Философиялық сана таным және ондағы адам мәселесі



Жоспар:

I Кіріспе

1)Сана мен таным.

II Негізгі бөлім

1)Танымдық шығармашылық.
2)Ақиқат және адасу.
3)Философиялық сана мәселесі.

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер
Философиялық сана таным және ондағы адам мәселесі
Таным дегеніміз — нағыздықтың адам санасында мақсатты және белсенді түрде бейнелену үдерісі болып табылады. Таным кезінде болмыстың түрлі жақтары айқындалады. Заттардың сыртқы және ішкі мәні, қоршаған орта құбылыстары, сонымен қоса адамның санасында танымдық қызметтің субъектісі — адамның қызметі зерттеледі. Демек, адам өзін-өзі зерттейді. Осының бәрі адамның санасы барлығынан болып жатады. Өйтпесе онсыз таным үдерісі шынайы болмас еді. Сондықтан адамның санасы сияқты ғажап құбылыстың негізгі нысандарын зерттеп білу керек. Адамда оның денесі (физиологиялық организм) және жаны (рухани-психикалық) сияқты қарама-қарсы екі бастама бар. Адам жануарлар дүниесінен шыққандықтан, ол биологиялық заңдылықтарға бағынады. Сонымен қоса адам сөйлей алады. Оған күрделі ойлау және эмоциялық қызмет тән. Ол "сана" деп аталады. Қоғам дамуының салыстырмалы қысқа тарихи мерзімі ішінде адам кептеген жетістіктерге: мысалы, заттарды алдын ала тапсырылған қасиеттер бойынша алуға, ойлай алатын машиналар жасауға, Айға, Шолпанға, Марсқа ғарыш кемелерін жіберуге, қарапайым бөлшектердің құпияларына терең үңілуге қол жеткізді. Әлеуметтік және коғамдық өмірдің аяларына, оны зерттеу, ойлау арқылы зерттелетін объектінің өткеніне, қазіргісіне және келешегіне үңілуге болады. Алайда адам солай болса да, езінің санасын әлі білмейді, оны жеткілікті деңгейде басқара алмайды. Демек, ежелгі ғалымдардың "өзіңді-өзің таны" дегені әлі күнге дейін өзекті болып отыр. Бірде Үндістанда Шакунтале Деви деген әйелге 200 цифрлы санның 23 дәрежелі түбірін табу ұсынылған екен. Осындай есеп, сонымен бірге ең жетілген компьютерге де берілген. Машина есепті 60 секундта, ал Деви 50 секундта шығарған. Есеп шығаруда осындай жетістіктерге жеткізе алатын біздің ойлауымыздың сипаты қандай? Біздің жалпы санамыздың өзі қандай? Жансыз заттардың, мысалы, компьютерлердің ойлауға қабілеті бар ма?
Пайдаланылған әдебиеттер:

1) Уәлиханов Ш. Шығармалар жинағы. - Алматы, 1961,
2) Репина Л.П. и др. История исторического знания.- М.:Дрофа, 2004
3) Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында.- Алматы: Атамұра, 2003
4) Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. Тарихи жырлар.-Алматы.- 1981
5) Жүгенбаева Г. Дәстүрлі ауызша тарих.- Алматы, 2005
6 )Vansina Jan. Oral tradition as history. Madison: The University of Wisconsin Press, 1985

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I Кіріспе

1)Сана мен таным.

II Негізгі бөлім

1)Танымдық шығармашылық.
2)Ақиқат және адасу.
3)Философиялық сана мәселесі.

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер

212.96.68.86

Философиялық сана таным және ондағы адам мәселесі
Таным дегеніміз -- нағыздықтың адам санасында мақсатты және белсенді түрде бейнелену үдерісі болып табылады. Таным кезінде болмыстың түрлі жақтары айқындалады. Заттардың сыртқы және ішкі мәні, қоршаған орта құбылыстары, сонымен қоса адамның санасында танымдық қызметтің субъектісі -- адамның қызметі зерттеледі. Демек, адам өзін-өзі зерттейді. Осының бәрі адамның санасы барлығынан болып жатады. Өйтпесе онсыз таным үдерісі шынайы болмас еді. Сондықтан адамның санасы сияқты ғажап құбылыстың негізгі нысандарын зерттеп білу керек. Адамда оның денесі (физиологиялық организм) және жаны (рухани-психикалық) сияқты қарама-қарсы екі бастама бар. Адам жануарлар дүниесінен шыққандықтан, ол биологиялық заңдылықтарға бағынады. Сонымен қоса адам сөйлей алады. Оған күрделі ойлау және эмоциялық қызмет тән. Ол "сана" деп аталады. Қоғам дамуының салыстырмалы қысқа тарихи мерзімі ішінде адам кептеген жетістіктерге: мысалы, заттарды алдын ала тапсырылған қасиеттер бойынша алуға, ойлай алатын машиналар жасауға, Айға, Шолпанға, Марсқа ғарыш кемелерін жіберуге, қарапайым бөлшектердің құпияларына терең үңілуге қол жеткізді. Әлеуметтік және коғамдық өмірдің аяларына, оны зерттеу, ойлау арқылы зерттелетін объектінің өткеніне, қазіргісіне және келешегіне үңілуге болады. Алайда адам солай болса да, езінің санасын әлі білмейді, оны жеткілікті деңгейде басқара алмайды. Демек, ежелгі ғалымдардың "өзіңді-өзің таны" дегені әлі күнге дейін өзекті болып отыр. Бірде Үндістанда Шакунтале Деви деген әйелге 200 цифрлы санның 23 дәрежелі түбірін табу ұсынылған екен. Осындай есеп, сонымен бірге ең жетілген компьютерге де берілген. Машина есепті 60 секундта, ал Деви 50 секундта шығарған. Есеп шығаруда осындай жетістіктерге жеткізе алатын біздің ойлауымыздың сипаты қандай? Біздің жалпы санамыздың өзі қандай? Жансыз заттардың, мысалы, компьютерлердің ойлауға қабілеті бар ма?
Сана -- қоғамдық құбылыс. Адамның санасы адамзат коғамының ұзаққа созылған дамуының нәтижесінде пайда болды. Психикалық және саналы қызметтің элементтері ақпарат алмасу үшін дыбыс сигналдарын және ишараны қолданатын жоғары дамыған, топтасып өмір сүретін жануарларда көрініс береді. Бір катар жануарлардың -- мысық, ит тектестер,приматтар, дельфиндер әрекеттерінің көбі күрделі және сананың қызметін талап етеді. Одан кейін жануарлардың өзіндік "моралі", өзін ұстау әдеттері, жетекшілік үшін күрес жүргізуі бар. Жалпы, жануарлардың өмірі өзінен-өзі жүріп жатқан жоқ, оларда санаға бағыныштылық, яғни бір мән бар. Алайда адамның санасы бүл жануарлардың күрделендірілген психикалық қызметінің жалғасы емес, терең ұстанымды өзгерістердің нәтижесі. Бүл өзгерістердің негізі -- еңбек. Еңбек арқылы еңбек құралдары жасалды және материалдық заттарды кайта жаңғырту үшін адамдардың алдымен қарапайым, кейінірек күрделі қажеттіліктерін өтеу үшін пайдаланылды. Адамның эволюциясы 3 миллион жылға жуық мерзімді құрайды, соның 95%-ы адамның нышаны айқын көрінетін алғашқы ұжымдарды калыптастыру үшін жұмсалды. Алғашқы адам қалдықтары табылған жер француз деревнясы Неандерталь болғандықтан, оларды неандертальдықтар деп атайды. Неандертальдықтар тастан қанжар жасай білген, найзаның ұшын, сүйектен қарулар жасады, жасанды жолмен отты алды. Оларда алғашқы қауымдық құрылыс қатынастары орнады. Еңбек құралдары өлі жетілмеген дамудың алғашқы кезеңінде өмір үшін күрес ширығып, еңбек қызметі сол мақсаттарға ғана арналып, тек қана ұжымның күшімен жүзеге асырылатын жағдайда болды. Бүл мақсаттарды іске асу, еңбек үдерісін басқару үшін жақсы сигнал жүйесі, жылдам ақпарат алмасу қажет болды. Осындай жағдайлар ойдың дамуы мен жетілуінде шешуші рөл атқарған тілдің пайда болуына алып келді. Қалыптасқан бірқатар жағдайларға байланысты біздің ежелгі ата-бабаларымыз өмірінде өте маңызды өзгерістер болып жатты. Кездейсоқ, жағдайда ғана қару ретінде қолына белгілі бір затты -- тасты немесе бұтақты алып әрекет еткен кездің орнына қаруды тастан және сүйектен дайындап, үнемі пайдаланатын кез келді. Тас және басқа да қарапайым қарулары бар адамдар тобыры енді жануарлармен салыстыруға болмайтын, әлдеқайда күрделі жүйеге -- қоғамға айналды. Онда атқарылатын қызмет түрі өте көп еді. Тобырға қарағанда адамдардың бір-бірімен қатынасы, пікір алмасуы күрделеніп, түрлене бастады. Тас қаруды жасау және оны пайдалану, шұңқырды бірігіп қазып, оны жасыру, аңды оған қуып әкеліп құлату үшін аңшылар көптеген жұмыстарды бірігіп атқаруы керек болды. Өмір оларды соған үйретті, бірігіп еңбек етудің ұтымдылығы жалпының күшімен жеке адамның қолынан келмейтін мақсаттарды іске асыруға болатынын көрсетті және сонымен қоса ақпаратты да ұжым болып пайдалануға алып келді. Демек, біреу бірдемені көрсе, естісе, ұжымдық қозғалыстың барлық катысушылары оны естиді және көреді.
Таным теориясы немесе гносеология философияның алғашқы даму кезендерiнен келе жатыр (гр. gnosis-таным, logos-ұғым, iлiм). Гносеология- адамның танымдық iзденiстерiнiн табиғатың, бiлiмнiң шындыққа қатынасың, оның мәдениет және қатынастар-байланыстар жүйесiнде алатың орының, даму шарттарың, ақиқат өлшемiн және сонымен қатар, шынайы бiлiмдерге жету заңдылықтарың мен әдiс-тәсiлдерiн қарастырады. Одан кейiн, кең тараған эпистемология термины пайда болады (гр.episteme-бiлiм, logos-iлiм). Бұл терминмен әдеттей ғылыми таным теориясың белгiлейдi. Декарт заманының батысеуропаның философиясында танымды "субъект-объект" арақатынасы негiзiнде қарастырып келе жатыр. Танымсубъектiсi деп арнайы мақсатқа негiзделген, белсендi пәндiк-практикалық таным әрекетiн жасаушы және оны бағалаушыны айтады, мұда жеке индивид, ұжым, әлеуметтiк топ, жалпы қоғам жатады. Таным объектiсi деп бiз субъектiнiң танымдық әрекетi неге бағытталынады соны айтамыз. Танымның объектiсiне материалдық және рухани құбылыстар, сондай-ақ субъектiнiң өзi де кiредi. Танымның субъектiсi мен объектiсi бiр-бiрiнiң себебi болып табылады, өйткенi субъектiсiз объект жоқ, объектiсiз субъектiнiң де болуы мүмкiн емес. Таным процесiнде субъект және объект бiр-бiрiне едәуiр әсерiн тигiзедi. Таным объектiсiн тандауының өзi субъектiнiң болуын қажет етедi. Ал бұл тандау адамның iс-әрекеттер мiнезiмен және оның рухани қажеттiлiктерiмен айқындалады: бiреуге өнер туындысы эстетiкалық сезiмдер объектiсi болса, екiншiсiне ол өнертанымдық анализ жасау объектiсi. Қазырғы заманда ғылыми таным саласында объектiмен субъектiнiң арасында басқада "делдал"(посреднтчество) қызметiн атқаратың әр-түрлi құралдар мен техникалық құрылымдар байқалады. Мысалы, атомдық физика саласында, микробиология және т.б. бiлiм салаларында алынған мәлiметтер таза объектiнiн қасиеттерiне, өзiнен-өзi өмiр сүретiнге жатпайды, өйткенi олар әр-түрлi құралдардың ықпалымен алыңған болғандықтан , олардың iздерiн сақтап қалады. Және субъектiнiң өзiнiң табиғаты жағынан әлеуметтiлiкке негiзделгендiк тен, ол да таза болмай, қоғамның даму денгейiмен байланысты болады. Сондықтан да, қазырғы гносеологияда бiлiмдi сараптаудың түпкi пунктi индивидуалды субъект және оған қарсы тұрған объектi емес, керiсiнше қоғамдық жүйелер дамуы мен қызметi және субъект аралық iс-әрекет.
Сезiмдiк таным барлық формаларының бiртұтастығы ретiнде адам өмiрiнде үлкен орын алады. Сезiмдiк таным арқылы адам қоршаған дүние туралы және өзi туралы алғашқы бiлiмдерге ие болады, оның санасында әлемнiң сезiмдiк бейнесi (картинасы) қалыптасады, оның қажеттiлiгiөзiнiң болмысының жағдайларына беймделуiнде (адаптация). Бiрақ заттарды терең және жан-жақты танып бiлу үшiн, тарихта болған оқиғаларды, белгiлi бiр әлеуметтiк құбылыстарды түсiну үшiн т.б. жалғыз ғана сезiмдiк таным жеткiлiксiз. Мiне, осында адамға көмекке рационалды, жиi абстрактiлi ой деп аталатың таным келедi. Танымның бұл нысаңы адамның келесi мүмкiндiктерiмен: идеализация, пiкiр айту, ой қорыту және т.б. логикалық операциялармен тығыз байланысты. Оның бiрiншi формасы ұғым- заттар мен құбылыстардың, немесе олардың топтарының жалпы, мәндi және қажеттi қасиеттерi мен белгiлерiн бейнелендiретiн ойдың формасы. Жалпыланған заттардың саны әр түрлi болу мүмкiн. Ұғым бiр ғана заттың қасиетiн анықтау мүмкiн (Жердiң табиғи серiгi) немесе бiркелкi топ заттардың қасиеттерiн (философ). Дүниеде жоқ, ирреалдыққада қатысы бар (апейрон, мәнгiқозғауыш). Ұғымдарда жалпылау әр түрлi болу мүмкiн, бiреулерi танымның арнаулы бiр саласында қолданылады (жеке ғылымдардың ұғымдары), келесiлерi бiр қатар ғылымдарда (жалпы ғылыми), үшiншiлерi жалпы бәрiнеде қатысты (философиялық). Ойлаудың қандай түрiболмасын ол әрдайым ұғым арқылы жүзеге асады. Ұғым мазмұны жағынан объективтi, логикалық формасы жағынан субъективтi. Ұғымдар жалпы екi үлкен түрлерге бөлiнедi: а) күнделiктi тұрмыстық ұғымдар- нәрселердiн көбiнесе сыртқы ұқсас белгiлерiн бейнелендiрсе; в)ғылыми ұғымдар терең жатқан, жалпы, мәндi және заңды қасиеттердi бейнелендiредi (категориялар). Ұғымның тiлдiк формасы сөз және сөздер болып табылады.
Ақиқаттың объективтілігі -- тұлғаның талғамы мен зауқынан, жекелеген коғамдық қозғалыстар мен партиялардың корпоративтік мүдделерінен, жалпы адамның санасынан тәуелсіздігін айғақтайтын оның бірінші, бастапқы белгісі. Ақиқатқа қол жеткізу субъекті мен объектінің өзара кайшылықты әрекеттесуінен жүзеге асырылады. Сондықтан бұл әрекеттесудің; нәтижесінде (таным үдерісінде) объектінің де, субъектінің де әсерінен тұрады. Акиқатқа қажетті бейнеде таным үдерісінің объективті және субъективті құрауыштарының бірлігі көрініс береді: объект болмаса, білім өзінің мазмұнын жоғалтады, ал білуші адамсыз -- субъектісіз білімнің өзі жоқ. Рас, нағыздыктың білуші субъектіге тәуелді емес екендігі белгілі. Объективті шынайылықтың өзінде ешкандай ақиқат жоқ, онда тек өзінің қасиеттері бар нәрселер ғана бар. Ақиқат осы шынайылықты адамдардың тануының нәтижесінде пайда болады. Ол танылатын шынайылык туралы субъектінің білімі болып табылады. Сондықтан объективтік білім неғұрлым толығырак болса, соғұрлым таным субъектісінің белсенділігі жоғары болады. Бұған байланысты мынаны айтуға болады: ащщат -- объективтілік пен субъективтіліктів; бірлігі, объективті шынайылықтың субъективті бейнесі. Ақиқат деген-үдеріс, ол объектіні бірден, түтасымен және толык келемде түсіну. Ақиқатка бірден және түтасымен қол жеткізу мүмкін емес, оның күрделі үдеріс екендігін сезіп түсінуге адамдар біртіндеп келді. Акиқатты біртіндеп дәлдеу және тереңдету үдерісін белгілеу және сипаттау, оның объективті мазмүнын толыктыру үшін "абсолютті ақиқат және салыстырмалы акикат" үғымдары енгізілген. Абсолютті ақиқат деп езінің мазмүны бойынша бейнеленіп отырған объектісіне абсолютті сәйкес келетін бішмді айтамыз. Мүндайда білімның деңгейі абсолютті, демек, толық, дәл, ақырына дейін. Абсолютті ақикат деп ешқашан күмән келтіруге болмайтын айғақты акикатты айтуға болады ("Абай Құнанбайұлы 1845 -- 1904 жылдар аралығында өмір сүрген"). "Мәңгілік" ақиқатқа болашақта ешқашан теріске шығарылмайтын ақикаттар жатады. Мысалы: "Барлық адамдар өледі", "Ай Жерді айналады", "Материяның және қозғалыстың жасалмайтыны және жоғалмайтыны" туралы философиялық ұстаным, т.б. Алайда танымда абсолюттік акикатка жетуді нақты нәтиже дегеннен гері, ғалымдар кол жеткізуге тырысатын идеал деуге болар. Сондықтан ғылымда салыстырмалы ақиқатты көп пайдалануға тура келеді. Салыстырмалы ақиқат деп өзінің барлык объективті мазмұнымен аякталмағандығы, толык емес екендігі көрінетін, ертелікеш бұдан өрі дөлдеуді кажет ететін білімдерді айтамыз. Былайша айтканда, салыстырмалы акикат нағыздыққа жақын, оған едәуір сәйкес келетін, бірак толык емес акиқат. Шынайы танымда әркашан субъектінін шарттылыктары менресурстары шектеулі: аспапты техникасы, қолданатын логикалық және математикалық аппараты, т.б. Осындай шектеулер зерттеушіге абсолютті ақиқатка кол жеткізуге мүмкіндік бермейді, ол еріксізден салыстырмалы акиқатқа қанағаттанады. Салыстырмалы акикаттың кейбір элементтері өзінің объектісіне толық, сөйкес келеді, кейбіреулері автордың ақылмен болжап тұрған ойлары болып табылады. Объектінің кейбір аспектілері біршама уакытка дейін танушы субъектінің көзінен таса қалып коюы мүмкін. Өзінің объектісіне толык сәйкес келмеуіне орай, салыстырмалы ақиқат нағыздықтың жақындау -- дәл бейнесі ретінде көрініс береді. Әрине, таным үдерісінде салыстырмалы ақиқаттың дәлел- денуі, толыктырылуы мүмкін. Сондыктан ол жетілдіретін білім болып табылады. Абсолютті білім -- шынайылыкка толык сәйкестігіне орай -- бұлжымайтьш білім. Элементтері өзінің объектісіне сай болғандықтан, онда өзгеретін ештеңе жоқ. Сырттай карағанда, абсолютті және салыстырмалы ақикаттар бір-бірін жокка шығаратындай көрінеді. Ал танымның шынайы үдерісінде олар бір-бірімен қарама- кайшылықта емес, байланыста болады. Олардың байланыстары акиқатқа жетудің процессуалдық, динамикалык сипатында болады. Салыстырмалы акиқатта адамзаттың жиынтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия пәнінен емтихан сұрақтары мен жауаптары
Дін және ғылым пәнінен дәрістер
Философия дәрістер
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Адамның дүниеге танымдық қатынасы
Философия, оның пәні. Философия тарихы
Дүниеге көзқарас түрлері
Дүниеге көзқарас ұғымы
Философия пәні мен қызметі
Білімдендіру философиясы дүниетанымның жаңа моделі
Пәндер