Аутэкология-экологияның негізгі бөлімі



І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3


ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Аутэкология.экологияның негізгі бөлімі
1.1. Қоршаған ортаның экологиялық факторлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.3. Организм және тіршілік ету шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.4. Негізгі тіршілік орталарына байланысты организмдердің экологиялық топтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11



ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14


ІV. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
Кез келген тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен тығыз байланыста ғана өмір сүре алады. Олар – топырақ, су, минералды заттар, жер бедері және атмосфералық әр түрлі құбылыстар. Табиғи ортаның компоненттері тірі организмдерге оң немесе теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан әрбір организмнің өзіне ғана колайлы ортасы немесе мекені болуы тиіс. Мәселен, көлбақа үшін қалыпты өсіп-көбеюіне қолайлы орта -ылғалы мол көл жағасы. Ал, куаң дала немесе шөлейтті жерлер ол үшін қолайсыз, өмір сүре алмайтын орта болып табылады. Бірақ та организм үшін табиғаттың барлық элементтері белгілі мөлшерде кажет және жиынтық күйінде әсер етеді. Олардың біреуі өте қажет, екіншілері орташа, ал үшіншілері мүлдем кажет емес зиянды болуы мүмкін. Сонымен орта дегеніміз — организмнің өсіп-көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен таралуьна тікелей жанама әсер ететін айнала қоршаған орта компоненттерінің жиынтығы. Ал, организмге кажетті жағдайлар деп — тек сол органим үшін алмастыруға келмейтін табиғи ортаның элементтерін айтамыз.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. «Жалпы экологияның қысқаша
2. «Экология» Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева
3. «Экология негіздері» З.М.Молдахметов, А.М.Ғазалиев,
С.Д. Фазылов. Алматы 2002 ж.

М А З М Ұ Н Ы

І.
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Аутэкология-экологияның негізгі бөлімі
1.1. Қоршаған ортаның экологиялық
факторлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...4
1.2 Тірі жүйелердің ұйымдасу
деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.3. Организм және тіршілік ету
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.4. Негізгі тіршілік орталарына байланысты организмдердің экологиялық
топтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

ІІІ.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...14

ІV. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..15

Кіріспе
Кез келген тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен тығыз
байланыста ғана өмір сүре алады. Олар – топырақ, су, минералды заттар, жер
бедері және атмосфералық әр түрлі құбылыстар. Табиғи ортаның компоненттері
тірі организмдерге оң немесе теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан әрбір
организмнің өзіне ғана колайлы ортасы немесе мекені болуы тиіс. Мәселен,
көлбақа үшін қалыпты өсіп-көбеюіне қолайлы орта -ылғалы мол көл жағасы. Ал,
куаң дала немесе шөлейтті жерлер ол үшін қолайсыз, өмір сүре алмайтын орта
болып табылады. Бірақ та организм үшін табиғаттың барлық элементтері
белгілі мөлшерде кажет және жиынтық күйінде әсер етеді. Олардың біреуі өте
қажет, екіншілері орташа, ал үшіншілері мүлдем кажет емес зиянды болуы
мүмкін. Сонымен орта дегеніміз — организмнің өсіп-көбеюіне, тіршілігіне,
дамуы мен таралуьна тікелей жанама әсер ететін айнала қоршаған орта
компоненттерінің жиынтығы. Ал, организмге кажетті жағдайлар деп — тек сол
органим үшін алмастыруға келмейтін табиғи ортаның элементтерін айтамыз.

1. Аутэкология-экологияның негізгі бөлімі
1.1. Қоршаған ортаның экологиялық факторлары

Тіршілік ұғымының анықтамасы өте көп. Филологтар олардың саны орта
есеппен бес жүзге жуық деп дәлелдейді. Бұл тек биологиялық термин
емес. Философия немесе діни айқындама тұрғысынан да тіршілік анықтамасы
әжептеуір көп. Ең дұрыс анықтаманың бірін Фридрих Энгельсбылай деп
ұсынған: Тіршілік дегеніміз - нәруыздық денелердің өмір сүру
жолы.... Ғылымда күні бүгінге дейін бірде-бір бейнәруызды тіршілік
формасы табылған жоқ. Тек қиялшыл жазушылар шығармасынан ғана плазмалы
адамдар немесе кремнийлі құбыжық кейпінде кездестіруге болады.

Шындығына келсек, тіршілік ететін ағзалардың барлығы жасушалардан тұрады,
олардың құрғақ масса құрамының 80%-ы нәруыз. Оның үстіне нәруыздардың
химиялық құрамы, қасиеттерінің алуан түрлілігінде шек жоқ, сондай-ақ тірі
ағзаның әрқайсысында сирек ұшырасады. Олар химиялық ізденістердің қажетті
бағытта өтуін қамтамасыз етеді және бұл ізденістері жеке жасушаларда да,
біртұтас ағзаларда да бақыланады. Нәруыз немесе күрделі нәруыздар қоспасы
өзінен-өзі ешқандай тірілік (живое) қасиет көрсетпейді. Жасушалар нәруызы,
сондай-ақ ағзалар тірі жүйеден тысқары кез келген өзге химиялық зат тәрізді
тіршілік қалпында қалады. Ең алдымен тіршілік дегеніміз - бұл тіршілік
иесінің өз құрылымдық жаратылымын белгілі жоғары деңгейде қолдай алуы. Бұл
қасиет сыртқы ортадан алынған зат есебінде дамып, көбейеді.
Мысалы,кристалдар да ерітінділерден белгілі молекулаларды тартып алып, өсе
алады. Айырмашылығы - кристалдар бір типті заттардан тұрады және сол затты
құрылыс материалы ретінде тұтынады, демек химиялық өзгерту жүзеге аспайды.
Сондай-ақ энергия шығындалмайды.

Тірі ағзалар біржасушалы қарапайым немесе көпжасушалы ағза болғанына
қарамастан, Жердегі ерекше биологиялық жүйе болып есептеледі. Тірі
ағзалар микроскоппен ғана көрінетін бактериялардан бастап, өте зор
сүтқоректілерге дейінгілерден құрылысы және мөлшері бойынша ерекшеленеді.
Жүйе ретіндегі әрбір ағза өзара байланысты және өзара әрекеттесетін
көптеген алғашқы заттардан тұрады. Ағзаның алғашқы
заттары: жасушалар, ұлпалар және мү шелер. Олар тек бірімен-бірі өзара
әрекеттесіп, өздігінен ұрпақ беретін және дамитын тірілік қасиеттеріне тән
біртұтас ағза түзеді.

Тіршіліктің жаратылу деңгейлері

Деңгейлер Дене Құрылымы Қай ғылым зерттейді
Молекулалық, ағза жасушалары,сондай-ақ генетика, химия,
жасушалық, біржасушалардың жасушаішілік физика
жасушаішілік құрылымдары молекулалардан
құралады
Мүшелік-ұлпалық көпжасушалы ағзалар мүшелер мен цитология
ұлпалардан құрылады гистология
Ағзалық жеке дарақтардан құралады өлкетану,
жануартану,
вирусология,
анатомия,
физиология,
морфология, гигиена
Популяциялық-түрлік белгілі бір дарақтары өзара еркінэкология,
шағылысады эволюциялық ілім,
математика,
генетика
Биогеоценоздық (шет зат алмасу және қуат алмасу экология және жалпы
елдерде мұны негізінде тірі ағзалар мен өлі биологиялық
экологиялық жүйе депқұрамдас бөліктерді мекен ету ғылымдар
те атайды) жағдайларын біріктіре зерттейтін
табиғи күрделі,жүйе
Биосфералық Барлық биогеоценоздардың экология, физика,
жиынтығы.Жердегі барлық химия, геология,
құбылыстыр кіреді география

1.2 Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейі

Әр тіршілік ортасы ағзаға әсер ететін факторлармен ерекшеленеді. Ағзаға
әсер ететін, тіршілік ортасын құрайтын элементтерді экологиялық факторлар
деп атайды.
Экологиялық факторлар абиотикалық, биотикалық және антропогенді болып
бөлінеді.
Абиотикалық факторлар 

Жарық, температура, ылғалдылық, топырақтың тұздылығы, судың ащылығы, қысым,
атмосфералық газдар сияқты өлі табиғаттың құрамды бөліктері.
Жарық. Күн сәулесінің спектрінде  биологиялық әсері бойынша ультракүлгін,
инфрақызыл, көзге көрінетін сәулелер болып бөлінеді. Ультракүлгін сәулелер
аз мөлшерде ағзаларға қажет, өйткені онық бактерияларды жоятын, өсу үрдісін
және жасушалардың дамуын әрекеттендіретін, D витаминін түзілуіне әсері бар.
Көп мөлшерде мутацияға себеп болуы да мүмкін. Ультракүлгін сәулелердің
басым бөлігі озон қабатында шағылысып, жерге жетпейді.
Көзге көрінетін сәулелер – фотосинтезге энергия беретін, жердегі
тіршіліктің негізгі көзі. Инфрақызыл сәулелер – жылу энергиясының көзі.
Өсімдіктерге күн сәулесі фотосинтез үшін энергия көзі болғаны үшін маңызды.
Ортаның жарықтығына бейімделуіне байланысты өсімдіктер гелиофиттер
(жарықсүйгіш), сциофиттер (көлеңке сүйгіш) және фокультативті гелиофиттер
(көлеңкеге шыдамды) болып бөлінеді.
Жануралар күндіз немесе түнде белсенді тіршілік ететін болып бөлінеді. Олар
үшін жарық – тіршілік белсенділігінің уақытын анықтайтын фактор.
Жарықты талап етуіне байланысты өсімдіетерді қысқа күнді (төменгі белдеуде
тіршілік ететін) және ұзақ күнді (қоңыржай, биік белдеулерде тіршілік
ететіндер) деп екіге бөлінеді.
Фотопериодизм – өсімдіктер мен жануарлардың жарықтың түсу ұзақтығына
байланысты әрекеттері. Ағзалардағы маусымдық өзгерістер көбінесе жарықтың
түсу ұзақтығына байланысты реттеледі. Жарықтың түсу ұзақтығының өзгеруі
температура өзгеруімен бірге жүреді. Бірақ жарық температура сияқты
кездейсоқ өзгере бермейді. Фотопериодизм құстардың қоныс аударуы,
жапырақтардың түсуі сияқты маусымдық өзгерістердің негізі. Қоңыржай
белдеулерде тіршілік ететін жануарларға күзгі күннің қысқаруы көбею
жағдайына әсер етіп, тоқтатады. Ал көктемгі күннің ұзаруы жануарлардың
көбеюіне жағдай жасайды. Күндізгі жарықтың ұзақ уақыт түсуі үй құстарының
көбірек жұмыртқа салуына да әсер етеді.
Температура. Ортаның температурасы ағзаның температурасына әсер етеді, яғни
ағзадағы зат алмасуды құрайтын барлық химиялық реакциялардың жылдамдығына
әсер етеді. Негізінен ағзалар 0-(+50)0С аралығында тіршілік ете алады. Бұл
цитоплазманың қасиеттеріне байланысты. Ең жоғарғы температура шегі 120-
1400С (споралар, бактериялар тірі қалуы мүмкін) ең төменгі температура шегі
болып – 190-(273)0С (споралар, тұқымдар, сперматозойдтар шыдай алады) болып
табылады.
Температураға байланысты ағзаларды криофилдер (температурасы төмен жерлерді
мекендейтін) және термофилдер (температурасы жоғары орталарды мекендейтін)
деп бөлінеді.
Ағзалар екі жылу энергиясының көзін қолдана алады: сыртқы күннің жылу
энергиясын немесе жердің ішкі жылуын және ішкі – ағзада зат алмасу
барысында бөлінетін жылу.
Ағзаның жылу балансын реттеуде басым қолданатын энергия көзіне байланысты
оларды пойкилотермді және гомойтермді деп бөледі.
Пойкилотермді ағзалар – дене температурасы тұрақсыз, қоршаған ортаның
температурасына қарай өзгеріп отыратын ағзалар. Олар микроағзалар,
өсімдіктер, саңырауқұлақтар, омыртқасыздар және кейбір омыртқалылар
(балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар) жатады. әдетте олардың
дене температурасы сыртқы ортаның температурасынан 1-20С - қа жоғары немесе
бірдей болады.
Гомойтермді ағзалар – дене температурасын сыртқы ортаның температурасынан
тәуелсіз тұрақты дәрежеде ұстап тұра алатын ағзалар. Гомойтермді топқа
құстар мен сүтқоректілер және адам жатады.
Өсімдіктер төмен температураға шыдамдылығына байланысты жылылық сүйетіндер
және суыққа төзімділер деп бөлінеді. Жылу сүйгіштерге жүзім, шабдалы, өрік,
алмұрт жатса, суыққа төзімділерге мүк, қыналар, қарағай, шырша, самырсын
т.б. жатады.
Әрбір жеке организмнің өзіне тән температураға деген талабы және шегі
болады. Кейбір организмдер температураға төзімділік көрсетеді. Мәселен,
балықтар 520С-та, ал бактериялар 800С-та қалыпты тіршілік етеді. Кейбір көк
жасыл балдырлар 440С-та өмір сүре береді. Температураның қалыпты мөлшерден
кемуі кез келген ағзаның денесіндегі зат алмасуды тежеп, клеткадағы
биохимиялық реакцияларды бұзып, одан әрі біртіндеп жасушалар кристалданып,
жалпы тіршілігі тоқтайды.
Күнге қарай өсімдіктер жасушасындағы цитоплазма суын азайтып, қоюланып,
оның органоидтары төмен температураға бейімделіп, төзімді күйге көшеді.
Қыс кезінде өсімдіктер спора, тұқым, түйнек, пиязшық, тамыр, жемтамыр, түзу
арқылы тыныштық күйге көшіп, төмен температураларға шыдайды. Ал ірі ағаштар
жапырағын тастап, бойындағы шырынды заттар қоюланып, қысқа төзімді күйге
ауысады.
Пойкилотермді жануарлар қолайсыз температура жағдайында қысқы ұйқыға
(анабиоз) кетеді. Анабиоз кезінде организм денесіндегі зат және энергия
алмасу уақытша тежеліп, баяу күйге көшіп, ең төменгі деңгейде болады. Ал
ұйқыға кету кейбір организмдерде (аю) қоректің жетіспеуінен болады.
Гомойтермді жануарлар төмен температурадан әр түрлі жолдармен қорғанып
отырады.
Жануарлар қысы қатты аймақтардан жылы жаққа қарай қоныс ауыстырады (жыл
құстары, кейбір сүт қоректілер т.б.).
Тері жабындыларындағы жүн және май қабаты қалыңдап, қысқа дайындала
бастайды (аңдар, құстар, итбалықтар және т.б.).
Уақытша ұйқыға немесе тыныштық күйге көшеді (суыр, борсық, аю, тышқандар
т.б). мұндай  гомойтермділердің дене жылуы ұйқыға кеткен кезде ортаның
температурасына тәуелді болғаны үшін олардың  гомойтермділер деп атайды.
Су. Су ағзадағы зат алмасуда және жалпы ағзаның қызметтерін дұрыс атқаруын
қамтамасыз етеді. Жасушалардағы судың құрамы шамамен 70%.
Ылғал көбінесе климаттық, құрылықтың температуралық белдеулеріне, табиғат
белдемелеріне байланысты болады. Кей бір жағдайда  ылғал  шектеулі  фактор
рөлін атқарады. Ылғалдың жетіспеуі өсімдіктерді өнімді төмендетіп жібереді.
Әсіресе шөл, шөлейтті белдеулерде ылғал жетпейді. Ал орман мен батпақты
жерлерде керісінше әсер байқалады.  Ылғалдың әсеріне байланысты
өсімдіктердің экологиялық топтары төмендегідей жіктеледі.
Гидрофиттер – суды  мол қажет ететін, ылғалды ортада өсетін өсімдіктер.
Мысалы: қамыс, қоға, күріш, тұғиық т.б.
Ксерофиттер – шөл, шөлейт, дала сияқты ылғал тапшы аймақтардың
өсімдіктері.  Олар қатты ыстыққа және сусыздыққа төзімді болады. Мысалы:
сексеуіл, жүзген, жусан, қылша, теріскен, селеу, күйреуік т.б.
Мезофиттер – ылғалдылығы орташа, жеткілікті аймақтарда өседі. Жапырақтары
ашық әрі ірі болып келеді. Мысалы: қайың, алмұрт, шалғындардағы өсімдіктер.
Суккулентті – ксерофиттерден де ылғалы тапшы аймақтың өсімдіктері. Олардың
жапырақтары немесе сабақтары ішінде су жинап, етжеңді болып келеді. Мысалы:
кактус, алоэ т.б.
Гидрофиттер – судың ішінде өсетін өсімдіктер. Мысалы: элодея, балдырлар
т.б.
Су көптеген ағзалардың тіршілік ететін ортасы болып табылады. Су ағзалары
мекен ететін су қабатына және тіршілік ету түріне байланысты келесі
экологиялық топтарға бөлінген:
Планктон – негізінен су ағынымен пассивті түрде орын ауыстыратын ағзалар.
Планктонда фитопланктон (бір жасушалы балдырлар) мен зоопланктон (бір
жасушалы қарапайымдылар) ажыратылады.
Нектон – судың орта қабатында белсенді түрде қозғалып тіршілік ететін
ағзалар. Оларға балықтар, басаяқты былқылдақ денелілер, тасбақалар,
киттәрізділер жатады.
Бентос – судың түбін және топырақта тіршілік ететін су ағзалары. Оларды
фитобентос (бекініп өсетін балдырлар және жоғары сатыдағы өсімдіктер) және
зообентос (шаянтәрізділер, былқылдақ денелілер, теңіз жұлдыздары, т.б.) деп
бөледі.
Перифитон – су өсімдіктерінің сабақтарына және жапырақтарына жабысып
тіршіліе ететіндер. 
Ылғалдың жануарлар тіршілігінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бесінші бағытымыз - қолданбалы экология
Экологиялық мектептердің қалыптасуы. Осы күнгі экологияның негізгі бөлімдері
Экологиялық мектептердің қалыптасуы. Осы күнгі экологияның негізгі бөлімдері. Экологияның қатысуымен шешілетін теориялық және қолданбалы мәселелер
Экологиялық мектептердің қалыптасуы
Дара организмдер экологиясы - аутэкология
Аутэкология. Организм және қоршаған орта
Қазіргі заман экологиясының ХІХғасыр және ХХ ғасырдың бас кезіндегі экологиясынан айырмашылығы неде? Экологияның қандай ғылымдармен байланысы бар? Қазіргі экологияның негізгі бөлімдерін атаңыз
Экологияның негізгі бөлімдері
Экология туралы жалпы түсінік
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері туралы ақпарат
Пәндер