Мақаш Қозыбаевтың тарих ғылымына қосқан үлесі



Кіріспе
1.М. Қозыбаевтың кеңестік және тәуелсіз кезеңдердегі ғылыми қызметі
2.Ғалымның Қазақстан тарихы мәселелеріне арналған іргелі зерттеу еңбектері
3.М. Қ. Қозыбаев және егеменді еліміздің тарихи проблемалары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Тақырыптың маңыздылығы: Академик М. Қ. Қозыбаевтың 1985-2002 жылдар аралығындағы өмір жолдары, қоғамдық-саяси қызметі мен осы аралықта жазылған тарихи еңбектері талдауға алынады. Академик М. Қ. Қозыбаев “Қазақ халқы босағасы берік, шаңырағы биік мемлекет болған екен, ендеше, оған өзіне лайық тарихы да жазылуы қажет”- деуі Қазақстан тарихшыларына 70 жыл бойы кеңестік жүйе идеологиясында болып бұрмаланған ата тарихымызды қайтадан ой елегінен өткізіп, жаңаша көзқараспен, әдістемемен зерделеу міндетін жүктеді. Қазақстан тарихының дамуына үлес қосқан, жаңа тарихшы буындарды тәрбиелеуде жетекші ұстаз бола білген ғалымдарымыздың бірі - Манаш Қабашұлы Қозыбаев. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі С. Қирабаев пен ҚР ҰҒА-ның корр.-мүшесі Ә. Бейсенованың: “Манаш Қозыбаев қазақ тарихы ғылымындағы жарқын, биік тұлғалардың бірі еді. Өз кезіндегі қазақтың ұлттық ой-пікірінің дамуына, оның ұлттық мүддеге қызмет етуіне Манаштың қосқан үлесі қомақты. Ол осы еңбегімен еліне кең танылды, халық құрметіне бөленді. Бұған ғалымның 70 жылдығы кезінде көптің көзі жеткенді” - деп жазуы, ғалымның қоғам мен ғылым саласындағы қызметінің ерен екендігіне еш күмән тудырмайды. М. Қозыбаевтың қоғам саласына сіңірген еңбектері, ғылыми зерттеулерінің маңызы зор. Тарихшы-ғалымның қоғамдық, ғылыми-ұйымдастырушылық қызметі партиялық-өктемдік басқару мен әміршіл-әкімшіл жүйенің гүлденген, шарықтау шегіне жеткен тұспен сәйкес келсе де, тарих ғылымының қалыптасып, дамуына өзіндік үлесін қосты. М. Қозыбаевтың 1985-2002 жылдар аралығындағы ғылыми, ұстаздық, мемлекеттік қызметі Қазақстанның саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуының оқиғаларымен тұтасып жатыр. Ендеше, М. Қ. Қозыбаевтың өмір жолын және ғылыми шығармашылық мұрасын жеке тұлға ретінде зерттеп тану дегеніміз - Қазақстанның көне заманнан бүгінге дейінгі тарихын ғылыми тұрғыдан терең қарастырып баяндау, тұжырымдап баға беру деген сөз. Міне, тарихшы-ғалымның отандық тарих ғылымын дамытуға сіңірген еңбегін, мемлекеттік және қоғамдық қызметін және оның ғылыми шығармашылығына талдау жасау, бағалау тақырыптың маңыздылығы мен өзектілігіне негіз бола алады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
- Бұрыннан белгілі және ғылыми айналымға алғаш рет енгізіліп отырған мұрағат құжаттарын сараптай келе, М. Қ. Қозыбаевтың ғұмырының барлық кезеңдерін қамти отырып, оның қоғамдық-саяси, ғылыми және кәсіби қызметін, шығармашылық мұрасын талдап, сұрыптап, жүйелі түрде көрсету;
- М. Қозыбаевтың өмір жолын баяндай отырып, ғалымның 1985-1991 жылдар аралығындағы қоғамдық, мемлекеттік қызметке араласуы мен тарихшы ғалым ретінде ғылым саласын дамытудағы қызметін айқындау;
- Академиктің ғылым саласындағы атқарған қоғамдық қызметінің маңыздылығын көрсету және ғылыми-ұйымдастырушылық рөлін анықтай келе, өзіндік ізденістерінің соны қырларын зерделеу;
- М. Қ. Қозыбаевтың еңбектеріндегі Қазақстан тарихы проблемаларын тарихнамалық тұрғыдан талдап, олардың ғылыми құндылығын, маңыздылығын ашу;
- Тәуелсіздік, ұлт мәселесіне қатысты жазылған еңбектерін саралау арқылы Республикадағы саяси үрдістерге баға беру.
Жұмыстың құрылымы:
- Кіріспеден
- Тақырыпшалардан
- Қорытындыдан құралады.
1. Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі (Замана асуы) – Алматы: Ғылым, 1998. 1-кітап. -344 б.
2. Жұлдызы жанған ғұлама. Академик Манаш Қозыбаев туралы естелік. –Алматы: Атамұра, 2003. - 288 б.
3. Есқожин І. Озат студенттің ісі осындай // За отличную учебу. – 1952. -1 мамыр; Ержанов А., Шоланов Е. Қаһармандық күрестің ұйымдастырушысы // Социалистік Қазақстан. –1955. - 6 наурыз; Левицкая Л. Доклад об истории Кустаная // Ленинский путь. – 1957. - 12 ноября.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе____________________________ ________________________________3
1.М. Қозыбаевтың кеңестік және тәуелсіз кезеңдердегі ғылыми қызметі_____5
2.Ғалымның Қазақстан тарихы мәселелеріне арналған іргелі зерттеу
еңбектері__________________________ ________________________________8
3.М. Қ. Қозыбаев және егеменді еліміздің тарихи проблемалары___________12
Қорытынды__________________________ _____________________________13
Пайдаланған әдебиеттер тізімі_____________________________ ___________14

Кіріспе

Тақырыптың маңыздылығы: Академик М. Қ. Қозыбаевтың 1985-2002 жылдар
аралығындағы өмір жолдары, қоғамдық-саяси қызметі мен осы аралықта
жазылған тарихи еңбектері талдауға алынады. Академик М. Қ. Қозыбаев “Қазақ
халқы босағасы берік, шаңырағы биік мемлекет болған екен, ендеше, оған
өзіне лайық тарихы да жазылуы қажет”- деуі Қазақстан тарихшыларына 70 жыл
бойы кеңестік жүйе идеологиясында болып бұрмаланған ата тарихымызды
қайтадан ой елегінен өткізіп, жаңаша көзқараспен, әдістемемен зерделеу
міндетін жүктеді. Қазақстан тарихының дамуына үлес қосқан, жаңа тарихшы
буындарды тәрбиелеуде жетекші ұстаз бола білген ғалымдарымыздың бірі -
Манаш Қабашұлы Қозыбаев. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының
академигі С. Қирабаев пен ҚР ҰҒА-ның корр.-мүшесі Ә. Бейсенованың: “Манаш
Қозыбаев қазақ тарихы ғылымындағы жарқын, биік тұлғалардың бірі еді. Өз
кезіндегі қазақтың ұлттық ой-пікірінің дамуына, оның ұлттық мүддеге қызмет
етуіне Манаштың қосқан үлесі қомақты. Ол осы еңбегімен еліне кең танылды,
халық құрметіне бөленді. Бұған ғалымның 70 жылдығы кезінде көптің көзі
жеткенді” - деп жазуы, ғалымның қоғам мен ғылым саласындағы қызметінің
ерен екендігіне еш күмән тудырмайды. М. Қозыбаевтың қоғам саласына
сіңірген еңбектері, ғылыми зерттеулерінің маңызы зор. Тарихшы-ғалымның
қоғамдық, ғылыми-ұйымдастырушылық қызметі партиялық-өктемдік басқару мен
әміршіл-әкімшіл жүйенің гүлденген, шарықтау шегіне жеткен тұспен сәйкес
келсе де, тарих ғылымының қалыптасып, дамуына өзіндік үлесін қосты. М.
Қозыбаевтың 1985-2002 жылдар аралығындағы ғылыми, ұстаздық, мемлекеттік
қызметі Қазақстанның саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуының
оқиғаларымен тұтасып жатыр. Ендеше, М. Қ. Қозыбаевтың өмір жолын және
ғылыми шығармашылық мұрасын жеке тұлға ретінде зерттеп тану дегеніміз -
Қазақстанның көне заманнан бүгінге дейінгі тарихын ғылыми тұрғыдан терең
қарастырып баяндау, тұжырымдап баға беру деген сөз. Міне, тарихшы-ғалымның
отандық тарих ғылымын дамытуға сіңірген еңбегін, мемлекеттік және қоғамдық
қызметін және оның ғылыми шығармашылығына талдау жасау, бағалау тақырыптың
маңыздылығы мен өзектілігіне негіз бола алады. 
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
- Бұрыннан белгілі және ғылыми айналымға алғаш рет енгізіліп отырған
мұрағат құжаттарын сараптай келе, М. Қ. Қозыбаевтың ғұмырының барлық
кезеңдерін қамти отырып, оның қоғамдық-саяси, ғылыми және кәсіби
қызметін, шығармашылық мұрасын талдап, сұрыптап, жүйелі түрде
көрсету;
- М. Қозыбаевтың өмір жолын баяндай отырып, ғалымның 1985-1991 жылдар
аралығындағы қоғамдық, мемлекеттік қызметке араласуы мен тарихшы
ғалым ретінде ғылым саласын дамытудағы қызметін айқындау;

3
- Академиктің ғылым саласындағы атқарған қоғамдық қызметінің
маңыздылығын көрсету және ғылыми-ұйымдастырушылық рөлін анықтай
келе, өзіндік ізденістерінің соны қырларын зерделеу;
- М. Қ. Қозыбаевтың еңбектеріндегі Қазақстан тарихы проблемаларын
тарихнамалық тұрғыдан талдап, олардың ғылыми құндылығын,
маңыздылығын ашу;
- Тәуелсіздік, ұлт мәселесіне қатысты жазылған еңбектерін саралау
арқылы Республикадағы саяси үрдістерге баға беру. 
Жұмыстың құрылымы:
- Кіріспеден
- Тақырыпшалардан
- Қорытындыдан құралады.

4
Манаш Қабашұлы Қозыбаев 1931 жылдың 16 қарашасында Қостанай облысының
Меңдіғара ауданындағы Тазкөл ауылында дүниеге келді. Оның балалық кезеңі
соғыс жылдарымен тұспа-тұс келді. Манаш Қабашұлы елдегі қиын жағдайға
қарамастан алғыр да, зерек бала болып өсіп, еңбекте де ересек адамдармен
қатар бірге жүрді. “Жаңатұрмыс” жеті жылдық мектебін 1944 жылы үздік
бітіргеннен кейін, Меңдіқарадағы Ы. Алтынсарин атындағы педагогикалық
училищеге түсіп, 1947 жылы осы училищенің толық курсын бітіріп, бір жылдай
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Үлгілі жетіжылдық мектебінде мұғалім
болып істейді. 1948 жылы ол Алматыдағы Қазақ Мемлекеттік университетінің
тарих факультетіне оқуға түсіп, Бекмаханов, Т. Тәжібаев, А. Нүсіпбеков,
және т.б. белгілі тарихшы-ғалымдардан дәріс алды. Кейіннен Манаш Қабашұлы
Қозыбаевтың тарих ғылымы жолына түсуіне осы ұстаздарының ықпалы болды.
Университетте оқыған кезінде М. Қозыбаев коммунист партиясының
кандидаттығына мүшелікке өтеді. 1953 жылы университетті үздік бітірген
кейін жанұясының жағдайына байланысты Қостанайға кетіп, 1953-1958 жылдар
аралығында Қостанайдың оқытушылар, кейін педагогикалық болып өзгерген
институтта аға оқытушы болып қызмет етеді. 1958 жылы Алматыға ауысып,
Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитеті жанындағы Партия тарихы
институтына қызметке қабылданады. Бұл институтта ол 1973 жылға дейін
қызмет етіп, аға қызметкерліктен ғылыми хатшы, институттың сектор
меңгерушісі болады. 
1962 жылы Манаш Қабашұлы С. Бәйішевтің жетекшілігімен “Қазақстан
Компартиясының Ұлы Отан соғысы кезінде өнеркәсіп пен транспортқа басшылық
жасаудағы тәжірибесі” деген тақырыпта кандидаттық диссертация, ал 1969
жылы “Қазақстан Коммунистік партиясы Ұлы Отан соғысы жылдарында” деген
тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 1969-1973 жылдар аралығында
Партия институтының сектор меңгерушісі болып тағайындалып, бұл қызметті
1974 жылға дейін атқарады. 1971 жылы оған профессор атағы беріледі.
“Қазақстан-майдан арсеналы” атты монографиясы үшін Ш.Ш. Уәлиханов атындағы
сыйлықты иеленеді және Бүкілодақтық конкурстың екінші дәрежелі сыйлығын
алады. Ал 1973 жылы тарих ғылымдарын дамытудағы жетістіктері үшін Қазақ
КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет қағазымен марапатталады. Бір жылдан кейін,
яғни 1974 жылы Алматы зоотехникалық-малдәргерлік институттқа қызметке
тұрып, КОКП тарихы кафедрасының меңгерушісі болады. 1978 жылы Қазақ
Мемлекеттік университеті жанынан Қоғамдық білімдер пәндерін оқытушылар
мамандығын жетілдіру институты ашылып, М. Қозыбаев ондағы КОКП тарихы
кафедрасының меңгерушілігіне шақырылады. Келесі жылы Ғылым Академиясының
корреспондент мүшесі болып сайланады және Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетіне шақырылды.1980-1986 жылдар аралығына дейін М. Қозыбаев Қазақ
Совет Энциклопедиясының Бас редакторы болады және осы жылдар аралығында
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих,археология және этнография институтының
тарихнама және деректану
5
бөлімінде аға ғылыми қызметкер ретінде қызмет етеді. Қазақ
энциклопедиясына басшылық қызметте жүрген кезінде энциклопедиялық
басылымдар шығаруға Манаш Қабашұлы кезінде зиялы қауымның қалың тобын
тартты. Ол қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына тигізген экономикалық
көмегіне қатысты 1985 жылы 40 сериялы құжатты “Қазақстан Ұлы Отан соғысы
жылдарында” фильмінің ғылыми кеңесшісі болады. Ғалым фильмнің
сценарийлеріне кеңес беріп, тарихи және ғылыми жағына баса назар аудару
керектігін айтып отырды.
1986 жылы ғылыми - практикалық қызметі және қоғамдық өмірге белсене
араласқаны үшін “Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері” құрмет
атағын иеленеді. Осы жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының Президиумының
проблемалық кеңесінің мүшелігіне сайланады және Қазақ КСР Ғылым академиясы
Президиумының ғылым мен техника жөніндегі комиссиясының төрағалығына
тағайындалады. 1986 ж. наурызынан М. Қ. Қозыбаев Ш.Ш. Уәлиханов атындағы
Тарих, археология және этнография институтында қызметке келіп, тарихнама
және деректану бөлімінің меңгерушісіне сайланады. Ғалым газет-журнал
редакциялары ұйымдастырған пікір-таластарға белсене қатысып, 1937-38
жылдардағы қуғын-сүргін мәселесі, “буржуазияшыл-ұлтшыл” атанған “Алаш”
партиясы, осы “Алаш” партиясына қатысты “Қазақ”, “Сарыарқа” газеттерінің,
“Абай” журналының, “Үш жүз” партиясының тарихы сияқты өзекті тақырыптарды
зерттеу төңірегінде пікір алмастырды. Қазақ этногенезі, Қазақстан
территориясындағы қуатты мемлекеттер, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру,
Қазақстанда Голощекиннің басшылығымен жүргізілген “Кіші Қазан” идеясының
зерттелінбей отырғандығын, келешекте осы мәселелерді қолға алу қажеттігін
көтерді. М. Қозыбаев Қазақ КСР Ғылым Академиясының 1988 жылғы 2 маусымынан
бастап Тарих, археология және этнография институтының институт директоры
міндетін уақытша атқарса, ал 19 маусымында институт директорының қызметіне
сайланып, 2002 жылдың қаңтарының аяғына дейін осы қызметті атқарды. 1989
жылдың 18 маусымында М. Қ. Қозыбаев Қазақ КСР Ғылым Академиясының Жалпы
жиналысының қаулысы бойынша Қазақ КСР Ғылым академиясының толық мүшесі
(академигі) болып сайланды. М. Қозыбаев 1989 жылы құрылған “Әділет” тарихи-
ағарту қоғамына белсене араласып, 1994 жылдан осы қоғамының президенті
болып сайланады. Қоғам тоталитарлық жүйеге, қуғын-сүргінге қатысты бірнеше
ғылыми конференциялар мен семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіп,
тоталитарлық жүйенің қылмысын әшкерелейтін “Азалы кітап” шығаруды қолға
алады. 
1990 жылы Манаш Қабашұлы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының
мемлекеттік егемендігі туралы Декларация дайындайтын комиссия мүшелігіне
сайланады. Ал 1990-1993 жылдары Жоғарғы Кеңестің ұлттық саясат, мәдениет
және тіл дамыту комитетінің мүшесі болып, Қазақстан мемлекетінің
Конституциясын, заңдары мен актілерін қабылдауда қайраткерлік таныта
білді. 1990-1993 жж. Қазақ КСР халық депутаты болып
6
сайланып, Қазақ КСР халық депутаттығы кезінде үкімет алдына бірнеше
мәселелерді көтеруге тырысады. Манаш Қабашұлы Отан тарихының “жабық”
саналып келген көптеген проблемалық мәселелерді арнайы үкімет рұқсатымен
қарастыру жолында елеулі жұмыстар жүргізді. 1916 жылғы ұлт-азаттық
қозғалыс тарихы, 20-30 жылдардағы ұжымдастыру, тәркілеу, 1931-33
жылдардағы ашаршылық мәселелерінің ақ-қарасын ашу турасында комиссия
құруды ұсынады.1991 жылы қарашада “1928 ж. 27 тамыздағы Халық Комиссарлар
Кеңесі мен Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің “Байлар шаруашылығын
кәмпескелеуі” және 1930 ж. 19 ақпандағы “Ұжымдастыру мәселесін нығайту мен
бай, құлақтарға қарсы күрес жүргізуге” қатысты шыққан жарлықтарын
тереңдете зерттеу мәселесіне құрылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес Президиумы
комиссиясының төрағасы болады. Манаш Қабашұлы 1991-2001 жылдар аралығында
“Ақиқат” журналының, ал 1993-2001 жылдары “Қазақ тарихы” журналының
редакциялық алқасының мүшесі болды. Ғалым аталған журналдардың
редакциясына ғылыми кеңестер ұсынып, оның бетіне қандай мәселелер
жариялану қажеттігі жөнінде бағыт-бағдар беріп отырды. Институтты
басқарған жылдары шетелдік тарихшылармен байланыс орнатып, тәжірбие
алмастырды. 1992 жылы Институт бірнеше жоғары және орта мектептерге
арналған оқу құралдарын, оқулықтар, жинақтар басып шығарды. Жоғары оқу
орындарына арналған 16 баспа табақ көлемінде “Ақтаңдақтар ақиқаты” оқу
құралы жарық көрді. 1992-1993 жылдар аралығында М. Қозыбаев ҚР жоғарғы
Кеңесінің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мүшесі, 1993 ж. ҚР Президентінің
қасындағы мемлекеттік саясат туралы ұлттық кеңесінің мүшесі, адам құқығы
жөніндегі республикалық комиссияның мүшесі, ҚР Тарих және мәдениет қорғау
және пайдалану жөніндегі ғылыми-методикалық Кеңесінің төрағасы болып
тағайындалды. М. Қозыбаев тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғауда да
елеулі еңбек сіңірді. 1993-1999 жылдар аралығында ғалым ҚР Жоғарғы
аттестациялық Комитетінің Президиумы мүшесі болады. Сонымен қатар көп
жылдар бойы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты
жанындағы докторлық диссертация қорғайтын Ғылыми Кеңестің төрағасы, тарих
ғылымы саласындағы проблемалық ғылыми-үйлестіру Кеңесінің төрағасы
Мемлекеттік ономистикалық комиссия мүшесі қызметтерін атқарып келді. Манаш
Қабашұлы 1993 жылы Қостанай қаласы мен Меңдіқара ауданының “Құрметті
Азаматы” атағына ие болады. Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақстандықтардың
тылдағы ерлігі жайындағы Н. Едігеновпен бірлесе жазған “Труд во имя
победы” кітабы жарық көрді және академиктың жетекшілігімен Қазақстанның
көне дәуірден бүгінгі күнге дейінгі бес томдық академиялық тарихының жаңа
басылымы дайындалды және ол “Абай, “Ақмола” энциклопедиялық басылымдардың
және “Казахи”, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Көкшетау,
Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Талдықорған, Оңтүстік Қазақстан
облыстарында қуғын-сүргінге ұшырағандарға арналған “Азалы кітап-Книга
памяти” және тағы басқа ғылыми зерттеулердің редакциялық коллегиясын
басқарды.
7
М.Қозыбаев 1995 жылы Абай Құнанбаевтың 150 жылдық мерейтойын өткізуге
қатысты құрылған мемлекеттік комиссия мүшесі болып, осы мерейтойды
өткізуге атсалысады. 1997 жылы ҚР Президентінің бейбітшілік және рухани
келісімі сыйлығының лауреаты атанады. 1997 жылдың қыркүйегінде академик М.
Қ. Қозыбаев ҚР Мемлекеттік хатшысы Ә. Кекілбаевтың басшылығымен “Аңырақай”
деп аталған қазақ-жоңғар шайқасы болған жерді анықтауға қатысты құрылған
комиссия құрамына қатысады. Бұл мәселеге қоса комиссия Қазақ хандығының
шекарасын анықтау ісімен де айналысады. М. Қозыбаев Индияда өткен
Қазақстанның мәдени күндерінің делегациясын басқарды және Монғолиядағы
Күлтегін мен Тоныкөк ескерткіштерін кешенді түрде зерттеу экспедициясына
қатысады. Түркияға барған іссапарында Стамбул университетімен байланыс
орнатып, түрік тарихшыларымен “Қазақстан тарихы” очеркін түрік тіліне
аудару мәселесін шешеді.1997 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан
Республикасы Президентінің 1998 жылды “Халық бірлігі және ұлттық тарих
жылы” деп атау жөніндегі жарлығына орай құрылған Мемлекеттік комиссияны
ғылыми-әдістемелік жағынан жабдықтайтын секция құрамында М. Қозыбаев та
болып, институт ұжымымен “Халық бірлігі және ұлттық тарих жылын” өткізуге
қатысты тұжырымдамаларын даярлап, бірқатар ауқымды жұмыстар атқарды. 1998
жылы М. Қозыбаевтың осы жылы “Ғылым” баспасынан 2 кітаптан тұратын “Тарих
зердесі” атты монографиясы жарық көрді.
М. Қозыбаевтың басшылығымен Қазақстанға ғана емес, шетелдік ғылыми
қауымға танылған “Отан тарихы” журналы шығарылып, оның бас редакторлығын
ғалымның өзі атқарды және “Қазақстан-Заман” газетінің құрылтайшысы әрі
авторы болады. 1999 жылды “Халық бірлігі және ұрпақтар сабақтастығы жылы”
ретінде өткізу турасына орай құрылған мемлекеттік комиссия құрамына
сайланды. 2000 жылы ғалым Түркия, Румыния, Қытай республикаларының
ғалымдарымен етене байланыс орнатып, бұл елдерде өткен конференцияларға,
семинарларға қатысып, осы елдердің өкілдерін елімізде өткен іс-шараларға
шақырды, тарихи мәселелер төңірегінде дөңгелек стол өткізуге ат салысады.
Ғалым ондаған кітаптары мен жинақтар, 840-тан ғылыми мақалалар жазып, 13
ғылым докторлары мен 72 ғылым кандидаттарын даярлады.
Ғалымның еңбектеріндегі көне заманнан XX ғасыр басындағы Қазақстан
тарихының кейбір мәселелері, XX ғасырдың 20-50 жж. ашаршылық, ұжымдастыру,
тәркілеу және қуғын-сүргін мәселелері туралы тұжырымдары мен Ұлы Отан
соғысы тақырыбы бойынша проблемалары қаралады. Қозыбаевтың аса бай тарихи
мұралары: ғылыми еңбектері, мақалалары, баяндамалары Қазақстан тарихы үшін
маңызы зор дерек көздері болып табылады.
Еңбектерінің қатарына “История и современность” (Алматы “Ғылым”,
1991.) “Ақтаңдақтар ақиқаты” (Алматы “Қазақ университеті”, 1992.), “Жауды
шаптым ту байлап” (Алматы “Қазақстан, 1994.), “Тарих зердесі” (Алматы
“Ғылым”, 1998.), “Казахстан на рубеже веков: размышления и поиски”
8
(Алматы, 2000.), “Өркениет және ұлт” (Алматы “Сөздік-Словарь”, 2001.) және
тағы басқа ғылыми мақалаларын жатқызамыз. Осы зерттеулерінде көне заман
бастап Қазақстанның тәуелсіздігі жолындағы тарихы толықтай қамтылады.
Аталған тарихи еңбектерінде ғалым қазақ тарихының көмескі тартқан тұстарын
ашып, оның маңыздылығын айқындайды. Осы еңбектер ғалымның ұлттық тарихқа
түбегейлі бет бұрғандығын көрсетеді.
Ғалым Қазақстан тарихының мәселелерін көтергенде тарихи сананы
қалыптастыру қажеттігін және қазақ халқының тарихын жазу барысында
бұрындары зерттелінбей немесе зерттелуге тыйым салынған, яғни
“ақтаңдақтар” аталынған мәселелерді көтеруді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М. Қ. Қозыбаевтың өмір жолы мен ғылыми шығармашылық мұрасы (1985-2002жж.)
Отандық тарихты зерттеу мен насихаттау
ҒАЛЫМНЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ
М.Қ. ҚОЗЫБАЕВТЫҢ ӨМІР ЖОЛЫ ЖӘНЕ ТАРИХШЫ – ҒАЛЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ (1985-2002)
М.Қ. Қозыбаев еңбектеріндегі көне заманнан XX ғасырдың басындағы Қазақстан тарихының кейбір мәселелері
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихының тарихнамасы (1941-2010 жылдар)
Қозыбаев қызмет жылдарында
М. қ. қозыбаев – қазақтың егемен тарихының қайта жаңғыртушысы
Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы (ХХ ғ. 20–40 жж.)
Демографиямыздың талғары
Пәндер