ҚР валютасы және оны тұрақтандыру мәселелері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ВАЛЮТА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Валюта мәні және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Валюта ресурстарын пайдаланудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3 Мемлекеттік валюта ресурстарының қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.1 Ұлттық валютаның қалыптасу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.2 Ұлттық валютаның сипаттамасы және қорғанысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.3 ҚР валюта саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Курстық жұмыстың өзектілігі - Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құкықтық актілерінен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданыста болады және Қазақстан Республикасының резиденттері мен Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды жүзеге асыратын резидент еместерге қолданылады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде осы Заң Қазақстан Республикасының резиденттеріне қолданылады.
Қазақстан Республикасының Заңына сай валютаны ретке келтіру міндеттерін жүзеге асыру құқығы бар Мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылау органдары болып табылады.
Валюталық бақылау органдары өз міндеттерін жүзеге асыру үшін валюталық бақылау агенттерін жұмысқа тартады және олардың тиісті тапсырмаларды орындауы үшін біршама құқықтарды береді.
Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асырып жатқан резидент те, резидент емес те республиканың заңымен белгіленген тәртіппен осы операцияларға қатысты ақпараттар мен тиым салынған құжаттарды валюталық бақылау агенті мен органдарына беруге міндетті: өзінің үй - жайына, құжаттарға және автоматталған базалық мәліметтерге кіруін қамтамасыз етуді; тексеру барысында да, сондай-ақ олардың нәтижесі бойынша да түсінік беруге; валюталық бақылау органдарының талаптарын орындауы тиіс.
Ұлттық банк пен Үкімет біріге отырып, бұрынғы салалық мамандандырылған банктерді қайта қалыптастыру мен одан әрі дамыту бойынша күрделі жұмыс жасады. Агрокәсіп банктің санкциясы аяқталды.
1995 ж. несиелік нарықтың даму ерекшелігі - несиелік аукциондарды әрі қарай жетілдіру болып табылады. Несиелік аукциондар рөлі төмендеп, банкаралық ақша нарықтарының рөлі артты.
Реформаның құқықтық қамтамасыз етілуі және банктік жүйенің қызмет етуі бойынша бағдарламада қарастырылған шаралар іс - жүзінде толығымен орындалды. Осыған орай, бағдарламаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы" және "Қазақстан Республикасы банктер және банктік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар төмендегідей Жарлықтары шықты.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Заң.-Алматы: Атамұра, 2005.-258б.
2. Мақыш С.Б. Валюталық операциялар және валюталық мәмілелер// Хабаршы. -2004 - №1.- 7б.
3. Найманбаева С. Валюталық құқықтың жүйесі//Заң және заман. -2005
-№ 9.-124б.
4. Худяков А.И. Основы теории финансового права.–Алматы: Жеті Жарғы,1995.-380б.
5. Мұқашева А.М.,Оразғалиева А.Қ.,Зарипова А.Н. Қаржы бойынша практикум. –Астана: Фолиант, 2008.-412б.
6. Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан. –Алматы: НОРМА-К, 2002.- 245б.
7. Худяков А.И. Налоговое право Республики Казахстан.–Алматы: НОРМА-К, 2003.-322б.
8. Дорофеев Б.Ю., Земцов Н.Н., Пушин В.А. Валютное право России. –Москва: НОРМА-ИНФРА, 2001.-356б.
9. Құлпыбаев.С., Ілиясов Қ.Қ. Қаржы.- Алматы: Кітап, 2005.-496б.
10. Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан.-Алматы: Қаржы-қаражат, 1995.- 352б.
11. Сейітқасымов Ғ.С. Ақша. Несие. Банктер.-Алматы: Экономика, 2001. -348б.
12. Мамыров М.Қ., Мадиярова Д.М.,Қалдыбаева А.Е. Халықаралық экономикалық қатынастар. –Алматы: Экономика,1998.-317б.
13. Күнгеев М.ҚР валюта қалыптасуы//Экономика негіздері.-2009-№4.3 б.
14. Исқақов Ұ.М., Бохаев Д.Т., Рузиева Э.А. Қаржы нарығы және делдалдары. –Алматы: Экономика, 2008.-489б.
15. С.Жақсыбай. Ертеңіміз сасара бермек//Егемен Қазақстан.-2009-№364.-3б.
16. Н.Ә.Назарбаев. Әділеттің ақ жолы. –Алматы: Нұр пресс, 2007.-288б.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 ВАЛЮТА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ
ТҮСІНІК ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Валюта мәні және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 5
1.2 Валюта ресурстарын пайдаланудың
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .9
1.3 Мемлекеттік валюта ресурстарының
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..11
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 14
2.1 Ұлттық валютаның қалыптасу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2 Ұлттық валютаның сипаттамасы және
қорғанысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..16
2.3 ҚР валюта
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 6

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі - Қазақстан Республикасының валюталық
заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы
Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құкықтық
актілерінен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан
өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың
ережелері қолданылады.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданыста болады және
Қазақстан Республикасының резиденттері мен Қазақстан Республикасының
аумағында валюталық операцияларды жүзеге асыратын резидент еместерге
қолданылады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде осы Заң Қазақстан
Республикасының резиденттеріне қолданылады.
Қазақстан Республикасының Заңына сай валютаны ретке келтіру
міндеттерін жүзеге асыру құқығы бар Мемлекеттік органдар, Қазақстан
Республикасындағы валюталық бақылау органдары болып табылады.
Валюталық бақылау органдары өз міндеттерін жүзеге асыру үшін валюталық
бақылау агенттерін жұмысқа тартады және олардың тиісті тапсырмаларды
орындауы үшін біршама құқықтарды береді.
Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асырып жатқан
резидент те, резидент емес те республиканың заңымен белгіленген тәртіппен
осы операцияларға қатысты ақпараттар мен тиым салынған құжаттарды валюталық
бақылау агенті мен органдарына беруге міндетті: өзінің үй - жайына,
құжаттарға және автоматталған базалық мәліметтерге кіруін қамтамасыз етуді;
тексеру барысында да, сондай-ақ олардың нәтижесі бойынша да түсінік беруге;
валюталық бақылау органдарының талаптарын орындауы тиіс.
Ұлттық банк пен Үкімет біріге отырып, бұрынғы салалық
мамандандырылған банктерді қайта қалыптастыру мен одан әрі дамыту
бойынша күрделі жұмыс жасады. Агрокәсіп банктің санкциясы аяқталды.
1995 ж. несиелік нарықтың даму ерекшелігі - несиелік аукциондарды әрі
қарай жетілдіру болып табылады. Несиелік аукциондар рөлі төмендеп,
банкаралық ақша нарықтарының рөлі артты.
Реформаның құқықтық қамтамасыз етілуі және банктік жүйенің қызмет етуі
бойынша бағдарламада қарастырылған шаралар іс - жүзінде толығымен
орындалды. Осыған орай, бағдарламаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ұлттық
банк туралы" және "Қазақстан Республикасы банктер және банктік қызмет
туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар төмендегідей
Жарлықтары шықты.
1997 ж. 6 наурызда "Заң күші бар, Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығына толықтырулар енгізу туралы", 1997 ж. 28 сәуірде "Қазақстан
Республикасындағы вексельдік айналыс туралы", 1997ж. 11 шілдеде "Банктік
кызмет сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдары қабылданды.
Валюталық бақылау Қазақстан Республикасында валюталық бақылау
органдары және агенттері арқылы жүзеге асырылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан республикасының валютасы және оны
нығайту мәселелерін талдау.
Осы мақсатқа жету үшін мына міндеттерді орындаймыз:
- Валюта мәні және түрлерін талдау;
- Валюта ресурстарын пайдаланудың маңызын қарастыру;
- Мемлекеттік валюта ресурстарының қалыптасу кезеңдерін анықтау;
- Ұлттық валютанын қалыптасу тарихын талқылау;
- Ұлттық валютаның сипаттамасы және қорғанысын көрсету;
- ҚР валюта саясатына тоқталу.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан,
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлім екі бөлімнен
құралған.
Бірінші бөлім Валюта туралы жалпы түсінік деп аталады. Бұл бөлімде:
Валюта мәні және түрлері; Валюта ресурстарын пайдаланудың маңызы;
Мемлекеттік валюта ресурстарының қалыптасуы –деген тақырыптар
қарастырылған.
Екінші бөлім Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын тұрақтандыру
мәселелері деген мәтінде.Бөлім мазмұнында: Ұлттық валютаның қалыптасу
тарихы; Ұлттық валютаның сипаттамасы және қорғанысы; ҚР валюта саясаты
деген тақырыптар қамтылған.

1 ВАЛЮТА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

1. Валюта мәні және түрлері
Валюта (итальян сөзі, сөзбе-сөз-құн ) – елдің ақша бірлігі,халықаралық
төлем – есеп айырысу айналымының каналдары арқылы ұлттық ақшаларды
қолданудың ерекше формасы. Валюта қатынастары - әлемдік шаруашылықта
валюта айналымынан қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық
шаруашылықтардың нәтижесінің өзара айырбасталуына қызмет етеді. Валюта
қатынастарының кейбір элементтері көне дәуірде (ежелгі Египетте, Римде)
вексель мен айырбастау істері ретінде пайда болған.
Валюта нарығы қаржы нарығының түрлі құрастырушыларының өзара әрекетін
қамтамасыз етуде оның аса маңызды бөлігі болып табылады. Бұл механизмнің
көмегімен валютаны тұтынушылар мен сатушылардың арасындағы құқықтық және
экономикалық өзара қарым - қатынас орнап, мынадай негіздегі мәмілелерді
орындауға мүмкіндік туады:
• бөлшек сауда мәмілелері, онда банк клиентпен сату-сатып алу
барысында өзара әрекет етеді;
• банкаралық көтерме сауда мәмілелері, онда екі банк валюталық
брокердің көмегімен бір-бірімен өзара әрекет етеді, нәтижесінде банкаралық
нарық құрылады.
Мәселен, несие беруші банк бос ресурстарды өзінің табыстылығын кажетті
деңгейде ұстап тұру мақсатында немесе басқа банктермен корреспонденттік
қатынасты қамтамасыз ету үшін береді. Дамудың бастапқы сатысында тұрған жас
банктер салыстырмалы түрде артық ресурстарға оларды жұмсаудың игерілген
сенімді және табысты салаларының жоқтығынан ие болуы мүмкін. Бұл
мүмкіндікті олар өз мүдделерінде пайдаланады. Олар банкаралық нарыққа
шығып, оны басқа банктерге ұсынады.
Ұлттық валюта жүйесі ұлттық заңмен анықталған елдің валюталық
қатынасын ұйымдастырудың формасын білдіреді. Оны мынадай негізгі элементтер
сипаттайды:
• ұлттық валюта бірлігі;
• ресми алтын валюта резервінің құрамы;
• валюталардың бірдейлігі (паритет валюты) және валюта бағамын
қальштастырудың механизмі;
Қаржы нарығы және оның ерекшеліктері
• валюталарды қайта қалпына келтірудің шарты және валюталық
шектеулердің болуы немесе болмауы;
• елдің сыртқы есеп айрысу тәртібі;
• ұлттық валюта нарығының және алтын нарығының режимі, елдің
валюта қатынасын реттейтін ұлттық мекемелердің мәртебесі.
Мұндай жүйенің ерекшеліктері ел экономикасының даму шарттарымен және
деңгейімен, сондай-ақ оның сыртқы экономикалық байланыстарымен анықгалады.
Халықаралық сауда-саттық мәмілелері екі және одан да көп ұлттық нарықтардың
арасында жүзеге асады. Онда әр түрлі сауда орталықтарының банктері бір-
бірімен өзара әрекет етеді. Олар екі немесе бірнеше нарықтардағы
арбитраждық операцияларды қамтиды.
Валюта — кез келген төлем құжаттары немесе халықаралық есеп
айырысуларда пайдаланылатын және қандай да бір ұлттық ақша бірлігінде
көрініс табатын ақшалай міндеттеме. Ол шетел мемлекетінің тиісті заңды
төлем банкноты, тиыны, қазыналық билеті түрінде болады. Ол елдегі бүкіл
ақша-несие жүйесіне басшылық жасайды, ол ақша эмиссиясының, сақтаулы тұрған
уақытша бос қаражаттының және коммерциялық банктердің міндетгі
резервтерінің монополиялық құкығына ие. Валюта нарығының негізгі тауары
— шетелдік валютада белгіленген кез келген қаржылық талап. Бүгінгі тандағы
Қазақстанның валюта нарығы шетелдік валюталар операциясымен ғана шектелген
[1.52б].
Валюталық айырбас — бұл бір елдің валютасын басқа елдің валютасымен
айырбастау. Валюта нарығының негізгі қатысушылары — банктер,
экспорттаушылар, трансұлттық компаниялар, қаржы мекемелері, инвесторлар,
үкімет агенттіктері, кәсіпорындар мен жеке тұлғалар. Валюта нарығында ашық
ұстанымды хеджерлеудің, әлемнің әр түрлі аудандарына қаражатты
инвестициялаудың қажеттіліктерін және сатып алу кабілетін бір елден
екіншісіне табыстаудың мүмкіндіктерін қоса алғанда қатысушылардың әр түрлі
қажеттіліктері болады.
Валюта нарығының қатысушылары ақша аударымы, хеджерлеу, клиринг және
несие секілді функцияларды жүзеге асырады. Олардың ішіңдегі ең қарапайым
операцияға ақша аударымын жатқызуға болады.
Валюта нарығы және оның құралдары ұстанымдардан қорғануға ұмтылады.
Мұндай залалға, мәселен, мынаны жатқызуға болады: долларға қатысты теңгенің
бағамы өсуі мүмкін және осыған байланысты тауардың долларлық құны артады.
Бұл жағдайда валюта нарығының катысушысы теңгені сатып алу арқылы
хеджерлеуді жүргізуі мүмкін. Теңгені осылайша форвардтық сатып алу арқылы
тауардың долларлық құнын бекітеді (түрақтаңдырады) және валюта бағамыньщ
өзгерісі барысында қорғанысты қамтамасыз етеді.
Валюта нарығы басқа қаржы орталықтарында орналасқан корреспонденттік
банкте сақтаулы шетелдік валютадағы депозиттер айналымы арқылы әрекет
ететін халықаралық төлемдерді жүргізу барысында клиринг механизмін
қамтамасыз етеді.
Валюта нарығында банктер мынадай маңызды құралдарды пайдаланады:
• мерзімі шектелмеген салым (талап етілгенге дейінгі депозит)
қаражатының телеграфтық немесе электрондық аударымдарын;
• ұсынушының банктік вексельдерін;
• коммерциялық тратталарды.
Кез келген елдің ішкі ақша бірлігіндегі валюта ақшаның барлық
функциясын орындауында ғана емес, бұдан әддеқайда кең аспектіде —
халықаралық экономикалық қатынастар мен есеп айрысулардың қатысушысы
ретінде алға шыққанда ғана валюта болып табылады.
Қандай да бір елдің валюта бағамы барлық маңызды экономикалық
факторлардың, атап айтқанда ақша айналысының жағдайын, өндірістің өсу
қарқынын, бағаның деңгейін, еңбектің өнімділік деңгейін және т.б. жағдайын
бейнелейді. Валюта бағамының өзгерісі бір елдің басқа елге қатысты бәсекеге
қабілеттілігінің артуын немесе кемуін білдіреді.
Валюта бағамына өз әсерін тигізетін мынадай негізгі факторлар бөліп
көрсетіледі:
• жалпы ұлттық өнім;
• сатып алу қабілетінің бірдейлігі бойынша валюта бағамы;
• пайыз мөлшерлемесінің деңгейі;
• инфляция;
• өнеркәсіп өндірісінің индексі;
• жұмыссыздық.
Валюта бағамы екі ақша бірлігі айырбасының арақатынасын білдіреді
немесе бір ақша бірлігінің басқа мемлекеттің ақша бірлігінде көрінетін
бағасы болып табылады.
Кез келген мемлекетте валюта ұғымы белгілі бір мәнде қолданылады
және мәртебесі бойынша былайша жіктелінеді:
• Ұлттық валюта — мемлекеттің ақша бірлігі.
• Шетелдік валюта — шетелдік мемлекеттің ақша бірлігі.
• Резервтік — халықаралық төлем резервінің қаражаты мәртебесіне ие
қандай да бір мемлекеттің ұлттық валютасы. Төлем құралы ретінде ұлттық
валютаның қабілеті мынада: ол басқа валюта түрімен тез арада және ең аз
шамадағы шығынмен айырбасталады, яғни оның қабілеті өзара қайтарымдылығында
және айырбасталатындығында. Осы критерий (өлшем) бойынша барлық валютаның
жіктелінуін үш топқа бөлуге болады:
• еркін айырбасталатын;

• ішінара айырбасталатын;
• айырбасталмайтын (жабық).
Резиденттердің де, резидент еместердің де кез келген операция түрі
бойынша валюталық мәміледе белгіленген заң шеңберіңдегі еркін валюта
айырбасы еркін айырбасталатын валютаны белгілеу барысында жүзеге асырылады.
Ішінара айырбасталатынға валюта мәмілесі бойынша мөлшер жағынан шек-теу
қойылған елдің валютасын жатқызуға болады [2. 2б].
Валюта нарығы және оның құралдары Валюта нарығының қатысушылары
арасында валюта айырбасы болмаса және қандай да бір ел валютасының басқа
елдің валютасына пропорционалды байланысы анықталмаса, валюталық
операцияларды жүзеге асыру мүмкін емес. Мұндай механизмді валютаның құнын
белгілеу аркылы жүзеге асыруға болады.Валютаның құнын белгілеу — елдер
арасындағы валютаның бағамдарын анықтау, осының негізінде айырбасқа
ұсынылған олардың ақша бірліктерінің арақатынасы белгіленеді. Бұл
арақатынас валюта нарығындағы сұраныс пен ұсынысқа қарай ұдайы өзгеріп
отырады.
Валюта бағамының режимі бойынша валюта былайша жіктелінеді:
• оның валюталық бірдейлігі арқылы тіркелген (біріктірілген)
бағам;
• өзгермелі бағам;
• тұрақты немесе жұмсақ валюта.
Тіркелген валюта бағамын анықтаудың классикалық нұсқасы тіркеу
сөзінің мәнінен алынып отыр, яғни әр түрлі ұлттық валюталардың ресми
белгіленген арақатынасын бейнелейді. Өзгермелі бағамға тоқталатын болсақ,
ол валюта биржаларындағы сауда-саттық барысында қалыптасады, әрі қандай да
бір валютаның сұранысы мен ұсынысын бейнелейді. Әлемдік іс - тәжірибенің
талдауы мынадай тұжырым жасауға мүмкіндік береді: бірде-бір ел осы
келтірілген валюта жүйесіндегі элементтердің тек біреуін ұстанып, сонымен
ғана шектеліп қалған емес, өйткені валюта саясатында осылардың барлық
элементі бар.Қазақстан валюта нарығының құрылымында сақталып, ал ақша
жүйесі айырбасталынбайтын несиелік ақшаларға негізделді. Бреттон-Вудс
келісімі бойынша алтынды пайдаланудың төрт негізгі нысаны қарастырылды:
валюталардың алтындық паритеті және олардың Халықаралық Валюталық қорда
есепке алынуы, халықаралық есеп айырысулардың ңалдығын жабатын ақырғы құрал
және халықаралық валюта өтімділігінің компоненті. АҚШ долларын алтынға
теңестіру және оны шетелдік орталық банктерде 31,10352 г (1934 жыл) тең бір
троя унциясы үшін 35 доллар ресми бағада айырбастау жүзеге асырылып, іс
жүзінде доллар стандартты орын алды;
- валюталық саясат және валютаның шектеу халықаралық келісім-шарттарға
бағынды;
- валюталық паритеттер алтынмен немесе АҚШ долларымен бейнеленді,
паритетті өзгерту тек қана халықаралық валюталық қордың рұқсатымен іске
асты;
- валюталық бағамдардың режимі белгіленді (+ -0,75% - паритеттен
ауытқуға болады). 60 жылдардың аяғынан бастап, үшінші дүниежүзілік
валюталық жүйе қүлдырады.
Төртінші дүниежүзілік валюталық жүйенің (Ямайка) қағидалары
Кингстондағы (Ямайка) 1976-1978 ж.ж. ХВҚ-ға мүше елдердің келісімімен
рәсімделді. Онда халықаралық валюталық қор жарғысына түзетулер енгізілді.
Ямайка валюталық жүйесінің негізгі қағидасы мыналар:
• СДР стандарты енгізілді, бірақ іс жүзінде долларлық стандарт
сақталды, себебі доллар СДР жүйесіндегі есеп айырысуларды көбірек
пайдаланады (валюталық "қоржынындағы" доллардың үлесі - 40%, ресми
валюталық резервтерден 60% -ға жуық). Бірақ ХВҚ-ға мүше елдерге валюталық
париттерін кез келген валютаға белгілеуге құқық берілді, соның негізінде
көп валюталы стандартқа ету заңдастырылды;
• Алтынды демонетизациялауға заңды түрде тыйым салынды, ресми баға
алтындық паритет алынып тасталып, доллардың алтынға айырбасталуы
тоқтаталды;
• Валюталық бағамдар режимін таңдауға құқық берілді (1973 жылы 6
наурыздан бастап өзгермелі бағамдар жүйесі енгізілді);
• ХВҚ арқылы мемлекет аралық реттеу күшейді, сонымен дүниежүзілік
валюталық жүйенің дағдарысқа ұшырауы ескі жүйені құлатуға және оны жаңамен
ауыстыруға әкелді. Жаңа валюталық жүйені құруда үш кезеңді бөліп қарауға
болады:
1. Жаңа валюталық жүйені құру, алғышарттарын қалыптастыру, қағидаларын
анықтау;
2. Құрылымдың біртұтастығын қалыптастыру, құруды аяқтау, жаңа жүйенің
қағидаларын біртіндеп іске қосу;
3. Біртұтас және элементтері өзара байланысқан толыққанды қызмет
ететін дамыған дүниежүзілік валюталық жүйені құру.

1.2 Валюта ресурстарын пайдаланудың маңызы
Мемлекеттік, мемлекеттік емес сектордың валюталық ресурстары валюталық
әрекеттерді орындау кезінде құрылады және пайдаланылады.
Валюталық әрекеттер:
- бұл меншік құқығы мен басқа да құндылықтардың валюталық
қүндылықтарға өтуімен байланысты мәмілелер, оның ішінде төлем құралы
ретінде шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құралдарын пай-
даланумен байланысты мәмілелер;
- ҚР-на валюталық құндылықтарды кез келген әдіспен кіргізу және
шығару;
- меншік құқығы мен басқа да құндылықтардың номиналы мен құны ұлттық
валютада көрсетілген ұлттық валютаға, бағалы қағаздарға және төлем
құралдарына өтуімен байланысты резиденттер және резидент еместер ара-
сындағы мәмілелер.
Валюталық әрекеттер ағымдағы және капитал қозғалысымен байланысты
әрекеттер болып бөлінеді.
Ағымдағы әрекеттер:
- тауарлар мен қызметтер үшін төлемін кейінгі шегерусіз есеп
айырысуларды жүзеге асыру аударымдары;
- 180 күннен артық емес мерзімге экспорт-импорт мәмілелерін
қаржыландыруды жүзеге асыру;
- депозит, инвестиция және басқа әрекеттер бойынша табыстар,
дивиденд, сыйақы алу және аудару;
- грант, мұрагер, төлемақы, зейнетақы, алимент және т.б. саудалық емес
сипаттағы сомасын аудару.
Капитал салумен байланысты әрекеттер:
- инвестициялар;
- жылжымайтын мүлікке мүліктік және басқа құқықтар төлемін аудару;
-180 күннен артық мерзімге экспорт-импорт мәмілелерін қаржыландыруды
жүзеге асыру;
- 180 күннен артық мерзімге несие беру және алу. Валюталық әрекеттер
сыртқы экономикалық қызметтің барлық түрлерінде орындалады: экспорт,
импорт, қызмет көрсету, капиталды инвестициялау, мемлекетаралық,
мемлекеттік және коммерциялық несие, экономикалық көмек көрсету, елдің
алтын валюталық резервінің қозғалысы, дипломатиялық және басқа
органдардың мазмұны, шетел іссапарлары, туризм, түрғындар миграциясы,
мемлекетаралық көлік тасымалы, мәдени, ғылыми, техникалық ынтымақтастық
жөне т.б [3. 5б].
Валюталық ресурстар қаржы ресурстарының құрамдас бөлігі болып
табылады, орталықтандырылған (мемлекеттік) және орталықтандырылмаған
(кәсіпорын, ұйым, мекеме ресурстары) болады.
Мемлекеттің валюталық ресурстары есебінен мыналар құрылады:
- экономиканың мемлекеттік секторы - кәсіпорын, ұйым, компания, фирма
өнімі (тауар, қызмет) экспортынан түсімдер;
- шетел валютасында төленетін кеден баждары, басқа да кеден төлемдері,
кеден шекарасы арқылы тауар жөне жүктерді тасымалдау әрекеттерді ресімдеу
кезінде;
- келісімдер, мәмілелер және сыртқы экономикалық сипаттағы әрекеттерге
шетелдік қатысушылармен төленетін салық, бонус, роялтиден түсімдер;
- валюталық заңдылықты бұзғаны үшін айыппұлдар мен өсімдер;
- шетел банктері мен басқа қаржы ұйымдарында депозиттерді
орналастырудан түсімдер, сонымен қатар шетелде активтер мен мүліктерді
пайдаланудан табыстар;
- шетел мемлекеттері, банктері мен мемлекетаралық қаржылық ұйымдар
несиелері мен займдары;
- гранттар мен қайтымсыз көмектердің түсуі. Мемлекеттің валюталық
ресурстары былайша пайдаланылады:
1. Ұлттық банктың "валюталық интервенцияны" жүзеге асыруы үшін елде
қалыпты ақша айналымын қамтитын, үкіметтің стратегиялық жоспарымен
анықталатын реттеуші деңгейде ұлттық валюта бағамын қолдау мақсатында
валюта сату.
2. Қаржы министрлігі:
- Сыртқы қарызды жабу;
- Халықаралық ұйымдарда мүшелік үшін жарналарды төлеу;
- Басқа елдердегі елшілік, үкіметтік және басқа мемлекеттер жұмысын
қаржыландыру.
3. Үкіметтек органдарға мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру
үшін - тауарлар импортын және бірінші қажетті заттарды: шикізат, отын,
энергия тасушылар, техникаларды сатып алу.
4. Жергілікті үкімет органдары - шаруашылық, өнідрістік емес сала,
жергілікті инфрақұрылымды дамыту, аймақтың басқа қажеттіліктерін қамту
үшін.
Меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындары мен ұйымдарының валюталық
ресурстарының негізгі көздері - валюталық түсім, банктердің валюталық
несиелері, валютадағы қосымша салымдар, орындалмаған келісімдерге
компенсациялар, сақтандыру қалпына келтіру. Аталған көздер қаражаттары
валюталық қорды құрайды.
Валюталық реттеу — валюталық заңдылықты сақтауды бақылау, нормативті-
құқықтың актілерді дайындау және бекіту, ақпарат жинау, бұзушылықтар үшін
санкциялар қолдану [4. 58б].
Қазақстан Республикасының Үкіметі Ұлттық банкі және қаржы министрлігі
валюталық реттеу органы болып табылады. Осы органдар валюталық бақылауды
жүзеге асырады. Осындай қызметті валюталық бақылау агенттері орындайды —
алынған лицензияларға сәйкес әрекеттерді орындау кезінде валюталық
заңдыльқты сақтауға бақылау жасау міндеті жүктелген өкілетті банктер,
банктік емес мекемелер.
Елдегі пайдаланылатын барлық валюталық ресурстардың түсу көздері болуы
тиіс, сондықтан сыртқы экокомикалық қызметтің аталған түрлерінің көбісі
валюталық ресурстардың орнын толтырады, одан қаржыланады.

1.3 Мемлекеттік валюта ресурстарының қалыптасуы
Мемлекеттік валюта ресурстары мыналардың есебінен қалыптасады:
- экономиканың мемлекеттік секторының — кәсіпорындардың, ұйымдардың,
компаниялардың, фирмалардың, қоғамдардың және т.т. өнімін, тауарларын және
қызметін экспортқа шыеарудан түскен түсім -ақшадан;
- тауарлар мен жүктердің кеден шекарасы арқылы қозғалысы жөніндегі
операцияларды дайындау кезіндегі шетел валютасындағы кеден баждарынан,
басқа төлемдерінен;
- келісімшарттардың, мәмілелердің, контракттардың шетелдік қатынасу-
шылары төлейтін салықтардан, бонустардан, роялтилерден түсетін түсімдерден;
- валюталық заңды бұзғаны үшін шетелдік валютада төленген айыппұлдар
мен өсімнен;
- шетел банктерінде және басқа қаржы ұйымдарына депозиттерді орналас-
тырудан түсетін түсімдерден, сондай-ақ шетелдердегі мүлік пен активтерді
пайдаланудан алынған табыстардан;
- шетел мемлекеттерінің, банктерінің, халықаралық және мем-лекетаралық
қаржы ұйымдарының кредиттері мен қарыздарынан;
- валютадағы гранттар мен тегін көмек түріндегі түсімдерден.
Мемлекеттің валюта ресурстары былайша пайдаланылады:
1) Ұлттық банк: "валюталық басқыншылықтарды — елдегі тұрақты ақша
айналысын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің стратегиялық жоспарларымен
анықталатын, реттелетін деңгейде ұлттық валюта бағамын қолдап отыру
мақсатында валютаны сатуды жүзеге асыру үшін;
2) Қаржы министірлігі: қарыздар туралы келісімшартпен белгіленген
уақытта сыртқы берешекті өтеу графигі бойынша жабу үшін; халықаралық
ұйымдардағы мүшелік үшін жарналар төлеу; елшіліктердің, консулдықтардың,
өкілдіктердің және басқа елдердегі осындай органдардың жұмысын қаржылаңдыру
үшін;
3) Үкімет органдары: мемлекеттік қажеттерді — тауарлар мен көпшілік
қолды бұйымдарды импорттау жөніндегі орталықтандырылған сатып алуды
қанағаттандыру үшін;
4) Басқарудың жергілікті органдары — коммуналдық шаруашылықтың,
өңдірістік емес сфераның қажеттіліктерін, аймақтардың жергілікті
инфрақүрылымын дамытуды, халықтың түрлі елеулі қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін.
Меншіктің барлық нысандары компанияларының, фирмаларының және
ұйымдарының валюта ресурстарының негізгі көзі экспортталатын өнімнен
алынған валюталық түсім-ақша болып табылады. Бұрын валюталық түсім-ақшаның
бір бөлігін кәсіпорын салықтар мен кеден баждарын төлегеннен кейін Ұлттық
банкке оның белгілейтін бағамы бойынша сатуға, ал бір бөлігін уәкілетті
банктер арқылы Ұлттық банк белгілейтін тәртіпке сәйкес ішкі валюта
рыногінде сатуға міндетті болатын. Қазіргі кезде заң жүзінде белгіленген
салықтар мен баждарды төлегеннен кейін қалған валюта занды тұлғалардың
қарамағында қалады және иегердің немесе құрылтайшының қарап шешуі бойынша
жұмсалады.Экспорттық өнім өндірмейтін шаруашылық жургізуші субъектілер және
валютаға мұқтаждары оны валюта рыноктерінде ұлттық валютаны айырбастау
жолымен сатып алады. Осылайша барлық ұйымдық-құқықтық түрлердің шаруашылық
органдары валюта қорларын көбейте алады.Шаруашылық жүргізуші субъектілердің
валюта ресурстарын қалыптастырудың келесі көзі — банктердің валюта
кредиттері. Өнім өндірумен немесе қызмет көрсетумен айналысатын, басымдық
сипаты бар, саланы, аймақты, жалпыұлттық шаруашылықты дамыту тұрғысынан
маңызды немесе дамудың тиісті бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысатын
компаниялар, фирмалар үшін шетел банктерінен алынған кредиттерді елдің
үкіметі кепілдендіре алады; Қазақстанда мұндай практика коммерциялық есеп
қағидатын дамыту қажеттігімен және қарыз қаражаттарын тиімді пайдалану үшін
жауаптылықтың оларды пайдалаушыларға ауысуымен байланысты бірте-бірте
шектеліп келеді. Өндірістің осыған ұқсас бағыттарын қаржыландыру үшін
валюта қаражаттары компанияларға, фирмаларға үкімет шешімімен
орталықтандырылған валюта ресурстарынан бөлінуі мүмкін [6. 158б].
Үлестік негіздерде әрекет ететін шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін
(акционерлік, бірлескен, кооеративтік) валюта ресурстарын толықтыруға осы
шаруашылық құрылымдары қатысушыларының валютадағы қосымша салымдары
есебінен жетуге болады.
Валюта қаражаттары түсімдерінің мүмкін болатын келісім-шарттарды,
арбитраж органдары белгілеген контраютар бойынша міндеттемелерді, басқа
елдердің сақтық органдары тарапынан болатын валютадағы сақтық өтемдерді
орындамағаны үшін алынатын компенсациялар болып табылады.
Валюта ресурстарының аталған көздерінің қаражаттары жиынтығында
шаруашылық жүргізуші субъектілердің валюта қорларын құрады, бұл қорлар
субъектілер ұжымдарының өндірістік және әлеуметтік дамуының әр түрлі
мақсаттарына пайдаланылады ("Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары").
Валюта қорларын пайдаланудың мүмкін бағыттары мыналар болып табылады:
1) дүниежүзілік рыноктерде жұмыс істейтін компаниялардың, фирма-лардың
экспорттық әлуетін ұлғайту;
2) импортты алмастыратын өнім өндіруді ұйымдастыру немесе мұндай
өнімнің қолданыстағы өндірісін ұлғайту; бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін
валюталық ресурстар есебінен құрал-жабдық, саймандар, материалдар,
технологиялар, лицензиялар, ноу-хау сатып алынады, негізгі құралдардың
лизингі жөніндегі операциялар жүргізіледі, шетел мамандары шақырылады,
кадрларды оқытады.
3) валюталық кредиттерді және оларды пайдаланғаны үшін пайыздар өтеу;
4) мамандандырылған сыртқы экономикалық ұйымдарға сыртқы рынок-терде
операциялар жасауға жәрдемдесу жөніндегі қызметтері үшін комиссиялық
сыйақылар төлеу;
5) капиталға қатысу ретінде шетелдік компаниялардың, фирмалардың қаржы
және кредит мекемелерінің бағалы қағаздарын сатып алуға жұмсау;
6) сыртқы экономикалық міндеттемелер бойынша келісімдердің шарттарын
бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімпұлдар, өтемақылар төлеу;
7) ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін ұлттық валютаны сатып алу;

8) ұйым ұжымдарының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тұтыну және
мәдени-тұрмыстық арналымның шетелдік тауарларын, дәрі-дәрмектерді,
медициналық жабдық пен саймандарды сатып алу (белгіленген нормативтерге
сәйкес).
Иегерлердің немесе құрылтайшылардың қарап шешуі бойынша қаржы
ресурстарының басқаша пайдалануы да мүмкін.
Заңды тұлғалар өздеріне қарасты валюта қорларын дамудың: өндірістік
инфрақұрылымның, бірігіп пайдаланудың объектілері құрылысының, ғылыми
зерттеулер жүргізудің және ғылыми зерттемелерді өндіріске енгізудің,
келешекке арналған жобаларды, ақпараттық жүйелерді, маркетингтік
зерттеулерді қаржыландырудың және т.т. жалпы міндеттерін орындау үшін
біріктіруге құқылы [7. 265б].
1993 ж. қараша айында Ұлттық банкке ұлттық валютаның енуімен ақша-
несие саясатын жүзеге асыру; бюджетпен, банктермен өзара қарым-қатынаста
классикалық қағидаларды ендіруі, банктердің қызметтерін реттеу жүйесін
нығайтуға қатысты толық жауапкершілік жүктелді.
Ұлттық валютаның енгізілуі сәтінен бастап, 1995 жылға дейін Орталық
банктік қызметін атқару, жүйе қызметін реттеп отыратын нормативтік
құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлерімен тәжірибесі
жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелік саясат жүргізу тәжірибесін
қолға алды. Бұл кезең, соңдай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру
саясатына орай шарттасылған ақша-несие құралдарының және факторлардың
әрекетіне бейімделуі болатын. Сонымен бір мезгілде, 1995 ж. 15 ақпан айында
Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысының бекітілген, 1995 ж.
арналған Қазақстандағы банктік жүйені реформалаудың бірінші бағдарламасы
жасалынды.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ

2.1 Ұлттық валютаның қалыптасу тарихы
Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі оның ұлттық
валютасы болып табылады. Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет
енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық
валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Кез келген ұлттық валюта
елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді. Ал Теңгенің -
Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тарихы Президенттің 1993 жылғы 15
қарашадағы жарлығынан басталды [8. 89б].
Алғашқы кезде Теңгенің бірінші шығарылған қатары (1 теңге = 100 тиын)
мынадай номиналдардан тұрды:
1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік банкноттар
• 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар ,
• 1, 3, 5, 10, 20 және 50 тиындық монеталар (бастапқыда қағаздан
жасалған).
Кейіннен айналысқа :
• 1994 жылы 1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік және
1994 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар ;
• 1995 жылы 1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар ;
• 1996 жылы 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар ;
• 1997 жылы номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңгелік монеталар (жаңа дизайны);

• 1999 жылы 1998 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның қаржылық жүйесі
Валюталық биржалардың қалыптасуы, тұрақтану және даму мәселелері
Қағаз ақшалар және оның ақша айналысы
Ипотекалық несиелендірудің Қазақстандағы рөлі мен алғышарттары
Қазақстандағы валюта нарығының қалыптасу мәселелері
Валюта бағамымен валюта нарығының түсінігі
ҚР Ұлттық банкінің сыртқы саясаты және даму жолдары
Қазақстан Республикасының ¥лттық ақша жүйесі
Халықаралық қаржылық-несиелік қаржы институттарының даму жағдайы
Валюталық операциялар
Пәндер