Ұлыбританияның саясижүйесі



ЖОСПАР

I.Кіріспе 3
II. Негізгі бөлім
1. Ұлыбритания туралы қысқаша мағлұмат 4
2.Қазақстан.Ұлыбритания қарым.қатынастары 6
III. Қорытынды 12
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 13
Қазіргі замандағы Ұлыбритания (Great Britain) немесе Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдығы (The United Kingdom of Great Britain and Northern Ireland) — Батыс Европада орналасқан аты әлемге мәшһүр мемлекет. Бұл мемлекет «Үлкен жетілік» елдерінің құрамына және ядролық клубқа мүше ел болып табылады.
Біздің тәуелсіз Қазақстан ядролық қарудан бас тарқан сәтте осы ел кепілдік беруші елдер қатарына кірген болатын. Ал біз қарастырып отырған кез ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында біздің ата-бабаларымызға жұмыс беріп алғашқы жұмысшы табын қалыптастырушылардың бірі болған да осы ел. Иә, иә, сол кезде патшалы Ресейден біздің Қазақстандағы кейбір кендерді концессияға алып алтын, темір т.б. металдарды қазып алушы ел болған. Бұл елдің тарихын оқып білу өте қызықты да. Мысалы сол кезеңдегі саяси қайраткерлер Б.Дизраэли, Сесиль Родс (әрі миллиардер, тіпті екі ел оның атымен аталған: Оңтүстік және Солтүстік Родезия) және тағы басқалардың өмір тарихынан көп нәрсені тұжырымдауға болады.
1. Н.А. Ерофеев. Очерки по истории Англии. 1815-1917. М., 1959г.
2. Колониальная политика капиталистических держав. (1870-1917). М., 1967г.
3. Виноградов К. Б., Очерки английской историографии нового и новейшего времени. Л., 1959г.
4. Ізтілеуов К., Жаңа заман тарихы. — Алматы: Ана тілі, 2000ж.
5. Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы, 1975 ж.
6. Волков М. Я., Промышлен¬ность Англии, М., 1965 ж.
7. Ковальский С. Ұлыбритания. Алматы, 1947 ж.
8. Тоқаев Қ. Қазақстан дипломатиясы, Алматы, 2002 ж.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

I.Кіріспе 3
II. Негізгі бөлім
1. Ұлыбритания туралы қысқаша мағлұмат 4
2.Қазақстан-Ұлыбритания қарым-қатынастары 6
III. Қорытынды 12
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 13

Кіріспе

Қазіргі замандағы Ұлыбритания (Great Britain) немесе Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдығы (The United Kingdom of Great Britain and Northern Ireland) -- Батыс Европада орналасқан аты әлемге мәшһүр мемлекет. Бұл мемлекет Үлкен жетілік елдерінің құрамына және ядролық клубқа мүше ел болып табылады.
Біздің тәуелсіз Қазақстан ядролық қарудан бас тарқан сәтте осы ел кепілдік беруші елдер қатарына кірген болатын. Ал біз қарастырып отырған кез ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында біздің ата-бабаларымызға жұмыс беріп алғашқы жұмысшы табын қалыптастырушылардың бірі болған да осы ел. Иә, иә, сол кезде патшалы Ресейден біздің Қазақстандағы кейбір кендерді концессияға алып алтын, темір т.б. металдарды қазып алушы ел болған. Бұл елдің тарихын оқып білу өте қызықты да. Мысалы сол кезеңдегі саяси қайраткерлер Б.Дизраэли, Сесиль Родс (әрі миллиардер, тіпті екі ел оның атымен аталған: Оңтүстік және Солтүстік Родезия) және тағы басқалардың өмір тарихынан көп нәрсені тұжырымдауға болады.

1. Ұлыбритания туралы қысқаша мағлұмат.

Бірденнен Англияның сол кезеңіне кіріспей алдымен бұл ел жайында деректер беріп өткенді дұрыс деп шештім.
Ұлыбритания Европаның солтүстік батысындағы Ұлыбритания аралында, Ирландия аралының солтүстік-шығыс бөлігінде, Англия, Уайт, Норманд, Гебрид, Шотланд т.б. ұсақ аралдарда орналасқан. Ұлыбритания 4 тарихи-географиялық аймақтан тұрады. Олар Англия, Уэльс, Шотландия, Солтүстік Ирлан - дия (Ольстер) деп аталады. Әкімшілігі жағынан графтықтарға және графтық дәрежедегі қалаларға бөлінеді. Үлкен Лон - дон ерекше жеке әкімшілік бөлік (құрамында 32 аудан бар) саналады. Ұлы Британия -- Британ Ынтымағының (бұрынғы Британ империясының құрамындағы елдердің саяси және экономикалық бірлестігі) орталығы; бұның құрамына (1976 ж.) Ұлыбритания, Канада, Австралия Одағы, Жаңа Зеландия, Үндістан, Бангла - деш, Шри Ланка, Гана, Малайзия, Сингапур, Кипр, Нигерия, Сьерра-Леоне, Танзания, Кения, Уганда, Гамбия, Ма - лави, Замбия, Лесото, Свазиленд, Ботсвана, Ямайка, Тринидад және Тобаго, Мальта, Гайана т. б. 36 ел кіреді.
Мемлекеттік құрылысы, Ұлыбритания -- парламентарлық монархия. Ұлыбританияның біртұтас конституциясы жоқ. Бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан конституциялық актыларға: парламент заңдары (статутарлық право), сот преце - денті, келісімдер мен әдеттік право салалары жатады. Мысалы, статутарлық актілер: Еркіншіліктің ұлы хартиясы (1215), Право туралы билль (1689), Вестминстер статуты (1931), Халық өкілдігі туралы акт (1948, 1969), Лордтар палатасының актісі (1968) т. б. Мемлекет басшысы -- король (королева). Мысалы, қазір елді королева Елизавета жарты ғасыр билеп келе жатыр. Корольдық билік -- өмір бақи және атадан балат қалатын мұра. Король атқару өкіметтің жоғарғы басшысы, сот жүйесін басқарып, қарулы күштердің жоғарғы бас командашысы болып саналады, мемлекеттің англикан шіркеуін және Ұлыбритания елдері бірлестігін басқарады. Король премьер-министрді, министрлерді, судьялар мен дипломаттарды және шіркеу иелерін тағайындап, жоғары лауазым атақтар беруге, келісімдер жасауға, соғыс жариялауға, бітім жасауға, заң жүзінде парла - мент құрамын белгілеуге, қауымдық палатаны таратып, заң жобаларын бекітуге праволы. Шынында король билігі қағаз жүзінде ғана, себебі патшалық еткенмен мемлекетті басқармайды. Іс жүзінде корольдық билігі мен өктемдігі бүтіндей үкіметтің министрлер кабинетінің қолында. Ұлыбританияның заң шығаратын өкіметі -- екі палаталы пар - ламент (құрамында король, лордтар палатасы және қауымдық палата). Палаталардың құрылу принциптері әрқалай және бір-біріне тәуелсіз болғанмен, заң қабылдауда пікірдің бір жерден шығуы қажет. Жалпы ұлттық өкілдік органы -- төменгі қауымдық палата (635 депутат, 5 жылға сайланады). Заң бойынша парла - мент ең жоғары билікке ие, бірақ іс жүзінде заңдар мен бюджетті үкімет қабылдайды. Ұлыбританияның үкіметі -- ми - нистрлер кабинеті (80 -- 100 мүше), оған министрлер, ведомство басшылары, лорд-канцлер т.б. кіреді. Үкімет басшысы -- премьер-министр (Тони Блэр), оған қауымдық палатада көпшілік орынға ие болған саяси партияның жетекшісі тағайындалады. Министрлер каби - неті -- Ұлыбританияның ішкі және сыртқы саясатының шешуші органы. Ол қауымдық палатаның алдында заң бойынша жауапты. Ұлыбритания -- тарихи қалыптасқан облыстардан (Англия, Уэльс, Солтүстік Ирландия, Шотландия) құрылған унитарлық мемлекет.
Қазіргі кездегі Англия әлемдегі болып жатқан барлық саяси істерге араласып англо-саксондардың әлемдік үстемдігін арттыра түсуге құлшынып отырған мемлекет. Соңғы Ирактағы соғыста АҚШ-ның одақтасы болып басқыншылыққа барған ел.
2 Қазақстан-Ұлыбритания қарым-қатынастары

Ұлыбритания БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі, "үлкен сегіздіктің" мүшесі, ядролық державалардың бірі бола отырып, КСРО тараған кезден бастап Кеңестік бұрынғы кеңістікті өзінің стратегиялық мүдделерінің аймағы ретінде қарай отырып, жаңа тәуелсіз мемлекеттер жөнінде белсенді көзқарас ұстанды. Атап айтқанда Британ сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі Каспий аймағын елдің ұлттық мүдделерінің ауданы ретінде қарап, онда өзінің орнын нығайтуға күш салуы болып табылады. 1990 жылдардың басында елдің бұрынғы Премьер-Министрі, көрнекті британ саясаткері М.Тэтчердің Қазақстанға келуі осының дәлелі. Лондонның Орталық Азия мемлекеттері жөнінде маңызды міндеттеріне либералдық реформаларды қолдау, халықаралық құрылымдарда тиісті елдердің қызметін бақылау, діни радикализмнің таралуына жол бермеу жатады.
Қазақстанның Еуропадағы аса ірі сауда және инвестициялық серіктесі ретінде Ұлыбританияның айрықша орны екі жак - ты қатынастарда саяси проблемалардың жоқтығымен, бірінші кезекте мұнайға, газға және құбырға орай геостратегиялық және экономикалық факторлармен байланысты.
Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Королдігі арасында дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 19 қаңтарда орнатылды.
Бұл орайда Қазақстан Британ қатынастарының дамуына Президент Н.Назарбаевтың Біріккен Королдікке 1991 жылғы қазанда жұмыс сапарының барысында-ақ тыныс берілген еді. Сол кезде Еуропа қайта құру және даму банкінің, қазір Қазақстанда белсене жұмыс істеп жатқан "Бритиш Газ", "Бритиш Петролеум" компанияларының және басқа да жетекші британ компанияларының басшылығымен маңызды байланыстар орнатылды.
Қазақстанға Король отбасының мүшелері мұрагер ханзада Чарльз 1996 жылғы қарашада, ханшайым Анна 1993 жылғы шілдеде және Королева II Елизаветаның немере інісі Герцог Глостерский 2002 жылғы қыркүйекте келіп қайтты.
Екі жақты қатынастар экономика мен мәдениет саласында, сондай-ақ НАТО-ның "Бейбітшілік жолындағы әріптестік" бағдарламасы шеңберіндегі әскери ынтымақтастық серпінді дамуда.
Президент Н.Назарбаевтың 1994 жылғы наурызда Ұлыбританияға ресми сапары өзара іс-қимылды тереңдетуде жаңа кезеңді ашты. Қазақстан Британ ынтымақтастығының шарттық-құқықтық негізін қалаған құжаттарға қол қойылды. Бұлар: Достық және ынтымақтастық туралы бірлескен декларация; Білім, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы; Әуе қатынасы туралы келісімдер; Екі елдің сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы деклара - ция; Қос салық салуды жою және табыс пен мүлік құнының өсіміне салықтар төлеуден жалтаруды болдырмау туралы конвенция.
1995 жылдың соңы мен 1996 жылдың басында екі жақты экономикалық қатынастарды реттейтін екі шешуші келісім: Қос салық салуды болдырмау туралы конвенция және Инвестицияларды қолдау мен өзара қорғау туралы келісім күшіне енді. Бұл Қазақстан мен Ұлыбритания арасында сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастардың дамуын айтарлықтай дәрежеде жеңілдетті. Оның негізгі бағыттары энергетика, кен өндіру өнеркәсібі, сауда, әлеуметтік инфрақұрылым, денсаулық сақтау, көлік пен байланыс, қаржы және жекешелендіру саласындағы консалтингтік қызметтер, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру болып отыр.
Ұлыбритания Еуропа Одағы елдері арасынан бірінші бо - лып 1996 жылғы маусымда Қазақстан мен ЕО арасындағы серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімді бекітті.
Кейінгі уақытта Қазақстан Британ қатынастарын серпінді дамыту үрдісі айтарлықтай нығая түсті. Британ бағыты біздің саясатымыздың еуропалық бағыттағы маңызды құрамдас бөлігіне айналды. 1997 жылғы маусымда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлыбритания мемлекетінің туризм саласының дамуы
Ұлыбритания мемлекетінің туризм саласының дамуы, мемлекет тұрғысынан алатын орны, туризм мәселесіндегі өзіндік саясатын ашып көрсетумен қатар халықаралық қарым – қатынастағы туризмнің даму барысы
Оңтүстік - Уэльс кен орындары
Ұлыбританиядағы Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ахуал
Ұлыбританияның қаржы жүйесі
Ұлыбритания мемлекеті
Қазақстан Республикасы мен Ұлы Британия және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі арасындағы қатынастар
Ұлыбританияның екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жағдайы
Англия дипломатиясы
Ұлыбританияның экономикалық және саяси дамуы
Пәндер