Девиантты мінез-құлық



Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Девиантты мінез.құлық
2. Девиация типтері
3. Девиантты мінез.құлықтың пайда болу факторлары
4. Mінез.құлықты қалыптастыратын жағымсыз стилдері
IІІ. Қорытынды
I. Кіріспе
Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.[1]
Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауытқушылықты білдіреді.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Девианттық мінез-құлық әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия»термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы. Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді. Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық
2.2. Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды мінез-құлық.
• Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.
Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм,наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.
• Делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:
1. Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.
2. Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.
3. Наша сату және тарату.
• Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Әбсаттаров Р.М. Дәкенов «Әлеуметтану»
2. «Әлемдік әлеуметтану антологиясы». Алматы. Қазақстан. 10 томдық
3. Қарабаев Ш. «Әлеуметтану негіздері»
4. Рахметов К.Ж. , Болатов А.Н. «Социология»

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
I. Кіріспе
Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.[1]
Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауыт- қушылықты білдіреді.
Ал, тар мағынасында қалыптасқан құқықтық және өнегелік ережелерді тек белінен басып, аттап өту деп түсініледі. Мүндайдевиантты мінез-құлық әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік аномияға әкеп соқтырады. Ол конформизмге қарама-қарсы. Девиантты мінез-құлық әлеуметтік себептері қоғамның мәдени құндылықтары мен оларға қол жет- кізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдарының арасындағы алшақтықта (Р.Мертон), әлеуметтік құндылықтардың, ережелердің, қатынастардың әлсіздігі мен қарама-қайшылықтығында (Э.Дюркгейм). Девиантты мінез-құлыққа жауап ретінде қоғам немесе әлеуметтік топ арнайы әлеуметтік санкциялар қолданып, өз мүшелерін ондай қылықтары үшін жазалайды.[2]
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Девианттық мінез-құлық әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. Аномиятермині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы. Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді. Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:
* қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт-дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.);
* тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік мәртебе, референтті топ,);
* микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы өзарақарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды адамдар).
2.2. Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды мінез-құлық.
* Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті антидисциплиналық деп те атайды.
Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм,наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.
* Делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:
1. Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.
2. Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.
3. Наша сату және тарату.
* Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.
Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады: алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік,суицид, заң бұзушылық және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші өздеріне үлкен зиян келтіреді.
2.3. Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен топқа ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:
* жанұяда берекенің болмауы;
* ата-ананың ерекше қамқарлығы;
* тәрбие берудегі кемшіліктер;
* өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;
* өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;
* сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;
* психоактивті заттарды жиі пайдалануы;
* агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;
* мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;
* балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары
Үшіншілері оларды негізгі бес факторға бөліп қарастырады. Оларды жекеше қарастыратын болсақ:
1. Биологиялық факторлар - баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі жасайтын физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер. Оларға мыналар жатады:
* ұрпақтан-ұрпаққа берілетін немесе ананың жүкті болғанда дұрыс тамақтанбауы, арақ-шарап, нашақорлы заттардыпайдалануы, темекі тартуы, ананың физикалық, психикалық т.б. сырқаттары себеп болатын генетикалық факторлар: ақыл-ой дамуының бұзылуы, есту, көру кемшіліктері, жүйке жүйесінің зақымдауынан пайда болған денедегі кемшіліктер.
* психофизиологиялық факторлар: психофизиологиялық күш, дау-жанжал, келіспеушілік жағдайлар, адам организмдеріне кері әсер ететін, қоршаған ортаның химиялық құрамы, соматикалық, аллергиялық, токсикалық ауруларға душар ететін энергетикалық технологияның жаңа түрлері;
* физиологиялық факторлар: сөйлеу дефекттері, адам бойындағы соматикалық кемшіліктер.
Бұлардың бәрі адамның қоршаған ортаға, жеке адамдарға деген жағымсыз қарым-қатынасын тудырады, ал балалар болса, өзіндік сезім мен танымдық деңгейіне байланысты, құрбы-құрдастары арасында, ұжымда еркін сезіне алмайды, қатынасы бұзылады.

2. Психологиялық факторлар. Бұған баладағы психопатологиялар мен мінездегі кейбір қасиеттердің басым болуы т.б. жатады. Бұл ауытқушылықтар жүйелік-психикалық ауруларда, психопатияда, неврастенияда т.б. көрінеді. Акцентуациялық сипаттағы мінезді балалар өте ашушаң, дөрекі болады. Оларға міндетті түрде әлеуметтік-медициналық реабилитация, сонымен қоса, арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жұмыстар жүргізу керек. Баланың әрбір даму сатысында, олардың психикалық қасиеттері, тұлғалық және мінездегі ерекшеліктері қалыптасып, дамып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастардың девиантты мінез құлықтары
Девиантты мінез - құлық әлеуметтік проблема ретінде
Жеткіншектердің девиантты мінез- құлқындағы гендерлік айырмашылықтарды зерттеудің теориялық негіздері
Наркомания және таксикомания - девиантты мінез-құлық түрі
Жеткіншектердің бойында көрініс беретін девиантты мінез–құлықты түзету және оның алдын алу ерекшеліктері
Арт терапиясы арқылы жасөспірімдердегі девиантты мінез құлықтың алдын алу
Девиантты мінез - құлықтың теориялық негіздері
Мінез – құлық психологиялық категория және индивидтің негізі ретінде
Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда практик психологтың қызметі
ДЕВИАЦИЯ ЖӘНЕ ДЕВИАНТТЫ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Пәндер