Салық режимі



Кiрiспе
1. Шағын бизнес субъектілеріне түсінік
2. Арнаулы салық режимiн қолдану шарттары
3. Патент негiзiндегі арнаулы салық режимi
4. Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi
5. Шағын бизнес субъектілерінде болған өзгеріс
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет
Мәнжазбаны жазудағы мақсат - шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимiне анықтама бере отырып, патент негiзiндегі арнаулы салық режимiне және оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiн қарастыру болып табылады.
Шағын бизнес субъектілері салықтарды есептеу мен төлеудің тәрт режимінің бірін өздері таңдауға құқылы: жалпыға ортақ бекітілген тәртіп, бір реттік талон негізіндегі, патент негізіндегі немесе жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимі.
Арнаулы салық режимi шағын бизнес субъектiлерi үшiн, төлем көзiнен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтiк салықты және корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлейдi. Осы тармақта аталмаған салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша есептеу, төлеу және салық есептiлiгiн табыс ету жалпыға бiрдей белгiленген тәртіппен жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегiнен тыс жерлерде алынған (алынуға жататын) табыстардың барлық түрлерiнен тұратын салық кезеңi iшiндегi табыс патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін салық салу объектісі болып табылады.
Көрсетілген табыстардан корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеу және олар бойынша салық есептiлiгiн табыс ету жалпыға бiрдей белгiленген тәртіппен жүргiзiледi.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Карасаева А.А // Значение экономико-правовой базы в организации учета предприятий малого бизнеса //Аль пари, № 3, 2008.
2. Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері.
3.Алматы қаласы Салық басқармасының 2Н есебі мәліметтері негізінде (2008 – 2010 ж.ж).

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

Кiрiспе
1. Шағын бизнес субъектілеріне түсінік
2. Арнаулы салық режимiн қолдану шарттары
3. Патент негiзiндегі арнаулы салық режимi
4. Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi
5. Шағын бизнес субъектілерінде болған өзгеріс
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет

Кiрiспе

Мәнжазбаны жазудағы мақсат - шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимiне анықтама бере отырып, патент негiзiндегі арнаулы салық режимiне және оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiн қарастыру болып табылады.
Шағын бизнес субъектілері салықтарды есептеу мен төлеудің тәрт режимінің бірін өздері таңдауға құқылы: жалпыға ортақ бекітілген тәртіп, бір реттік талон негізіндегі, патент негізіндегі немесе жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимі.
Арнаулы салық режимi шағын бизнес субъектiлерi үшiн, төлем көзiнен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтiк салықты және корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлейдi. Осы тармақта аталмаған салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша есептеу, төлеу және салық есептiлiгiн табыс ету жалпыға бiрдей белгiленген тәртіппен жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегiнен тыс жерлерде алынған (алынуға жататын) табыстардың барлық түрлерiнен тұратын салық кезеңi iшiндегi табыс патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін салық салу объектісі болып табылады.
Көрсетілген табыстардан корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеу және олар бойынша салық есептiлiгiн табыс ету жалпыға бiрдей белгiленген тәртіппен жүргiзiледi.

1. Шағын бизнес субъектілеріне түсінік

Жалпы алғанда шағын және орта бизнес көптеген жаңа жұмыс орындарының пайда болуын,экономиканың инновациялық әлеуетінің дамуын, өндірісті ұйымдастырудың жаңа түрлерін іздеужәне енгізу, сату және қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Шағын және орта кәсіпкерлік - елдің тұрақты дамуы және ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің жоғары болуының негізі.
Сондықтан да шағын және орта бизнесті қолдау саясаты жүзеге асырылуы қажет және де бұл қолдау мемлекет тарапынан белсенді түрде іске асуда. Бұл мемлекеттік қолдау салық жеңілдіктері негізінде жүзеге асады. Салық жеңілдіктері шағын және орта бизнес субъектілерін дамытуды ынталандырады. Бұл бағдарламаның нәтижесінде шағын және орта бизнес субъектілерінің саны мен шағын және орта кәсіпкерлер өндірген өнімдер мен қызметтердің үлесі елдің ЖІӨ құрылымында айтарлықтай өсті.
Ел экономикасының дамып, өркениетті алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылу үшін салық жүйесіне, соның ішінде ел экономикасынан негізгі орын алатын шағын және орта бизнес субъектілеріне салық салу барысын оңтайландыру көзделген. Осы шағын және орта бизнес субъектілеріне салық салу жүйесін тиімді құру - шағын бизнес субъектілері дамуының негізгі алғышарты ретінде қарастыруға болатыны белгілі. Бүгінгі күні шағын және орта бизнесті дамыту үшін мемлекет тарапынан түрлі жаңа қадамдар жасалынуда. Шағын және орта бизнестің жоғары деңгейде қызмет етуін ұйымдастыру үшін конструктивтік бизнес-идея, тиімді басқару және қаржының жеткілікті болуы шартты жағдай.
Шағын бизнес субъектілері салықтарды есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар салық есебін берудің төменде көрсетілген тәртіптерінің біреуін ғана дербес таңдауға құқылы:
:: біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі;
:: жалпыға бірдей белгіленген тәртіп;
:: патент негізіндегі арнаулы салық режимі;
:: оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі.
Шаруашылық жүргізудің жаңа формаларын қолданбай еліміздің экономикасын жандандыру, халқымыздың әлеуметтік хал-ахуалын көтеру мүмкін емес. Соның бірі - шағын және орта бизнестің дамуы болып табылады. Шағын және орта бизнес ел экономикасын дамытуда, нарықты қалыптастыруда, ірі өндірушілер монополиясын шектеуде және бәсекелестікті дамытуда, тауар және қызмет сұраныстарын қанағаттандыруда, жалақы мен зейнетақыны уақытылы төлеуде, жұмыссыздық мәселесін шешуде және жаңа технологияларды енгізуде шешуші фактор ретінде маңызды роль атқарады .

1-кесте. 2008 - 2010 шағын бизнес субъектілерінің салық түсімінің құрамы

Атауы
2008ж
2009ж
2010ж

Сома, млн
тг
%
Сома, млн
тг
%
Сома, млн
тг
%
Шағын бизнес
субъектілерінің
салықтық түсімдері
2992
100
3002
100
3012
100
оның ішінде
патент бойынша
0,1
0,1
0,2
0,1
0,3
0,2
оңайлатылған
декларация
95
3,2
97
3,2
100
3,3
жалпы режим
2896,9
96,7
2904,8
96,7
2911,7
96,5

Шағын бизнес субъектілерінің салықтық түсімдері арасынан орасан зор үлес алып отырған жалпы режим негізінде жұмыс істейтін шағын бизнес субъектілерінің салықтық түсімдері. Себебі, оңайлатылған декларация, патент бойынша жұмыс істеу талаптарына сай келмеген жағдайда кәсіпкер жалпы режим негізінде жұмыс істеуге мәжбүр болады. Жалпы режим негізінде жұмыс істейтін шағын бизнес субъектілерінің табысына салынатын салық ставкасы да салыстырмалы түрде жоғары болып келеді. Сол себептен жалпы режим негізінде жұмыс істейтін кәсіпкерлердің салықтық түсімдері жоғары болып табылады. Жоғарыдағы 1-кестеде 2008 - 2010 жылдар аралығындағы шағын бизнес субъектілерінің төлеген салық төлемдеріне талдау жасалынған. 2008 ж. шағын бизнес субъектілерінің салығы 2992 млн құраса, 2009 ж. шағын бизнес субъектілерінің салығы 3002 млн құрады. 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы шағын бизнес субъектілерінің төлеген салық көлемі 1,1 есеге артып отыр. Себебі, 2009 жылы шағын бизнес субъектілерінің саны артты. Соның ішінде: 2008 ж. оңайлатылған декларация бойынша жұмыс істейтін шағын бизнес субъектілерінің төлеген салық сомасы 95 млн құрады. 2009 ж. оңайлатылған декларация негізінде жұмыс істейтін шағын бизнес субъектілерінің төлеген салық сомасы 97 млн құрап, жалпы шағын бизнес субъектілерінің төлеген
салықтарының 3,2 үлес салмағын иеленді. 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы оңайлатылған декларация негізінде жұмыс істейтін шағын бизнес субъектілерінің төлеген салық сомасы шамамен 1,1 есеге артқан болатын. 2008 ж. жалпы режим негізінде жұмыс істейтін шағын бизнес субъектілерінің төлеген салық сомасы 2896,9 млн құрап, төлеген жалпы шағын бизнес субъектілерінің салық сомасының 96,7 үлес салмағын иеленді. 2009 ж. жалпы режим негізінде жұмыс істейтін шағын бизнес субъектілерінің салық сомасы 2904,8 млн құрап, жалпы шағын бизнес субъектілерінің төлеген салық сомасының 96,7 үлес салмағын иеленген болатын. 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы жалпы режим негізінде жұмыс істейтін шағын бизнес субъектілерінің төлеген салық сомасы 1,1 есеге артып отырғанын көруге болады. Себебі, 2009 жылы шағын бизнес субъектілерінің саны артып, соның ішінде жалпы режим негізінде қызмет ететін шағын бизнес субъектілерінің саны ұлғайды. Өйткені олар оңайлатылған декларация талаптарына сай келмей отырғандықтан жалпы режиммен қызмет етуде. 2008 ж. патент бойынша жұмыс істейтін шағын бизнес субъектілерінің төлеген салық сомасы 0,1 млн құрады, (патент бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлердің төлейтін салығы жалпы соманың 0,1 үлес салмағын иеленген). 2009 ж. патент бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлердің төлеген салық сомасы 0,2 млн құрады, патент бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлердің төлейтін салығы жалпы соманың 0,1 үлес салмағын иеленген. 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы патент бойынша жұмыс істейтін шағын бизнес субъектілерінің төлеген салық сомасы 1 млн теңгеге артып отыр. Себебі патент бойынша жұмыс істейтін шағын бизнес субъектілері үшін бұл режимді қолдану бірқатар жеңілдіктерге ие болуға мүмкіндік береді. Жұмыс істеу барысындағы жеңілдіктің болуы шағын бизнес субъектілерінің қызметін ұлғайтуына әсер етеді, ал осыдан келіп шағын бизнес субъектілерінің табысы ұлғайып, бюджетке төленетін салық сомасы артады және жұмыс істеу барысында кәсіпкерлердің қызығушылығын арттырады.__ 2009 ж. шағын бизнес субъектілерінің салығы 3002 млн теңгені құраса, 2010 ж. шағын бизнес субъектілерінің салығы 3012 млн теңгені құрады. 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы шағын бизнес субъектілерінің төлеген салық көлемі 1,1 есеге артып отыр. Соның ішінде: 2009 жылы оңайлатылған декларация бойынша жұмыс істейтін шағын бизнес субъектілерінің төлеген салық сомасы 97 млн теңгені құрап, жалпы шағын бизнес субъектілерінің төлеген салықтарының 3,2 үлес салмағын иеленді. 2010 ж. оңайлатылған декларация негізінде жұмыс істейтін шағын бизнес субъектілерінің төлеген салық сомасы 100 млн теңгені құрап, жалпы шағын бизнес субъектілерінің төлеген салықтарының 3,3 үлес салмағын иеленді. 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы оңайлатылған декларация негізінде жұмыс істейтін шағын бизнес субъектілерінің төлеген салық сомасы 1,1 есеге артқан болатын. 2009 жылы жалпы режим негізінде жұмыс істейтін шағын бизнес субъектілерінің төлеген салық сомасы 2904,8 млн құрап, шағын бизнес субъектілерінің төлеген жалпы салық сомасының 99,7 үлес салмағын иеленді. 2010 жылы жалпы режим негізінде жұмыс істейтін заңды тұлғалардың салық сомасы 2911,7 млн құрап, жалпы шағын бизнес субъектілерінің төлеген салық сомасының 96,5 үлес салмағын иеленген болатын. 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы жалпы режим негізінде жұмыс істейтін шағын бизнес субъектілерінің төлеген салық сомасы 1,1 есеге артып отырғанын көруге болады. Кәсіпкерлер оңайлатылған декларация негізінде бірқатар жеңілдіктерге ие болып, табысының жоғары болуына қол жеткізеді. Сол себепті оңайлатылған декларация негізінде жұмыс істейтін кәсіпкерлердің саны артуда. Егер оңайлатылған декларация негізінде жұмыс істеу талаптарына сай келмесе жалпыға ортақ режиммен әрекет етеді. Сол белгілі талаптарға сай келмеу жалпы режимді қолданатын шағын бизнес субъектілерінің артуына әсер етіп отыр.
2009 ж. патент бойынша жұмыс істейтін шағын бизнес субъектілерінің төлеген салық сомасы 0,2 млн (патент бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлердің төлейтін салығы жалпы соманың 0,1 үлес салмағын иеленген). 2010 ж. патент бойынша жұмыс істейтін шағын бизнес субъектілерінің төлеген салық сомасы 0,3 млн құрады, (патент бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлердің төлейтін салығы жалпы соманың 0,2 үлес салмағын иеленген). 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы патент бойынша жұмыс істейтін шағын бизнес субъектілерінің төлеген салық сомасы шамамен артып отыр. Себебі, патент бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін бұл режимді қолдану бірқатар жеңілдіктерге ие болуға мүмкіндік береді. Жұмыс істеу барысындағы жеңілдіктің болуы кәсіпкердің қызметін ұлғайтуына әсер етеді, ал осыдан келіп шағын бизнес субъектілерінің табысы ұлғайып, бюджетке төленетін салық сомасы артады және жұмыс істеу барысында кәсіпкерлердің қызығушылығын арттырады. Шағын бизнес субъектілерінің салықтық түсімдері ішінде ең төменгі үлесті иеленіп отырған патент бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлердің салықтық түсімдері. Себебі патент бойынша салық ставкасы жалпы режим негізінде жұмыс істейтіндер мен оңайлатылған декларация бойынша әрекет ететіндерге қарағанда төмен, яғни екі пайызға тең. Бірақ, осы патент негізінде жұмыс жасау үшін белгіленген талаптарға сәйкес болуы қажет. Егер осы талаптарға сәйкес болмаған жағдайда жалпы режим негізінде жұмыс жасауға міндетті болып табылады. Көптеген кәсіпкерлер осы талаптарға сай болмағандықтан, мысалы жылдық табысы белгілі мөлшерден жоғары болғандықтан жалпы режимге көшеді. Шағын бизнес субъектілерінің саны күн сайын артуда, соның ішінде жеке кәсіпкерлер үлесі тез қарқынмен өсуде. Ал осы құбылысқа үлкен әсерін тигізіп, негізгі себеп ретінде танылып отырған - арнаулы салық режимінің енгізілуі. Алайда, қызмет етуші шағын бизнестің жартысына жуығы ғана белсенді болып отыр. Дамыған елдердің статистикалық мәліметтерін алып қарасақ, бұл елдерде шағын бизнес субъектілерінің өндірген өнімі 60-70 %-ға дейін үлес салмақты иеленсе, біздің елімізде бұл көрсеткіш 15,7 % деңгейінде көрініс табады. Статистика мәліметтеріне сүйенсек, шағын бизнестің 80% 5 жыл мерзім өткеннен кейін құлдырауға ұшырайды. Ал қалған 20% өзінің өмірлік циклін жалғастырып отырады, алайда бәсекелестерімен күресу барысында үлкен қаржылық шығынға ұшырайды. Көптеген фирмалардың құлдырау себептерін қарастыратын болсақ, келесідей қарқынды байқауға болады - құлдыраудың басым бөлігін алдын ала болжауға болады. Шағын және орта кәсіпкерлік - бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму
жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және т. б.
көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Кейінгі жылдары елімізде шағын және орта
кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады.
Шағын және орта бизнес - жеке және заңды тұлғаның өз күш-қабілетін танытуының, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асырушының іс әрекетінің тиімді тәсілі. Ол адамдардың өзіне сенімін арттырып, іскерлігін қалыптастырады. Кәсiпкерлiк қызметке талдау жасау - оның жалпы экономикалық ой-пiкiр сияқты ұзақ тарихы мен терең тамырының бар екендiгiн көрсетедi. Көне тарих пен орта ғасыр ғылымдарында кәсiпкерлiк туралы, оның индустриялық қалай аталғанына қарамастан, ерекше пiкiрлер қалыптасқан. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде әрбiр азаматтың кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы бар. Алайда, оны жүзеге асыру қоғам мүшелерiнiң кез-келгенiнiң қолынан келе бермейдi. Сондықтан, кәсiпкерлiктiң шын, нақты субъектiсi - бұған деген алғышарттары бар, ең бастысы капитал иемдену құқығы бар субъектілер жатады. Кәсiпкерлiктiң соңғы нәтижесi өндiрiлген өнiм мен көрсетiлген қызмет және ең бастысы - әр кәсiпкер оның тек өзiне тиiмдiсiн, пайдалысын ғана жасайды. Мiне, осы себептен кәсiпкерлердiң басты мақсаты - өз кәсiпорынының пайдасын барынша жоғарылату немесе шығындарын барынша азайту болып табылады. Ал, кәсiпкердiң табысы көбiне оның бизнестi ұйымдастыруына тiкелей байланысты. Қызметiнiң бастапқы кезеңiнде кәсiпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас үшiн өндiрiс факторларын жүйелеудің жаңа жолдарын iздейдi, яғни, бұл кәсiпкерлiктiң ең басты мәселесi. Кәсіпкерлік қызмет тәуекелге ұшырайды. Осы арқылы ол шаруашылық жүргізудің нашар нәтижелері кезінде мемлекетке жүгінуге мүмкіндігі болған зиянды кәсіпорындарды біле тұра жол берген әкімшілік-жоспарлы экономика кезеңінің шаруашылық қызметінен түпкілікті түрде ерекшеленеді. Кәсіпкерлік тәуекелі - табысты жұмысқа қуатты ынта. Бүгінгі таңда кәсіпкерлік нарықтық экономиканың негізі болып табылады және халықтың басым бөлігін жұмыспен қамтамасыз етіп, өте ірі салалар мен жобаларды дамытуға қолдау көрсетеді. Шағын және орта бизнес - жаңа бастау алып келе жатқан кәсіпкерлер арасында капиталды инвестициялау тәсілі ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемде маңызға ие.

2. Арнаулы салық режимiн қолдану шарттары

Арнаулы салық режимі - салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін бюджетпен есеп айырысудың және салықтардың жекелеген түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай-ақ ол бойынша салықтық есептемені табыс етудің оңайлатылган ережесін қолдануды көздейтін ерекше тәртіп.
Арнаулы салық режімдері мынадай түрлерге бөлінеді: өзіне патент негізінде және оңайлатылған мағлұмдама негізінде арнаулы салық режімін кіріктіретін шағын бизнес субъектілері үшін, шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, заңи тұлға - ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен селолықтұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимдер.
Салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе арнаулы салық режімін таңдауға құқылы. Арнаулы салық режімі шағын бизнес субъектілері үшін төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтік салықты және корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді.Бюджетке басқа салықтарды және міндетті төлемдерді есептеу, төлеу және салықтық есептемені табыс ету жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы аумағында және оның шегінен тысқары жерлерде алынған (алынуға жататын) табыстардың барлық түрлерінен тұратын салық кезеңі ішіндегі табыс патент немесе оңайлатылған мағлұмдама негізінде арнаулы салық режімін қолданатын салық төлеушілер үшін салық салу объекті болып табылады. Біркатар табыстардан корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеу және олар бойынша салықтық есептемені табыс ету жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Шағын бизнес субъектілеріне арналған салықты есептеудін жалпыға бірдей белгіленген тәртібі, патент негізінде, оңайлатылған мағлұмдама негізінде жүргізіледі. Аталған әдістердің эрқайсысы үшін оларды қолданудың шарттары ескеріледі: қызметтің ара-тұра сипаты, кәсіпкерлік қызметтің орны, сипаты , табыс мөлшері, қызметтің жүзеге асырылатын түрлерінің саны, жалдамалы жұмыскерлерді пайдалану және т.б. Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режімдері қызметтің біркатар түрлеріне, атап айтканда: акцизделетін өнімді өндіруге, консультациялық, қаржылық, бухгалтерлік қызметтерге, мұнай өнімдерін өткізуге, шыны ыдыстарын жинауға және кабылдауға, жер қойнауын пайдалануға қолданылмайды. Салықты оңайлатылған мағлұмдама негізінде есептеуді шағын бизнес субъекті салық салу тоқсандық табысқа есепті салық кезеңіне тиісті салықтардың заңмен белгіленген мөлшерлемесін қолдану және саралау арқылы жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілері - заңи тұлғалар үшін дербес жүргізеді; жеке (корпоративтік) табыс салығы және әлеуметтік салық түріндегі салықтарды бюджетке төлеу бірдей үлеспен есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі.
Сонымен қатар, арнаулы салық режимінің бірнеше қызмет түрлерін атқарады:
1) акцизделетін тауарларды өндiруге;
2) акцизделетін тауарларды сақтауға және көтерме саудада өткiзуге;
3) мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін - бензинді, дизель отынын және мазутты өткiзуге;
4) лотереяларды (мемлекеттік (ұлттық) лотереялардан басқа) ұйымдастыруға және өткізуге;
5) жер қойнауын пайдалануға;
6) шыны ыдыстарды жинауға және қабылдауға;
7) түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауға (дайындауға), сақтауға, қайта өңдеуге және өткiзуге;
8) консультациялық қызметтер көрсетуге;
9) бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызметтi;
10) сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржы, сақтандыру қызметіне және делдалдық қызметіне қолданылмайды.

3.Патент негiзiндегі арнаулы салық режимi

Патент негiзiндегi арнаулы салық режимiн қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланбайтын; жеке кәсiпкерлiк нысанындағы қызметтi жүзеге асыратын; салық кезеңіндегі табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгі жалақының 200 еселенген мөлшерінен аспайтын дара кәсіпкерлер қолданады. Салық кезеңі күнтізбелік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР қызмет ететін арнайы салық режимі
Шаруа қожалықтарына арналған арнаулы салық режимдері
Арнаулы салық режимі
Жекелеген кәсіпкерлік қызмет түрлері үшін арнайы салық режимі
Арнаулы салық режимдерін қолдану ерекшеліктері
Арнаулы салық режимдері туралы
Шағын бизнеске салық салу режимі
Салық саясаты және оны жузеге асыру
Біржолғы талон негізінде арнаулы салық режимі
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудағы салық салудың рөлі
Пәндер