Патша үкіметінің қазақстандағы діни саясаты



Мазмұны
1 Қазақтардың діні және діни әдет.ғұрыптары
2 Патша үкіметінің XVIII ғасырдағы ислам дініне қатысты ұстанған саясаты
3 XIX ғасырдың бірінші жартысында патша үкіметінің Қазақстандағы діни саясатының өзгеруі
4 XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезіндегі миссионерлер қызметі
5 Қырғыз миссиясының қызметі
6 Патша үкіметінің XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезінде ислам дініне қатысты саясаты
7 Патша үкіметінің дін саясатына қазақтардың наразылық білдіруі
Қазақтардың діні және діни әдет-ғұрыптары

Қазақтар ислам дінінің суниттік бағытын ұстанды. Оларда ислам дінімен қатар мұсылман дініне дейінгі діни наным-сенімнің қалдықтары да сақталып калған болатын. Мәселен, қазақтар ата-бабалар рухына сенетін. Ежелгі түркілердің құдайы Тәңірге табынып, «Тәңір жарылқасын!» деп алғыс айтатын. Жаңбыр жаумай, құрғақшылық болып, астық шықпай қалған кездері қазақтар ата-бабаларының бейіті басына барып, аруақтарға арнап «тасаттық» беретін, діни салт-сана жоралғыларын жасайтын. Олар қасиетті аруақтарға, атап айтқанда, Қожа Ахмет Йасауиге табынатын. Көшпелі және жартылай көшпелі халық арасында бақсылар (шамандар) елеулі орын алып келді.
Қазақтар қайтыс болған адамды мұсылманша жерледі. Әр ру туыстарын өздерінің әулеттік зиратына жерледі. Өлген адамның туысқандары оның жетісін, қырқын, (кейде жүзін) және жылын өткізетін. Ата-бабаларының аруағына арнап ұлан-асыр ас беретін. Ac әдетте адамның қайтыс болғанына жыл толғанда беріледі. Дәстүрлі қазақ қоғамында астың әлеуметтік және мәдени маңызы үлкен болатын. Онда аса маңызды саяси, шаруашылық және әлеуметтік мәселелер талқыланып, өз шешімін тауып жататын. Ac кезінде ақшаңқан үйлер тігілетін, аруақтарға арнап құран бағышталатын. Ондай салтанатты жиынға алыс-жақын рулардың өкілдері — ақсақалдары, ақындары, билері, шешендері, әншілері мен балуандары арнайы шақырылатын. Ac кезінде спорттық ойындар мен жарыстар өткізілетін. Бәйгеге ат қосу, балуан күрестіру, жамбы ату, ақындар айтысын өткізу, ән мен жырға кезек беру үлкен жиынның сәнін кіргізіп, мәнін арттыра түсетін. Әрине, ұлан-асыр үлкен ас беру дәулетті, бай адамдардың ғана колынан келетін. Қазақтардың тарихында Абылайдың асы, Өскенбайдың (Құнанбайдың әкесі) асы, Сағынайдың асы деген ұлан-асыр астар белгілі.

Патша үкіметінің XVIII ғасырдағы ислам дініне қатысты ұстанған саясаты
XVIII ғасырдың соңғы ширегіндегі жағдайда Ресей императрицасы II Екатерина ислам дініне қолдау көрсету саясатын ұстанды. Мұның мынадай себептері болды: біріншіден, патша үкіметі қазақтарды Ресеймен тығыз байланыстырмак болды. Бұл ретте молдалар тек қана Ресей татарларынан іріктелді. Екіншіден, мұндай қадам жасау қазақтардың Орта Азиядағы мұсылман орталықтарымен байланысын шектеуге тиіс болды. Үшіншіден, Бұл шаралар көшпелі қазақтардың жауынгерлік мінез-құлқын едәуір жұмсартады деп ұйғарылды. Сондықтан да қазақ даласымен шекаралас жерлердің барлығында да мемлекет қазынасы есебінен мешіттер салына бастады. Әдетте ол мешіттер патша үкіметі әкімшілігінің бастамасы немесе қазақ хандары мен сұлтандарының және старшындарының өтініші бойынша бекіністер жанынан салынды. Мәселен, сұлтан Шаншар Сұлтанбетовтың өтініші бойынша Ертіс өзенінің жағасында осындай бір мешіт бой көтерді. Ол мешіт Жәмішев бекініс-қамалы мен Семей қаласының ортасында салынған еді. Мешіттің жанында балаларды оқытатын шағын медресе де болды.
Пайдаланылған әдебиет
↑ Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т.Алматы: Атамүра, 2008. — 352 бет, суретті, карталы. ISBN 9965-34-816-2

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақтардың діні және діни әдет-ғұрыптары

Қазақтар ислам дінінің суниттік бағытын ұстанды. Оларда ислам дінімен қатар мұсылман дініне дейінгі діни наным-сенімнің қалдықтары да сақталып калған болатын. Мәселен, қазақтар ата-бабалар рухына сенетін. Ежелгі түркілердің құдайы Тәңірге табынып, Тәңір жарылқасын! деп алғыс айтатын. Жаңбыр жаумай, құрғақшылық болып, астық шықпай қалған кездері қазақтар ата-бабаларының бейіті басына барып, аруақтарға арнап тасаттық беретін, діни салт-сана жоралғыларын жасайтын. Олар қасиетті аруақтарға, атап айтқанда, Қожа Ахмет Йасауиге табынатын. Көшпелі және жартылай көшпелі халық арасында бақсылар (шамандар) елеулі орын алып келді.
Қазақтар қайтыс болған адамды мұсылманша жерледі. Әр ру туыстарын өздерінің әулеттік зиратына жерледі. Өлген адамның туысқандары оның жетісін, қырқын, (кейде жүзін) және жылын өткізетін. Ата-бабаларының аруағына арнап ұлан-асыр ас беретін. Ac әдетте адамның қайтыс болғанына жыл толғанда беріледі. Дәстүрлі қазақ қоғамында астың әлеуметтік және мәдени маңызы үлкен болатын. Онда аса маңызды саяси, шаруашылық және әлеуметтік мәселелер талқыланып, өз шешімін тауып жататын. Ac кезінде ақшаңқан үйлер тігілетін, аруақтарға арнап құран бағышталатын. Ондай салтанатты жиынға алыс-жақын рулардың өкілдері -- ақсақалдары, ақындары, билері, шешендері, әншілері мен балуандары арнайы шақырылатын. Ac кезінде спорттық ойындар мен жарыстар өткізілетін. Бәйгеге ат қосу, балуан күрестіру, жамбы ату, ақындар айтысын өткізу, ән мен жырға кезек беру үлкен жиынның сәнін кіргізіп, мәнін арттыра түсетін. Әрине, ұлан-асыр үлкен ас беру дәулетті, бай адамдардың ғана колынан келетін. Қазақтардың тарихында Абылайдың асы, Өскенбайдың (Құнанбайдың әкесі) асы, Сағынайдың асы деген ұлан-асыр астар белгілі.

Патша үкіметінің XVIII ғасырдағы ислам дініне қатысты ұстанған саясаты
XVIII ғасырдың соңғы ширегіндегі жағдайда Ресей императрицасы II Екатерина ислам дініне қолдау көрсету саясатын ұстанды. Мұның мынадай себептері болды: біріншіден, патша үкіметі қазақтарды Ресеймен тығыз байланыстырмак болды. Бұл ретте молдалар тек қана Ресей татарларынан іріктелді. Екіншіден, мұндай қадам жасау қазақтардың Орта Азиядағы мұсылман орталықтарымен байланысын шектеуге тиіс болды. Үшіншіден, Бұл шаралар көшпелі қазақтардың жауынгерлік мінез-құлқын едәуір жұмсартады деп ұйғарылды. Сондықтан да қазақ даласымен шекаралас жерлердің барлығында да мемлекет қазынасы есебінен мешіттер салына бастады. Әдетте ол мешіттер патша үкіметі әкімшілігінің бастамасы немесе қазақ хандары мен сұлтандарының және старшындарының өтініші бойынша бекіністер жанынан салынды. Мәселен, сұлтан Шаншар Сұлтанбетовтың өтініші бойынша Ертіс өзенінің жағасында осындай бір мешіт бой көтерді. Ол мешіт Жәмішев бекініс-қамалы мен Семей қаласының ортасында салынған еді. Мешіттің жанында балаларды оқытатын шағын медресе де болды.

XIX ғасырдың бірінші жартысында патша үкіметінің Қазақстандағы діни саясатының өзгеруі
Патша үкіметінің әкімшілігі өзінің отаршылдық саясатын жүргізе отырып, көшпелі, жартылай көшпелі қазақ халқын шоқындырып, христиан дініне көшіруге зор көңіл бөлді. Сол арқылы Қазақстандағы байырғы халықты Ресей империясына шын берілген жандар етіп шығаруды ойластырды. XIX ғасырдың бас кезіне қарай қазак даласындағы әлеуметтік-саяси жағдай өзгере бастады. Соның нәтижесінде патша үкіметінің қазақтарды шоқындырып, христиан дініне көшіру жөніндегі жаңа саясатын жүзеге асыру үшін өте қолайлы жағдай туды. Патша үкіметінің халықаралық аренадағы жағдайы да орныға түсті. Ресей француздарға қарсы 1812 жылғы Отан соғысында жеңіп шықты. 1822 -- 1824 жылдары Кіші жүз бен Орта жүздегі хандық билік жойылды.

Патша үкіметінің қазақтарды шоқындыру жөніндегі белсенді қызметі 1808 жылдан басталды. Сол жылы Казақстанның Ресеймен шектес аудандарында ашаршылық күшейген еді. Патша үкіметінің әкімшілігі қазақтардың балаларын көптеп сатып алып, оларды православие дініне кіргізуге кірісті.
XIX ғасырдағы белгілі орыс зерттеушісі А. Добросмысловтың хабарлағанындай, Қырғыздардың балаларын шенеуніктер, помещиктер, казактар, офицерлер, көпестер, тіпті дін қызметкерлерінің өздері де сатып ала бастады.
Алайда қазақ даласында христиан дінін қабылдағысы келетіндер іс жүзінде мүлде жоқтың қасы еді. Мұның өзіндік себептері де болатын. Біріншіден, Қазақстанның далалық бөлігінде тұратындар негізінен қазақтар еді. Екініиіден, қазақ халқының тарапынан православиелік дін таратушы миссионерлердің қызметіне қарсылық тіпті күшті болды. Үшіншіден, Бұл кезде қожалар мен татар молдаларының қызметі арқылы ислам дінінің жағдайы едәуір нығайған еді. Сондықтан да қазақтарды шоқындырып, христиан дініне көшірудің нәтижесі XIX ғасырдың ортасына дейін тіпті де мардымды болған жоқ. Мәселен, аса ауқымды Омбы елкесінде небары 25 қазақ, Томск губерниясында -- 4, ал Тобыл губерниясында -- 66 қазақ қана шоқынған еді.

XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезіндегі миссионерлер қызметі

Қазақтардың православие дініне кіруі XX ғасырдың 50 -- 60-жылдарында едәуір көбірек байқалды. Мұның өзі патша үкіметінің қазақтарды Ресейдің ішкі губернияларына өткізбеу жөніндегі қатаң тыйым салу шараларының басталуына байланысты еді. Жатақ қазақтар күнкөріс үшін жүмыс іздеп, Тобыл және Томск губернияларының селоларына ағылумен болды. Бірақ Бұл кезде Ертістің оң жағалауына Ішкі Ресейден қоныс аударып келген шаруалар көптеп жайғаса бастаған еді. Патша үкіметі қоныс аударып келген шаруалардың жер иелену құқығын ғана қорғау жағында болды. Қазақтарды Ертістің сол жағына күштеп көшіру әрекеттеріне кең жол ашылды.
Қазақтардың Ресейдің шекаралас ішкі губернияларының аумағына өтуінің занды жолдарының бірден-бір тиімді тәсілі христиан дінін қабылдау еді. Міне, мұндай жағдайда олар төлқүжаттық алымдар төлеуден босатылатын. Жаңа дінді қабылдағандардың жұмыс іздеп, Батыс Сібірдің селолары мен қалаларына тегін және ешқандай кедергісіз өте беруіне рұқсат етілді. Отаршыл өкімет билігінің ойлап тапқан айла-шарғысының бірі шоқынушыларға, яғни христиан дініне өткендерге бірқатар жеңілдіктер пен артықшылықтар беру болды. Мәселен, шоқынғандар мемлекеттік алым-салықтардан және рекруттық міндетті атқарудан толық босатылды. Олар сонымен қатар едәуір елеулі мөлшерде ақшалай несие алуға да құқықты болды.

Христиан дінін қабылдаған қазақтардың барлығы да әдетте қазақ қоғамының әлеуметтік төменгі кедей тобының өкілдері еді. Олар ең алдымен өздерінің материалдық жағдайын жақсартуды көздеді. Сөз реті келгенде айта кету керек, Бұл жағдайды Сібір қырғыздарын басқару жөніндегі жалпы облыстық басқарма кеңесінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XVIII ғасырдың ортасынан –XIX ғасырдың ортасына дейінгі Қазақстандағы ресей империясының миссионерлік саясаты
Қазақстандағы білім беру және кәсіби мамандар дайындау саласында патшалық Ресейдің отарлық саясатының салдарлары мен зардаптары
Қазақстан Ресейдегі 1905 - 1907 жылдардағы революция кезінде
Діни басқарма қорында статистикалық сипаттағы құжаттар өте көп
Қазақстанның білім беру жүйесі туралы
Отарлау саясаты кезіндегі ұлттық қозғалыс
ХІХ ғасырдағы Оңтүстік Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс мәселелері
Қазақстанда ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы білім беруге қойылатын талаптар
XX ғасырдың басындағы Ресейдегі революциялар және олардың Қазақстанға әсері
Бірінші орыс революциясы
Пәндер