизм, христиандық және кейбір философиялық ілімдерден алды,
бірақ оларды логикалық қарама-қайшылықсыз күйге біріктіре алды. Иерархиялық
ұйымдасқан манихейлік шіркеу белсенді миссионерлік жұмыс жүргізді, әсіресе
шығыста, Орта және Орталық Азияда, Қытайда көп тарады. Манихейлік және
христиандық қауымдастық Таразда VI— IX ғасырларда өмір сүрді.
Егер VII ғасырда христиан қауымдастығынан сирия тіліндегі қысқа ғана жазу
қалса, едәуір құдіретті манихей қауымдастығының Таразда өз қауымдастығы
болды. "Он оқ елінде" яғни Батыс Түркі елінде сенімді ояту үшін жазылған
"манихейлік екі негіздің қасиетті кітабы" шығармасында Алтын қала Арғу
Талас (Тараз) және манихейлік тұрақтар болған төрт Жегісу қаласы аталады.
Тараэдағы соғды халқының бір бөлігі зороастризм дінін сақтады, бұған
Қазақстан археологтары зерттеген Тараздағы зороастризмдік оба куә болады. -
Діни синкретизм, яғни көп түрлілік ерте орта ғасырдағы Жетісу қаларының
сипатты белгісі болды. Түркілердің исламды мойыңдауына тән болған сипат —
қаңдай да бір мұсылман қаруының жеңісінсіз, халық ешқандай басқыншылыққа
ұшырамай, тек бейбіт уағыз жолымен қабылдады. Алайда ислам түркі халқының
жауынгершілік рухын өзіне бағындыра алмады. Осыдан кейін түркілер мұсылман,
парсы, араб мемлекетінің ықпалына түсгі. Түркілер парсы дәстүрлері мен
династиясын қабылдап, өздерін Афрасиабтың ұрпақтарымыз деп атай бастады.
Дегенмен, осы түркілердің ұрпақтары — Орхон жазбаларын жазған және XI
ғасырда бөлініп, Орта Азияның батыс бөлігінен Персияға
көшкен түркі оғыздары өздерінің тілін, ұлтын, іігпі өз көсемі Оғыз хан
жөніндегі аңыздарын ұмытпай сақтап қалған. Керісінше, Шығыс Түркістанда
қалғаңдар мәдени мұраларын ұмытып, жоғалтқан. Осы түркілердің Шығыс Азия
мәдениетінің ықпалында көп болмағандығьш Бартольд былай дәлелдейді:
"Олардың соңынан солтүстіктен оңтүстікке қарай мәдениеті дамыған түркілер
көшкен: бұлар Ертіс бойының қыпшақтарй мен Енисей жағалауы қырғыздарының
қозғалысы еді. Осы қозғалыстың әсерімен оғыздар оңтүстік-ке— Персияға қарай
өте бастап, ал қыпшақтар олардың орнын басуы әбден мүмкін. Қыпшақтар
арасынан шыққан элемент орыс жылнамашыларынан половецтер деген атпен
белгілі оңтүстік Ресей мен Орта Азияның оңтүстік бөлігін басып алған, осы
половецтер көрші мұсылман әлемі мен мұсылман мәдениетінің ықпалында болған.
Ал қырғыздарға келетін болсақ, бұл халық Енисей жағалауынан өте жай көшкен.
Ал Жегісу жазбаларыңда аты аталған қара қырғыздар еді. Орыстар қырғыздар
деп атаған қазақтардың бұларға еш қатысы жоқ. Қара қырғыздар ол жерде X
ғасырға дейін болып, олар қазіргі Ақсу қаласының орнында орналасқан. Қытай
деректерінде олар Түркістандағы қалаларды басып алғандыгы туралы
хабарлаңды. Ал екшші жағынан, қырғыздардьщ бәрінің бірдей көшпенді
болмағандығын дәлелдейді.
Минусинск жерінің құнарлылығы арқасында оларда егіншілік жақсы дамыды.
Тек көшпелі түрде өмір сүрген халықтарға қарағанда қырғыздар өз отандарын
ықылассыз тастап кеткенге ұқсайды. Сондықтан олардың көші баяу жылжыған.
Сонымен, ежелгі түркі халықтарьшың исламға дейінгі мәдениетіне қатысты
әлі де ғылыми түрғыдан зерттелмеген мәселелердің көп екеңдігін атап
айтуымыз керек. Бұл қиын да мәртебелі жұмыстың орындалуы осы түркі
халықтарының бүгінгі және болашақ ұрпағының қасиетті борышы деп білген жөн.
Зерттеушілердің айтуына қарағанда, бір ғана Қазақстанда ата-бабамыздан
қалған заттық мәдениепің 25 мыңға тарта ескерткіші бар. Олар негізінен Сыр
бойына, Отырар алқабына, Маңғыстау мен Үстіртке, Ұлытау төңірегіне,
Талас—Шу аңғарына, Жегісу мен Ертіс сыртына шоғырланған. Көкше өңіріндегі
мұнан 5 мың жыл бұрынғы қоныстың орны Ботай, Іленің оң жақ қанатындағы
Бесшатыр қорғандары (б.з.б. VII—IV ғ.), Қаракеңгірдегі Домбауьіл
ғибадагханасы (VIII ғ.), Маңғыетаудағы Шақпақ Ата мешіті (X ғ.) халқымыздың
мақтанышы, олардың ғасырлар бойы қалыптасқан құрылыс мәдениетінің
жетістіктері болып табылады.
Қазір ғылым тарапынан қолдау таба бастаған Отырар өркениетін Отырар мен
оның өзінен кем түсе қоймайтын іргелестері — Көкмардан, Кедер (Құйрық
төбе), Оқсыз, Қаракөншек, Шілік (Бұзық), олардың тікелей ықпалында болған
Иасы (Түркістан), Сауран, Сығанақ, Шорнақ, Қарнақ, Хұзақ (Созақ), Баба Ата,
Қүмкент, Сүткент, Қараспан, Хұрлық (Шымкент) сияқты ортағасырлық қоныстар
қалыптастырылған. Мұны біз Отырар — Қаратау мәдениегі дегенге жататын
Көкмардан, Күйкімардан, қазбаларьшан табылған заттардан өсіресе балшықтан
күйдірілген, тастан қашалған, металдан соғылған бұйымдардан, еңбек
құралдарынан аңғарамыз. Қалалардың қаулай өсуіне VI—IX ғасырларда
архитектура мен қосалқы өнердің жаңа үлгілерінің туындауы себеп болды.
Бертін келе, X—XI ғасырлар құрылыста күйдірілген кірпіш, гипс, алебастр
кеңінен қолданылып, глазунь бояуымен және ою-өрнекпен үйді безендіру кең
өріс алды.
Отырар— 18 ғасырдан астам өмір сүрген ұлы қала, бүгіңде өзінің
үйіндісінің ауқымымен қайран қапщыратын алып төбеге айналған.
Отырардың берік қамалы, айнала қазылған сулы ор үстіндегі аспалы
көпірлермен жабдықталған үш қақпасы болған. Олар арқылы жұрт мұқият
орналастырылған көшелермен қаланың орталық алаңына шығады екен. Ақша
соғатын орынның, қолөнершілер тұрағының, су құбырының, нәжіс жүйесінің
болуы мұндағы қала тіршілігінің астаналық сипатта болғанын көрсетеді.
Отырармен аттас көгалды алқаптың қалаға тіркесе жатқан бөлігінің өзінде
оннан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі түркілердің наным-сенімдері
Ежелгі түркі өркениеті және оның ерекшеліктері
Түріктердің наным-сенімдері, діни ұғымдары
Түркілердің сенім негіздері
Діни нанымдар
Тәңіршілдік діні мен Ислам діні
Бақсылық және бақсы сарындары
Көне түріктердің діні
Арғытүркілердің мәдени мұрасы
Түркі мәдениеті. Қазақ философиясының және дүниетанымының қалыптасуына түріктердің мифологиялық ағымдарының әсері
Пәндер