ХІХ ғасырдағы шетел әдебиетінің тарихы



Франциядағы романтизм тағдырының өзіндік ерекшелігі аталмыш жалпыеуропалық қозғалыстың XVІІІ-ХІХ ғасырлар тоғысында пайда болуына және дамуына қоғамдық және рухани алғышарттар қалыптастырған осы елде өзге ірі еуропалық әдебиеттерден, атап айтқанда, неміс және ағылшын әдебиеттеріне қарағанда романтизмнің дүниетанымдық-көркемдік жүйе ретінде толыққанды түрлеріне кейінірек қол жеткізуіне байланысты. Демек, Франциядағы романтизмнің ұлттық тағдырының ерекшеліктерінің түп-тамыры осында жатыр.
Француз романтизмінің даму барысының өзіне ғана тән сипатын терең ұғыну үшін мәселенің екінші жағы да аса маңызды. Романтизм «сыртқы шындық пен жалпы дүниеге» (Гегель) жеке адамды қарсы қоятын таным ретінде француз буржуазиялық революциясының басталуы қарсаңындағы дәуірде кездейсоқ пайда бола қойған жоқ. Оның революциялық рухы романтиктерге қанат бітірсе, буржуазиялық астары олардың көңіліне сезік ұялатты, ал рухани «арақашық жақындығы» шешуші міндет атқарды. Германияда, әсіресе, Англиядағы романтикалық қиялшылдық белгілі дәрежеде уақыттық және кеңістік тұрғыдан алғанда сол тұстағы өмірден біршама тыс тұрды. Ал француз романтизмінің құрылымы, ең алдымен, өз уақыт кезеңінің тезінен өтіп, заманымен үндестік тауып отырды. Тіпті онда өзін қоғамға қарсы қойған тұлғаның типтік бейнесі жасалғанның өзінде, сол қоғамның өз уақытының адамы туралы сөз қозғалады.
ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында француз әдебиеті мен рухани өмірінің аса қуатты бөлігінің біріне айналған реализм өз кезегінде көптеген романтиктер шығармашылығының дамуына игі әсерін тигізді, атап айтқанда, ол кемелденген Мюссе, Жорж Санд, Гюго шығармашылықтарынан көрініс тапты.
Енді француз романтизмінің жаңа заманы, романтикалық идеялар мен

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ХІХ ғасырдағы шетел әдебиетінің тарихы

Романтизм дәуірі

Француз романтизмі

Франциядағы романтизм тағдырының өзіндік ерекшелігі аталмыш
жалпыеуропалық қозғалыстың XVІІІ-ХІХ ғасырлар тоғысында пайда болуына және
дамуына қоғамдық және рухани алғышарттар қалыптастырған осы елде өзге ірі
еуропалық әдебиеттерден, атап айтқанда, неміс және ағылшын әдебиеттеріне
қарағанда романтизмнің дүниетанымдық-көркемдік жүйе ретінде толыққанды
түрлеріне кейінірек қол жеткізуіне байланысты. Демек, Франциядағы
романтизмнің ұлттық тағдырының ерекшеліктерінің түп-тамыры осында жатыр.
Француз романтизмінің даму барысының өзіне ғана тән сипатын терең ұғыну
үшін мәселенің екінші жағы да аса маңызды. Романтизм сыртқы шындық пен
жалпы дүниеге (Гегель) жеке адамды қарсы қоятын таным ретінде француз
буржуазиялық революциясының басталуы қарсаңындағы дәуірде кездейсоқ пайда
бола қойған жоқ. Оның революциялық рухы романтиктерге қанат бітірсе,
буржуазиялық астары олардың көңіліне сезік ұялатты, ал рухани арақашық
жақындығы шешуші міндет атқарды. Германияда, әсіресе, Англиядағы
романтикалық қиялшылдық белгілі дәрежеде уақыттық және кеңістік тұрғыдан
алғанда сол тұстағы өмірден біршама тыс тұрды. Ал француз романтизмінің
құрылымы, ең алдымен, өз уақыт кезеңінің тезінен өтіп, заманымен үндестік
тауып отырды. Тіпті онда өзін қоғамға қарсы қойған тұлғаның типтік бейнесі
жасалғанның өзінде, сол қоғамның өз уақытының адамы туралы сөз қозғалады.
ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында француз әдебиеті мен рухани өмірінің аса
қуатты бөлігінің біріне айналған реализм өз кезегінде көптеген романтиктер
шығармашылығының дамуына игі әсерін тигізді, атап айтқанда, ол кемелденген
Мюссе, Жорж Санд, Гюго шығармашылықтарынан көрініс тапты.
Енді француз романтизмінің жаңа заманы, романтикалық идеялар мен
түрлердің тазалану, жаңғыру, түрлену, түрлеу, яғни қайта өрлеу дәуірі келіп
жетті. Табиғаты терең, мазмұны сан алуан, пішіндік болмысының қыры көп осы
дәуірдің көркемдік келбетін, эстетикалық сырын танытатын шығармалар
қатарынан Альфонс Ламартин, Виктор Гюго туындыларын айрықша атап көрсетуге
болатыны даусыз. Француз романтизмінің айрықша белгілері, өзіндік бітім-
болмысы аталмыш ақын-жазушылардың шығармашылығымен тығыз байланысты.

Альфонс Ламартин (1790 – 1869)

Шығармашылық ғұмырнамасы. Альфонс Ламартин Франция поэзия
көкжиегінде ХІХ ғ. 20 жылғы ең жарық жұлдызының бірі ретінде көзге түсті.
Ламартинның танымал өлең жинақтары “поэтикалық ойлар” (1820), “Жаңа
толғаныстар” (1823), “Поэтикалық және діни үндестік” (1830). Бұл жинақтарда
Жозеф де Мэстрға, Шатобрианға, Бональдқа арналған одалар болғандықтан және
оның поэзиясында діни өлеңдерге көп орын берлігендіктен, қайта
жаңғыртушылар оны бірден өзінікі деп танып, әдеби ғана емес, саяси сый-
сияпатқа да бөлеп тастады. Ол әдеби салондарда да, дипломатиялық істерде де
жарқырап көзге түсті. Бірақ Июль революциясы қарсаңында Ламартин күтпеген
жерден өзінің Бурбондар сарайының ресми саясатымен келіспейтіні туралы
мәлімдеме жасап, қызметінен кетілді де, Июль революциясына ұстамды болса да
қолдау танытып, либералдар партиясына кетеді.
Француз жұртшылығы әу бастан-ақ Ламартиннің әуезді де мұңға толы
өлең- жырларынан тек діни және монархистік сарындарды ғана емес, басқа да
өз жүректеріне тым жақын ырғақтарды сезініп, соларды бағалай білген еді.
Ламартин өзінің ең жақсы өлеңдерінде ерекше бір ойшыл, сезімтал,
даңғазасыз, оқшаулығы басым ақын ретінде көрінді. Оның ең сүйікті жанры
лирикалық элегиялардың өзі сол кезеңде жоғары классикалық үнді одаларының
немесе рококо дәуіріндегі сезімтал өлеңдердің дәстүрінде қалыптасқан
француз поэзиясы үшін жаңалық еді.
Алайда бұл өлеңдердегі жанға жайлы әуез шын мәнінде мәнерлі
дәстүрлі сөз саптауларын жоққа шығармайды, тек оны өзгеше бір сезімталдық
өріске бағыттайды

Пьер Жан Беранже (19.8.1780 – 16.7.1857)

Француз ақыны. 1798 жылдан бастап өлең жаза бастаған. Беранже ода,
гимн, дифирамб сияқты көтеріңкі жанрларды жасаушылардың бірі. Оның өлеңдері
марш әні, үндеу әні, памфлет әні, сатиралық ән, публицистика, элегия болып
келеді. Реставрация дәуірінде Беранже өзінің уытты сатираларында король
өкілетін (Шексіз аз), эмиграцияда жүрген топас дворяндарды (Маркиз де
Караба, Ақ кокарда), католик дін иелері мен иезуиттерді (Әулие әкелер,
Албастының ажалы), реставрация дәуірінің барлық қайшоқпарын селтіре
сынады. Оларға қарсы Наполеон солдаттарының (Қарт сержант, Қарт капрал)
ұнамды бейнелерін жасайды және оларды отанның нағыз адал ұлдары деп
есептейді. Осындай еркін байлылығы мен саяси сатиралылығы Беранже екі рет
сотталып, абақтыда отырады. Беранже 1830 жылғы шілде революциясына қатысты,
оның жеңісін жырлады. Ақын халықты бақытқа жеткізудің жолын утопиялық
социализм идеяларынан іздеді. Солардың басшыларын мадақтады. 1840 жылы
халық наразылығы оның Топан су атты өлеңінен айқын сезіледі. К.Маркс
Беранжені өлмейтін ақын деп атады. В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский,
Н.П.Добролюбов оның әдеби мұраларын жоғары бағалады. Беранже өлеңдерін
алғаш рет орыс тіліне аударғандар Н.И.Дмитриев пен А.А.Дельвиг болды. 1850
ж. В.С.Курочкин мен М.М.Михайлов аударған өлеңдері халық арасына кең
тарады. Совет ақындары П.Антокольский, В.Дмитриев, В.Левик,
Вс.Рождественский де Беранже өлеңдерінен тамаша аудармалар жасады.
Беранженің бірен-сараң өлеңдері қазақ тіліне аударылды.

Виктор Гюго (1802 -
1885)

Француз романтизмі тарихының Қайта жаңғыру дәуірінде Виктор Гюго
шығармашылығының алғашқы кезеңі маңызды орын алады. Біріншіден, Гюгоның
есімі 20-шы жылдардың аяғында Франциядағы романтикалық қозғалыстың
символына айналды. Оның Кромвель драмасына жазған алғысөзі романтизмнің
басты манифестерінің бірі деп қабылданды, ал Эрнани драмасының қойылымы
әдебиетке романтизмнің түпкілікті жеңісі ретінде енді. Өз бойына таусылмас
қажыр-қайрат пен табиғи талантты біріктірген Гюго француз әдебиетін өзінің
даңқымен аспандатып жіберді. Ол бірден барлық жанрларда дерлік жаза бастады
десе болғандай. Алғашқы одалар жинағы (1822), кейінірек балладалармен
толықтырылып отырып, 1828 жылға дейін қатарынан төрт рет басылып шықты.
Кромвельге және өлеңдер жинағына жазылған алғысөздер, 1819 жылы өзі
шығарған Conservateur litteraire (Әдеби консерватор) журналында және
басқа да басылымдарда жарық көрген әдеби-сын мақалалары оны жаңа әдеби
қозғалыстың ең танымал теоретиктерінің біріне айналдырды.
Гюго романтизмі – жазушының дүние-болмысты қабылдауымен, суреткердің
өмірдегі орны туралы түсінігімен тығыз байланысты. Басқа да романтиктер
тәрізді Гюго да суреткер-жаратушының пайғамбарлық роліне кәміл сенеді.
Өзгелер сияқты ол да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл мәдениетінің сипаты
Қазақ әдебиет тарихын қай дәуірден, кімнен бастау керек деген мәселеде
Орта мектепте шетел әдебиетін оқытудың жолдары
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы әдебиет туралы айтыстар. ҚазАПП тұсындағы тұрпайы социологиялық сындар. Соғысқа дейінгі әдеби мұраны игеру мәселесі
Шортанбай шығармашылығын жан-жақты талдау
Қазақстанның ең ірі жазушыларының шығармасы (шет тілінде)
Империя дәуірінің алтын ғасырының өкілі
Алаш әдебиеттануын совет кезінде дамытқан ғалым
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті және аударма саласының дамуы мен зерттелуі
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы, зерттелуі
Пәндер