Ұлыбритания мемлекеті



Жоспары

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім
1. Мемлекет тарихы
2. Экономикалық.географиялық орны
3. Табиғат ресурстары мен байлықтары
4. Мемлекеттік құрылысы
5. Халқы
6. Шаруашылығы:
1. Өнеркәсібі
2. Ауыл шаруашылығы
3. Көлік шаруашылығы
7. Экологиясы
8. Туризм
9. Халықаралық байланыстары

ІІІ. Қорытынды
Кіріспе
Ұлыбритания, немесе Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольд ігі – экономикалық қуаты жағынан әлемдегі жетінші мемлекет.
Ұлыбритания Франция және Германия мемлекеттерімен бірге Жаңа заманның «ұлы европалық үштігіне» кіреді.
Ұлыбритания өндірістің капиталистік тәсілінің отаны болып табылады. XVII ғ. буржуазиялық революция Ұлыбританияны басқа еуропалық елдермен салыстырғанда капитализмнің ертерек дамуына жол ашып, ол кең және бай отарларды иеленіп озат теңіздік державаның құрылуына мүмкіндік жасады. Қазіргі уақытта көптеген отарларынан айырылғанымен, Ұлыбритания территориясында 6 млн. халқы бар және 14 тәуелді отар аймақтарын бақылап отырған аймақ. Одан басқа, 1931 ж. құрамына Ұлыбританияның бұрынғы 53 доминионы мен отарлары енген Ұлттардың Достастығы (1947 ж. бастап – Достастық) құрылды.
Ұлыбританияның европалық елдерді Америкамен және әлемнің басқа да бөліктерімен жалғастыратын жолдарда орналасуы әрқашан да елдің кеме қатынасын, саудасын және жалпы экономикасын дамытуға алғышарт болды.
XIX ғ. ортасында әлемдік өнеркәсіптік өндірістің жартысын өндірді және дүние жүзіндегі ең қуатты империя болды, бірақ мемлекет XX ғ. басында көшбасшы мәртебесінен айрылса да, қазіргі уақытқа дейін жоғары индустриалды дамыған елдердің бірі.
Ұлыбритания дүние жүзіндегі ең көне университеттерімен әлемге әйгілі – Оксфорд 1167 ж., Кембридж – 1209 ж. құрылды.
Ел халқының тағы бір мақтанышы – ол ағылшын тілінің халықаралық қатынастардағы ең маңызды тіл болып саналуы. Көптеген мемлекеттерде ағылшын тілі мемлекеттік тіл болып қабылданған.
Еуропада Ұлыбритания ауылшаруашылық өндірісінде ең жоғары дамыған мемлекеттерінің бірі.
Урбандалу деңгейі – ең жоғары көрсеткіштерінің бірі – 89 %. XIX ғ. ортасына таман мемлекет халқының жартысынан астамы, ал XX ғ. – 75% қалада шоғырланды.
1.«Экономическая и социальная география зарубежных стран». Ю.Н.Гладкий. Москва «Академия», 2009. 93 бет
2.«Международные экономические отношения».В.Е.Рыбалкин Юнити, Дана,2005.
3.«Физическая география материков и океанов». Т.В.Власова. Москва, Академия 2009 жыл. 151 бет.
4.«Географическая картина мира». В.П.Максаковский. Москва Дрофа, 2009.122бет
5.«Энциклопедия стран мира». Н.А.Симония. Москва, 2004ж. 716 бет
6.«Дүние жүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы». В.П.Максаковский, 7.Ә.Т. Мылқайдаров. Алматы «Қазақ университеті» 2013. 81 бет
8. « Страны и народы». Санкт-Петербург, 1997. 204 бет
9. «Социально — экономическая география зарубежного мира». В.В.Вольский. Москва Крон Пресс, 1998 жылы 246-247 беттер
10.«Географическая картина мира». В. П. Максаковский. Москва. Дрофа, 2009. 121бет
12.«Энциклопедия стран мира». Н.А.Симония. Москва, 2004ж. 714 бет

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім
1. Мемлекет тарихы
2. Экономикалық-географиялық орны
3. Табиғат ресурстары мен байлықтары
4. Мемлекеттік құрылысы
5. Халқы
6. Шаруашылығы:
1. Өнеркәсібі
2. Ауыл шаруашылығы
3. Көлік шаруашылығы
7. Экологиясы
8. Туризм
9. Халықаралық байланыстары

ІІІ. Қорытынды

Кіріспе
Ұлыбритания, немесе Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен
Корольд ігі – экономикалық қуаты жағынан әлемдегі жетінші мемлекет.
Ұлыбритания Франция және Германия мемлекеттерімен бірге Жаңа
заманның ұлы европалық үштігіне кіреді.
Ұлыбритания өндірістің капиталистік тәсілінің отаны болып табылады.
XVII ғ. буржуазиялық революция Ұлыбританияны басқа еуропалық елдермен
салыстырғанда капитализмнің ертерек дамуына жол ашып, ол кең және бай
отарларды иеленіп озат теңіздік державаның құрылуына мүмкіндік жасады.
Қазіргі уақытта көптеген отарларынан айырылғанымен, Ұлыбритания
территориясында 6 млн. халқы бар және 14 тәуелді отар аймақтарын бақылап
отырған аймақ. Одан басқа, 1931 ж. құрамына Ұлыбританияның бұрынғы 53
доминионы мен отарлары енген Ұлттардың Достастығы (1947 ж. бастап –
Достастық) құрылды.
Ұлыбританияның европалық елдерді Америкамен және әлемнің басқа да
бөліктерімен жалғастыратын жолдарда орналасуы әрқашан да елдің кеме
қатынасын, саудасын және жалпы экономикасын дамытуға алғышарт болды.
XIX ғ. ортасында әлемдік өнеркәсіптік өндірістің жартысын өндірді және
дүние жүзіндегі ең қуатты империя болды, бірақ мемлекет XX ғ. басында
көшбасшы мәртебесінен айрылса да, қазіргі уақытқа дейін жоғары
индустриалды дамыған елдердің бірі.
Ұлыбритания дүние жүзіндегі ең көне университеттерімен әлемге әйгілі –
Оксфорд 1167 ж., Кембридж – 1209 ж. құрылды.
Ел халқының тағы бір мақтанышы – ол ағылшын тілінің халықаралық
қатынастардағы ең маңызды тіл болып саналуы. Көптеген мемлекеттерде
ағылшын тілі мемлекеттік тіл болып қабылданған.
Еуропада Ұлыбритания ауылшаруашылық өндірісінде ең жоғары дамыған
мемлекеттерінің бірі.
Урбандалу деңгейі – ең жоғары көрсеткіштерінің бірі – 89 %. XIX ғ.
ортасына таман мемлекет халқының жартысынан астамы, ал XX ғ. – 75% қалада
шоғырланды.

Мемлекет тарихы

Ұлыбритания, Британия мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі
(Unіted Kіngdom of Great Brіtaіn and Northern Ireland) — Еуропаның
солтүстік-батысында, Британ аралдарында (ең ірісі — Ұлыбритания), Ирландия
аралының солтүстік-шығыс бөлігі мен ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет.
Британия елінің ресми атауы ең алғаш рет б.з. І ғасырларындағы ежелгі
римдік авторларда кездескен. Бұл сөз латын тілінен шыққан, және
бриттердің жері деген мағына береді. V ғасырда бриттер құрлыққа
қоныстанады, сол жерде Кіші Британия деп атайды. Бұл сөз ресми түрінде ең
алғаш рет Англияның королі Эдуарда IV қызымен, Шотландияның королі Джеймс
ІІІ баласының үйлену кезінде қолданылған. Тағы бір мағынасы ретінде
тұманды албион тіркесі қолданылады.
Ұлыбритания аумағындағы адамзат тіршілігінің ежелгі іздері ерте және
орта палеолит дәуірлеріне саяды. Соңғы қола және ерте темір дәуірінде
(б.з.б. 800 — 700 ж.) Ұлыбританияға құрлықтан кельттердің қоныс аударуы
басталды. Кельттер өздерімен бірге темір ғасыры мәдениетінің белгілерін
ала келді. Британиядағы кельттердің ықпалына ұшыраған халық шартты түрде
бриттер деп аталады. Болашақ Рим императоры Ю. Цезарь Галлияны жаулап
алған соң Британияға екі жорық жасады. Б.з. 60- жылдардың соңында Британия
Рим империясының ең шеткі провинцияларының біріне айналды. ІІІ ғ-дың
соңында Ұлыбританияға солтүстік герман тайпаларының (англдар, сакстер,
юталар, фриздер) шапқыншылығы басталды. V ғ-дың бас кезінде Рим үстемдігі
жойылып, Британия қайтадан тәуелсіз кельт аймақтарына бөлініп кетті. VIII
ғ-да Даниядан келген нормандар елдің солтүстік-батыс бөлігін басып алды.
Король Эгберт IX ғ-да елдің үлкен бөлігін бір мемлекетке біріктіріп, ол
Англия деп аталды. 1066 ж. Британияның ұсақ корольдіктерін нормандық
қолбасшы Вильгельм басып алып, біртұтас мемлекетке біріктірді.1
1265 ж. ағылшын парламенті құрылды. 1337 ж. Англия Франциямен Жүз жылдық
соғысқа кірісті .
Бұл соғыс біте салысымен ағылшын тағы үшін соғыс (“Алқызыл” және “Ақ
раушан соғысы”) басталып, ол Тюдор әулетінің жеңісімен аяқталды.
1588 ж. “Жеңілмейтін армаданы” талқандау Англияны дүние жүзіндегі аса
ірі теңіз державаларының біріне айналдырды.
XVII ғасырдың бас кезінде Ұлыбритания жаңа құрлықтан өзінің алғашқы
отарларын иемденді.
1603 ж. Шотландия королі ағылшын тағына Яков Қ. отырып, Шотландия мен
Англия бір мемлекетке бірікті.
1640—1649 ж. корольдік Стюарттар әулеті мен парламент арасындағы
қақтығыс азамат соғысына ұласып, нәтижесінде Оливер Кромвель бастаған
республика жарияланды. Кромвель қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай Монархия
тез арада қалпына келтірілгенімен, король құқығы біршама шектеліп, билік
тұтастай парламент жағында болды.
1651 ж. Ирландия, 1652 ж. Шотландия басып алынды.
1707 ж. Ұлыбритания корольдігi бірігу жөніндегі актіге қол қойғаннан
кейін Лондон қаласы біртұтас мемлекеттің астанасына айналды.
XVIII ғасырдада Британдық отарлық жүйе қалыптасты.
XVIII ғасырдың соңында Ұлыбритания 13 америкалық отарынан айрылғанымен
Канада мен Үндістандағы жағдайын күшейте түсті.
1805 ж. Трафальгар мүйісінде адмирал Нельсон испан-француз флотын
талқандап, Ұлыбритания “теңіз әміршісіне” айналды.
1899—1902 ж. ағылшындар Оңтүстік Африкада бурларға қарсы соғыс жүргізді.
Бірінші дүниежүзілік соғыста Ұлыбритания Антанта жағында Германияға қарсы
соғысты. Соғыстан кейін Африка мен Азиядағы неміс отарларының біраз
бөлігін иемденді. 1-дүниежүзілік соғыстан кейін Ұлыбритания ауыр
экономикалық жағдайды бастан кешірді. Ұлт-азаттық қозғалыстан кейін 1921
ж. Ирландия өз тәуелсіздігін жариялады. Ұлыбритания Екінші дүниежүзілік
соғысқа (1939 — 1945) Гитлерге қарсы коалиция жағында қатысты.
1947 ж. Үндістан мен Пәкістанға тәуелсіздік берілді.
1945—1970 ж. британ отарларының барлығы дерлік өз тәуелсіздіктерін алды.
1949 ж. НАТО-ға мүше болды.
1982 ж. Атлант мұхитының оңтүстігінде Аргентина мен Фолкленд аралдары
үшін қарулы қақтығыс болып, қысқа мерзімдік әскери қимылдар нәтижесінде
Ұлыбритания өзінің осы аумаққа бақылауын қалпына келтірді.
1979—1990 ж. Маргарет Тэтчер бастаған консерваторлар үкіметі экономикада
ұтымды реформалар жүргізді. Соғыстан кейін Шотландия мен Солтүстік
Ирландиядағы ұлттық мәселелер шиеленісе түсті. Әсіресе, Солтүстік
Ирландиядағы оқиғалар ушығып, 1969 жылдан бастап мұнда азамат соғысы
жүрді.
1994 ж. тамызда Ирландық Республикалық Армия ұрыстарды біржақты
тоқтататыны жөнінде мәлімдеді. Алайда 1996 ж. ИРА жауынгерлері лаңкестік
әрекеттерін қайта бастады. Отарларының барлығынан айрылғанына қарамастан
Ұлыбритания әлемдегі жетекші елдердің бірі болып саналады.
ХХ ғ. басында АҚШ, одан кейін Германия да Ұлыбританияны
өнеркәсіптік даму бойынша басып озады. 1930 ж. дағдарыс ел
экономикасына ауыр тиді, әсіресе ескі салалар (көмір, кеме жасау, т.б.)
басым аудандар зардап шекті.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Ұлыбританияның АҚШ-қа бағынышты
жағдайы байқалды, кейде ол АҚШ-тың 49-шы штаты деп те аталды ( әлі
күнге дейін оның аумағында американдық 30 әскери базалар
орналасқан). Осы жылдары ұлт-азаттық қозғалыстың күрт өсуі Британия
империясының ыдырауына әкеп соқтырды. Дәл осыдан кейін Ұлыбритания
Бірлестік құру туралы ұсыныс жасады, оның құрамына бұрынғы отар
елдердің көпшілігі кірді. Бұрынғы ағылшын отарлары - Канада, Австралия,
Жаңа Зеландия, Сингапур сияқты елдер қазір жоғары дамыған, бай елдерге
айналды.2

1.Социально — экономическая география зарубежного мира. В. В. Вольский.
Москва, Крон Пресс, 1998 жылы 246-247 беттер
2.Экономическая и социальная география зарубежных стран. Ю.Н.Гладкий.
Москва, Академия, 2009. 84 бет
Экономикалық- географиялық орны

Ұлыбритания Еуропаның солтүстік- шығыс бөлігінде орналасқан, Британ
аралдары, Ирландия аралының солтүстік бөлігін және көптеген ұсақ
аралдарды қамтиды. Ұлыбритания аралдарында Англия, Шотландия және Уэльс
орналасқан.
Ұлыбританияның аумағы 244100 шаршы шақырым, оның 241 590 шаршы шақырымы
құрлық бойынша. Солтүстігінде және батысында Ұлыбританияны Атлант мұхиты,
шығысын - Солтүстік теңіз, батысын- Ирланд теңізі, ал солтүстігін- Ла-
Манш бұғазы шайып жатыр.
Географиялық координаты: 54º 00´ с.е., 2º 00´ б.б. Англияның ауданы
– 129 634 шаршы шақырым, Уэльс – 20 637 шаршы шақырым, Шотландия – 77 179
шаршы шақырым және Солтүстік Ирландия – 13 438 шаршы шақырым. Англияның
оңтүстік жағалауынан Шотландияның ең шеткі солтүстік нүктесіне
дейінгі қашықтық 960 шақырым, ал Англияның шығыс жағалауымен Батыс
Уэльс ара- қашықтығы – 480 шақырым. Жалпы құрлықтық шекарасы – 360
шақырым. Жағалау сызығы – 12 429 шақырым. Ең жақын орналасқан көршілес
мемлекеттерге оңтүстік және оңтүстік- шығыстағы – Франция және Бельгия
елдері жатады. Оңтүстікке қарай Ирландия орналасқан.
Елді қоршаған теңіздер қатпайды, бұл Ұлыбританияның сыртқы
экономикалық байланыстарын және экономикасын дамытуға өте қолайлы.
Жағалау сызығы – тілімденген, көптеген ыңғайлы шығанақтарында елдің
порттық- өнеркәсіптік орталықтары қалыптасқан. Теңіз табиғат
жағдайлары кешеніне, ауыл- шаруашылығына, көлік жүйесіне және
шаруашылықтың басқа да салаларына тікелей әсер етеді.
Ұлыбритания жер бедерінің әр алуандығымен ерекшеленеді: солтүстікте
және батыста таулық жер бедері, оңтүстікте және шығыста жазық
жерлер басым. Елдің орталық бөлігін Пеннин таулары алып жатыр
(орташа биіктігі 500-800м.) Негізінен таулы аймаққа Шотландия (елдің ең
жоғарғы нүктесі – Бен- Невис тауы, 1343 м, ең төменгі нүктесі – Фенланд,-
4м.) жатады. Уэльстің көп бөлігін Кембрий таулары алып жатыр. Уэльстің
оңтүстік-шығысында жасыл жазықтар, ірілі-кішілі өзендер таралған.
Негізінен жазықты жерлер Ұлыбританияның оңтүстік-шығысында және
орталығында кездеседі.
Елдің шаруашылыққа жарамды жерлерінің 25%-ын шабындықтар, 46%- ын
жайылымдар, 10%-н орман құрайды. Қалған 19%- ы басқа салаларға
арналған.
Ұлыбритания климатының теңіздік сипаты жыл бойғы қалың тұмандар мен
өтімді желдер болатын орнықсыз ауа райының басым болуынан байқалады. Қысы
өте ылғалды және қалыптағыдан тыс жұмсақ.1

1.Энциклопедия стран мира. Н.А.Симония. Москва, 2004ж. 714 бет

Табиғат ресурстары мен байлықтары

Геологиялық тұрғыдан алғанда жері түгел каледон қатпарлығы алабында
жатыр. Жер қойнауында тас көмір, темір, қалайы, т.б. түсті металдар сияқты
қазба байлықтары мол. Елдің шығысында, Солтүстік теңіздің жағалауларынан
мұнай мен газдың ірі кен орындары табылған. Түсетін жауын-шашын мөлшерінің
буланудан басым болуы себепті оңтүстік- батыстағы кейбір аудандардан басқа
елдің бүкіл аумағында мол сулы өзендердің жиі тармағы қалыптасқан. Олардың
ішіндегі ең ірілері — алаптары бір-бірімен шектесетін Северн (310 км) мен
Темза (334 км) өзендері. Темза өзенінің Ұлыбритания экономикасындағы
маңызы зор. Оның алабында бүкіл ел халқының 15 бөлігі тұрады. Үлкен
Лондон да осында орналасқан. Өзендердің көпшілігі бір-бірімен каналдар
арқылы жалғастырылған. Солтүстік-батыс Шотландия мен Уэльстің қысқа, бірақ
мол сулы өзендері электр қуатын өндіруге пайдаланылады. Мұнда 60- тан аса
СЭС салынған. 1
Ұлыбритания тас көмірге бай, барланған қоры – 45 млрд т, жобаланған
қоры – 190 млрд т. Оның ірі кен орындары үш таскөмір бассейндерінде
таралған: Пеннин тауларының етегінде орналасқан Йоркшир және
Нортумберленд- Дарем, Уэльский тауларының оңтүстік қыратындағы
Оңтүстік- Уэльс кен орындары. Таскөмір бассейндері өнеркәсіптік
өндірістің және өнеркәсіптік аудандардың қалыптасуында маңызды роль
атқарды және кен орындарының көпшілігінің теңіз жағалауына жақын
орналасуы тасымалдауға қолайлы болды. Осыған байланысты кезінде
Ұлыбритания ірі көмір экспортері болды.
1960-70 жылдары Солтүстік теңіз түбі қайраңынан мұнай мен табиғи
газдың ірі қорлары табылды. Осыған байланысты Ұлыбритания Норвегиямен
бірге европалық мемлекеттер арасындағы мұнай мен газдың ірі өндірушісі
мен экспортеріне айналды. Бұл кен орындары Англияның оңтүстік-
шығысы мен Шотландияның солтүстік- шығысы жағалауларына жақын
орналасқан. Мұнайдың барланған қоры – 2,9 млрд т, жобаланған қоры – 7
млрд т. Мұнай 1975 жылдан бастап 62 кен орындарында өндіріліп
келеді, ең ірілеріне Фортис, Брент, Ниниан, Пайпер, Берил, Статфьорд
және басқалары жатады.
Газдың барланған қоры – 1,9 трлн м³, жобаланған қоры – 3,8 трлн м³.
Негізгі кен орындары – Леман, Индефатигэйбл, Хеветт және т.б. Газ
өндіру 1960 жылдан басталды, оған дейін газ көмірден өндірілді.
Ұлыбританияда темір рудаларының ірі қорлары бар, оның жобаланған
қоры – 5 млрд т (жартысына жуығы барланған қорға жатады). Темір
рудасының басты кен орны Нортгемпширде орналасқан. Түсті
металлдардан қалайы Корнуолл түбегінде, қорғасын- мырыш және жез
рудалары елдің орталық бөлігінде кездеседі.
Басқа пайдалы қазбалардан Корнуэллдегі каолин кен орнын айтуға
болады, Чешир мен Даремде тас тұзы, Йоркширде калий тұзы
өндіріледі. Минералдық- ресурстық қордың кедейлігінен ел импортқа
қатты тәуелді.2

1.Географическая картина мира. В. П. Максаковский. Москва. Дрофа, 2009.
121бет
2.Энциклопедия стран мира. Н.А.Симония. Москва, 2004ж. 714 бет
Мемлекеттік құрылысы

Ұлыбритания - парламенттік монархия. Мемлекет басшысы –
король(королева). Корольдық билік өмірбақи болып саналады және
монархтың тура ұрпақтарына мұрагерлік арқылы беріледі. Король
(королева) сот жүйесінің басшысы, қарулы күштердің жоғарғы бас
қолбасшысы, мемлекеттік англикан шіркеуінің және бірлестіктің басшысы
болып табылады. Король премьер- министрді, министрлерді,
дипломаттарды, әскер офицерлерін, епископ және архиепископтерді,
губернаторларды тағайындауға, ұлтаралық келісімдерді жүргізуге,
соғыс және бейбітшілік жариялау құқықтарына ие. Бірақ шындығында
ағылшын королі – тек номиналды мемлекет басшысы (билейді, бірақ
басқармайды); бүкіл билік атқарушы биліктің – министрлер кабинетінің
қолында.
Атқарушы билік: мемлекет басшысы: ІІ Елизавета королевасы (1952
жылдың 6- шы ақпан айынан); престол мұрагері принц Чарльз (королеваның
ұлы, 1948 ж. 14- шы қарашасында туды); үкімет басшысы: премьер- министр
– Гордон Браун (1951 ж. 20 ақпанда Шотландияда туды, 2007 ж. 27 маусымда
ресми түрде Ұлыбританияның премьер- министрі атанды).
Үкімет: министрлер кабинеті (премьер- министрмен тағайындалады);
Заң шығарушы билік екіпалаталық парламенттің құзырында. Жоғары
палатаға (лордтар палатасы) 1000-ға жуық мұрагерлік құқық арқылы
лорд, басқа аристократия өкілдері, екі архиепископ және 24 епископ
кіреді (оның ішінде 577 өмірбақи мүшелер); төменгі палата ашық және
құпия сайлау арқылы бес жылға сайланатын 659 депутаттан құралған.
Заң бойынша төменгі палатаға сайлану құқығына 21 жасқа толған әрбір
британ азаматы ие. Атқарушы билік - министрлер кабинетінің (20 шақты
адам) және үкіметтің (100 шақты адам) құзырында. Үкімет құрамына
кіреді: департаменттік министрлер (кейбіреулері мемлекеттік хатшылар
болып аталады), департаменттік емес министрлер (Ланкастер герцогтігінің
канцлері, мөрді сақтаушы- лорд, бас қазынашы), және лорд- канцлер, сот
басқармаларының басшысы, мемлекеттік министрлер және кіші министрлер
(мемлекеттік хатшылардың орынбасарлары және парламенттік хатшылар).
Үкіметті премьер- министр басқарады. Премьер- министр – парламенттегі
көпшілік партиясының көшбасшысы. ХVIII ғ. басынан атқарушы биліктің
жоғарғы органы – министрлер кабинеті.
Парламенттегі билік үшін күресте негізгі рольді екі партия
ойнайды: ХХ ғ. дейін консерваторлар – аристократия және либералдар
партиясы (консервативтік партия 1867 ж. құрылған, 1979 жылдан билік
басында болды; 300 мыңға жуық өкілдері бар). 1997 ж. билікке
лейбористік партия келді (1890 ж. құрылған, 260 мыңнан жоғары өкілдері
бар). Солтүстік аудандарда және ірі қалалардың орталығында
лейбористер басым, ал оңтүстікте, агломерациялардың қала маңы
аудандарында – консерваторлар көбірек. 1997 жылғы мамыр сайлауында,
консерваторлардың 18- жылға созылған басқаруынан кейін, лейбористер
үлкен басымдылықпен ірі жеңіске жетті.
Ұлыбританияның құрамына Англия, Уэльс, Шотландия және Солтүстік
Ирландия кіреді. Англия және Уэльс - 54 графтіктерге, Шотландия – 9
облыстарға, Солтүстік Ирландия – 26 округтерге бөлінген.
1982 ж. Аргентинаға қарсы әскери әрекетінде Ұлыбритания Фолкленд
аралдарын өзіне тартып алды (аралдар көптеген уақыт бойы даулы
аймақ болып саналды). Екі мемлекеттің аталған аймақ үшін таласуының
негізгі себебі – ол аралдың солтүстік қайраңында мұнай қорының
табылуы.
Ұлыбритания 4 әкімшiлік- саяси бөліктен (тарихи ұлттық облыстардан):
-Англиядан (45 графтық пен ерекше әкімшілік бірлік — Үлкен Лондон,
әкімшілік орталығы — Лондон);
Уэльстен (8 графтық, әкімшілік орталығы — Кардифф);
Шотландиядан (12 облыс пен 186 арал, әкімшілік орталығы — Эдинбург);
Солтүстік Ирландиядан (26 округ, әкімшілік орталығы— Белфаст) тұрады.
Ал Мэн аралы (әкімшілік орталығы — Дуглас) мен Норманд аралдары
(әкімшілік орталығы — Сент-Хелиер) дербес әкімшілік аймақтарға жатады.

Бұған қоса Ұлыбританияның иеліктері:
Еуропада — Гибралтар,
Америкада — Ангилья,
Британдық Виргин аралдары,

Кайман аралдары,
Монтесеррат,
Теркс пен Кайкос,
Фолкленд (Мальвин) аралдары,
Африкада — Әулие Елена аралы,
Океанияда — Питкэрн аралы бар.1
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін отарланған және жартылай отарланған
елдер барлық жер шары аумағының 72% тіршілік етті. Ұлыбританияның барлық
дүние бөліктерінде 70 отары болды. Жер көлемі жөнінен олар метрополиядан
170, ал халқы санынан 9 рет асып түсті.2

1.Экономическая и социальная география зарубежных стран. Ю.Н.Гладкий.
Москва Академия, 2009. 92 бет
2.Дүние жүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы.
В.П.Максаковский, Ә.Т. Мылқайдаров. Алматы Қазақ университеті 2013. 5
бет

Халқы

Динамикалық өсімі. Ұлыбритания халқының саны - 63,1 млн адам (2011).
Халқының ұдайы өсуі
1900 35 405 900
1949 50 300 000
1959 51 900 000
1976 55 900 000
1998 59 100 000
2004 59 834 900
2005 60 441 457
2007 60 776 238
2009 61 634 783
2011 63 181 7751
Халықтың саны бойынша әлем бойынша 17- ші орында, ал Европада
тек Германияға ғана жол беріп, Франция және Италия халқымен
шамалас. Англияда мемлекет халқының 83%- ы, Уэльсте - 5%, Солтүстік
Ирландияда - 3%, ал Шотландияда - 9%-ы тұрады. 2008 жылы халықтың
табиғи өсімі алғаш рет халықтың өсуіне миграциядан да көп өз әсерін
тигізді, яғни халықтың өсімі табиғи өсімге ба йланысты болды. Соңғы
онжылдықта демографиялық жағдайда туу және табиғи өсім көрсеткіштері
төмендеді: 1000 тұрғынға туу көрсеткіші 13 адамды құрайды, өлу – 11, ал
табиғи өсім – 2 адам. Халықтың жас құрылымында кәрі халық саны
артты және бала жастағылардың көлемі азаюда (15 жасқа дейінгі
балалар халықтың 18,89%- ын құрайды, 16 дан 64 жасқа дейінгілер –
65,41%, 65 жастан жоғары халық саны – 15,7%). Халықтың қартаю
процессі өмірдің орташа ұзақтығының артуымен байланысты: еркектерге –
74 жас, ал әйелдерге – 79. Бала өлімі санынан – Европада ең төменгі
орындардың бірін алады – 1000 тұрғынға – 6 адам.
Этникалық құрылымы. Халықтың этникалық құрылымында ақ тұрғындар
(94,5%) басымырақ және басқа этникалық топтар: негрлер, үндістер,
пакистандықтар, қытайлар және басқалары (5,5%). Этникалық ағылшындар
рим, кельт және герман (англосаксон) тайпаларының араласуы нәтижесінде
қалыптасты. Ағылшын тілі герман тілдерінің солтүстік- батыс тобына
кіреді.
Уэльстіктер, шотландықтар кельт халқына жатады. Бүкіл әлемге
шотландық еркектер өздерінің ұлттық ерекшеліктері: юбка (килт)
киюлерімен және волынка аспабында ойнаумен әйгілі.
Тұрғындардың 81,5%-ы – ағылшындар, 9,6% - шотландықтар, 2,4% -
ирландықтар, 1,9% - уэльстіктер, қалған 2,8%-ын басқа елден келгендер
құрайды.

Халқының этникалық құрамы, 1997 жыл

Халқы Мың адам Халқы Мың адам
Герман тобы 50 634 Француздар 40
Англичандықтар 43 150 Португалдар 10
Шотландықтар 5 000 Румындар 5
Еврейлер 410 Валлондар 5
Ямайлықтар 400 Аргентиндар 5
Немістер 160 Бразилиялықтар 5
Амеирикандықтар 110 Чилиліктер 5
Англоканадтықтар 65 Славян тобы 166
Англоавстралиялықтар 62 Поляктар 130
Гайандар 60 Орыстар 15
Барбадостар 35 Югославтықтар 12
Англоафрикандықтар 30 Чехтер 9
Австриялықтар 28 Грек тобы 85
Тринидаттықтар 25 Грек-киприоттар 75
Англожаңазеландықтар 21 Гректер 10
Голандықтар 20 Үндістер 720
Африканерлер 16 Пакистандықтар 285
Германошвейцарлықтар 14 Қытайлар 100
Фламандар 10 Африкандықтар 65
Даттықтар 8 Бангладештіктер 52
Норвеждіктер 5 Малттар 35
Шведтер 5 Арабтар 25
Келт тобы 3 040 Түрктер 25
Ирландықтар 2 250 Венгрлер 17
Уэлстер 700 Армяндар 15
Гэлдер 90 Бирмандар 13
Роман тобы 470 Парсылар 8
Италияндар 220 Жапондықтар 5
Нормандықтар 125 Түрк-киприоттар 5
Испандар 50 Басқа белгісіздер 43
Жалпы 55 808

2

кесте-1

Діні. Дін тұрғысынан Ұлыбритания Протестанттық ел болып саналады.
Англияда мемлекеттік мәртебеге ие Ангикан шіркеуінің 27,7 млн ұстанушысы
бар. Сол сияқты Шотландияда пресвитериандық шіркеуінің 1,1 млн ізбасарлары
бар. Басқа да протестанттық топтар бар: бірінші кезекте Уэльсте
методисттерге бейімделген, елдің солтүстігінде Корнуоллда 2 млн астам
ізбасарлары бар, баптисттер- 0,5 млн және тағы басқа. Ұлыбританияда
католиктер саны -5,8 млн, сонымен қатар Англия және Уэльсте- 4,4 млн,
Шотландия да — 0,9 млн, Солтүстік Ирландияда — 0,5 млн. Елде тағы да
иудаисттер, мұсылмандар, индуистер және буддистер де бар.

Таралуы. Ұлыбританияда халық тығыздығы жоғары – 1 шаршы шақырымға
240 адамнан (Европа елдеріндегі орташа көрсеткіш – 153), Англияда – 350-
ден жоғары, Уэльсте – 130, Шотландияда және Солтүстік Ирландияда – 1
шаршы шақырымға 100 адамнан келеді. Ел өзінің жоғары урбандалуымен
де ерекшеленеді: қалаларда халықтың 90%- ы тұрады. Ұлыбритания
аумағында халқы 1 млн адамнан асатын 8 қала агломерациялары
қалыптасқан: Үлкен Лондон, Батыс- Мидленд (орталығы – Бирмингем),
Мерсесайд (Ливерпуль), Үлкен Манчестер, Батыс- Йоркшир (екі орталық –
Лидс және Брадфорд), Оңтүстік- Йоркшир (Шеффилд және Ротерем),
Клайдсайд (Глазго), Тайнсайд (Ньюкасл- апон-Тайн). Халықтың ½ ірі
қалаларда тұрады.
Халықтың 10%-ын негізінен Бірлестік елдерінен (Индия, Пакистан,
Кариб бассейні елдері) көшіп келген келімсектер құрайды.
Келімсектердің басым бөлігі Үлкен Лондонда (олардың жалпы санының ½
бөлігі), Батыс Мидлендте және Ливерпульде шоғырланған. Олардың
Ұлыбританияға жаппай көшуі 1950- 60 жылдарға келді.
Еңбекке жарамды халықтың 70%- ы материалдық емес сферада, әсіресе
қаржы саласында жұмыс атқарады. Материалдық өндіріс саласында жұмысқа
жарамдылардың 20%-ы тартылған. Аграрлық салада - 1%.

Өмір сүру сапасының көрсеткіштері бойынша Ұлыбритания жоғары
дамыған елдер қатарында тұр, урбандалу деңгейі – дүние жүзіндегі ең
жоғары көрсеткіштердің бірі - 89%. ХІХ ғ. ортасында ел тұрғындарының
жартысына жуығы қалаларда өмір сүрді, ал ХХ ғ.б. - 75% (АҚШ-та қала
тұрғындарының үлесі тең жартысына тек 1920 ж. ғана жетті).
Тілі. Ұлыбританияның ресми тілі болып ағылшын тілі саналады. Ағылшын тілі
дүние жүзіне Британдық империяның ықпалымен тарады және қазіргі таңда
халықаралық бизнес тілі болып саналады. Көп елдерде екінші оқытылатын
негізгі тіл болып саналады. Сонымен қатар Ұлыбританияда төрт кельт тілі
қолданылады: валдық, ирландық, гаэлдық жәгне корндық.
Ұлыбританияда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иран Ислам Республикасы— Азияның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет
Иран - діни мемлекет
Таяу Шығыстағы Британ Француз үкіметінің отарлық саясатының дағдарысы
Иран Ислам Республикасы туралы
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық жағдай
Қазақ мемлекетінің эволюциясы жайлы
Германияның 1949 жылғы Конституциясы
ӘСКЕРИ - ТЕҢІЗ КҮШТЕРІ
Иран
Соғыстан кейінгі бейбіт реттеу проблемасы
Пәндер