Тұрғын үйді жалдау шарты



Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Тұрғын үйді жалдау шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2. Мемлекеттік тұрғын үй қортындағы тұрғын үйді жалдау шарты ... ... ... ... .12
3. Жекеше тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау шарты ... ... ... ... ... ... ..23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Кіріспе

Тұрғын үймен қамтамасыз ету қазіргі кезеңде маңызды әлеуметтік мәселелердің бірі болып табылады және соған орай белгілі бір саясатты жасап шығармау мүмкін емес. Әрине, ол оны бірден шешпейді, бірақ бірте – бірте азаматтарды тұрғын үймен неғұрлым тиімді түрде қамтамасыз етуге қол жеткізе отырып, бұл осы мәселені бақылауды ұстауға мүмкіндік береді. 1917 жылғы октябрь революциясынан кейінгі және КСРО – ның өмір сүрген кезеңінде тұрғын үй мәселесін шешудің әртүрлі жолдарын бөліп көрсетуге болады. Бастапқы кезде еңбекші халық тұрғын үймен байларға тиесілі тұрғын үйлерді қайта бөлу есебінен қамтамасыз етіледі. Кейіннен ХХ ғасырдың отызыншы жылдарында КСРО – да индустриалдық негізде тұрғын үй құрылысы басталады. Тұрғын үйді жалдау шарты бойынша тұрғын үйдің иесі немесе оның уәкілетті адамы (жалға беруші) азаматқа (жалға алушыға) және оның отбасы мүшелеріне тұрғын үйді ақы төлеп пайдалануға беруге міндеттенеді. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау шарты жергілікті атқарушы органның, мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй беру туралы шешімі негізінде жасалады. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартын жарамсыз деп тану. Жекеше тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау талаптары, егер тұрғын үй заңдарында өзгеше көзделмесе, талаптардың келісімімен белгіленеді. Меншік иесі (меншіктің жеке нысанына негізделген жеке немесе заңды тұлға) өзі тұратын тұрғын үйді, не негізделген жеке немесе заңды тұлға) өзі тұратын тұрғын үйді, не негізгі мақсаты жалға алушыларға тұрақты немесе уақытша тұру үшін берілу болып табылатын тұрғын үйді жалға беруге құқылы. Жеке тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау шарттары (талаптары) жалға беруші мен жалға алушы арасындағы шартпен де заңдармен де реттеледі. Меншік иесі тұрмайтын және меншік иесі тұрақты тұратын тұрғын үйді жалдау шартының шарттары арасында ерекшелік жасалған. Меншік иесі тұрмайтын тұрғын үйді ол жазбаша түрде жасалған шарт бойынша басқа адамға жалға бере алады. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегі уәкiлеттi орган растайды. Үй-жайларды қайта жабдықтау және қайта жоспарлау жөнiнде нақты атқарылатын жұмыстардың жобаға сәйкестiгi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен меншiк иесi мен жұмысты атқарушы жауап бередi.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Нормативті құқықтық актілер:
1. ҚР Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдері) – Алматы: ЮРИСТ, 2013. – 364 б, 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 61-V Заңдарымен енгізілген өзгерістер және толықтырулармен берілген.
2. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңы.

Арнайы әдебиеттер:
1. Азаматтық құқық. Жайлин Ғ.А., Оқулық, Ерекше бөлім
2. Азаматтық құқық: М.К. Сулейменова, Ю.Г. Басина. Алматы

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Тұрғын үйді жалдау шарты ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2. Мемлекеттік тұрғын үй қортындағы тұрғын үйді жалдау шарты ... ... ... ... .12
3. Жекеше тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау шарты ... ... ... ... ... ... ..23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

Кіріспе

Тұрғын үймен қамтамасыз ету қазіргі кезеңде маңызды әлеуметтік мәселелердің бірі болып табылады және соған орай белгілі бір саясатты жасап шығармау мүмкін емес. Әрине, ол оны бірден шешпейді, бірақ бірте - бірте азаматтарды тұрғын үймен неғұрлым тиімді түрде қамтамасыз етуге қол жеткізе отырып, бұл осы мәселені бақылауды ұстауға мүмкіндік береді. 1917 жылғы октябрь революциясынан кейінгі және КСРО - ның өмір сүрген кезеңінде тұрғын үй мәселесін шешудің әртүрлі жолдарын бөліп көрсетуге болады. Бастапқы кезде еңбекші халық тұрғын үймен байларға тиесілі тұрғын үйлерді қайта бөлу есебінен қамтамасыз етіледі. Кейіннен ХХ ғасырдың отызыншы жылдарында КСРО - да индустриалдық негізде тұрғын үй құрылысы басталады. Тұрғын үйді жалдау шарты бойынша тұрғын үйдің иесі немесе оның уәкілетті адамы (жалға беруші) азаматқа (жалға алушыға) және оның отбасы мүшелеріне тұрғын үйді ақы төлеп пайдалануға беруге міндеттенеді. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау шарты жергілікті атқарушы органның, мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй беру туралы шешімі негізінде жасалады. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартын жарамсыз деп тану. Жекеше тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау талаптары, егер тұрғын үй заңдарында өзгеше көзделмесе, талаптардың келісімімен белгіленеді. Меншік иесі (меншіктің жеке нысанына негізделген жеке немесе заңды тұлға) өзі тұратын тұрғын үйді, не негізделген жеке немесе заңды тұлға) өзі тұратын тұрғын үйді, не негізгі мақсаты жалға алушыларға тұрақты немесе уақытша тұру үшін берілу болып табылатын тұрғын үйді жалға беруге құқылы. Жеке тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау шарттары (талаптары) жалға беруші мен жалға алушы арасындағы шартпен де заңдармен де реттеледі. Меншік иесі тұрмайтын және меншік иесі тұрақты тұратын тұрғын үйді жалдау шартының шарттары арасында ерекшелік жасалған. Меншік иесі тұрмайтын тұрғын үйді ол жазбаша түрде жасалған шарт бойынша басқа адамға жалға бере алады. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегі уәкiлеттi орган растайды. Үй-жайларды қайта жабдықтау және қайта жоспарлау жөнiнде нақты атқарылатын жұмыстардың жобаға сәйкестiгi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен меншiк иесi мен жұмысты атқарушы жауап бередi.

1. Тұрғын үйді жалдау шарты

Тұрғын үйді жалдау шарты бойынша тұрғын үйдің иесі немесе оның уәкілетті адамы (жалға беруші) азаматқа (жалға алушыға) және оның отбасы мүшелеріне тұрғын үйді ақы төлеп пайдалануға беруге міндеттенеді. Тұрғын үйді жалдау шарты жазбаша түрде жасалуға тиіс. Тұрғын үйдi (тұрғын үй-жайды) немесе оның бiр бөлiгiн тұрғын емес мақсатқа пайдалануға осы Заңда көзделген жағдайларда жол берiледi. Тұрғын үйдi пайдалану оның бұзылуына немесе бүлiнуiне әкелiп соқпауға, басқа тұрғындардың тұру жағдайларын бұзбауға, қоршаған ортаға залал келтiрмеуге тиiс. Тұрғын үйдегi тұрғын үй-жайлар мен тұрғын емес үй-жайларды қайта жабдықтау мен қайта жоспарлауды үй-жай иесiнiң келісімiмен және жобаның құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес келуiне жауап беретiн жеке немесе заңды тұлға орындаған жоба болған жағдайда жүзеге асыруға болады. Тұрғын емес үй-жайлар тұрғын үй-жайлардан оқшау болуға тиіс және ортақ кіру (шығу) есігі болмауға тиіс. Жобаның мiндеттi талаптарға сәйкестiгiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегі уәкiлеттi орган растайды. Үй-жайларды қайта жабдықтау және қайта жоспарлау жөнiнде нақты атқарылатын жұмыстардың жобаға сәйкестiгi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен меншiк иесi мен жұмысты атқарушы жауап бередi. Үй-жайларды (пәтерлерді) өзгерткен (қайта жабдықтаған, қайта жоспарлаған) кезде тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екісінің міндетті жазбаша келісімі, мынадай:
1.өзгерістер тіреуіш конструкцияларды қозғаған;
2.өзгерістер ортақ мүлікті қозғаған жағдайларда, талап етіледі.
Жоғарыда аталған өзгерістер өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жоспарланса басқа да үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің ғана мүдделерін қозғаған жағдайда, тек аталған адамдардың ғана жазбаша келісімін алу талап етіледі.
Егер Тұрғын үйдi бiрлесiп пайдалану үй-жайлардың иелерi (азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет) тұрғын үйдi бiрлесiп пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген бiрлестiкке бiрiгуге құқылы.
Тұрғын үй қорын және кондоминиум объектісін басқаруды меншiк иесi тiкелей, не өзi құратын (тағайындайтын, сайлайтын) органдар арқылы, сондай-ақ сенім бiлдiрiлген адамдар арқылы жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу, оның кiмге тиесiлi екенiне қарамастан, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен Қазақстан Республикасы үшiн бiрыңғай жүйе бойынша жүзеге асырылады. Тұрғын үй дауларын шешу:
Тұрғын үйге құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды сот шешедi. Азаматтарды және заңды тұлғаларды олардың тұратын тұрғын үй-жайларынан тек осы заңда белгiленген негiздемелер бойынша, сот тәртібімен ғана шығаруға болады. Сонымен қатар, Шетелдiк заңды тұлғалардың, шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың тұрғын үй қатынастарындағы құқықтары мен мiндеттерi:
1.Қазақстан Республикасында шетелдiк заңды тұлғалар мен шетелдiктер, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше белгiленбеген болса, тұрғын үй қатынастарында Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен және азаматтарымен бiрдей құқықтарды пайдаланады және сондай мiндеттердi мойнына алады.
2.Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар тұрғын үй қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең құқықтарды пайдаланады және сондай мiндеттердi мойнына алады.
Тұрғын үйге жеке меншiк құқығын алу:
1. Азамат немесе заңды тұлға, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы аумағының қай жерiнде тұратынына қарамастан, жеке меншiгiне заңды түрде тұрғын үй сатып ала алады.
2. Бiр азаматтың немесе заңды тұлғаның меншiгіндегі тұрғын үйлердiң саны мен көлемiне шек қойылмайды.
3. Тұрғын үйге меншiк құқығын алуға немесе жүзеге асыруға байланысты қатынастар да Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледi.
Тұрғын үйге меншiк құқығы пайда болуының негiзі Тұрғын үйге немесе оның бiр бөлiгiне меншiк құқығы мынадай негiздер бойынша:
1) үй (үйдiң бiр бөлiгiн) салу;
2) сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту, өмiр бойы күтiп ұстау шартымен, алып қою мәмiлелерi мен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн басқа да азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасасу;
3) тұрғын үйдi мұраға немесе құқықтың әмбебап түрде ауысуы ретiмен алу;
4) жалға алушының мемлекеттік тұрғын үй қорының үйiнде өзi тұратын тұрғын үйдi немесе тұрғын үй-жайды жекешелендiру (сатып алу немесе тегiн алу) жолымен меншiгiне алуы;
5) тұрғын үй (тұрғын үй-құрылыс) кооперативi мүшесiнiң тұрғын үй-жайлар үшiн пайдалану жарнасының бүкiл сомасын төлеуi;
6) шарттық мiндеттеме, соның iшiнде азаматтың үй салуға өз қаражатымен немесе еңбегiмен қатысуы туралы шарт негiзiнде тұрғын үй-жайды меншiкке беру;
7) заңды тұлғалардың мемлекеттік емес меншiк нысанына негiзделген тұрғын үйдi сату не тегiн беру жолымен өз қызметкерiнiң немесе өзге азаматтың меншiгiне беруi;
8) мемлекеттiң немесе заңды тұлғаның мемлекеттік меншiк нысанына негiзделген тұрғын үйдi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шарттармен өз қызметкерiнiң не өзге адамның меншiгiне беруi;
9) жеке меншiкте болған тұрғын үйдiң бұзылуы немесе күштеп алынуы салдарынан тұрғын үйден айырылудың өтемi ретiнде тұрғын үй беру;
10) Қазақстан Республикасының заң актілерінде тыйым салынбаған басқа да негiздер бойынша пайда болады.
Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры:
1.Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры жеке және мемлекеттік тұрғын үй қорларын қамтиды.
2.Тұрғын үй қорына тұрғын үйлердегi тұрғын емес үй-жайлар кiрмейдi.
3.Осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке тұрғын үй қоры және мемлекеттік кәсiпорындардың, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қоры үйлерiндегi тұрғын үй-жайларды жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың немесе өзге де ұйымдардың мәжбүрлеп иелiктен шығаруына тыйым салынады. Тұрғын үй (тұрғын үй-құрылыс) кооперативi мүшесiнiң пайдалану жарнасының бүкiл сомасын төлеуi. Тұрғын үй (тұрғын үй-құрылыс) кооперативiнiң пай жарнасының бүкiл сомасын төлеген мүшесi тұрғын үйдiң меншiк иесiне айналады. Мұндай тұрғын үйге меншiк құқығына жинақталған пайдың бiр бөлiгiне құқығы бар оның отбасы мүшелерi де ие болады.
Тұрғын үйге ортақ меншiк құқығы:
Тұрғын үйдi бiрлесiп салған, азаматтық-құқықтық мәмiлелер жолымен немесе мұраға алған жағдайда және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн басқа жағдайларда екi немесе одан көп азаматтар тұрғын үйге ортақ меншiк құқығына ие бола алады. Бiрнеше адамның меншiгіндегі тұрғын үй оларға ортақ бiрлескен меншiк құқығымен:
1) ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгi;
2) жекешелендiрiлген тұрғын үйге ортақ меншiк түрiнде тиесiлi болады.
Ортақ меншiктегi тұрғын үйдiң меншiк иелерi арасында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне белгiленген тәртiппен бөлiнуi мүмкiн.
3) ерлi-зайыптылардың ортақ бiрлескен меншiк құқығының ерекшелiктерi неке және отбасы туралы заңдармен белгiленедi.
4) жекешелендiрiлген тұрғын үйге ортақ бiрлескен меншiк құқығының ерекшелiктерi осы заңмен белгiленедi. Тұрғын үйге меншiк құқығын тiркеу егер тұрғын үйге меншiк құқығы ол тiркеу органында тiркелген кезден бастап пайда болады. Тiркеу тиiстi тәртiппен ресiмделген, осы Заңнамасында көзделген негiздер бойынша тұрғын үй алынғандығын растайтын құжаттар көрсетiлген жағдайда жүргiзiледi. Тұрғын үйдiң, сондай-ақ салынып бiтпеген тұрғын үйдiң иесi оны, сату шартын белгiлей отырып, өз қалауы бойынша еркiн сатуға, сыйға тартуға, айырбастауға, басқа адамдарға мұраға қалдыруға, кепiлге беруге, осы бапта көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған өзге де жолмен оған билiк етуге құқылы.
Ипотекалық тұрғын үй қарызы қаражатының есебiнен толық немесе iшiнара сатып алынған тұрғын үйдi сатып алу-сату шарты мемлекеттік тiркелген кезден бастап меншiк иесiнiң ипотекалық тұрғын үй қарызы толық өтелгенге дейiн кредитордың келісімiнсiз осы тұрғын үйге билiк етуге құқығы жоқ.
Меншiк иесiнiң тұрғын үйдi немесе оның бiр бөлiгiн тұрғын емес мақсатта пайдалануы оған мемлекеттік органдардың рұқсатын қажет етпейдi.
Бұл құқықты меншiк иесi құрылыс, санитариялық, өртке қарсы және басқа да мiндеттi нормалар мен ережелердi сақтаған жағдайда ғана iске асырады.
Егер құзыреттi органдар мiндеттi нормалар мен ережелердi бұзу фактілерін не тұрғын үйдi пайдалану басқа азаматтардың құқықтары мен мүдделерiн айтарлықтай бұзатын фактiлердi анықтаса, үй-жай иесi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тартылып, сонымен бiрге оған мұндай тәртiп бұзушылықтарды және олардың зардаптарын жою мiндетi жүктелуi мүмкiн.
Бiр тұрғын үйде орналасқан үй-жайлардың иелерi оны күтiп ұстау жөніндегі ортақ шығындарға қатысуға мiндеттi. Әрбiр меншiк иесi шығынның мөлшерi тұрғын үйдегi тұрғын үй-жайлардың пайдалы алаңының немесе дара (бөлек) меншiктегi тұрғын емес үй жайлар алаңының тұрғын үйдiң жалпы алаңына қатынасымен анықталады.
Тұрғын үй иесiнiң жер учаскесiне құқығы:
- тұрғын үй, сондай-ақ салынып бiтпеген тұрғын үй сатылған, сыйға тартылған, мұраға қалдырылған, кепiлге берiлген жағдайда жер учаскесiн меншiктену (жердi пайдалану) құқығы тұрғын үйдiң жаңа иесiне тұрғын үйдiң бұрынғы иесi ие болған көлемде көшедi. - тұрғын үйге (тұрғын жайға) бекiтіліп берiлген жер учаскесiне тұрғын үй иелерiнiң құқықтары Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарымен белгiленедi. Тұрғын үй иесi отбасының мүшелерi:
- үнемi бiрге тұратын ерлi-зайыптылар мен олардың балалары тұрғын үй иесi отбасының мүшелерi деп танылады. Ерлi-зайыптылардың ата-аналары, сондай-ақ өздерiнiң отбасы бар және меншiк иесiмен үнемi бiрге тұратын балалары өзара келісім бойынша ғана меншiк иесi отбасының мүшелерi деп танылуы мүмкiн.
- ерекше жағдайларда, егер меншiк иесiмен үнемi бiрге тұрса және онымен кемiнде бес жыл ортақ шаруашылық жүргiзсе, басқа адамдардың да тұрғын үй иесi отбасының мүшелерi деп танылуы мүмкiн. Еңбекке жарамсыз асырауындағылар, егер олар меншiк иесiмен үнемi бiрге тұрса, меншiк иесi отбасының мүшелерi болып табылады.
Тұрғын үй иесi отбасы мүшелерiнiң негiзгi құқықтары мен мiндеттерi:
- меншiк иесiнiң өзiне тиесiлi тұрғын үйiне өзi қоныстандырған отбасының мүшелерi, егер оларды қоныстандыру кезiнде өзгеше ескертiлмеген болса, тұрғын үйдi онымен бiрдей пайдалануға құқылы. Олар өздерiне меншiк иесi берген тұрғын үйге өздерiнiң кәмелетке толмаған балаларын тұрғызуға құқылы. Отбасының басқа мүшелерiн тұрғызуға меншiк иесiнiң келісімiмен ғана жол берiледi.
- меншiк иесiмен отбасылық қатынастар тоқтатылған жағдайда отбасының бұрынғы мүшелерi тұрғын үйдi, егер тұрғын үй иесiмен жазбаша келісімде өзгеше көзделмеген болса, жалға алу мерзiмiн көрсетпестен жалға алушы құқығын пайдалана алады. Бұл орайда отбасының бұрынғы мүшелерi тұрғын үйдi күтiп ұстау және коммуналдық қызметтердiң ақысын төлеу жөніндегі шығындарға қатысуға мiндеттi.
- тұрғын үй иесi отбасы мүшелерi өздерiнiң тұрғын үйдi пайдалану құқығын бұзған кез келген адамнан, соның iшiнде меншiк иесiнен де аталған бұзушылықты жоюын талап ете алады.
- меншiк иесi отбасының кәмелетке толған мүшелерi (бұрынғы мүшелерi) өздерiнiң тұрғын үй-жайды пайдалануынан туындайтын мiндеттемелерi бойынша ортақ мүлiктiк жауапкершiлікте болады. Жеке тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлердi жалдау. Меншiк иесiнiң тұрғын үйдi басқа адамдарға жалға беруi:
1. Меншiк иесi өзi тұратын тұрғын үйдi, не негiзгi мақсаты жалға алушыларға тұрақты не уақытша тұру үшiн берiлу болып табылатын тұрғын үйдi жалға беруге құқылы.
2. Тұру шарттары (жалдау мерзiмi, ақы төлеу мөлшерi, жөндеу жөніндегі мiндеттердi бөлiсу, жалға алушыларды шығарудың негiздерi және сол сияқтылар) осы Заңмен, сондай-ақ жалға берушi мен жалға алушы арасындағы шартпен белгiленедi.
3. Тұрғын үйiн жалға беретiн адамдарды меншiк иесi таңдайды.
4. Жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Заңнамасында аталған азаматтарға кейіннен беру үшін жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдауға құқылы. Меншiк иесi тұрмайтын тұрғын үйдi жалдау шарттары:
1. Жеке тұрғын үй қорындағы меншiк иесi тұрмайтын тұрғын үйдi ол жазбаша түрде жасалған шарт бойынша басқа адамға жалға бере алады.
2. Жеке тұрғын үй-жай не тұруға жарамды, құрылыс, санитариялық, өртке қарсы және басқа мiндеттi талаптарға сәйкес келетiн жеке бөлме (бөлмелер) жалға берiлуi мүмкiн.
3. Егер жалға алу шартында өзгеше көзделмеген болса, жалға алушы жалға алынған үй-жайға өзiнiң отбасы мүшелерiн, қосымша жалдаушыларды және уақытша тұрғындарды қоныстандыруға құқылы. Тұрғын үй-жайды жергілікті атқарушы орган жалға алып берген адам оған қосымша жалдаушылар мен уақытша тұрғындарды қоныстандыруға құқылы емес.
4. Егер шартта өзгеше көзделмеген болса, жалға алушы жалға алынған үй-жайды алты айға дейiнгi мерзiмге тастап кетуге құқылы. Бұдан неғұрлым ұзақ уақыт бойы болмаған жағдайда шарттың күшi жалға берушiнiң келісімiмен ғана сақталады.
5. Жалға беру шартының күшi тараптар белгiлеген мерзiм бiткеннен кейiн не шартта көрсетiлген ахуал туғанда тоқтатылады. Жалға берушiнiң талап етуi бойынша шартты мерзiмiнен бұрын бұзуға жалдаушы жалдау шартының ережелерiн сақтамаған жағдайда. Қолданылу мерзiмi және тоқтатудың өзге де негiздерi көзделмейтiн шартты жалға берушi жалға алушыға кемiнде үш ай бұрын ескерте отырып, кез келген уақытта бұза алады. Шарт тоқтатылған не бұзылған жағдайда жалға алушы өзiмен бiрге тұратын барлық адамдармен қоса басқа тұрғын үй-жай берiлместен шығарылуға тиiс.
6. Жалға алушы шартты мерзiмiнен бұрын бұзған жағдайда ол бұл туралы жалға берушiге кемiнде бiр ай бұрын ескертуге не сол ай үшiн шартта белгiленген ақыны төлеуге мiндеттi. Егер шартта көзделген мерзiмге не шарттың қолданылуын тоқтататын өзге де ахуалға бiр айға жетпейтiн уақыт қалса, аталған мерзiм тиiсiнше қысқартылады.
7. Егер отбасы мүшесiн қоныстандырған кезде сол мүше мен жалға алушы арасында өзгеше келісім болмаса, жалға алу шартының ережелерiне сәйкес жалға алушымен бiрге тұратын отбасы мүшесi, тұрғын үй-жайды жалға алушының өзi сияқты, дәл сондай пайдалану құқығына ие болады. Отбасы мүшелерiнiң ауқымы осы Заңнамасына сәйкес белгiленедi.
8. Тұрғын үй-жайға немесе жалға берiлген тұрғын үй-жай орналасқан тұрғын үйге меншiк құқығы басқа тұлғаға ауысқан жағдайда жалдау шарты, егер жалға алушының және тұрғын үй-жайды жалға берген меншiк иесiнiң арасында өзгеше көзделмесе, жаңа меншiк иесi үшiн күшiн сақтап қалады.
Меншiк иесi тұрақты тұратын тұрғын үйдi жалдау ережелерi:
1. Меншiк иесi тұрақты тұрғын үйде жалға алушыға тұрғын үй-жайды немесе оның бiр бөлiгiн, оның iшiнде жапсарлас бөлменi немесе бөлменiң бiр бөлiгiн жалға беруге болады. Тұрғын үйде бiрнеше меншiк иесi тұрған жағдайда тұрғын үйдi жалға беру үшiн барлық меншiк иелерiнiң келісімi талап етiледi.
2. Жалға алушының басқа адамдарды, оның iшiнде өз отбасының мүшелерiн де меншiк иелерiнiң келісімiнсiз тұрғызуға құқығы жоқ.
3. Жалға алу мерзiмi аяқталғаннан кейiн жалға алушыда шартты жаңарту құқығы болмайды және ол жалға берушiнiң талап етуi бойынша басқа тұрғын үй-жай берiлместен шығарылуға тиiс. Жалдау шарты жалға берушiнiң талап етуi бойынша жалдаушы жалдау шартының ережелерiн сақтамаған жағдайда, сондай-ақ себептi тосын жағдайларда не осы Заңның 107-бабының 1) - 5) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша ғана мерзiмiнен бұрын бұзылуы мүмкiн.
4. Мерзiмi көрсетiлмей жасалған жалдау шартын жалға берушi себебiн түсiндiрместен кез келген уақытта тоқтатуы мүмкiн. Жалға берушi жалға алушыға, жалдау шартының тоқтатылуы туралы кемiнде бiр ай бұрын ескертуге мiндеттi.
5. Жалға алушы жалдау шартын, егер шартта өзгеше көзделмеген болса, мерзiмiнен бұрын және ескертусiз бұзуға құқылы.
Қосымша жалдаушылар мен уақытша тұрғындардың құқықтық жағдайы:
1. Қосымша жалдаушылардың тұру шарты, атап айтқанда, тұру мерзiмi, төленетiн ақының мөлшерi мен оны төлеу тәртібі тұрғын үй-жайды жалға алушы мен қосымша жалдаушы арасындағы шарт арқылы белгiленедi.
2. Қосымша жалдау шарты тараптар белгiлеген мерзiм бiткенде не шартта көрсетiлген ахуал пайда болғанда тоқтатылады.Шарт қосымша жалдаушы шартты бұзған жағдайда жалға алушының талап етуi бойынша, ал мерзiм не өзге де тоқтату негiздерi белгiленбеген шарттар қосымша жалдаушыны кемiнде бiр ай бұрын ескерте отырып, кез келген уақытта мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн. Қосымша жалдау шарты осы Заңнамасында көзделген тұрғын үйге меншiк құқығы мәжбүр етіліп тоқтатылған жағдайда да тоқтатылады.
3. Қосымша жалдаушы шартты, егер қосымша жалдау шартында өзгеше көзделмеген болса, кез келген уақытта бұзуға құқылы.
4. Қосымша жалдау шарты тоқтатылған не оны жалға алушы бұзған жағдайда қосымша жалдаушы басқа тұрғын үй-жай берiлместен шығарылуға тиiс.
5. Жалға алушы тұрғын үй-жайға уақытша тұрғындарды жалдау шартын жасаспай-ақ тұрғызуға құқылы. Уақытша тұрғындардың тұру шарттарын жалға алушы белгiлейдi.
Уақытша тұрғындар жалға алушының талап етуi бойынша, басқа тұрғын үй-жай берiлместен, кез келген уақытта, кемiнде жетi күн бұрын ескерте отырып шығарылуға тиiс.
Тұрғын үйге меншiк құқығының тоқтатылуы:
1. Тұрғын үйге меншiк құқығы тұрғын үй иесi тұрғын үйдi басқа адамның иелiгiне берген кезде, меншiк иесi қайтыс болған жағдайда не тұрғын үй жойылған (қираған) жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
2. Тұрғын үйге ортақ үлестi меншiкке қатысушылардың бiреуi өз үлесiн сатқан кезде ортақ үлесi бар меншiкке басқа қатысушының сатып алуға басым құқығы болады. Егер сатылатын үлестi сатып алуға ортақ үлестi меншiкке қатысушылардың бiрнешеуi ниет бiлдiрсе, сатып алушыны таңдау құқығы сатушыға тиесiлi болады. Тұрғын үйге ортақ меншiктегi үлестi басымдықпен сатып алу құқығын iске асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен белгiленедi. Тұрғын үйге меншiк құқығын күштеп тоқтату:
1. Тұрғын үйге меншiк құқығын күштеп (меншiк иесiнiң еркiнен тыс) тоқтатуға:
1) меншiк иесiнiң қарыздары бойынша жер учаскесiмен бiрге төлеттiрiп алуды тұрғын үйге аудару;
2) реквизициялау;
3) тәркiлеу;
4) үй орналасқан жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен шығару;
5) құлау (қирау) қаупі бар авариялық тұрғын үйлерді бұзу жағдайларында жол беріледі.
2. Тұрғын үйге меншiк құқығын осы баптың 1-тармағындағы 2) және 4) тармақшаларда көзделген негiздер бойынша күштеп тоқтатқан кезде меншiк иесiне оның қалауы бойынша:
1) тұрғын үйдiң және жер учаскесiнiң нарықтық құнын қоса, меншік иесiне құқығы тоқтатылғанға дейiн төленетiн ақшалай өтем төленуге, сондай-ақ меншiк иесiне келтiрiлген залалдардың орны толық толтырылуға;
2) осы Заңнамада көзделген тәртiп бойынша меншiгiне тұрмысқа жайлы тұрғын үй (пәтер немесе тұрғын жай) берiлуге;
3) реквизициялауды туғызған төтенше жағдайлар тоқтатылғаннан кейiн меншiк иесiне реквизициялаудан келтiрiлген залалдардың өтемақысын толық төлеу арқылы реквизицияланған тұрғын үй қайтарылуға тиiс. Осы баптың 1-тармағындағы 1) және 3) тармақшаларда көзделген негiздер бойынша тұрғын үйдi меншiктену құқығы тоқтатылған кезде меншiк иесi мен алынатын тұрғын үйде тұратын барлық адамдар басқа тұрғын үй-жай берiлместен шығарылуға тиiс. Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша тұрғын үйге меншiк құқығын мәжбүрлеп тоқтатқан кезде меншік иесіне осы Заңнамасына сәйкес тұрғын үй беріледі.
Үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң мiндеттерi:
1.Үй-жайлардың (пәтерлердің) иелерi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мiндеттердi атқарады.
2.Үй-жайлардың (пәтерлердің) иелерi ортақ мүлiк пен үйдi ұстауға жұмсалатын барлық шығыстарға қатысуға мiндеттi, ортақ мүлiктiң және дара (бөлек) (өзiндiк) меншiктегi үй-жайлардың сақталуы мен қауiпсiз пайдаланылуына жауапты болады.
3.Ортақ мүлiктi ұстауға жұмсалатын шығыстардың мөлшерi, егер меншiк иелерiнiң келісімiнде өзгеше көзделмесе, үй-жай (пәтер) иесiнiң ортақ мүлiктегi үлесiне мөлшерлi белгiленедi.
Үй-жайлардың иесi емес адамдардың мiндеттерi Үй-жайды жалдаушының (жалға алушының), сондай-ақ оның меншiк иесi (өзге де құқық иеленушілері) немесе олардың өкілдері емес басқа да адамдардың дауыс беруге құқығы жоқ және кондоминиум объектiсiн басқаруға өзге де түрде қатыса алмайды, бiрақ барлық тұрғындар мен кондоминиум объектiсiнiң үй-жайларын жалдаушыларға (жалға алушыларға) ортақ ереженi сақтауға мiндеттi. Тұрғын емес үй-жайлар иелерiнiң құқықтары мен мiндеттерiнiң ерекшелiктерi:
1.Тұрғын емес үй-жайдың иесi ортақ мүлiктiң тұрғын үй-жайларды пайдалануға ғана байланысты бөлiктерiне қатысты ортақ шығыстарға қатысуға мiндеттi емес.
2.Ортақ мүлiктiң тұрғын емес үй-жайларды пайдалануға ғана байланысты бөлiктерiне қатысты шығыстарды осындай үй-жайлардың меншiк иелерi көтередi.
3.Тұрғын емес үй-жайдың иесi өз мүдделерiне қатысы жоқ кондоминиум мәселелерiн шешуге қатыса алмайды. Тұрғын емес үй-жайлар иелерiнiң мүдделерiне ғана қатысы бар мәселелердi шешуге басқа меншiк иелерi қатыса алмайды. Ортақ мүлікті пайдалануға қатысты мәселелер бұларға кірмейді. Үй-жайларға кіруге егер меншiк
иесiнiң үй-жайынан ғана жүргiзiлуi мүмкiн ортақ мүлiктiң жай-күйiн тексеру, ортақ мүлiктi жөндеу немесе алмастыру қажет болса, алдын ала жазбаша хабар алу бойынша меншiк иесi не басқа бiр тұрушы үй-жайлардың (пәтерлердің) басқа меншiк иелерiнiң немесе кондоминиум объектiсiнiң басқару органының өкiлiн үй-жайға кiргiзуге мiндеттi.
Авариялық жағдайларда немесе адамның денсаулығына немесе өмiрiне қауiп төндiретiн өзге де төтенше жағдайларда кіруге алдын ала хабарлаусыз рұқсат етiлуге тиiс. Ортақ мүлiкке немесе басқа үй-жайларға келтiрiлген залалды өтеу:
1. Егер үй-жайдың (пәтердің) меншiк иесi ортақ мүлiктiң кез келген бөлiгiне немесе кез келген басқа үй-жайға залал келтiрсе, ол залалды өз есебiнен жоюға, не оны жою жөніндегі шығындарды өтеуге мiндеттi.
2. Егер үй-жайда тұрушылар не үй-жайды пайдаланушы адамдар тiкелей залал келтiрушiлер болса, олар осындай мiндеттi меншiк иесiмен бiрлесiп көтередi.
Үй-жайлар арасындағы, сондай-ақ үй-жайлар мен ортақ мүлiк арасындағы шекаралардың өзгертiлуi:
1. Үй-жайлар арасындағы, сондай-ақ үй-жайлар мен ортақ мүлiк арасындағы шекараларды өзгертуге құрылыс нормалары мен ережелерi, сондай-ақ өзге де мiндеттi қауiпсiздiк талаптары сақталған жағдайда жол берiледi.
2. Көршiлес (шектес) үй-жайлардың арасындағы шекараларды өзгерту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Тұрғын үйді жалдау шартын тоқтату
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалдау
Жеке пәтерлерде пәтерлерді жалға беру
Мүлік жалдау шартының нысаны
Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдары
Жалға алушы кәмелетке толғкан отбасы мүшелерінің келісімімен кез келген уақытта жалдау шартын бұзуға құқылы
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру
Мүлiктi жалға алушыға беру, тараптардың құқықтары, бостандықтары мен жауапкершіліктері
Көп пәтерлі тұрғын үйлерді тиімді басқарудың жағдайы
Пәндер