Органикалық химиялық қосылыстардың (пестицидтердің) мутагендік әсері



Жоспары:

I Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1.2,бет
II Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.4бет
II.1 Пестицидтер туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.4бет
II.2 Пестицидтердің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5бет
II.2.1 Гербицидтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6.7бет
II.2.2 Инсектоцидтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8.9бет
II.2.3 Фунгицидтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10бет
II.3 Пестицидтердің биоценозға әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11.13бет
II.4 Хлорорганикалық қосылыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14.19бет
II.5 Фосфоорганикалық қосылыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20.29бет
III Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30бет
IV Пайдаланылғанәдебиеттер
VI Қосымша (кесте,сурет)
Кіріспе.

Жұмыстың өзектілігі: Дүние жүзі бойынша адам саны жыл сайын өсіп келеді.Яғни үшінші мыңжылдықта, 2050–жылы адамзат баласының саны 9,2 миллиардқа жетеді деген болжам бар. Бұл плантетамызды үлкен қажеттілікке әкеліп соқтыруы мүмкін. Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік қоры мекемесінің мәліметтері бойынша, дүниежүзілік барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі зиянды заттардан–35%, оның зиянкестерден–13,8%, арамшөптерден–12% және өсімдік ауруларынан–9,2% төмендейді екен. Тіпті олардың сапасы да нашарлайды .
Ауылшаруашылық өнімін арттырудың бірден бір жолы–зиянды организмдерден са0тандыру, сонымен қатар пестицидті тиімді пайдалану болып табылады. Пестицидтерді дұрыс пайдалану қоршаған орта мен адам денсаулығына кері әсерін болдырмайды. Дегенмен, оларды қоймаларда, тұрмыстық жағдайларда сақталмайтыны белгілі. Сондықтан да біз ауылшаруашылық көздерін іздестіруіміз керек.
Жұмыстың мақсаты: Қоршаған ортаның пестицидтермен ластануын азайту үшін өсімдіктерді қорғаудың биологиялық әдістерін кеңінен қолданумен қатар жаңа технологияларды игеріп пайдалану.
Жұмыстың міндеті: Пестицидтердің адам денсаулығына әсерін анықтап талдау, топырақтың, судың, ауаның, ауыл шаруашылығы дақылдары өнімдерінің пестицидтермен ластануын болдырмау біздің басты міндетіміз. Сондықтан да біз ауылшаруашылық көздерін іздестіруіміз мүмкін.
Жыл сайын Қазақстан Республикасына 20 мың тоннадан астам пестицидтер әкелінеді. Оларды мәдени дақылдарды өсіруде, өсімдік және басқа да өнімдерін сақтайтын орындарын зарарсыздандыруға, ауыл шаруашылық және ауылшаруашылық емес жерлерде, орман шаруашылығында және т.б. зиянды түрлерінің резервация мекендерін өңдеуде қолданады. Біздің елімізде қолдану ережелері көрсетілген пестицидтердің бекітілген каталогі бар. Өкінішке орай, ол тек орыс тілінде ғана. «Список пестицидов (ядохимикатов), разрешенных к применению на территории Республики Казахстан» негізінде құрастырылған.
Белгіленген барлық пестицидтер Қазақстан Республикасының «Өсімдік қорғау туралы» заңына сәйкес мемлекеттік тіркеуден өткен. Пестицидтер қолдануына қарай топтастырылып орналастырылған (инсектицидтер мен акарицидтер, фунгицидтер, себу алдындағы тұқымдарды өңдеуге арналған препараттар, гербицидтер, биопрепараттар, дефолианттар және десиканттар, өсімдік өсуін реттегіштер және т.б.). Орыс тілінде қолданылатын анықтамаларда пестицидтердің ассортименті тауарлық атаулары бойынша алфавиттік тәртіппен келтірілген. Берілген бұл нұсқа пестицидтер ассортиментінде дұрыс бағдар алуға қиыншылық туғызып жүр. Бұл оқу құралында алғашқы рет Қазақстанда тіркелген пестицидтер топтар ішінде әсер етуші заттар бойынша біріктірілген. Бұндай түрдегі пестицидтер тізімі студенттердің тақырыптарды меңгеруге және тауар өндірушілерге пестицидтерді таңдауға едәуір жеңілдік жасайды.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Кемелқызы Т,Берденкулова А.Ж. Избасарова Ж.Ж, Мутагенез теориясы оқу-әдістемелік кешен
2. Ж.Жатқанбаев Адам экологиясы Алматы 2005.
3. Лұқпанов,«Пестицид және өсімдік», Қайнар баспасы.
4. Федоров, Л. А. Пестициды — токсический удар по биосфере и человеку / Л. А. Федоров, А. В. Яблоков. — М.: Наука, 1999.
5. Қолұшпаева А.Т., Рысбеков Қ.Б.,Саинова Г.Ә.,Сәндібеков М.Н. «Экологиялық энциклопедия» - Алматы, 2007ж. - 303б.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе.

Жұмыстың өзектілігі: Дүние жүзі бойынша адам саны жыл сайын өсіп
келеді.Яғни үшінші мыңжылдықта, 2050–жылы адамзат баласының саны 9,2
миллиардқа жетеді деген болжам бар. Бұл плантетамызды үлкен қажеттілікке
әкеліп соқтыруы мүмкін. Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік қоры
мекемесінің мәліметтері бойынша, дүниежүзілік барлық ауыл шаруашылығы
дақылдарының өнімділігі зиянды заттардан–35%, оның зиянкестерден–13,8%,
арамшөптерден–12% және өсімдік ауруларынан–9,2% төмендейді екен. Тіпті
олардың сапасы да нашарлайды .
Ауылшаруашылық өнімін арттырудың бірден бір жолы–зиянды организмдерден
са0тандыру, сонымен қатар пестицидті тиімді пайдалану болып табылады.
Пестицидтерді дұрыс пайдалану қоршаған орта мен адам денсаулығына кері
әсерін болдырмайды. Дегенмен, оларды қоймаларда, тұрмыстық жағдайларда
сақталмайтыны белгілі. Сондықтан да біз ауылшаруашылық көздерін
іздестіруіміз керек.
Жұмыстың мақсаты: Қоршаған ортаның пестицидтермен ластануын азайту
үшін өсімдіктерді қорғаудың биологиялық әдістерін кеңінен қолданумен қатар
жаңа технологияларды игеріп пайдалану.
Жұмыстың міндеті: Пестицидтердің адам денсаулығына әсерін анықтап
талдау, топырақтың, судың, ауаның, ауыл шаруашылығы дақылдары өнімдерінің
пестицидтермен ластануын болдырмау біздің басты міндетіміз. Сондықтан да
біз ауылшаруашылық көздерін іздестіруіміз мүмкін.
Жыл сайын Қазақстан Республикасына 20 мың тоннадан астам пестицидтер
әкелінеді. Оларды мәдени дақылдарды өсіруде, өсімдік және басқа да
өнімдерін сақтайтын орындарын зарарсыздандыруға, ауыл шаруашылық және
ауылшаруашылық емес жерлерде, орман шаруашылығында және т.б. зиянды
түрлерінің резервация мекендерін өңдеуде қолданады. Біздің елімізде
қолдану ережелері көрсетілген пестицидтердің бекітілген каталогі бар.
Өкінішке орай, ол тек орыс тілінде ғана. Список пестицидов (ядохимикатов),
разрешенных к применению на территории Республики Казахстан негізінде
құрастырылған.
Белгіленген барлық пестицидтер Қазақстан Республикасының Өсімдік
қорғау туралы заңына сәйкес мемлекеттік тіркеуден өткен. Пестицидтер
қолдануына қарай топтастырылып орналастырылған (инсектицидтер мен
акарицидтер, фунгицидтер, себу алдындағы тұқымдарды өңдеуге арналған
препараттар, гербицидтер, биопрепараттар, дефолианттар және десиканттар,
өсімдік өсуін реттегіштер және т.б.). Орыс тілінде қолданылатын
анықтамаларда пестицидтердің ассортименті тауарлық атаулары бойынша
алфавиттік тәртіппен келтірілген. Берілген бұл нұсқа пестицидтер
ассортиментінде дұрыс бағдар алуға қиыншылық туғызып жүр. Бұл оқу құралында
алғашқы рет Қазақстанда тіркелген пестицидтер топтар ішінде әсер етуші
заттар бойынша біріктірілген. Бұндай түрдегі пестицидтер тізімі
студенттердің тақырыптарды меңгеруге және тауар өндірушілерге
пестицидтерді таңдауға едәуір жеңілдік жасайды.

Пестицидтердің қолданылуы тікелей адамдар мен жануарлар денсаулығына,
қоршаған ортаға тәуекелмен байланысты, сондай-ақ дұрыс қолданбаған жағдайда
қаражаттық және еңбек шығындарына әкеледі. Пестицидтерді қолданбастан бұрын
препараттардың әсер ету сипатын, мерзімін және аумағын алдын ала
жергілікті орындарға және жеке омарташыларға ақпарат құралдары және радио
арқылы хабарлау керек.
Қазіргі кезде мемлекеттік тілдегі әдебиеттердің тапшылығына байланысты
бұл практикумның маңызы зор.

Негізгі бөлім
2.1 Пестицидтер.
Пестицидтер (латын сөздерінен pestis – жұқпалы ауру, caedo –
өлтіремін) – мәдени өсімдіктерді зиянкестерден, паразиттерден,
арамшөптерден, аурулардан және микроорганизмдерден қорғау үшін қолданатын
барлық химиялық қосылыстар. Зиянкестер тұқым мен астықтан жасалатын
өнімдерде, ағаш пен ағаш өнімдерінде, мақта өнімдерінде, жүн, былғары
өнімдеріне зиянын тигізеді. Мәдени өсімдіктердің өсіп-өнуіне кедергі
келтіретін арамшөптер болады, сондай-ақ адамдар мен жануарларға ауру
таситын, эктопаразиттер бар. Осылардың бәрімен күресу үшін пестицидтер
пайдаланады.
Пестицидтер – ауыл шаруашылығындағы қажетті өсімдіктерді арам
шөптерден, зиянды жәндіктерден және ауруынан сақтау үшін және де басқа да
мақсаттарға қолданылады. Дәнді – дақылдардың дамуын тоқтатып, өнімнің
шығымының азаюына зиянкестердің әсері өте жоғары. Қазіргі ауылшаруашылық
өнімдерінің 70 мыңға жуық зиянкестері белгілі жіне осы зиянкестердің
әсерінен 1 млн тонна ауылшаруашылық өнімдері жоғалады екен.
Пестицидтерді қолдану өте тиімді. Пестицидтерді пайдалану
ауылшаруашылық өнімдерін 18-20% сақтайды. Бірақта қазіргі кезде оларды көп
қолданатын болғандықтан биосфера мен адамдарға зияны тиіп жатыр. Оларды
пайдаланбай өнім алуға мүмкіндік жоқ, себебі зиянкестер өте көбейіп кетті.
Пестицидтерді дұрыс пайдаланса, олардың ауылшаруашылық өнімдері құрамында
қалған қалдығы көпте емес және зиянсыз. Бірақ біздің қателігіміз
пестицидтерді дұрыс ережесімен, мезгілінде пайдаланбаймыз және артық
мөлшерде қолданамыз, ол пестицидтердің азық – түлік құрамындағы мөлшерін
көбейтіп, денсаулыққа зиянын тигізуі мүмкін. Ауылшаруашылық өнімдерінің
зиянды жәндіктері пестицидттердің бір түріне үйренсе, оған өлмеуі мүмкін,
сондықтан пестицидтер түрін өзгертіп отыру қажет.
Азық – түлік құрамындағы пестицидтердің артық мөлшерінен тазартып,
зиянсыздандыру үшін оларды бірнеше рет жуу қажет, себебі олар тамақтың бет
жағында жиналады.
Пестицидтер тобына кейбір дақылдардың өнімін жинау кезінде механикалық
құрал - жабдықтың жұмысын жеңілдету үшін пайдаланатын және өсімдіктің өсу
нүктесінің жұмысын реттейтін заттар – дефолианттар мен десиканттар,
ауксиндер, гибереллиндер, ретерданттар теңіз кемелерінің сырының құрамына
қосып теңіз өсімдіктерімен өсіп кетуге мүмкіндік бермейтін заттар жатады.
Пестицидтер жалпы алғанда әртүрлі кластағы органикалық және
органикалық емес қосылыстардан тұрады. Көпшілігі органикалық, синтетикалық
жолмен алынған заттар қатарына жатады. Бұл органикалық қосылыстардың
арасынан ерекше орын алатыны хлороорганикалық және фосфоорганикалық заттар.
Олар карбамин қышқылының туынды пестицидтері, өсімдік тектес пестицидтер,
триалин, несеп қышқылының туындылары.

2.1.1 Пестицидтердің түрлері.
Пестицидтердің қандай организмге қарсы қолданады, соған орай мынадай
кластарға бөледі: окарицидтер – кенелерге қарсы қолданатын зат,
антифидингтер – жейтін өсімдіктерден, насекомдарды үркітіп қуатын заттар,
инсектицидтер – зиянды насекомдарды жою үшін пайдаланатын заттар,
гербицидтер – қажетсіз өсімдіктермен күресу үшін қолданатын заттар.
Пестицидтер 12-ге жақын химиялық қосылыстар класын біріктіреді.
Көбірек тарағаны төртеуі: хлорорганикалық (гексахлорциклогексан сияқты),
фосфоорганикалық (метафос, хлорофос сияқты), карбоматтар (севин сияқты),
сынап органикалық (гранозан сияқты) қосылыстар. Мыңнан артық жер жүзінде
қолданылатын пестицид препаратының біздің елде 100 ден астамы ғана
қолданылады, бірақ жыл сайын олардың қатары кеңуде.
Зооцидтер – зиянды омыртқалы жануарларды жою үшін пайдаланады. Олардың
да бірнеше түрлері бар: родентицидтер – кемірушілермен күресу үшін, ал тек
егеуқұйрықтармен күресуге пайдаланатын гербицидті-раттицидтер деп атайды.
Өсімдіктердің жануарлардың ауруын қоздырып жұқтыртатын бактериялармен,
вирустармен, саңырауқұлақтармен күресетін заттар бар, олар; бактерицидтер,
вирусоцидтер, фунгицидтер. Жұмырқұрттармен күресетін өсімдіктердің
нематодтық ауруын қоздыратындарды өлтіретін препаратттарды – нематоцидтер;
зиянды молюскаларды жою үшін пайдаланатын заттар – моллюскоцидтер;жалаңаш
шырышпен күресуге пайдаланатын у – лимацидтер, ларвицидтер – жәндіктердің
дернәсілін жоюға арналған, овоцидтер – жәндіктердің жұмыртқасын жоюға
арналған заттар, дефолианттар – өсімдіктердің жапырағын жоюға арналған
заттар, дефлоранттар – артық гүлдерді жоюға арналған заттар, фумиганттар –
қоймаларда дәндердің сақталуы үшін арналған заттар, ретарданттар – нандағы
және т.б полегандарға қарсы заттар, аттрактанттар – жәндіктерді еліктіруші
заттар, репелленттер – жәндіктерді және т.б қорқытуға арналған заттар
Пестицидтердің қатарында тұқымды өңдейтін заттар бар, олар –
репелленттер; бұл заттар зиянды насекомдарды, кенелерді, сүтқоректілер мен
құстарды шошытады. Буынаяқтыларды еліктіріп жинап алып жойып жіберу үшін
немесе шоғырланған жерін тауып, жаз басталар кезде – хемостерилизаторлық
рөл атқаратын, насекомды, кемірушілерді, кенелерді өлтірмей,
ұрпақсыздандыратын препаратты – аттрактанттар дейді. Бұлардан өзге де
комплексті әсері бар пестицидтер бар. Мысалы: өсімдік тұқымын себер алдында
өңдейтін заттар бір мезгілде фунгицид, бактериоцид, инсектицид және тағы
басқа болады.

Гербицидтер,
Гербицидтер- (лат. herba — шөп және caedo — өлтіремін) – өсімдіктерді
жою үшін қолданылатын химиялық заттар. Өсімдіктерге әсер ету сипатына қарай
гербицидтер 2-топқа бөлінеді. Олар:жаппай әсері бар гербицидтер және
таңдамалы әсері бар гербицидтер. Жаппай әсері бар гербицидтер – барлық
өсімдік түрлерін жояды. Ал, таңдамалы әсері бар гербицид – өсімдіктің бір
түрін жойып, екінші түрге әсері болмайтын гербицидтерді атайды.
Жаппай әсері бар гербицидтер – өндіріс орындарының төңірегінднгі
өсімдіктерді тазалауда, кесілген орман орнын тазалауға, аэродромдарға, тас
жолдарды темір жолдарды жоғарғы волтті электр жүйелері жүретін жерлерді,
каналдарды тазалауда, тоспалар мен көлдерді тазалау кездерінде пайдаланады.
Таңдамалы әсері бар гербицидтер – мәдени өсімдіктерді арам шөптерден
химиялық жолмен қорғау үшін пайдаланады. Бұл заттар концентрациясына,
пайдалану нормасына қарай, пайдалану жағдайына қарай гербицидтердің қасиеті
жаппай да, жекелік те болуы мүмкін. Мысалы: ионурон және диурон 1га-ға 1,2-
1,6 кг етуші дозада шашылса, 1 жылдық арам шөпті жояды – мақталықтық, ал
үлкен дозада пайдаланса барлық өсімдікті жояды.
Гербицидтердің таңдамалылығына қарай: биохимиялық және топографиялық
деп бөледі.
Биохимиялық таңдамалықтағы әрекеті гербицидтердің өсімдіктің зат
алмасуына қатысуына негізделген. Биохимиялық таңдамалылық гербицидтердің
әртүрлі айналымға түсуіне байланысты. Тұрақты өсімдіктерде гербицидтер
клетканың компоненттерімен блоктанады да,усыз қосылысқа дейін ыдырайды.
Сезімтал өсімдіктерде – гербицидтер өсімдікті қанап немесе клетка
компонентінің әсерінен улы қосылысқа дейін бұзылады. Мысалы, симазин және
атразинге тұрақты жүгеріде, бұл заттар усыз қосылысқа дейін ыдырайды, ал
сезімтал көпжылдық тамырсабақты өсімдіктерде олар ыдырамайды.
Топографиялық таңдамалылықты гербицидтер әртүрлі анатомо-
морфологиялық өсімдік ерекшелігіне және гербицидті беру әдісіне байланысты.
Топографиялық таңдамалылықты былай түсіндіруге болады. Мысалы, гербицидке
әртүрлі сезімталдық, тіптен бір түрге жататын өсімдіктің өзінде де.
Көлеңкелі, ылғалы мол, қоректік затқа бай, әсіресе азоты жеткілікті
топырақта өсетін өсімдік, өте нәзік гербицидтерге сезімтал болып өседі.
Гербицидтер кең және тар таңдамалы қасиетте болады. Кең ауқымды
таңдамалыққа ие болатын 2,4-Д. Бұл барлық қосжарнақты өсімдіктерді жояды,
ал тар таңдамалық қасиеттегі – пропанид – бұл күріш егістігіндегі күрмекті
ғана жояды. Жалпылама және таңдамалы әсерді гербицидтердегі өсімдікте
ауысып жылжу қабілеттілігіне байланысты жанасушы және жүйелі деп бөледі.
Жанасушы гербицидтергет – ДНОК, пропанаид, грмоксон, натрий
пентахлорфеноляты т.б. жатады. Ол өсімдікке түскеннен кейін жергілікті
улану – тұрған жерінің ұлпасын улайды, ол жер тез арада солады, қоңыр
тартып кеуіп қалады.
Жүйелі гербицидтер – 2,4-Д,симазаин, атразин, монурген және т,б.
жатады. Ол өсімдіктің жүйкесі арқылы қоректік затармен бірге және зат
алмасу өнімдерімен бірге жылжи отырып жалпы улану тудырады. Сабақтың түрі
өзгереді, жапырақ өзгереді, біртіндеп өсу тоқталады, хлорлану, омрылғыштық
жапырақта, сабақта, ұрпақсыздық және тағы басқа.
Қазіргі кездегі гербицидтер – органикалық қосылыстар, олар бірнеше
үлкен топтарға бөлінеді.
1.Орын алмастырған уақыт уақытша – фенолдар – ДНОК; натрий
пентахлорфеноляты; бензонитрилдер – моксинил т.б;
2. Аммонидың төртінші реттік қосылысы – реглон, грамоксан;
3. Хлорфеноксиалкилкарбонды қышқыл туындылары – 2,4 Д; 2,4 ДМ; 2,4 ДП;
2М-4Х; 2М-4ХМ; 2М-4ХП; 2,4,5-Т;
Бензойлы қышқылдар: 2,3,6-ТБК;Банвел-Д; галойдты алмасқан алифатиялық
қышқылдар – ТХА; далалон карбаматтар-хлор-НФК, ИФК;карбин;
Сонымен қатра гербицидтерге: тиокарбаматтар – диаллат, эптам, тиллам,
триаллат, ялан; амидтер – солан, пропанид, дифекамид; мочевинаның
туындылары – дихлоральмояевина, фенурон, монурон, диурон, которон, шнурон,
мотурин, монилинурон. урацилдық туындылары – пенацил; триазиндер – симазин,
атразин, пропазин, прометрин, диметрин жатады. Ал басқа топтағы
гербицидтерге – дахтал, пиклорам, трефлан кіреді.
Гербицидтер қатарында шектеулі көлемде кейбір бейорганикалық заттар
қолданылады. Олар: амммоний сульфаты, калий цианаты, натрий хлораты, калий
және кальций хлораттары, натрий нитраты т.б.

Инсектоцидтер.
Инсектицидтер – (лат. insectum – жәндік және caedo – жою) – зиянды
жәндіктерді құртуға арналған химиялық заттар. Инсектоцидтердің өздері
бірнеше химялық қосылыстардан тұрады. Ең бастыларыы – органикалық хлор,
фосфор қосылыстары, карбаматтар, ароматтық сульфоқышқылдарының эфирлері,
дитиокарбамин қышқылдары.
Органикалық хлор қосылыстары ауылшаруашылық өсімдіктерінің зиянды
жәндіктеріне қарсы тұңғыш рет қолданылған болатын.
Бұлардың қатарына гексахлоран ДДТ, полихлорпинин, полихлоркамфен,
гептахлор, тиодан, пертан, линдан, альдрин, дильдрин, хлориндан,
хлорэтанол, прамекс сияқты тағы басқа да препараттар жатады. Бұл
препараттардың басты қасиеті мынадай. Олар зиянды жәндіктерге қарсы
қолданғанда көп уақытқа дейін инсектоцидтік қасиетін жоймайды. Сол себепті,
зиянды жәндіктерді жою үшін мұндай препараттарды бір рет ғана пайдалану
жеткілікті болады. Дегенмен бұл препаратттар өте күшті кумулятивтік
қасиетіне байланысты соңғы жылдары өндірісте қолданылмай жүр. Органикалық
хлор препараттарын біразы тұқымдық дәндерді топырақ арасындағы
зиянкестерден қорғау үшін дәнді улауға пайдаланылады.
Инсектоцидтердің насекомның денесіне өту жолына байланысты 4 топқа
бөледі. Олар: ішектік, жанаспалы, жүйелік және фумиганттар немесе тыныс
алатын инсектоцидтер.
Ішектік инсектоцидтер – насекомның организміне ауыз арқылы түседі,
көптеген бейорганикалық қосылыстардың ішінде мышьяктың қосылыстар, мәселен;
кальций арсенаты, магний, барий, қорғасын арсенаттары, кремнефторидтер және
металдар флориды, тиадифениламин және арнайы.
Препараттар тобы – оның ішінде эйландар, митин, ирган, т.б жүнді,
теріні қара күйеден қорғау үшін пайдаланатын препараттар.
Жанаспалы инсектоцидтер – насекомдардың организміне тері жамылғысы
арқылы өтеді. Бұлардың қатарына фосфордың органикалық қосылыстары, хлордың,
азоттың және күкірттің органикалық қосылыстары – пиретриндер мен
пиретроидтар жатады.
Жүйелік инсектоцидтерге - өсімдік ішілік инсектоцид жатады. Бұл
инсектоцидтер – тамыр және жапырақ арқылы өсімдікке сіңіріледі, қоректік
заттармен бірге жүйке жүйесі арқылы қозғалады да, өсімдікті паразиттік
тіршілік ететін насекомдар үшін де улы етеді. Мысалы; метилмеркантофос,
фосфамид және т.б.
Бұл инсектоцидтер жануарлардың экзопаразиттерімен күресу үшін
пайдаланады. Препаратты жануарлардың қанына инсекциялаған соң қан насеком
үшін улы болып шығады. Адамдағы битпен күресу үшін сирек жағдайда ғана –
бутодион пайдаланылады. Бұны бір рет пайдаланған кезде адам қаны екі апта
бойына өзінің инсектицидтік қасиетін сақтайды.
Фумиганттар немесе тыныс алатын инсектоцидтер – насекомның организміне
бу тәрізді немесе газ түрінде трахеялық жүйе арқылы , тыныс алу кезінде
өтеді. Олардың қатарына – дихлорфостағы – гексахлорбутадиен жатады. Осы
топтың қатарына өте майда ұнтақталған силикаттар және минаралды майлар
насекомдардың тыныс алу мүшесінің қызметін бұзатындар жатады,
Әрине, бұлай классификациялау салыстырмалы түрде, себебі көптеген
инсектоцидтер насекомның организміне бір мезгілде бірнеше жолмен өтуі
мүмкін. Осыған байланысты кейбір препараттар бірнеше топқа жатуы да мүмкін.
Адам және жылы қандылар үшін улылығына байланысты инсектоцидті 4 топқа
бөледі.
1. Күшті әсер етуші инсектоцидтер – ЛД50-50 дейін.
2. Жоғарғы улылығы ба инсектоцидтер – 50-200
3. Орташа улы инсектоцидтер – 200-100
4. Аз улылықтағы инсектоцидтер – 1000 жоғары.
Инсектоцидтің өсімдікке немесе жануарлар организіміне әсер ету
ұзақтығы бір күннен – бірнеше жылға дейін. Инсектоцидтің қолайсыз әсеріне
байланысты олардың су көздеріне, араларды улау, сона және басқа насекомдар
– тозаңдатқыш паразиттік және жыртқыш насекомдардың жануарлар мен өсімдік
тектес өнімдерге, мал азығына, т.б түсуінің алдын алу керек.

Фунгицидтер.
Фунгицидтер (лат. fungus — саңырауқұлақ және caedo — өлтіру) — мәдени
дақылдарды саңырауқұлақ қоздыратын аурулардан қорғау үшін қолданылатын
химиялық препараттар. Құрылымы жағынан фунгицидтер органикалық және
бейорганикалық болып бөлінеді. Ертеде фунгицидтер ретінде мыс пен темірдің,
күкірт пен мырыштың бейорганикалық қосылыстары қолданылған. Қазіргі
фунгицидтер түрлерінен: формальдегид, беномил, триазол, карбендазим,
триадимефон, флутриафол, приоклостробин және сынап пен хлор, т.б.
элементтердің органикалық қосылыстары, тилт, альто-супер, рекс, фалькон,
скор, импакт, ридомил МЦ, т.б. пайдаланылады. Бұлардың көпшілігі өсімдікті
аурудан қорғаумен қатар оны сол аурудан айықтыра да алады және бір дақылда
ауру түріне байланысты бірнеше фунгицидтер қолданылуы мүмкін.
Фунгицидтердің әсері бүркілген соң 1 — 2 сағат аралығында өсімдік
мүшелеріне сіңіп, қорғау мерзімі 20 — 30 тәулікке дейін жетеді.
Фунгицидтертер жиі қолданылатын ауруларға: астық дақылдарында кең таралған
сары, қоңыр және сабақ таттары, септориоз, көкөніс пен бау-бақша және жеміс-
жидек дақылдарындағы фитофтороз, мильдю, таз қотыр, монилиоз, сұр шірік,
т.б. жатады. Фунгицидтер қолдану мөлшері мен мерзімі және жиілігі арнайы
тексеруден өтіп, рұқсат етілген пестицидтер тізімінде көрсетіледі.
Фунгицидтертер ағаштан жасалған құрылыс материалдарын, теріні, т.б. өңдеуге
де қолданылады.
Фунгицидтердің біразы ауруды жоюмен қатар өсімдікке тікелей
физиологиялық әсер ете отырып жақсы өсіп жетілуіне себепкер болады.
Жалпы өсімдік ауруларына әсер ету қасиетіне қарай фунгицидтер үш топқа
бөлінеді.
1.Емдеуші препараттар – өсімдіктер тканіне енген акру қоздырғыштарын
жоя алады. Бұлардың қатарына, көбінесе, сынапты полисульфид және
бензамидазол препараттары кіреді.
2,Профилактика жасайтын препарттар – өсімдік ауруға шалдықпастан
бұрын, алдын – ала пайдаланады. Бұлардың қатарына мыс және күкіртті
препараттар жатады.
3.Жүйелік препараттар – өсімдік ішіне еніп, аурулардың қоздырушыларына
тікелей фунгицидтік әсерін тигізеді. Бұлардың ішіндегі белгілері – беномил,
топсин-М, БИК.
.

Пестицидтердің биоценозға әсері.
Пестицидтердің биоценозға әсері – күрделі және алуан түрлі. Биоценозда
бұзылу жүйелі түрде тұрақты пестицидтерді пайдаланудан туындайды.
Ауылшаруашылығында улы химикаттар көп қолданылатын және өндіріс дамыған
аймақтарда улы заттектер қанның құрамында болатыны байқалған. Топырақ
көптеген ауруларды (ботулизм, дизентерия, аскаридоз және т. б.)
қоздырғыштарын сақтайтын ортаға жатады.
Ауыл шаруашылығында химиялы препараттарды қолдануды бүгінгі күні
шетелдік және отандық мол тәжірибелер жинақталды. ұзақ жылдар бойы (70 жыл
шамасы) пестицидтерді қолдану адам баласына мол өнім сыйлаумен қатар,
ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып жатқан моральдық, материалдық денсаулыққа көп
зиян келтірді. Бізді қоршаған табиғат ортасы түрлі химиялық қосылыстардың
қоймасына айналды. Химиялық заттар адамның өмір сүріп отырған ортасын
ластай отырып, оны барлық тіршілік аясына тарады. Табиғаттағы зат
айналымының заңына байланысты улы химикаттар ауа, су, азық – түлік арқылы
жер бетіне кең тарады. Мәселен, адам аяғы баспаған антарктидада мұздықтары
құрамында 25 млн ДДТ-ны бар екенін, тіпті пингвиннің организмінен ДДТ-ны
ғалымдар тапты. Бұл фактор химиялық зиянды заттарды бүкіл жер шарына
таралғандығын дәлелдейді . Ең қауіптісі, улы химикаттар ауа-су-топырақ -
өсімдік-жануар-адам жүйесі бойынша айналымға еркін түсіп, тіршілік
атаулыға зардап шектіріп отыр. Біра ауылдың баласы ауыл шаруашылығында
химияны қолдануға тәуелді болып келеді. Оны жасаған да, қолданған да,
зардап шегетін де адам баласы. Мәселен, ДДТ препаратын жасаған Г.Мюллер
Нобель сыйлығына ие болды. өйткен ДДТ сол кезде әлеуметтік – экономикалық
және медициналық проблемасын шешіп берген еді . ДДТ-ны қолдану арқылы адам
баласы өмір бойы зардап шеккен індеттер: сүзек, безгек, тиф, малярия
ауруларынан құтылған болатын. Кейінгі жылдары ДДТ-ны тигізетін зардабы
пайдасынан асып кететін дәлелденіп, оны өндірістен алып тастауға тура келді
(1970). Мәселен, ДДТ-ны табиғаттағы айналым ұзақтығы 50 жыл. Ал, одан соң
оны ыдырап одан да қауіпті химиялық қосылыстарға айналатыны анықталған. Бұл
заттар өз кезегінде өте қауіпт зардап әкеледі .
Ғалымдардың зерттеу бойынша пестицидтерді қолдану қауіпті ісік,
тұқым қуалау, мутациялау ауруларын еселеп көбейтуді бірден – бір себебі
екенін дәлелдеп берді. Қазіргі кезде пестицидтердің зияны кеңейіп, оның
кері әсері де көріне түст. Мысалы: аллергия, жүрек қан тамыры, өкпе тыныс
жолдары, ашық жаралар, т.б. осы пестицидтерге тікелей байланысты.
Қазақстанда пестицидтерді тек қолдан ған аймақтарда (Оңтүстік Қазақстан,
Жамбыл, Алматы, Қызылорда, т.б.). Бұл факторларды мысалы көптеп саналады.
БҰҰ -ны мәліметі бойынша, пестицидтерден улану арқылы 500 мың адам өліп,
5000-ы әр түрл зардап шеккен тіркелген.
Көптеген пестицидтер адам организміне тыныс алу мүшесі, тері, асқазан-
ішек жолы арқылы түседі. Әсіресе пестицидтен бөлмені және себуші материалды
өңдеу кезінде уланған өте қауіпті.
Хлорорганикалық пестицидтер – организмдер үшін жалпы токсикалық –
улаушылық қасиеті бар. Негізінен олар ішкі мүшелерді – бауыр, бүйректі және
нерв жүйелерін зақымдайды. Уланудың ерекше белгілері жоқ, жалпы әлсіздік,
бас айналу, құсқысы келу, сілекейлі қабаттың қабынуы, көздің қабығының және
тыныс жолының тітіркенуі.
Фосфоорганикалық пестицидтер – теріге оңай өтеді және жақсы көрінетін
антихолинэстеразалық – әсері бар. Бұлармен өте қаттты уланады, әрі
спецификалық, мәселен сілекей ағады, көз қарашығы кішірейеді, бұлшық еттің
дірілі, тартылып қалуы жүреді.
Сынапорганикалық пестицидтер – уланғанда сілекей бөлінуі жоғарылайды,
ауызда металл дәмі пайда болады, құсқысы келу, құсу, сілемейленіп іш кету,
бастың ауруы, есінен тану жағдайы т.б. болады.
Азық - түліктердің пестицидтермен ластануы. Азық – түлік көбінесе
хлор, фосфор – сынапорганикалық және карбамин, тиокарбамин және
дитиокарбамин қышқылдары, бролиз сияқты заттармен ластанады. Бұл заттар
көбінесе өсімдік және жануар тектес азық – түлік құрамында көптеп
кездеседі. Пестицидтерді азық – түлікте жинақталуы негізінен оларды
пайдалану мөшерін бұзу және мерзімімен тәртібін сақтамау болып табылады.
Пестицидтер барлық экожүйелерде қолданылатындықтан оның әсері фауна
мен флора өкілдеріне өте қауіпті жағдай туғызады. Зиянкес жәндіктерді
жоюмен катар сол мөлшерде пайдалы организмдер де жойылады немесе зардап
шегеді. Нәтижесінде, табиғи экожүйедегі қалыптасқан биоценоз құрылымы өз
кезегінде ондағы организмдерді көптүрлігі бұзылады. Пайдалы организмдер
әрқашан да зиянкестерге қарағанда популяциясы төзімсіз келеді. Ал,
зиянкестер керісінше көбею мүмкіндігі жоғары, бейімделу қабілет күшті
организмдерге жатады. Сондықтан организмдердің экологиясын бөлуді міндеттеу
тиіс.
Пестицидтердің әрекетінен биоценозда көбінесе ауыл шаруашылығына
пайдалы организмдер – аралар, өрмекшілер, дәуіттер, эитомофигтер, өсімдік
тозандандыратын насекомдар жойылып жалпы био – өсімдік төмендеп жүйе
бұзылады. Ал, бұзылған биоценозды қалпына келтіру өте ұзаққа созылатын
күрдел табиғи процесс.
Топырақты уланудан қорғау. Ауадагы радиоактивті заттар, ауыр металдар,
зиянды қалдықтар топырақты ластайды. Пестицидтер мен минералды тыңайтқыштар
мөлшерден тыс қолданылса топырақ уланады.
Өндірістік қалдықтардағы көмір қышқыл газы, күкіртті ангидрид, түрлі
металдар, көмірсутектер топырақтың құрамын өзгертіп, оның құнарлығын
төмендетеді.
Түсті металлургия кәсіпорындары бар жерлерде топырақтағы Корғасын
мөлшері 20 есеге дейін көп болады. Суперфосфат тыңайтқыштарын шығаратын
зауыттан 500 м. қашықтықта топырақтағы мышьяк нормадан 20-25 есе көп.
Топырақта фтор көп болады.
Ауыл шаруашылығында пестицидтерді қолдану, олардың көп жиналуына,
ерімей, бірнеше жыл сақталуына әкеледі. Анығырақ олар қоректік тізбек
жүйесіне кіріп, улы зат – топырақ – өсімдік – жануар жолымен адамдарды
улайтын болды.
Пестидцидтерден сақтанудың бірден – бір жолы оны экологиялық сауатты
пайдалану. Көкөністерге тағы басқа дақылдарға қолдануды шектеу немесе тез
ыдырайтын зияндылығы төмен препараттарды өміршең ету. Ең бастысы
пестицитерді пайдалануды жаңа технологиясын практикаға ендіру және оған
мемлекеттік, қоғамды мониторингтік жүйесін енгізе отырып қатаң бақылауға
алу.

Хлорорганикалық қосылыстар.
Өткен жылдары хлорорганикалық қосылыстар немесе хлорорганикалық
пестицидтер (ХОҚ, ХОП) өсімдіктерді жәндіктер мен кенелерден қорғау үшін
кеңінен қолданылады (ДДГ, ГХЦГ, гептахлор, полихлорпинен, полихлоркамфен
және т.б.). Көптеген ХОҚ сыртқы ортада баяу ыдырауына байланысты өнімді
жануарлар ұлпаларында жиналып, тағамдық өнімдердің санитарлық сапасын
төмендетеді, сондықтан оларды ауыл шаруашылығына қолдануға тыйым салынады.
Сол себептен инсектицидтерімен улануы байқалмайды. Сондай – ақ азықтар мен
мал шаруашылық өнімдері (ет, сүт, жұмыртқа) пестицидтер қалдығымен ластануы
бірден төмендеді. Бірақ ХОҚ әлі де шет елдерде қолданылады.
Шет елдерде импортталушы азықтар мен жануарлар өнімдерінің олардың
қалдықтарымен ластанған жағдайлары тіркелген. ХОҚ қалдықтары, әсіресе ДДТ
ішкі су қоймаларында ауланған балықтар мен суда жүзетін жабайы құстардың
майларында табылады.
ХОҚ-ның ішінде ет пен ет өнімдерінде, бастысы май ұлпаларында ең жиі
байқалатыны ДДТ және ГХЦГ қалдықтары.
ДДТ (дихлорфенилтрихлорэтан). Ақ кристалды зат. Органикалық
еріткіштерде жақсы ериді – гександа, кетонде және т.б. Судағы ерігіштігі
1-2 мгл (0,001 мгл).
Техникалық ДДТ улылығы бойынша үшінші топқа жатады, ЛД-50 ақ
тышқандарға және егеуқұйрықтарға шамамен 250-300мгкг олардың массасына.
Балықтарға улылығы жоғары - ЛК50 құлақты алабұғаға - 0,016 мгл және
форельге 0,5 мгл . Аралар үшін уыттылығы орташа немесе төмен, ЛД50 4,6-
2000 мгараға.
ДДТ өте ұзақ уақыт топырақта сақталады, азықпен бірге ішке түскен
кезде жануарлардың май ұлпаларында жиналады, сүт пен жұмыртқа арқылы
бөлінеді. Организмге түскеннен кейін ол ыдырап, улы метаболиттер түзеді ДДД
және ДДЭ. Күйістілердің ағзасында ДДД-ға ауысады, бұл мес қарынның
микроорганизмдерінің әсерінен болады. ДДД-улылығы төмен қосылыс,
зертханалық жануарларға ЛД50-3000мгкг тірідей салмағына. Жануарлар
ағзасында тез бұзылады, салыстырмалы тұрақтылығы орташа. Құстарда ДДТ
ферменттердің әсерінен ДДЭ ауысады, оның улылығы бастапқы мен
салыстырғанда төмендеу (ЛД50-800 мгкг), бірақ тұрақтылау.
Өткен жылдары кенелер және жәндіктермен күресу үшін ДДТ кеңінен
қолданған кезде, оны жануарлар мен адамдардың тірі ұлпаларының
кесінділерінен анықтаған болатын. Алғашқы рет ДДТ адам ағзасында жиналуы
туралы D.Hovvell 1948 жылы хабарлаған. Мысалы 1955-1983 жылдары ДДТ тірі
ұлпада болуы АҚШ-та шамамен 10,3 тен 13,9мгкг, Канадада – 4,9, ФРГ-2,3 ,
Францияда-5,2, Англияда-2,2 мгкг. КСРО-да ДДТ адам ағзасында жиналуын В.Е
Любутова мен Л.В. Кондратьева 1965 жылы хабарлаған. Олар ДДТ-ны әйелдердің
сүтінен алынған 82 сынаманың 20-нан анықтаған (0,03 тен 145 мгл
мөлшерде). Операция уақытында алынған адамның бауыр және май сынамаларының
жартысынан пестицидтер 0,65-тан 10 мгкг. дейін анықталған. Апендицит
себебінен операция жасалған 14 жасар қыздың соқыр ішегінде ДДТ 100 мгкг,
ал 41 жастағы тұқымдарды өндеумен айналасқан жұмыскердің мойында 150 мгкг
осы препарат қалдықтары анықталған .
Осы уақытта ДДТ-ны көбіне жануар мен өсімдік өнімдерінен және
азықтардың құрамынан анықтаған. КСРО-да ДДТ-ны анықтаудың алғашқы
зерттеулері 1952 жылы жүргізілген. Зерттеушілер деректері бойынша ДДТ-мен
өнделген сиыр сүтінде у химикатының мөлшері 1-ден 7 мгл дейін анықталған.
ДДТ мен өнделген ірі қара малдың ішкі ағзаларында, етінде және майында
инсектицид 30-100 мгкг мөлшерде анықталған. Қаймақта ДДТ мөлшері 40мгл,
майында 100 мгкг болған 40% зерттелген сынамаларда 1963 жылы және 43%
зерттелген сынамаларда 1964 жылы. Осы деректер негізінде сауын және сойыс
малдарды ДДТ, гексахлоран және басқа да ағзада жиналып, сүт арқылы бөліну
қабілеті бар улы химикаттармен өңдеуге тыйым салынды. Осы уақытта сауын
және сойыс малдарын ДДТ препараты, гексахлоранмен, гептахлормен,
полихлорпиненмен және басқа да улы химикаттармен өңделген жайылымға жаюға,
жануарларды аталған улы химикаттармен өңделген картоп пен қызылшада
белгіленген мерзімі бітпей азықтандыруға тыйым салынды. Сондай-ақ ДДТ,
гексахлоран және басқа тұрақты улы химикаттармен, кумулятивті қасиеті бар
заттармен егістік дақылдарын, жүгеріні, ормандарды және басқа да шабындық
жерлерді, малшаруашылық ғимараттарының маңын өңдеуге және альдрин мен
гептахлор сияқты улы химикаттарды топыраққа себуге тыйым салынады.
1970 жылы ДДТ техникалық гексохлоран өсімдіктердің аурулар мен және
зиянкестерімен күресуде қолданылатын химиялық заттардың тізімінен алып
тасталды. Бірақ санитарлық тәртіпте КСРО Денсаулық сақтандыру министрлігі
бекіткеніне қарамастан, Орталық Азия мемлекеттерінде бұны жиі бұзған. ДДТ
қолдану нәтижесінде химикаттар топырақта, суда, балықтарда жиналған.
Сондықтан әлі күнге дейін кейбір аймақтарда ДДТ мен гексохлоран
малшаруашылық өнімдерде және сыртқы орта обьектілерінде табылып жүр.
Соңғы 20 жылда көптеген елдер ДДТ-ны кенелер мен жәндіктерге қарсы зат
ретінде қолданбайды, сондықтан олардың топырақта, өсімдік және жануар
обьектілерінде, азықтарда және тағамдық өнімдердің құрамында кездесуі
бірден төмендеді. АҚШ-та 1974-1977 жылы еттен тек ДДЭ-ні 0,001-0,024 мгкг
мөлшерде анықтаған (1977).Ресейде 1971 жылы сүт сынамаларының 100%-да ХОҚ
қалдықтары, әсіресе ДДТ және оның метаболиті ДДЭ мен ДДД орта мөлшері 0,045
мгкг анықталса, кейінгі жылдары сүт пен ет сынамаларынан ДДЭ қалдықтарының
анықталған мөлшері 0,05 мгкг аспайды.
Бірақ ДДТ қалдықтарының көп мөлшері суда жүзетін, жабайы, қоныс
аударушы құстардың майынан анықталады 0,001-5,489 мгкг құрайды.
Ресейдің ішкі су қоймаларынан ауланған балықтардың еті мен майында ДДТ
қалдықтарымен ластануы әсіресе оңтүстік аймақтарында байқалды, Қазақстанда
соңғы жылдары балықтардың ДДТ қалдыұтарымен ластануы белгіленген жоқ.
ДДТ-ны анықтау үшін ЖҚХ (жұқа қабатты хроматография) және ГСХ (газды-
сұйықтық) негізіндегі әдістер қолданылады. Бірақ пестицидтің байқалу
деңгейі өте төмен болғандықтан ЖҚХ қолдану тиімдірек, ол пестицидтердің
мөлшерін 0,001-0,005 мгкг анықтауға мүмкіндік туғызады.
Біздің елімізде ДДТ метаболиттерінің соммасы бойынша МЖД үлкен
мөлшерді құрайды; азықтарда 0,05 мгкг, етте 0,1, сүтте 0,05 мгкг .
Тағамдық өнімдерде анықталған ДДТ қалдықтарының мөлшері МЖД бес әсер
көрсеткішінен аспаса, онда оларды терісі бағалы аңдарға азық ретінде
қолдануға болады.
Қазіргі кезде ДДТ қолданылмағандықтан токсикологиялық қауіп
тудырмайды, бірақ тағамдық өнімдер мен мал өнімдерін, сүт, ет, жұмыртқаны
ластау мүмкіндігіне байланысты белгілі маңызы бар.
ГХЦГ (гексахлорциклогексан, гексохлоран, линдан). Техникалық ГХЦГ
сегіз изомерлердің қосылысынан тұрады. Соның ішінде инсектоакарицидтік
әсерінен тек қана гаммаөизомер ГХЦГ (линдан) көрсетеді. Техникалық ГХЦГ-ақ
немесе крем түсті кристалды зат, зең иісі бар. Кейінгі жылдары жануарлар
мен өсімдіктерді қорғау мақсатында қолданылып жүрген гаммаөизомер ароматты
және тұрақсыз ерітінділерде, жақсы ериді. Суда ерігіштігі 10 мгл құрайды.
ГХЦГ гамма изомерін ұзақ уақыт бойы қойлардың псороптозын емдеуге және
алдын алуда қолданылып келді. Малдарды 0,03%-дық концентрациядағы
препараттың судағы эмульсиясы бар тоғыту ванналарында өңдейді. Қазіргі
кезде ГХЦГ гамма – изомері негіздегі препараттарды мал шаруашылығында
қолдануға тыйым салды.
Гамма изомер ГХЦГ уыттылығы бойынша екінші топқа жатады (уыттылығы
жоғары) пестицидтер, ЛД50 ақ егеуқұйрықтарға 125 мгкг. ГХЦГ-ның басқа
изомерлерінің уыттылығы төмендеу: ЛД50 альфа изомерінде 500 мгкг, бета –
изомерінде 6000, дельта – изомерінде 1000 мгкг. Линдан (ГХЦГ гамма
изомері) балықтар мен араларға уыттылығы жоғары: ЛД50 алабұғаға 0,077
мгл, қара балыққа - 0,152 мгл; ЛД50 араларға тікелей әсер еткенде - 0,28
мгараға.
Ағзаға азықпен немесе жануарларды өңдегеннен түскен кезде бұл
препараттар, басқа да ХОС сияқты, негізінен жайлы ұлпаларда жиналады. Бірақ
бұның персистенттілігі ДДТ-дан төмендеу..1960 деректері бойынша ірі қара
малға күнделікті азықпен 16 күн бойы ДДТ 25 мгкг және линданды 100 мгкг
мөлшерде беріп отырса, олардың қалдықтары майда 40-50 мгкг құраған. Сөйтіп
ДДТ мөлшері майда азықтағы мөлшерінен 1,6 есе ұлғайса, линданды енгізгеннен
2 есе төмендеді.
Қазіргі кезде ГХЦГ- ның ешқандай токсикологиялық маңызы жоқ, өйткені
елімізде ол өндірілмейді және қолданылмайды. Бірақ тағам өнімдерін ластаушы
ретінде санитарлық – гигиеналық қауіптілігі бар.
Қазіргі де “Браво” деген препарат қолданылады, фунгицидтік әсерін
зығыр тұқымын өңдеу үшін және вегетация кезеңінде картоп, бидай, қияр, ашық
грунттағы қияр, пияз бен қызамықты фитофтороз, пероноспороз, септориоз,
дақтану мен қоңыр дақтан қорғау мақсатында себуге арналған.
Браво (хлороталенил) – суспензия, концентрат, иіссіз, суда нашар ериді
(0,6Г100мл), органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Уыттылығы аз, ЛД50
егеуқұйрықтарға - 5140, тышқандарға - 3000 мгкг. Теріні тітіркендіреді,
кумуляциялық қасиеті әлсіз білінген. Күту мерзімі 20 күн.
Токсикодинамика. Рұқсат етілген қолданудағы ХОҚ-мен жануарлардың
улануы мүмкін емес. И.В.Сидоров деректері бойынша, үй жануарларының барлық
түрлеріне ХОҚ-дың патогенетикалық әсерін меңгере отырып ол анықтаған бұл
топтың кейбір қосылыстары теріге және кілегей қабықтарға жергілікті
тітіркену әсерін білдіреді.
Бұлар бастысы тері асты және ішкі майларға және де орталық нерв
жүйесіне, бауырға, бүйрекке, ішкі секреция бездерінде жиналады.
Жануарлардың ағзасына қайталап түсетін болса, созылмалы улануы мүмкін.
Орталық және перифериялық нерв жүйесінің синапсында медиаторлардың түзілуін
үдейтеді, нәтижесінде тыныс алу орталығы әлсіреп және қалтырау пайда
болады.
Бауырға ХОҚ гепатоциттердің жасушалық биомембранасы арқылы еніп,
ағзаның ақзат түзушілік, антитоксикалық және басқа да қызметтерін бұзады.
Кейбір тұрақты ХОҚ (ДДТ және т.б.) қышқылды фосфорилдену үрдісін және
моноаминооксидаза ферментінің қызметін бұзады. ХОҚ дихлорилденген кезде
бөлініп шығатын бос радикалдар гепатоцит мембранасындағы майлардың
қышқылдануын күшейтеді, бұл қан тамырларының өткізгіштігін арттырады, бауыр
мен орталық нерв жүйесі ұлпаларының дистрофиясын тудырады, альбуминдер
синтезін төмендетеді. Цитохромоксидаза ферменті тежеліп, аноксемия мен
гипоксия қалыптасады. Стероидті гормондардың гидрооксилдену салдарынан
өндіргіштік төмендеп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пестицидтер туралы жалпы мәлімет. Қоршаған ортаның пестицидтермен ластануы, олардың мутагендік әсері
Қоршаған ортадағы мутагендер
Экологиялық генетика пәнінен лекциялар
Қазақстандағы қоршаған орта ластануының генетикалық салдары
Мутагендік факторлардың тірі организмдерге әсері
Пестицидтерді қолданудың санитарлық-гигиеналық негіздері
Химиялық және биологиялық заттардың қоршаған орта мен өндірістік аймаққа түсуіне жол бермейтін заманауи әдістер. Өндірістік және қоршаған орталардың биологиялық ластануының алдын алушы негізгі әдістер
Улануды клиникалық балау
Табиғаттың химиялық ластануы
Малды союға дайындау
Пәндер