Металлургия өнеркәсібі



Мазмұны
Кіріспе 4
Негізгі бөлім
1 Қазақстан экономикасының тәуелсіздік жылдарындағы даму ерекшелігі
1.1 Нарықтық экономикаға өтуі 6
1.2 Нарықтық экономика жағдайындағы республика
экономикасының дамуы 9
1.3. Қазақстан экономикасындағы шетел инвестицияларының ролі 10
2 Қазақстанның металлургия өнеркәсібі
2.1. Минаралды.шикізат ресурстары 14
2.2 Металлургия өнеркәсібінің 2002.2005 жылдары арасындағы көрсеткіштері 15
2.3 Металлургия өнеркәсібінің қазіргі жағдайы 17
2.4 Металлургия кәсіпорындары. 19
3. Қазақстанда түсті және қара металлургияны дамытудың
негізгі бағыттары 21
4. Минералды.шикізат ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері 22
Қорытынды 25 Қолданылған әдебиеттер тізімі 27
Кіріспе

Қазақстан Республикасының металлургия өнеркәсібіне талдау жасау қазіргі кездегі өзекті мәселелердің біріне жатады, өйткені тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі жылдары елміздің экономикасы төмен құлдырап, тек 1995 жылдан бастап қана ол бірте-бірте көтеріле бастады, ал 2005 жылы еліміздегі жалпы ішкі өнім көлемі 1995 жылмен салыстарғанда екі есе өсті. Экономикамыздың өсуінде металлургия өнеркәсібінің рөлі зор. Республиканың Энергетика және минералды ресурстар министрлігі «Республиканың отын өнеркәсібінің 2015 жылға дейінгі даму стратегиясын» қабылдады [1]. Міне, осындай дәрежеге жету үшін қандай жұмыстар жүргізілді және экономикамыздың дамуының басты бағыттары қандай болды, ел экономикасындағы металлургия өнеркәсібінің рөлі қандай деген сұраққа жауап беру үшін осы жұмыста көптеген статистикалық мәліметтерге талдау жасалынып, ел экономикасы дамуының басты себептерін айқындау қазіргі уақытта өте қажет.
Қазақстанда реформа жасау жылдарында, нарықтық экономикаға көшуде орасан зор көп жұмыстар атқарылды:
• барлық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге баға мен тариф ырықтандырылды;
• елімізде мемлекеттік меншікті жекешелендіру жоғары қарқынмен жүргізілді, реформа жылдары (2000-2011) мемлекеттік 16мың кәсіпорын жекешелендірілді, оның ішінде экономиканың экспорттық секторына жататын өнеркәсіптің ірі жетекші кәсіпорындары бар. Бүгінде шаруашылық қызметпен айналысатын субъектілердің жалпы санының 80%-дан астамы жеке меншікте, мемлекет меншігінде тек 15,5%-ы ғана қалған;
• рыноктық инфраструктураның базасы жасалды: 100-ден астам екінші дәрежедегі банк жұмыс істейді, олардың 30-дан астамы жеке меншіктегі , 72-сі акционерлік, 6-ы шетелдік банктер. Кейбір банктер банкрот болып, кейбіреулері өзара бірігіп, іріленіп деген сияқты табиғи процесс жүріп жатыр. Яғни экономикамыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Райханұлы Н. Экономиканың жарты жылдық қарқыны. - Ақиқат., 2004-№9.-11-12б.
2. Елшібекова Қ. Инвестициясыз экономика өрге баспайды. - Саясат.,-1998-№2.-15-18б.
3. Шыңғыс М. Экономикадағы дүбәралық. - Жас Алаш.,-2006-№12.-1-2б.
4. Сәбден О. Инвестиция салынған негізгі салалар. - Ақиқат.,-1997-№2.-15б.
5. Құлымжанов М . Нарықтық экономиканың мәні, құрылымы және тиімді жұмыс істеудің шарты. Агробизнесс теориясы мен тәжірибесі. - А.,-1997.-19-21б.
6. Райханұлы Н. Реформаға көзқарас. (Нарықтық қатынастардың дамуы қандай?). - Ақиқат.,-1997-№5.-11-18б.
7. Құлымжанов М. Нарықтық экономика заңдары. - Ақиқат.,-2003-№7.-30-32б.
8. Әліқұлов К.А. Қазақстанда нарықтық қатынастардың дамуы. - Жаршы.,-2004-№2.-60-62б.
9. Нұрмолдақызы Г. Инвестицияларды қайда жұмсаған қайырлы.- Қаржы-қаражат.,-1998-№7.-23б.
10. Райханұлы Н. Нарықтық қатынастар мен ҚР-да экономиканың басты салаларында жұмсалған инвестицияның құрамы мен динамикасы. - Ақиқат.,-1998-№2.-33-35б.
11. Шыңғыс М. Қазақстан және әлемдік инвестиция. - Жас Алаш.,-2002-№9.-9б.
12. Шалғынбаев Н. Нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы жекешелендіру. - Саясат.,-2004-№8.-49-51б.
13. Қазақстан цифрларда. Статистикалық жинақ. - Алматы.,-2005
14. Каргажанов З.К., Тлеубергенов М.А. и др. Теория и методика установления платы за использование минеральных ресурсов (на примере цветной, черной металлургии и нефтяной промышленности Казахстана). – Алма-Ата., 1992. – 155 с.
15. Каргажанов З.К., Баймырзаев К.М., Калиаскарова З.К. Платежи за пользование природными ресурсами. – Алматы, 1997. – 162 с.
16. Гирусов Э.В., Бобылев С.Н., Новоселов А.Н. Экология и экономика природопользования. – М.: Закон и право ЮНИТИ, 1998. – 455 с.
17. Голуб А.А., Струкова Е.Б. Экономика природных ресурсов. – М.: Аспект Пресс, 2001. – 319 с.
18. Володомонов Н.В. Горная рента и принципы оценки месторождений . – М.: Металлургиздат, 1959. – 80 с.
19. Яковец Ю.В. Методология ценообразования в горнодобывающей промышленности. – М.,1964. – 198 с.
20. Каргажанов З.К. Проблемы горной ренты и плата за пользование недрами при социализме // Вестник АН КазССР, 1979, №7.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
4
Негізгі бөлім
1 Қазақстан экономикасының тәуелсіздік жылдарындағы даму ерекшелігі
1.1 Нарықтық экономикаға өтуі
6
1.2 Нарықтық экономика жағдайындағы республика
экономикасының дамуы
9
1.3. Қазақстан экономикасындағы шетел инвестицияларының ролі
10
2 Қазақстанның металлургия өнеркәсібі

2.1. Минаралды-шикізат ресурстары
14
2.2 Металлургия өнеркәсібінің 2002-2005 жылдары арасындағы көрсеткіштері

15
2.3 Металлургия өнеркәсібінің қазіргі жағдайы
17
2.4 Металлургия кәсіпорындары.
19
3. Қазақстанда түсті және қара металлургияны дамытудың
негізгі бағыттары
21
4. Минералды-шикізат ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері
22
Қорытынды
25 Қолданылған әдебиеттер
тізімі
27

Кіріспе

Қазақстан Республикасының металлургия өнеркәсібіне талдау жасау қазіргі
кездегі өзекті мәселелердің біріне жатады, өйткені тәуелсіздігімізді
алғаннан кейінгі жылдары елміздің экономикасы төмен құлдырап, тек 1995
жылдан бастап қана ол бірте-бірте көтеріле бастады, ал 2005 жылы еліміздегі
жалпы ішкі өнім көлемі 1995 жылмен салыстарғанда екі есе өсті.
Экономикамыздың өсуінде металлургия өнеркәсібінің рөлі зор. Республиканың
Энергетика және минералды ресурстар министрлігі Республиканың отын
өнеркәсібінің 2015 жылға дейінгі даму стратегиясын қабылдады [1]. Міне,
осындай дәрежеге жету үшін қандай жұмыстар жүргізілді және экономикамыздың
дамуының басты бағыттары қандай болды, ел экономикасындағы металлургия
өнеркәсібінің рөлі қандай деген сұраққа жауап беру үшін осы жұмыста
көптеген статистикалық мәліметтерге талдау жасалынып, ел экономикасы
дамуының басты себептерін айқындау қазіргі уақытта өте қажет.
Қазақстанда реформа жасау жылдарында, нарықтық экономикаға көшуде орасан
зор көп жұмыстар атқарылды:
• барлық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге баға мен тариф
ырықтандырылды;
• елімізде мемлекеттік меншікті жекешелендіру жоғары қарқынмен жүргізілді,
реформа жылдары (2000-2011) мемлекеттік 16мың кәсіпорын жекешелендірілді,
оның ішінде экономиканың экспорттық секторына жататын өнеркәсіптің ірі
жетекші кәсіпорындары бар. Бүгінде шаруашылық қызметпен айналысатын
субъектілердің жалпы санының 80%-дан астамы жеке меншікте, мемлекет
меншігінде тек 15,5%-ы ғана қалған;
• рыноктық инфраструктураның базасы жасалды: 100-ден астам екінші
дәрежедегі банк жұмыс істейді, олардың 30-дан астамы жеке меншіктегі , 72-
сі акционерлік, 6-ы шетелдік банктер. Кейбір банктер банкрот болып,
кейбіреулері өзара бірігіп, іріленіп деген сияқты табиғи процесс жүріп
жатыр. Яғни экономикамыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер жүріп
жатыр.
Қазақстанда қазіргі таңда ең тауарлы өнеркәсіп саласына металлургия
өнеркәсібі жатады. Ол қара және түсті металлургиядан тұрады. Қазақстанның
бүкіл өнеркәсіп үлесінің 20 пайызы металлургия өнеркәсібіне тиесілі. Оның
ішінді үштен екісін түсті металлургия, үштен бірін қара металлургия алады.
Түсті металлургия Қазақстандағы байырғы өнеркәсіп салаларының біріне
жатады. Оның дамуы республиканың өнеркәсібіінң дамуында үлен рөл атқарады.
Ең алғашында түсті металлургияның негізгі аудандары Шығыс және Орталық
Қазақстан болған. Соңғы 20-30 жылда түсті металлургия солтүстік және
оңтүстік аудандарда да дамуда. Қазақстанның түсті металдары жоғары
сапалылығымен ерекшеленеді.
Қара металлургия аудан құрушы маңызға ие өнеркәсіп саласына жатады.
Қазақстанда қара металлургияның қалыптасуы негізгі екі бағытта жүрді.
Біріншісі - одақтық маңызға ие темір рудасының базасының негізінде,
екіншісі- металлургия кәсіпорындарының құрылысы негізінде [2].
Қазақстанда металлургияның дамуының негізгі мәселелері: жер асты
рудниктерін реконструкциялау, технологиялық процестерді жетілдіру, шикізат
бағытынан өңдеу бағытына өту, мыс, қорғасын-мырыш, алюминий өнеркәсіптерін
дамыту[3].
Зерттеудің мақсаты - Республика экономикасының дамуындағы металлургия
өнеркәсібінің рөлін айқындау.
Зерттеудің міндеттері:
- Республика экономикасына жалпы сипаттама беру;
- Республикадағы өнеркәсіптің, соның ішінді металлургия өнеркәсібінің
дамуына талдау жасау;
- Республиканың металлургия өнеркәсібінің келешекте даму бағыттарын
айқындау.
Зерттеу нысаны - экономиканың дамуындағы металлургия өнеркәсібінің рөлін
айқындау болып табылады.
Зерттеу пәні – Қазақстандағы металлургия өнеркәсібі.
Құрылымы – жұмыс кіріспеден, 4 тараудан, қорытынды және колданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Қазақстан экономикасының тәуелсіздік жылдарындағы даму ерекшелігі

1. Нарықтық экономикаға өтуі

Қазақстанның да нарыққа бағытталған экономика құруға бет алғанына жиырма
жыл болады. Бұрынғы жоспарлы экономиканы нарықтық экономика түріне
алмастыру экономиканың барлық салаларында дерлік жүргізілді. Көлемі мен
тереңдігі жөнінен бұрын болып көрмеген әлеуметтік – экономикалық және саяси
дағдарыстан елімізді алып шығу жолында күрделі істер атқарылуда. Біздің
халқымыз көшпелі экономиканың ауыртпалығы мен бейнетін бастан кешіруде.
Экономикалық жағдайды обьективті бағалау үшін ТМД елдері өз басынан тек
жәй көшпелі экономиканы емес, оның кеңестік дәуірден кейінгі ерекше түрін
өткеріп жатқанын ескеруіміз керек. Ол екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі
Батыс және Орталық Еуропа, Жапония, Шығыс Азия елдеріндегі, сондай-ақ Шығыс
Еуропа мен Балтық теңізі жағалауындағы елдердегі социализмнен кейінгі
көшпелі экономикадан бөлек. Бірінші топтағы елдерде нарықтық қатынастар мен
шаруашылық тәсілдерін соғыс бөліп кеткен-ді, соғыс аяқталысымен олар қайта
қалпына келтірілді. Ал екінші топтағы елдердің социалистік жоспарлы
экономикасы да онша көп уақытқа созылған жоқ, оның үстіне олардағы
экономиканың кейбір секторларында шаруашылықтың нарықтық қатынастары
сақталды, олар дамыған елдермен қанаттас еді. Сондықтан, бұл елдерде
экономиканы өзгер-ту процесі жеңілірек болды.
Ал ТМД елдерінде нарықтық қатынастарды тыңнан бастау қажет болды. Кеңес
адамдарында нарықтық әлеуметтік түсінік, кәсіпкерлік рух, демократиялық ой-
пікір сияқты қасиеттер кеңінен дамымаған еді. Сондықтан да бұл елдерде
нарықтық қатынастардың өмірге баяу енуі, қалыптасуы, бекуі түсінікті,
өйткені оларда экономиканы басқарудың барлық буынында бұрынғы кадрлар іс
басында отырғаны айдан анық еді [4].
Қазақстан ТМД-ның басқа елдері сияқты нарыққа бет алған экономика жолына
1992 жылдың қаңтарында аяқ басты. Нарықтық экономикаға өту барысында
Қазақстанға өзара тұтасып жатқан екі міндетті шешу қажет болды:
- экономиканы тұрақтандыру және оны тамыры тереңге кеткен дағдарыстан
шығару;
- нарықтық қатынастарды құру және дамыту.
Экономикада нарықтық қатынастармен нарық тетіктерін құлашын кеңге жайған
дағдарыс жағдайында дамыту өте күрделі еді, сондай-ақ экономикалық
дағдарысты жеңу де қиын еді, өйткені шаруашылық жүргізудің ескі тетіктері
оған жарамайтын, ал жаңалары тек енді ғана қалыптаса бастаған болатын.
Кеңестік жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің бұл бірден-
бір жолы және түбегейлі өзгерістің дұрыс стратегиясы болатын. Ре-форманың
алғашқы сәтінде саналы түрде мақсат етіп қойылған есеңгіреу (шок) кеңес
өкіметінен кейінгі экономиканы өзгертудің қашып құтылмайтын қиындығы еді.
Өйткені бұл экономикада баға алшақтығы жағдайында жасанды тағайындалған
бағалар орын алған-ды, қайта құру заманында экономикалық саясаттың және
біліксіз жүргізілген табыс саясатының нәтижесінде шектен тыс көп жиналған
ақша массасы бар-тұғын, ал мұның өзі өте тапшы тұтыныс рыногын тудырған
болатын. Қысып ұстап, қолдан жасалған жасырын инфлияция ашық түрге айналды.
Бұл, осылай болуға тиісті, өйткені бұл қауіпті ісік көп жылдар бойы
экономиканы іштен жеп, оның жазылмас дертіне айналған еді. Сондықтан одан
жазылу үшін ауыр болғанымен есеңгіретіп емдеу қажет болды.
Алғашқыда экономиканы ырықтандыруға және қаржыны шектеудің
макроэкономикалық тұрақтандыруына негізделген басымдықтан гөрі құрылымдық
өзгерістермен қабат жүретін экономиканы қаржыландырумен өндірісті өсіру
қызықтырыңқыраған стратегия болды. Бірақ-та, аса зор инфлияция, қаржы
жүйесі қаусаған, тұрғындар қолында жиналған ақшаның массасы шектен тыс көп
жағдайда мұндай стратегия – экономикалық күйреу болды. Оның үстіне ондай
стратегияны жүзеге асыру да мүмкін болмайтын, өйткені бұрынғы біртұтас
кеңестік нарық бөлшектенді, бұрынғы шаруашылық байланыстар үзілді, ал басқа
нарықтарға біздің тауарлармен шығу мүмкін емес еді. Экономиканы
қаржыландыруға қажетті ақшаны қандай да ақша станогы басып шығарып
үлгермейтін еді, ақша тапшылығы күннен – күнге арта берген болар еді.
Бұдан басқа тағы бір қызықтырарлық стратегия нарыққа біртіндеп көшу
болды. Алайда, коммунистік көзқарас басым, нарыққа қарсы институционалдық
ортада оны жүзеге асыру мүмкін емес еді. Нарыққа деген әр қадам, нарықтық
тұрақтандыру тетіктері қатты қарсылық кездестіріп, ақыр аяғы ескі жүйеге
қайтып келер еді.
Қалай болғанда да, сомдық аймақта отырған және Ресейдің Үкіметі Орталық
банкі және Парламенті жүргізіп отырған экономикалық саясатқа тәуелді, өз
валютасын енгізіп, оның курсын реттеп отыруға уақыты да тәжірибесі де және
ресурсы, өзінің қаржы жөніндегі институттары жоқ Қазақстан Ресейдің
стратегиясын оның кейінгі бұлтарыстарымен бірге қабылдауға мәжбүр болды
[5].
Қазақстан өзінің іс жүзіндегі жеке дара экономикалық саясаты мен өз
реформасын өзінің ұлттық валютасын енгізгеннен соң 1994 жылдан бастап ғана
жүргізе бастады. Осыдан кейін ғана өкіметтен ұлттық банктің экономикалық
саясаты азды-көпті қажетті дәйектілікке және алдын-ала болжауға ие болды.
Өкінішке орай, 1992 жылғы мамырда реформаның қабылданған стратегиясынан бас
тартқан соң келесі жылдар аса асқындаған және шапқылаған инфляция,
өндірістің құлдырауының өсу және тұрғындар өмір деңгейінің шапшаң төмендеу
жылдарына айналды. Реформа жылдары инфляция деңгейі 13250есе өсті,
өндірістің құлдырауы 1991 жыл деңгейінің 50 пайызына, ал өмір деңгейі 4
есеге дейін құлдырады.
Қазақстанда реформа жасау жылдарында, нарықтық экономикаға көшуде
орасан зор көп жұмыстар атқарылды:
- барлық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге баға мен тариф
ырықтандырылды;
- сыртқы экономикалық қызмет көп жағдайда ырықтандырылды, соның
ішінде әртүрлі тарифтік емес шектеулер мен экспортқа шығарылатын
өнімдерге кеден бажы алып тасталынды;
- 1995 жылғы 1-шілдеден салық жөніндегі жаңа заң енгізілді, салық саны
бұрынғы 45-тен енді 11-ге дейін қысқарды. Олардың алым көлемі ретке
қойылды, олар экономикадағы нарықтық қатынастарға лайықтандырылды;
- түбегейлі институциалдық өзгерістер жасалды және жасалынып жатыр.
Елімізде мемлекеттік меншікті жекешелендіру жоғары қарқынмен
жүргізілді, реформа жылдары (2000-2011) мемлекеттік 16 мың кәсіпорын
жекешелендірілді, оның ішінде экономиканың экспорттық секторына
жататын өнеркәсіптің ірі – ірі жетекші кәсіпорындары бар. Бүгінде
шаруашылық қызметпен айналысатын субъектілердің жалпы санының 80
пайыздан астамы жекеменшікте, мемлекет меншігінде тек 15,5 пайызы ғана
қалған;
- рыноктық инфраструктураның базасы жасалды: 100 ден астам екінші
дәрежедегі банк жұмыс істейді, олардың 30 дан астамы жеке меншіктегі, 72-
сі акционерлік, 6-ы шетелдік банктер. Кейбір банктер банкрот болып,
кейбіреулері өзара бірігіп, қосылып, іріленіп деген сияқты табиғи процесс
жүріп жатыр. Ұлттық банк қабылданған заң бойынша тәуелсіз банкке айналды.
Инвестициялық және қамсыздандыру компаниялары, зейнетақы және басқа қорлар
сияқты банкке жатпайтын қаржылық институттар құрыла бастады, толық нарықтық
тәртіпке қазақстандық банкаралық валюта – қаржылық биржа, бірнеше тауар
биржасы – осының бәрі нарықтық экономиканың өзіне тән айнымас белгілері;
- нарықтық экономиканың, оны мемлекеттік реттеудің құқықтық базасы
жасалды, ол үнемі жетілдірілуде.
Қорыта айтқанда, Қазақстанның бүгінгі экономикасы нарықтық экономикаға
әбден ұқсайды, бұдан былай жоспарлы экономикаға қайтар жол жоқ [6].
Нарықтық экономикаға өту барысында экономикамызда төмендегідей бағыттар
бойынша құрылымдық өзгерістер жүргізілді:
- мемлекет меншігінде болған барлық өнеркәсіп орындары мен ауыл-
шаруашылық бірлестіктерін жекеменшікке беру;
- экономика құрылымында өнеркәсіптің әсіресе өңдеуші өнеркәсіптің үлесін
арттыру. Өнеркәсіптің артта қалған салаларында өнімділікті арттыру үшін
және жаңа техникамен технологияларды пайдалану үшін шетел инвестицияларын
тарту;
- ҒТР нәтижелерін экономиканың барлық саласында кеңінен пайдалану;
- жеке кәсіпкерлікті дамыту;
- отандық тауардың сапасын жақсарту арқылы дүниежүзілік нарықтағы
бәсекелестігін арттыру;
- экономикадағы қажетсіз салаларды басқа салалармен ауыстыру, орта және
ұсақ кәсіпорындардың санын көбейту;
- әлемдік шаруашылыққа интеграциалану, яғни халықаралық еңбек бөлінісіне
қатысып, сыртқы сауда құрылымын өзгертіп, экспортқа тек шикі-затты ғана
емес, сонымен қатар дайын өнімді шығару.

2. Нарықтық экономика жағдайындағы республика экономикасының дамуы

Қазақстан Республикасы егеменді тәуелсіз мемлекет. Қоғамда әлеуметтік,
саяси және экономикалық реформалар жүріп жатыр. Республика экономикасы да
қазіргі кезде тұрақтана бастады. Бүгінде саяси және экономикалық жүйе
мүлде өзгеше.
Өтпелі кезеңде бірқатар қиындықтардың болып жатқаны да рас. Бұл жөнінде
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына
жолдауында Мен өз отандастарымызға өтпелі кезеңнің ауыртпалықтарын
түсініп, оған төзіп отырғаны үшін рахмет айтамын, осы қасиеттер біздің
табысқа жетуіміздің, қоғамымыздың топтасуының, шетелдік инвесторларды
тартудың және халықаралық қоғамдастықтың біздің пролемаларымызды шешуге
кірістірудің елеулі кепілі деп санаймын,- деді. Осының бәрі қазіргі ғана
емес, болашақ ұрпақ игілігі үшін де жасалып жатқан шаралар.
Қазақстанның әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіне кіруі өндіріс
көлемінің елеулі кемуіне әсер еткені белгілі. Технологиялық тұрғыдан артта
қалуы, өндірістердің даярсыздығы, шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайларын
игере алмау, бәсекеге қабілетсіздік – осының бәрі көптеген кәсіпорындардың
тұрып қалуына, дәстүрлі өткізу рыноктарын жоғалтуға , өндірістің
құлдырауына әкеп соқты. Соның салдарынан елімізде соңғы 8 жылда өндіріс
көлемі екі еседен артық қысқарды.
Ішкі капитал мен жинақталымдардың жеткіліксіздігінен Қазақстан шетелдік
капиталға, жеке капиталға да, сондай-ақ халықаралық қаржы институттарына да
тәуелді болып отыр. Қазіргі таңда экономиканы көтеру инвестицияның түсуіне
байланысты болып отыр. Бүгінде Қазақстан зор мүмкіндіктер табалдырығында
тұр. Мәселен, Азияның ең кедей елдерінің өзі отыз жыл ішінде қайыршылықтан
шығып, индустриялы мемлекттерге айналғаны белгілі. Алғашқылары Корея,
Тайвань және Сингапур болса, қазір оларға Малайзия, Индонезия және Тайланд
қосылып отыр. Қазақстанның көршісі Қытайдың да экономикасы жоғары қарқынмен
дамуда. Соған орай бұл елдер күллі әлемде Азия жолбарыстары ретінде танылып
отыр.
2030 жылға қарай Қазақстан өзінен-өзі көтеріле қалмайды. Ол республика
халқының қажырлы еңбегі арқылы ғана дамыған елдер қатарына қосыла алады.
2030 жылы Қазақстан Орталық Азия барысына айналады және өзге дамушы
елдер үшін үлгі болады деп сенемін, - деген елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың
сөзінің іске асырылуы Қазақстанның да өркендеп, қуатты елге айналарына
сеніміміз мол [7].

1.3. Қазақстан экономикасындағы шетел инвестицияларының ролі

Инвестиция барлық қоғамда да экономиканы нығайтудың негізі болып
табылады. Инвестицияның көмегімен инфрақұрылымды жетілдіре беру керек.
Оның жетілдірілуі экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.
Қазіргі таңда алда тұрған қиын жағдайды шешудің бірден-бір жолы, бұл
отандық өндірісті дамыту. Егер де ауыр өнеркәсіпті дамытуға әзірше шама-
шарқымыз жетпейтін болса, шағын және орта өнеркәсіпті дамытуды жолға қою
кезектегі міндетіміз.
2005 жылдың 27-сәуірінде, Республика президентінің шағын және орта
кәсіпкерлікпен шұғылданушылармен кездесуінде осы мәселе ерекше әңгіме
болды. Бұл бағытты дамыту аса мол инвестицияны қажет етпейді. Отандық
инвестицияларын босқа жіберіп жатқан жоқ. Біз жыл сайын 1,5 млр АҚШ доллары
көлемінде шетел инвестицияларын пайдаланамыз. Ал, оларды өсіммен қайтару
бізге оңай емес. Бұл салада жетіспеген жағдай, жіберілген қателік көп,
сондықтан да отандық инвестицияға қатты көңіл бөлу керек. Қор рыногын
жандандырған жөн. Инвестиция иемденуші еңбектен, өндіруші еңбекке ауысқаны
тиімді. Осылай болса, жұмыссыздар азаяр еді. Қазір жұмыссыздардың саны
артып отыр.
Сонымен бірге ауыл шаруашылығына да инвестиция бөлу мардымсыз. Қазіргі
кезде бұған балл құрылымдары да, шетілдік инвесторлар да барып отырған
жоқ.
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық тауарлары арасындағы ара қатынасты жөнге
келтіру керек. Ауыл шаруашылығына инвестиция бөлгенде, неше беруге
келгенде Үкімет те белгілі мөлшерде тәуекелге баруы керек. Ауыл тұрғындары
үшін жұмыс орындарын ашып, олардың күн көруіне керекті табыс көзін жасап,
оларға жалақы төлемесе, күнелту үшін малдан басқа ештеңе қалмағандықтан,
мал басы әрі қарай шұғыл азаятын болады. Бұл жағдай халқымыздың бұрынғыдан
да арзан жүдеуіне әкеліп соғады.
Қазіргі кезде аграрлық рынок қорғаусыз қалды, ол әлемдік экономика
кеңістігіне тиісті қорғау шараларынсыз енуде. Ал елімізге азық-түлік
өнімдерін тасымалдау өсіп келуде. Ет өнімдерін әкелу 1,4 % -дан 10% -ға,
қант 37,7 % -дан 60 % -ға дейін, өсімдік майы 25 % -дан 60 %-ға дейін т.б.
өсті. Республикада тамақ өнімдері жетіспейтінін пайдаланып, батыс елдері
Қазақстанға сақталу мерзімі бітуге таяған арзан азық-түліктерін әкелуде. Өз
елімізде жеткілікті көлемде өндірілетін өнімдерді (астық, мақта, жүн,
қаракөл, ет. т.б.) сырттан әкелуге алымдарды жоғары белгілеп, ал
өзіміздікін сыртқа еркін шығаруға рұқсат беру керек. Өзімізде жетіспей
отырған өнімдерді сыртқа шығаруға тосқауыл қойған жөн. Ең бастысы, өз
елімізде өндіруге мүмкіндігі бар тауарларды, әсіресе тамақ, жеңіл өнеркәсіп
өнемдерін шеттеп тасымалдауымыз орынсыз. Осының салдарынан, бір жағынан
экономика ақсап отырса, екінші жағынан елімізде еңбек жасындағы көптеген
тұрғындары жұмыссыз жүр [8].
Халық шаруашылығының қай саласы да қаржысыз дамымайды. Оны табу,
толықтыруға түрлі қиындықтар кездесуде. Ел экономикасын дамытуда ішкі
қаржының маңызды екені белгілі, бірақ ,ол жеткіліксіз дәрежеде болып отыр.
Осыған байланысты, шетел қаржыларын тарту басты мақсатымызға айналып отыр.
Осы тұрғыдан біраз жұмыстар да тындырылды. Алдағы уақытта шетелдік
инвестицияларды тиімді пайдалану жолдары тұрақты мәселеге айнала бастады.
Бұл орынды да. Себебі, шетелдік инвестициялар бізге тегін келіп жатқан жоқ.
Оны пайдаланғанымыз үшін шетелдіктерге көптеген қосымша қаржы төлеуге
мәжбүрміз. Оның мөлшері онша аз да емес және жыл сайын артып келуде. Егер
шетелдік қаржыны алғашқы алған жылдары біздің борышымыз 1,2-1,3 млрд. АҚШ
доллары көлемінде болатын болса, соңғы жылдары ол 5,8 млрд. АҚШ долларына
жетіп отыр. Біз жыл сайын шетел капиталын пайдаланғанымыз үшін салық өсе
беретін болады. Ал, оны уақытымен толық мөлшерде төлеу үшін еліміздің
өндіріс орындары, шаруашылық салалары өз жұмыстарын жандандыруы керек.
Қазақстанда 200 – дей мұнай және газ кен орындары анықталып
барланған, оның ішінде 102 мұнай, 29 мұнай-конденсат, 30 мұнай-
конденсат, 6 мұнай-газ, 11 газ конденсат, 19 газ кен орындары бар.
Барланған мұнайдың алынатын қоры 2,2 млрд тонна, газ – 2,5 трлн текше
мерт, конденсат – 0,7 млрд текше метр. Қазақстанда мұнайдың
болжамдық қорлары 20 – 25 млрд тонна деп бағаланады.
Мұнайдың қазіргі шаруашылықтағы ролі аса зор. Ол сұйық отын
өндіретін басты шикізат болып есептеледі. Одан автомобиль,
транспорт, дизель двигательдері үшін бензин, дизель майы, керосин
алынады. Мұнайды өңдегеннен кейін қалатын сұйық қалдық – мазут
электр станциялары мен металлургия пештерінде отын ретінде жағылады,
ал қатты қалдық гудрон – жол құрылысында пайдаланылады.
Мұнайды өңдеген кезде бөлінетін газдар – химия өнеркәсібі үшін
бағалы шикізат. Серіктес мұнай газдарынан синтетикалық спирт,
синтетикалық каучук, синтетикалық талшықтар, пластмассалар алынады.
Мұнайдан әрбір машинадағы жұмысшы бөліктердің үйкелісін азайтып,
олардың жұмыс істеу мерзімін ұзарту үшін қажетті жағар майлар
жасалады.
Осы тұрғыдан қарағанда, шетел капиталын өзімізге тарта берудің жағымсыз
жақтары баршылық. Шетел инвестициясын өз экономикамызды дамытуға тартқанның
өзінде олардың қай пиғылмен келгенін, не істеуді жоспарлағанын, қандай
технологияны өндіріске енгізілетінін алдын ала білуіміз керек. Инвестиция
алған өндіріс орынна қандай пайда түсетіні күні бұрын көрініп тұрғаны жөн.
Шетел инвестициясын өндіріске тарта отырып, оларды шаруашылықтың қай
саласына пайдалану тиімді – осыған көбірек мән беру керек. Кейін осы
капиталды падаланғанымыз үшін өсім төлейтін болғандықтан өзіміз шешуіміз
керек.
Шетел инвестициясын ғылым мен білімді, ғылым жетістіктерін көбірек керек
ететін шаруашылық салаларын дамытуға, жаңа технологияны енгізуге жұмсаған
тиімді тәжірибеден байқалып жүргендей, инвестицияны ұзақ өндірістік циклды
дамытуға немесе шетел тауарлары көп тасымалдауынан бәсекелестік кең өріс
алған салаларға жұмсау самарқаулау. Сондықтан да мемлекет отандық тауар
өндірушілерді шетелдік тауар өндірушілерден қорғауы керек. Бөл жөнінде
арнайы бағдарлама болғаны жөн. Қазіргі валюта курсына байланысты шикізатты
шетелге көптеп сату оны отандық тауар өндірушілерге сатудан әлдеқайда
пайдалы. Сол себепті еліміздің шикізаты шетке кетіп жатыр, ал отандық
кәсіпорындар шикізатсыз қалуда. Бұған жол бермес үшін валюта курсын
өзімізде қай өндіріс саласын дамыту тиімді, соған байланысты өзгеріп отыру
керек.
Экономикалық дамуды ынталандырудың бағдарламасына инвестициялық және
өнеркәсіптік саясаттарын қаржыландырудың қосымша көздерін іздестірген жөн.
Инвестициялық саясатты дұрыс шешу, отандық өнеркәсіп пен ауыл
шаруашылығының дамуына жағдай жасау, халықты жұмысқа орналастырумен,
олардың хал-ахуалының жақсартумен тығыз байланысты. Жұрт жаппай еңбекпен
айналысқан жағдайда жұмыссыздықтан (әзірше шағын қалаларда) қоғамның
тұрақтылығына келетін қауіп азаяды.
Инвестицияның біраз бөлігі жаңа технологияны сатып алуға және өндіріске
енгізуге жұмсалуы тиіс. Бұл жерде екі түрлі қиындықты айта кету керек:
біріншіден, Шетел технологиясын жаппай сатып алу өз елімізде техникалық
прогрестің төмендеуіне әкеліп соқтырады.
Жаман да болса, шетел технологиясын алу керек деген пікір қалыптасады.
Сөзіміз жалаң болмас үшін, мына дәлелді келтірейік. Сонау 1965 жылы Каз
ПТИ қызметкерлері бұрғылау жұмысында пайдаланатын жасанды алмас коропкасы
бар бұрғы дайындаған болатын. Бұл жаңалыққа инвестициядан патент алынған.
Оның көмегімен бұрғылау жұмысының құнын 20 пайызға арзандатуға болады.
Бірақ ол қолдау таппады. Оның себебі, біздің елімізде шетел
технологиясына бас ұру басым да, отандық технологияға, отандық
опертапқыштарға мән беру кем. Қазіргі уақытта Қазақстанға шетел тауарымен,
технологиясымен бәсекелесуге жарамды отандық тауар мен технологияға көңіл
бөлетін уақыт жетті.
Ал, екіншіден, отандық машина жасауды тірілтеміз деп өзіміздің өнімсіз
технологияны көбірек пайдалана берсек, шетелдіктерден артта қалып қоямыз.
Осыны ескере келіп, өз елімізде өндіруге тіпті мүмкіндігі жоқ немесе
тиімсіз технологияны сырттан алдырған орынды. Бұл тұрғыдан алғанда
еліміздің технологиялық қаіпсіздігін ескерген жөн [9].
Қорыта айтқанда, инвестициялық қорларды тиімді пайдалану үшін төмендегі
талаптарды сақтаған орынды:
- экспорттық шамамызды көтеріп, шетелден тасымалданатын тауарды
елімізде өндіру;
- елімізден валютаны заңсыз жолмен сыртқа шығаруға жол бермей
валюталық бақылау жүйесін жетілдіру.
- шетел капиталын елімізге тартуға мемлекеттік кепілдеме берулі
шектеу.
- экономикалық өсу тұрақты болуы үшін оны отандық инвестициясымен
жарақтандырып, халықтық төлеу (салық, сатып алу) қабілетін
жоғарылату.
Осыған байланысты еліміз алдында екі басты міндет тұр: инвестициялық
белсенділікті көтеру, ішкі рыноктың тұрақты дамуын қамтамасыз етуі , оның
басты бағыттары:
- инвестицияны өндірістік салаларға молырақ бөлу;
- ауыл шаруашылығында жерді тиімді пайдалана білу. Оны
жекеменшікке біржолата сатып жібермей, жалға беру, түсетін жал
ақысы-жалға алушыларға оны тиімді пайдалануға көмек көрсету;
- шетелдіктерге жерді пайдалануға шек қою баға қоюдағы
арақатынасты реттеп, олардың арасындағы алшақтықты азайту;
- отандық тауарлар есібінен ішкі рыноктың дамуына жағдай жасау.
Қорыта келгенде айтарымыз, шетелдік және отандық инвестицияларды қайда
жұмсауды, қалай пайдалануды тиісті басшылар мен мамандар болып мықтап
ойланып, айқын бағыт алған жағдайда, одан еліміздің өнеркәсібі мен ауыл
шаруашылығы үлкен пайда көрері анық [10].

2 Қазақстанның металлургия өнеркәсібі

2.1. Минералды-шикізат ресурстары

Қазақстан табиғат ресурстарына өте бай ел. Оның жер қойнауында Менделеев
кестесінің 110 элементінің 105 табылған.ТМД-дағы хромның -94,2 %, бариттің
-81,7 % , фосфориттің -64,7 %, молибденнің- 29,3 % , мыстың – 28,4 % ,
бокситтің – 22,1 % ,асбесттің – 20,1% , марганецтің -13% , көмірдің – 11,9
% қоры республика үлесіне тиеді.
Жалпы Қазақстан көмірсутегінің мол қоры бар мемлекеттердің қатарына
кіреді. Республика территориясында көмірсутегінің 208 кен орын ашылған
болса, оның жартысы- мұнай, үштен бірі-мұнай-газ, қалғандары газ және
газконденсаттары. Осылардың ішінен қазіргі уақытта 70-тен астам кен
орындары игерілуде. Жалпы Қазақстандағы көмірсутегінің қоры 13млрд. мұнай
және конденсат және 7,1 трлн. метр куб табиғи газ. Атырау және Маңғыстау
облыстарының территориясында мұнай қорының 70 % орналасқан. Мұнайдың ең ірі
кен орындары: Теңіз, Өзен, Қарашығанақ, Қаламқас. Газдың ең ірі кен
орындарына Қарашығанақ, Теңіз, Жаңажол, және Жамбыл облысының
территориясындағы кен орындарының Амангелді тобы жатады.
Қазақстан өзін толығымен отын-энергетикалық ресурстарымен қамтамасыз ете
алады. Қазақстандағы көмір қоры 35,8 млрд. немесе әлемдік қордың 3,6 %-ін
алып жатыр. ТМД елдерінің ішінде Қазақстан көмірдің қоры мен оны өндіру
бойынша үшінші, ал жан басына шаққандағы өндіру бойынша бірінші орынды
алады. Қазақстандағы ең ірі көмір кен орындары- Қарағанды және Екібастұз
кен алаптары, бұдан басқа қазіргі кезде Убаган, Юбилейное, Майтөбе,
Кендірлік,Құланөтпес кен орындары келешегі мол кен орындарына жатады.
Қазақстан пайдалы қазбалардың қоры бойынша дүние жүзінде алғашқы орында
алғанымен оның сапасы бойынша соңғы орындарды иеленді.
Темір рудасының қоры бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде Ресей мен
Украинадан кейінгі үшінші орынды алады. Темірдің негізгі кен орындары:
Қашар, Соколов-Сарыбай, Қоржынкөл, Аят, Лисаковск және т.б. Темір рудасы
Қостанай және Қарағанды облысытарының территорисында өндіріледі [11].
Марганец рудасының қоры бойынша Қазақстан дүние жүзінде ОАР мен
Украинадан кейінгі үшінші орынды алады. Марганец рудасының барылығы
Қарағанды облысының территориясында өндіріледі. Хром рудасының қоры бойынша
Қазақстан дүние жүзінде ОАР-дан кейінгі екінші орында алады.

2.2 Металлургия өнеркәсібінің 2002-2005 жылдар арасындағы көрсеткіштері

2002 жылы өнеркәсіп өндірісі. 2002 жылы Қазақстанның өнеркәсіп
кәсіпорындарында қолданыстағы бағамен 2292 млрд. теңгенің өнімдері
өндірілді (шағын, қосалқы кәсіпорындар, үй шаруашылығы секторын қосқанда),
бұл 2001 жылмен салыстырғанда 9,8 пайызға өскен. Өндіріс көлемінің өсуі
республиканың барлық өңірлерінде байқалады.
Кен өндіру өнеркәсібінде 2002 жылы 1072,9млрд. өнімі өндірілді, бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнеркәсіп. Өнеркәсіп түрлері
Тусті Металлургия Өнеркәсібі
Орталық Қазақстанның табиғат жағдайы
Металлургия өнеркәсібі.Молибденге түсініктер
Өндіруші өнеркәсіп салалары
Түсті металлургияның салалық құрамы
Химия өнеркәсібінде
Химия өнеркәсібі туралы
Орталық Қазақстан
ҚАЗАҚСТАН РНСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Пәндер