Қазақстандағы сайлай жүйесі және оның ерекшеліктері



Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
Сайлау құқығының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
Дауыстарды санау жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
Қазақстан Республикасының сайлау органдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
Сайлау округтері мен учаскелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
Әр мемлекеттердегі саяси режимнің әр түрлілігіне байланысты сайлау жүргізіліп отырады.
Қазақстан демократия режимді таңдаған мемлекет ретінде азаматтардың құқықтары мен бостаңдықтарын алдыңғы орынға қояды.Сол себептен халыққа бостандық берілгендіктен, халыққа өз қалауын таңдап, яғни сайлауларға тікелей немесе жанама қатыса алады. Демократиялық қоғамның кез келген саналы азаматы өзінің белсенді сайлау құқығын тек қана құқығы ретінде емес, міндетім деп қабылдауы қажет. Сайлауға қатысу әркімнің ерік білдіру бостандығы болып табылады. Сонымен қатар сайлауға қатысу кез келген азаматтың азаматтық борышы. Сайлау еркіндігі кез келген азаматтың сайлауға қатысуға құқығы бар екендігін, сонымен қатар өзінің көзқарастарына қатыссыз адал да әділетті күресте сайлануға нақты мүмкіндіктерге иеленуі дегенді білдіреді.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995ж. 30тамыз.
2. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық
3. С.К.Амандықова., Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы / Оқулық.
4. А.Т.Ащеулов., Конституционное право Республики Казахстан. Алматы 2007г.
5. Ж.Баишев., Конституционное право Республики Казахстан. Алматы 2007г.
6. Г.С.Сапарғалиев., Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы / Оқулық.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Әр мемлекеттердегі саяси режимнің әр түрлілігіне байланысты сайлау жүргізіліп отырады.
Қазақстан демократия режимді таңдаған мемлекет ретінде азаматтардың құқықтары мен бостаңдықтарын алдыңғы орынға қояды.Сол себептен халыққа бостандық берілгендіктен, халыққа өз қалауын таңдап, яғни сайлауларға тікелей немесе жанама қатыса алады. Демократиялық қоғамның кез келген саналы азаматы өзінің белсенді сайлау құқығын тек қана құқығы ретінде емес, міндетім деп қабылдауы қажет. Сайлауға қатысу әркімнің ерік білдіру бостандығы болып табылады. Сонымен қатар сайлауға қатысу кез келген азаматтың азаматтық борышы. Сайлау еркіндігі кез келген азаматтың сайлауға қатысуға құқығы бар екендігін, сонымен қатар өзінің көзқарастарына қатыссыз адал да әділетті күресте сайлануға нақты мүмкіндіктерге иеленуі дегенді білдіреді.

Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі
Сайлау жүйесi дегенiмiз сайлау органдарын кұрудың, сайлауды ұйымдастырудың тәртiбi қағидаларын қамтитын, сайланбалы мемлекеттiк жене жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын қалыптастырудың тәртiбi.
Казакстан Республикасы сайлау жүйесi деп Конституция мен сайлау туралы зандарда көрсетiлгендей республика Президентiн, Мәжлiс пен Сенат депуттатарын, ауылдық әкiмдердi, төте не жанама сайлау тәртiбiн айтамыз.
Мұның ішінде бізге ерекше таныс түрлері - бұл сайлаушы органдардың қалыптасуы кезіндегі принциптері мен қатысу шарттары болып табылады. Сайлау жүйесі - заңмен белгіленген ережелер, принциптер жиынтығы, олардың көмегі арқылы дауыс беру нәтижелері анықталады. Сайлау бостандығын қамтамасыз етуге арналған бірқатар нақты шаралар бар. Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңда сайлау еркіндігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар тікелей көрсетілген. Олар: соттар, прокуратура органдары, ішкі істер органдары.Азаматтарды сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбірлеу заңсыз әрекет болып табылады. Азаматтардың сайлауда өз еркін білдіру ықтиярлы түрде жүзеге асады.
Президентікке, Парламент депутаттығына кандидаттар тіркелген күннен бастап, сайлау қорытындысы жарияланғанға дейін жұмыстан, әскери қызметтен және әскери жиындардан босатылуға құқылы.Соттар, прокуратура, ішкі істер органдары, сондай-ақ сайлау комиссиясы дауыс беру күні, оның ішінде демалыс күндері де өз жұмыстарын ұйымдастырады. Олар азаматтардың шағымдарын қабылдау мен қарауды қамтамасыз етеді.Сайлау еркіндігі кез келген азаматтың сайлауға қатысуға құқығы бар екендігін, сонымен қатар өзінің көзқарастарына қатыссыз адал да әділетті күресте сайлануға нақты мүмкіндіктерге иеленуі дегенді білдіреді. Сайлау әділеттілігінің өлшемдері: бәсекелестік, мерзімділік, өкілеттілік және нәтижелілік болып табылады:
* Бәсекелестік -- сайлауға оппозициялардың, сонымен қатар бірнеше кандидаттың қатысу мүмкіндігі.
* Оппозиция дегеніміз -- көпшіліктің немесе билік жүргізіп отырғандардың пікіріне мүлде карсы пікірлі адамдардың тобы немесе партия.
* Сайлаудың мерзімділігі -- белгілі бір уақыт өткеннен кейін сайлаудың кайта өткізілуі.
* Өкілеттілігі -- мемлекеттік органдардың құрамына ұлттық, діни, нәсілдік белгілері әр түрлі халықтың азшылығының енгізілуі.
* Нәтижелілігі -- сайлаудың нәтижесінде жеңіске жеткен адамдардын Конституцияға негізделген нақты билігін жүзеге асыра алу мүмкіндігі.
Біздің елімізде сайлау барыснда , сайлаудың әділетті өтті дейтіндей өлшемдері: бәсекелестік, мерзімділік, өкілеттілік және нәтижелілік сақталды деп айтылғанымен, іс жүзінде меніңше, ол соншалықты әділетті емес.Себебі: халық әлі өз ойын тікелей, ашық жеткізуде батыл емес. Бәсекелестер, оппозиция партиялар, шыны керек, жай сайлау әділетті өтті дейтіндей сөз үші керек. Біздің халық өз қалауын жасау үшін қорқады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы конституциялық Заңға сәйкес Президентті, Парламент Сенаты депутаттарын және Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау кезінде дауыс санаудың мынадай жүйесі қолданылады:
- дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентінен астамының дауысын алған;
- қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшілігін алған.
Саяси партиялардан Парламент Мәжілісінің депутаттары біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізімдермен сайланады.
Мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып саналады. Президентті, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, Мәслихат депутаттарын және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі принциптері бекітілген заңдық нормалар жиынтығы Қазақстан Республикасының сайлау құқығы болып табылады.
Сайлаулар азаматтардың мемлекеттік билік органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құруға тікелей қатысуын қамтамасыз ете отырып, тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысу құқығын жүзеге асыруға ықпал етеді.
Сайлау құқығы екіге бөлінеді: белсенді және бәсең. Белсенді сайлау құқығы деп - Республиканың 18 жасқа толған азаматтарының тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығын айтамыз. Бәсең сайлау құқығы деп - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихатының депутаттары немесе өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше болып сайлану құқығын айтамыз. Бәсеңдіктің мәні мынада, ол сайламайды, оны сайлайды. Сайлауға іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік билікті ұйымдастырудың басты принципі еркін сайлау және референдум арқылы, ал, мемлекеттік биліктің жалғыз көзі халық екендігін анықтады.
Демократиялық таңдау - негізгі саяси-құқықтық институт. Демократия саяси сайлау іс жүргізуден тыс жүзеге асуы мүмкін емес, ол дегеніміз іс жүргізудің азаматтар үшін жол беретін және қамтамасыз ететін, заңда көрсетілген тиісті мерзім ішінде олардың мүдделерін ғана айтып қоймай, сайлаушы азаматтармен бекітілген, дамытудың өз саясатын жүргізуге үміттенетін әр түрлі тұлғалар, партиялар арасынан заңды негізде таңдауға мүмкіндік беру.
Заң шығару мемлекеттік билік органдарының сайлауы кезінде қолданатын екі негізгі сайлау жүйесі бар екендігін білеміз. Бұл тең жәнe мажоритарлы сайлау құқығы нeгізіндe дауыс бeреді. Олардың осы немесе басқа да тіркестері дауыс берудің аралас жүйесін береді. Қазақстан аралас сайлау жүйесі жолында.

Сайлау құқығының түрлері

* Жалпыға бірдeй бeлсeнді сайлау құқығы дегеніміз - Рeспубликаның oн сeгіз жасқа жeткeн азаматтарының тeгінe, әлeумeттік, лауазымдық жәнe мүліктік жағдайына, жынысына, нәсілінe, ұлтына, тілінe, дінгe көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жeрінe нeмeсe кeз кeлгeн өзгe жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс бeругe қатысу құқығы.
* Бәсeң сайлау құқығы дегеніміз - Қазақстан Рeспубликасы азаматтарының Қазақстан Рeспубликасының Прeзидeнті, Қазақстан Рeспубликасы Парламeнтінің, мәслихатының дeпутаты нeмeсe жeргілікті өзін-өзі басқару oрганына мүшe бoлып сайлану құқығы.
* Тең сайлау құқығы дегеніміз - Сайлаушылар Рeспублика Прeзидeнті, Парламeнті Мәжілісінің жәнe мәслихаттарының дeпутаттары сайлауына тeң нeгіздeрдe қатысады әрі oлардың әрқайсысының бір сайлау бюллeтeнінe тиісіншe бір дауысы бoлады. Сайлаушылар Рeспубликаның жeргілікті өзін-өзі басқару oргандарының мүшeлeрін сайлауға тeң нeгіздeрдe қатысады әрі oлардың әрқайсысының тeң дауыс саны бoлады. Кандидаттар Қазақстан Республикасының Қазақастан Республикасындағы сайлау туралы Конститутциялық заңында бекітілген шектерге сәйкес сайлауға қатысу үшін тең құқылы.
* Төте сайлау құқығы дегеніміз - Рeспублика Прeзидeнтін, Парламeнті Мәжілісінің жәнe мәслихаттарының дeпутаттарын, жeргілікті өзін-өзі басқару oргандарының мүшeлeрін азаматтар тікeлeй сайлайды.
* Жанама сайлау құқығы дегеніміз - Парламeнт Сeнатының дeпутаттарын сайлауға таңдаушылар - мәслихаттардың дeпутаты бoлып табылатын Рeспублика азаматтары қатысады Таңдаушылар Сeнат дeпутаттарын сайлауға тeң нeгіздeрдe қатысады әрі oлардың әрқайсысың Сeнат дeпутатын сайлаған кeздe бір дауысы бoлады.
Пропорционалды сайлау жүйесі дегеніміз -- сайлауда ұсынған партиялық тізімге сәйкес саяси партия Парламентте депутаттың мандат сайын иеленетін сайлау жүйесі. Қазақстан Республикасында мажоритарлық және пропорциоиалды сайлау жүйелері қолданылады.
Пропорционалды сайлау жүйесі Парламент Мәжілісінің он депутатын, партиялық тізімге сәйкес пропорционалды өкілдіктер жүйесі бойынша және біртұтас жалпы ұлттық округтің аумақтары бойынша сайлауда қолданылады. Мәжіліс сайлауы өткеннен кейін ОСК дауыс беруге қатыскан сайлаушылар санының жеті және одан да көп пайызын алған партияларды анықтайды. Осыдан кейін партияны жақтап дауыс берген сайлаушылар дауысының жиынтығы онда -- біртұтас жалпы ұлттық округтің аумағы бойынша бөлінетін депутаттың мандаттар санына бөлінеді. Партиялық тізімдерді құраған саяси партиялар арасындағы депутаттық мандаттарды бөлудің нәтижесінде сайланған депутат мерзімінен бұрын шығып калған жағдайда, оның мандаты Орталық сайлау комиссиясының каулысымен сол партиялық тізім бойынша сайланған келесі кандидатқа беріледі. Тиісті партиялық тізімде кандидаттар калмаған жағдайда Мәжіліс депутаттарының келесі сайлауына дейін мандат бос калады. Мажоритарлы сайлау кезінде сайлаушылар сайлау округтары бойынша белгілі бір кандидаттар үшін дауыс береді. Мажоритарлық жүйеде дауыс санының ең көбі болу тиіс, кандидатқа жеңіс үшін сайлаушылардың 23 дауысын жинау қажет, дауыс санының көпшілігін (50% + 1 дауыс) немесе айтарлықтай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік билік түсінігі
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні
Құқықты көркемдік және кең тұрғыдан айқындау
Дене тәрбиесі пәнін жетілдіру және әдістері
Қазақстан Республикасындағы шетел және азаматтығы жоқ азаматтардың құқықтары туралы
Жөкей ақын
Орта жүздің Ресей империясының құрамына кіруі
Қытай Республикасы
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің дамуы және мемлекеттік басқаруды орталықсыздандырудың ғылыми-практикалық және теориялық-методологиялық аспектілерін зерттеу
Пәндер