Тұрғын үй



Кіріспе
1. Тұрғын үй. коммуналдық шаруашылықты реттеу әдістері,құралдары.
2. ҚР тұрғын үй. коммуналдық шаруашылық даму жағдайын талдау.
3. Тұрғын үй. коммуналдық дамыту мәселелері мен шешу жолдары.
4. Қорытынды
5. Пайдаланған әдебиеттер
Мемлекеттік саясат бағытының негізінің бірі – азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдай жасау, сондай-ақ, қауіпсіз және сапалы өмір сүруіне мүмкіндік беру. Сондықтан бар тұрғын уй қорын ұстау мен тиісті пайдалану, тұрақты іс-қимыл жасау, санитарлық және техникалық жағдайына талапты, оған іргелес аумақа инженерлік және коммунадық қызмет көрсетумен қамтамасыз етуді мемлекет белгілейді. Бұл міндеттерді орындау үшін мемлекет тарапынан әр түрлі бағдарламалар қабылдануда. Соның ішінде ҚР тұрғын-үй шаруашылығыда қалыс қалмайды.
Қазақстан Республикасының Президенті- Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына биылғы жолдауында да тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы саласы да шет қалған жоқ. 2012 жылғы «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауын 10 бағытқа бөліп қарастырды. Екінші бағытты қол жетімді баспана деп атады.
Жұмысты жазудағы мақсат- Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық саласын қарастыра отырып, саладағы проблемалар мен оның шешу жолдарыын, даму жағдайын талдау.
Осы мақсатқа сәйкес жұмысты жазуда келесідей міндеттер қойылды:
• Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылықты реттеу әдістері, құралдарын қарастыру;
• ҚР тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық даму жағдайые талдауды ұйымдастыру;
• Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылықты дамыту мәселелері мен шешу жолдарын талдау.
1. Г.Ш.Дәулетиярова «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесіндегі бюджеттің орыны» // Астана 2010ж., 105 б.
2. Ж.Жағыпарұлы «коммуналдық саланы жаңғыртуға бетбұрыс» // Егемен Қазақстан газеті.-2011.-№-405-408, 5-бет
3. А.Шопаева «ТҚШ жаңғырту не үшін қажет?» // Экономика газеті.- 2011 ж.-№ 20, 2- бет
4. ҚР тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы
5. «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы жолдау.

Жоспар
Кіріспе
1. Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылықты реттеу әдістері,құралдары.
2. ҚР тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық даму жағдайын талдау.
3. Тұрғын үй- коммуналдық дамыту мәселелері мен шешу жолдары.
4. Қорытынды
5. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Мемлекеттік саясат бағытының негізінің бірі - азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдай жасау, сондай-ақ, қауіпсіз және сапалы өмір сүруіне мүмкіндік беру. Сондықтан бар тұрғын уй қорын ұстау мен тиісті пайдалану, тұрақты іс-қимыл жасау, санитарлық және техникалық жағдайына талапты, оған іргелес аумақа инженерлік және коммунадық қызмет көрсетумен қамтамасыз етуді мемлекет белгілейді. Бұл міндеттерді орындау үшін мемлекет тарапынан әр түрлі бағдарламалар қабылдануда. Соның ішінде ҚР тұрғын-үй шаруашылығыда қалыс қалмайды.
Қазақстан Республикасының Президенті- Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына биылғы жолдауында да тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы саласы да шет қалған жоқ. 2012 жылғы Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты атты жолдауын 10 бағытқа бөліп қарастырды. Екінші бағытты қол жетімді баспана деп атады.
Жұмысты жазудағы мақсат- Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық саласын қарастыра отырып, саладағы проблемалар мен оның шешу жолдарыын, даму жағдайын талдау.
Осы мақсатқа сәйкес жұмысты жазуда келесідей міндеттер қойылды:
* Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылықты реттеу әдістері, құралдарын қарастыру;
* ҚР тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық даму жағдайые талдауды ұйымдастыру;
* Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылықты дамыту мәселелері мен шешу жолдарын талдау.
Мәнжазба құрылымы келесідей бөлімдерден тұрады: кіріспеден, негізгі бөлім, қорытындыдан. Негізгі бөлімде тұрғын үй- коммуналдық шаруашылықты реттеу әдістері, құралдарын қарастыру; ҚР тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық даму жағдайые талдауды ұйымдастыру; Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылықты дамыту мәселелері мен шешу жолдарын талдау жолдары қарастырылады.

1. Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылықты реттеу әдістері, құралдары

ҚР Құрылыс және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агентікке келесідей міндеттемелер қойылды: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары мен коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік басқару саясатын әзірлеу, осыған байланысты елді мекендердің шекаралары шегінде сумен жабдықтау және су бұру, электрмен жабдықтау( 0,4 кВ электр желісі объектілері), жылумен жабдықтау (ЖЭО-дан және белгіленген қуаты 100 Гкалсағат және одан жоғары қазандықтардан басқа) мен газбен жабдықтау саласында мемлекеттік реттеу саясатын әзірлеу, сонымен қатар коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу мәселелері бойынша мемлекеттік реттеу саясатын жүргізу, ҚР аумағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін, сондай-ақ тұрғын үй қатынастары мен коммуналдық шаруашылық салаларындағы салааралық үйлестіру мен ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттікке жүктелген өзге де міндеттері жүзеге асыру болып табылады.
Агенттік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асыруда: сәулет, қала және құрылыс қызметі саласында, сондай-ақ елді мекендердің шекарасы шегінде электрмен жабдықтау (0,4 кВ электр желісі объектілері), жылумен жабдықтау (ЖЭО мен белгіленген қуаты 100 Г калсағат және одан жоғары қазандықтардан басқа) және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік саясат пен салааралық үйлестіруді қалыптастырады және жүргізеді. Ол өз құзіреті шегінде реттелетін салаларда нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді. Сонымен қатар өз құзіреті шегінде реттелетін салаларда нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді, қолданысқа енгізеді және реттелетін салада бағдарламалық құжаттарды әзірлейді, келіседі.
Тұрғын үй- коммуналдық саласындағы мемлекеттік саясат 20 ғасырдың соңғы он жылдығының ортасында басталған реформаға дейін тұрғын үй- коммуналдық қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік монополияны, барлық ресурсты орталықтандырылған бөлуді білдіреді. Тұрғын үй- коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорындарды мемлекет белгіледі, ол сондай-ақ пәтер ақысының мөлшерін нақты шығынға қарамастан белгіледі.
20 ғасырдың соңғы он жылдығының ортасында басталған реформа көп жағдайды өзгертті. Тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметін көрсетуге ақы төлеудің жаңа принциптеріне көшу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1996 жылғы 12 сәуірдегі және Тұрғын үйлердегі пәтерлер мен тұрғын емес үй- жайларды меншіктенушілердің тұтынушылар кооперативтерін дамыту жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Респуликасының Үкіметінің 1996 жылғы 27 мамырдағы қаулыларында мыналар көзделді:
- тұрғын үй- коммуналдық қызмет тарифінің осы қызметті көрсетуші ұйымдардың шығындарын жабатындай деңгейге біртіндеп көшуі;
- жергілікті бюджет қаражаты есебінен халықтың аз қамтылған топтарына жәрдемақы беру түрінде әлеуметтік қорғау шараларын қолдану;
- тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық сферасында бәсекелік орта құру және демонополизация;
- табиғи монополистер- кәсіпорындарының қызметіне тарифтерді мемлекеттік реттеу;
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалаудың бірінші кезеңінде Табиғи монополиялардың шаруашылық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне сумен қамтамасыз ету және кәріз қызметін көрсету, электр және жылу энергиясын беру және бөлу, жергілікті желіні пайдалану телекоммуникациясы қызметін көрсету жөніндегі кәсіпорындар енгізілді.
Табиғи монополиялар субъектілері коммуналдық салада өндіретін және іске асыратын өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына енгізілетін шығын құрамын қалыптастырудың ерекше тәртібі бекітілді. Тұрғын үйді ұстап тұру жөніндегі пайдалану жұмыстарына бірыңғай пәтер ақысының бірлігі түріндегі ақы жинаудың бұрын белгіленген тәртібі жойылды. Пәтер иелері және тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын үй емес үй- жайлары кооперативінің жарғысының жобасы бекітілді.
Қазақстан Республикасында 1996 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау басында көп пәтерлі үйлердегі тұрғын үй қорының 80% -дан астамы жаппай жекешелендіру арқасында кейін пәтер иелері және тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын үй емес үй- жайлары кооперативін құру арқылы азаматтардың меншігіне берілген болатын.
Республикада жүргізілген реформа нәтижесінде тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығының облыстық және қалалық құрылымын демонополизациялау жүргізілді, республиканың тұрғын қорының шамамен 90% -ын басқаратын 4801- ден астам ПИК (пәтер (үй-жай) иелері кооперативі), 45 ПИК- тің өңірлік қауымдастығы, сондай-ақ Республикалық үй-жай иелері кооперативінің қауымдастығы құрылды.

2. ҚР тұрғын үй коммуналдық шаруашлық даму жағдайын талдау

Тұрғын үй қорының жай- күйін талдау
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ҚР тұрғын қоры меншік нысаны бойынша жеке тұрғын үй қорының (244,9 млн шаршы м.)97%- ынан және мемлекеттік тұрғын үй қорының (7,8 млн шаршы м.) 3%- ынан тұрады.
Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығын реформалау мақсаты жаппай жекешелендіру жүргізу болып табылды, осының нәтижесінде барлығы дерлік мемлекеттік тұрғын үй қоры жекешелендірілді. Және де, осыдан көп пәтерлі тұрғын үйлерде жаңа меншік иелерін қалыптастыруға көшу жүргізіледі. Коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорын құруға өзгерістер енгізілді. Өзінің қызметін шығынмен жүзеге асыратын үлкен және аз тиімді тұрғын үй- коммуналдық қызметтерін, негізінен, жаңа меншік иелерінің тұтыну кооперативіне алмастыру көзделді. ПИК кондоминиум объектілерін басқарудың ең көп таратылған нысаны болды.
Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін орта мерзімді перспективада арттыру тұрғын үй құрылысындағы жаңа саясатты талап етеді.
Осыған байланысты, ҚР тұрғын құрылысын дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді, оның негізгі бағыты халықтың тұрғын үйге құрылысын дамыту проблемасын кешенді шешу болып табылады. Бюджеттен жұмсалатын шығын тапшылығы 190,5 млрд теңгені, 2009 жылы - 102,8 млрд теңгені, 2010 жылы- 87,7 млрд теңгені құрайды.

2009 жылы
2010 жылы
102,8 млрд тг
87,7 млрд тг
1- Кесте бюджеттен жұмсалатын шығын тапшылығы

Жоспарлы кезеңде тұрғын үй салу көлемі 2009 жылы 9000 шаршы м., 2010 жылы- 11000 шаршы м.және 2011- 11300 шаршы м.құрайды. Жылына бір адамға мынша тұрғын үй тапсыру жоспарлануда: 2009 жылы 0,57 шаршы м., 2010 жылы- 0,69 шаршы м, 2011 жылы - 0,70 шаршы м.

1 - сурет жоспарлы кезеңде тұрғын үй салу көлемі

Тұрғын үйлердi пайдалануға беру қарқынын жыл сайын өсiру кезiнде үш жыл iшiнде жалпы алаңы 19,3 млн. шаршы метрге жуық, оның iшiнде жалпы алаңы 2008 жылы - 6,9 млн. шаршы метр, 2009 жылы - 6,2 млн. шаршы метр, 2010 жылы - 6,2 млн. шаршы метр тұрғын үй салынатын болады. Үш жылдың iшiнде қаржыландырудың барлық көздерi бойынша 161,6 мыңға жуық пәтер салынатын болады; облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарына қайтарымды негiзде республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаражат есебiнен салынған 1,5 млн. шаршы метр, оның iшiнде 2008 жылы - 583 мың шаршы метр, 2009 жылы - 604,9 мың шаршы метр, 2010 жылы - 269,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлетiн болады;

2008 жыл
2009 жыл
2010 жыл
Тұрғын үйлерді пайдалануға беруқарқының жыл сайын өсіру кезінде үш жыл сайын ішінде жалпы алаңы 19,3 млн.
6,9 млн.шаршы метр
6,2 млн.шаршы метр
6,2 млн шаршы метр
Республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен салынған 1,5 млн шаршы метр
583 мың шаршы метр
604,9 мың шаршы метр
269,2 мың шаршы метр
2-кесте

2008 - 2010 жылдар iшiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен 518,2 мың шаршы метр мемлекеттiк жалға берiлетiн үй (6300 пәтер) салынады;
10,4 млн. шаршы метр жеке тұрғын үй пайдалануға беру болжанып отыр;
жеке тұрғын үй құрылысына бөлiнген 94,2 мың жер учаскелерi, оның iшiнде 3,2 мың учаскелер әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялардың күшiмен инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етiлетiн болады;
5,5 млн. шаршы метр коммерциялық тұрғын үй салынатын болады;
қалалар мен басқа да елдi мекендердiң сәулеттiк бейнесi жақсарады;
құрылыс қызметiнен бюджетке түсетiн салықтарды, оның iшiнде жылжымайтын мүлiкке салынатын салықты, құрылыс саласының қызметкерлерiнен түсетiн табыс салығын жинау ұлғаяды;
құрылыс материалдары өнеркәсiбi, электротехникалық, металлургия және химия өнеркәсiбiн өнiмдерiн, сондай-ақ жаңа тұрғын үйдi жайластыру бұйымдарын шығаруды арттыру есебiнен сабақтас салаларда мультипликативтiк тиiмдiлiк күтіледі.

2-сурет

Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты атты биылғы жолдауын 10 бағытқа бөліп қарастырды. Екінші бағытты қол жетімді баспана деп атады. Жолдауда: елімізде жыл сайын 6 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуде. Алайда жары миллионнан астам жас отбасын жеке баспанамен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл үшін жалға берілетін тұрғын үй алаңын 1 миллион шаршы метрге жеткізу қажет. Ұзақ мерзімді жалға беруде сатып алынатын және сатуға жатпайтын екі түрлі жол қарастырылуы қажет. Оған қоса алғаны үшін жасалатын төлем әл - ауқаты орташа отбасы мүмкіндігіне сай болуы тиіс. Мұнымен бірге отандық құрылыс саласы үшін жаңа мүмкіндіктер туады. Соның бәрін жаңа Қолжетімді баспана - 2020 бағдарламасында анық көрсету керек. Мемлекет бұл бағдарламаны тиісті қаражатпен қамтамасыз етеді. Аталған құжат Үкіметке осы жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмей жасалады.

3.Тұрғын үй- коммуналдықшаруашылық дамыту мәселелері мен шешу жолдары

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің (бұдан әрі - ҚР СА) деректері бойынша республиканың тұрғын үй секторының жалпы алаңы 270,9 млн. шаршы метрді құрайды, оның ішінде 263,9 млн. шаршы метр немесе 97,4 % тұрғын үй жеке меншікке тиесілі. Мұны төмендегі диаграммадан көруге болады.

Диаграмма 1

Жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі - ЖАО) деректері бойынша КПТҮ-ге жататын тұрғын үй қорының 50,1 млн. шаршы метрі немесе 32 % күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуді талап етеді, ал 3,8 млн. шаршы метр (2 %) бұзылуға жататын, одан әрі пайдалануға жарамсыз авариялык тұрғын үйлер.
ҚР СА-ның деректері бойынша Қазақстандағы тұрғын үй секторы босатылған жылу энергиясының шамамен 40 %-ын тұтынады. Бұл ретте, сараптамалық бағалау бойынша тұрғын ғимараттардағы босқа кеткен жылу ысырабы 30 %-ға жетеді.
2010 жылы жүргізілген зерттеулердің деректері бойынша Қазакстанда ғимараттардағы жылу энергиясының шығыны жылына бір шаршы метр үшін шамамен 240 кВт болады, бұл жылына 1 шаршы метрге 100-120 кВт деген ортаеуропалық көрсеткіштен айтарлықтай төмен.
Бүгінгі күні көп пәтерлі тұрғын үй қорын басқару және күтіп ұстау саласы негізінен пәтер меншік иелерінің кооперативтері (бұдан әрі - ПИК) қызметімен қамтамасыз етіледі, олар бір мезгілде жөндеу жұмыстары мен қызметтерінің тапсырыс беруші және мердігер бола алады, нарықта монополиялық жағдайға ие және кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеу бойынша сапалы қызмет көрсетуге тырыспайды.
Әділет органдарында жылжымайтын мүлік ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен кондоминиум объектілерінің пайызы төмен екені байқалады. Айталық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінін деректері бойынша тіркелген кондоминиум объектілерінің саны 14687 бірлікті құрайды, бұл кондоминиум объектілерінің жалпы санының 8,5 %-ы болады (172164 бірлік).
Көп пәтерлі тұрғын үйлердің негізгі проблемалары:
* тұрғын үй иелерінің кондоминиум объектісін басқаруда белсенділігінің төмен болуы;
* кондоминиум объектілерін басқару органдарының қызметіне пәтер иелерінің қанағаттанбауы;
* басқару органдарының қызметінде кондоминиум объектісін басқару және күтіп ұстау функцияларын шоғырландыру;
* үйге ортақ мүлікті күрделі жөндеуге ақшалай қаражат жинақтау практикасы әлсіз;
* кондоминиум объектілерін басқару органдарына ортақ мүлікті күрделі жөндеуге қол жетімді кредит беру тетіктерінің болмауы;
* кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін басқару және күтіп үстау жөніндегі қызметтерге төлемдерді жинау деңгейінің төмен болуы;
* тұрғын үй көмегін көрсету тетігін пайдаланудың жеткіліксіз деңгейі;
* энергия ресурстарын тұтыну деңгейінің жоғары болуы.
Коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйі жылумен жабдықтаалады. Ол
ҚР СА-ның деректері бойынша екі құбырлық деп есептегенде жылу желілерінің жалпы ұзындығы 11,7 мың км немесе оның 32,6 %-ы немесе 3,8 мың км коммуналдық меншікте, 67,4 %-ы немесе 7,9 мың км жеке меншікте. Бұл ретте желілердің жалпы ұзындығының 63 %-ы ауыстыруды және жөндеуді талап етеді.
Жылу желілері қатты тозғандықтан жылу энергиясы ысырабының артуына алып келеді, ол 2009 жылы ҚР СА-ның деректері бойынша 11,6 млн. Гкал немесе босатылған жылу энергиясының жалпы санының 17,5 %-ын құрады.
Жылумен жабдықтау жүйесі есептеу құралдарымен қамтамасыз етудің өте төменгі деңгейімен сипатталады. Сарапшылардың бағалауы бойынша оларға жалпы қажеттілік 45,8 мың бірлікті кұрайды, 23,3 мың бірлік есептеу құралы орнатылған. Тиісті деңгейде есепке алу болмағандықтан, жылу энергиясының нақты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көп пәтерлі тұрғын үйлерді тиімді басқарудың жағдайы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Тұрғын үйді жалдау шарты
Жалға алушы кәмелетке толғкан отбасы мүшелерінің келісімімен кез келген уақытта жалдау шартын бұзуға құқылы
Тұрғын үй саясатының мемлекеттік бағдарламасы
Тұрғын үй-жайға меншік құқығы
Тұрғын үйге меншік құқығын тоқтатудың негіздері
Тұрғын үй құқығы
Тұрғын үй немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшелері
Тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативтері
Пәндер