Жарғақ қанаттылар отряды - hymenoptera



Бұл отряд денесінің ұзындығы 0,2 мм - 60 мм болатын біртекті 2 жұп жарғақ қанаты бар әр түрлі насекомдарды біріктіреді. Кейбір формаларында (мысалы, жұмысшы құмырсқаларда, кейбір шаншарлардың ұрғашыларында) қанат болмайды. Мұртшалары жіп тәрізді, бүгілмелі, кейде қауырсын және таспік тәрізді болады. Ауыз аппараты кеміргіш, кеміріп жалағыш, кейде редукцияланған. Құрсағы қондырмалы, аспалы, сабақшалы болады, яғни кеудемен өте жіңішкеріп қылталанған немесе әр түрлі дәрежеде ұзарған бунақ арқылы жалғасады. Ұрғашыларында жақсы жетілген жұмыртқа салғыш қынабы болады. Бал ара мен жабайы арада жұмыртқа қынабы бізгекке айналған. Личинкалары құрт тәрізді немесе жалған жұлдызқұрттар. Қуыршақтары ашық, көбінесе піллә ішінде болады.
Түрлерінің саны жағынан тек қоңыздар мен көбелектерден ғана кем, ең ірі отрядтардың бірі - 100 мыңнан аса түрлері бар. Соның ішінде біздің елде 10 мыңдайы кездеседі. Қоректену сипаты және маңызы жағынан жарғақ қанаттылар алуан түрлі. Олар фитофагтар және галла түзушілер, гүл шырынын және тозаңын пайдаланушылар, жыртқыштар және насекомдардың паразиттері болып саналады.
Жарғақ қанаттылар отряды қондырма құрсақтылар және сабақшалы құрсақтылар деп аталатын 2 отряд тармағына бөлінеді.
ҚОНДЫРМА ҚҰРСАҚТЫЛАР ОТРЯД ТАРМАҒЫ - Symphita. Құрсағы қондырма типіне жататын, аяғының ұршық бөлімі 2 бунақтан тұратын, тек өсімдіктермен ғана қоректенетін насекомдар. Оларға орман ағаштарына зиян келтіретін мүйізқұйрықтылар мен егеушілердің бірқатар тұқымдастары жатады.
Сабақ егеушілер тұқымдасы - Cephidae. Денесі бүйір жақтарынан аздап қабысқан, басы жұмыр, ұзындығы 7-15 мм ірі немесе орташа насекомдар. Алдыңғы сирақтары бір тепкілі. Личинкаларын жалған жұлдызқұрттар деп атайды, түстері ақ, сарғыш, шала дамыған көкірек аяқтары S - әрпі тәрізді иілген. Құрсағының ұшында түтікше тәрізді без болады.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖАРҒАҚ ҚАНАТТЫЛАР ОТРЯДЫ - HYMENOPTERA
Бұл отряд денесінің ұзындығы 0,2 мм - 60 мм болатын біртекті 2 жұп
жарғақ қанаты бар әр түрлі насекомдарды біріктіреді. Кейбір формаларында
(мысалы, жұмысшы құмырсқаларда, кейбір шаншарлардың ұрғашыларында) қанат
болмайды. Мұртшалары жіп тәрізді, бүгілмелі, кейде қауырсын және таспік
тәрізді болады. Ауыз аппараты кеміргіш, кеміріп жалағыш, кейде
редукцияланған. Құрсағы қондырмалы, аспалы, сабақшалы болады, яғни кеудемен
өте жіңішкеріп қылталанған немесе әр түрлі дәрежеде ұзарған бунақ арқылы
жалғасады. Ұрғашыларында жақсы жетілген жұмыртқа салғыш қынабы болады. Бал
ара мен жабайы арада жұмыртқа қынабы бізгекке айналған. Личинкалары құрт
тәрізді немесе жалған жұлдызқұрттар. Қуыршақтары ашық, көбінесе піллә
ішінде болады.
Түрлерінің саны жағынан тек қоңыздар мен көбелектерден ғана кем, ең ірі
отрядтардың бірі - 100 мыңнан аса түрлері бар. Соның ішінде біздің елде 10
мыңдайы кездеседі. Қоректену сипаты және маңызы жағынан жарғақ қанаттылар
алуан түрлі. Олар фитофагтар және галла түзушілер, гүл шырынын және тозаңын
пайдаланушылар, жыртқыштар және насекомдардың паразиттері болып саналады.
Жарғақ қанаттылар отряды қондырма құрсақтылар және сабақшалы
құрсақтылар деп аталатын 2 отряд тармағына бөлінеді.
ҚОНДЫРМА ҚҰРСАҚТЫЛАР ОТРЯД ТАРМАҒЫ - Symphita. Құрсағы қондырма типіне
жататын, аяғының ұршық бөлімі 2 бунақтан тұратын, тек өсімдіктермен ғана
қоректенетін насекомдар. Оларға орман ағаштарына зиян келтіретін
мүйізқұйрықтылар мен егеушілердің бірқатар тұқымдастары жатады.
Сабақ егеушілер тұқымдасы - Cephidae. Денесі бүйір жақтарынан аздап
қабысқан, басы жұмыр, ұзындығы 7-15 мм ірі немесе орташа насекомдар.
Алдыңғы сирақтары бір тепкілі. Личинкаларын жалған жұлдызқұрттар деп
атайды, түстері ақ, сарғыш, шала дамыған көкірек аяқтары S - әрпі тәрізді
иілген. Құрсағының ұшында түтікше тәрізді без болады.
Егеушілер (пилильщики) деп атайтын себебі: олар жұмыртқалар кезде
өсімдік сабағын жұмыртқа қынабымен егеп теседі де, пайда болған тесікке
жұмыртқасын салады. Одан шыққан личинка өсімдік ішінде қоректеніп, сонда
тіршілік етеді.
Бұл тұқымдасқа жататын егеушілердің ішінде ауыл шаруашылық дақылдарына
зиян келтіретіндері: астық егегіш (Cephus pygmacus L.), қара егегіш
(Trachelus tabidus F.), алмұрт егегіші (Janus camprеssus F.)
Нағыз егеушілер тұқымдасы - Tenthredinidae. Алдыңғы аяқтарының сирағы 2
тепкілі жалпақ денелі насекомдар. Личинкаларының (жалған жұлдызқұрттардың)
құрсағында 6-8 жұп аяқтары болады. Ұрғашылар жұмыртқаларын көбінесе өсімдік
тканіне, жапырағына, жапырақ сағақшасына, өркеніне, бітеу гүліне, жемісіне,
кейде субстрат үстіне салады. Көпшілік түрлері фитофагтар, ішінде қауіпті
зиянкестер көп кездеседі, мысалы, рапс егегіші (Athalia colibri Christ),
алма егегіші (Haplocampa testudinca Kl.), бозғыл аяқты тұшала егегіші
(Pristiphora pallipеs Lоp.) және басқалары қауіпті зиянкестерге жатады.
САБАҚШАЛЫ ҚҰРСАҚТЫЛАР ОТРЯД ТАРМАҒЫ - Apocrita. Бұл топқа жататын
жарғақ қанаттылардың құрсағы сабақшалы немесе аспалы құрсақтар типіне
жатады. Аяқтарының ұршық бөлімі 1 немесе 2 бунақтан тұрады. Личинкалары
құрт тәрізді, аяқтары болмайды. Сабақшалы құрсақтыларға, кейде өз алдына
жеке паразитоидтар отряд тармағына бөлінетін бірқатар тұқымдастар, сонымен
қатар құмырсқалар мен аралар жатады.
Шаншарлар тұқымдасы - Ichneumonidae. Паразиттік тіршілік ететін жарғақ
қанаттылардың ішінде ең ірілері (ұзындығы 10-25 мм). Ұрғашыларының жұмыртқа
салғыш аппараты (жұмыртқа қынабы) ұзын болады. Ересек шаншарлар гүл
нектарымен және бал шығымен қоректенеді. Ал кейбір түрлерінің ұрғашылары
жұмыртқа салғышымен шаншыған кезде жарақаттаған жерден шығатын иесінің
гемолимфасын сорады. Личинкалары насекомдар мен өрмекшілердің
жұмыртқаларында, личинкаларында, қуыршақтарында паразиттік тіршілік етеді.
Мысалы, менискус, панискус деп аталатындар астық сұр көбелегінің, хорогенос
деп аталатын капуста күйесінің паразиттері осы тұқымдасқа жатады.
Браконид тұқымдасы - Braconidae. Шаншарларға қарағанда кішірек,
ұзындыгы 5-15 мм, паразиттік тіршілік ететін жарғақ қанаттылар. Алдыңғы
қанаттарында тұйықталған тор саны 5-7-ден аспайды және птеростигма деп
аталатын қалыңдау учаске сақталады. Ересек насекомдары гүл нектарымен және
иесінің гемолимфасымен қоректенеді. Личинкалары насекомдардың сыртқы және
ішкі паразиттері, соның ішінде өсімдіктердің көптеген зиянкестерінің
паразиттері. Мысалы, апантелес туысына жататын браконидтер - Apantеlеs
glomeratus L. капуста мен шалқан ақ көбелектерінің және долана көбелегінің,
A. solitarius Ratz - жұпсыз көбелектің, ал рогас туысының өкілдері - Rhogas
dеndrolimi Mats. - сібір көбелегінің, Ph. dimidiatus Spin - күздік көбелек
пен астық сұр, кебелегінің гусеницаларында паразиттік тіршілік етеді.
Біте шаншарлары немесе афидийдтер тұқымдасы - Aphidiidae. Сыртқы
құрылысы жағынан браконидтерге ұқсас, бірақ олардан айырмашылығы денесінің
ұзындығы 5 мм кіші. Ұсақ болады да құрсағының алдыңғы 3 бунағы созылып
жіңішкерген және қанаттарындағы жүйке саны едәуір азайған, яғни жүйкеленуі
қарапайым. Личинкалары бітелердің ішкі паразиттері, солардың ішінде ең көп
кездесетіндері афидиус (Aphidius) және праон (Рrаоn) туыстарының өкілдері.
Сцелионид тұқымдасы - Scelionidae. Денесінің ұзындығы 0,6-6 мм,
металдық жылтыры жоқ, қара түсті паразиттік тіршілік ететін ұсақ жарғақ
қанаттылар. Мұртшалары әдетте бүгілмелі, түпкі бөлігі сақинасыз тікелей
ауыз тесігінің айналасына орналасқан. Құрсағының бүйір жақтары көмкерілген
немесе жиектері өткір қырлы болады. Личинкалары насекомдардың жұмыртқалары
мен өрмекшілердің жұмыртқа қабының паразиттері (жұмыртқа жегілер). Бұл
тұқымдасқа зиянды бақашық қандаланың жұмыртқа жегіштері, сонымен қатар тура
қанаттылардың, көбелектердің, шыбындардың және басқа насекомдардың да
жұмыртқаларының паразиттері жатады.
Трихограмма тұқымдасы - Trichogrammatidae. Металдық жылтыры жоқ сары,
қоңыр немесе қара түсті жалпақ денелі, паразиттік тіршілік ететін өте ұсақ
(ұзындығы 1 мм аспайды) насекомдар. Мұртшалары кысқа, түйреуіш басы
тәрізді. Мұртша шыбыртқысының бірінші бунағының түбірі сақиналы болады.
Ересектері гүл нектарымен қоректенеді де, олардың личинкалары
насекомдардың, әсіресе көбелектердің жұмыртқаларында паразиттік тіршілік
етеді. Трихограмма туысының бірқатар өкілдері биофабрикаларда көбейтіліп,
зиянды көбелектерге қарсы биологиялық күресте пайдаланылады. Олар - кәдімгі
трихограмма (Trichogramma еvanеscеns West), оупроктидус (Т. cuproctidis
Gir) еркексіз трихограмма (Т. еmbryophagunv Htg) және басқалары.
Құмырсқа тұқымдасы - Formicidae. Жарғақ қанаттылар құрамындағы 6 мыңнан
аса түрлері бар, ірі тұқымдас. Мұртшалары - бүгілмелі, құрсақ сабақшасы 1-2
бунақты, ал аяқтарының ұршығы бір бунақты болады. Құмырсқаларда полиморфизм
айқын білінеді, еркектерінің де және ұрғашыларының да қанаттары болады,
бірақ ұрғашылары шағылысқан соң көп ұзамай қанаттарын жоғалтады. Жұмысшы
құмырсқалардың қанаттары мүлде болмайды. Олар топырақта немесе шіріген
ағаштың түбіне салынған ұяда, яғни құмырсқа илеуінде, ірі-ірі бірлестіктер
құрып, тіршілік етеді. Құмырсқалар тірі және өлген насекомдармен, бітелер
және кокцидтер денесінен бөлініп шығатын тәтті заттармен, өсімдік дәнімен,
саңырауқұлақтармен, кейде өсімдік шырынымен қоректенеді. Осыған байланысты
олардың маңызы да әр түрлі: топырақпен байланысы барлар топырақ түзілу
процесіне қатысып пайда келтірсе, кейбір түрлері ағаштың сүрегін бүлдіреді.
Кейде адамға, үй жануарларына ауру таратады. Бітелермен және кокцидтермен
өте тығыз байланысты түрлерінің біразы соларды қорғап, жыртқыш
насекомдардың пайдалы әрекеттеріне кедергі келтіреді. Ал кейбір түрлері,
керісінше, зиянды насекомдарды құртатын жыртқыштардың қатарына кіреді.
Оларға орманды зиянкестерден қорғау үшін пайдаланылатын орманның кішкене
құмырсқасы (Formica polyctеna Focrst.) және орманның қызыл құмырсқасы (Ғ.
rufa L.) және басқалары жатады.

2. ФИТОНЕМАТОДТАРДЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
Нематодтар класы аденофор немесе афазмидия және есцернент немесе
фазмидия деп аталатын класс тармағына бөлінеді.
АДЕНОФОР КЛАСС ТАРМАҒЫ - ADENOPHOREA
Бұл топқа жататын нематодтардың бүйір жағындағы құйрық бездер -
фазмидтер болмайды: тангорецепторлары көбінесе қылшық түрінде болады,
химиялық сезім мүшелері (амфидтер) - қалта, түтікше немесе саңлау тәрізді
олар бастың екі жағына орналасқан, мойын бүртіктері (дейридтер) болмайды,
мойын безі (ренетта) үлкен, бірақ каналсыз. Көпшілігінде мойын безінен
басқа көптеген бүйір бездері болады. Олардың түтікшелері денесінің бүйір
хордалары арқылы сыртқа ашылады. Бұл класс тармақша теңіз және тұщы су
нематодалары жатады, тек аздаған түрлері ғана өсімдіктерді зақымдайды.
Кейбір түрлері паразиттік тіршілік етеді, жыртқыштары да кездеседі.

СЕЦЕРНЕНТТЕР НЕМЕСЕ ФАЗМИДИЯЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - SESERNENTA
Бір жұп фазмидтері бар, тангорецепторлары бүртік тәрізді болады және
көбінесе дененің алдыңғы бөлігінде шоғырланған. Аналь тесігінің айналасында
орналасатын бүртіктер тек еркектерінде ғана кездеседі. Иіс сезу шұңқырының
(амфида) пішіні саңлау тәрізді, ерін үстінде орналасқан. Афазмидия
тұқымдасының өкілдерінен тағы бір айырмашылығы - дейридтері жақсы жетілген,
мойын безі тарамданған және бір немесе екі каналы болады. Көпшілік түрлері
тұщы су және топырақ фаунасына жатады. Теңізде кездесетіндері өте аз. Класс
тармақтың көптеген өкілдері шіріндісі мол топырақты мекендеп, өсімдіктермен
қоректенеді. Кейбіреулері басқа жануарлардың есебінен паразиттік тіршілік
етеді және жыртқыш түрлері де кездеседі.
Фазмидия класс тармағы рабдиттер және тиленхидтер деп аталатын 2
отрядқа бөлінеді. Ал өсімдік қоректі нематодтардың көпшілігі, бір мындай
түрлері тиленхид отрядына жатады. Сондықтан бұл оқулықта тек осы отрядтың
ғана басты-басты тұқымдастарына сипаттама беріледі.

3. ПАРАЗИТОИДТАР ОТРЯДЫ - PARAISITIFORMES
Бұл отрядқа жататын кенелердің құрсағында екінші, үшінші және төртінші
пар аяқтардың жамбас бунағынан соң орналасқан бір, кейде екі пар тыныс
тесіктері болады. Ауыз аппараты шаншып-сорғыш түтікше тәрізді. Оның
құрамына педипальпаның түрін өзгерткен жамбас бунағы, тілшік жәнс хелицера
кіреді.
Өсімдік қорғау саласында бұл отрядтың ішінде фитосейид тұқымдасына
жататын кенелердің маңызы зор.
Фитосейидтер тұқымдасы - Phytoseiidae. Дене пішіні сопақша келген,
түссіз немесе сарғыш, қоңырқай, кейде қызғылт түсті, ұзындығы 0,25-0,6 мм
ұсақ кенелер. Бір жұп тыныс тесігі сыртта, алға қарай бағытталып 2 жұп
аяқтың жамбас бунағына дейін жететін түтікше тәрізді перитремалармен
жалғасқан. Дененің арқа жағын үлкен бір қалқанша, ал құрсақ жағын екі
(генитальдық) және өзара қосылған (вентроанальдық) қалқанша жауып жатады.
Фитосейидтердің бірқатары өсімдіктерді зақымдайтын кенелермен
қоректеніп, олардың сан мөлшерін реттеуші факторлардың бірі болып саналады.
Әсіресе олар пестицидтерді жиі қолдануға болмайтын немесе талғап әсер
ететін препараттарды қолданатын жеміс бақтарында жақсы нәтиже береді.
Оларға жататындар: Typhlodromus subsolidus Bеgl., Amblyscus reductus
Wainst., A. finlandicus Oud., A. andеrsoni Chant, және басқалары. Бұлардың
негізгі бір кемшілігі - факультативті жыртқыш. Құрбандары жоқ кезде олар
өсімдік шырыны және гүл тозаңымен қоректенеді. Мұндай кемшілік біздің елде
1963 жылы интродукцияланған облигатты жыртқыш кене фитосейулюстс
(Phytosciulus pеrsimilis Ath. Hеnr.) болмайды. Бұл кене қазіргі кезде
теплицаларда өрмекші кенелермен күресу үшін кең түрде пайдаланылады.
Фитосейидтердің кейбір түрлері ақ қанаттылар, қалқаншалылар, трипсілер
сияқты ұсақ насекомдармен және олардың жұмыртқаларымен де қоректенеді.

4. БИОТИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР
Биотикалық факторларға әр түрлі организмдердің арасындағы тіршілік
әрекеттері процесінде пайда болатын өзара қарым-қатынастар жатады. Олардың
ішіндегі ең негізгілері - организмдердің қоректік заттарға қатынасы жәнс
соның негізінде туатын өзара байланыстар.
Қоректік заттарға мамандану. Насекомдар мен басқа организмдердің жеке
топтарының органикалық заттардың әр түрлі көздерін талғап алу негізінде
туатын қатынастар қоректік заттарға маманданудың бірінші түрінс жатады.
Маманданудың осы түрі бойынша өсімдіктермен қоректенетін организмдерді
(бітелерді, қалқаншалы қандалаларды, бізтұмсық қоңыздарды және т.б.)
фитофагтар деп, жануарлармен қоректенетіндерді зоофаггар деп атайды.
Соңғылардың ішіндегі насекомдармен қоректенетіндерді (жыртқыш барылдақ
қоңыздарды, алтын көзділердің личинкаларын, әр түрлі шаншарларды және т.б.)
энтомофагтар деп, ал кенелермен қоректенетіндерді (мысалы, жыртқыш
трипсілерді, стеторус қоңызын, фитосейид тұқымдасына жататын кенелерді және
т. б.) акарифагтар деп атайды. Өсімдік текті заттардың шіріп бұзыла
бастаған қалдықтарымен қоректенетін организмдерді (подураларды және басқа
алғашқы қанатсыз насекомдарды, сауытты кенелерді, нематодтардың көптеген
түрлерін) сапрофагтар деп, жануар текті заттардың бұзыла бастаған
қалдықтарымен қоректенетіндерді (өлексе жегіш қоңыздарды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жарғаққанаттылар мен бүргелер
Жарғақ қанаттылар (hymenoptera)
Ауыл шаруашылық дақылдарының негізгі организмдер тобы – энтомофагтар; гербифагтар
Бұршақты өсіру технологиясы
Жеміс ағаштарының зиянкестері
Рапс зиянкестері түр құрамы
Өсімдік қорғау
Күнбағыстың, рапс пен қыша, зығыр зиянкестері және күресу шаралары
Бунақденелілердің сыртқы құрылысы
Дәнді бұршақ дақылдары зиянкестерінің энтомофагтары
Пәндер