Геометрия сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
І бөлім. Оқытудың жаңа технологияларына шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Модульдік оқытудың жетістіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Инновациялық әдістердің ыңғайлылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
1.3 Ұжымдық оқытудың тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
ІІ бөлім. Геометрия сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
2.1 Геометрияны оқытудағы ақпараттық технологиялардың ролі ... ... ... ... ...30
2.2 Геометрия сабағында Power Point бағдарламасын қолдану тиімділігі ... .36
2.3 Оқушыларға геометрия сабағында ақпараттық технологияның құндылықтарын меңгерту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
2.4 Геометриялық білім берудің эмпирикалық технологиясы ... ... ... ... ... ... ..52
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 64
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев инновациялық болашаққа жол – жалпыұлттық басымдық ретінде жария етіп, бұл мақсатқа жету жолында Қа­зақстанды әлемдік деңгейдегі білім орталығына айналдыру қажеттігін атап өткен еді. Осы инновациялық болашақтың негізгі тіректерінің бірі математика ғылымы мен білімінің дамуында жатыр.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру жүйесін жаңа сапамен және терең мазмұнмен толықтыру қажет екені айтылған. Осы мақсатты орындауда жеке пәндерді жүйелі оқытудың маңызы зор.
Тақырыптың өзектілігі. Ғылымдардың патшасы атанған математика пәнінен білім берудің ерекше екенін айта кетуге болады. Математика адамзаттың жаратылысты тануында, мемлекеттердің ғылыми дамуының негізінде жатқан ғылым ретінде танылды. Осыдан елу жыл бұрын Америка Құрама Штаттары ғарыш кеңістігін игерудегі артта қалуының негізгі себебі ретінде жаратылыстану ғылымдарын, әсіресе, математиканы оқытудың кемшіліктерін атап кеткен екен. Сондай мәнді пәнді оқытудағы өзекті мәселелерді талдау мақсатында өтейін деп жатқан Қазақстан Республикасы математик мұғалімдерінің 1 съезі еліміздің білім беру саласындағы елеулі оқиға болары анық.
Қазақстанда математика жақсы дамыған ғылымдар санатында. Бастауын әйгілі Әл-Фарабидан алатын Қазақстан математикасының дамуына және оның өркендеуіне атақты ғалымдарымыз, академиктер О.Жәутіков, Ө.Сұлтанғазин, Қ.Қа­сымов, Т.Кәлменов үлкен үлес қосты. Еліміздің тәуелсіздігі жылдары ерекше жетістікке жеткен ғалымдар М.Өтелбаев, Ш.Смағұлов, Б.Жұмағұлов, Н.Данаев, У.Өмірбаевтар Мемлекеттік сыйлықтың лауреттары атақтарын алды. Осындай ғылыми жетістіктерді жастарға жеткізіп, оларды ғылымның жаңа шыңдарына жетелеу ғалымдар мен математика мұғалімдерінің негізгі мәселесі. Сол өзекті мәселелер құрылтай назарында болары анық.
Отандық математика мұғалімдерінің бірінші съезін өткізудегі мақсат Қазақстан Республикасының экономикасының сұраныстарына сәйкес математикалық білімді жаңғырту болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Атанасян Л.С Геометрия 7-9 –сыныптар.
2. Александров А.Д, Вернер А.Л, Рыжик В.И «Геометрия» 9-10 сынып. Москва «Просвещение»1984 ж.
3. Базылев В.Т, Дуничув К.И, Иваницкая В.П «Геометрия» 1-бөлім. Алматы «Мектеп» баспасы 1979 ж.
4. Баян Көкенұлы,Тілеуғалы Әміртайұлы, Серік Балпанұлы «Физика нәнінен есептер шығарудың үлгілері» Қарағанды МББҚ БА және ҚДИ ред- баспасы 2008 ж.
5. Башарұлы Р.Б «Физика және астрономия», 9-сынып Алматы «Мектеп» баспасы,2005 ж.
6. Блудов М.И «Физика жайлы әңгімелер» 3-бөлім,Алматы «Мектеп» баспасы 1980 ж.
7. Бүкібайева К, Геометрия 9-сынып
8. Журнал «Қазақстан жоғары мектебі» №2 2004 ж.
9. Исқақов М, Құлқашева М «Аналитикалық геометрия есептері мен жаттығулары» баспасы: «Мектеп» 1972 ж.
10. Шыныбеков.Ә.Н Геометрия 9сынып «Атамұра» баспасы 2005 ж.
11. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «Математика» №2 2007 ж.
12. Н.С.Бахвалов, Н.П.Жидков, Г.М.Кобельков «Численные методы» М.:Лаборатория базавых знаний, 2002.-632с.
13. Е.А. Волков «Численные методы», М.Наука,1982.-248с.
14. М.Г.Калиткин «Численные методы», М.:Наука,1978.-512с.
15. Г.И.Марчук «Методы вычислительной математики» , М.:Наука,1980.-535с.
16. А.А.Самарский «Тероия разностных схем», М.:Наука,1977.-656с.
17. Ө.М.Султанғазин,С.А.Атанбаев Есептеу әдістерінің қысқаша теориясы.Оқу құралы.Алматы,Білім,1995.-272б.
18. С.А.Атанбаев Алгебраның есепте әдістері / Оқу құралы/.Алматы,Республика баспа кабинеті,1994.-115б.
19. Е.Ы.Бидайбеков «Лабораторные работы по вычислительной математике» , А,1989
20. А.А.Самарский,Н.В.Гулина «Численные методы», М.Наука,1989.-429с
21. А.А.Самарский « Введение в численные методы», М.Наука,1987.-248с.
22. В.И.Киреев,А.В.Пантелеев «численные методы в примерах изадачах», М.: «Высшая математика»,2004.-480с.
23. А.И.Плисс,Н.А.Сливина «Лабораторный практикум по вычислительной математике», М.,1994.-240с.
24. А.А.Самарский,Н.В.Гулина «Численные методы», М.Наука,1989.-429с.
25. Н.И. Данилина «Численные методы», М.:ВШ,1976.-368с.
26. А.А.Самарский « Введение в численные методы», М.Наука,1987.-248с
27. Г.И.Марчук «Методы вычислительной математики» , М.:Наука,1980.-535с.
28. А.А.Самарский «Тероия разностных схем», М.:Наука,1977.-656с.
29. Ө.М.Султанғазин,С.А.Атанбаев Есептеу әдістерінің қысқаша теориясы.Оқу құралы.Алматы,Білім,1995.-272б.
30. С.А.Атанбаев Сандық әдістері алгоритмі / Оқу құралы/.Алматы,Уиверситет Каинар,1998.-148б.
31. Е.Ы.Бидайбеков «Лабораторные работы по вычислительной математике» , А,1989
32. Н.С.Бахвалов, Н.П.Жидков, Г.М.Кобельков «Численные методы» М.:Лаборатория базавых знаний, 2002.-632с
33. Е.А. Волков «Численные методы», М.Наука,1982.-248с.
34. В.И.Киреев,А.В.Пантелеев «численные методы в примерах изадачах», М.: «Высшая математика»,2004.-480с.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
І бөлім. Оқытудың жаңа технологияларына
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1 Модульдік оқытудың
жетістіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..6
1.2 Инновациялық әдістердің
ыңғайлылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
1.3 Ұжымдық оқытудың
тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 20
ІІ бөлім. Геометрия сабағында ақпараттық технологияларды
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
2.1 Геометрияны оқытудағы ақпараттық технологиялардың
ролі ... ... ... ... ...30
2.2 Геометрия сабағында Power Point бағдарламасын қолдану
тиімділігі ... .36
2.3 Оқушыларға геометрия сабағында ақпараттық технологияның құндылықтарын
меңгерту
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 39
2.4 Геометриялық білім берудің эмпирикалық
технологиясы ... ... ... ... ... ... ...52
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 64

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев инновациялық
болашаққа жол – жалпыұлттық басымдық ретінде жария етіп, бұл мақсатқа жету
жолында Қа­зақстанды әлемдік деңгейдегі білім орталығына айналдыру
қажеттігін атап өткен еді. Осы инновациялық болашақтың негізгі тіректерінің
бірі математика ғылымы мен білімінің дамуында жатыр.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру жүйесін жаңа сапамен және
терең мазмұнмен толықтыру қажет екені айтылған. Осы мақсатты орындауда жеке
пәндерді жүйелі оқытудың маңызы зор.
Тақырыптың өзектілігі. Ғылымдардың патшасы атанған математика пәнінен
білім берудің ерекше екенін айта кетуге болады. Математика адамзаттың
жаратылысты тануында, мемлекеттердің ғылыми дамуының негізінде жатқан ғылым
ретінде танылды. Осыдан елу жыл бұрын Америка Құрама Штаттары ғарыш
кеңістігін игерудегі артта қалуының негізгі себебі ретінде жаратылыстану
ғылымдарын, әсіресе, математиканы оқытудың кемшіліктерін атап кеткен екен.
Сондай мәнді пәнді оқытудағы өзекті мәселелерді талдау мақсатында өтейін
деп жатқан Қазақстан Республикасы математик мұғалімдерінің 1 съезі
еліміздің білім беру саласындағы елеулі оқиға болары анық.
Қазақстанда математика жақсы дамыған ғылымдар санатында. Бастауын
әйгілі Әл-Фарабидан алатын Қазақстан математикасының дамуына және оның
өркендеуіне атақты ғалымдарымыз, академиктер О.Жәутіков, Ө.Сұлтанғазин,
Қ.Қа­сымов, Т.Кәлменов үлкен үлес қосты. Еліміздің тәуелсіздігі жылдары
ерекше жетістікке жеткен ғалымдар М.Өтелбаев, Ш.Смағұлов, Б.Жұмағұлов,
Н.Данаев, У.Өмірбаевтар Мемлекеттік сыйлықтың лауреттары атақтарын алды.
Осындай ғылыми жетістіктерді жастарға жеткізіп, оларды ғылымның жаңа
шыңдарына жетелеу ғалымдар мен математика мұғалімдерінің негізгі мәселесі.
Сол өзекті мәселелер құрылтай назарында болары анық.
Отандық математика мұғалімдерінің бірінші съезін өткізудегі мақсат
Қазақстан Республикасының экономикасының сұраныстарына сәйкес математикалық
білімді жаңғырту болып табылады.
Математика пәнін оқытудың кейбір мәселелерін атап өте кетсек дейміз.
Бірінші, математиканы оқытудың мазмұны туралы. Бізде математиканы оқыту ісі
оның тео­риялық негіздерін, классикалық бөлімдерін терең меңгертуге
бағытталған. Бұл бағыттағы жаңа көзқарасқа келетін болсақ, математиканы
оқытуда практикалық мә­селелерге көп көңіл бөлу қажеттігінде болып отыр.
Соңғы кезде ғылымның негізгі жетістіктері мен мәселелері қолданбалы салаға
бағытталғандықтан, олар мектеп бағдарламасына енуі қажет. Ықтималдық
теориясы, статистикалық әдістер, математикалық моделдеу және басқа бөлімдер
математика пәніне кеңінен енуі қажет. Бұл әлемдегі кең тараған үрдіске сай
екендігінің мысалы ретінде PISA халықаралық зерттеуін атап кетуге болады.
Ол зерттеудегі көптеген тапсырмалар сол саладағы практикаға бағытталған.
Сонымен қатар, негізгі тақырыптарда да құзыреттілікке құрылған. Болашақта
оған практикалық маңызы бар тапсырмаларды енгізу қажет.
Екінші мәселе, 12 жылдық орта білімге көшу. 12 жылдық орта білімге көшу
тек қана орта білім беруді бір жылға ұзартып қана қоймай, білім берудің
жаңа мазмұ­нына өтуге бағыттайды. Оқытудың жаңа тәсілі құзыреттілікке
арналған бұл білімде, талапкерлердің пәндер бойынша алған білімін жаңа
мәселелерді шешуге бағыт­тайды. Математика пәнін оқытуда әр кезде де
оқушылардың теорияны тиімді пайдалана білуіне көп көңіл бөлінгені. Бүгін
бұл негізгі талапқа айналуы қажет болып тұр. Математика пәнін бейіндік
мектепте оқыту кезінде жоғары оқу орнындағы оқумен сабақтас жүргізу
қажеттігі туындап отыр.
Үшіншіден, математика пәні бойынша білім сапасын арттыру. Соңғы жылдары
математика пәнін оқушылардың меңгеру деңгейі төмендеп кеткені байқалады.
Рес­публикамыздағы Ұлттық бірыңғай тестілеу мен халықаралық зерттеулер
нәтижесі соның айғағы болатындай. ҰБТ нәтижесі бойынша математика пәні
оқушылардың ең төменгі деңгейде меңгерген сабақтарының қатарында тұр. Ал
математика – оқушылардың жан-жақты ойлау қабілетін дамытатын ғылым. Демек,
бұл жерде пәнді оқытуда, тәжірибе алмасуда артта қалуға болмайды. Сол
себепті, математика пәнін оқытуға ерекше көңіл бөлу қажет.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері:
- геометрияны оқытудағы ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін
анықтау;
- басқа пәндермен байланысына сипаттама беру;
- геометрияны оқытудағы ақпараттық технологияларғаа шолу жасау.
Қазіргі жаңа әлемдік технологияны толық меңгеретін дәуір талабына сай
мамандар дайындау басты міндет болып тұр. Ол үшін жаңашыл технологияны
барлық салада қолдану қажет.
Зерттеу пәні: геометрия.
Зерттеу нысаны: геометрияны оқытудағы ақпараттық технологияларды
қолдану мәселелері.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І бөлім. Оқытудың жаңа технологияларына шолу.
1.1 Модульдік оқытудың жетістіктері

Мектеп міндеті-әр оқушыға терең білім беру. Сонымен қатар, оқушының
ойлау қабілеттілігін арттыру.
Білім беру жүйесіндегі негізгі талап - сабақта білім берудің жаңа
технологиясы әдістерін қолдана отырып, халықтық педагогикамен ұштастыру
және оқушыларды өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей алатын деңгейге
жеткізу. Олардың негізгі мақсаты біреу - өз бетінше дами алатын жеке адамды
қалыптастыру.
Озық технологиялардың бірі модульдік оқыту технологиясы. Модульдік
технология дамыта оқыту идеясына негізделгем модульдік оқытудың негізгі
мақсаты- оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу
материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету.
Модульдік оқытудың өзегі-оқу модулі.
Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді терең қарқыны, өз бетінше жұмыс
істей алу мүмкіндігі, оқудың әдісі мен тәсілдері бойынша оқытудың
дербестігін қамтамасыз етеді. Модуль дегеніміз - үлкен бір жүйе, мұнда
оқушы білімді жеке-жеке тараулар бойынша емес, біртұтас тақырып түрінде
жүйеленген білім алады. Өзін-өзі дамытуға, бірін-бірі оқытуға, кітаппен
жұмыс істеуге үйренеді, қосымша әдебиеттен білім алуға баулу арқылы дарынды
балалармен жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік туады.
Барлық жаңа технологияның алдына қоятын мақсаты - оқушының жеке басының
дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін
арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру.
Модульдік оқытудың құрылымы
Педагогикалық технология негізіне оқу циклін қайта жаңғырту идеясы
алынған.
Оның мазмұнына :
1. Оқытудың жалпы мақсатын қою;
2. Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
3. Оқушылардың білім деңгейін алдын ала диагностикалық бағалау;
4. Оқу әрекеттерінің жиынтығы бұл кезеңде жедел кері байланыс
негізінде түзету жүргізілуі тиіс;
5. Нәтижені бағалау енеді. Осының арқасында оқу процесі модульдік
сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі жеке блоктардан жасалады
.
Модульдік оқыту технологиясының осы нұсқасын құруда біз толық меңгеру
әдістемесінің негізгі шарттарын, құрылып жатқан педтехнологиялардың негізгі
қағидаларын ұстандық. Сонымен қатар, дидактиканың қазіргі талаптарына
байланысты бірқатар өзігерістер енгіздік: балаларды оқытуға емес, тұлғалық
— бағытталған, танымдық қызметін ұйымдастыруға, оқу процесін өзара сөйлесу
негізнде құруға және т. б. ұмтылдық .
Осыдан-келіп мұғалімнің оқу процесін құрудағы жұмысының өзгеруі
туындайды. Толық менгеру әдістемесінде Дж .Блок, Л. Андерсен және
басқалар әрбір оқу бірліктері ауқымында мұғалімнің қызметі төмендегенше
құрылады:
1. Балаларды оқу мақсаттарымен таныстру.
2. Сыныпты берілген тарау оқу бірлігі бойынша жалпы оқыту жоспарымен
таныстыру.
3. Оқытуды жүргізу негізінен мұғалімнің оқу материалын өзі баяндауы
түрінде.
4. Диагностикалық тестіні ағымдағы тексеру .
5. Тексеріс нәтижелерін бағалау және тарау мазмұнын толық меңгерген
оқушыларды айқындау.
6. Толық меңгере алмаған оқушылармен түзете оқытуды жүргізу.

7. Диагностикалық тест өткізу және оқу бірлігін толық менгерген
оқушыларды айқындау.
Мен былайша топтастырдым:
1. Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру.
2. Сыныпты мазмұны жақын тақырыптар тобы блогі немесе тарау бойынша
жасалған жалпы үлгімен модульмен таныстыру.
3. Мұғалімнің оқу материалын қысқаша баяндауы белгілер жүйесі-
сызбалар, сұлбалар, кестелер және т. б. негізінде.
4. Өзара сөйлесу негізінде оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру
және әрбір оқушының қызмет нәтижесін әр сабақта бағалап отыру.
5. Жалпы тақырыпқа, тарауға * әсу* 'бағытымен 4 — 7 рет қайта оралу
негізінде оқу материалын оқып-үйрену.
6. Тұтас тақырып бойынша тестілеу .
7. Тақырып бойынша қалыпты немесе *релелік *сынақ немесе диктант
бақылау жұмысы және т.с.с жүргізу. Қайта жаңғыртылған оқу циклі ретінде
оқу модулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады. Сызбатүрінде көрсетсек, оқу
модулі былайша болады:

Кіріспе бөлімі
(модульге, тақырыпқа енгізу)
Сөйлесу бөлімі
(оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру)
Қорытынды бөлім (бақылау)

Әрбір оқу модулінде сағат саны әртүрлі. Бұл оқу бағдарламасы бойынша
тақырыпқа, тақырыптар тобына, тарауға бөлінген сағат санына байланысты.
Неғұрлым тиімдісі 7-12 сағаттан тұратын оқу модулі.Алдында айтып
өткенімдей, оқу модулінің ерекішелігі - жалпы сағат санына қарамастан,
кіріспе бөлімге сабақтың 1-2 сағаты, қорытынды бөлімге 2-3 сағаты беріледі.
Қалған уақыт 3 тен 17 сағатқа дейінгі оқу уакыты сөйлеу бөліміне
қалдырылады.
Мысалға, мұғалім оқу модулін 9 сағатқа жоспарлап отыр делік. Оның бір
сағаты модульдің бірінші бөлімі - кіріспеге, екі сағаты - қорытынды
бөлімге, қалған 6 сағаты - сөйлесу бөліміне беріледі.
Модульді 12 сағатқа әзірлегенде де модульдің I және ІІІ бөлімдеріне
берілетін сағат саны өзгеріссіз қалып, сөйлесу бөлімінің уақыты өзгереді -
яғни, ол 9 сағат болады. Оқу мазмұнына өсу бағытымен-қарапайымнан
күрделіге, репродуктивті тапсырмалардан шығармашылық ізденіске кей
жағдайларда - зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта
оралу әрбір оқушының оқу материалын қарапайым білім деңгейінен * білімді
бағалау* деңгейіне дейін меңгеруіне мүмкіндік береді. Сөйлесу бөлімінде
танымдық процесс негізінен сыныпты шағын топтарға 4-7 адамнан бөлу арқылы
оқушылардың өзара әрекеті негізінде, осы бөлімге оның технологияларын
енгізе отырып құрылады. Мұғалім негізінен фасилитатор, кеңесші және
оқушылардың танымдық процесін ұйымдастырушы ролінде болады.
Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшелігі- мұғалімнің даярлық жүйесі.
Мұғалім бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң, оның
мақсатын, мазмұнын және нәтижелерін, сондай-ақ осы модуль сабақтарын
ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрады.
Мұғалімнің алдын ала жұмысы төмендегідей әрекет-қадамдардан тұрады:
1 қадам: Берілген тару, блок немесе тақырып бойынша бағдарламада
меңгерілуі тиіс деп көрсетілген міндетті білім, білік және дағдыларды,
сондай-ақ оқыту мақсаттары мен міндеттерін айқындау.
2-қадам: Берілген модуль бойынша оқу материалының тұтас мазмұнын оқып-
зерттеу.
3-қадам: Берілген модуль бойынша негізгі мағынаны білдіретін түйінді
ұғымдарды, тақырып бойынша негізгі ақпарат беретін рельефтік код сияқты
сөздерді табу. Олардың өзара байланысы мен өзара бағыныштылығын анықтау.
4-қадам: Тұтас тақырып бойынша тірек сызбаларын құрастыру анықталған
түйінді ұғымдар мен *кодтар* негізінде.
5-қадам: Оқу модулінің тұтас мазмұны бойынша тестілік тапсырмалар
құрастыру 15-20 тапсырма шамасында 6-қадам: Берілген модульдегі оқу
материалының тұтас мазмұны бойынша сынаққа қажетті сұрақтар мен тапсырмалар
блогін құрастыру оқу пәнінің өзіндік ерекшелігіне орай сынақты диктантпен,
бақылау жұмысымен алмастыруға болады. 7-қадам: Сөйлесу бөлімін әзірлеу.
Оқытудың белсенді формаларын таңдау. Оқу материалының мазмұны бойынша әрбір
оқушыға арнап бірінші күрделілік дәрежесіндегі, орташа күрделілік
дәрежесіндегі тапсырмалар және оқытудың ізденушілік зерттеушілік
элементтері бар аса күрделі дәрежедегі тапсырмалар әзірленеді.
Оқу модулінің кіріспе бөлімі
Психологтардың пайымдауынша, әрбір дербес тарауды тақырыпты оқып
үйрену үш негізгі кезеңнен кіріспе-қызықтырушылық, операционалдық-танымдық
және рефлексиялық-бағалау кезеңдерінен тұруы тиіс Л.М.Фридман.
Аталмыш модульде кіріспе қызықтырушылық кезең кіріспе бөлімінде іске
асырылады.
Бұл кезеңде оқушылар бағдарламаның осы тарауын неге не үшін оқып-
үйренуі керек, өздері нақты нені меңгеріп, үйренуі тиіс, алдағы жұмыстың
негізгі оқу міндеті қандай екенін түйсінуі қажет.
Психологтар дәлелдегендей, білімді неғұрлым тиянақты меңгеру үшін
оқушылардың мақсатты түсінуі мақсаттың қозғаушы, қызықтырушы күш болуы
аса маңызды. Ол үшін, психологтардың пікірінше, мақсат нені білу, нені
үйрену, оның мағынасы бұл не үшін қажет нақты айқын белгіленіп, мақсатқа
жету тәсілдері көрсетілуі керек.
Объектілердің нақты қасиеттері жайлы білімді қалыптастыруды түсіндіруді
сызба және белгілік үлгілер түрінде көрініс тапқан әрекеттен бастаған
тиімдірік екенін эксперимент көрсетіп отыр.
Жадыны және келешекте алынған білімге сүйену мүмкіндігін қорғау үшін,
психолог Л.В.Шешневтің пікірінше, біріншіден, алғашқы түсінбеушілік сезімі
жадыда сақталмауы тиіс, екіншіден, жады меңгерілген ұғымдар мен
түсініктерді қорғау қапшығына, берік жабылған орамға салып сақтауы және
ұсынуы тиіс. Мұндай орама
қызметін белгі термин, белгілік жүйе атқарады.
Сөйтіп, оқу модулінің кіріспе бөлімінде мұғалім:
А) оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымен және мазмұнымен
таныстырады;
Б) оқушылардың осы оқу модуліндегі танымдық қызметінің мен міндеттерді
әрбір оқушының *қабылдауына*, түсінуіне көңіл бөледі;
В) тірек сызбаларға * орамалға*, белгілік үлгілерге* сүйене отырып,
модульдің тұтас тақырыбы бойынша оқу материалын қысқаша 15-20 минут
ішінде түсіндіреді.
Модульдің кіріспе бөлімінде оқу материалын баяндау формалары.
Оқу модулінің бірінші сабағындағы мұғалімнің лекциясы бірнеше нұсқада
болуы мүмкін (тыңдаушылардың жасына және даярлығына қарай) Олар:
• визуальдық лекция, мұнда тақырыптың негізгі мазмұны бейнелі түрде-
сурет, сұлба, сызбалармен берілген;
• лекция-консультация (кеңес), оқу мазмұны оқушылардың сұранысы
(сауалдары) бойынша жапсарлас пәндердің материалдарын қоса отырып беріледі;
• лекция-өзара сөйлесу, жалпы мазмұн лекция барысында оқушылардың
өздері бірнеше сұрақтар тобына жауап таба отырып, қатынас жасауы арқылы
беріледі;
• проблемалық лекция, мұнда бірнеше қарама-қайшы теориялық
тұжырымдамалар ұсынылады;
Лекция нақты ойластырылып, қисынды түрде және бірізділікпен, түйінін
және қорытындысын шығара отырып, түсінікті және айқын тілмен баяндалғанда;
әртүрлі көрнекілік және техникалық құралдар пайдаланылғанда; міндетті түрде
жазылып, соңында негізгі ұғымдары мен сәттерін айқындайтын қорытынды
әңгімелесу жүргізілгенде ғана неғұрлым нәтижелі болады.
Топтық жұмыс формасын ұйымдастыруда топтық бағалау, бірін-бірі бағалау
әдісін қолдануға болады. Өзін-өзі және бірін-бірі тексергөн кезде кейде
оқушылар тапсырманың орындалуының дұрыс немесе бұрыстығын бағалай алмайды.
Сондықтан дұрыс жауабы жауап үлгілері, есеп шешімдері бар парақтар
даярлап әкеліп, өзін-өзі немесе бірін-бірі тексеруі кезінде оқушыларға
немесе кеңесшілерге таратып беру керек

Қолдану Талдау

I деңгейдегі жоғары күрделілік дәрежесіндегі стандарттан жоғары
тапсырмалар алған білімді топтау және бағалау деңгейіне бағытталған:

Топтау Бағалау

Модульдің бұл бөліміндегі барлық бағалаулар мен бағалар-ынталандырушы
сипатта. Эксперимент барысында біз бұл бағаларды журналға тек төмендегідей
сұлбада аударудан өткеннен соң ғана қоюды ұсындық.
1 деңгей II деңгей III деңгей
5 5 5 5 5 5
4 4 4 4 4 4
3 3 3 3 3 3

Егер оқушы бағасын журналға қойғызғысы келмесе, оған осы оқу
модуліндегі сөйлесу бөлімінің келесі сабақтарында жоғарырақ балл алуына
мүмкіндік беріледі.
Баға- бейне бір белгі және сонымен қатар өлшем сияқты, ол оқытудың
нәтижелік дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Оқу жұмысының барысына,
оның мазмұны мен формасына, оқушы жауаптарының жылдамдығы мен нақтылығына
мұғалімнің жекелеген бағалау мағыналы сөздері парционалдық бағалар ықпал
етеді. Неғұрлым тиімдісі- қолдау бағалаулар, яғни оқушының бір нақты
қызметінен кейін көрсетілген және балада жұмысты қайталауға немесе одан әрі
жалғастыруға ниет тудыратын әсерлер ықпал ету. Бұл жерде оқушы қызметі
мұғалімнің мақтау сөздерінен немесе өз жетістігіне қанағаттанғандық
сезімінен қолдау табады.
Өзін-өзі бағалау да адамның өзін-өзі жүйелеп, ісін ретке келтіруінің
саморегуляция құралы болып табылады. Оның болжаулық, әрекеттік
процессуалдық және өткенді шолушы түрлері болады. Өзін-өзі бағалау
оқушыларда өз нәтижесіне сын көзбен қарауын, оқудағы өз мүмкіндіктерінің
деңгейі туралы нақты түсінік құра білуін қалыптастырады.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімі
Оқу модулінің сөйлесу бөлімі тарауды тақырыпты тұтас оқып үйренудің
екінші - операционалдық-танымдық кезеңін іске асыру болып табылады.
Бұл бөлімді біз Л.Фридманның төмендегідей ережелерге негізделген
тұжырымдамасына сүйендік:
1. Оқу оқушының жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі
қызметінің жүйесі ретінде қаралады. Олар оқушының қисынды ойлауын,
қабілеттерін, көзге елестету қабілетін, жадын, шығармшылығын және т.б.
дамытуға, яғни білім берудің мақсаттары болып табылатын тұлғалық
қасиеттерін дамытуға бағытталған.
2. Оқуды басқарудың психологиялық сенімді түрі - ең алдымен, оқушының
қажеттіліктерін, қызығушылығын және қызмет мақсаттарын дамытуға жағдай
жасау.
3. Оқуды басқару икемді болуы тиіс, бұл тек оқушылардың іштей өсуі
жүргенде ғана, балалардың білім дәрежесінің артуына қарай мүмкін болады.

4. Оқушылар нақты оқу қызметінің мақсаттарын анықтауға тікелей қатысуы
керек, яғни басқару тұлғалық бағытталған болуы тиіс. Оқу процесін тұлғалық
басқару дәрежесі оқушылардың өсуіне қарай артып отыруы және оқудың жоғары
сатысында жалпылама сипат алуы тиіс.
5. Оқу процесін басқару балалардың ішкі қуатына және мүмкіндіктеріне
негізделіп жүруі тиіс.
II кезең - мұғалімнің сөйлесу бөлімін даярлау әрекетінің құрылымы
1. Сөйлесу бөлімінде жұмыс істеу үшін оқу материалының негізгі мазмұнын
белгілеу
2. Оқушылардың өзара сөйлесуін қамтамасыз ететін және
алғашында оқу материалын оқып-үйреніп, бекітуге, соңынан білік
пен дағдылар қалыптастыруға, алынған білімін талдап, топтауға
мүмкіндік беретін оқытудың белсенді формаларын таңдап алу
Әртүрлі күрделілік дәрежесіндегі үш деңгейлік тапсырмалар (Блум
таксономиясына сүйене отырып) және олардың жауап үлгілерін (есептер мен
мысалдардың шешімін және т.б.) дайындау
4. Әрбір оқушыға немесе топқа арнап үлестірмелі материалдар
бастыру (көбейту)
Үш деңгейлік тапсырмалар дайындағанда сөйлесу бөлімінде оқу материалын
пысықтау керек.
III ( жеңілдетілген) деңгей тапсырмалары тақырыпты қарапайым білім
мен түсінік деңгейінде игеруді білдіреді. Олар шамамен мынадай түрде
беріледі:

Білу Түсіну

ІІ деңгей (мемлекеттік білім стандартының талаптарына сай) тапсырмалары
алған білімін қолдана білу және талдау деңгейінде игеруді білдіреді де,
төмендегідей құрылады.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімін даярлағанда мұғалім оқу материалының
негізгі мазмұнын бөліп, құрылымдайды.
Мұнда оқушылар оқу материалына қайта оралып, пысықтап, бекітуі үшін
оның әр сабақта жеке бөліктермен берілетінін есепке алу керек, бұл
бөліктерде қысқаша, сиымды түрде тұтас тараудың тақырыптың мазмұны
беріледі.
Пысықтауды қажет ететін материалды мұғалім үш күрделілік деңгейінде
қарапайым, орташа дәреже, күрделі дайындайды. Үш деңгейдің қайсысын
таңдайтынын әр оқушының өзі шешеді.
Бұның бір маңызы - күрделі, ізденушілік, шығармашылық сипаттағы
тапсырмаларды кез келген күрделілік деңгейіндегі бағдарламалық материал
тапсырмаларын орындаған оқушыға, яғни іс жүзінде бәріне де беруге болады.
Бұл бөлімнің сабақтарын жоспарлағанда мұғалім оқушылардың өзара
сөйлесуін қамтамасыз етуге баса көңіл бөледі.
Мұнда оқу материалының мазмұны оқушылардың өзара сөйлесуінің арқауы
және құралы болады.
1. Модульдің сөйлесу бөліміндегі материалдың негізгі мазмұнын белгілеу
2. Оқу материалын біртұтас, жинақы, өсу бағытымен беру
3. Тақырып бойынша жеңілдетілген деңгейдегі және білім стандартының
талаптарын қамтамасыз ететін деңгейдегі
тапсырмалар дайындау.
4. Оқушылардың пәнге қызығушылығын және креативтілігін
(шығармашылық қабілеттерін) дамытуға арналған шығармашылық сипаттағы
материал дайындау.
5. Осы бөліктің барлық сабақтарында өзара сөйлесуді
қамтамасыз ету

III кезең- қорытынды бақылау бөлімі
Оқушылар білімін әділ бағалау және оларда жоғарырақ балл алу мүмкіндігі
болуы үшін бақылаудың 2-3 түрін даярлау.

Бақылау формалары
Тестілеу Мұғалімнің таңдауына қарай
толықтыруды қажет ететін тестілер сынық
еске салушы тест релелік сынақ
балама жауаптары бар тестілер бақылау жұмысы
таңдамалы тест диктант, шығарма, мазмұндама
сәйкестілік тесті оқу пәні бойынша конференция
реттік бірізділікке берілген тест семинар
құрама тест
Модуль бойынша қорытынды баға шығару

Сөйлесу бөлімін қүру қағидалары
Алғашқы үш әрекет -қадам мұалімнің оқу ғылыми материалының тұтас
мазмұнын бөліп, оқу модулінің сөйлесу бөліміне орналастыруын құрайды.
Сөйлесу бөлімінің жұмысы төмендегідей негізгі қағидаларды есепке ала
отырып құрылады:
• Оқу материалын біртұтас беру қағидасы.
• өсу бағытымен оқып-үйрену қағидасы басында шағын түрде, соңынан-
мазмұнын біртіндеп аша отырып, көлемін арттырып, қосымша толықтырулар мен
фактілер енгізу арқылы. Бұл оқушының оқу материалын бөлек-бөлек емес,
кешенді түрде, тұтас тарау тақырып бойынша пысықтауын білдіреді.
• Сөйлесу бөлімінің әр сабағында оқу модулінің тақырыбына қайта
оралып отыру қағидасы қайталаумен шатастыруға болмайды. Іс жүзінде
тақырыпқа оқу материалының көлемі жағынан да, тапсырмалардың күрделілік
деңгейі тұрғысынан да өсу бағытымен қайта оралып отыру меңгерілген
білімді бекіту үшін қажет. Зерттеулер көрсеткендей, жады ақпаратты ұзақ
уақыт есте ұстап, білім деңгейіне жеткізу үшін оған саналы түрде бірнеше
мәрте 7 ретке дейін қайта оралып отыру қажет. Мұндағы басты мәсепе
материалды қайтапау емес, тақырыпқа қайта орала отырып, оны адамның өз
алдына қойған проблемаларын шешудегі құрал-жабдығы ретінде пайдалану.
Сондықтан модульдің осы бөлімінде оқу материалын меңгеру-тек қажетті
құрал ғана, оның негізгі мақсаттарға жету: қисынды ойлауды, түрлі
құбылыстар мен фактілер арасындағы байланысты көре білуді дамыту; ұғымдар
қалыптастырып, оларды ғылыми негіздеуге үйрену; интеллекті және
креативтілікті шығармашылық қабілетті дамыту мүмкін емес. Оқу модуліндегі
оқушылардың барша танымдық қызметінің қорытындысы болып табылатын мақсатқа
және оқушылардың білімі мен білігінің мемлекеттік білім стандартына сай
келуіне қатар қол жеткізіледі олардың сай немесе сай еместігін салыстыру
оқу модулінің үшінші - қорытынды белігінде жүргізіледі.
Мұғалім тұлғаны дамытатын кез келген қызмет емес, тек орындау барысында
жағымды эмоциялар тудыратын қызмет қана екеніне көңіл аударуы тиіс.
Оқушыға оқу, танымдық қызметпен айналысу ұнап, ол ақыл-ой жұмысынан
қанағаттануы тиіс. Бұл, мүмкін, мұғалім жұмысының неғұрлым проблемалы
міндеті шығар. Әрбір оқушының оқуға ниеттенуі, танымдық процеске жағымды
көзқараста болуы үшін және оларда жағымды эмоциялар туғызу үшін не істеу
керек? Бұл сауалға біржақты жауап бола қоймас, өйткені бұл психологиялық
сипаттағы көптеген факторлармен байланысты. Дегенмен оның шешімін іздеу
мүмкіндігі бар. Бұл үшін:
• Оқушының оқу ісіне шын мәнінде қосылуы үшін ол оқу барысында алдына
қойған міндеттерін тек түсініп қана қоймай, іштей қабылдауы тиіс, яғни,
оқушы оларды өз көңіл таразысынан өткізіп, мән беруі тиіс.
• Таным процесін өзара сөйлесу арқылы ұйымдастыру оған қатысушы
адамдардың талабы мен ниетіне, ойына, көңіл-күйіне және сезіміне едәуір
күшті ықпал етеді
• Бірлесе істеген қызмет шағын топтарда;
а) кейбір қатысушылардың алдағы міндеттерді шешу мүмкін
емес деген сенімін жоюға;
ә қорғану механизмдерінің шығармашылық процеске әсерін төмендетуге
ықпал етеді;
• Қабілеттерді соның ішінде танымдық дамытуға қол жеткізу
неғұрлым демократиялы орта жағдайында жеңілірек болады;
• Кейбір қатысушыларға өз қызметінің нәтижелеріне қол
жеткізу маңызды болса, енді біреулеріне-өзіндік ойлау
қызметі маңыздырақ.
Оқушының өзіне қиындық туғызатын деңгейде оқыту неғұрлым пайдалы,
дамытушы болып есептеледі.
Міне, сондықтан да ұсынылатын оқу модулінің сөйлесу бөлімінде мұғалім
әрбір оқушыға 3 деңгейлік тапсырмалар әзірлейді.1 деңгей тапсырмалары
оқушылардың шығармашылығын дамытуға бағытталған. II және III деңгей
тапсырмалары оқушылардың бағдарлама материалдарын мемлекеттік білім
стандарты деңгейінде игеруін көздейді.
Мұғалімнің әрбір оқушыға әзірленген тапсырмалары солардың біреуін
оқушының өзі қалауы бойынша таңдап алуына есептелген.
Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастырылу формаларына қарай
тапсырмаларды карточкаларға - яғни, өзінше бір бағыттаушы парақтарға
жазуға болады, мұнда не істеу қажет, оны қалай істеу керек және қалай
тексеруге болатыны дайын жауап үлгілері бойынша бірін-бірі және өзін-өзі
тексеру арқылы нақты көрсетіледі.
Егер сабақ жеке топтық формада өтетін болса, онда оқушылардың
әрқайсысы үш нұсқадағы тапсырмалар алады. Олар машинкамен басылған және
көшірме аппараттарында көбейтілген болуы тиіс. Мұғалім бір сабаққа әртүрлі
күрделілік деңгейіндегі 3 жинақ тапсырмалар дайындап, соңынан оқушыға
олардың кез келгенін таңдау мүмкіндігін беру мақсатында сыныптағы оқушылар
санына сай көбейтеді.
Егер сабақ формасы - ойын кез келген түрі болса, онда тапсырмалар
тақтаға жазылуы немесе жазбаша түрде берілуі мүмкін.
Ұжымдық және топтық жұмыс формаларында тапсырмаларды тұтас сыныпқа
бірдей жоғары күрделілік деңгейінде беруге болатынын атап өту қажет.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімінің бірнеше ерекшеліктері бар, оларға назар
аудару керек:
1. Бұл бөлімде оқыту және оқу:
а) дамытушы болады,
соған байланысты мұғалімнің оқушылар мүддесіне бейімделуі қажет. Бұдан
шығатыны: оқу процесін әрбір оқушының қисынды ойлау қабілетін, ауызша және
жазбаша тілін, қабілеттіліктерін, танымдық қызметке қызығушылығын дамытуға
бағыттап, жағдай туғызу керек. Жағдай туғызу дегеніміз: оқушылардың
психологиялық қауіпсіздігін, психологиялық өзара сыйымдылығын, жағымды
психологиялық жылы ниеттегі, ашық т.б ортаны қамтамасыз ету; әдаярлаушы
болады, яғни, модульдің қорытынды бақылау бөліміне шығуға даярлайды.
Сондықтан да әр сабақта әрбір оқушыға қойылатын барлық бағалар мен
берілетін бағалаулар бақылаушы емес, ынталандырушы сипатта болады. Бағалар
мен бағалауларды негізінен оқушылардың өздері өзіне, бір-біріне,
командаға, топқа береді.
Көріп отырсыздар, оқу модулінің бұл бөлімінде неғұрлым қолданыстағысы-
бірін-бірі тексеру әдісі. Бұл жерде кейбір оқушы тексеру үшін өзіне қиын,
күрделі деңгейдегі жұмысты алып қалуы мүмкін.Әрине, мұндай жағдайда ол
жұмыстың орындалуының
дұрыстығын немесе бұрыстығын дұрыс еместігін бағалай алмайды. Міне,
сондықтан мұғалімге дұрыс жауап немесе есептің шешу барысы жазылған
парақтар дайындап қою қажет. Оларды оқушылар бір-бірінің еңбек нәтижелерін
тексергенде және бағалағанда пайдаланады.
1. деңгей тапсырмаларының жауабын, егер олар қалыптан тыс жауап болса,
мұғалім өзі тексереді.
2. Репродуктивті қайта жаңғырту сипатындағы оқыту проблемалық,
ізденушілік, зерттеушілік оқытумен ұштастырылады.
3. Негізінен оқушылардың бір-бірімен қатынасына, өзара сөйлесуіне
құрылған оқытудың белсенді формалары қолданылады.
Оқыту және дамыту-өзара күрделі қатынастағы процестер. Жоғарыда атап
өткеніміздей, баланың көптеген тұлғалық психикалық қасиеттері,
психологтардың пікірінше, жеке өзіндік, өзін қанағаттандыратын қызметі
барысында айқындалып, қалыптасады. Егер оқушының жеке өзіндік қызметі, оның
үстіне, жоғарыда айтылғандай, қиындықты жеңіп, жаңалық ашып, жақсы нәтижеге
жетуінен және, ең бастысы, танымдық қызметтің өзінен жағымды эмоциялар
алатындай қызметі ұйымдастырылмаса, онда мұғалімнің баланы танымға жетелеп
енгізбек болған әрекеті күтілген нәтиже бермейді яғни, тұлғаны
дамытпайды.
Бұл үшін мұғалім сабақта әр балаға психологиялық қолдау көрсетуі,
психологиялық жайлы ыңғайлы орта туғызуы қажет. К.Роджерстің пікірінше,
мұғалім ондай жағдайды жасай алады тек ол үшін келесі қағидаларды
басшылыққа алуы тиіс;
1. Балаларға әрқашан сенім көрсетуі;
2. Оқушыларға оқытудың мақсаттары мен міндеттерін белгілеп, нақтылауға
көмектесуі;
3. Оқушылардың оқуға деген ішкі қызығушылығына мән беруі;
4. Әртүрлі тәжірибенің қайнар көзі ретінде, оқушы қиындыққа
кездескенде әрқашан кеңес алуға болатын тұлға ретінде тұруы;
5. Мұғалім әрбір оқушы үшін осындай рөлде болуы;
6. Өзінде топтың көңіл-күйін сезіну және оны қабылдау қабілетін
дамытуы;
7. Топтық өзара әрекетке белсенді түрде қатысуы;
8. Топта өз сезімін ашық білдіруі
9. Әрбір оқушының сезімі мен көңіл толқуларын тусінуге мүмкіндік
беретін эмпатиялық дәрежеге ұмтылуы;
10. Өз-өзін жақсы білуі тиіс.
Оқу модулінде оқушы қызметін бағалау.
Модульдік оқыту технологиясының сөйлесу бөлімінде оқушылардың оқу
қызметінің нәтижелерін бағалауға, олардың өзін-өзі және бірін-бірі
бағалауына зор мән беріледі.
Оқушылардың білімін бағалау баллдық жүйемен жүреді, онда әрбір оқушыға
әртүрлі күрделілік деңгейіндегі үш тапсырма беріледі. Күрделі тапсырмалар -
0 (1 деңгей), орташа күрделілік дәрежесіндегілер - (II деңгей),
жеңілдетілген тапсырмалар - (III деңгей) шартты белгісімен көрсетіледі.
Олардың біреуін орындау 5, немесе 4, немесе 3 баллдарымен бағаланады.
Бағалар мынадай болады:

І деңгей II деңгей ІII деңгей
О 5 5
5
4 о 4 4
3 о 3 3

1.2 Инновациялық әдістердің ыңғайлылығы

Оқытуды демократияландыру, ізгілендіру арқылы экономикалық, әлеуметік
өзгерістерге бейімделе отырып, әлемдік өркениетке ұмтылған қоғамда танымдық
қызығуы, біліктілігі жоғары, белсенді азамат тәрбиелеу талабы - бүгінгі
таңдағы білім беру жүйесіне үлкен міндет жүктейді.
Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық
білім беру реформасының басты мақсаттарының бірі - инновациялык,
технологияларға сүйене отырып, оқушының бойында шығармашылық ойлауды,
бастамашылдықты дамытуға мүмкіндік жасау, тұлғаның үйлесімді дамуына
қолайлы жағдай туғызу нәтижесінде оның өзіндік мүмкіндіктерін жоспарлы
пайдалана білуіне қол жеткізу арқылы тұлға біліктілігін қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында, Елбасының "Қазақстан
- 2030" стратегиялық бағдарламасы мен "Дарын", "Болашақ" бағдарламаларында,
Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында оқушыларға нәтижеге бағытталған білім беру арқылы оның
ресурстык, мүмкіндіктері мен шығармашылық дағдыларын дамытуға қолайлы
жағдай туғызу - ең негізгі міндеттер деп айқындалған.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында "Білім беру жүйесінің
басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және
кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар
жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін
дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін
қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту"
деп атап көрсетілген. Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа
технологияларын, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
енгізу және тиімді пайдалану секілді ауқымды мәселелер анықталады, білім
беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде әркімнің өзінің білім алуға деген
жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға кемектесетін оқыту жүйесін
дамытуды, білім мен ғылымның, өндірістің кірігуі арқылы тұлғаның кәсіптік
бағдарлануын қамтамасыз етуді көздейді.
Оқытудың инновациялық технологиялары негізінде білім беруді жүзеге
асыру арқылы оқушының қабілетін, өзіндік дамуын, біліктілігін қалыптастыру
мәселесіне қазақстандық ғалым педагогтер М.Құдайқұлов, В.Тұрғышбаева,
М.Жадрина, Ү.Жексенбаева, Т.Қаражігітова, Н.Иванова, Х.Рақымбекова,
М.Жанпейісова, К.Құдайбергенова, Б.Әлмұхамбетов, А.Орақова, Н.Сәрсенова,
М.Рақымжановалар назар аударған.
Қоғамдық дамудың қазіргі үрдісі әлемдік білім беру жүйесінің алдына
жаңа әлеуметтік тапсырыс ретінде өз мақсатын іске асыру үшін өзінің іс-
әрекетін тиімді жоспарлай алатын, танымдық қызметінде алынған ақпараттарды
орынды пайдалана білетін, түпкі нәтижеге жету үшін әртүрлі топтардағы
адамдармен тиімді қарым-қатынас диалогіне түсе алатын білімді тұлғаны
тәрбиелеу мәселелерін қойып отыр. Бұл мәселелерді оңтайлы шеше білу білім
берудің әлемдік және ұлттық кеңістігіндегі іргелі проблема болып отыр.
Осыған байланысты, жоғарыда айтып кеткеніміздей, Еуропа Кеңесінің "Еуропаға
арналған тірек құзырлылықтар" тақырыбымен өткен құзыреттілік теориясын
дамытуға арналған симпозиумда арнайы шешім қабылданып, ол шешім әлемдік
білім беру жүйесіндегі негізгі құзыреттіліктер арқылы тұлғаның білімділігін
қалыптастыру мәселелеріне арналды. Онда білім беру тенденциясы арқылы оқу-
тәрбие үрдісінде жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру аспектілері
айқындалған.
Оқу-тәрбие үрдісін білім беру тұрғысынан ұйымдастыруда жаңа
технологиялар мен озат тәжірибелерге сүйене отырып тұлғаға бағдарланған
білім беруде әлеуметтік-тұлғалық білімділікті өзектендіру арқылы оқу
үрдісін өзгертуді зерттеу - педагогика ғылымында туындап отырған қазіргі
негізгі міндеттердің бірі.
Білім беру тәсілдерін инновациялық технологиялар негізінде жетілдіру,
оқыту мен тәрбиелеу ісін ізгілендіру, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып
даралап, саралап оқыту арқылы оқушыны дамытуда білім, білік, дағдыны
жетілдіруге негізделген білім беру педагогикада адамның өзін тануын және
тұлғаның психикалық, физикалық саулығын қамтамасыз ету мәселелерін алға
шығарып отыр. Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту - бұл таным
әрекетін ұйымдастырудың арнаулы формасы. Оқытудың бұл формасы алдына нақты
және бағдарланған мақсат қояды. Сондай мақсаттарының бірі -оқу үрдісінің
өнімділігін арттыратын оқушының ақыл-ой кемелдіктерін, өз жетістіктерін
сезінетіндей жайлы жағдай тудыру. "Интерактивтік оқыту" 1990 жылдары
интернет желісінің дамуымен байланысты пайда болды. Осыған орай, көптеген
ғалымдардың түсіндіруінше, интерактивті оқыту компьютер және интернет
желісін пайдалану арқылы оқыту дегенге саяды.
Оқушьшың қай ортада болсын өзіндік әрекеттерді ұйымдастырып, оны
басқарушы бола алатындай дәрежеге жеткізу үшін білім мазмұнын даму
тенденциялары мен оқу үрдісін инновациялық технологиялар негізінде
ұйымдастырып, сабақтың түрлері мен әдіс-тәсілдерін білімділік ұстанымы
тұрғысында жетілдіру қажет.
"Инновациялық технологиялар" тіркесі бүгінгі күні педагогикада, оқу-
тәрбие үрдісінде ең жиі қолданылатын ұғым болып отыр. Белгілі ғалым
М.Поташник "Инновация - оқу бағдарламасын меңгертуде мұғалімнің оқытудың
жаңа әдістемелері мен технологияларын тиімді игеруі" десен анықтама берсе,
Н.Талызина "Инновациялық технологияларды қолдануданудағы негізгі міндет:
сабақ процесінде белгіленген мақсатқа жетуде ең тиімді әдістерді таңдай
білу" деп анықтайды.
Педагогикалық технология ұғымына берген ғалымдардың пікіріне тоқтала
кетсек, аталған ұғымды модель, әдіс, амал, тәрбие құралы, жүйе, жоба
ретінде қарастырғанына көзіміз жетеді:
- өмірде іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба - В.Л.Беспалько;
- дидактикалық жүйенің құрамдас процессуалдық бөлігі - М.Чошанов;
- оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және өткізудің
ойластырылған моделі - В.Монахов;
- арнайы лайықталған әдістер, амалдар, тәрбие
құралдары төңірегіндегі психологиялық-педагогикалық қондырғы -
Б.Лихачев.
Қолдану ерекшелігі мен орнына байланысты жаңалық енгізудің бірнеше
түрлері ажыратылады,
1. Технологиялық инновациялар - өнімдерді, өндірістің жаңа
технологияларын дайындаудың жаңа тәсілі. Бұл жаңалықтар
білім беру саласында оқытуда қолданылатын әртүрлі
технологиялық құралдар мен жабдықтарға байланысты. Дидактикалық
тұрғыдан алғанда, ақпараттық ортаға ену және бағдарламалық
қамсыздандыру жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.
2. Әдістемелік инновациялар - сабақ беру мен білім алу,
тәрбиелеу және оқыту әдістемесі, оқыту және оқу саласындағы
инновациялар. Олар білім беру саласында ең көп таралған,
жаратылыстану ғылымилық және гуманитарлық пәндерді оқытуды
мектепке дейінгі тәрбиеден бастап жоғары білімге дейін оқыту
үрдісін, мамандарды дайындауды қамтиды.
3. Ұйымдастырушылық инновациялар - еңбекті ұйымдастырудың жаңа
формалары мен әдістерін орнықтыруға қатынасы бар.
Ұстаз үшін ең басты мәселе - оқыту әдісін дұрыс таңдау.
Педагогикалық жаңа технологиялар оқушының тірек құзырлылығын
қалыптастырып, оның жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының
дамуында басты рөл атқарады.
Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік,
адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің
қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді
ұйымдастыруына көмектеседі.
Инновациялық білім беру - іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет
оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік
шеберлігін арттыруға, басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және
шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды
қолдану, біріншіден, мұғалім ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға
көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығуы артады, екіншіден, оқушы ұтады,
себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді.

1.3 Ұжымдық оқытудың тиімділігі

Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту жана технологияны енгізуді
міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі
және одан туындайтын мәселелер жетістігі, кемшілігі бүгінгі таңда әлі
нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген. Педагогикалық ұжымдардың
мемлекеттік білім стандарты деңгейіндегі білімлі 100%-ға игерту міндеті
белгіленген. Бірақ қазіргі мектептердегі үлгірім көрсеткіші, берілген білім
сапасы формализм мен субъективизмнен арыла алмай отырғаны жасырын емес.
Мысалы, 2004 жылғы ҰБТ қорытындысында мектеп бітірушілердің 76,1%-ы
(179223) ҰБТ-ға қатысып, оның 24.3%-ы (43509 түлек) 40 балдан төмен
көрсеткішке ие болды. Сонда жалпы мектеп бітірушілердің 48,2%-ы ҰБТ-ға
қатысуға жүрексінді, құлады, яғни мемлекеттік білім стандарты деңгейіндегі
білімді ала алмағандығын байқатты деп есептеуге болады.
2007 жылы ҰБТ қорытындысының бұдан үш жыл бұрынғы көрсеткіштен
айырмашылығы байқалмайды. ҰБТ-ға қатысқан мектеп бітірушілердің (142721
түлек) 30,6% құлады, енді оған қатыспағандарын қоссақ сол 2004 жылғы
көрсеткішті шамалайды.
Осы проблеманы шешу мақсатында үкіметтік деңгейде "ҚР білім беруді
дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы", "2008-2009
жылынан мектептерді 12 жылдыққа көшіру". "ҰБТ-ны жетілдіру шаралары", 'ҚР
білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу
ережесі", "Білім туралы" ҚР заңы, "ҚР білім беру ұйымдарында 2006—2011
жылдарға арналған кешенді тәрбие бағдарламасының іс-шарасы", "ҚР жаңа
формация мұғалімінің үздіксіз педагогикалық білім алу концепциясы", т.б
құжаттар қабылданып білім технологиясы жүйесін жетілдіруді басты назарда
ұстап, оған ерекше көңіл бөлінуде.
Дәл бүгінгі күнге дейін инновациялық қызмет жайында тұжырымдама, теория
жасалды деп айту да қиын. Елімізде атаулы мектептердің жаңашыл мұғалімдері
мен жетекші ғалымдардың еңбектерінде жекеленген инновациялық ізденістер бар
болғанымен ғылыми негізде жүйелендірілмеген, ғылым мен тәжірибені
кіріктірудің жайы да мектептерде қанағаттанғысыз деңгейде. Инновация
дегеніміз - белгілі бір жүйедегі жаңашылдық, ішкі өзгеріс. Педагогикалық
қызметтің атын өзгертумен, оның берілу мазмұны мен формасына ғана аздап
өзгеріс енгізумен шектеп, оның негізгі ішкі мәнінің ашылуына бармай
жаңашылдықты игердік деп есептеуге болмайды.
Білім берудің мақсаты, жаңа формацияға сай ұйымдастырушылық құрылым,
жаңа технологияның енгізілуі, оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік
сұранысынан туындайды. Оқыту технологиясы бүгінге дейін білім мазмұны
білім беру формасы - оқыту әдісі — оқыту көрнекілігі (ТСО) тізбесінде
қарастырылып келсе, енді жаңа оқыту технологиясының енгізілуі оқып-үйрену
- меңгеру - өмірге енгізу - дамыту тізбегінде қарастыруды қажет етіп
отыр.
Дидактиканың "нені оқыту керек?" деген сұрағына мемлекеттік білім
стандарты жауап берсе, ал "қалай оқыту керек? деген сұрағына жауапты
мұғалімнің кәсіби біліктілік деңгейі, оқытудан жаңа технологияны игеріп
пайдалана білуі, оқыту мақсатының сабақ үстінде қалыптастыра білу
шеберлігінен іздеген жөн.
Мұғалім үшін мазмұндағы жекелеген деректерді жинақтап оның әдістемелік-
логикалық тұжырымдамасын біртұтас қалыптастырудың мәні ерекше. Мұғалімнің
әдістемелік іскерлікті меңгере білуі, оқу материалының мазмұнын логикалық-
дидактикалық тұрғыдан таңдай білуі - қазіргі талап.
Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін қажетті алғы шарттарды мұғалім
жетік меңгеруі тиіс.
1. Оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу
2. Оқушылардың сабақбастылығын болдырмау шараларын кешенді қарастыру.
Оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, басшылық ұйымдастырушылық
себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау.
3. Жаңа буын оқулықтардың мазмұнымен жете таныса отырып, қосымша
оқулықтар мен балама оқулықтарды ұтымды пайдалану (электрондық оқулық,
интернет, электрондық кітапхана, кашықтықтан оқытудың спутниктік жүйесі,
т.б), білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру, т.б арқылы оқушыларға
білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу.
4. Оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыру ұстанымын үнемі
басшылыққа алу.
Дүниежүзінде және біздің еліміздегі білім беру жүйесінің маңызды
мәселесі — бірыңғай білім кеңістігін құру. Телекоммуникациялық техника мен
технологияның жылдам дамуы және білім саласына қазіргі жаңа технологияның
жаппай енгізідуі ашық ақпараттың кеңістік ұстанымына негізделген жалпыға
бірдей қол жетерліктей білімдік кешен құруға мүмкіндік жасауда. Қоғам
дамудың индустриялық фазасынан ақпараттық фазасына өту баспалдағында тұр.
Дамыған елдерде (АҚШ, Жапония, т.б) халықтың 60-7б%-ы ақпаратты жинау,
өңдеу, тарату саласында еңбек етуде. Кез келген елдің экономикалық қуаты,
халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны
мен салмағы ол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ.
Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияның енгізілу сапалылығы осы елдегі
білім беру ісінің қандай жолға қойылғандығы мен осы сананың ақпараттандыру
деңгейіне келіп тіреледі. Экономикасы күшті дамыған елдердің тәжірибесі
білім беру жүйесін ақпараттандыру сол елдегі экономика, ғылым мен
мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр.
Қазіргі заманның ақпараттық және телекоммуникациялық технологиясын игеру
әрбір адамның оқу мен жазу білігін меңгеруімен пара-пар деп қарау орынды
болар еді. ҚР білім саласын ақпараттандыру ісі мемлекеттік бағдарламаға сай
мектептерден басталады.
1. Мектеп оқушуларын ақпараттық қоғам жағдайында оқып, білім алуға,
өмір сүруге бейімдеу.
2. Жаңа акпараттық және телекоммуникациялық технологияға бейімделген
білім берудің ғылыми-әдістемелік базасын (мектептерді интернет пен
қашықтықтан оқыту желісіне қосу, мультимедиалық сыныптармен, лингафон
кабинеттерімен жасақтау, электрондық және балама оқулықтармен қамтамасыз
ету, интерактивтік әдіс пен әдістемені тиімді қолдану, т.б.) жасау, білім
саласын басқарудың жаңа формалары мен әдістерін батыл енгізе отырып орта
білім беру жүйесін жаңарту.
3. Дүниежүзілік ақпараттық және білім кеңістіктері мен отандық білім
беру жүйесін кіріктіру.
Жалпы қазіргі бағыт - білім берудің қалыпты (сыныптық-сабақ) жүйесіне
дамыта оқыту жүйесінің элементтерін кіріктіре отырып дамыта оқытуға
басымдық беру, ал алдағы уақытта оқыту үрдісінде оқушы шығармашылығына
негізделген қоғам дамуының ақпараттық базасының сұранысын қанағаттандыратын
жаңа типті білім жүйелеріне көшу. Олар мыналар:
- ұжымдық оқыту әдісі;
- модульдік-инновациялық оқыту әдісі;
- интерактивтік-матрицалық оқыту әдісі;
- шоғырландырып қарқынды оқыту әдісі;
- синергетикалық-биоинформатикалық оқыту әдісі, т.б.
Ұжымдық оқыту әдісі.
Жалпы білім беретін мектептердегі қазіргі белен алып отырған мәселелер
білім сапасының төмендігі, білім саласына мемлекет тарапынан реформалар
жүргізілгенімен нәтижесінің күткен деңгейде болмауы, директивалық құжаттар
көптеп шығарылғанмен ұстанымында оң өзгерістердің мардымсыздығы, сыныптағы
үлгірмеушілікті жасыру не азайтып көрсетушілік, оқушылар тәртібінің
төмендігі, жалпы жұрттың өздігінен білім алу- дағдысының жетілмеуі, орта
және жоғары білімді адамдардың мәдениетсіздігінің жылдан-жылға артуы,
оқушылардың сабақбастылығы, мұғалімдердің жұмыс бастылығына қарамастан
жұмысындағы нәтиженің мардымсыздығы, білім беру жүйесіндегі басқару
органдарының дәрменсіздігі мен жаппай төрешілдікке бой ұруы, педагогикалық
басылымдарға бейімдеушілікке лайық материалдардың көптеп берілгенімен
оларды болдырмауға психо-педагогикалық ғылымның қауқарсыздығы, т.б. қатты
сезілуде.
Бұл мәселелердің тууының негізгі себебін кейбір ғалымдар (В.Дъячепко)
қазіргі қолданыстағы оқу-тәрбие үрдісін іске асыру механизмінің моралдік
тұрғыдан ескіруі, яғни педагогикалық үрдістің ұйымдастыру формалары мен
тәрбиелеудің топтық әдісінде жатыр деп есептейді. Бұл әдіс қоғам дамуының
белгілі кезеңдерінде (XVII—XIX ғасырда) қажет болды, оның қоғамдық
сұранысын толық қанағаттандырды. XX ғасырда бұл жүйенің дағдарыстық
белгілері біліне бастады, сұранысқа сай білім беру ісін жүйелендіру
мақсатында бағдарламалық материалды кеңейту есебінен жоғарыдағы мәселелерді
шешу бағыты байқалды, бірақ ол оқушы сабақ бастылығын күшейтті. Білім
саласындағы дағдарыстық жағдай XX ғасырдың 60—70 жылдары тіпті күшейе
түсті.
Ф.Кумбс бастаған белгілі ғалымдар XX ғасырдың 60—70 жылдары бұл
тоқыраудың күшею себептеріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ГЕОМЕТРИЯ САБАҒЫНДА GEOGEBRA ОРТАСЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
Негізгі мектепте геометрия курсын визуализация құралдары көмегімен оқытудың теориялық негіздері
Математика сабақтарында ақпараттық технологияны қолдану
Математика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқушылардың шығармашылықтарын дамыту
МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Жаңа ақпараттық технологияны мектеп геометрия курсында қолдану
Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану
Бастауыш мектепте математика пәнін оқыту процесі
Бастауыш сынып оқушыларын оқыту процесінде компьютерлік технологияларды қолданудың дидактикалық шарттары
Пәндер