Қазақстан Республикасы және Еуропа мемлекеттері арасындағы байланыс



Жоспар:
I.Кіріспе
Қазақстанның сыртқы саясаты
II.Негізгі бөлім
1. Қазақстанның Еуропа Одағымен ынтымақтастығы
2. Қазақстан мен Франция
3. Қазақстан мен Венгрия
4. Қазақстан мен Ұлыбритания
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Нұрлан ОНЖАНОВ, Қазақстанның Германиядағы Төтенше және өкілетті елшісі.
2. Арендт Х. Вирус тоталитаризма //Новое время 1991, №11
3. Лейпхарт А. Многосоставные общества и демократические режимы М., 1997
4. Поппер К. Демократия и народовластие.//Новое время, 1991, №8
Қосымша әдебиеттер:
5. Гаджиев К.С.. Тоталитаризм как феномен XX века //Вопросы философии, 1992, №2
6. Громыко А.Л. Политические режимы. М., 1994
7. Мағзумов М. Қазіргі кезендегі демократиялық саяси институттар// Саясат, 1998,№ 2
8. Ермеков К. Демократиялық даму жолы. // Саясат, 1998, №10
9. Інкәрбаев Е Посттоталитарлық кеңестіктегі саяси өзгертулердің ерекшеліктері //Саясат 2002,№1

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I.Кіріспе
Қазақстанның сыртқы саясаты
II.Негізгі бөлім
1. Қазақстанның Еуропа Одағымен ынтымақтастығы
2. Қазақстан мен Франция
3. Қазақстан мен Венгрия
4. Қазақстан мен Ұлыбритания
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік
сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге
талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді.
Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және
экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын
халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың
аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді.
Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-
қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан
шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы
тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен
дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық
Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие.
Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық
корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл
түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi
мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің
мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму
мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық
сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия
аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-
қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш
мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел
мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет
басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брю ссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран , Ташк
ент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми
сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша
мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi
арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.

Еуропа Одағымен ынтымақтастық

Соңғы жылдары Қазақстан Еуропа Одағына мүше елдер арасындағы қарым-қатынас
едәуір алға басты. Бұл ретте мемлекетіміздің ЕО-мен ЕО үштігі — Орталық
Азия елдері диалогы шеңберіндегі ара-қатынасын атап өту қажет. ЕО үштігі
— Орталық Азия елдері аясындағы соңғы кездесу 2007 жылдың көктемінде
Қазақстан Республикасының Елордасы Астана қаласында өтті, оның барысында ЕО-
ның Орталық Азиядағы 2007-2013 жылдарға арналған стратегаясы талқыланды.
Сол жылдың 30 маусымында Берлин қаласында Еуроодақтың Орталық Азияға
қатысты Стратегиясының тұсаукесер рәсімі өтті. Демократиялық реформалар
нәтижесінде қол жеткізілген Қазақстанның саяси, экономикалық жетістіктерін
халықаралық қауымдастықтың мойындауы және әлемдегі энергетикалық
қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі біздің республиканың ықпалының өcyi
мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың ТМД Төрағасы ретінде 2006 жылы Санкт-
Петербургте өткен G-8 саммитіне қатысуға мүмкіндік берді. Саммит аясында
Н.Ә. Назарбаев әлемдік және аймактық державалардың басшыларымен кездесіп,
олармен болған сұхбат барысында екі жақты және көпсалалы ынтымақтастыққа
байланысты көптеген мәселелерді талқылады.

Қазақстан – Франция: ЫҚПАЛДАСТЫҚТАН ТЕРЕҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА

Француз Республикасының Президенті Николя Саркозидің Қазақстанға сапары екі
елдің арасындағы ғана емес,  Батыс пен Шығыстың, Еуропа мен Азияның
арасындағы байланыстардың маңызды белесіне айналды.
Кеше Француз Республикасының Президенті Николя Саркози мемлекеттік сапармен
Қазақстанға келді. Әуежайда құрметті қонақты Мемлекеттік хатшы — Сыртқы
істер министрі Қ.Саудабаев, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі
Б.Сұлтанов күтіп алды. Ақордада мәртебелі мейманды қарсы алудың барлық
ресми шаралары орындалған соң Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев пен Француз Республикасының Президенті Николя Саркози
екеуара кездесіп, екі мемлекеттің саяси, сауда-экономикалық және
инвестициялық ынтымақтастығын дамыту перспективаларын талқылады.
“САРКОЗИ-НАЗАРБАЕВ”
бірлескен комиссиясы Франция-Қазақстан қатынастарының даму барысын жіті
қадағалайтын болады.
Нұрсұлтан Назарбаев Франция Президентін Қазақстан – Франция қатынастарын
дамытуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстанның жоғары мемлекеттік наградасы –
“Алтын Қыран” орденімен наградтады.
Бұдан екі жыл бұрын, 2007 жылдың 25 қыркүйегінде БҰҰ Бас Ассамблеясы 62-
сессиясының аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Франция
Президенті Николя Саркозимен алғашқы кездесуі болған еді. Сол кездесуде
мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге қатысты мәселелерді
талқылай келіп, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге
көтеру туралы уағдаласқан болатын. Кейін, яғни 2008 жылдың маусымында
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Парижге жасаған ресми сапары
барысындағы мемлекет басшыларының жоғары деңгейдегі кездесуінде қол
жеткізілген уағдаластық жалғасын тауып, Қазақстан мен Франция арасындағы
стратегиялық әріптестік туралы шарт нақты ережелермен толықтырылды. Бұл екі
мемлекеттің бұрыннан берік орныққан ынтымақтастығын әрі қарай нығайтуды
мақсат еткен шынайы ниеттестігін көрсетеді.
Қазақстан – Франция арасындағы саяси қатынастар, жалпылай алғанда, өзара
түсіністік жағдайында дамып, бүгінде жоғары сатыға көтерілді деп нық
сеніммен айтуға болады. Өйткені, мемлекеттердің өркениет әлеміндегі аса
өткір де өзекті проблемаларға байланысты ұстанымдары өте жақын. Оның үстіне
Франция Қазақстанды Еуропа мен Азияны жалғастырушы көпір ретінде, сондай-ақ
өңірде тұрақтылықты қамтамасыз етуші іргелі ел ретінде танып, өзге ядролық
мемлекеттермен қатар біздің еліміздің қауіпсіздігіне кепілдік берген еді.
Сонымен бірге ресми Париж Қазақстанның Азиядағы өзара ықпалдастық және
сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыру, Әлемдік және дәстүрлі діндер
лидерлерінің съездерін өткізу, тағы басқа да бастамаларына үнемі қолдау
білдіріп келеді.
Қазақстан мен Франция қатынастары парламентаралық байланыстар арқылы да
белсенді дамып отыр. Мысалы, 1993 жылы Қазақстан Парламенті Сенаты мен
Франция Ұлттық Жиналысы арасында парламентаралық делегациялар алмасуын
жүзеге асыратын “Франция – Орталық Азия” және “Франция – Қазақстан”
парламентаралық достық тобы құрылды. Осының нәтижесінде француз
парламентшілері Астананың саяси өміріне үлкен қызығушылық танытуда және
Қазақстанда өткен сайлауларға халықаралық байқаушы ретінде ұдайы қатысып,
саяси науқан үдерістеріне өз тараптарынан баға беріп жүр. Бұдан бөлек, екі
мемлекеттің жетекші партиялары – “Нұр Отан” мен “Халық қозғалысы одағы
үшін” партиялары арасындағы ынтымақтастық та уақыт өткен сайын жанданып
келеді.
Мемлекеттер басшыларының екеуара кездесуі аяқталғаннан кейін кеңейтілген
құрамдағы келіссөз Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Франция
Президенті Николя Саркозидің қатысуымен әрі қарай жалғасты. Келіссөз
барысында тараптар отын-энергетика, атом өнеркәсібі, көлік және
коммуникация, авиация және ғарыш салалары бойынша бірлескен нақты жобаларға
байланысты кешенді мәселелерді талқылады. Бұл сіздің Қазақстанға, біздің
еліміздің астанасы – Астанаға жасаған алғашқы сапарыңыз, деді Қазақстан
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев келіссөз басталардағы сөйлеген сөзінде. Біз
сізбен екі жыл бұрын Нью-Йоркте БҰҰ Ассамблеясының штаб-пәтерінде кездесіп,
осы кездесу жөнінде келіскен едік. Содан бері менің Парижге сапарым болды,
енді сіз Астанаға сапармен келіп отырсыз. Бұл сапар екі ел арасындағы
достық қатынасты сапалық тұрғыдан жаңа сатыға көтеретініне сенімім мол.
Нұрсұлтан Назарбаев әрі қарай Қазақстан мен Франция арасындағы саяси
ынтымақтастыққа тоқталды. Қазақстан басшысының атап өткеніндей, екі елдің
саяси үнқатысуы белсенді және өзара сенімділік сипатта дамып келеді.
Франция Қазақстанмен Стратегиялық әріптестік туралы шартқа қол қойған
Еуропадағы алғашқы мемлекет болып табылады. Франция сондай-ақ Қазақстанмен
экономикалық әріптестік қатынастағы әлемдегі жетекші елдердің бірі болып
отыр.
Екі ел арасындағы тауар айналымы 2003 жылдан бері қарай 10 есеге өсіп, 6,5
миллиард долларды құрады. Бұл үрдісті енді қарқынды түрде әрі қарай
жалғастыру қажет. Бүгінгі күні екіжақты 24 құжат қол қоюға дайындалған. Бұл
Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастыққа тың серпіліс қосады деп
күтілуде.
Жаңа ғана сізбен барлық мәселелерді талқыладық, деп жалғастырды сөзін
Қазақстан басшысы. Екіжақты қатынастарды, өңірлік қауіпсіздікті, Ауғанстан
мен Иран проблемаларын және біздің өңірге қатысты мәселелерді талқыладық.
Аталған мәселелер бойынша біздердің пікірлеріміз толықтай сәйкес келеді.
Мен Ауғанстан жөнінде конференция шақыруды қолдаймын және қолдап та
келемін. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Франция Президентіне Астанада ЕҚЫҰ
саммитін өткізу туралы ұсынысын қолдағаны үшін алғысын білдірді.
Француз Республикасының Президенті Николя Саркози Қазақстанның 2010 жылы
ЕҚЫҰ-да төрағалық ететінін, оның барысында Франция Қазақстанға қолдау
көрсететінін айтып, Қазақстанның өңірде тұрақтылықты қамтамасыз етуде
ерекше маңызды рөл атқаратындығына тоқталды. Ауғанстан және Иран
проблемаларын реттеуде Қазақстанның орны бөлек, деді Франция Президенті.
Біздің Ресеймен қатынастарды дамытуға да Қазақстанның қосатын үлесі зор.
Сонымен қатар осы өңірде қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, өткір проблемаларды
реттеуде Қазақстанға үлкен сенім артылып отыр. Ал біз мұнда Қазақстанды
өзіміздің сенімді стратегиялық әріптесіміз деп келіп отырмыз.
Бұдан кейін Николя Саркози қол қойылатын екіжақты құжаттардың Қазақстан мен
Франция арасындағы ынтымақтастықты тереңдетудегі мәнін атап өтті. Франция
Президентінің айтуынша, екі мемлекеттің қатынастары енді басталып отыр,
перспективалары өте жоғары. Қазақстан – Франция ынтымақтастығын барынша
жандандыру барысындағы өзара үнқатысу сапалы жаңа деңгейге көтеріледі.
Құрылатын комиссия жұмысы әр жыл сайын өтіп, оған екі ел өкілдері тұрақты
қатысатын болады. Жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орын алатын
Қазақстанға бір күндік сапар аздық етеді. Мен Қазақстан ұйымдастыратын ЕҚЫҰ
саммитіне міндетті түрде қатысамын, деді Николя Саркози. Сегіз жыл ішінде
дала төсінде Астана секілді қаланың салынып, бой көтергеніне таңғалып
отырмын.
Қазақстан мен Франция арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жылдан
жылға артып келеді. Өйткені, Қазақстан Францияны өзінің сенімді және
экономикалық серіктесі ретінде жоғары бағалайды. Деректерге қарағанда, екі
ел арасындағы тауар айналымы 2008 жылы 6,201 миллиард долларды құрады. Ал
Қазақстан Францияға негізінен мұнай, металдар және металл құрылғыларын,
химия өнімдерін, ауылшаруашылық өнімдерін экспортқа шығарып келеді.
Қазақстан болса, Франциядан электр және электрондық бұйымдар және оның
жабдықтарын, медициналық дәрі-дәрмек, автокөлік, тамақ өнімдерін және
құрылыс материалдарын алады. Осы тұста айта кетейік, Франция элиталық
тауарлар ретінде шарап, теңіз өнімдері шикізаттарын, киім-кешектер, тағы
басқа тұрмысқа қажетті бұйымдарды жеткізеді.
Екі елдің бірін-бірі инвестициялау көрсеткіші де жыл өткен сайын жақсарып
келеді. Франция Экономика министрлігінің деректері бойынша, Франция
Қазақстан Республикасының экономикасына жалпы көлемі 2,005 миллиард еуро
көлемінде қаржы салды. Ал Қазақстанның Франция экономикасына бағыттаған
инвестициясы 10 миллион еуроны құрайды. Оның 4 миллион еуросы 2008 жылы
салынған. Қазіргі кезде Қазақстанда Францияның бірқатар компаниялары
табысты жұмыс істеуде. Әсіресе, екі ел арасындағы ынтымақтастық отын-
энергетика саласында жақсы жолға қойылған. Мысалы, қазіргі кезде 40-тан
астам франциялық компания Қазақстанның мұнай-газ, тау-кен өндірісі,
энергетика, көлік және қызмет көрсету салаларында жұмыс жасауда. Осы жылдың
1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанда француз капиталының қатысуымен 25
кәсіпорын ойдағыдай қызмет атқаруда. Бұл кәсіпорындар негізінен сауда,
көлік-логистикалық қызметтермен айналысады.
Қазақстан-Франция қатынастарында алдағы уақытта қаржы-банк
ынтымақтастығынан көп үміт күтуге болады. Бұған қазіргі кезде Қазақстанда
“Сосьете Женераль”, “Натексис Банк Попюлэр”, “БНП Партба” және “Калион”
банктерінің жұмыс істеуі нақты дәлел болады. Мемлекет басшыларының кездесуі
мен жүргізген келіссөздерінде нақтыланғанындай, екі мемлекеттің
экономикалық байланыстарын дамытуда Үкіметаралық экономикалық ынтымақтастық
жөніндегі комиссияның жұмысын оң бағалауға болады. Жалпы, 1992 жылдан бері
жұмыс істеп келе жатқан аталған комиссия осы аралықта сегіз отырыс
өткізген. Оларда Қазақстан мен Франция қарым-қатынастарын дамытуға қатысты
көптеген мәселелер талқыланып жүр.
Кеңейтілген құрамдағы келіссөз нәтижесінде Қазақстан мен Франция арасындағы
ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға бағытталған үкіметаралық және
коммерциялық тоғыз құжатқа қол қойылды. Оның ең бастысы әрі негізгісі –
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Франция Президенті Николя
Саркози қол қойған Бірлескен мәлімдеме. Бұдан кейін тараптар ҚР Үкіметі мен
ФР Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен
қалпына келтіру жөніндегі күш-жігерлерге Франция қарулы күштерінің
қатысуына байланысты Қазақстан аумағы арқылы әскери мүлік пен персоналдың
транзитін қамтамасыз ету туралы келісімге, ҚР Үкіметі мен ФР Үкіметі
арасындағы ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу және пайдалану
ынтымақтастығы туралы келісімге, ҚР Үкіметі мен ФР Үкіметі арасындағы жерді
қашықтықтан зондтау, ғарыш жүйесін және ғарыш аппараттарын құру және
пайдалану кешені туралы келісімге, “ҚазМұнайГаз” АҚ пен “Спикапак”
компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға, тағы басқа
құжаттарға қол қойды.
Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени-гуманитарлық қатынастар да соңғы
жылдары ойдағыдай дамып келеді. 1993 жылы екі елдің арасында осы саладағы
байланыстарын жандандыруға бағытталған үкіметаралық келісім жасалған. Осы
қатынастар бүгінде екі ел халқының мәдениет пен өнер салаларындағы
байланыстың негізі болып отыр. Содан бергі уақытта Алматыда “Альянс
Франсез” мәдени білім агенттігінің өкілдігі ашылды. Бұл агенттіктің 139
елде филиалдары жұмыс істейді. Олар негізінен Франция үкіметінің
франкофония және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудағы басты
құралы болып табылады.
Сондай-ақ Қазақстан мен Франция арасында білім беру жөніндегі қатынастар да
ойдағыдай дамып келеді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев баспасөз
мәслихатында атап өткеніндей, “Болашақ” бағдарламасы бойынша Қазақстанның
көптеген жастары Францияның беделді жоғары оқу орындарында білім алып,
қазіргі кезде ел экономикасының дамуына үлес қосып жатыр.
Қол қою рәсімінен соң Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Франция
Президенті Николя Саркози баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистер
тарапынан қойылған сұрақтарға жауап қайтарды. Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-Франция арасындағы ынтымақтастыққа
жоғары баға бере келіп, қазіргі кезде жаппай қырып-жоятын ядролық қару
түрлерін қысқарту жөніндегі проблема өте өткір тұрғанын алға тартты және
оған нақты мысал ретінде Қазақстанның әлеуеті жөнінен әлемде төртінші
орындағы ядролық арсеналынан өз еркімен бас тартқандығын, ядролық қару
түрлерін қысқарту жөніндегі көтерілген өткір де өзекті мәселелерге қашанда
қолдау білдіретіндігін атап көрсетті. Ал өз кезегінде Франция Президенті
Николя Саркози Қазақстан Президентінің бастамасына, ұсынысына толықтай
қосылатындығын білдірді.
Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
“САРКОЗИ-НАЗАРБАЕВ”
бірлескен комиссиясы Франция-Қазақстан қатынастарының даму барысын жіті
қадағалайтын болады
Президенттер Нұрсұлтан Назарбаев пен Николя Саркози “Редиссон САС” қонақ
үйінде өткен екі ел бизнесмендерінің форумына қатысты.
Бұл бизнес-форумға 120 франциялық, 200-ден астам қазақстандық бизнесмен
қатысып отыр, деді өзінің сөзінде жиынға модератор болған Қазақстан
Республикасының Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешев. Одан әрі
министр Қазақстан-Франция бірлескен кәсіпорындарының саны артып келе
жатқанын және форум барысында бірнеше келісімге қол қойылғанын айтып өтті.
Соның ішінде жабық байланыс жүйесі саласында Қазақстанның Қорғаныс
министрлігі, франциялық “Торес” және “Қазақстан-Инжиниринг” компаниялары,
“Қазақстан темір жолы” АҚ пен Францияның темір жол кәсіпорны, т.б.
арасындағы келісімдерге қол қойылды, деп баяндай келіп, құттықтау сөз айту
үшін сөзді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа
берді.
– Мен Француз Республикасының Президенті Николя Саркозимен бірге келген
іскер адамдарға шын жүректен ыстық сәлемімді жолдаймын, – деді өзінің
сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев. – Қазақстанға тұңғыш рет Мемлекеттік сапармен
келген Президент Николя Саркозимен болған келіссөздердің барысын жоғары
бағалаймын. Және де Франция Президентінің шын мәніндегі прагматикалық
көзқарастарының арқасында біздің елдердің арасындағы қарым-қатынас жоғары
деңгейге көтерілді.
Осылай дей келіп, Қазақстан басшысы қол жеткізілген екі жаққа да тиімді
ынтымақтастық уағдаластықтар үшін Франция Президентіне өзінің ризашылығын
білдірді. Одан әрі Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның “Қазатомөнеркәсіп”
ұлттық компаниясы мен Францияның “Арева” компаниясы арасында осы саладағы
ынтымақтастықты дамыту үшін бірлескен кәсіпорын құру туралы және ғарышты
бейбіт мақсатта бірлесе пайдалану үшін үкіметаралық келісімге қол
қойылғанын айтты. Бұл келісім ғылыми және өнеркәсіптік жобаларды іске асыру
бойынша үлкен перспективаға жол ашады, деді Қазақстан басшысы. Сонымен
бірге Қазақстан экономикасын инновациялық жолмен дамыту туралы алға
қойылған міндеттерді іске асыруға үлес қосатынын жеткізді. Келесі кезекте
Қазақстан Президенті “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы мен Францияның
“Спикапак” компаниясы арасында “Қашаған” кен орнынан оңтүстіктегі “Құрық”
портына мұнай құбырын бірлесе тарту және оны қаржыландыру жөніндегі
меморандумға қол қойылғанын мәлім етті. Осы келісімдердің бәрі екі елдің де
стратегиялық мүдделеріне сай келеді, деді Нұрсұлтан Әбішұлы.
Одан әрі Қазақстан Президенті бизнес-форумның барысында ынтымақтастық
туралы 12 құжатқа қол қойылғанын, соның бәрінің бағасы 6 млрд. АҚШ доллары
көлеміне жететінін қанағатпен атап өтті. Бүгін біздің елімізде француздың
аса ірі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының еуропа векторының халықаралық құқық қырлары
Дүниежүзінің металлургия және машина жасау кешені
Орталық Азия аймағы мемлекеттерінің экономикалық интеграциясының көліктік негіздері
Туркия Республикасы және Қазақстан Респубикасы қарым-қатынастар стратегиясы
Ресей Федерациясы мен Орталық Азия мемлекеттерінің өзара қарым - қатынастарындағы аймақтық қауіпсіздік мәселесі
Қазақстанның еуропа мемлекеттерімен байланысы
Темір жол көлігі жайлы
Қазақстан Республикасының ұйымдармен ынтымақтастығы
Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының құрылымы
Қазақстанның саясаты
Пәндер