ҚР Үкіметі



Жоспары:
1. Кіріспе.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметін құру, оның құрамы және өкілеттік мерзімі.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметінің құзыреті.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметінің актілері.
5. Қорытынды.
6. Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
ҚР Конституциясының 64-бабына сәйкес Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асыратын атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Кез келген мемлекетте Үкімет атқарушы биліктің жоғары алқалық органы болып табылады.
ҚР Үкіметінің құқықтық мәртебесі ҚР Конституциясының V бөлімінде “Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы” 1995 жылы 18.10 Конституциялық заңда, ҚР 1997 жылы 24.02 және 1999 ж. 06.05, 2007 жылығы Конституциялық заңдарымен енгізілген өзгерутелер және толықтыруларымен бекітілген. Оларда ҚР Үкіметінің заңдарының табиғаты ашылды, оның мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі орны айшықталды және оның қызметі сипатталады. Атқарушы биліктің жоғары алқалық органы ретінде Үкімет мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады, ол оның өкілеттіктерімен қамтамасыз етіледі.
Үкімет министрліктердің, атқарушы биліктің комитеттері және басқа да орталық органдардың жұмысының негізгі бағыттарын айқындайды және ұйымдастырады.
Атқарушы органдар жүйесін басқара отырып, ҚР Үкіметі оның жүргізуіне ҚР Конституциясымен, конституциялық заңдармен заңдық күші бар Президент жарлықтарымен жатқызылған мәселелерді өз алдына дербес шешеді. Ол өз құзыреті шеңберінде Конституцияның ,республикалық заңдардың, ҚР Президенті жарлықтарының, ҚР халықаралық шарттарының орындалуын ұйымдастырады. Өзінің барлық қызметінде Үкімет Республика Президенті алдында жауап береді.
Пайдаланатын әдебиеттер:
1.«Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы». С.К.Амандықова. Астана, 2001 жыл.
2.«Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы». Ғ.Сапарғалиев. Алматы, 2004 жыл.
3.«Қазақстан Республикасының Конституциясы» Астана 2007 жыл.
4.«Салыстырмалы құқықтану негздері »Табанов. Алматы, 2003 жыл.
5.Қазақстан Республикасының «Үкімет туралы Заңы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N2688 Конституциялық Заңы.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
1. Кіріспе.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметін құру, оның құрамы және өкілеттік
мерзімі.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметінің құзыреті.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметінің актілері.
5. Қорытынды.
6. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе
ҚР Конституциясының 64-бабына сәйкес Үкімет Қазақстан Республикасының
атқарушы билігін жүзеге асыратын атқарушы органдардың жүйесін басқарады
және олардың қызметіне басшылық жасайды. Кез келген мемлекетте Үкімет
атқарушы биліктің жоғары алқалық органы болып табылады.
ҚР Үкіметінің құқықтық мәртебесі ҚР Конституциясының V бөлімінде
“Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы” 1995 жылы 18.10 Конституциялық
заңда, ҚР 1997 жылы 24.02 және 1999 ж. 06.05, 2007 жылығы Конституциялық
заңдарымен енгізілген өзгерутелер және толықтыруларымен бекітілген. Оларда
ҚР Үкіметінің заңдарының табиғаты ашылды, оның мемлекеттік билік органдары
жүйесіндегі орны айшықталды және оның қызметі сипатталады. Атқарушы
биліктің жоғары алқалық органы ретінде Үкімет мемлекеттік басқаруды жүзеге
асырады, ол оның өкілеттіктерімен қамтамасыз етіледі.
Үкімет министрліктердің, атқарушы биліктің комитеттері және басқа да
орталық органдардың жұмысының негізгі бағыттарын айқындайды және
ұйымдастырады.
Атқарушы органдар жүйесін басқара отырып, ҚР Үкіметі оның жүргізуіне
ҚР Конституциясымен, конституциялық заңдармен заңдық күші бар Президент
жарлықтарымен жатқызылған мәселелерді өз алдына дербес шешеді. Ол өз
құзыреті шеңберінде Конституцияның ,республикалық заңдардың, ҚР Президенті
жарлықтарының, ҚР халықаралық шарттарының орындалуын ұйымдастырады. Өзінің
барлық қызметінде Үкімет Республика Президенті алдында жауап береді.

Қазақстан Республикасының Үкіметін құру, оның құрамы және өкілеттік
мерзімі.
“Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы” Конституциялық заң
Үкіметтің құрылу тәртібін, құрамын, өкілеттік мерзімін анықтайды және оның
Президентпен, Парламентпен, жергілікті өкілді, сондай-ақ атқарушы
органдармен қарым-қатынасын сипаттайды.
Үкіметті Республика Президенті құрады және Президент өкілеттігі
шеңберінде қызмет етеді және жаңадан сайланған Республика Президенті
алдында өз өкілеттігін доғарады (ҚР Конституциясы 70-б, 1-т). Дегенмен,
Республика Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Республика Үкіметі өз
міндеттерін атқара береді.
Президент Үкіметті Парламенттің қатысуымен құрады. Бұл Премьер-
Министрді Парламенттің келісімімен тағайындаудан көрінеді. Егер Президент
Парламент ұсынған Премьер-Синистрді тағайындауға екі мәрте келісім
бермегенде Парламентті тарата алады және жаңа сайлау тағайындайды.
Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды Премьер-министр
тағайындалғаннан кейін 10 мерзімде Премьер-Министр Республика Президентіне
енгізеді. Үкімет мынадай құрамда құрылады:
– Республика Премьер-Министрі;
– Премьер-МИнистрдің орынбасары;
– Республика Үкіметі Аппаратының жетекшісі;
– Министрлер;
– Республиканың мемлекеттік комитеттерінің төрағалары.
ҚР Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады.
Республика Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейін он күн мерзім
ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика
Президентіне ұсыныс енгізеді. Үкімет мүшелері Қазақстан халқы мен
Президентіне ант береді.
Үкімет мүшелері өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдауда дербестікке
ие, әрі өздеріне байланысты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін ҚР Премьер-
Министрінің алдында жеке-дара жауап береді. Үкіметтің жүргізіп отырған
саясатымен келіспейтін немесе оны жүргізбейтін Үкімет мүшесі орнынан түсуге
өтініш береді не ол лауазымынан босатылуға тиіс.
Үкімет мүшелерінің өкілді органның депутаттары болуға, оқытушылық,
ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы
төленетін жұмысты атқаруға, кәсіпкерлік іспен щұғылдануға, заңнамаға сәйкес
өздерінің лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды қоспағанда,
коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына
кіруге құқығы жоқ.
Премьер-Министр өзі тағайындалғаннан кейін бір ай мерзім ішінде
Парламентке Үкімет бағдарламасы туралы баяндама табыс етеді. Үкімет
бағдарламасы қабылданбаған жағдайда Премьер-Министр екі ай ішінде
бағдарлама жөнінде қайтадан баяндама табыс етеді. Республика Парламентінің
Үкімет бағдарламасын қайта қабылдамауы әр Палата депутаттары жалпы санының
үштен екісінің көпшілік даусымен жүзеге асырылуы мүмкін және Үкіметке
сенімсіздік вотумының білдірілгенін көрсетеді.
Заң егер өздеріне жүктелген функцияларды одан әрі жүзеге асыруы
мүмкін емес деп санайтын болса, Үкімет толық құрамда немесе оның кез келген
мүшесі Республика Президентіне өзінің орнынан түсуі туралы мәлімдеу
мүмкіндігін қарастырады. Үкімет жүргізіп отырған саясатпен
келіспейтіннемесе оны жүргізбей отырған Үкімет мүшелері де орнынан түседі.
Парламент Үкіметке сенімсіздік вотумын білдірген жағдайда Президентке
өзінің орнынан түсетіні туралы Президентке мәлімдеуге тиіс. Президент
орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені он күн мерзімде
қарайды. Орнынан түсуді қабылдау Үкіметтің немесе оның тиісті мүшесінің
өкілеттігі тоқтатылғандығын білдіреді.
Үкімет өз қызметінде заңдылық, жариялылық, биліктерді бөлу және
басқаркшылық кәсіпқойлық принциптерін басшылыққа алады.
Үкіметтің Президентпен қатынасы. Үкіметті Президент кұрады; ол
Үкіметтің құрылымы мен құрамын бекітеді. Үкімет мүшелері Қазақстанның халқы
мен Президентіне ант береді.
Үкімет өзінің бүкіл қызметінде республика Президентінің алдында
жауапты болады. Үкімет өз бағдарламасының, Президент тапсырмаларының
орындалуы туралы өз қызметінің басқа да бағыттары туралы Президентке үнемі
хабарлап тұрады. Үкімет Президент актілерінің атқарылуын ұйымдастырады және
ол актілерді министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық
және жергілікті атқарушы органдардың қалай орындап жатқанын бақылап
отырады. Үкімет Президенттің Парламент Мәжілісіне заң жобасын енгізу
жөніндегі тапсырмасын орындайды. Үкіметтің өзі де әлеуметтік-экономикалық
және ғылыми -техникалық бағдарламалар жасап, оларды Президенттің бекітуіне
ұсынады. Ол Президентпен заң шығару жұмыстарының жоспарларын келіседі.
Президент Үкімет актілерінің қүшін түгелдей немесе ішінара тоқтатып қоя
алады. Бұл жұмысты Президент өздігінен де, Бас прокурордың ұсынысымен де
жүзеге асыруы мүмкін.
Үкіметтің Парламентпен қатынасы. Үкіметтің заң шығару жөнінде
бастама білдіруге құқығы бар. Үкіметтің бұл құқығы Парламент Мәжілісінде
ғана жүзеге асырылады, яғни Үкімет заң жобасын Мәжіліске тиісті қаулысын
шығару арқылы енгізеді. Үкімет өзінің жұмысын Парламентте қабылданған
конституциялық және жай зандарға сүйеніп құрады. Сондықтан Үкімет
Конституцияны ғана емес, сонымен бірге заңдарды да орындауға, ол заңдарды
министрліктердің, мемлекеттік комитеттер мен басқа да атқарушы органдарының
орындауын бақылап отыруға тиіс. Үкімет жыл сайын республикалық бюджетті
жасап, оны Парламенттің бекітуіне тапсырып отырады.
Үкіметтің министрліктермен, мемлекеттік комитеттер мен және өзге де
органдармен қатынасы. Республика Үкіметі министрліктердің, мемлекеттік
комитеттердің және Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардын
қызметіне басшылықты жүзеге асырады. Ол аталған органдардың Президенттің
және Үкіметтің өзінің заңдары мен актілерін орындауын бақылайды, Үкімет
министрліктер, мемлекеттік комитеттер және үкіметке кірмейтін орталық
органдар туралы ережелерді, олардың құрылымын, орталық аппараттары мен
жергілікті органдарын ұстауға республикалық бюджеттен бөлінетін қаржынын
көлемін бекітеді. Бұған жатпайтын тек инвестициялық комитет қана. Ол
үкіметке кірмейді. Оңың мәртебесін Үкімет емес, заң қабылдау жолымен
Парламент анықтайды. Мұндай ерекшелік экономиканы өркендетудегі
инвестициялардың айырықша маңызымен және инвестициялық қаржыларды бір
органның қолында шоғарландыру қажеттігімен байланысты.
Үкімет министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, үкіметке
кірмейтін орталық атқарушы органдардың актілерінің күшін түгелдей не
ішінара жояды немесе тоқтатып қояды. Үкіметтің мұндай қимылына негіз
болатын нәрсе — атқарушы органдар қабылдаған шешімдердің Конституция
ережелеріне, Президенттің, Үкіметтің заңдарына, актілеріне сәйкес
келмейтіндігі туралы Бас прокурордың ұсыныс енгізуі.
Министрліктерден, мемлекеттік комитеттерден және үкіметке кірмейтін
орталық атқарушы органдардан басқа да республикалық органдар құрылады. Олар
ведомстволар деп аталады. Үкімет ведомстволардың қызмет саласын,
өкілеттігін және жауапкершілігін айқындайтын нормативтік актілер
қабылдайды: ведомстволарды ұстауға республикалық бюджеттен бөлінетін
каржьіның мөлшерін анықтайды; ведомстволардың басшыларын лауазымға
тағайындайды және одан босатады.
Үкіметтің жергілікті атқарушы органдармен: аудаңдық, қалалық және
облыстық әкімдермен белгілі бір қатынастары қалыптасады. Үкімет атқарушы
биліктің жоғары буыны болып табылады, сол себептен де оның жергілікті
атқарушы органдармен арадағы қатынастары билік-бағыныш деген принцип
бойынша құрылады. Үкімет жергілікті атқарушы органдардын қызметіне
басшылықты мына төмендегі мәселелер бойынша жүзеге асырады:
1) мемлекеттік басқару;
2) жергілікті атқарушы органдардың Президент пен Үкіметтің заңдарын,
актілерін орындауы;
3) жергілікті атқарушы органдардың қызметі туралы Үкімет отырысында
олардың есебін тындау;
4) жергілікті атқарушы органдардың қабылдаған актілерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Үкіметі
Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы түсінік
Жергілікті атқарушы билік органдары
Қазақстан Республикасындағы үкіметтің құқықтық-конституциялық құзіреттілігі мен мәртебесі
Атқарушылық билік мазмұнының конституциялық- құқықтық дәрежесі. Үкіметтің міндеттері мен атқаратын функциялары
ҚР-ның орталық атқарушы билік органдарының негізгі қызметтері мен мақсаттары
Үкіметтің конституциялық құқықтық мәртебесі
Атқарушы билік органдарының түсінігі
Қазақстандағы жоғары атқарушы билiк органы
Атқарушы билік органдары туралы
Пәндер