Микробиология ғылымы дамуының негізгі кезендері.



Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Афанасий Кир.хер
2.2 Антон Левенгук
2.3 М. М. Тереховский (1740—1796)
2.4 Луи Пастер
2.5 Л. С. Ценковский (1822—1887)
2.6 И. И. М е ч н и к о в (1845—1916)
2.7 Н. Ф. Гамалея (1859—1949)
2.8 Д. И. Ивановский(1864—1920)
2.9 Еңбегі сіңген ғалымдар
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Табиғаттағы тірі организмдер мейлінше алуан түрлі болады.
Олардың ішінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесінен басқа, жай көзге көрінбейтін тірі организмдер — микроорганизмдер елеулі орын алады. Сыртқы пішініне және тіршілік жағдайларына қарай микроорганизмдер бірнеше топқа бөлінеді. Кейбіреулері ауыл шаруашылығында, медицинада баға жетпес пайда келтірсе, басқа біреулері жануарлар мен өсімдіктерге және адамдарға орасан зор зиянын тигізеді.
Адам баласы микроорганизмдердің тіршілік әрекетін ерте бастан-ақ өздерінің күнделікті тұрмысында пайдалана білген. Олар сүтті ашытып айран, түрлі жеміс-жидектерден шарап, квас және сол сияқты алуан түрлі тағамдарды дайындай алатын болғаи. Ертеде египеттіктер мал азығын әжептәуір сүрлей де білген. Ми-кробтардың пайдалы әрекеттерін қолданып қана қоймай, адам баласы олардың зиянды, бүлдіруші, зақымдаушы әрекеттеріне қарсы күрескен. Мәселен, Қытайда, Индияда және Кавказда шешек ауруына қарсы адамдарға арнаулы препараттар егетін болған. Жүқпалы аурулармен сырқаттанған адамдар бөлектелініп, жеке күтілген. Ал тамақ заттарын бүлініп кетпес үшін түздау, ашыту, қайнату, салқындату, кептіру арқылы сақтаған. Бұлардың барлығы микроорганизмдердің зиянды әрекеттеріне қарсы күресудің ертеден қолданылып келе жатқан басты шаралары болып саналады.
Бірақ адам баласы табиғатта микробтардың тіршілік ететіндігін жете білмегендіктен жоғарыда айтылған процестердін, сыры қүпия болып қала берді. Сондықтан да микробтар қатысуымен жүретін процестерді басқаруға мүмкіндік болмады.
Пайдалынылған әдебиеттер
1. Б. Толысбаев; Н.Шоканов; А. Мулашев; Б. Бияшов;
«Мал дәрігерлік микробиологиясы»
2. Интернет материалдары.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Микробиология ғылымы дамуының негізгі кезендері.
Табиғаттағы тірі организмдер мейлінше алуан түрлі болады.
Олардың ішінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесінен басқа, жай көзге көрінбейтін тірі организмдер -- микроорганизмдер елеулі орын алады. Сыртқы пішініне және тіршілік жағдайларына қарай микроорганизмдер бірнеше топқа бөлінеді. Кейбіреулері ауыл шаруашылығында, медицинада баға жетпес пайда келтірсе, басқа біреулері жануарлар мен өсімдіктерге және адамдарға орасан зор зиянын тигізеді.
Адам баласы микроорганизмдердің тіршілік әрекетін ерте бастан-ақ өздерінің күнделікті тұрмысында пайдалана білген. Олар сүтті ашытып айран, түрлі жеміс-жидектерден шарап, квас және сол сияқты алуан түрлі тағамдарды дайындай алатын болғаи. Ертеде египеттіктер мал азығын әжептәуір сүрлей де білген. Ми-кробтардың пайдалы әрекеттерін қолданып қана қоймай, адам баласы олардың зиянды, бүлдіруші, зақымдаушы әрекеттеріне қарсы күрескен. Мәселен, Қытайда, Индияда және Кавказда шешек ауруына қарсы адамдарға арнаулы препараттар егетін болған. Жүқпалы аурулармен сырқаттанған адамдар бөлектелініп, жеке күтілген. Ал тамақ заттарын бүлініп кетпес үшін түздау, ашыту, қайнату, салқындату, кептіру арқылы сақтаған. Бұлардың барлығы микроорганизмдердің зиянды әрекеттеріне қарсы күресудің ертеден қолданылып келе жатқан басты шаралары болып саналады.
Бірақ адам баласы табиғатта микробтардың тіршілік ететіндігін жете білмегендіктен жоғарыда айтылған процестердін, сыры қүпия болып қала берді. Сондықтан да микробтар қатысуымен жүретін процестерді басқаруға мүмкіндік болмады.

Афанасий Кир-хер
Микробиология тарихында римнің профессоры Афанасий Кир-хердің (1601 -- 1680) есімі де аталуы тиіс. XVI ғасырдың аяғында Ганс пен Захарий Янсендердің алғашқы микроскопты кұрастырғаны мәлім. Әрине, бүл өте қарапайым аспап еді. Соны пайдалана отырып, Кирхер сасыған ет, шарап сіркесін, сүтті қарап, онда түрлі құрттардың кездесетінін байқады. Ол қанды қарап, одан түрлі клеткаларды көрді. Оба ауруымен ауырған адамдардың қанын қарап, Кирхер одан ерекше құртты көрдім деп мәлімдеді. Осындай жабайы аспаппен, әрине ол микробты көруі мүмкін емес еді.
Антон Левенгук.
Солай бола тұрса да бұл аурудың қанда жүрген микробтар арқылы таралатыны жөніндегі оның пікірі өз кезіндегі прогрессивтік батыл көзқарас болып есептеледі.
Тек XVII ғасырдың аяғында ұлғайтып көрсететін аспаптарды жасау техникасының жетілуіне байланысты микроорганизмдерді тауып, оларды жан-жақты зерттеуге мүмкіндік туды. Микроорганизмдерді алғаш рет ашу Голландия әуесқойы Антон ван Левенгуктың (1632 -- 1723) есімімен тікелей байланысты. Жас кезінен шыныларды құрастырумен кеп айналысқан ол, заттарды 160 -- 300 есеге дейін үлкейте алатын алғашқы микроскопты құрастырған. Осы қарапайым микроскоптың көмегі Мен Левенгук жай көзге көрінбейтін микробтар дүниесін ашты, ет тағамдарындағы зен, саңырауқұлақтарын, тұрып қалған қақ суындағы тірі организмдерді көрді, олардын. пішінін, шамасын және қоз-ғалысын сипаттап жазды. Тістін. сыртына тұрып қалған өңезін суға езіп қарағанда, ондағы тірі организмдер Левенгукқа өте зор әсер еткен. Левенгук бұл культурадан жыбырлап жүрген өте ұсақ жәндіктерді көргенін және олардың соншалықты көптігіне тан, қалып, олардың шамасы бүкіл Құрама Корольдықтағы адамдар санынан көп болса керек деген пікірге келеді. Бұл тірі организмдердін. ішінде шар және қысқа таяқша тәрізділері және спираль тәрізді түрлері бар екендігін ол анық байқады. Сонда Левенгук әзі жасаған микроскоппен түрлі ашытқы саңырауқұлақтарды, бактериялар мен инфузорияларды керген. Левенгуктын, ашқан жаңалығы микроорганизмдер дүниесін зерттеуге, сәйтіп микробтар жөніндегі ғылым -- ■ микробиологияның дамуына жол ашты.
Өз зерттеулерін Левенгук Антон ван Левенгук ашкан табиғаттың құпия сырлары деген атпен 1695 жылы кітап етіп жарыққа шығарды. Алайда ол бұл организмдерді сипаттап жазғанымен олардын, табиғатта алатын орнын, әрекеттерін білмеді. Әйткенмен Левенгук зерттеулері сол кездегі кәптеген табиғатты зерттеуші ғалымдардың назарын аударды. XVIII ғасырдағы Шведтің көрнекті табиғат зерттеушісі Карл Линней езінің Табиғат системасын жасағанда жануарлар мен өсімдіктерді белгілі бір тәртһшен орналастырғаны мәлім. Бұл системаға құрт, құмырсқалар сияқты, микроорганизмдер дүниесі енгізілген жоқ. Оны Карл Линней хаос яғни ешқандай берекесі жоқ жәндіктер тобына жатқызған. Бұдан ол жай көзге керінбейтін осы организмдерді зерттеудің қажеті жоқ деген қорытындыға келді. Басқаша айтқанда, ол микроорганизмдерді адам түсінбейтін құпия сыры бар дүние деп танытпақшы болды.
Дегенмен бұл кезде микроорганизмдер жайында дәйекті материалдар жинала берді. Сондықтан бұл кезеңді біз микробиология дамуының морфологиялық кезеңі деп атауымызға болады.
М. М. Тереховский (1740 -- 1796)
Микробиология ғылымының одан әрі дамуында орыстың көрнекті табиғат зерттеушісі М. М. Тереховский (1740 -- 1796) еңбегінің зор маңызы болды. 1775 жылы Тереховский Страсбург университетінде өзінің микроорганизмдер жөніндегі еңбегін қорғады.
Ол табиғатта кездесетін микробтардың шығу тегін зерттеген болатын. Тереховский өз зерттеуінде ең алғашқы рет эксперименттік әдісті қолданды және микроорганизмдерді адамның күнделікті тұрмысында пайдалануға мүмкіндігі барлығын дәделдеді.
XVIII ғасырда микроорганизмдердін. ашылуы ғалымдар арасында тартыстар тудырды. Ғылымда бұл кезде тіршілік өздігінен пайдаоладшдеген жалған үғым үстем еді. Микроорганизмдердің бірқатар ортада өніп-өсетіндігін байқаған бүл ғалымдар олардың дамуында ешқандай заңдылық жоқ және кез келген жерде өздігінен пайда бола береді деген болжаулар айтты. М. М. Тереховский өзінің италиялық досы Спаланцанимен бірлесе отырып, мұндай жалған қағиданы жоққа шығарды. Түрып қалған тұнықсуларда немесе басқа да сұйықтарда кездесетін организмдер -- негізінде тірі жәндіктер, ал бұл сұйықтарды 45 минут бойына қайнатып, ыдыстың аузын ауа енбейтіндей етіп жапса, онда осы сұйықтарда тірі жәндіктердің, демек микроорганизмдердің, пайда болуы байқалмайды деп көрсетті. Бұл жағдайда сүйықтарда жәндіктердің өніп-өсуі, ауаның сүйыққа енуінен болатынын дәлелдеді. Бірақта ол кезде Тереховский еңбегі оқымыстылар қауымына жете таныс болмағандықтан микробиологияда эксперименталды әдіс қолданылмай, бұрынғысынша, морфологиялық бағыт басым болып қала берді.
XIX ғасырдың бірінші жартысында микробиологияның дамуы баяулады десек қателескен болар едік. Оба ауруын жоюда ұзақ жылдар аянбай күрес жүргізген орыстың көрнекті дәрігері Д. С амойлович (1744 -- 1805), осы ауруды қоздырушы -- көзге көрінбейтін организм деген пікір айтты. Оның бүл пікірін кейінгі зерттеушілер толық дәлелдеді. Бұл кезеңде теориялық және практикалық маңызы әлі анықталмаған жеке деректер микробиологиядабасым болды, брақ микробиология жеке ғылым болып, атаққа ие бола қоятындайідәрежеге жетпеген еді.
XIX ғасырдың екінші жартысында өнеркәсіптік капитализмнін, өрлеу барысында, ғылым мен техниканың қарқындап дамуына байланысты микробиология ғылымы едәуір табыстарға жетті. Микробиология ғылымының көрнекті қайраткері және осы ғылым-ның негізін қалаушы француз оқымыстысы Луи Пастер (1822 -- 1895) өзінің зерттеулерінін, нәтижесінде табиғатта және өнеркәсіпте кездесетін ашу процестері микроорганизмдердің әсерінен болатындығын дәлелдеді.
Луи Пастер.
Сөйтіп, ол микробиологияда физиологиялық бағыттың негізін қалады.
Осы кезге дейін спирттік ашу процесі және түрлі органикалық қалдықтардың шіруі таза химиялық жолмен жүреді деген пікір үстем болып келді. Әсіресе бұл пікірді қолдаған атақты неміс химигі Ю. Либих еді. Л. Пастер ашу процесінің табиғатын жете зерттей отырып, бүл құбылыстың микроорганизмдер қатысымен жүретінін дәлелдеді. Осының нәтижесінде сүт қышкылды ашу, спиртті ашу процестерін қоздырушы бактерияларды тауып, оларды жекелеп бөліп алып өсіреді. Бұдан әрі ашудың химиялық тео-риясын -- бүл процесте оттегінің міндетті түрде қатысатыны, онсыз ашу процесінін, жүрмейтіні жайында пікір айтты. Пастер 1861 жылы ашудың басқа түрі -- май қышқылды ашу процесін тапты. Ол бүл процестің ауадағы оттегінсіз жүретіндігін анықтады. Сөйтіп, Пастер микроорганизмдердін, екі тобының болатындығын, яғни аэробты (оттегі бар жерде тіршілік ететін) және анаэробты (оттегінсіз тірщілік ететін) топтарын ашты. Пастердің бүл жүмысының тағамдық заттарды сақтауда, түрлі ашу процестерінің технологиясын жасауда зор маңызы болды. Көптеген микробиологиялық әдістер де, яғни қоректік ортаны даяр-лау, оны залалсыздандыру (стерилизация) Пастердің еңбегінің арқасында ашылды.
Адамда кездесетін жүқпалы аурулардың тегін зерттей келе, Пастер оларды қоздырушы микроорганизмдер екендігін анықтады және мал мен адамды бұл аурулардан сақтандырудың жолдарын көрсетті. Ол -- топалан. және қүтырма ауруларына қарсы вакциналар жасап, іс жүзінде қолдана білді. Микробиология ғылымының бұдан былай дамуында Пастердіқ осы жүмысының зор маңызы болды. Өзінің даңқты жүмыстарымен Пастер микробиологияны практикалық маңызы зор ғылымға айналдырды. Пастер жүмыста-рының соншалықты маңызды екендігін академик Заболотный былай сипаттаған еді: Пастер едбегінен шаруалар топырақ құнарлылығын арттыратын микробтық процестердің құпия сырын түсіне алады; жүмысшылар -- ашу процесінің мәнін аңғарады; дәрігер -- медицинаның қазіргі кездегі жайымен танысады; табиғатшы (натуралист) -- жұмбақ деп есептелген биологиялық мәселелердің шешуін таба алады.
Роберт Кох (1843 - 1910)
Микробиология ғылымының дамуында неміс оқымыстысы Роберт Кохтың (1843 -- 1910) еңбектерінің зор маңызы болды.Ол туберкулез (өкпе ауруы), холера ауруларын қоздырушы микроорганизмдерді тауып, зерттеп, олармен күресудің нақты жолдарын көрсетті. Сонымен қатар Роберт Қох белгілі микроорганизмдерді өсіру үшін жеке бөліп алып, тығыз қоректік ортаны қолдануды ұсынған алғашқы ғалым. Бұл әдісті қолдана отырьш мамандардың табиғаттағы микроорганизмдер тобынан қажетті түрік жеке бөліп алуларына мүмкіндік туды.

Л. С. Ценковский (1822 -- 1887)
Орыс ғалымы Л. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Микробиология ғылымы дамуының негізгі кезендері. Отандық ғалымдардың еңбектері
Микробиология. Қолданбалы курс сабағының жылдық тақырыптары
Микробиология және вирусология ғылымдарының даму тарихы
Микробиология туралы түсінік
Микробиология пәні және тапсырмалары. Медициналық микробиологияның даму кезеңдері. Микроорганизмдерді жүйелеу принциптері. Бактериальды клетканың морфологиясы, қүрылысы және химиялық қүрамы
Генетика және оның жаратылыстану ғылымдары жүйесіндегі орны
Микробиология тарихы. Микробиологиядағы ғұлама еңбектері. Вирусология тарихы. Вирусологиядағы ғұлама еңбектері
Микробиологияның даму кезеңдері
Биология ғылымының жетістіктері
Биология ғылымының жаңа бағыттарындағы жетістіктері
Пәндер