Физика сабағында үлестірмелі дидактикалық материалдарды қолдану



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

І. ЖАЛПЫ ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ
1.1 Физиканы оқытудың дидактикалық принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.2 Дидактикалық ойын арқылы физика сабағын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ..18

ІІ. ФИЗИКА САБАҒЫНДА ҮЛЕСТІРМЕЛІ ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ
2.1 Үлестірмелі дидактикалық материалдарды қолдану арқылы физика сабағын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
2.2 Компьютерлі оқытудың дидактикалық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
2.3 Физика саласында білім беруді ақпараттандыруды дамыту ... ... ... ... ... ... ...41
2.4 Сабақ үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..47
1.сабақ. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...47
2.сабақ. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49
3.сабақ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .54

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .61
Елімізде қазіргі таңда білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістерге орай, 12 жылдық білім беруге көшу табалдырығында тұрған сәтімізде, Президентіміз Н.Назарбаевтың еліміздің бәсекеге лайықты 50 елдің қатарына кіруі туралы жолдауының талаптарына сәйкес мұғалімге атқарар істер де көп, көтеретін жүк те ауыр. Бұл республикамыздағы жаңа білім концепциясына сәйкес пәндерді оқып үйрену оқушының өз бетімен жұмыс істеуін, оқушының жеке тұлғалық қасиеттері мен шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған үрдіс әрекетінде осының бәріне жетекшілік ететін, оқушы мен мұғалімнің арасындағы қарым – қатынастарды реттеп отыратын, өзінің іс - әрекетінде де барлығын түбегейлі жаңаша жасауы керек болатын, ізденгіш, талап қойғыш, кәсіби шеберлігі кемелденген, оқыту әдістемесінің барлық түрлерін меңгерген жан – жақты дамыған тәжірибелі мұғалім болу керектігін білдіреді. А.Дистервегтің баға беруінше – «нашар мұғалім оқушыға ақиқатты өзі береді (барлығын өзі айтып, түсіндіріп береді), ал жақсы мұғалім оқушының ақиқатты өзі іздеп табуын үйретеді».
Қазіргі кезде оқушының ой - өрісін көтеру, шығармашылық қабілетін дамыту, алған білімін практикада қолдана білуге баулу, әртүрлі ғылыми әдебиеттерді пайдаланып,өзінің білімін тереңдетуге үйрету мәселелеріне айрықша мән беріліп отыр. Себебі мемлекеттік стандартта орта білім беретін мектептерде әрбір шәкіртті жеке тұлға деп санап, оларды өз сұраныстарына, мүдделеріне сай оқыту мен тәрбиелеудің сан қилы үлгілерінқолдану керектігі көзделген. Бұл жағдайда оқыту технологиясын өлзгертуді, оқушыларды өз бетінше білім алуға, өзін-өзі дамытуға, ұйымдастыруға үйрету мәселелеріне көп көңіл бөлуді талап етеді.
Осы міндеттерді атқару жолында басқа пәндер мен қатар физика пәнінің атқаратын рөлі де зор. Себебі физика жаратылыстану ғылымдарының тірегі, ал оның зерттеу әдістері қазіргі заманғы ғылыми танымның тұғыры. Дегенмен, қазіргі уақытта орта мектептегі физика пәніне бөлінген сағат қоры аздық етіп отыр. Осының салдарынан физика сабағында, бұрынғы кездегідей лабораториялық жұмыстар көптеп жасалмайды, есептер шығаруға уақыт жетіспейді. Осыдан оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын және оны оқыту сапасын қалай арттыруға болады? деген сұрақ туады.
1 Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. -Алматы, Қазақ университеті, 1989.
2 Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.
3 Айтмамбетова Б., Бозжанова К., т. б. Балаларды семьяда адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. -Алматы, 1985.
4 Айтмамбетова, Бейсенбаева. Тәрбиенің жалпы әдістері. -А., 1991.
5 Айғабылова Н. Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары. -А., өнер. 1972.
6 Ахметов Ж. Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу жолдары. //Қазақстан мұғалімі, 18 ақпан, 1994.
7 Алмаханова Х. Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие беру. /Методикалық нұсқау. А., 1990.
8 Ақназарова Б. Класс жетекшісі. -А., Мектеп, 1973.
9 Әбенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру. -А., 1992.
10 Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.
11 Әбдіразақов Е. Адамгершілік, имандылық тәрбиесі. -Шымкент 1994.
12 Әбиев Ж. Жаңа адамды қалыптастыру. -Алматы, 1988.
13 Әбиев Ж. Еңбек тәрбиесінің педагогикалық негіздері. -Алматы, 1997.
14 Әбілова З. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. -А., 1972.
15 Қ. Аққошқарова, Н. Қойшыбаев.Физика Алматы, «Атамұра» 2006 172 бет.
16 Қ.Қ. Аханова. 12 жылдық бiлiм беру экспериментi: Жағдайы, проблемалары. «Ұстаз» газетi №19, 2006 жыл 2 бет.
17 Б. Ахметова, Н. Қадыров, Н. Қойшыбаев.Физиканы қайталайық, Алматы, «Мектеп» 1976 жыл 91 бет.
18 В.А. Балаш. Задачи по физике и методы их решения.Москва, «Просвещение», 1974 год 290-300 стр.
19 И.Н. Баженова. Педагогический поиск .Москва, «Педагогика» 1990 жыл 13-14 бет
20 Р. Башарұлы, Д. Қазақбаева, У. Тоқбергенова.7 класта Физика және астрономия пәнiн оқыту әдiстемесi, Алматы, «Атамұра», 2003 жыл 3-10 бет
21 Л. Выготский. Мышление и речь. Москва, «Педагогика», 1983 жыл 172 бет
22 М.Дүйсенбаев, Г.З. Байжасарова, А.А. Медетбеков. Физика және астрономия. 8 класс. Алматы, «Атамұра», 2004 жыл, 216-224 бет
23 М.Ю. Демидова, М.И. Павленко. Методика преподавания физики. Москва, «Школьная пресса», 2004 жыл, 12-14 бет
24 В.Д. Дмитриева, П.И. Самойленко. Контрольные и проверочные работы по физике. Москва, «Аквариум», 1997 жыл, 111-117 бет
25 М.М. Жанпейiсова. Модульдiк оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретiнде. Алматы, 2002 жыл, 4-6 бет, 7-9 бет
26 Ү.Б. Жексенбаева. 12 жылдық. Диалог-1.«Учитель Казахстана» газетi, №18-20, 2006 жыл, 8 бет
27 Б.А. Кронгарт, В.И.Кем. Физика 10 класс. әдiстемелiк құрал. Алматы, «Мектеп», 2006 жыл, 3,11 бет
28 Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта бiлiм беру Тұжырымдамасы. «Казахстанская правда» газетi, 18.08.2005 жыл, 4 бет
29 Қазақстан Республикасының 2015 – жылға дейiнгi бiлiм берудi дамыту Тұжырымдамасы. «Егемен Қазақстан» газетi, 26.08.2003 жыл, 2 бет
30 Г.Д. Луппов. Опорные конспекты и тестовые задания по Физике. 11 класс. Москва, «Просвещение», 1996 жыл, 85-90 бет
31 В. Мегре. Пространство любви. Книга-3, Из серии «Звенящие кедры России», Санкт-Петербург, «Диля», 2002 жыл, 152, 165 бет
32 Э.Мулдашев. В поисках города богов. Iтом. Санкт-Петербург, «Нева», 2005 жыл, 216 бет
33 Н.Ә. Назарбаев. Инновациялар мен оқу-бiлiмдi жетiлдiру арқылы бiлiм экономикасына. «Егемен Қазақстан», 27.05.2006 жыл, 2-3 бет
34 Р.С Немов. Психология. Москва, «Владос», 1995 жыл, 436 бет
35 Я.И. Перельман. Занимательная физика. Iч. Москва, «Просвещение», 1976 жыл, 193-194 бет
36 П. Ричард. Критическое мышление. Москва, «Аквариум», 1995 жыл, 89 бет
37 Е.И. Рогов. Настольная книга практического психолога в образований. Москва, «Владос», 1995 жыл, 319 бет
38 Л. Фусу. Энергетика души. Москва, «Золотой теленок», 2005 жыл, 58 бет
39 В.А. Шевцов. Пособие для подготовки к олимпиадам по физике. Волгоград, «Учитель», 2002 жыл, 18-19 бет

Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

І. ЖАЛПЫ ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ
1.1 Физиканы оқытудың дидактикалық
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.2 Дидактикалық ойын арқылы физика сабағын
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ..18

ІІ. ФИЗИКА САБАҒЫНДА ҮЛЕСТІРМЕЛІ ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ
2.1 Үлестірмелі дидактикалық материалдарды қолдану арқылы физика сабағын
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
2.2 Компьютерлі оқытудың дидактикалық
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
2.3 Физика саласында білім беруді ақпараттандыруды
дамыту ... ... ... ... ... ... ...41
2.4 Сабақ
үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..4 7
1-сабақ.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4 7
2-сабақ.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49
3-
сабақ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...54

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 61
КІРІСПЕ

Елімізде қазіргі таңда білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістерге
орай, 12 жылдық білім беруге көшу табалдырығында тұрған сәтімізде,
Президентіміз Н.Назарбаевтың еліміздің бәсекеге лайықты 50 елдің қатарына
кіруі туралы жолдауының талаптарына сәйкес мұғалімге атқарар істер де көп,
көтеретін жүк те ауыр. Бұл республикамыздағы жаңа білім концепциясына
сәйкес пәндерді оқып үйрену оқушының өз бетімен жұмыс істеуін, оқушының
жеке тұлғалық қасиеттері мен шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған
үрдіс әрекетінде осының бәріне жетекшілік ететін, оқушы мен мұғалімнің
арасындағы қарым – қатынастарды реттеп отыратын, өзінің іс - әрекетінде де
барлығын түбегейлі жаңаша жасауы керек болатын, ізденгіш, талап қойғыш,
кәсіби шеберлігі кемелденген, оқыту әдістемесінің барлық түрлерін
меңгерген жан – жақты дамыған тәжірибелі мұғалім болу керектігін білдіреді.
А.Дистервегтің баға беруінше – нашар мұғалім оқушыға ақиқатты өзі береді
(барлығын өзі айтып, түсіндіріп береді), ал жақсы мұғалім оқушының ақиқатты
өзі іздеп табуын үйретеді.
Қазіргі кезде оқушының ой - өрісін көтеру, шығармашылық қабілетін
дамыту, алған білімін практикада қолдана білуге баулу, әртүрлі ғылыми
әдебиеттерді пайдаланып,өзінің білімін тереңдетуге үйрету мәселелеріне
айрықша мән беріліп отыр. Себебі мемлекеттік стандартта орта білім беретін
мектептерде әрбір шәкіртті жеке тұлға деп санап, оларды өз сұраныстарына,
мүдделеріне сай оқыту мен тәрбиелеудің сан қилы үлгілерінқолдану керектігі
көзделген. Бұл жағдайда оқыту технологиясын өлзгертуді, оқушыларды өз
бетінше білім алуға, өзін-өзі дамытуға, ұйымдастыруға үйрету мәселелеріне
көп көңіл бөлуді талап етеді.
Осы міндеттерді атқару жолында басқа пәндер мен қатар физика пәнінің
атқаратын рөлі де зор. Себебі физика жаратылыстану ғылымдарының тірегі, ал
оның зерттеу әдістері қазіргі заманғы ғылыми танымның тұғыры. Дегенмен,
қазіргі уақытта орта мектептегі физика пәніне бөлінген сағат қоры аздық
етіп отыр. Осының салдарынан физика сабағында, бұрынғы кездегідей
лабораториялық жұмыстар көптеп жасалмайды, есептер шығаруға уақыт
жетіспейді. Осыдан оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын және оны
оқыту сапасын қалай арттыруға болады? деген сұрақ туады.
Менің ойлауымша, бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы физиканың оқыту
әдістемесінің ең тиімді, ұтымды тәсілдерін қолдану, берілген мағлұматтарды
оқушының мейлінше аз уақытта терең жан-жақты игеруін қамтамасыз ету және
физиканы оқытуда дидактикалық материалдарды қолдану әдістерін пайдалануға
болады.
Дидактика - педагогиканың маңызды саласы. Дидак-тика (Сіоіакііказ -
оқытушы, Сіоіазко -оқушы) ұғымы грек тілінен алынған, оқыту немесе үйрету
деген сөз.
Бұл ұғымды ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс педагогы Вольфганг
Ратке (1571-1635). Сол мағынада бұл ұғымды чех педагогы Я. А. Коменский
пайдаланып, 1657 жылы өзінің ''Ұлы дидактика'' еңбегін жарыққа шығарды.
Оның ойы бойынша, дидактика ''нені оқыту'' және ''қалай оқыту керек'' деген
сұрақтарға жауап береді. Заманауи ғалымдардың зерттейтін сұрақтары: кімді,
қашан, қайда, неге оқыту.
Қазіргі түсінік бойынша, дидактика - білім беру мен оқыту мәселелерін
зерттейтін ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп те аталады. Дидактиканың
зерттеу пәні - оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтижелері.
Зерттеу пәні аясына байланысты жалпы және жеке дидактикалар
айқындалады. Жалпы дидактика оқытудың жалпы заңдылықтарын, принциптерін
қарастырады. Жеке дидактика жеке оқу пәнінің мазмұнын, барысын, түрі мен
әдістерін зерттеуіне қарап оқыту әдістемесі деп аталады. Мысалы,
математиканы оқыту әдістемесі, тарихты оқыту әдістемесі.
Дидактика әрі теориялық, әрі қолданбалы ғылым болғандықтан ғылыми-
теориялық және қолданбалы қызметтер орындайды. Дидактиканың ғылыми-
теориялық қызметі: білім беру мен оқыту процестерінің мәні мен
заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін
зерттеу. Дидактиканың қолдан-балы қызметі: білім мазмұнын оқыту мақсатына
сәйкес-тендіру, оқыту принциптерін белгілеу, оқытудың тиімді әдістері мен
ұйымдастыру формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап енгізу.
Мұғалім әрдайым тек жеке бір пәнді оқытушы ғана емес, сонымен қатар
жеке тұлғаны қалыптастырушы да болып тобылады, сол себепті сабақ үрдісінде
тәрбиелік жағына да өте көп көңіл бөлу керек. Бүгінгі және ертеңгі
Қазақстанға өте білімді, өзіне нық сенімді, өз ісінің жетік маман шеберлері
қажет. Өз ісінің шебер маманы – ол үнемі ізденгіш, өз ісіне шығармашылықпен
қарайтын, өз жұмысын өте сүйетін және жақсы білетін әрбір жағайларда
шешімді жол тауып, жылдам да ұтымды қимыл - әрекет көрсететін адам. Ендеше
қазір мектептің алдында тұрған міндет – дәл осындай мамандарды тәрбиелеп
шығару. Сол мамаңдар арқылы экономикасы дамыған, әрбір тұрғыны өзін
әлеуметтік жағынан қорғанышта екендігін сезінетіндей гүлденіп дамыған ел
боламыз. Сол себепті білім беру жүейсінде болашақ мамандарды даярлай
алатын, өз пәніне оқушыларды қызықтыра білетін, мәдени және рухани жағынан
жоғары дамыған мұғалімдер жұмыс істеуі қажет.
Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде орта білім
беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі заманауи педагогикалық
технологияларды ұтымды қолдана білуге тікелей қатысты. Сол себепті
ақпараттық-компьютерлік технологиялар құралдарын педагогикалық іс-әрекетте
кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы орта
арнаулы оқу орындары мамандарының кәсіби дайындығына қойылатын талаптар
қатарына енеді. Осы орайда, орта арнаулы оқу орындарының педагогикалық
үдерісінде ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық құралдарды қолдану
және осының негізінде ақпараттық-логикалық модельдеуді оқыту үдерісінде
пайдалану өзекті мәселе болып табылады. Бүгінгі ақпараттық қоғамның
материалдық технологиялық қоры компьютерлік техникалар мен компьютерлік
желілер, ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялық байланыстарға
негізделген жүйелер болып табылатындығы айқын болып отыр.
Сондықтан оқушыларға білім беруде ақпараттық–логикалық модельдеуді
физиканы оқытуда қолдану арқылы тәжрибелік іс-әрекеттер барысында пайда
болатын мәселелерді қалыпты түрде сипаттау, яғни ақпараттық–логикалық
модельдеу әдістері туралы біліктілік, іскерлік пен машықтар жүйесін
қалыптастыруды қажет етеді. Сонымен бірге негізгі алгоритмдік құрылымдарды,
бағдарламалау технологияларын білу, есептерді математикалық модельдер
бойынша шешу, ЭЕМ-мен, оның құрылғыларымен, ақпараттық технология
құралдарымен жұмыс істеу, құрылған алгоритм бойынша бағдарламалау
тілдерінің көмегімен ЭЕМ-ге арнап бағдарлама құру және бұл білімдер мен
іскерліктерді зерттеу нысанының, құбылыстың ақпараттық-логикалық моделін
құру үшін қолдану негізгі мәселе болып саналады.
Осы аталған талаптардың қажетті көлемде жүзеге асырылуы оқушылардың
ақпараттық–логикалық модельдеу бойынша сауаттылығының жоғары деңгейде
қалыптасуын қамтамасыз етеді. Ақпараттық–логикалық модельдеу ұғымы
ақпараттық мәдениеттілік ұғымына компьютерлік сауаттылықтың құрауышы
ретінде енді және ол жаңа ұғымдарды енгізу арқылы пайда болады, яғни барлық
жаңа ұғымдар ЭЕМ көмегімен физикалық есептерді шешу үшін
ақпараттық–логикалық модельдеу әдістерін қолдану мәселелеріне арналады.
Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану негізінде білім беруді
жетілдіруге педагогика саласы ғалымдарының [А.А.Кузнецов, И.Н.Антипов,
И.В.Роберт, И.Е.Вострокнутов, В.В.Лукин, И.А.Трубина, И.А.Румянцева,
Ю.А.Первин, М.П.Лапчик, В.М.Монахов, А.Г.Кушниренко, А.Г.Гейн және т.б.]
еңбектері арналған.
Қазір біздің мемлекетімізде білім беру жүйесінде көптеген өзгерістер
болып жатыр, білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда, бұл үрдіс
білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді.
Елімізде Қазақстан Республикасындағы 2015 жылға дейінгі білім беруді
дамыту тұжырымдамасы (концепциясы) қабылданды. Бұл тұжырымдаманың мақсаты –
12 жылдық мектеп жағдайында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру
жүйесін жаңарту жолдары мен дамыту стратегиясын айқындау. Тұжырымдама
мынадай міндеттерді қабылдады:
1) 12 – жылдық мектептегі білім беру мақсатын, міндеттерін, құрылымын,
мазмұны мен оқу – тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктерін атап
көрсету.
2) 12 – жылдық білім беруге көшудің қаржылық – экономикалық негіздемесін
дайындау.
3) Осы тұжырымдаманың күтілетін нәтижелерін айқындау. Одан әрі
Тұжырымдама қандай бөлімдерден тұратыны көрсетілген.
Қазақстандық жалпы білім беретін мектеп соңғы жылдары өзінің келбетін
өзгертті. Білім беруді жаңарту жүйесін қолдайтын нақты қадамдар жасалды.
Олардың ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының әзірленуі
және енгізілуі, кредиттік технология негізіндегі үш сатылы жоғары білім
моделінің енгізілуі, вариативті білім берудің еңгізілуі, білім сапасын
бағалау критерийлерін әзірлеу жөнінде жұмыстар басталды.
Қазақстанның білім беру жүйесінің даму деңгейіне кері ықпал ететін
мынадай факторлар қалып отыр:
1. Орта білім беру жүйесінде диагностикалық мақсаттың болмауы;
2. Білім берудің жеке тұлғаның дамуына емес, формальды нәтижелерге
бағдарлануы;
3. Оқу жетістіктерін бағалауда оқушыны қызықтырмайтын, шынайылықты
қамтамасыз етпейтін және қиындық тудыратын жағдайға душар ететін
ескірген жүйенің сақталуы;
4. Жасөспірімдердің тұлғалық, азаматтық және адамгершілік қасиеттерінің
жеткілікті дамымауы, өзін - өзі анықтау мотивтерінің болмауы, өзіндік
қызығушылығы мен болашақ жоспарын сезіну деңгейінің төмендігі.
Сонымен қатар Тұжырымдамада оны іске асыру жолдары көрсетілген. Бұл
Тұжырымдаманы әзірлеу жаңа экономикалық және әлеуметтік – мәдени
жағдайларда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру
сапасын арттыруға, стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі
қайта өзгерістер нәтижесінде туындады. Жаңа ғасырдың балалары жаңа өмірге
бейімделген болуы керек, ол үшін жеке тұлғаға мынадай талаптар қойылады:
креативтілік (өздігінен шығармашылықпен айналыса алуы), белсенділік,
әлеуметтік жауапкершілік, дамыған интеллект, жоғары білім дәрежесі,
кәсіптік сауаттылық дейді Ү.Б.Жексембаева 12 – жылдық білімді талқылау
туралы диалогта. Қалалық білім басқармасының физика пәні бойынша
әдістемелік жетекшісі Қ.Қ.Аханова: Біздің қаламыздағы үш орта
мектепте: 1) аралас мектеп Приречье орта мектебі; 2) №21 орта мектеп; 3) №7
мектеп-лицейінде 12 жылдық білімге өту эксперименті жүріп жатыр.
Эксперимент мақсаты – Қазақстан мектебінің жаңа сапаға көшуі, білім беру
жүйесін түбегейлі жаңарту, ХХІ ғасырда жалпы білім беретін орта мектептерде
оқушының жеке тұлғасын дамыту үшін жаңа үлгі таңдау. Осы орайда мына
шарттар жүзеге асуы тиіс:
1. Оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың, дидактикалық
тапсырмалардың біршама жүйеленіп, сапалық деңгейінің артуы;
2. Оқушылардың оқуға деген ынтасы мен қабылеті қалыптасып, оқу
әрекетінің дамуы;
3. Мұғалімдердің сабақ беру үрдісінде әр түрлі деңгейдегі
әдістемелік іс - әрекеттері, ойын түрлерін жүйелі және шебер қолдана
білуі.
Зерттеу объектісі: орта мектепте физика пәнін оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: білім берудегі дидактикалық материалдар мен жаңа
технологиялар.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: педагогикалық технологияларды пайдалану
арқылы оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыру жолдарын көрсету;
Дипломдық жұмыстың міндеттері: әр педагогикалық технологияның тиімді
жақтарын бөліп алу, дидактикалық материалдарды қолдана оқыту арқылы пәнге
қызығушылығын арттыру жолдарын анықтау.
Зерттеу әдістері: бақылау әдісі, салыстыру әдісі, анкета жүргізу,
тестілеу. Оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстыру және оқушылардың
танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы,
сындарлы білім беру моделіне көшу әлемдік білім берудің стратегиялық
бағыттарының бірі болып табылады.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. ЖАЛПЫ ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ

1.1 Физиканы оқытудың дидактикалық принциптері

Дидактика - педагогиканың маңызды саласы. Дидак-тика (Сіоіакііказ -
оқытушы, Сіоіазко -оқушы) ұғымы грек тілінен алынған, оқыту немесе үйрету
деген сөз.
Бұл ұғымды ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс педагогы Вольфганг
Ратке (1571-1635). Сол мағынада бұл ұғымды чех педагогы Я. А. Коменский
пайдаланып, 1657 жылы өзінің ''Ұлы дидактика'' еңбегін жарыққа шығарды.
Оның ойы бойынша, дидактика ''нені оқыту'' және ''қалай оқыту керек'' деген
сұрақтарға жауап береді. Заманауи ғалымдардың зерттейтін сұрақтары: кімді,
қашан, қайда, неге оқыту.
Қазіргі түсінік бойынша, дидактика - білім беру мен оқыту мәселелерін
зерттейтін ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп те аталады. Дидактиканың
зерттеу пәні - оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтижелері.
Зерттеу пәні аясына байланысты жалпы және жеке дидактикалар
айқындалады. Жалпы дидактика оқытудың жалпы заңдылықтарын, принциптерін
қарастырады. Жеке дидактика жеке оқу пәнінің мазмұнын, барысын, түрі мен
әдістерін зерттеуіне қарап оқыту әдістемесі деп аталады. Мысалы,
математиканы оқыту әдістемесі, тарихты оқыту әдістемесі.
Дидактика әрі теориялық, әрі қолданбалы ғылым болғандықтан ғылыми-
теориялық және қолданбалы қызметтер орындайды. Дидактиканың ғылыми-
теориялық қызметі: білім беру мен оқыту процестерінің мәні мен
заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін
зерттеу. Дидактиканың қолдан-балы қызметі: білім мазмұнын оқыту мақсатына
сәйкес-тендіру, оқыту принциптерін белгілеу, оқытудың тиімді әдістері мен
ұйымдастыру формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап енгізу.
Дидактика педагогиканың жалпы категорияларын (тәрбие, педагогтік іс-
әрекет, білім беру) пайдаланады. Сонымен қатар дидактиканың өз
категориялары да бар: білім беру, оқыту, оқу, оқыту принциптері, оқыту
процесі, мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері, құрал-дары,
оқытудың нәтижесі. Кейбір категорияларға анықтама берейік.
Оқыту - оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған
алдын-ала жоспарланған іс -әрекет.
Оқыту мазмұны - өкімет арнайы таңдап анықтаған белгілі салада жұмыс
істеу үшін қажетті адамзат тәжірибесінің бөлшегі. Ол - оқытудың нәтижесі
болатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.
2. Оқыту процесінің мәні, оның ерекшеліктері мен қызметі Оқыту
процесі - білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың
дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет
барысы. Оқу барысында оқушының сана-сезімі, адамгер-шілік қасиеттері,
эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.
Оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекше-ліктеріне назар аударайық.
Оқыту - мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері мазмұны
мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.
Оқыту - таным процесі. Танымның ерекшелігі оқушыда білімге деген
қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі.
Оқытудың міндеті - оқушыны айнала ортамен (табиғат, қоғам) және адам
дамуының негізгі заңдылық-тарымен қаруландыру. Оқушы дүние тануда бұрын
ғылымда белгілі болған, зерттеліп дәлелденген жаңалық-тарды, заңдылықтар
мен тұжырымдарды әрі қарай дамыта түседі.
Оқытуда ғылым негіздерін оқып үйренудің өзі, ғылым тарихымен, оның
әдістерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қызметі жайлы ақпарат алады.
Оқыту - даму негізі. Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі
белгіні: организмнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың
жан-жақты жетілуін түйістіреді.
Баланың өзіндік дамуына әсер ететін негізгі фактордың бірі - өзара
қарым-қатынас жасау іс-әрекеті. Сөйтіп, оқыту процесі - мұғалімнің баламен
үнемі рухани қарым-қатынаста, ынтымақтастық жағдайда болуын қажет етеді.
Оқыту процесінде бала тек мұғалімнің әсерін қабылдаушы ғана емес, оның оқу
іс-қимылы мен өзінің психикалық процестерін басқару, ұйымдастыра білуі (іс-
әрекетін білуі, бағалауы, өзін-өзі басқаруы) оқытудағы субъекті екенін
айқындайды. Оқыту процесінде бала логикалық ойлау болмысының жалпы
тәсілдерін қолдануға және дербес шығармашылық әрекет жасауға дағдыланады.
Бұдан шығатын қорытынды: оқыту -баланың рухани жағынан жетілуін қамтамасыз
етеді; оқыту - бала дамуының алғы шарты. Демек, оқыту мен дамудың арасында
тығыз байланыс туындап отырады. Л. С. Выготскийдің баланың дамуынан ілгері
жүретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады. Ол баланың кешегі күнгі дамуына
емес, ертеңгі күнгі дамуына қарау керек деп ескертеді, осыған орай, бала
дамуының ''екі зонасы'' болатынын айтады. ''Бірінші зона'' - бала дамуының
қазіргі қол жеткен сатысы, осыған қанағаттанып қоймай, мұғалімнің
оқушыларды болашақтағы дамудың ең жақын сатысына (''екінші зонаға'')
жеткізуге міндетті екендігін айтады.
Оқушының жалпы психикалық дамуы - мектептегі оқу мен оның өздігінен
оқуына тығыз байланысты. Оқушының ойлау қабілетінің дамуына оқу процесінде
қолайлы жағдай туады. Білім мен ойлау арасында тығыз байланыс бар.
Оқыту - екі жақты процесс. Оқыту оқушы мен мұғалім-нің өзара бірлесіп
жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. өйткені, оқыту - мұғалімнің
білім берудегі негізгі іс-әрекеті болса, оқу - баланың өзінің танымдық,
практикалық әрекеті. Сөйтіп, оқушының таным әрекеті мұғалімнің басшылығы
арқасында ғана жүзеге асады.
Оқыту - жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын
жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған
түрде жүзеге асырады. Оқушы білімді қысқартылған, педагогикалық тұрғыдан
өзгертілген жолмен мұғалімнің және арнайы жазылған оқу құралдарының
көмегіне сүйене отыра меңгереді.
Сөйтіп, оқыту процесі оқушылардың жас ерекшелік-терінің сәйкестігін
ескере отырып, таным қызметінің формасы мен әдістерін соған орай өзгертіп
отырады.
Оқыту - бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл-
ойы мен творчестволық қабілетін, демек біліктілігі мен дағдысын дамыту
негізінде жүзеге асырылады. Мұның мәнісі, жеке тұлғаға біртұтас (комп-
лексті) ықпал жасауды көздейді. Осы негізде, оқыту процесінің бірінші
қызметі - оқушыларға білім беру.
Білім беру, біріншіден, ғылым негіздеріне сай оқушыларды нақты
фактілермен, қағида және түсініктер-мен, заңдылықтармен қаруландыруды
қамтамасыз етсе, екіншіден солардың негізінде, айналасындағы әртүрлі
құбылыстарға олардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Екінші қызметі - тәрбиелеу. Оқыту барысында оқушыларды теориялық
білімдер жүйесімен қарулан-дырып, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып
дамыту. Сонымен бірге оқыту барысында тәрбиенің мақсат, міндеттері және
мазмұны мен тәсілдері анықталады. Оқытуда тәрбие мен оқытудың байланысы
біржақты қарастырылмайды, керісінше біртұтастық принципке негізделіп,
бірлікте қолданылады. Демек, тұлғаға білім бере отырып, оны тәрбиелейміз,
тәрбиелей отыра білім береміз. Сөйтіп, тәрбие процесі дұрыс ұйымдастырылған
жағдайда оқытудың барысына қолайлы ықпал етеді, соның негізінде тұлғаның
танымдық қызметі мен оқуға деген қызығу-шылығы артады.
Үшінші қызметі - дамыту. Оқыту барысында оқушы-ларға білім беру, оларды
тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімі, шығармашылық қабілеті
т.б. көптеген тұлғалық қасиеттерінің дамуына, біліктіліктері шыңдалып,
қабілеттерінің артуына оң әсер етеді. Демек, тұлға жан-жақты қалыптасып
дамиды (байқағыштығы, ойы, есі, қиялы секілді психикалық процестері де
қарастырылады).
Даму қызметінің ерекшелігі сол, ол өз алдына жеке өмір сүрмейді,
керісінше оқытудың білім беру мен тәрбие-леу қызметінің жалғасы боп
есептеледі. Сондықтан, даму-дың қарқынды, жан-жақты әрі, терең болуы білім
беру мен тәрбиенің қандай дәрежеде іске асырылуына байланысты. Бұдан
шығатын қорытынды, оқытудың білім беру мен тәрбиелеу қызметінің негізі
болып саналса, даму өз алдына олардың қызметінің нәтижелі болуына қолайлы
ықпал етеді.
Дидактикада ''Жетілдіре оқыту'' процесі 1960 жылдар-дан басталды. Осы
негізде Л. В. Занков, Н. А. Менчин-ская, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, М.
А. Данилов, М. Н. Скаткин еңбектерінде, оның жолдарын шешу үшін әртүрлі
принциптерді ұсынды. Солардың ішінде Л. В. Занковтың оқу процесі арқылы
білім беруді қарқынды, ұйымдастыру, оқушылардың оқуды саналы меңгеруін
қамтамасыз ету ережесін ұсынылды.
Бұл, дамуда тек ойды қалыптастырумен ғана емес, ол тұлғаның дамуынада
оңтайлы әсер етеді.
Білім беру технологияларының проблемасы педагогикалық инновациялардың,
авторлық мектептер мен новатор мұғалімдердің мол тәжірибесі әрдайым
жалпылық пен жүйелілікті талап етеді. Каркасты жүйелі түрде құратын негіз
ретінде педагогика үшін жаңа ұғым технология және педагогикалық
үрдістерді анализдеудің және жобалаудың жаңа жолын мақсатқа лайықты
қолданған жөн.
Қазіргі уақытта педагогикалық лексиконға педагогикалық технология ұғымы
берік енді. Дегенмен, оның қолданылуында үлкен, әртүрлі түсіндірмесі бар.
• Технология – қандай-да бір істе, шеберлікте, өнерде қолданылатын тәсілдер
жиынтығы (түсіндірме сөздік).
• Педагогикалық технологиялар – оқыту мен тәрбие беру құралдарының арнаулы
жиыны мен формасы, әдіс-тәсілдерін үйлестіруді анықтайтын психология-
педагогикалық үрдістердің ұйымдастырушы әдістемелік құралы (Б.Т.Лихачев).
• Педагогикалық технология – оқу үрдісін жүзеге асырудың маңызды техникасы
(В.П.Беспалько).
• Педагогикалық технология – оқытудың жоспарланған нәтижелеріне жету
үрдісін суреттеу (И.П.Волков).
• Технология – бұл өнер, шеберлік, іскерлік, қалыпты жағдайды өзгерту және
қайта өңдеу әдістерінің жиынтығы (В.М.Шепель).
• Оқыту технологиясы – бұл дидактикалық жүйенің құрама іс жүргізу бөлімі
(М.Чошанов).
• Педагогикалық технология – бұл оқушылар мен мұғалімдерді қолайлы
жағдайлар туғыза отырып, оқу үрдісін жобалау, ұйымдастыру және өткізудегі
біріккен іс-әрекет моделі (В.М.Монахов).
• Педагогикалық технология – ол техникалық және адамзат ресурстары мен
олардың өзара әрекетін есепке ала отырып, білімді меңгеру және оқыту
үрдісін құрудың, қолдану мен анықтаудың білім беру формасының тиімділігін
өз міндетіне санайтын жүйелі әдіс (ЮНЕСКО).
• Педагогикалық технология – педагогикалық мақсаттарға жету үшін
қолданылатын барлық жеке, инструменталдық және методологиялық құралдардың
жүйелі жиынтығы мен функционалдау ретін білдіреді (В.М.Кларин).
Біздің түсінігімізде педагогикалық технология әртүрлі авторлардың
барлық анықтамалардың мағынасын қабылдайтын маңызды жалпылау болып
табылады.
Педагогикалық технология ұғымының үш жағы бар:
1. Ғылыми: педагогикалық технологиялар – оқытудың мақсаттары, мазмұны
мен әдістерінін зерттейтін және педагогикалық үрдістерді жобалайтын
педагогикалық ғылымның бір бөлімі;
2. Іс жүргізу-түсіндірмелі: оқытудың жоспарланған нәтижелеріне жету үшін
мақсат, мазмұн, құралдар мен әдістер жиынтығын, үрдісті түсіндіру.
3. Іс жүргізу-әрекеттілік: Технологиялық үрдістерді жүзеге асыру, барлық
жеке, инструменталды және методологиялы педагогикалық құралдырды
функционалдау.
Сөйтіп, педагогикалық технология оқытудың неғұрлым тиімді жолдарын
зерттейтін ғылым ретінде, және оқытуда қолданылатын әдістер, приниптер мен
регулятивтер жүйесі ретінде және нақты оқыту үрдісі ретінде жұмыс істейді.
Педагогикалық технология ұғымы білім беру практикасында үш иерархиялы
бірлескен деңгейде қолданылады:
1. Жалпы педагогикалық деңгей: жалпы педагогикалық, жалпы тәрбие беру
технологиясы берілген регионда, оқу мекемесінде біртұтас білім беру
үрдісін оқытудың анықталған сатысында сипаттайды. Мұнда педагогикалық
технология педагогикалық жүйеге синонимдес:оған оқытудың мақсаты,
әдістері мен құралдарының жиынтығы, үрдістің объектілері мен
субъектілері іс-әрекетінің алгоритмі енеді.
2. Жеке әдістемелік (пәндік) деңгей: жеке пәндік педагогикалық технология
жеке әдістеме мағынасында, яғни бір пән, сынып, мұғалімдердің
шеңберінде оқыту мен тәрбие берудің анықталған мазмұнын жүзеге асыруға
арналған әдістер мен құралдар жиынтығы ретінде қолданылады.
3. Локальдық немесе модульдік деңгей: локальдық технология оқу тәрбиелеу
үрдісінің жеке бөліктерінің, жеке дидактикалық және тәрбиелік
міндеттерді шешу технологиясын береді.
Технологиялық схема – технологиялық үрдісті шартты бейнелеу, оны жеке
функионалдық элементтерге жіктеу және олардың арасындағы логикалық
байланысты белгілеу.
Технологиялық карта – қолданылатын құралдарды көрсете отырып, үрдісті
іс-әрекеттің қадамдық, кезеңдік тізбегі түрінде суреттеу.
Технологияларды неғұрлым іс жүргізу, сандық және есептік компоненттер,
ал әдістемеде – мақсаттық, мазмұндық, сапалық және вариативті-бағдарлы
жақтары көрсетілген. Технология әдістемеден ұдайы өндіргіштігімен,
нәтижелердің орнықтылығымен, көптеген егердің (егер дарынды мұғалім, егер
қабілетті балалар, егер жақсы ата-аналар...) болмауымен ерекшеленеді.
Педагогикалық технологиялар құрылымы: берілген анықтамалардан шығатыны,
технология жоғары дәрежеде оқу үрдісімен – мұғалім мен оқушы іс-әрекеті,
оның құрылымы, құралдары, әдістері мен формалары байланыста. Сондықтан,
педагогикалық технология құрылымына төмендегілер енеді:
А) Концептуалды негізі;
Ә) Оқытудың маңызды бөлімі:
- Оқыту мақсаттары – жалпы және нақты;
- Оқу материалының мазмұны;
Б) Іс жүргізу бөлімі – технологиялық үрдіс:
- оқу үрдісін ұйымдастыру;
- мектеп оқушыларының оқу қызметінің әдістері мен формалары;
- материалды меңгеру үрдісін басқарудағы мұғалімнің қызметі;
- оқу үрдісінің диагностикасы.
Технологиялылық критерийі: кез-келген педагогикалық технология кейбір
негізгі методологиялық талаптарды қанағаттандыруы керек.
Концептуалдылық. Білім беру мақсаттарына жетудің философиялық,
педагогикалық, дидактикалық және әлеуметтік-педагогикалық негіздемені
қамтитын анықталған ғылыми конепцияға сүйену әрбір технологияға тән.
Жүйелілік. Педагогикалық технология жүйенің барлық белгілеріне ие болуы
керек: үрдіс логикасы, оның барлық бөліктерінің өзара байланысы,
біртұтастық.
Басқарушылық. Оқыту үрдісін диагностикалық мақсатты ұйғару, жоспарлау,
жобалау мүмкіндігін, кезеңдік диагностика, нәтижелерді түзету мақсатында
құралдар және әдістермен түрлендіру мүмкіндігін болжайды.
Тиімділік. Қазіргі педагогикалық технологиялар бәсекелесе отырып жұмыс
істейді және нәтижелері тиімді әрі ыңғайлы болуы керек, оқытудың анықталған
стандартына жетуге кепілдік беруі қажет.
Ұдайы өнімділік басқа субъектілер арқылы педагогикалық технологияны
өзге біртипті білім беру мекемелерінде қолдану мүмкіндігін түсіндіреді.
Білім мазмұны мен технологиясы. Қазіргі уақытта педагогикада білім
беру жүйесінің маңызды және іс жүргізу компоненттерінің
( мақсаты, мазмұны, әдістер, оқыту формалары мен құралдары) бірлігі туралы
түсінік бекітілген.Педагогикалық технологияларды жүзеге асыру және
вариациялау үрдісінде олардың компоненттері кері тартпалылықтың әртүрлі
дәрежесін тудырады көбінесе оқытудың іс жүргізу аспектілері түрленеді,ал
мазмұн құрылымы, мөлшері, логикасы бойынша ғана өзгереді. Сондай –ақ,
білім мазмұны білім беру технологиясының маңызды бөлімі ретінде көбінесе
оның іс жүргізу бөлімін де анықтайды,бірақ әдістердің ең басты өзгерістері
мақсат,мазмұн мен формалардың терең түрленулерін қамтиды. Сонымен, білім
технологиясының іс жүргізу және маңызды бөлімдері бір-бірін теңбе-тең
бейнелейді.
Олардың арасында білім мазмұны, технологияның іс жүргізу бөлімін
анықтауда және олардың бірлігін жүзеге асыруда маңызды роль атқаратын енді
бір жанама компонент-маңызды дидактикалық құрал – мектеп оқулығы бар.Соңғы
жылдары біздің елімізде педагогикалық технологияларды таңдаудың әр түрлі
жолдарын байланыстыруда білім сапасының келешекте жоғарылауына теориялық
тұрғыдан мүмкіндік беретін көптеген вариативті оқулықтар шығарылды.
Технология және шеберлік.Бір технологияның өзі әртүрлі орындаушылар
арқылы неғұрлым адал , нұсқау бойынша дәл немесе творчестволық түрде жүзеге
аса алады.Осындай орындауда шебердің жеке компоненті,белгілі спецификасы
сөзсіз қатысады,бірақ материалды меңгеру заңдылығын,оқушылар іс әрекеті
тізбегі мен құрамын сипаттайтын анықтаушы болып табылады.Әрине,нәтижелер
әртүрлі болад ы,дегенмен берілген технологияға тән қандай да бір орта мәнге
жуық болады.Сонымен,жұмыс технологиясы жеке бастың қасиеттеріне сүйенеді.
Жаңа педагогикалық технологиялардың қайнар көздері және құрамды
бөліктері. Кез келген қазіргі педагогикалық технология педагогикалық ғылым
мен қоғамдық прогресте , гуманизация және қоғам демократизациясында пайда
болған дәстүрлі элементтерінің байланысы болып табылады. Оның қайнар
көздері мен құрама элементтері:
- әлеуметтік түрлену және жаңа педагогикалық ойлау;
- ғылыми-педагогикалық, психологиялық, қоғамдық ғылымдар;
- алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе;
- өткен тәжірибе, отандық және шетел тәжірибесі;
- халықтық педагогика (этнопедагогика).
Философиялық фундамент технологияларда барынша айқын білінеді, оның
қалыптасуы мақсаттар жүйесіне кіреді (мысалы, діни тәрбие, гуманистік
педагогика және т.б.).
Технологияларда идеологиясы бойынша бір-біріне мүлдем қарама-қарсы
әдістер қолданылуы мүмкін. Сондықтан бір технологияның өзі сол немесе басқа
философиялық негізге бейім болуы мүмкін (мысалы, ойын).
Гуманизм – адам құндылығын жеке бас ретінде, оның бостандыққа, бақытқа,
барлық қабілеттерінің пайда болуы мен дамуына құқығын мойындайтын
көзқарастар жүйесі. Бұл адам игілігін әлеуметтік құбылыстар бағасының
критерийі, ал теңдік, әділеттік, адамзаттық приниптерін – қоғамдағы
қатынастың қалаған нормасы деп есептейтін жүйе.
Гуманизм философиясына антропософия, педоцентризм, еркін тәрбие,
табиғат сәйкестілік, неопозитивизм, позитивтік экзистениализм сияқты
бағыттар жалғасады.
Теософия – діни бағыттағы мектептердің маңызды фундаменті болып
табылады. Теософиялық гуманистік парадигма халықтық педагогикада терең
тамырланып жатыр, жастарда мейірімділік пен зұлымдық, адамгершілік тәртіп
туралы түсініктерді жеткілікті түрде қалыптастырады.
Антропософия үшін діни емес, адамзаттық даналық маңызды. Антропософия
фанаттық құрылулармен де, сектанттықпен де ешқандай байланысы жоқ,
материалдық емес, рухани құндылықтарды зерттеуге бағытталған әлемді қатаң
түрде сырттай бағдарлау мақсатын көздейді.
Педоцентризм – тәрбие философиясындағы бағыт, ол баланың қажеттілігі
мен қызығушылық приоритетінен шығады, баланың дамуы үшін жағдай тудырудағы
педагогиканың негізгі міндетін көреді.
Экзистенциализм философиялық концепция өзінен-өзі істейтін адам
(человек есть то, что он сам из себя делает). Классикалық экзистенциализм
өкілдері экзистенция мәнісін, оның негативтік мінезге ие (қорқыныш, кінә,
өкініш) көңіл-күйлер мен сезімге деген адамгершілік жағын көрсетеді.
Прагматизм концепциясы (неопозитивизм, неофрейдизм философиялық
ағымдары да қосылады) жеке бастың интеллектуалдық және адамгершілік
қасиеттері, жеке тәжірибемен байланысты.
Кез-келген технология адамның психикалық дамуын анықтайтын қайнар
көздер, алғашқы себептер туралы түсініктерден шығады. Дамудың негізгі
басты факторына тәуелділігіне қарай технологияны төмендегідей бөлуге
болады:
- биогендік технологиялар; психиканың дамуы биологиялық тұқым қуалау
(генетикалық) коды арқылы анықталады; сыртқы орта тұқым қуалаушылық
белгілерін іске асырады деп ұйғарады.
- Социогендік; жеке басты адамның әлеуметтік тәжірибесі, оқыту нәтижесі
жазылатын tabula rasa ретінде көрсетеді;
- Психогендік; даму нәтижесі адамның өзімен, оның алдыңғы тәжірибесімен,
өздігінен жетілудің психологиялық үрдістерімен анықталады;
- Идеалистік; жеке бастың материалдық емес тегі мен оның сапасын болжайтын
технология;
Білімді меңгеру, дағды мен біліктіліктің қалыптасуы, қабілеттердің
дамуы мынадай кезеңдерді қамтитын логикалық тізбекке ие болады: а) оқу
материалын қабылдау, ә) ішкі байланыстар мен қарама-қайшылықты түсінуге
әкелетін ойлау; б) еске түсіру және есте сақтау; в) практикалық іс-әрекетте
меңгергенді қолдану. Төмендегі шарттарды қадағалағанда оқытуда жоғары
дәрежеге жетуге болады: а) оқушылардың оқуға деген белсенді ынтасын
қалыптастыру; ә) оқу материалын белгілі тізбекте беру; б) жаттығулар арқылы
ақыл-ой және практикалық іс-әрекеттің әртүрлі тәсілдерін көрсету және
бекіту; в) білімді практикада қолдану.
Осы концепцияның көрнекті өкілдері мен жасаушылары – И.М.Сеченов,
И.П.Павлов, С.А.Рубинштейн, Н.А.Менчинская, Д.Н.Богоявленский, Ю.А.Самарин
және т.б.
В.В.Давыдов – Д.Б.Элькониннің маңызды жалпыла теориясы. Оқытудың бұл
концепциясының негізіне теориялық білімнің басты ролі туралы гипотеза
жатады, атап айтқанда, интеллектінің қалыптасуындағы маңызды жалпылау.
Баланың оқу-әрекеті теориялық-дедуктивтік тип бойынша құрылған танымдық іс-
әрекет ретінде түсіндіріледі. Оны жүзеге асыруға оқушылардың теориялық
ойлауын, оқу пәнін арнайы құру және танымдық іс-әрекетті ерекше ұйымдастыру
жолымен қалыптастыру арқылы жетуге болады.
Оқыту үрдісінде жаңа ұғымдарды енгізу 4 сатыда жүреді:
1. Мұғалім ұсынған математикалық, лингвистикалық немесе басқа жағдаймен
танысу, оны бағдарлау.
2. Осындай материалдың берілген түрдегі есепті шешудің негізі қызметін
атқаратын неғұрлым маңызды қатыстарды айқындайтын үлгісін меңгеру.
3. Сол немесе басқа модельдегі формада анықталған қатынасты белгілеу.
4. Белгіленген қатынастың қасиеттерін айқындау, олар арқылы бастапқы
дербес есепті шешудің шарттары мен тәсілдерін анықтайды.
Теориялық тип бойынша құрылған оқытуды ұйымдастыру В.В.Давыдов және
оның жолын қуушылардың айтуынша, баланың ақыл-ойының дамуы үшін неғұрлым
қолайлы; сондықтан мұндай оқытуды олар дамыта оқыту деп атаған.
Бүгінде мектеп жұмысының теориясы мен практикасында оқу-тәрбиелік
үрдістің көптеген нұсқалары жүргізіліп отыр. Әрбір автор және орындаушы
педагогикалық үрдіске өзінің жеке еңбегін енгізеді, осыған байланысты әрбір
нақты технологияны авторлық деп атап жүр. Бұл пікірмен келісуге болады.
Дегенмен, көптеген технологиялар өзінің мақсаты, мазмұны, қоладынлатын
әдістері мен құралдары арқылы жеткілікті түрде ұқсастыққа ие болады және
осы ортақ белгілері бойынша бірнеше жалпыланған топтарға жіктеуге болады.
Педагогикалық технологиялар төмендегі кластарға бөлінеді:
- Қолдану деңгейіне қарай жалпы педагогикалық, жеке әдістемелік, және
модульдік технологиялар.
- Философиялық негізі бойынша: материалистік және идеалистік, диалектикалық
және метафизикалық, ғылыми және діни гуманистік және антигумандық,
антропософиялық, және теософиялық, прагматикалық және экзистенциалистік,
еркін тәрбие және мәжбүр ету, т.б.
- Психикалық дамудың басты факторлары бойынша: биогендік, социогендік,
психогендік және идеалистік технологиялар. Бүгінде жеке бас биогендік,
социогендік және психогендік факторлардың әсерлер жиынтығының нәтижесі
болып табылады деп қабылданған, бірақ нақты технология олардың бірін ғана
ескеріп, немесе ұтыс жасайды, оны негізгі деп есептейді.
- Тәжірибелі меңгерудің ғылыми концепциясы бойынша: ассоциативті-
рефлекторлық, бихевиористік, гештальт технология, интериоризаторлық,
дамыта оқыту.
- В.П.Беспальконың танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және басқару типі
бойынша: мұғалімнің оқушымен өзара әрекеті алшақталған, циклдық,
шашыраңқы немесе бағытталған индивидуалдық және автоматтандырылған, яғни
оқу құралдарының көмегімен. Осы белгілердің байланысы технологияның
дидактикалық жүйесін анықтайды:
1. Классикалық дәстүрлі оқыту;
2. Аудио-визуалды техникалық құралдар көмегімен оқыту.
Практикада осы монодидактикалық жүйелердің әртүрлі комбинациясы
қолданылады, ең кең тарағаны:
- Я.А.Коменскийдің дәстүрлі классикалық класс-сабақтық жүйесі, мазмұндаудың
дәрістік әдісі мен кітаппен өз бетінше жұмыс комбинациясынан тұрады.
- Қазіргі дәстүрлі оқыту алдыңғыны техникалық құралдармен байланыстыра
қолданады.
- Оқытудың топтық және дифференциалдық әдістері, педагог барлық топпен
ақпарат ауыстыру, сондай-ақ жеке оқушыларға репетитор ретінде көңіл
аударады.
- Бағдарламалап оқыту, барлық басқа түрлерді жеке қолдана отырып,
басқарудың адаптивті бағдарламасына негізделеді.
Эзотерикалық технологиялар эзотерикалық білім, оған апаратын ақиқат пен
жолдар туралы оқуға негізделген. Педагогикалық үрдіс – ол хабарлама емес,
қатынас емес, ол ақиқатқа қосылу. Эзотерикалық парадигмада адамның өзі
әлеммен ақпараттық өзара әрекеттесудің орталығы бола бастайды.
Оқушылар категориясы бойынша неғұрлым маңызды және түпнұсқалы түрлері:
- Дәстүрлі мектеп технологиясы, орташа оқушыға арналған;
- Қозғалыстағы деңгей технологиясы, яғни пәндерді тереңдетіп оқыту
гимназия, лицей, арнаулы білім және т.б.
- Орнын толтыра оқыту технологиясы, яғни түзетулер жасау.
- Әртүрлі виктимологиялық технологиялар (сурдо-, орто-, тифло-,
олигофренопедагогика);
- Жаппай көпшілік мектеп төңірегінде ауытқымалы, қиын немесе дарынды
балалармен жұмыс технологиялары.
Сонымен қазіргі технологиялардың басым көпшілігінің атаулары
модернизация және модификация мазмұнымен анықталады, оларда маңызды
дәстүрлік жүйе кезедеседі.
Педагогикалық қатынастардың гуманизациясы мен демократизациясы
негізінде педагогикалық технологиялар. Бұл технологиялардың іс жүргізу
бағдары, жеке бас қатынастарының приоритеті, индивидуалдық жақындау, қатаң
емес демократиялық басқаруы және айқын гуманистік бағыттағы мазмұны болады.
Оларға ынтымақтастық педагогикасы, Ш.А.Амонашвилидің гуманды жеке бас
технологиясы, Е.Н.Ильиннің адамды қалыптастыратын пән ретінде әдебиетті
оқыту жүйесі, т.б.
Оқу материалын әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта құру
негізіндегі педагогикалық технологиялар. П.М.Эрдниевтің дидактикалық
бірліктерді ірілендіруі (УДЕ), В.С.Библер мен С.Ю.Кургановтың мәдениет
диалогы технологиясы, Л.В.Тарасовтың Экология және диалектика жүйесі,
М.Б.Воловичтің ақыл-ой іс-әрекетін кезеңдік қалыптастыру теориясын жүзеге
асыру технологиясы және басқалар.

1.2 Дидактикалық ойын арқылы физика сабағын ұйымдастыру

Қазіргі кезде оқушының ой - өрісін көтеру, шығармашылық қабілетін
дамыту, алған білімін практикада қолдана білуге баулу, әртүрлі ғылыми
әдебиеттерді пайдаланып,өзінің білімін тереңдетуге үйрету мәселелеріне
айрықша мән беріліп отыр. Себебі мемлекеттік стандартта орта білім беретін
мектептерде әрбір шәкіртті жеке тұлға деп санап, оларды өз сұраныстарына,
мүдделеріне сай оқыту мен тәрбиелеудің сан қилы үлгілерінқолдану керектігі
көзделген. Бұл жағдайда оқыту технологиясын өлзгертуді, оқушыларды өз
бетінше білім алуға, өзін-өзі дамытуға, ұйымдастыруға үйрету мәселелеріне
көп көңіл бөлуді талап етеді.
Осы міндеттерді атқару жолында басқа пәндер мен қатар физика пәнінің
атқаратын рөлі де зор. Себебі физика жаратылыстану ғылымдарының тірегі, ал
оның зерттеу әдістері қазіргі заманғы ғылыми танымның тұғыры. Дегенмен,
қазіргі уақытта орта мектептегі физика пәніне бөлінген сағат қоры аздық
етіп отыр. Осының салдарынан физика сабағында, бұрынғы кездегідей
лабораториялық жұмыстар көптеп жасалмайды, есептер шығаруға уақыт
жетіспейді. Осыдан оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын және оны
оқыту сапасын қалай арттыруға болады? деген сұрақ туады.
Менің ойлауымша, бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы физиканың оқыту
әдістемесінің ең тиімді, ұтымды тәсілдерін қолдану, берілген мағлұматтарды
оқушының мейлінше аз уақытта терең жан-жақты игеруін қамтамасыз ету және
физиканы оқытуды жандандыру әдістерін пайдалануға болады.
Физика есептерін мазмұны, берілу шарты және шығару тәсілдеріне сәйкес
бірнеше топтарға бөлуге болады.
1. Мазмұны жағынан ажыратылатын есептерге физиканың механикаға,
электродинамикаға, оптикаға және т.б. бөлімдеріне арналған есептер
жатады.
2. Берілу шарты бойынша физикалық есептер сапалық, сандық, графиктік,
эксперименттік топтарға бөлуге болады.
Сапалық физикалық есептер жаңа сабақтың мазмұнын түсіндіруге өте
пайдалы. Сандық есептер физикалық шамалардың ара қатынастарын аналитикалық
формулалар арқылы тағайындауда аса қажет. Графиктік есептерден керекті
мағлұматтар алуда, шығару барысында графиктер қолданылады. Эксперименттік
есептер нақты физикалық құбылыстардың, оларды түсіндіретін тәжірибелердің
мәнін түсіндіруге арналады.
3. Шығару тәсілдеріне есептер аналитикалық және синтетикалық болып
екіге бөлінеді
Аналитикалық тәсілде қажетті нәтиже негізгі формулалар, сақтау заңдары
арқылы дедукциялық түрде алынады. Синтетикалық тәсілде керекті нәтижелер
есептің шарты бойынша анықтауға болатын физикалық шамалар арқылы жеке
фактілерден индукциялық түрде ізделінеді.
Физиканы оқыту әдістемесі есеп шығару процесінде үйретуден гөрі
ұйымдастыру жағына көбірек көңіл бөледі. Қазіргі кезеңде орын алған есеп
шығару әдістемесі негізінен не істеу керек? деген сұраққа жауап іздейді,
ал қалай істеу керек деген сұраққа жауап жеткілікті дәрежеде ашылмайды.
Менің ойымша, физикалық есептерді шығару әдістерін жетілдіру,
ұйымдастырушы алгоритмнің үйрету функциясын күшейту бағытында жүргізілуі
тиіс. Оқушыға есептен физиканы көруді қалай үйретуге болады? Бұл үшін
оқушылар мына мәселелерді жақсы игеруі тиіс.
1. Физика деген не? Ол нені зерттейді?
2. Физикалық есеп деген не?
3. Есептің мазмұнынан физиканы қалай көруге болады?
Осы үш мәселені шешу жолына қысқаша шолу жасасам.
1. Физика жаратылыстану ғылымы, сондықтан ол физикалық
құбылыстарды,
денелердің физикалық қасиеттерін зерттейді. Осы физикалық білімдерді
практикада, техникада қолдану мүмкіндіктерін қарастырады.
Физика деген сөз термин емес, ол өзіне тән белгілері бар ұғым, түсінік.
Бұл пәнді мектепте оқытудың мақсаты оқушылар санасында физика ұғымын
қалыптастыру,меңгерту және сол арқылы оқушы бойында жеке тұлғаға тән
қасиеттерді дамыту.
2. Физика ұғымы физикалық есептің құрылымын анықтайды. Мұндай есепте:
а) өзіне тән заңдылықтармен жүретін бір немесе бірнеше физикалық құбылыс
беріледі; б) өзіне тән физикалық қасиеттері бар бір немесе бірнеше денелер
қарастырылады.
Кез-келген физикалық есеп нақты физикалық құбылыспен немесе дененің
физикалық қасиетімен байланысқан практикалық мәселені шешуге арналады.
Демек, физикалық есепті шешу теориялық білімді практикада қолданудың нақты
мысалы. Осыдан, физикалық есептер шығару: физикалық құбылыстар, заттардың
физикалық қасиеттері және физикалық білімдердің практикада қолданылуы
жөнінде қосымша мағлұматтар береді, физикалық заңдар мен теориялардың мәнін
терең түсінуге көмектеседі.
3. Есептің мазмұнынан физиканы қалай көруге болады? Менің ойымша, бұл
есептің мазмұнындағы физикалық сөздерді табу және оны физикалық ұғым,
физикалық заңдылықтар тіліне аудару, ауыстыру. Бұл қандай сөздер? Физикалық
құбылыстар туралы айтылатын, денелердің физикалық қасиеттерін білдіретін,
олардың қолданылуын растайтын сөздер. Мысалы жаратылыста жүретін кез-келген
өзгеріс құбылыс болып табылады. Ал физика табиғаттағы өзгерістерді,
құбылыстарды зерттейді. Олай болса физикалық есептердің шартында физикалық
сөздер арнайы сөздермен белгіленеді. Шындығында, қозғалады, буланады,
қызады, ұлғаяды, сығылады және т.б. өзіне тән заңдылықтары бар әртүрлі
физикалық құбылыстардың жүретінін білдіреді.
Денелердің физикалық қасиеттері, олардың қандай зат екендігін немесе
қандай заттан жасалғандығын, яғни құрамын білдіретін сөздермен беріледі.
Мысалы, азот,шыны, темір, су және т.с.с.Бірақ есепті талдау және оны шығару
үшін жүйеде жүретін физикалық құбылыстар мен оны құрайтын денелердің
қасиеттерін айқындайтын сөздерді білу жеткіліксіз. Физикалық құбылыстар
нақты физикалық шарттарда жүреді және олар есептің физикалық мәнін құрайды.
Осы физикалық шарттар әрбір нақты жағдайларда, қандай сөздермен
сипатталатынын есептерден қысқаша үзінділер келтіру арқылы анықтап көрейік:
1.Жіпке ілінген дене тепе-теңдікте тұр.
2.Дене бастапқыда бірқалыпты, соңынан бірқалыпты үдемелі қозғалды.
3.Дене белгілі бір биіктіктен еркін құлады.
4.Газ изотермиялық түрде ұлғайды.
5.Екі дене серпімді соқтығысады.
Осы келтірілген мысалдардағы нақты физикалық шарттар мыналар:
1.Дененің тепе-теңдік шарты
2. Дененің бірқалыпты және бірқалыпты үдемелі қозғалу шарттары
3.Дененің белгілі бір биіктіктен бастапқы жылдамдықсыз еркін құлау
шарты
4.Газдың тұрақты температурада ұлғаю және сығылу шарты
5.Денелердің серпімді соқтығысу шарты
Физикалық теорияда бұл шарттардың физикалық шешімдері бар. Олай болса
кез-келген физикалық есепте оның жасырын түрдегі шешімі беріліп қойылады.
Физикалық шарттарды есепті шығарудың элементтері деп қарауға болады.
Күрделі есептің шешімі бірнеше қарапайым есептің шешімінен құралады: а)
бірнеше физикалық құбылыстар; б) бірнеше денені қамтитын бір физикалық
құбылыс; в)берілген жүйе күйлері үшін бірнеше шарттар қарастырылады.
Біріншіден қарапайым есептердің саны физикалық құбылыстардың санымен,
екіншіден денелердің санымен, ал үшіншіден берілген жүйе күйлері табылатын
шарттардың саныменанықталады. Осыған байланысты жоғарыда енгізілген есепті
шығарудың элементтері ұғымын кеңейтумүмкіндігі туады. Енді бұл ұғымға
есептің физикалық шартын білдіретін сөздер ғана емес, соған эквивалентті
қатынастарды барлық қарапайым есептерде өзінің сан мәнін сақтайтын,
физикалық шамалар мен есепті талдау үрдісінде пайда болатын қатынастарды да
жатқызуға болады.
Сонымен құрылымы жағынан, кез-келген физикалық есеп ішінде физикалық
мағынасы бар сөздердің жиынынан құралады.
Оқытушының міндеті оқушыны осы сөздерді табуға және оларды физикалық
ұғымдар мен заңдылықтар тіліне аударуға үйрету. Менің осы бағытта
жүргізілген есептеулерім, бұл үрдістің есеп шығару барысында ұдайы
жүргізілуі қажет екендігін көрсетеді. Яғни ұйымдастырушы алгоритмнің әрбір
пункті белгілі дидактикалық қызмет атқаруы тиіс.
Оқушылардың білімге ықыласын, ынтасын, қызығушылығын арттырудың ең
жақсы жолының бірі- сабақта ойындарды қолдану. Ойын сабақтың басында- өткен
сабақты еске түсіреді. Сабақтың ортасында- көңіл-күйін сергітеді, ерік-
жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады. Сабақтың соңында- тақырыпты
бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. Ойын- оқушылардың
оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Ойын- балалар үшін айналадағы танып,
білу тәсілі. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко
былай деп жазды: Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін
еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, бала үшін ойынның нақ
сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп
жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен
ойыннан басталады. Физика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың
физикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу
дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі. Ойын барысында баланың жеке басының
қасиеттері қалыптасады.

Физика сабағында қолданылатын ойын түрлері
1. Дұрыс жолды тап

2. Физикалық эстафета

3. Кім жүйрік сайысы

4. Дұрыс белгіні қой , ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатика сабақтарында АКТ қолдану мүмкіндіктері
Көрнекі құралдардың білім сапасында алатын орны
Сынып сағатын ұйымдастыру
Биология сабағында үйлестірмелі дидактикалық материалды қолдану әдістемесі
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі
ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА КІРІКТІРУ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
Негізгі мектепте геометрия курсын визуализация құралдары көмегімен оқытудың теориялық негіздері
Көрнекі құралдар
Оқушылардың компьютерлік сауаттылықтарын дамыту
ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАР
Пәндер