Өсімдіктер физиологиясы



1. Өсімдіктер Физиологиясын даму тарихы
2. Өсімдіктер физиологиясы нені оқытады
3. Осы замандағы физиологиялык ғылыми зерттеулер төмендегі бағыттарда жүргізіледі.
4. Өсімдіктер клеткасының физиологиясы
5. Өсімдік клеткасының құрылысы
6. Үлес қосқан ғалымдар
7. Пайдаланған әдебиет
Өсімдіктер Физиологиясын даму тарихы Өсімдіктер Физиологиясы (грек. physіs – табиғат және logos – ілім) – өсімдіктің өсуін, дамуын, көбеюін, тыныс алуын, қоректенуін, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайына бейімделуін молекулалық, клеткалық, ұлпалық, мүше мен мүшеаралық және біртұтас организмдік деңгейде зерттейтін ғылым; ботаника саласы. Өсімдіктер Физиологиясы дамуына 18 ғ-дың аяғында фотосинтез процесінің ашылуы (Дж.Пристли, Ж.Сенебье) негіз болды. 19 ғ-дың 2-жартысында өсімдіктердің минералды заттармен қоректенуі (Ю.Либих), бұршақ тұқымдас өсімдіктердің түйнек бактериялармен селбесе тіршілік етуінің нәтижесінде атмосф. азоттың сіңірілуі (Ж.Буссенго, Г.Гельригель) 20 ғ-дың басында өсімдіктердің тыныс алу механизмінің (В.Палладин, А.Бах) заңдылықтары мен әр түрлі өсу гормондары ашылды. Өсімдіктер Физиологиясы саласындағы зерттеулер Қазақстанда ҚазҰУ-да өсімдіктер физиологиясы кафедрасы (1937), КСРО ҒА-ның Қазақ бөлімшесінде өсімдіктер физиологиясы мен биохимиясы бөлімі (1939) ашылған соң жүйелі түрде жүргізіле бастады. Бұл бөлім 1946 ж. Қазақстан ҒА-ның Ботаника ин-тының, кейіннен (1993) Өсімдіктер физиологиясы, генетикасы және биоинженерия институтының құрамына кірді. Қазір 'Өсімдіктер Физиологиясы саласындағы зерттеулермен осы институт, ҚазҰУ, Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, т.б. жоғары оқу орындарының арнайы кафедралары шұғылданады.
Интернет ресурстары
Б. Сәрсенбаев
"Қазақ Энциклопедиясы"

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
1. Өсімдіктер Физиологиясын даму тарихы
2. Өсімдіктер физиологиясы нені оқытады
3. Осы замандағы физиологиялык ғылыми зерттеулер төмендегі бағыттарда жүргізіледі.
4. Өсімдіктер клеткасының физиологиясы
5. Өсімдік клеткасының құрылысы
6. Үлес қосқан ғалымдар
7. Пайдаланған әдебиет

Өсімдіктер Физиологиясын даму тарихы Өсімдіктер Физиологиясы (грек. physіs - табиғат және logos - ілім) - өсімдіктің өсуін, дамуын, көбеюін, тыныс алуын, қоректенуін, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайына бейімделуін молекулалық, клеткалық, ұлпалық, мүше мен мүшеаралық және біртұтас организмдік деңгейде зерттейтін ғылым; ботаника саласы. Өсімдіктер Физиологиясы дамуына 18 ғ-дың аяғында фотосинтез процесінің ашылуы (Дж.Пристли, Ж.Сенебье) негіз болды. 19 ғ-дың 2-жартысында өсімдіктердің минералды заттармен қоректенуі (Ю.Либих), бұршақ тұқымдас өсімдіктердің түйнек бактериялармен селбесе тіршілік етуінің нәтижесінде атмосф. азоттың сіңірілуі (Ж.Буссенго, Г.Гельригель) 20 ғ-дың басында өсімдіктердің тыныс алу механизмінің (В.Палладин, А.Бах) заңдылықтары мен әр түрлі өсу гормондары ашылды. Өсімдіктер Физиологиясы саласындағы зерттеулер Қазақстанда ҚазҰУ-да өсімдіктер физиологиясы кафедрасы (1937), КСРО ҒА-ның Қазақ бөлімшесінде өсімдіктер физиологиясы мен биохимиясы бөлімі (1939) ашылған соң жүйелі түрде жүргізіле бастады. Бұл бөлім 1946 ж. Қазақстан ҒА-ның Ботаника ин-тының, кейіннен (1993) Өсімдіктер физиологиясы, генетикасы және биоинженерия институтының құрамына кірді. Қазір 'Өсімдіктер Физиологиясы саласындағы зерттеулермен осы институт, ҚазҰУ, Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, т.б. жоғары оқу орындарының арнайы кафедралары шұғылданады.
Өсімдіктер физиологиясы нені оқытады Өсімдіктер физиологиясы өсімдік организміндегі тіршілік кұбылысына байланысты процестерді зерттейтін ғылым. Жер бетіндегі өсімдік әлемі төмен және жоғары сатыдағылар болып бөлінеді. Төменгі сатыдағы өсімдіктер (саңырауқұлақтар, бактериялар, балдырлар), көбінесе, бір клет- калы болса да, бүкіл тіршілік әрекеттерін өздігінше, дербес жүзеге асыра алады. Жоғары сатыдағы өсімдіктер болса көп клеткалы, белгілі тіршілік қызметін атқаратын, толып жатқан ұлпалардан, мүшелерден тұратын күрделі құрылымды организмдер болып есептеледі. Осыған байланысты өсімдіктер физиологиясы өзінің зерттеулерін жеке клеткадағы тіршілік әрекеттерінен бастайды. Содан кейін жеке мүшелердегі және тұтас өсімдіктегі минералдық қоректену, фотосинтез, тыныс алу, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділігінің, өсу мен дамуының физиологиялық негіздерін зерттейді. Сонымен қатар, осы процестердің өзара байланыстылығын, бірінен-бірінің тәуелділігін және сыртқы орта жағдайлармен байланыстылығын зерттейді. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің негізгі мүшелері -- тамыр, сабақ, дің, жапырақ, көбею мүшелері -- гүл шоғыры, жемістер мен дәндер (тұқым) өздерінің құрылысына сәйкес тұтас организм құрамында белгілі қызмет (функция) атқарады. Мысалы, өсімдік жапырағы -- қоршаған ортадан көмірқышқыл газын сіңіріп, күн сәулесінің энергиясын пайдаланып, алуан түрлі органикалық заттар түзетін, яғни негізгі фотосинтездік мүше. Ал жапырақтың осы кызметі оған сабақ (дің), бұтақтар арқылы қажетті су, минералдық элементтердің, органикалық заттардын дұрыс жеткізілуіне байланысты. Тамыр жүйесі болса, тұтас өсімдік организмін топыраққа (субстратқа) бекітетін тіректік қызметпен қатар, топырақтағы су мен минералдық элементтерді өзі ғана пайдаланып қоймай, оларды басқа орган- дарға тасымалдау қызметін атқарады. Басқа тірі организмдерге қарағанда өсімдіктердің өздеріне ғана тән ерекшеліктері бар. Олардың ішіндегі бірінші орынды олардың автотрофтығы, яғни қоршаған ортадағы минералдық заттарды пайдаланып, алуан түрлі органикалық заттарға айналдырушылық қабілетгілігі алады. Өсімдік клеткаларының пішінін қалыптастыратын қатты, ірі заттарды өткізбейтін тығыздалған қабатының болуы өсімдік әлемінің жалпы эволюциясына тиісті ықпал жасады.
Өсімдіктердің сулы ортадан құрлыққа шығуы олардың қоректену мүшелерінің сырткы ортамен жанасатын беттік аудандарына тәуелді өтті. Осыған байланысты өсімдіктердін сыртқы пішіндері күрделеніп, бөлшектеніп, тарамдалып, ұдайы ұлғайғыштық қасиет қалыптасты. Қоректік заттарды "сору" арқылы қабылдау өсімдіктердің кеңістікте қоз- ғалмаушылығының негізгі себебі болып есептеледі. Кейбір ерекше топтардан басқа, жер бетіндегі барлық өсімдіктер суды, минералдық заттарды салыстырмалы сұйық (қанықпаған) ерітінділерден кабылдайды. Осыған байланысты өсімдік тамырлары өте кең тарамдалып өсіп, олардың миллиондаған, тіпті миллиардтаған майда түкшелері ұздіксіз кайтадан калыптасып, топырактың ұдайы жаңа бөліктерін, келемін ба- рынша көп камтуға бейімделген. Міне, осы айтылғандардын бәрі өсімдіктер физиологиясы ғылымынын зерттеу әдістерінің ерекшеліктеріне ыкпалын тигізеді. Өсімдіктер физиологиясының негізгі міндеті -- өсімдік организмінің өміріндегі тіршілік әрекеттерінің ішкі тетіктерін -- механизмдерін, заң- дылыктарын. сырткы орта жағдайларына байланыстылығының негіздерін ашып. оларды адам коғамының игілігіне байланысты өзгертіп, игерудің әдістерін калыптастыруға бағытталған. Тіршілік әрекеттерінің материалдык негізі -- нуклеотидтердің, соның ішінде дезоксирибонуклеин қышқылының (ДНҚ) ашылуы ХХ-ғасырдағы биологияның ең негізгі жетістіктерінің бірі болып есептеледі. Өсімдіктер физиологиясының дамуы химия, физика жөне математика ғылымдарының жетістіктерімен тығыз байланысты. Барлық физиологиялық зерттеулерде аталған ғылымдардың әдістері кеңінен қолданылады.
Осы замандағы физиологиялык ғылыми зерттеулер төмендегі бағыттарда жүргізіледі.
Биохимиялық бағыт -- өсімдіктерде фотосинтез, тыныс алу процес- терінде пайда болатын әр түрлі органикалык қосындылардың тіршіліктегі маңызын зерттеп, минералдық заттармен қоректенудің заңдылықтарын ашьш, қарапайым минералдық косындылардан күрделі органикалык қосын- дылардың пайда болу жолдарын зерттейді. Минералдық заттардың колло- идтар мен катализаторлардың күйлерін реттеушілік және клеткадағы электрлік құбылыстардың орталығы ретіндегі маңызын айқындайды.
Биофизикалық бағыт -- клеткадағы энергетикалык процестерді, өсімдік электрофизиологиясын, су алмасудың, тамыр арқылы қоректенудің, өсудің, тітіркенудің, фотосинтез бен тыныс алудын физико-химиялык заңдылык- тарын зерттейді.
Онтогенездік бағыт -- ішкі биохимиялык және биофизикалық процес- терге тәуелді өсімдіктердің дамуының жасына байланысты заңдылықтар- ды, морфогенезді және өсімдіктің дамуын игерудің мүмкіндік жолдарын зерттейді (фотопериодтық, өсімдіктерді шыныктыру, жасанды жарықта өсіру т.б.).
Эволюциялық, немесе салыстырмалы бағыт -- белгілі түрдің, өкілдің филогенездік, сыртқы ортаның белгілі жағдайларында жеке есімдік даму- ының ерекшеліктерін ашып, генотип функциясы ретінде онтогенезді зерттейді.
Экологиялық бағыт - есімдік организміндегі ішкі процестердің сыртқы ортаға тәуелділігін зерттейді. Бүл бағыттың міндеті -- өсімдіктерді өсіріп дамытудың ауыл шаруашылығында пайдалануға болатын тиімді әдістерін сұрыптау.
Синтетикалық, немесе кибернетикалық бағыт -- өсімдіктердің өсуі, фо- тосинтез, тыныс алу, қоректену және мүше қалыптасу процестерінің энергетикасы мен кинетикасының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдік морфологиясы
Өсімдіктер физиологиясы пәнінің жұмыс бағдарламасы
Өсімдіктер биохимиясы
Қоршаған ортаның жағымсыз факторларына өсімдіктердің бейімделу механизмдері (адаптация)
Биолог ғалымдар және олардың ғылыми еңбектерін оқу үрдісінде пайдалану жолдары
Транспирация
Биологиядағы теориялық жалпылауы
Өсімдіктердің дамуы
Өсімдіктер клеткасының жалпы құрылымдық ерекшеліктері
Қуаңшылық және оған төзімділік туралы жалпы ұғымдар
Пәндер