Әлеуметтанудың институттары мен процестері



Жоспар:


Кіріспе
1. Жалпы әлеуметтік сөзінің мағынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

Негізгі бөлім І. Әлеуметтік институт түсінігін анықтау, негізгі белгілері
1.1 Институтционалдау үрдісінің мәні және кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Әлеуметтік институттың тұрпаттары мен міндеті, қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6


ІІ. Әлеуметтік процестер түсінігін анықтау, негізгі белгілері
1Әлеуметтік процестер түсіні ... ... ... ... ... ... ... . 8
1.2 Әлеуметтік процестерді шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 13

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
«Әлеуметтік» дегеніміз, нақтылы қоғамдағы қоғамдық жиынтығы. Бұл қатынастардың жиынтығы жеке тұлғалар мен олардың белгілі бір тобының белгілі бір кеңістікте, уақытта іс - әрекеттерінде атқарған қызметтерінде байқалады. Қандай да бір қоғамдық қатынастардың жүйесі (мысалы, экономикалық, саяси, т.б.) әр уақытта адамдардың өзара қарым – қатынасынан және қоғамға қатынасынан көрінеді. Сондықтан әрбір қоғамдық жүйенің әлеуметтік жағы болады. Басқаша айтқанда, әлеуметтілік - әр түрлі жеке тұлғалардың бірігіп істеген қызметінің жемісі, нәтижесі. Бұл олардың бір-бірімен байланыс- қатынастарынан тікелей көрінеді. Ал, олардың қоғамдық құрылымындағы алатын орны, атқаратын рөлі және әр түрлі жағдайлары бір – бірінен өзгеше қоғамдық үдірістергеқатынасынанкөрінеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. Қарабаев Әлеуметтану кітабы
2. Әбсаттаров Әлеуметтану кітабы
3. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
4. ↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ

Тақырыбы:Әлеуметтанудың институттары мен процестері

Орындаған:

Тексерген:

Өскемен 2013

Жоспар:

Кіріспе
1. Жалпы әлеуметтік сөзінің
мағынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

Негізгі бөлім

І. Әлеуметтік институт түсінігін
анықтау, негізгі белгілері

1.1 Институтционалдау үрдісінің мәні және
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .5
1.2 Әлеуметтік институттың тұрпаттары мен міндеті,
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 6

ІІ. Әлеуметтік процестер түсінігін анықтау, негізгі белгілері
1Әлеуметтік процестер түсіні ... ... ... ... ... ... ... . 8
1.2 Әлеуметтік процестерді шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 13

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

Кіріспе

Әлеуметтік дегеніміз, нақтылы қоғамдағы қоғамдық жиынтығы.
Бұл қатынастардың жиынтығы жеке тұлғалар мен олардың белгілі бір тобының
белгілі бір кеңістікте, уақытта іс - әрекеттерінде атқарған қызметтерінде
байқалады. Қандай да бір қоғамдық қатынастардың жүйесі (мысалы,
экономикалық, саяси, т.б.) әр уақытта адамдардың өзара қарым – қатынасынан
және қоғамға қатынасынан көрінеді. Сондықтан әрбір қоғамдық жүйенің
әлеуметтік жағы болады. Басқаша айтқанда, әлеуметтілік - әр түрлі жеке
тұлғалардың бірігіп істеген қызметінің жемісі, нәтижесі. Бұл олардың бір-
бірімен байланыс- қатынастарынан тікелей көрінеді. Ал, олардың қоғамдық
құрылымындағы алатын орны, атқаратын рөлі және әр түрлі жағдайлары бір –
бірінен өзгеше қоғамдық үдірістергеқатынасынанкөрінеді.

Әлеумет ұғымының қазіргі заманғы мағынасы қоғам, қауым,
қауымдастық сөздерінің ғылыми ұғымдарымен мәндес.“Қоғам” аталатын адамдар
қауымының күрделілігі, көп қырлылығы, сонымен қатар тұтастығы оны
әлеуметтік жүйе ретінде қарастыру қажеттігін алға тартады. Қоғам бір текті
емес: оның алуан реттегі, әрқилы сипаттағы әлеуметтік құбылыстар мен
процестердің бірсыпырасын қамтитын өзіндік түзілімі мен құрамы бар.
Әлеуметтік жүйенің құрамдас элементтері адамдар, әлеуметтік байланыстар мен
іс-әрекеттер, әлеуметтік қарым-қатынастар мен өзара әрекеттесулер,
әлеуметтік институттар мен ұйымдар, әлеуметтік топтар, қауымдар, әлеуметтік
нормалар мен құндылықтар т.б. болып табылады. Олардың әрқайсысы өзара
тікелей байланыс құрып, қоғам өмірінде ерекше орын алады әрі өзіне лайықты
рөл атқарады. Осы орайда, ең алдымен, қоғамның құрылымын анықтап, оның
маңызды элементтерін ғылыми тұрғыдан саралау, сондай-ақ әлеуметтік жүйе
ретінде қарастырылатын қоғам өміріндегі олардың орны мен рөлін, өзара
байланыстары мен әрекеттесулерін түсіндіру социология ғылымының басты
міндеті. Өзінің құрылымы арқасында ғана қоғам емін-еркін, бейберекет
жиылған тобырдан да, өзінің жөнге салынған құрылымы бар өзге әлеуметтік
құбылыстардан да мүлдем ерекше тұрады, демек, басқаша сапалық қасиеттерге
ие болады. Ал, әлеуметтік құрылым көп жағдайға жүйе ретінде бүкіл қоғамның
табандылығы мен тұрақтылығын айқындайды. Қоғам және тұлғалардың, олардың
байланыстары мен әрекеттесулерінің, өзара іс-әрекеттері мен қарым-
қатынастарының жай ғана қосындысы емес, біртұтас жүйе, ал мұндай
бірлестіктер жаңа интегралды, жүйелік сапаны туындататын болғандықтан, ол
жекелеген адамдардың не олардың қосындысының сапалық қасиеттеріне
мойынсынбайды. Әлеуметтік жүйе ретіндегі қоғам — өзінің дербес заңы бойынша
қызмет атқарып, дами беретін әлеуметтік ағза өзара табиғи байланыстарына
қарамастан, әлеуметтік құрылымға қарағанда “әлеуметтік жүйе” атауы
әлдеқайда кең ұғым. Егер әлеуметтік жүйе өзінің аясына кіретін
элементтердің бүкіл жиынтығының бір-бірімен және тұтастай әрекеттесуін
ұйымдастыру тәсілі болса, онда әлеуметтік құрылым — жүйенің және олардың
байланыстарының салыстырмалы түрде баянды, қалыпқа түскен әрі ұдайы өніп
отыратын, сондай-ақ, әлеуметтік жүйенің тұрақтылығы мен қызмет атқаруын
қамтамасыз ету тетігін құрайтын негізгі элементтерінің жиынтығы. Осы
тұрғыдан алғанда әлеуметтік құрылым — қоғамдағы әлеуметтік статус пен
рөлдің нығаюына ықпал ететін әлеуметтік жүйенің аса маңызды бөлігі,
ұйтқысы, берік ұстыны. Сонымен, әлеуметтік жүйе дегеніміз — бір-бірімен
өзара байланысып, әрекеттесуші және бірегей әлеуметтік тұтастықты құраушы
құбылыстар мен процестердің тәртіптелген ауқымды жиынтығы.

Әлеуметтік институттар алғашқы қауымдық қоғамнан қазіргі заманға дейінгі
кез келген қоғамда болған. Оларсыз қоғам өзін құрайтын адамдарға қатысты
өзінің негізгі функцияларын - біріктіру, қорғау, қамтамасыз ету, тұлғаны
әлеуметтендіру, рухани және мәдени даму, т.б. орындай алмас еді.

Адамдардың әлеуметтік өзара байланыстары мен қарым-қатынастары мінез-
құлықтың жалпы ережелері мен қоғамдық мүддеге және жеке адамдардың
мүддесіне қол жеткізудің қалыптасқан, рұқсат етілген тәсілдерінің негізінде
құрылады. Ең алғашқы институттардың бірі жыныстық қатынастарды, қандас
туыстар мен тайпаластар арасындағы қолдау көрсету мен өзара көмектесуді
реттеген, мәдени сабақтастықты, әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беру
нормаларын баянды еткен отбасы және неке институты болып табылады.

Социологтар “институт” ұғымын құқықтанушылардан бай әлеуметтік
мазмұнмен толықтырып алған. Ол базалық социологиялық категориялардың бірі
болып табылады, теориялық тұжырымдамаларды құру мен шынайы қоғамдағы
әлеуметтік қатынастарды талдауда оны айналып өту мүмкін емес.

Ағылшын социологі Г.Спенсер “әлеуметтік институт” терминін алғаш
ұсынған адам. Кез келген мекеме (әлеуметтік институт) әлеуметтік
әрекеттердің орнықты құрылымы ретінде қалыптасады [38]. Ол институттар
қоғам өмірін реттеу мен жайластыру және адамдардың мінез-құлқына ықпал ету
ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өткен. Ол әлеуметтік институттардың
алты түрін сипаттап, талдаған: өнеркәсіптік, кәсіподақтық, саяси, әдет-
ғұрыптық, шіркеулік, үй.

Латын тілінен іnstіtutum - орнату, жайластыру деп тәржімаланады.
“Институция” термині орнату, қоғамда қалыптасқан әдет-ғұрып, тәртіп дегенді
білдіреді. “Институт” ұғымы әдет-ғұрыптар мен тәртіптердің заң немесе
мекеме түрінде бекітілуін білдіреді. Әлеуметтік институт әлеуметтік жүйенің
тұрақтылығын қамтамасыз ететін қоғамдық байланыстар мен қатынастардың кез
келген тәртіптелуі, ресмиленуі дегенді білдіреді.

Әлеуметтік құрылғы ретінде институт адам қызметінің әр түрлі
салаларын реттейтін ресми және бейресми ережелердің, принциптердің,
нормалардың, ұстанымдардың орнықты кешенін білдіреді. Олардың негізінде
топтар мен адамдардың қарым-қатынас жасау жүйесіндегі орнын, функцияларын,
мінез-құлқын анықтайтын әлеуметтік рөлдер мен мәртебелер жүйесі
ұйымдастырылады.

Әлеуметтік институттың жеке адамнан гөрі жоғары сипаты, өзіндік аса
қатаң құрылымы бар, жүйелілік сапасы болады. Құндылықтар, үлгілер және
нормалар жүйе ретінде жеке адамдардың қандай да бір әлеуметтік қауымдастық
шеңберіндегі міндетті мінез-құлықтарын реттеп отырады.

Әлеуметтік институт деп көбінесе адамдардың бірлескен қызметінің
тарихи қалыптасқан орнықты нысандарын айтады. Институттардың негізігі
мақсаты - жеке адамдардың, топтардың және жалпы қоғамның іргелі
қажеттіліктерін қанағаттандыру. Олардың сәтті қызмет атқаруы адамдар
қауымдастығының өмірін сақтауға мүмкіндік береді, оларды топтар мен қоғамға
біріктіреді, олардың өмірін тұрақты етеді. Дәл осы әлеуметтік институттар
ұйымдардағы бірлескен корпоративтік қызметті үйлестіреді, әлеуметтік
қатынастар сипатын анықтайды және оларды сақтап отырады.

Әрбір институт:

- белгілі бір қызмет аясын;

- белгіленген құқықтар мен міндеттер негізінде қоғамдық, ұйымдық
немесе басқару функцияларын орындауға өкілетті адамдар тобын;

- ресми тұлғалар арасындағы қарым-қатынастың ұйымдық нормалары мен
принциптерін;

- қойылған міндеттерді шешуге қажетті материалдық құралдарды
(қоғамдық ғимараттар, құрал-жабдықтар және т.б.) қамтиды.

Мысалы, әділет органдары (юстиция) әлеуметтік институт ретінде
құқықтық қатынастар мен оларды реттеу саласын білдіреді. Оған жататындар
белгілі бір адамдар тобы (прокурорлар, соттар, адвокаттар); қабылданған
ресми заңдар мен басқа да заңнамалық актілер, сондай-ақ құқықтық өкілетті
тұлғалардың мінез-құлықтарының бейресми стандартталған үлгілері (соттың,
прокурордың, адвокаттың және т.б. рөлдері); мекемелер (прокуратуралар,
соттар, тұтқындау орындары және т.б.) және әділетті қаржыландыруға арналған
ел бюджетінен бөлінетін қаражат.

Қоғамдық байланыстар мен қарым-қатынастарды тәртіпке келтіру,
ресмилендіру және стандарттау процесі институционалдандыру деп аталады.
Қоғамның белгілі бір байланыстардың әлеуметтік ұйымдастыруға қажеттілігін
ұғынуы барысында сол қажеттілікті қанағаттандыра алатын әлеуметтік
нормалар, ережелер, мәртебелер мен рөлдер бекиді. Әлеуметтік институттың
қызмет атқаруына жәрдемдесетін жалпы мақсаттар, топтар және ұйымдар
қалыптасады, институттың барлық мүшелерін қамтитын нормалар мен
санкцияларды қолдану ресімдері, мәртебелер мен рөлдер жүйелері құрылады.

Неғұрлым маңызды қажеттіліктерді қамтамасыз ететін әлеуметтік
институттардың бес негізгі түрі бар [39]:

- бала туу, өсуі (отбасы және неке институты);

- қауіпсіздік және әлеуметтік тәртіп (саяси институттар,
мемлекет);

- тұрмыстық құрал-жабдықтар өндіру (экономикалық институттар,
өндіріс);

- білімді беру, өскелең ұрпақты әлеуметтендіру, кадрлар даярлау
(білім беру, ғылыми және мәдени институттар);

- рухани мәселелер, тіршілік мағынасын шешетін қажеттіліктер (дін
институты).

Әрбір институттың қанағаттандыратын қажеттіліктеріне тәуелді ерекше
қасиеттері бар. Бұл ұстанымдар мен мінез-құлық үлгілері; символикалық
мәдени белгілер; утилитарлық мәдени белгілер; ауызша және жазбаша кодекс;
идеология. Бұл институционалдық белгілер әлеуметтік қатынастарды реттеудің
негізгі механизмдерін шоғырландырған: нормативтік элементтер, түсініктер,
үлгілер, санкциялар, мәдени бейнелер, қоғамдық идеялар арқылы (1-кестені
қараңыз). Барлық институттар бірдей белгілердің толық жинақталымына ие бола
бермейді, бұл олардың жеткілікті дами қоймағанын немесе төмендегенін
көрсетеді.

Осылайша әлеуметтік институттар маңызды қоғамдық құндылықтар мен
әлеуметтік байланыстардың орнықты нысандары арқылы әлеуметтік құрылымдар
мен қоғамдағы тәртіпті ұстап тұрады. Оларды қоғам мүшелері орындайтын
әлеуметтік құндылықтар, нормалар және мінез-құлық үлгілері беретін
өздерінің әлеуметтік рөлдері негізінде мақсатқа бірлесе қол жеткізуді
қамтамасыз ететін белгілі бір әлеуметтік маңызды функцияларды орындайтын
адамдардың ұйымдасқан бірлестіктері ретінде алып қарауға болады [41].

Әр түрлі бағыттағы социологтар қоғамдағы әлеуметтік институттардың
реттелген жүйесін беруге тырысқан.

Социологиядағы институционалдық мектеп өкілдері (С.Липсет, Д.Ландберг
және т.б.) берген институттардың жіктелуі назар аударарлық. Олардың
пікірінше, әлеуметтік институттар төрт негізгі функцияны орындайды: қоғам
мүшелерінің өсіп-өркендеуі; әлеуметтендіру; өндіріс пен бөлініс; басқару
мен бақылау.

Экономикалық институттар (меншік, алмасу, ақша, банктер, шаруашылық
ұйымдар) қоғамдық байлық өндірісін және бөлінісін қамтамасыз етеді,
экономикалық өмірді басқа әлеуметтік салалармен біріктіреді. Саяси
институттар (мемлекет, партия, қоғамдық ұйымдар, кәсіподақтар) саяси
биліктің белгілі бір нысандарын орнатуға және ұстап тұруға бағытталған.
Әлеуметтік мәдени және тәрбие институттары мәдени және әлеуметтік
құндылықтарды ұдайы өндіруді, жеке адамдардың әлеуметтік мәдени
стандарттарды меңгеруін қамтамасыз етеді. Нормативтік-бағдарлаушы
институттар жеке адамдардың мінез-құлқын моральдік нормативтер негізінде
реттейді. Нормативтік-санкциялаушы институттар жеке адамдар мен топтардың
белгілі бір мінез-құлқын заң актілерінде бекітілген нормалар, ережелер мен
санкциялар негізінде алдын ала ұйғарып отырады. Рәсімдік-символикалық және
жағдайлық-конвенционалдық инсти¬туттар топтық және топаралық мінез-құлықтың
әр алуан актілерін реттейтін ұзақ күнделікті байланысулар барысында
жасалған нормалар мен ұйғарымдарды қамтиды.

Институттардың мойындалған мақсаттары ретінде оңай танылатын айқын
функциялары және әдейі емес немесе жасырын жүзеге асырылатын латентті
функциялары болады.

Өзінің базалық қоғамдық функциясын жүзеге асыру үшін әрбір әлеуметтік
институт қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатымен адамдардың бірлескен
қызметін қамтамасыз ететін функцияларды атқарады. Ең алдымен, институт
қоғамдық қатынастарды бекітеді және ұдайы өндіреді. Бұл институттың әрбір
мүшесінің қызмет ететін шеңберлерді белгілейтін мінез-құлықтың ережелері
мен стандарттық нормалары жүйесінің арқасында мүмкін болады. Әлеуметтік
институттардың қызмет атқаруы қоғам мүшелері арасындағы өзара қарым-
қатынасты рөлдік талап-күтулер арқылы реттеуді қамтамасыз етеді. Әлеуметтік
бақылау қоғамда белгіленген және қалыптасқан мінез-құлық үлгісін сақтауды
қамтамасыз етеді.

Институттардың интегративтік қызметі де маңызды болып табылады.
Институттандырылған нормалардың әсерімен әлеуметтік топтар мүшелері
бірігуінің, өзара тәуелділік пен жауапкершіліктерінің, өздерінің
мақсаттарын салыстыруының әлеуметтік процестері табысты жүреді.

Әлеуметтік институттың трансляциялаушы қызметі қоғамда жинақталған
әлеуметтік тәжірибе беруді қамтамасыз етеді. Жеке адамды әлеуметтендіру,
тәрбилеу және дамыту процестері арқылы алдыңғы ұрпақтың нормативтік-
құндылық элементтері, тыныс-тіршілігінің тәжірибесі игеріледі.

Институттардың коммуникативтік мүмкіндіктері арқылы олардың ішінде
туған ақпарат оның құрамына енген жеке адамдар мен топтар арасында да,
институттар арасында да таралады.

Әлеуметтік институттардың айқын функциялары күтілетін және қажетті
болып табылады. Егер де институт оларды игере алмаса, онда ол сөзсіз
таратылады және өзгерістерге ұшырайды. Алайда әлеуметтік институттардың іс-
әрекеттерінің жоспарланған нәтижелерімен қатар жасырын, түсініксіз не
болмаса алдын ала жоспарланған нәтижелер де болады.

“Дисфункция” ұғымын алғаш енгізген американдық социолог Р.Мертон
болатын, ол жүйенің бір бөлігінің екінші бөлігіне ықпалының теріс
салдарларын бейнелеуге және қандай да бір жүйенің біртұтастыққа тұтасуы
дәрежесін көрсетуге тиіс. Ол іс-әрекет пен мінез-құлықтың барлық
институцияландырылған үлгілері қоғамның бірлігі мен тұтасуына қызмет
ететіндігіне күмән туғызған және де дисфункцияларды зерделеуді маңызды деп
ұйғарған .

Мысалы, бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамның әлемдегі оқиғалар
туралы неғұрлым жылдам және толық хабардар болуын қамтамасыз етуге және
тиісінше коммуникация дәрежесін көтеруге тырысуы сенсация қууға және
ақпараттарды бұрмалауға әкеп соғуы мүмкін. Ал бұл басқаның қайғысына, күш
қолдануды қабылдауға, мораль талаптарына қоғамның сезімталдық қасиетін
төмендетеді.

Сырт көзге әлеуметтік институттардың дисфункция құбылысы даярланған
кадрлардың, материалдық қаражаттың жетіспеушілігінен, ұйымдастырудағы
кемшіліктерден және т.б. болатын сияқты мүмкін. Мазмұндық көзқарас
тұрғысынан дисфункциялар қызмет мақсатының айқын еместігінен,
функцияларының анық еместігінен, сол институттың әлеуметтік мерейі мен
беделінің түсуінен, жекелеген функциялардың бастапқы оңтайлы мақсаттарды
орындауға емес, өзінің болмысын сақтауға арналған қызметіне ауысуынан
көрініс табады.

Әлеуметтік институттардың өзгеруі едәуір ұзақ та күрделі процесс.
Олардың даму тарихы дәстүрлі нысандарының біртіндеп қазіргі заманғы түрге
айналатындығын көрсетеді. Мысалы, отбасы, құқық, дін, билік институттарын
алайық. Олардың жаңа ерекше түрлерінің пайда болуы жаңа әлеуметтік
байланыстар мен қажеттіліктердің пайда болуымен байланысты. Мысалы,
индустриалдық қоғамда жаңа - нарық, еңбек келісім-шарты, жарнама, бұқаралық
мәдениет, ғылым, денсаулық сақтау, қоғамдық қозғалыс, жалғыз басты ата-ана,
ерлі-зайыптылардың бөлек тұруы және басқа институттар пайда болды.

Институттардың қоғамдық рөлін терең талдаған алғашқы социологтардың
бірі Т.Веблен атап өткендей, әлеуметтік институттар қоғамның өмір сүру
тәсілі ретінде өзгермейтін нәрсе емес. Әлеуметтік құрылысының эволюциясы
айналасына неғұрлым лайықталған алуан түрлі институттардың “табиғи
іріктелу” процесі ретінде орын алады. Институттардың өзгеруі өз кезегінде
мінез-құлқы қоршаған ортаға неғұрлым лайықталған және көп бейімделген жеке
адамдардың одан әрі іріктелінуіне әкеп соғады.

Әлеуметтік институттардың дамуы эндогендік (ішкі) және экзогендік
(сыртқы) факторлардың ықпалымен жүреді. Сыртқы факторларға күнделікті тыныс-
тіршіліктің өзгерістері, жаңа құндылықтардың, мәдениеттің дамуы, адамзаттың
жаңа білімдерді жинақтауы жатады. Әлеуметтік институттар қоғамдық
өзгерістерге бастама көтерген көрнекті тұлғалардың ықпалымен де қатты
өзгеруі мүмкін. Мысалы, Лютер идеяларының әсерімен шіркеудің реформалануын
айтуға болады.

Өзгерістер тудыратын ішкі факторларға жеке институттардың өзінің
қоғамдық функцияларын тиімді орындау, белгілі бір әлеуметтік топтардың
қажеттіліктері мен мүдделерін жүзеге асыру қабілеттері жатады. Егер де
институт қызмет көрсететін әлеуметтік қажеттілік елеусіз болып қалса немесе
жоқ болса, онда бұл институттың өмір сүруі мағынасыз болып қалады және
біртіндеп жоғалады. Сондықтан да институттар өзгеріп жатқан әлеуметтік
шынайылыққа сәйкес келетін қайта жаңғыртуды, мамандандырылуын тереңдетуді,
жаңа нормалар, құндылықтар, ережелер жасауды қажет етеді.

Мысалы, әлеуметтік шығыстарға арналған бюджетті қысқарту жағдайында
Қазақстанда әлеуметтік қорғау институты қайта құрылды. Бұрын ол әлеуметтік
қауіп-қатерден халықтың барлық топтарын қорғауға бағытталған болатын,
алайда өтпелі экономикадағы мемлекетте оның әлеуметтік міндеттемелерді
толығымен орындау мүмкіндігі де, қаражаты да жоқ. Сондықтан 2000 - 2001
жылдары атаулы әлеуметтік көмек институты болып өзгертілді. Бұл халықтың
неғұрлым кедей және мұқтаж топтарына тиімді әлеуметтік қолдау көрсетуіне
мүмкіндік береді және де адамдардың өздерінің материалдық жағдайын
жақсартуына деген жеке белсенділігі ынталандырылады.

Қоғамның дамуына қарай бір әлеуметтік институттар басқа институттарға
өзінің негізгі функцияларын береді немесе бөліседі.

Егер де дәстүрлі қоғамда балалар тәрбиесін отбасы өз мойнына алған
болса, ал индустриалдық қоғамда бұл функцияларын дін институттарымен ғана
емес, мемлекетпен, мектепке дейінгі және мектептегі білім берумен,
бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен және басқалармен де
бөліседі.

Социологияда социологиялық зерттеулердің жеке бағыты қалыптасқан,
онда институттарды орнықты әлеуметтік қатынастар ретінде зерттеу адамзаттың
әлеуметтік қызметінің ішкі механизмдерін айқындауға мүмкіндік береді.
ªазіргі заманғы экономика, саясат, мәдениет, күнделікті өмір саласындағы
институттану нысандарын зерттеулер социологиялық білімнің дамуына маңызды
үлес қосуда [43]. Микродеңгейдегі зерттеулер қалыптасып отырған әлеуметтік
практикаларды бөліп қарауға және сипаттауға мүмкіндік береді, олар одан әрі
институттандырылады және әлеуметтік шектеулердің және мүмкіндіктердің жаңа
кеңістігін қалыптастыра бастайды. Мысалы, желілік маркетингке адамдарды
барған сайын көп жұмылдыру адамдардың жаңа тұтыну мүдделерін
қалыптастырады, сән көрсетудегі, жарнамаланатын тауарларды тұтыну
мәдениетін таратады.

Макродеңгейдегі зерттеулер қоғамның социетальді табиғат беретін және
тікелей экономикалық, саяси және әлеуметтік қызмет процесінде
институттанулық түрленулер шеңберін қалыптастыратын базалық институттарды
бөліп қарайды. Нарықтық институттардың қалыптасуы адамдардың еңбек
құндылықтарының өзгеруіне ықпал етеді.

Зерттеулердің макро- және микродеңгейлері жүріп жатқан өзгерістер
тереңдігін түсінуге мүмкіндік береді. Мысалы, нарықтық еңбек қатынастары
институттануының нақты әлеуметтік социологиялық зерттеулері қоғамның
социалистіктен нарықтыққа шын мәнінде өзгерген бе, жұмыс берушілер мен
жалданушы қызметкерлердің өзара қарым-қатынастарының жаңа ресми ережелері
жұмыс істейді ме, бұл нормалар екі жақтың да мүдделерін қамтамасыз етеді
ме, міне осыларды көрсетеді [44].

Осылайша, “әлеуметтік институт” социологиялық танымда белсенді
пайдаланылатын базалық санаттардың бірі болып табылады. Бұл ұғымның
социологиялық түсінігін басқа ғылымдардың әлеуметтік институттар мен
қоғамдық өмірді зерттеуі толықтыра түседі.

Әлеуметтік институт қандай да бір салада қызмет ететін адамдардың
жиынтығы және нақты заңдар, басқару шешімдері және практикалық кешендер
жүйесі болып табылады. Әлеуметтік институттар индивидтің, топтардың, тұтас
қоғамның сұраныстарын, қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады.
Әлеуметтік институтты біздің түсінуімізге батыс социологтарының
анықтамалары қайшы келмейді. Әлеуметтік институттың социологиялық
сипаттамасы американдық А. және Дж. Теодорсондардың Қазіргі социологиялық
сөздігінде берілген. Онда ол маңызды әлеуметтік қажеттіліктер мен
функцияларды қамтамасыз ету үшін қалыптастырылған және қызмет ететін
әлеуметтік рольдер мен нормалардың өзара байланысты жүйесі ретінде
қарастырылады. Әлеуметтану бойынша ағылшын сөздігінде институт термині
әлеуметтік нормалар арқылы тұрақты қайталанатын және санкцияланатын
әлеуметтік тәжірибені бейнелеу үшін пайдаланатындығы аталып өтілген. Ол
әлеуметтік құрылымда маңызды орынға ие болады. Әлеуметтік
институттардың әртүрлісіне қарамастан, олар ортақ типологиялық
сипаттарға және ең алдымен іс-әрекетінің мақсатына ие. Мақсатты әлеуметтік
институттар атқаратын функциялар анықтайды. Институттар монофункционалды
(яғни 1 функция атқаратын) және полифункционалды (яғни бірқатар негізгі
және негізгі емес) болуы мүмкін. Институттың қоғамдық ортамен өзара қарым-
қатынасының негізі болып оның негізгі функциясының – нақты әлеуметтік
қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін барлық жағдай туғызуды жүзеге асыру
табылады.
Әлеуметтану үшін ғылым ретінде әлеуметтік қажеттіліктер институттың іс-
әрекетінде бейнеленбейтін, яғни институт қоғамдық қажеттіліктерге сәйкес
келмейтін жағдайды талдау маңызды. Әлеуметтік институттар пайда болатын
қарама-қайшылықтың бастауларын, көріну формаларын және оларды шешу жолдарын
табады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық әлеуметтануы
Әлеуметтануға кіріспе
Әлеуметтану
Әлеуметтану обектісі
Выготскийдің оқыту және дамыту жөніндегі тұжырымдары туралы ақпарат
Әлеуметтану ұғымы және оның қалыптасуы
Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану
Әлеуметтік мобильдік теориясы
Әлеуметтік институттар, қызметтері
Саяси мәдениеттің жіктелуі
Пәндер