Ауыспалы егіс



Жоспары:

I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім..
II.1 Ауыспалы егістер туралы түсініктер.
II.2 Ауыспалы егістің түрлері.
II.3 Ауыспалы егістің аумақтық ерекшеліктері.
II.3.1 Далалық және құрғақ аймақтардағы ауыспалы егіс.
II.3.2 Суармалы жерлердегі ауыспалы егістер.
II.3.2.1 Мақта ауыспалы егістері.
II.3.2.2 Қант қызылшасы ауыспалы егістері.
II.3.3 Тәлімі жерлердегі ауыспалы егістер.
II.3.4 Малазықтық ауыспалы егістер.
II.3.5 Ауыспалы егістерді құрудың принциптері.
III. Қортынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
V. Қосымшалар.
I. Кіріспе.

I. Кіріспе.

Жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламада ауыл шаруашылығы саласының бәсекелестік мүмкіндігін арттыру, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен өнім экспортын ұлғайту тұрғысында біршама шаралар қарастырылған.
Еліміз 2011 жылдан бастап өзінің индустриялық-инновациялық дамуын белсенді іске асыра бастады. Өткен жылдың соңына қарай еліміз Тәуелсіздігінің 20 жыл­дығына орайластырылып Алматыда Елбасының қатысуымен өткен ғалымдар форумында инновациялық-индустриялық дамудың іргетасы қаланғаны атап өтілді. Елбасы осы жиында ғалымдарға ғылымның қазіргі жаңа жетістіктері де назардан тыс қалмауы керек деді.
Ауыл шаруашылығы ғылымында, оның ішінде егіншілік саласында ауыспалы егістің алатын орны ерекше. Бұл бағытта кезінде Шортандыдағы Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары егіншіліктегі топырақ қорғау жүйесін ғылыми негізде зерттеп, Солтүстік Қазақстан аймағының топырақ-климат жағдайлары ерекшеліктеріне сәйкес қысқа танапты (айналымды) ауыспалы егіс жүйесін өндіріске енгізді.
Алайда өткен ХХ ғасырдың 80-жылдарының соңында А.И.Бараев атындағы Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының сол кездегі директоры, ВАСХНИЛ-дің корреспендент мүшесі М.Қ.Сүлейменов ауыспалы егіс зертханасы деректерінің қорытындысы бойынша егіншілікті таза сүрі жер танабынсыз-ақ жүргізудің мүмкін екендігін дәлелдейтін жаңа тұжырымдама ұсынды. Ол тұжырымдамада Солтүстік Қазақстан аймағындағы құрғақ далалы өңірлерде егіншілік мәдениеті өте жоғары деңгейде болғанда, жаздық жұмсақ бидайды бір орында үзіліссіз ұзақ өсіруге болатыны ғылыми деректерге сүйене отырып дәлелденді.
Қазіргі таңда еліміз нарықтың экономика бағытын таңдап, нәтижесінде жер қатынастарында қолайлы өзгерістер жасалынып, жер жекеменшік иелігіне көшті және ұзақ мерзімге жалға берілді.
Өкінішке орай, елімізде нарықтық қатынастар жағдайында жаңадан құрылған фермерлік (қожалық) шаруашылықтарда, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде және үлкен астық өндіруші компанияларында ғылыми негізделген ауыспалы егіс­терді танаптарда орналастыру жүйесінің сақталмауы әсерінен астық дақылдары көлемінің өсуі біршама орын алуда және тек қана дәнді дақылдарды егіп өсіру өңірде тиімді болмай тұрғаны байқалуда.
Енді егін танаптарында басқа да ауылшаруашылық дақылдарын енгізу немесе өсімдік шаруашылығы өндірісінде ауыспалы егісті әртараптандыру міндеті тұр. Сондықтан көп жылдар бойы өңірдегі өсімдік шаруашылығында дәнді дақылдар, әсіресе, оның ішінде жаздық бидайдың көлемі әлі де басым болып келеді. Егіс алқаптарының құрылымын пайдаланудың 2011 жылғы
1. Ә.Ә.Әуезова, Т.А.Атақұлов, Н.Ш.Сүлейменов, Қ.Ш.Жаңабаев,
« Егіншілік », Алматы «Сөздік-Словарь»,2005

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
I. Кіріспе.

Жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенін
дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламада ауыл шаруашылығы
саласының бәсекелестік мүмкіндігін арттыру, еліміздің азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен өнім экспортын ұлғайту тұрғысында біршама
шаралар қарастырылған.
Еліміз 2011 жылдан бастап өзінің индустриялық-инновациялық дамуын
белсенді іске асыра бастады. Өткен жылдың соңына қарай еліміз
Тәуелсіздігінің 20 жыл­дығына орайластырылып Алматыда Елбасының қатысуымен
өткен ғалымдар форумында инновациялық-индустриялық дамудың іргетасы
қаланғаны атап өтілді. Елбасы осы жиында ғалымдарға ғылымның қазіргі жаңа
жетістіктері де назардан тыс қалмауы керек деді.
Ауыл шаруашылығы ғылымында, оның ішінде егіншілік саласында ауыспалы
егістің алатын орны ерекше. Бұл бағытта кезінде Шортандыдағы Бүкілодақтық
астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары егіншіліктегі
топырақ қорғау жүйесін ғылыми негізде зерттеп, Солтүстік Қазақстан
аймағының топырақ-климат жағдайлары ерекшеліктеріне сәйкес қысқа танапты
(айналымды) ауыспалы егіс жүйесін өндіріске енгізді.
Алайда өткен ХХ ғасырдың 80-жылдарының соңында А.И.Бараев атындағы
Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының сол кездегі
директоры, ВАСХНИЛ-дің корреспендент мүшесі М.Қ.Сүлейменов ауыспалы егіс
зертханасы деректерінің қорытындысы бойынша егіншілікті таза сүрі жер
танабынсыз-ақ жүргізудің мүмкін екендігін дәлелдейтін жаңа тұжырымдама
ұсынды. Ол тұжырымдамада Солтүстік Қазақстан аймағындағы құрғақ далалы
өңірлерде егіншілік мәдениеті өте жоғары деңгейде болғанда, жаздық жұмсақ
бидайды бір орында үзіліссіз ұзақ өсіруге болатыны ғылыми деректерге сүйене
отырып дәлелденді.
Қазіргі таңда еліміз нарықтың экономика бағытын таңдап, нәтижесінде
жер қатынастарында қолайлы өзгерістер жасалынып, жер жекеменшік иелігіне
көшті және ұзақ мерзімге жалға берілді.
Өкінішке орай, елімізде нарықтық қатынастар жағдайында жаңадан
құрылған фермерлік (қожалық) шаруашылықтарда, жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктерде және үлкен астық өндіруші компанияларында ғылыми
негізделген ауыспалы егіс­терді танаптарда орналастыру жүйесінің сақталмауы
әсерінен астық дақылдары көлемінің өсуі біршама орын алуда және тек қана
дәнді дақылдарды егіп өсіру өңірде тиімді болмай тұрғаны байқалуда.
Енді егін танаптарында басқа да ауылшаруашылық дақылдарын енгізу
немесе өсімдік шаруашылығы өндірісінде ауыспалы егісті әртараптандыру
міндеті тұр. Сондықтан көп жылдар бойы өңірдегі өсімдік шаруашылығында
дәнді дақылдар, әсіресе, оның ішінде жаздық бидайдың көлемі әлі де басым
болып келеді. Егіс алқаптарының құрылымын пайдаланудың 2011 жылғы деректері
бойынша Ақмола облысындағы барлық егіс көлемінде дәнді дақылдар 93,5%-ға
шоғырланған, ал оның ішінде жаздық бидайдың үлес салмағы 86,9%-ды құрады.
Ал керісінше басқа ауылшаруашылық дақылдарының егіс көлемінің үлесі
өңделген жерлерде біршама азайған. Мысалы, майлы дақылдардың егіс көлемі –
3,8%, мал азықтық дақылдар – 1,8 %, дәнді-бұршақты дақылдар – 0,4%, ал
жарма дақылдар үлесі – 0,0% болды.
Алайда дүниежүзілік және отандық тәжірибе нәтижелері көрсеткендей, тек
қана бір дақылды өсіру және соған тірек арту ауыл шаруашылығына астық
өнімін өндіруді тұрақты арттыра бермейді, ал кейбір қолайлы жылдарда
өсірілген бидайдан жоғары өнім алынуы және оның бағасының тұрақсыздығымен
(құ­былмалы) байланыстыруға болады.
Яғни, әртүрлі ауылшаруашылық дақылдарын тиімді, ұтымды пайдалану,
әрқайсысының ауыспалы егістерге әсері және алатын орнын егіншілікте
оңтайлан­дыру мәселесі ерекше маңызды болып табылады. Алынған деректер
өндірісте өңделген жерлерде майлы, дәнді-бұршақты, мал азығы және жарма
дақыл­дарының ауыспалы егістегі егіс көлемін ұлғайтуды талап етеді. Осы
айтылған мәселелердің бәрі ауыспалы егіс танаптарында атқарылады және
тиімді шешу үшін егіншіліктің бірқатар саласында шараларды іске асыру
керек.
Қазіргі таңда жергілікті табиғи климат, топырақ және экологиялық
жағдайларды ескере отырып ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін алқаптарды
барынша тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін бірден-бір жол ауыспалы егісті
әрта­раптандыру болып табылады. Әсіресе, таза сүрі (парлы) астықты ауыспалы
егістер орнына өнімді дақылдармен алмастыру жүйесі арқылы өңірдегі егіс
алқаптарының құрылымын оңтайландыру қажет.
Осы айтылған мәселеге байланысты осыдан 20-25 жыл бұрын, яғни 1988
жылдан бастап ауыспалы егіс зертханасы көп жылдық стационарында
ауылшаруашылық дақылдарының 20-шақты түрі ауыспалы егіс танаптары кестесіне
енгізіле бас­таған еді. Соның нәтижесінде таза сүрі жері бар алқаптар
ығыстырылып орнына тиімді астықты, астықты-бұршақты, майлы, жем және мал
азығы дақылдары өсіріле бастады. Мұндағы өнімді ауыспалы егістер алаңының
құрылымы кестесі 50% дәнді-астықты, 25% бұршақ және 25% майлы немесе
отамалы дақылдардан тұрады. Мысалы төрт танапты өнімді ауыспалы егісті
орналастырғанда 1-ші танап асбұршақ (ноқат); 2-ші танап жаздық бидай; 3-ші
танап рапс (зығыр); 4-ші танап жаздық бидай және т.б. бірнеше түрлерін
құрастырып өндіріске ұсынуға болады.
Таза сүрі жер танабы орнына өсірілген ауылшаруашылық дақылдары
ауыспалы егісте бос жатпай біршама жоғары өнім береді. Соңғы 3 жылда таза
сүрі жер танабы орнына өсірілген ноқаттан гектарына 10,4 центнерден,
жасымақтан гектарына 10,9, асбұршақтан – 12,3, сұлы мен арпа дақылдарынан
22,4 центнер өнім алынды.
Ал енді өндіріс жағдайында өнімді ауыспалы егістерді әр-түрлі
дақылдарды енгізу мен игеру және тиімді пайдалану өндіріске өте көп
мүмкіндіктер береді. Әсіресе дәнді-бұршақты, майлы және жарма дақылдары
өнімдерінің дәнді дақылдарға қарағанда рыноктағы бағасы өте жоғары және әр
уақытта сұранысқа ие.

II. Негізгі бөлім..
II.1 Ауыспалы егістер туралы түсініктер.

Ауыспалы егіс – егіншілік жүйесінің басты буындарының бірі. Ол егілген
дақылдардың көлемі мен алмастырып ету тәртібін анықтап қана қоймай, көп
жылдар бойы жүргізілетін агромелиоративтік және басқа шараларды жүйелі
түрде іске асыруға негіз болады. Осыған байланысты егіншілік мәдениетін
арттыру, оның арқасында әр гектардан алынатын өнімді жылма-жыл молайту,
егін шаруашылығының тұрақтылығын арттыру шарттарының бірі ауыспалы
егістерді ендіру және игеру болып есептеледі.
Ауыл шаруашылығы дақылдары мен парлардың егіс танаптарында немесе
танабында белгілі уақыт аралығында ғылыми тұрғыдан алмасып отыруын ауыспалы
егіс дейді. Бұл айтқаннан туындайтын ұғым ауыспалы егістің негізін
дақылдардың өзара алмасып отыруы құрайды. Алмасу жылма-жыл немесе бірнеше
жылда бір дақыл екінші дақылмен алмасуы мүмкін. Олар өнімді жылына беріп
отырады, сөйтіп шаруашылықта бір жылда бірнеше дақылдар себіліп, жиналып
жатады. Қазіргі кезде де ірі шаруашылықтарда ауыспалы егіс осы тәртіппен
жүргізіледі. Сонымен қатар кейбір жағдайларда ауыспалы егістің әр түрлі
дақылдар ытек бір танапта алмасып егіліп отыруы да мүмкін, яғни нақтылы бір
танапта өз ауыспалы егісін қолданып, дақылдардың алмасуы уақытпен
байланысты болып келіп отырады. Мұндай жағдайлар алдымен егін көлемі аз,
егілетін дақылдардың түрлері шектелген шаруа қожалықтарында орын алуы
мүмкін. Бұл сияқты бір танапты ауыспалы егістердің артықшылығына ауыл
шаруашылық дақылдарының құнарлылығы біркелкі топыраққа егілетінін,
агроландшафт микроклиматының, топырақ сапасының ала-құла болып келмеуін
жатқызуға болады.
Алмаспайтын дақыл – егістікте бір дақылды қатарынан көп жыл егу. Бұл –
егіске кері ұғым, ауыспалы егістің жоқтығын көрсетеді. Алмаспайтын дақыл
қазіргі кезде ауыспалы егістерді ғылыми тұрғыдан зерттегенде салыстырма
ретінде пайдаланады.
Шаруашылықта бір ғана дақыл егілетін болса, оны бірдақылдылық деп
атайды.
Алмаспайтын дақыл, монодақылдылық деген түсініктер бір ұғымның екі
түрі деуге болады, яғни ауспалы егістің жоқтығының дәлелі.
Қайталап себілген дақыл – танапта бір дақыл 2-3 жыл немесе одан да көп
уақыт өсіріліп, одан кейін ол басқа дақылмен немесе таза пармен аустырылуы.
Көп жылдық екпе шөптер ауыспалы егістің танаптарында екі-үш, одан да көп
жыл өсіп тұруы мүмкін. Соған қарамастан оларды қайталанған дақыл демейміз.
Өйткені шөптің өсіп-өнуі үзілмейді және оның келесі жылғы құрамы, пайдалану
тәсілі алдыңғы жылмен салыстырғанда едәуір өзгеше болып келеді.
Дақылдың биологиялық ерекшеліктеріне, қолданылатын технологияның
деңгейінде т.б. жағдайларға байланысты оларды қайталап себу мерзімі әр
түрлі болып келеді.
Ауыспалы егіс танабында өзінің өсіп-жетілуі үшін вегетациялық
кезеңінің көп уақытын алатын дақылды негізгі дақыл дейміз. Ал екі негізгі
дақылдың арасындағы бос уақытта өсірілетін дақылды аралық дақыл дейді.
Аралық дақылдарды қолдану бір жылда екі өнім алу мүмкіндігіне қол
жеткізеді.
Өткен жылы ауыспалы егістің осы танабында орналасқан дақыл немесе пар
алғы дақыл деп аталынады.
Ауыспалы егіс нобайына сәйкес егістік бөлінгенде туындайтын тең
мөлшері үлескіні ауыспалы егіс танаптары деп атаймыз. Танаптардың көлемі,
сыртқы пішіні әр түрлі болып келуі мүмкін. Бірақ олардың шаршы немесе төрт
бұрышты болып келгені дұрыс. Мұндай жағдайда техникалық тиімді пайдалану
мүмкіндігі артады. Ауыспалы егісті шаруашылық жеріне орналастырғанда
қойылатын талаптардың тағы бірі – оның танаптарының бір – бір-бірімен
көлемі жағынан бірдей болып келуі. Тек қана кейбір мүмкіншілік болмаған
жағдайларда олардың көлемінің орташа көрсетілген ауытқуы ±5% аспауы қажет.
Бірнеше ауылшаруашылық дақылдары бөлек-бөлек өсірілетін ауыспалы егіс
танабын құрама танап деп атайды. Құрама танапқа биологиялық ерекшеліктері
жағынан жақын тұратын, оған байланысты технологиялары да ұқсас болып
келетін дақылдарды орналастыру керек. Өздерінің биологиясы мен технологиясы
әр түрлі дақылдарды мұндай танапқа егуге болмайды. Өйткені, келесі жылы бір
танаптан екі алғы егіс пайда болады.
Ауыспалы егістегі алмасу тәртібі бойынша берілген ауылшаруашылық
дақылдары мен парлардың тізбегін ауыспалы егіс схемасы дейміз. Ауыспалы
егістерге арналған әдебиеттерде және ұсыныстарда көпшілік жағдайда оның
нобайы көрсетіледі, осы нобайды нақтылы жағдайға бейімдеу қажет.
Топырақ құнарлылығын арттыратын және оны пайдаланатын екі-үш түрлі
дақылдардан немесе таза пар мен 1-3 дақылдардан тұратын ауыспалы егіс
нобайының бір бөлігін ауыспалы егіс буыны деп атаймыз. Қысқа айналымды
ауыспалы егістер негізінен бір буыннан тұрады, ал ұзақ айналымды ауыспалы
егістерде буынның саны екеу немесе үшеу болуы да мүмкін.
Ауыл шаруашылығы дақылдары мен пардың белгіленген тәртіппен ауыспалы
егістің барлық танаптарында болып өту мерзімін ауыспалы егістің айналымы
дейді, олардың осы мерзімде жылма-жылғы және танаптарда орналасу жоспарын
айналым кестесі деп атаймыз. Өкінішке орай Қазақстанда айналым кезінде
алмасуы бұзылмаған ауыспалы егістердің саны өте аз. Оған көптеген себептер
бар. Қазіргі міндет дұрыс игерілген ауыспалы егістердің көлемін арттыру
болып саналады.
Ауыспалы егістерді жобалау, одан әрі оларды шаруашылықтарға ендіру,
игеру егіс көлемінің құрылымына байланысты болып келеді. Егіс көлемінің
құрылымы деп шаруашылықтағы өңделетін жердің жалпы көлемінен ауыл
шаруашылық дақылдары мен таза пардың пайыздық арақатынасын айтамыз, яғни
нақтылы жағдайда ең өнімді және эканомикалық тұрғыдан тиімді дақылдардың
шаруашылықтың келешек даму талабына сәйкес болатын түрлері мен алып жататын
көлемі.

II.2 Ауыспалы егістің түрлері.

Егін шаруашылығында қолданылатын көптеген әр түрлі бағыттағы ауыспалы
егістерді бір-бірінен айыра білу, оқып үйренуге және іс жүзінде пайдалануға
ыңғайлы болу үшін оларды топ-топқа бөліп қараудың қажеттілігі туындайды.
Оларды жіктеу негізінен екі көрсеткішке байланысты жүргізіледі.
Бірінші, өндірілетін негізгі өнімімен анықталатын әртүрлі өндірістік
бағыттағы ауыспалы егістер үш типке бөлінеді, далалық, малазықтық және
арнайы.
Далалық ауыспалы егіс негізінен астық, техникалық дақылдар мен
азықтық картоп өндіруге бағытталған болып келеді.
Малазықтық деп негізінен мал азығын өндіретін ауыспалы егістерді
айтамыз. Малазықтық ауыспалы егістері шаруашылықта орналасу ерекшеліктеріне
және өсірілетін дақылдардың құрамына байланысты екі топшаға бөлінеді.
Біріншісі – ферма маңындағы ауыспалы егіс-мал фермаларына жақын орналасқан,
көбіне сүрлемді, шырынды және көкбалауса дақылдар өндірілетін малазықтық
ауспалы егіс. Екіншісі – шабындық-жайылымдық – негізінен көп және бір
жылдық шөптерді пішенге немесе мал жаю үшін өсіретін малазықтық ауыспалы
егіс. Ауыспалы егістің бұл топшасы қазіргі кезде өндірісте аз қолданылады.
Арнайы деп өсіп-өнуіне белгілі бір арнайы жағдайларды және оларға
сәйкес агротехнологияны керек ететін дақылдарды өсіруге арналған ауыспалы
егісті айтамыз. Бұл ауыспалы егістерге көкөніс, бақша дақылдары, күріш,
темекі, бүлдірген, дәрілік екпе өсімдіктерін, эфир майлы дақылдарын, жеміс
көшеттерін өсіреді. Осы топқа топырақ қорғау ауыспалы егістері де жатады.
Ауыспалы егістрдің екінші көрсеткішіне – ауыл шаруашылығы
дақылдарымен пардың арақатынасымен айқындалатын, оның салдарынан туындайтын
технология ерекшеліктерінің топырақ құнарлылығына әсеріне байланысты олар
көптеген түрлерге бөлінеді.
Өңделетін жердің негізгі көлемін жаппай егілетін дәнді – дақылдар
алып жататын және бір танабында таза пар болатын ауыспалы егісті дәнді –
парлы деп атайды. Мұндай ауыспалы егіс Қазақстанның құрғақшылық
аудандарында (солтүстік, солтүстік-батыс және шығыс) қолданылады. Үлгі
ретінде мына ауыспалы егісті келтіруге болады;1-пар, 2-жаздық немесе күздік
бидай, 3-жаздық бидай, 4-арпа немесе сұлы.
Егістіктің жартысынан кем емес көлеміне жаппай егілетін дәнді –
дақылдар орналасатын және олар таза пар мен отамалы дақылдарман алмасып
отыратын ауыспалы егіс, дәнді-парлы-отамалы деп аталынады.
Ауыспалы егістің бұл түрі негізінен астық өндіретін, климаты өте
қатаң болмайтын немесе шаруашылықтағы егістік ылғалмен дұрыс қамтамасыз
етілген учаскілерге орналастырылады. Мысал ретінде төмендегі ауыспалы
егісті беруге болады; 1-таза пар, 2 -дәнді дақыл, 3 -дәнді дақыл, 4
-отамалы дақыл, 5 -дәнді дақыл.
Егістікте негізінен дәнді дақылдар өсірілетін, олармен қатар, таза
пар мен көп жылдық шөптерде қатысатын ауыспалы егісті дәнді-парлы-шөпті деп
атаймыз. Ауыспалы егістің бұл түрі де еліміздің құрғақшылық аудандарында
орын алуы мүмкін. Көп жылдық шөп алдымен пішенге, сонымен бірге топырақтың
құн.арлылығын арттыруға пайдаланады. Мысалы, мына тыс танабы бар ауыспалы
егісті осы түрге жатқызуға болады: 1-пар, 2-астық дақылы, 3-астық дақылы, 4-
астық дақылы, 5-тыс танап.
Егістіктің негізгі көлемі жаппай егілетін дәнді дақылдар алып
жататын, қалған бөлігінде көп жылдық және бір жылдық шөптер егілетін
ауыспалы егіс дәнді-шөпті деп аталады.
Егістіктің жартысы немесе одан да көбіне көп жылдық шөптер, ал қалған
бөлігіне дәнді дақылдар егілетін ауыспалы егісті шөпті-дәнді деп атайды. Су
және жел эрозиясына қарсы қолданылатын келесі ауыспалы егісті үлгі ретінде
келтірейік; 1-көп жылдық шөп, 2-көп жылдық шөп, 3-көп жылдық шөп, 4-күздік
бидай, 5- жаздық астықты дақыл+көп жылдық шөп.
Дәнді дақылдар егістіктің жартысынан аспайтын көлеміне, ал қалған
бөлігіне бұршақ тұқымдастар мен отамалы дақылдар егілетін, олар өзара жылда
алмасып отыратын ауыспалы егісті жемісалмастыру деп атаймыз. Жемісалмастыру
ауыспалы егісінің нақтылы үлгісі ретінде Англияда қолданылған норкфольк
ауыспалы егісін айтуға болады: 1-астық дақылы+беде, 2-беде, 3-күздік бидай,
4-отамалы дақыл.
Өңделетін жердің негізгі көлемін көп жылдық екпе алып жататын
болғанда ауыспалы егіс шөптанапты деп аталады. Бұл ауыспалы егіс малазықтық
тобының шабындық-жайылымдық түріне жақын болып келеді.
Отамалы дақылдар мен көп жылдық екпе шөптер кезектесіп егілгенде
ауыспалы егіс шөпті-отамалы делінеді. Мұндай ауыспалы егістер негізініен
суармалы жерлерде қолданылады. Үлгі ретінде мақта-жоңышқа ауыспалы егісін
немесе дәнді жүгеріні көп өсіретін аудандарда болатын мына ауыспалы егісті
келтіруге болады: 1-астық дақыл+көп жылыдық шөп, 2-көп жылдық шөп, 3-көп
жылдық шөп, 4-жүгері, 5-жүгері, 6-күздік бидай+сидерат, 7-жүгері, 8-жүгері.
Өңделетін жердің жартысынан аса бөлігін отамалы дақылдар алып жататын
болса ауыспалы егісті отамалы деп атаймыз.
Топырақты эрозиядан сақтау үшін дақылдарының түрлерімен, олардың
танаптары орналасуы мен алмасуымен ерекшеленетін ауыспалы егісті топырақ
қорғаушы деп атайды.
Орман немесе оның алқаптарын кеңейтуге керекті сапалы көшетті өсіруге
бағытталған ауыспалы егіс орман көшеттік деп атайды.
Жеміс-жидек өсімдіктерінің көшетін өсіретін ауыспалы егісті жеміс
көшеттік деп атаймыз.
Жоғары сорттық, егістік және өнімдік көрсеткіштерімен ерекшеленетін
тұқым өндіруге арналған ауыспалы егісті тұқым шаруашылық деп атаймыз.

II.3 Ауыспалы егістің аумақтық ерекшеліктері.
II.3.1 Далалық және құрғақ аймақтардағы ауыспалы егіс.

Далалық және құрғақ далалық аймақтар Қазақстанның солтүстік, солтүстік-
шығыс, солтүстік-батыс және орталық аудандарында орын алған. Қазақстанның
жер көлемінің 32% астам аумағын алып жатыр. Бұл өңірде ең көп мөлшерде
дәнді дақылдар өсіріледі, еліміздің жинайтын астығының басым көпшілігі осы
аймақтардан алынады.
Бұл өңірдің аумағының кеңдігіне байланысты климаты мен топырағы әр
түрлі келеді. Солтүстікке қарай беттеген сайын жауын-шашынның мөлшері
көбейе береді де, керісінше, оңтүстікке қарай оның мөлшері азаяды,
құрғақшылық артады, топырақтарының түрі, құнарлылығы төмендейді.
Аязсыз мерзімнің ұзақтығы +10ºС жоғары температураның жиынтығы бұл
аймақтарда астық дақылдарын өсіруге толық мүмкіншілік бар екенін байқатады.
Аймақтарда жауын-шашының мөлшері 250 ден 400мм дейін болып келеді. Ең
көп жауын-шашын Солтүстік Қазақстан, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыспалы егісті жобалау
Ауыспалы егістерді жобалау, енгізу және орындау
Ауыспалы егіс жүйелерін ұйымдастыру
Ауыспалы егістегі алғы дақылдар
Ауыспалы егістер
Ауыспалы егістерде топырақтағы органикалық заттардың баланысын есептеу
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА АУЫСПАЛЫ ЕГІСТІКТЕРДІҢ ЖҮЙЕЛЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Агрономиялық терминдерді пайдалана отырып ауыспалы егістерді жіктеу
Егін шаруашылығы салаларын ұйымдастыру міндеттері
Егістік жерлерді орналастыру
Пәндер