Алаш зиялыларының оқу-тәрбие үрдісіне қосқан тәрбиелік үлесі



Кіріспе
1 Тарау. Алаш зиялыларының оқу.тәрбие үрдісіне қосқан тәрбиелік үлесі
1.1 Алаш зиялылары және ұлт тілі
2 тарау. Қазақтың «бес арысы» атанған зиялыларының ілімдері
2.1 Әлихан Бөкейханов . көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым
2.2 Ахмет Байтұрсынұлы аудармалары . тәлім . тәрбие мектебі
2.3 Мағжан Жұмабаевтың тәрбиелік идеялары . тәуелсіз ел мектебінің негізі
2.4 Жүсіпбек Аймауытовтың педагогикалық мұраларындағы тәлім.тәрбиелік идеялары
2.5 Міржақып Дулатов . зерделі сөз зергері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер:
Тақырыптың өзектілігі. Алаш қайраткерлерінің тіл саласындағы тағылымын биік бір асқарға теңесе болғандай. Сол асудың төңірегінде Алаш зиялыларының қазақ тілін дамытудағы еңбектерін ерекше бөле-жара айтуға болады. Алаш зиялыларының дербес мемлекеттілікке ұмтылыстарында қазақ тілінің мәртебесі туралы да ойлар менмұндалап тұрды. Оны олардың сол тұста жазған мақалаларынан және А.Байтұрсынұлының, С.Сәдуақасұлының Оқу комиссариатында басшылық еткен кезіндегі іс-қимылдарынан аңғаруға болады. Тіл – ұлт руханиятының негізгі өзегі екендігі де Алаш зиялыларының қоғамдық ойларынан және көркем шығармашылығынан көрініп жатты. Тілдің қоғамдағы орны мен рөлі жөніндегі қисынды пікірлер Ахаң бастаған алашшылдардың мақалаларынан көрініп жатты. Сондай-ақ, туған тіл тақырыбы ұлтты ұйыстырушы, халықтың төл болмысын айқындаушы фактор ретінде қазақ поэзиясында, әсіресе, М.Жұмабаев, С.Торайғыров өлеңдерінде ерекше леппен жырлана бастады.
Ең данышпан қазақ бастауында тұрған ұлы гуманистік аңсарды дамытқан, нағыз ренессанстық деңгейге жеткізген – Алаш қайраткерлері. Қазақ баласына Абайды ең алғаш таныстырған да Алаш зиялылары, Алаштың Әлиханы, Ахметі, Міржақыбы. Елі мен жерінің тәуелсіздігі жолында іздене отырып, сол күрес жолында Алаш зиялылары өздерін де, өз замандастарын да, өзінен кейінгілерді де қайраткерлік жағынан да, қаламгерлік жағынан да дайындады, жетілдірді деуге болады.
Жұмыстың мақсаты:
Алаш зиялыларының оқу-тәрбие үрдісіне қосқан тәрбиелік үлесін ұсыну.
Жұмыстың міндеттері:
 Алаш зиялыларына тоқталып өту.
 Қазақтың «бес арысы» атанған зиялыларының ілімдерін ашып көрсету
Жұмыстың құрылымы:
Кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер

1.Алаш Орда: Сборник документов / Сост. Н. Мартыненко. – Алматы: Айқап, 1992. – 192 с.
2.Әбуев К. Қазақстан тарихының ақтаңдақ беттерінен. – Алматы: Қазақстан, 1994. – 144 б.
3.Бес Арыс. (Құраст, Д. Әшімханов). –Алматы: Жалын, 1992. – 544 б.
4.«Алаш қозғалысы идеясының Еуразия кеңістігіндегі ықпалы: тарих және қазіргі кезең» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары, Семей 2008ж
5. Қ.Әбуов. Қазақстан тарихының «ақтаңдақ» беттерінен. –Алматы: Атамұра-Қазақстан, 1994.
6. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық.
І-том. - Алматы: Атамұра, 1996. 544 б. (9 б.).
7. "Қос төңкеріс және Алаш қозғалысы". Сұхбат материалдары. Сұхбатты хаттаған Т.Омарбеков // "Ақиқат", 1991, N11 (45-46 б.б.).
8. Т. Жұрбай. Ұраным – Алаш!. -Алматы, 2008.
9. Қойгелдиев М., Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді? – Алматы, 1993.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Алаш зиялыларының оқу-тәрбие үрдісіне қосқан тәрбиелік үлесі

Мазмұны

Кіріспе
1 Тарау. Алаш зиялыларының оқу-тәрбие үрдісіне қосқан тәрбиелік үлесі

1.1 Алаш зиялылары және ұлт тілі

2 тарау. Қазақтың бес арысы атанған зиялыларының ілімдері
2.1 Әлихан Бөкейханов – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері,
ғұлама ғалым

2.2 Ахмет Байтұрсынұлы аудармалары - тәлім - тәрбие мектебі

2.3 Мағжан Жұмабаевтың тәрбиелік идеялары – тәуелсіз ел мектебінің негізі
2.4 Жүсіпбек Аймауытовтың педагогикалық мұраларындағы тәлім-тәрбиелік
идеялары
2.5 Міржақып Дулатов - зерделі сөз зергері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер:

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Алаш қайраткерлерінің тіл саласындағы тағылымын
биік бір асқарға теңесе болғандай. Сол асудың төңірегінде Алаш зиялыларының
қазақ тілін дамытудағы еңбектерін ерекше бөле-жара айтуға болады. Алаш
зиялыларының дербес мемлекеттілікке ұмтылыстарында қазақ тілінің мәртебесі
туралы да ойлар менмұндалап тұрды. Оны олардың сол тұста жазған
мақалаларынан және А.Байтұрсынұлының, С.Сәдуақасұлының Оқу комиссариатында
басшылық еткен кезіндегі іс-қимылдарынан аңғаруға болады. Тіл – ұлт
руханиятының негізгі өзегі екендігі де Алаш зиялыларының қоғамдық ойларынан
және көркем шығармашылығынан көрініп жатты. Тілдің қоғамдағы орны мен рөлі
жөніндегі қисынды пікірлер Ахаң бастаған алашшылдардың мақалаларынан
көрініп жатты. Сондай-ақ, туған тіл тақырыбы ұлтты ұйыстырушы, халықтың төл
болмысын айқындаушы фактор ретінде қазақ поэзиясында, әсіресе, М.Жұмабаев,
С.Торайғыров өлеңдерінде ерекше леппен жырлана бастады.
Ең данышпан қазақ бастауында тұрған ұлы гуманистік аңсарды дамытқан,
нағыз ренессанстық деңгейге жеткізген – Алаш қайраткерлері. Қазақ баласына
Абайды ең алғаш таныстырған да Алаш зиялылары, Алаштың Әлиханы, Ахметі,
Міржақыбы. Елі мен жерінің тәуелсіздігі жолында іздене отырып, сол күрес
жолында Алаш зиялылары өздерін де, өз замандастарын да, өзінен кейінгілерді
де қайраткерлік жағынан да, қаламгерлік жағынан да дайындады, жетілдірді
деуге болады.
Жұмыстың мақсаты:
Алаш зиялыларының оқу-тәрбие үрдісіне қосқан тәрбиелік үлесін ұсыну.
Жұмыстың міндеттері:
➢ Алаш зиялыларына тоқталып өту.
➢ Қазақтың бес арысы атанған зиялыларының ілімдерін ашып көрсету
Жұмыстың құрылымы:
Кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер
тізімінен тұрады.

1 Тарау. Алаш зиялыларының оқу-тәрбие үрдісіне қосқан тәрбиелік үлесі

1.1 Алаш зиялылары және ұлт тілі

Ұлттың бойында сан ғасырлар жинақталған рух пен мұраттың ұлы бұлқынысы
болған Алаш қозғалысы ел тағдырына қатысты барша идеяны өзіне өзек еткені
бүгінде көбімізге белгілі. Құдайға тәуба, Алаш қайраткерлері күресінің
тағылымы да, Алаш қаламгерлерінің мұрасы да жылдан жылға қазақтың рухани-
мәдени өміріне еніп, Алаш сөзі аяулы ұғым, қасиетті түсінік ретінде
қоғамымызда асқақтатыла айтылып келеді. Күнделікті теледидардан, радиодан,
газеттерден Алаш сөзінің айрықша мән беріліп айтылғанына, жазылғанына куә
болудамыз. Яғни, Алланың алқауымен қазақ баласының жаны мен жүрегіне, ойы
мен пікіріне, санасы мен сезіміне Алаш ұғымы уақыт өткен сайын бойлай
түсуде. Партия ұраны десек, бабамыздың Алаш ұранынан артық ұранды
іздесек те таба алмаймыз.
Сонау ХХ ғасырдың басында елдің еркіндігі үшін күрескен ерлер қалаған
осы қасиетті сөз тәуелсіздігіне жеткен қазақ баласына да соншалықты қымбат,
аяулы ұғымға айналуда. Бұл – санамыздың жаңғыруы, тарихи тамырларымызды
қастерлеуіміз, елдіктің белгісі, өсер жұрттың өнегесі.  
Алаш зиялыларының саяси және рухани күресіндегі негізгі мақсат, орасан
міндет, ол ұлтымызды ұйыстыру, сол арқылы елдігімізді айқындау десек, онда
осындай ұланғайыр сауапты істің аясында ана тілімізді сақтау мәселесі
тұрды. Алаш қайраткерлерінің қай-қайсы да тілдің саяси, қоғамдық һәм рухани
үлкен күш, ұлтты біріктіруші қуатты құбылыс екендігін жақсы сезінді.
Сондықтан да Алаш сияқты аса ірі қозғалыстың рухани тінінде қазақ тілі
мәселесі ерекше орынға ие болды. Ұлт-азаттық күрес заманы қалыптастырған
зиялылардың ана тілімізге арналған еңбектері, тіл жолындағы алуан күрестері
– бүгінгі өзі де азат, тілі де азат күнге жеткен қазақ баласына тағылымды
мұра, өміршең өсиет. Алаш зиялыларының тіл төңірегіндегі еңбектерінің
алуандығы – олардың ұлт тағдырындағы тілдің төтенше маңызын әрі терең, әрі
жан-жақты түсінгендігін аңғартады. Соған орай, Алаштың тілдік мұрасын сан
тарапты құбылыс деп бағалай келе, оны бірнеше аспектіде сипаттаудың
бірқатар мүмкіндіктерін аңғартпақпыз.
Біріншіден, Алаш азаматтары қазақ ғылымының төлбасы әрі арналы саласы
ретінде ең алғаш болып тілтану ғылымының іргетасын қалады. Оның себебіне
үңілсек, онда Алаш қайраткерлерінің барлық ұлттық ерекшеліктердің ішінен
халықтың болмысын, өткені мен бүгінін танытарлық тіл сияқты ең көрнекті
құбылысты таңдауы аса қисынды еді. Қандай ғылым болса да, әлбетте, белгілі
бір қолданбалы, жүзелік сипаттан өрістейді. Осы тұрғыдан келгенде, Ахаңның
тіл саласындағы еңбектері, кейінірек жазылған Халел Досмұхамедұлының,
Телжан Шонанұлының, Елдес Омарұлының еңбектері алдымен оқытуға, білім
беруге арналған дүниелер болатын. Әсіресе, тіліміздің жазу үлгісінің,
емлесінің қалыптасуындағы Алаш зиялыларының орны алабөтен. Алаш
оқымыстыларының қазақ тіл білімі тарихындағы орнын 1924 жылы Орынбор
қаласында өткен қазақ білімпаздарының тұңғыш сиезі де байқатты. Алаш
оқымыстылары қалыптастырған қазақ тіл білімі Ахаңның, Ахмет Байтұрсынұлының
ғылыми-тілдік мектебін қалыптастырды. Тәуелсіздік алған заманда тағы да
Ахаң өзінің ұстаздық мінберіне барша тұлғасымен көтерілді.
Екіншіден, Алаш қаламгерлері ХІХ ғасырдың ортасында алғашқы белгілері
байқалған ұлттық жазба әдебиетімізді жанрлық жағынан да, стильдік тұрғыдан
да қалыптастырды, анағұрлым байытты. Қазіргі кезде ғалымдар тарапынан Алаш
әдебиеті, Алаш ұранды әдебиет делініп жүрген әдебиет идеялық жағынан да,
тақырыптық жағынан да, тілдік-стильдік жағынан да, жанрлық жағынан да,
бейнелілік жағынан да ауызша дамыған сөз өнеріміздің жазба әдебиетке тән
деңгейге көтерілуіне өлшеусіз үлес қосты. Бұл тіліміздің бойындағы
мүмкіндіктерді барынша көрсетуге, көркем әдебиет стилінің дамуына жағдай
жасады. Алаш әдебиеті арқылы ұлттық сөз өнеріміз жаңа деңгейге жетіп,
тіліміздің байлығы мен оралымдылығының, мағыналылығының, әлеуетінің
мүмкіндіктері мол екендігін паш етті. Жазба әдебиетіміздің тарихындағы
алаштық кезеңді зерттеуде қазақ лексикасының зор мүмкіндіктерін айқындайтын
мысалдар жеткілікті. Сөз қолдану, ұғымды беру, тың сөз тіркестерін жасау,
бейнелілік тудыру, тілдің стильдік мүмкіндіктерін ашу, құбылысты суреттеу –
олардың ұлттық ойлаудың биігіне жеткендігін, сондай-ақ Шығыс пен Батыстың
рухани игіліктерін ізденгіштікпен зерделегенін байқатады. Алаш
қайраткерлері мен қаламгерлерінің бұл жоралы жолы із-түссіз кеткен жоқ.
Оның тамаша дәстүрлері өзінен соңғы советшіл әдебиеттен көрініс тауып
жатты.
Үшіншіден, Алаш зиялылары ХХ ғасырдың басында ұлт тәуелсіздігі
мәселесін көтере отырып, ұлттың рухани-мәдени өрлеуіндегі, саяси
ұйысуындағы асыл қазынаның бірегейі тіл екендігін байыптады. Сөйтіп, олар
тілді сақтау, дамыту, қолданыс аясын кеңейту міндеттерін көтере келе, қазақ
тілінің саяси, қоғамдық, әлеуметтік мәртебесіне ерекше мән берді. Бұл
алаштықтар тарапынан тілдің саяси, әлеуметтік маңызын, ұлттың тұтасуы мен
өркендеуіндегі орнын сезініп, оған тұңғыш рет берілген толымды баға
болатын. Бұл да тәлімі тарихи деуге татитын Алаштың орасан өнегесі болатын.
А.Байтұрсынұлы Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш
уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп
болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл - деп ұлттық рухтың, болмыстың негізі
де, арқауы да тіл екендігін алғаш аңғартты. А.Байтұрсынұлының Туған
тілім, М.Жұмабаевтың Қазақ тілі, С.Торайғыровтың Туған тіліме өлеңдері
– жалпы қазақ әдебиетіндегі тіл тақырыбында жазылған тұңғыш көркем
туындылар еді. Алаш қайраткерлерінің тіл турасындағы осы көкейкесті ойлары,
рухани күресі азаттық алған бүгінгі қазаққа да жолбасшылық етуде. 
Төртіншіден, Алаш қозғалысы тұсында шын мәніндегі ұлттық мазмұндағы
қазақ баспасөзі қалыптасты. Алаштың рухани көсемі Ахаңның еңбегімен,
жігерімен дүниеге келген Қазақ газетімен бірге, Түркістан көсемі Мұстафа
Шоқай шығарған Бірлік туы және Алаштың астанасы Семей қаласында Райымжан
Мәрсеков, Халел Ғаббасовтар шығарушылары болған Сарыарқа газеттері
публицистикалық тіліміздің айрықша дамуына іргелі үлестерін қосты. Сөйтіп,
қазақ публицистикалық тілі мен стилі Алаш қозғалысы тұсында аяқтанды деп
айта аламыз. 
Бесіншіден, Алаш оқымыстыларының ғылыми және ғылыми-танымдық
еңбектері, әр салаларға арналған оқулықтары арқылы тіліміздің ғылыми және
ғылыми-көпшілік стильдерін қалыптастырды. Айталық, Ә.Бөкейханның тарих,
фольклортану, әлеуметтану саласындағы ғылыми шығармалары, А.Байтұрсынұлының
1912 жылдан бастап 1928-1929 жылдарға дейін жазылып, жарияланған
оқулықтары, оқу құралдары, ғылыми мақалалары, Х.Досмұхамедұлының медицина,
биология, тілтану саласындағы ғылыми еңбектері, М.Тынышпаевтың тарихи
зерттеулері, М.Дулатовтың тілтану, әдебиеттану, математика саласындағы
ғылыми шығармашылығы, Ж.Аймауытовтың психология, әдебиеттану саласындағы
ғылыми ізденістері, М.Жұмабаевтың педагогика, әдебиетану саласындағы
еңбектері, Т.Шонанұлының тілтану, әдістемеге арналған оқу құралдары мен
зерттеулері, сондай-ақ Ә.Ермековтің, М.Тұрғанбаевтың, Е.Омарұлының,
С.Асфендияровтың, М.Бұралқиевтың, Қ.Кемеңгерұлының, С.Сәдуақасовтың ғылыми
еңбектері ғылым тілінің, қазақтың ғылыми терминологиясының қалыптасуында
айрықша белес болды. Қазақ тілінің әліпбиін, емлесін жасаумен, ішкі
заңдылықтарын ғылыми дәйектеумен бірге Алаш зиялылары тіліміздің тазалығы,
мәдениеті үшін де күресті.
Алтыншыдан, Алаш қаламгерлерінің аударма саласындағы алуан
еңбектерінің нәтижесінде қазақ аудармасының негізі қаланды. Бұл арада
Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Қ.Кемеңгерұлы және тағы
басқалар жасаған көркем аудармалар, Х.Досмұхамедұлы, Ж.Аймауытов,
Т.Шонанұлы және тағы басқа қаламгерлер жасаған ғылыми аудармалар, сондай-ақ
әлеуметтану, саясаттану, философия салаларында орындалған аудармалар,
әлбетте, саны жағынан да, түрі жағынан да өзіне дейінгі кезеңдерге
қарағанда әжептеуір өсу болатын. 
Жетіншіден, Алаш қайраткерлері жалпылай келгенде, Алаш қозғалысының
барысында, негізінен алғанда, облыстық қазақ комитеттерінің, Алаш
партиясының құрылуы тұсында, Бірінші, Екінші жалпықазақ сиездері кезінде,
Алашорда үкіметінің қызмет етуі кезеңінде тіліміздегі ресми-іскери стильді
қалыптастыра бастады.
Міне, біз негізгі жеті себебін жіктеген қазақ тілінің Алаш қозғалысы
тұсындағы өрістеу бағыттары өз кезеңінің ғана емес, бұдан соңғы жылдарда да
дәстүр жайған, өнегелі өріс болған құбылыс, жанды үдеріс болатын. Біз
бабаларымыздың күресі мен өсиетін бойымызға сіңіруде, олардың бүгінгі
күнімізбен тікелей сабақтас құндылық екендігін әрқашан сезінуіміз қажет.
Осы тамырластық дегдар сезім бүгінгі қазақтың азаттығына, ел болуына, ел
болу үшін, басқа да мемлекеттік атрибуттармен, істермен бірге ұлт тілінің
мерейін асыратын, отаршылдық қалдықтарымен күресетін баянды шаруаларға
жұмылдыруы шарт һәм міндетті. Бағзы бабалардың да, абыз Абайдың да, Алаш
зиялыларының да аманаты осында.

2 тарау. Қазақтың бес арысы атанған зиялыларының ілімдері
2.1 Әлихан Бөкейханов – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері,
ғұлама ғалым

20-ғасырдағы қазақтың ең әйгілі мемлекет қайраткері, ғалым, зерттеуші,
публицист, әдебиетші, ұлт-азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы – Әлихан
Нұрмұхамедұлы Бөкейханов қазақ халқының тарихына, экономикасына,
мәдениетіне, шаруашылық жүргізу тәсілдеріне, ру-тайпалар шежіресіне, тұрмыс-
салтына, қазақ жерлерінің отарлану тағдырына еңбектерін арнаған.
Әлихан Бөкейхан қазақ елінің ішкі өмірі, мінез-құлқы, ел билеу дәстүрі,
сайлау жүйесі, заман талабына орай жасалмақ өзгерістерге қатысты көптеген
еңбектер жазып, оларды ауылдағы үлкен аға, кіші ініге, оқыған, мұсылманша
хат білетін ескі көздерге, орысша білім алған жас буынға арнаған. Көшпелі
қазақ халқының әлеуметтік психологиясын терең талдап, әр түрлі топтардың
мінез ерекшеліктерін Қазақ газетінде (1913, №12,14,15,17) Сайлау деп
аталатын мақалалар шоғырына жинақтаған Әлихан Бөкейхан Қазақ сайлауы
жұртқа келген бір жұт: сайлау жылы мал бағусыз, егін салусыз, пішен
шабусыз, малшыдан басқа үйде отырып шаруасын қараған адам болмас – деп
мансапқордың кескінін сатиралық, шыншылдық сипатта көрсеткен.
Халықтың рухани байлығының бірі – көркем әдебиетке, Ә.Бөкейхан, көп
көңіл бөлген. Халқымыздың сарқылмас қазынасы – ауыз әдебиеті мұраларын
жинап, оларды жіктеп, өңдеп бастырған. Қазақтың ұлт болып өркениетті ел
қатарлы өмір сүруі үшін, ең алдымен, халықтың сана-сезімін оятатын жағдай
туғызу керек, қазақтың ұлттық тілін, әдебиетін өрістету керек. Өз әдебиетін
қалыптастыру да табысқа жеткен халық қана азат өмір сүре алады, – деп
білген Әлихан ұлттық әдебиетімізді өркендетуге жан-тәнімен еңбек етеді.
Халықтың мәдениетін көтеруде, ой-санасын оятуда, халықты надандық
құрсауынан шығарудағы әдебиеттің баға жетпес орнын ерте түсінген. Алдыңғы
қатарлы зиялылар мен әдебиет өкілдерін халыққа қызмет етуге масадай
шағып, оятуға, білім беріп көзін ашуға шақырады.
Бүкіл саналы өмірін халқына, халқының азаттығына арнаған Әлихан
Бөкейханов барлық қажыр-қайратын, білім, дарын-талантын патша үкіметі
кезіндегі қыспақ-қанау, отаршылық-зорлық кезінде қалам күшімен жазылған
еңбектерінде қалың қазақтың өз ішіндегі алауыздық: жалқаулық, өтірік,
ұрлық, шаруаға қырсыздық, тақылеттес кесапаттарды сынай отырып, ел тағдыры
үшін ең басты нәрсе, негізгі байлық, тіршілік көзі – жерге иелену екенін
терең сезініп, осы бағытта ғылыми зерттеулер жүргізіп, мақалалар жазды.

2.2 Ахмет Байтұрсынұлы аудармалары - тәлім-тәрбие мектебі

Ахмет Байтұрсынов - қазақ мәдениетінің тарихында үлкен, бір дәуірді
алып жатқан алып тұлға. Оның тарихи тағылымы мол, тәрбие туралы өзіне тән
прогрессивтік ой-пікірі бар ұлы -ғалым. Қазақ философиясының (тіл білімі
және әдебиет тану) негізін салушы педагог-ағартушы, мәдениет және қоғам
қайраткері.
Оның қазақтың тіл білімі және қазақ тілін оқыту методикасы өзінің
сапалылығымен және ана тіліміздің ерекшелігін жинақтайтын оқулық негізі
ретінде үлкен табыспен мектептер мен жоғары оқу орындарында оқытылып,
қолданылмалы қазақ тілінің қолтума оқулығына айналып отыр.
Қазақтарды надандық шырмауынан шығарудың бірден-бір жолы ғылым-білімге
ұмтылу, оқу-ағарту жұмысымен айналысу деп түсінген Байтұрсынов бұл пікірін
"Қазақ" газетін жариялауға ұдайы ұмтылыс жасаған. 1911 жылы Орынборда
басылған ''Маса'' атты жинағы, халықты өз тағдыры үшін күреске шақырып,
жұртшылықты шырт ұйқысынан оятқан дабылды еңбек -топтама туынды болған.
Ахмет қалғыған халқын ең болмаса маса болып шағып оятайын, ойландырайын -
деген мақсат көздейді.
''Айқап журналы'' мен ''Қазақ'' газеті бетінде көптен көтеріп жүрген,
елдің санасын көтеруден бұрын, сауат ашар ''Әліп-би'' тіл құралын жазу үшін
графика және қазақ тілінің дыбыстық жүйесін жасаумен Байтұрсынов 20 жылдар
еркін айналысады. Ол әуел баста араб графикасына бейіл береді. Дәл осындай
құралдың ересектер үшін де аса қажет екенін ескеріп ''Әліпбиді'' жазады,
бұл оқулық 1924 жылы Орынборда, 1926 жылы Семейден басылып шыққан. Ал ''Тіл
құралы'' 1914 жылдан бастап жариялана бастайды.
Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылық, ғалымдық, қайраткерлік, ақындық
қасиеттерін сараласаңыз - өзінен бұрынғы үш ғұламаның Абайдың ақындығын,
Ыбырай-дың ағартушылығын, Шоқанның ғалымдығын, оны бір өзі таңдап алғандай.
Байтұрсыновтың бойынан осы үш қасиет бірдей табылған. өлеңін, ақындық
шеберлігін Ахмет Абайша түрлеп, адам бойындағы надандықты шенейді,
саналылыққа ел болып бірігуге шақырады.
Ахмет үлкен аудармашы. Ол Крыловты аударған. ''Арыстан, киік үәм
түлкі'' деген мысал өлеңін былай тұжырымдайды. ''Кісіге таза жолдас табу
қиын, Көбіне-ақ дос етеді мал мен бұйым, Досыңнан, дұшпаныңнан бірдей
сақтан,
Басыңда Сірә ''Ахмет болса миың'' - деп, өзіне арнаған.
Қаршадайынан елім - деп езіліп, халқым - деп қайғы жеген Ахмет
Байтұрсыновты - азап пен тозақтың бәрін басынан кешірген, ақыры қаратүнек
надандықтың құрбаны болған, оның өнер, білім, оқу-тәрбие, тарихи тағылымы
ұрпақтан-ұрпаққа сақталып, ұлы адамның аты -әр адамның, бүкіл жұрттың
жүрегінде мәңгі сақталары даусыз.

2.3 Мағжан Жұмабаевтың тәрбиелік идеялары – тәуелсіз ел мектебінің негізі

Бүгінгі және болашақтың ұрпағын қалай тәрбиелеп, оқытып шығару керек?
Егеменді еліміздің ұрпақтарын ұлылыққа баулу – бүгінгі мектептің парызы.
Президент Н.Назарбаев өзінің Қазақстан 2030 жолдауында: ...Оқушыларды
қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде
тәрбиелеу аса қажетті, бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік
талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс
қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек – деген болатын.
Президентіміздің бұл сөзі мұғалімдер үшін негізгі бағыт, бағдарлама болуға
тиісті.
М.Жұмабаев та кезінде осы бағытты меңзеді, егеменді елдің егемен мектебі
болуын қалаған. Өйткені оқушыны ұлттық рухта тәрбиелеп шығару тек ұлт
мектебінің қолынан ғана келеді. Кешегі өткен ұлы бабаларымыздың істері
бүгінгі ұрпақ үшін үлгі болуға тиіс. Олар ұлан-байтақ жерімізді қасықтай
қаны қалғанша қызғыштай қорғап, бүгінгі ұрпаққа аман есен тапсырды. Ал,
жеріміз бен егемендігімізді бүгінгі еліміздің жастары сол аталарындай
қорғай ала ма? Міне, мәселе осында, патриотизм мен ұлылықты қалыптастыру
құрғақ сөзбен жасалынбайды. Оған жүйелі бағдарлама, кешенді оқу-тәрбие
жұмыстары қажет. Ең алдымен ұлттық мектеп, оның концепциясы, заңдастырылған
дүние болмысы қажет. Әр пән бойынша оқулықтар жасалынумен қатар қазақ
халқының бүкіл жан дүниесі мен болмысын танытатын, оқу-тәрбие кешені қажет.

Мағжан өз Педагогикасында Баланы ешбір уақыт қорқытпау керек. Баланы
қорқыту – қып-қызыл зиян. Жасында қорқытылып үйренбеген бала өскенде ер
болады. Ерлікке іспен үйрету керек. Баланы ұру, соғу ісі адамшалыққа
ұнамайтын іс, - дейді. Ендігі жерде мектебімізде оқу-тәрбие ісінде
ізгілік, демократияландыру принциптері етек жаюы керек-ақ. Ұлттық
қағидаларды оқу-тәрбие ісіне терең кіргізе отырып, оны әлемдік алдыңғы
қатарлы өркениетті идеялармен қабыстыру қажет.
Жаңа ғасыр мектебін қалыптастыру үлкен ойлылықпен, іскерлікпен шешілетін
мәселе. Ғасыр басында Мағжан Жұмабаев өзінің Жазылашақ оқу құралдары һәм
мектебіміз деген еңбегінде: ...біздің дағдарып тұрған мектебімізді бастап
алып кететін даңғыл жол жоқ. Сондықтан оқу құралын жазып жатқан азаматтар
бұл оқу құралы қандай мінезді мектепке арналады – сол туралы ой жүргіртсе
игі болар еді. Кең қазақ мектебіне негіз іздегенде, таза пәк көзінен, яғни
мектеп құрылысының қазақ жанына қабысу жағынан келуі дұрыс болар еді, -
деп жазады. Мағжан Жұмабаевтың бұл ойы қазіргі күнде де бағасын жоғалтқан
жоқ .
Мағжан Жұмабаев өзінің қысқа өмірінде нағыз поэзия биігінe самғаған,
оның асқар асуларынан өлшеусіз нәр алған біртуар, әмбебап зиялы қайраткер
болды. Сонымен бipre оның тәлім-тәрбие ғылымының теориялык, жағына
төңкерістен кейін тұңғыш терең үңілушілердің бірі болуы Мағжан дарынының
тағы бір қырын көрсетеді. Осы тұрғыдан, Мағжан 1922 жылы "Педагогика" атты
(Ташкент, Орынбор) ғылыми еңбек жазды. Сол кездегі көрнекті қазак,
зиялыларының бipi - белгілі ғалым-педагог, публицист М.Жолдыбаев осы
кітаптың беташарына былай деп жазыпты: Заманға дәл жаңа кітап шыққанша
малданып, одан кейін оқып, салыстыра қарап, бұрыңғы жазғандардың адасқан
жерін тауып отыруға Мағжан педагогикасы іздесе таптырмайтын пайдалы тарихи
материал....
Оқу құралының бірінші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған.
Оның пікірінше, тәрбие саласы төртке бөлінеді. Олар: дене, жан, ақыл
тәрбиесі, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесі. Әрине, тәрбиенің бұдан басқа да
бірнеше түрлері бар, ол мұның басты-бастыларын ғана айтқысы келген болуы
керек. Автор олардың бір-бірімен табиғи тамырластығын тәптіштеп түсіндіре
келіп, былай дейді: Егер адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның
тәрбиесі түгел болғаны. Егер ол ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды
тұрмыста жиі ұшырайтын күштерді елемейтін мықты берік денелі болса, түзу
ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен,
әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны
жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының
дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам адам болсын деген ата-ана осы
төрт тәрбиені дұрыс орындасын.... Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып
шығару емес, келешек заманына лайық қып шығару, - деу арқылы М.Жұмабаев
тәрбие мақсатын келер күн талабымен ұштастырғысы келеді. Оның туған
халқының тәлім-тәрбиелік бай мұрасын игеру жөніндегі бағыт-бағдары да
құптарлық. Ұлт тәрбиесі, - деп жазды ол, - баяғыда сыналып келе жатқан
тастақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс
болуы керек. Сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті. М.Жұмабаев халық
тәрбиесін қастерлей отырып, оны да жұрт талқысынан өткізіп қабылдаудың
қажеттігін ескертеді. Талай нашар, зиянды әдеттер әрбір ұлт тәрбиесі
ішінде толып жатыр, - дей келіп, автор тәрбиешінің педагогикалық
шеберлігін ұштау мәселелеріне ден қояды.
Мағжанның көшпелі қазақ тұрмысындағы тәлім-тәрбиеге байланысты
көзқарасында ұлттық бояу ерекше байқалады. Қалай десек те, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш зиялылары және ұлт тілі
Ахмет Байтұрсыновтың мұраларының ғылыми-педагогикалық негіздері
Алашорда қайраткерлерінің педагогикалық мұрасы
Саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастары
Зерттеудің негізгі кезеңдері
Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық көзқарастары
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
А. Байтұрсыновтың ғылыми-әдістемелік мұралары
Зерттеудің жетекші идеясы
Ахмет Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі ( 1872 - 1937 жж. )
Пәндер