Кәмелетке толмағандар істері бойынша қылмыстық іс жүргізу ерекшеліктері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...,, ... ...3
1 тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ІСТЕРІ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Жасөспірімдер қылмыстылығы, онымен күрес шаралары ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Кәмелетке толмағандардың психологиялық жас ерекшеліктері және олардың қылмыстық іс жүргізу үшін маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.3 Кәмелетке толмағандардың істері бойынша анықталуға тиісті мән.жайлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
1.4 Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қамтамасыз етуші кепілдіктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2 тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІН СОТҚА ДЕЙІНГІ ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Кәмелетке толмағандар бойынша қылмыстық іс қозғау ... ... ... ... ... ... ... 26 2.2 Алдын ала тергеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .,, ... .33
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .,, ... .35
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта кәмелетке толмағандардың ісі бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу маңызды мәселеге айналып отыр. Мұның бірқатар себептері бар, оларға жасөспірімдердің жеке бас сипаттарының күрделенуі сияқты әлеуметтік құбылыспен байланысты болып отырған аталған жас категориясына жататын тұлғалардың қылмысы туралы істер бойынша барлық міндеттерді дұрыс орындау үшін құқық қорғаушы органдар тарапынан көбірек күш салу қажеттілігін де жатқызу қажет.
Қоғамда әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің ірі көлемді және жылдам процестері жүріп жатқан қазіргі уақытта әсіресе, дүниетанымы әлі толық қалыптаспаған, құндылықтар жүйесі тұрақсыз жастар үшін қиын болып отыр. Жасөспірімнің адамгершілік пен құқық туралы түсінігі оның жас ерекшелігіне байланысты вербалдық деңгейде - ол жете түсінуге, оның мінез-құлқының автоматты реттегішіне айналуға жеткен жоқ. Қазіргі уақытта жасөспірімдерге, жастарға деген көзқарас әсіресе құқық бұзушылықтың алдын алу, оны туғызатын себептер мен шарттарды жою тұрғысында өте күшейтілуі тиіс. Өйткені, қылмыс дегеніміз - әлеуметтік дерт, ал жасөспірімдердің қылмыстылығы - өте үлкен дерт, жасөспірімдер қылмыс жасап отырған кезде мұндай құбылысқа төзуге болмайды.
Кәмелетке толмағандар ісін жүргізу тәртібі, кәмелетке толмағандардың жас және әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктеріне байланысты осы категориядағы істерді жүргізудің өзгешілігі мәселелерін Кеңестік кезеңнің өзінде Г.М.Миньковский, К.К.Сперанский, В.Рыбальская, Л.Голубева А.Лиеде, т.б. ғалым-заңгерлер зерттеді. Бұл мәселелермен Қазақстанда К.Бегалиев, С.А.Шапинова және басқа ғалымдар айналысты, негізінен олардың жұмыстарында жасөспірімдер қылмыстылығымен күрес проблемаларын зерттеуге, оның алдын алуға, кәмелетке толмағандардың қылмыстык жауапкершілігі мен оларды жазалау мәселелеріне көп көңіл бөлінді. Қазіргі уақытта мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер салдарынан туындаған жасөспірімдер қылмыстылығының жоғары деңгейге жетуі панасыз балалар санының өсуі мәселелері көкейтесті мәнге ие болып отыр, мұндай өткір сұрақтар бұқаралық ақпарат құралдарында талқылануда.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Еліміз әлемдік аренада қанатын кеңінен серпіп, жас Қазақстан Республикасы ретінде танылып отыр. Тәуелсіздік алған уақыт аралығында жүргізіліп жатқан реформалар Қазақстандағы барлық әлеуметтік топтардың құқықтық санасын түп тамырымен өзгертті. Еліміздің әр азаматының жоғарғы деңгейде өмір сүруіне, мемлекетіміздің биік мақсаттарға жетуіне үлес қосатын білімді, зиялы, өз тағдыры мен ел тағдырына аса жауапкершілікпен қарайтын ұрпақ тәрбиелеу – қазіргі уақытта еліміздің басты мақсатына айналуда. Жастар мәселесі қашан да өзекті екендігі белгілі. Соның ішінде , қоғамның ерекше – демографиялық тобы ретінде айқындалған-кәмелетке толмағандар мәселесі қоғамның барлық топтарын бей-жай қалдырмайды. Өйткені , «Ел болам десең бесігіңді түзе»,-
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Назарбаев Н.Ә. «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан».2007жыл.Қазақстан халқына жолдауы-Егемен Қазақстан -2007ж ыл 16наурыз
2. Нұрмашов Ү.Ө.«Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы». Алматы-Жеті жарғы-2008жыл,299-305бет.
3. Гуковская Н.И., Миньковский Г.М., Долгова А.И. Расследование и судебные разбирательства дел о преступлениях несовершеннолетних.- М: Юридиче-ская литература, 1974. 5-6.бет
4. Ағыбаев А.Н. «Қылмыстық құқық»: Жалпы бөлім.Оқулық: Алматы, Жеті жарғы-2001жыл,12бет, 112бет.
5. Джекебаев У.С. «Социально-психологических аспектах преступно-го поведения».-Алматы,Наука-1971жыл,99бет
6. Оңғарбаев Е.Д, Смагулов А.А. «Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы»:Оқулық: Қарағанды,Болашақ-Баспа-2005жыл,78бет.
7. Лясс А.В, Солодкин И.С. Осебенности имущественных преступлений несовершеннолетних в кн: «Вопросы изучения и предупреждения правонарушений несовершеннолетних».Сборник: Москва,1970жыл.
8. Сиськов В. Преступность несовершеннолетних: причины и следствия. "Фемида ", №2, 1995.
9. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2009жылғы қызметі туралы есеп: Астана қаласы-2010жыл
10. Уткелбаев П. Подростковая преступность.-3акон и время, №5,1998жыл.
11. Бас Прокуратураның 1998жылғы 17наурызындағы №21 «Кәмелетке толмағандар мен жастар туралы заңдарды қолдану үшін прокурорлық қадағалаудың деңгейі мен тиімділігін көтеру туралы» бұйрығы.
12. Каневский Л. Расследование и профилактика преступлений несовершеннолетних.-Москва, 1982.
13. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 1 қаңтар 1998ж.-Алматы: Жеті Жарғы, 1998.
14. Крутецкий В.А. Основы педагогической психологии.-Масква, 1972.
15. Божович Л.Л. Личность и ее формирование в детском возрасте.-Масква, 1968 г.
16. Тарарукин С.А. Преступное поведение. - Масква, 1974.
17. Фрейд З. Введение психоанализ. Лекции 1-15. –СП,1999г, стр210

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ,, ... ...3
1 тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ІСТЕРІ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Жасөспірімдер қылмыстылығы, онымен күрес шаралары ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Кәмелетке толмағандардың психологиялық жас ерекшеліктері және олардың қылмыстық іс жүргізу үшін маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .12
1.3 Кәмелетке толмағандардың істері бойынша анықталуға тиісті мән-жайлар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
1.4 Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қамтамасыз етуші кепілдіктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2 тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІН СОТҚА ДЕЙІНГІ ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Кәмелетке толмағандар бойынша қылмыстық іс қозғау ... ... ... ... ... ... ... 2 6 2.2 Алдын ала тергеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .,, ... .33
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .,, ... .35
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36

КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта кәмелетке толмағандардың ісі бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу маңызды мәселеге айналып отыр. Мұның бірқатар себептері бар, оларға жасөспірімдердің жеке бас сипаттарының күрделенуі сияқты әлеуметтік құбылыспен байланысты болып отырған аталған жас категориясына жататын тұлғалардың қылмысы туралы істер бойынша барлық міндеттерді дұрыс орындау үшін құқық қорғаушы органдар тарапынан көбірек күш салу қажеттілігін де жатқызу қажет.
Қоғамда әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің ірі көлемді және жылдам процестері жүріп жатқан қазіргі уақытта әсіресе, дүниетанымы әлі толық қалыптаспаған, құндылықтар жүйесі тұрақсыз жастар үшін қиын болып отыр. Жасөспірімнің адамгершілік пен құқық туралы түсінігі оның жас ерекшелігіне байланысты вербалдық деңгейде - ол жете түсінуге, оның мінез-құлқының автоматты реттегішіне айналуға жеткен жоқ. Қазіргі уақытта жасөспірімдерге, жастарға деген көзқарас әсіресе құқық бұзушылықтың алдын алу, оны туғызатын себептер мен шарттарды жою тұрғысында өте күшейтілуі тиіс. Өйткені, қылмыс дегеніміз - әлеуметтік дерт, ал жасөспірімдердің қылмыстылығы - өте үлкен дерт, жасөспірімдер қылмыс жасап отырған кезде мұндай құбылысқа төзуге болмайды.
Кәмелетке толмағандар ісін жүргізу тәртібі, кәмелетке толмағандардың жас және әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктеріне байланысты осы категориядағы істерді жүргізудің өзгешілігі мәселелерін Кеңестік кезеңнің өзінде Г.М.Миньковский, К.К.Сперанский, В.Рыбальская, Л.Голубева А.Лиеде, т.б. ғалым-заңгерлер зерттеді. Бұл мәселелермен Қазақстанда К.Бегалиев, С.А.Шапинова және басқа ғалымдар айналысты, негізінен олардың жұмыстарында жасөспірімдер қылмыстылығымен күрес проблемаларын зерттеуге, оның алдын алуға, кәмелетке толмағандардың қылмыстык жауапкершілігі мен оларды жазалау мәселелеріне көп көңіл бөлінді. Қазіргі уақытта мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер салдарынан туындаған жасөспірімдер қылмыстылығының жоғары деңгейге жетуі панасыз балалар санының өсуі мәселелері көкейтесті мәнге ие болып отыр, мұндай өткір сұрақтар бұқаралық ақпарат құралдарында талқылануда.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Еліміз әлемдік аренада қанатын кеңінен серпіп, жас Қазақстан Республикасы ретінде танылып отыр. Тәуелсіздік алған уақыт аралығында жүргізіліп жатқан реформалар Қазақстандағы барлық әлеуметтік топтардың құқықтық санасын түп тамырымен өзгертті. Еліміздің әр азаматының жоғарғы деңгейде өмір сүруіне, мемлекетіміздің биік мақсаттарға жетуіне үлес қосатын білімді, зиялы, өз тағдыры мен ел тағдырына аса жауапкершілікпен қарайтын ұрпақ тәрбиелеу - қазіргі уақытта еліміздің басты мақсатына айналуда. Жастар мәселесі қашан да өзекті екендігі белгілі. Соның ішінде , қоғамның ерекше - демографиялық тобы ретінде айқындалған-кәмелетке толмағандар мәселесі қоғамның барлық топтарын бей-жай қалдырмайды. Өйткені , Ел болам десең бесігіңді түзе,- демекші , еліміздің ертеңгі жарқын болашағы осы жас ұрпақ қолында. Алайда , бүгінгі таңда кәмелетке толмағандар қылмыстық іс-әрекетке бейім тұратын әлжуаз топқа жатады, олардың мінез-құлқында девиацияның барлық түрі , яғни, маскүнемдік, таксикомания, нашақорлық, жезөкшелік, бақылаусыздық, қаңғыбастық, қылмыстылық көрініс тауып отырады десек қателеспейміз.
Қазақстан Республикасының Президентінің 2007 жылғы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген басым міндеттердің бірінде: Өз назарымды жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсу проблемасына аударып, мұны кеміту шараларын қолдану міндет , - деп айтқан болатын.[1]
Қазіргі кезде кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстың азаюына қарамастан, олардың сотталғандығы өсу үстінде екені анықталды, агрессивті бағыттағы ресми емес жастар ұйымдарының саны көбеюде, пайдакүнемдік есебі басым жастар санасының басқа да теріс түрлері пайда болды.
Жасөспірімдер қылмысымен күрес біздің қоғамдағы қылмыспен күрес міндеттерінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.Қылмыстың алдын алу, оған жібермеу,ескерту жөніндегі шаралардың одан әрі күшейтілумен қатар, бұл міндеттің орындалуы әрбір жасалған қылмыс үшін әділ жазадан құтылмаушылықты қамтамасыз етуді де қамтиды.
Әрине, жасөспірімдер қылмыстылығын жеңуге сот және тергеу органдарының іс-қызметі ғана емес, сонымен бірге ең бастысы ұйымдастыру, алдын алу, тәрбиелеу және т.б. шараларын жүргізу арқылы жетуге болады. Алайда, осы шаралар кешенінде сот шаралары ерекше орын алады және оларды дұрыс қолдану нақты оң нәтиже береді.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істерді тергеу және сот талқылауы кезіндегі бірінші әрі негізгісі - процесті кәмелетке толмаған құқық бұзушының өзіне тәрбиелік әсер етуге, оны адал еңбекпен өмір сүруге оралтуға көмектесетіндей етіп жүргізу және істі солай шешу.
Сонымен бірге, кәмелетке толмағандар қылмысы туралы істер бойынша сот процестері өзге де табансыз, аумалы мінезді жасөспірімдерге нақты ескерту ретінде ықпал етуі, жұртшылықтың назары мен күш-жігерін жасөспірімдер қылмыстылығымен күреске жұмылдыруы, оларды қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен шарттарды жоюға әрекет етуі тиіс.
Бұл тұрғыда қылмыстық істерді тергеумен сот талқылауы сапасын одан әрі көтеру өте маңызды. Бұл саладағы бірінші кезектегі мәселелер қатарына жасы 18-ге толмаған (кәмелеттік жас) тұлғалар мемлекеттің ерекше қамқорлығын иеленуіне байланысты заңнамалық регламентацияның елеулі ерекшеліктерін қамтитын кәмелетке толмағандардың ісін жүргізу мәселелері сөзсіз жатады. Мемлекет, кәмелетке толмағандар жас ерекшелігіне орай өз әрекеттерінің мән-мағынасын жете түсіне алмайтынын нысанаға ала отырып, олардың өз күшімен құқықтарына қол жеткізу, өзі үшін міндеттемелер алу және заңды жауапкершілік жүктеу қабілеттерін шектейді, сондай-ақ олардың құқықтарын жүзеге асырудың ерекше тәртібін белгілейді.
Мұның барлығы қазіргі кезеңде кәмелетке толмағандардың істері бойынша қылмыстық іс жүргізу мәселесінің өте күрделі екендігін және өзектілігін көрсетеді.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы кәмелетке толмағандар ісін жүргізудің ерекшелігіне байланысты Қазақстан Республикасының іс жүргізу кодексінде жеқе тарауға бөлінген нормалар жүйесін құрайтынына, кәмелетке толмағандар істері бойынша іс жүргізу тәртібін реттеп және тұтастай алғанда осы категориядағы істерге ерекше маңыз беретіндігіне қарамастан, дегенмен кәмелетке толмағандар ісін жүргізуге қатысты кейбір мәселелерді зерттеу басты мақсат болып отыр.
Белгіленген мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешумен байланысты: сот және тергеу органдарының кәмелетке толмағандардан жауап алуды жүргізу, кәмелетке толмағандарға бұлтартпау шараларын қолдану, қылмыс туралы бастапқы материалдарды толық, жан-жақты тексеруден өткізудің міндеттілігі, кәмелетке толмағандардың ісін жүргізуді жүзеге асырушы органдар жасөспірім құқық бұзушының құқықтары мен бостандықтарын бұзбау туралы заң талаптарын сақтауы мәселелері.
Өкінішке орай, іс жүзінде ҚР-ның қолданыстағы заңнамасының талаптары бұзылатын немесе орындалмайтын жағдайлар жиі кезедеседі. Тергеушілер жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы мәліметтерді алу кезінде материалдар мен хабарламаларды әрқашан мұқият тексере бермейді, соның нәтижесінде қылмыстық іс қозғау немесе іс қозғаудан бас тарту туралы негізсіз шешімдер қабылданып жатады, ал бұның өзі өз кезегінде жасөспірімнің жан-дүниесін жарақаттауы немесе оның бойында жазасыз қалу мен қылмыс жасауды одан әрі жалғастыра беру сенімдерін қалыптастыруы мүмкін.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспе,1,2 тараулардан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.
Курстық жұмысын жазу барысында Совет Қоғамындағы заң ғалымдарының, криминологтардың еңбектерімен қатар тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан ғалымдарының да еңбектерін пайдалана отырып, осы тақырып төңірегінде туындап отырған проблеманы көрсетуге тырыстым.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында қабылданған Қылмыстық кодекс пен қылмыстық іс жүргізу кодексін енгізілген өзгертулерді практика жүзінде қолдануға да тоқталып өттім.

1. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ІСТЕРІ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1. Жасөспірімдер қылмыстылығы, онымен күрес шаралары
Адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы Халықаралық ережелерде кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша іс жүргізу нақты орын алады.
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1985 жылғы 29 қарашада кәмелетке толмағандарға қатысты әділ соттылықты жүзеге асыруды қамтитын Пекин ережелер деген атпен белгілі шағын стандартты ережелерді қабылдады. Бұл ережелер әртүрлі құқықтық жүйелер шеңберінде қолданыла алатындай және сонымен бірге, жасөспірім құқық бұзушылармен кез-келген ұйғарымда және кез-келген жүйеде қатынас жасауда бірқатар ең төменгі стандарттарды белгілей алатындай етіп жасалған. Ережелер барлық жағдайларда бейтарап, әділ және өзгертусіз қолданылуы тиіс. Осы ережелер кәмелетке толмағандар істерін жүргізу тәртібі белгіленген қолданыстағы қылмыстық істерді жүргізу кодексі нормаларында да көрініс тапты.
Қылмыстық іс жүргізу заңдылығымен осы тараудың ережелері қылмыс жасалған сәтте кәмелеттік жасқа , яғни он сегіз жасқа толмаған адамдардың істері бойынша қолданылады. Жалпы жасты анықтау бойынша кәмелеттік жасқа толған деп туған күні келген адамды айтпайды, ол сол күннен бастап, яғни сағат 00-бастап кәмелетке жасқа жеткен болып саналады. Ал медициналық сараптама бойынша ол жаңа жылдан бастап кәмелеттік жастағы болып табылады[2;299].
Қазақстанда қазіргі уақытта бұл мәселеге ерекше назар аударылып отыр, жасөспірімдер қылмыстылығына талдау жүргізіледі, олардың құқыққа қарсы мінез-құлықтарының себептері анықталады, олардың алдын алу шаралары жасалады.
Кәмелетке толмаған қылмыскер дегеніміз кім? Кәмелетке толмаған қылмыскер - бұл заң бойынша жазалау қатерімен тиым салынған, қоғамға қауіпті әрекетті кінәлі түрде жасаған, 14 жасқа толған, бірақ 18 жасқа толмаған, ақыл-есі дұрыс адам болып табылады. Жалпы алғанда, кәмелетке толмаған қылмыскер жалпы қылмыскерге тән белгілердің бәріне ие, десек те, бұған қоса өздерінің жас және психологиялық, әлеуметтік және өнегелік, сондай-ақ демографиялық және құқылық ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Дәлірек айтар болсақ, олардың бұл ерекшеліктері ең алдымен кәмелетке толмағандар тұлғасындағы және олардың психофизологиялық дамуындағы жас ерекшеліктермен қамтылады. Кәмелетке толмаған қылмыскерке тән ерекшеліктердің бірі - олардың құқықтық және өнегелік санасының елеулі түрде бұрмалануы болып саналады. Яғни, мұндай кәмелетке толмағандар, біріншіден, ар - ұят, борыш, ерік сияқты сезімдерді жеке басының қалауынша немесе өз жолдастарының тілегіне қосыла отырып, өздерінше түсінеді.
Екіншіден, олар ойын-сауық пен құмар ойындарына бейім болады.
Үшіншіден, өзге адамның қайғы-қасіретіне немқұрайлы қарайды, әлсіздердің есебінен өзін - өзі танытуға, өзін көрсетуге ұмтылады.
Төртіншіден, олар заң бойынша тиым салынғандардың барлығын форсализм деп санай отырып, заңдардың әлеуметтік мәнін елемейді, заң мақсаттарына өз мақсаттарын қарама - қарсы қояды, сондай-ақ, заң талабы мен нормаларына қарсылық көрсетеді.
Бесіншіден, әдетте олар құқық қорғау органдарына қатысты өшпенділік және сенімсіздік қатынаста болады.
Сонымен құқыққа қарсы әрекет етуші кәмелетке толмағандарға этикалық - құқықтық сферадағы бұрмалану да тән. Және де бұл құқылық білім саласындағы жәй ғана проблема емес, бұл заң принциптері мен талаптарына теріс қатынас болып табылады.
Кәмелетке толмаған қылмыскерлер өздерінің заң сыйлаушы құрдастарынан жоғары агрессивтігімен және импульсивтігімен, дөрекілігімен, көбіне өтірік сөйлеуімен жоғарғы дәрежедегі тынымсыздығымен және сабырсыздығымен, ар-ұят сезімінің төмендігімен ерекшеленеді. Мұндай кәмелетке толмағандардың әртүрлі конфликті кезінде көбіне күш қолдануға ұмтылуын, оның тұлғасының жоғарғы әсерленгіштігімен (басынан сөз асырғысы келмеуімен, тез ренжуімен және бұрқ етпес мінез-құлқы арқылы) түсіндіру болады. Әдетте, кәмелетке толмаған қылмыскер бойынан біреудің қайғысына ортақ болу, әлсіздерге көмек көрсетуге ұмтылу сезімінің жоқ екендігін байқауға болады. Олар қоршаған дүниені - тұтастай қатал, өмір сүру өте қиын орта деп қабылдайды. [4;12] Сондықтан олардың ойынан мейірімсіздік, дөрекілік, өзге адамдарға қастандықпен қарау сияқты қасиеттерді жиі байқауға болады.
Кәмелетке толмаған қылмыскердің бойынан өзімшіл, қоғамға жат, сонымен бірге олардың жасына сәйкес келмейтін ауытқушылық қажеттіліктерін байқауға болады. Жүргізілген зерттеулердің қортындысы олардың 10 пайызы есірткі заттарды қолданса, 59 пайызы спирттік ішімдіктерді жүйелі түрде қолданатының,олардың едәуір бөлігі үшін қаңғыбастықтың тән екендігін, ал кейбіреуінің жыныстық азғындалған әрекет жасауға бейім екендігін көрсетті.
Кәмелетке толмаған қылмыскер үшін танымдық және рухани қажеттіліктердің жат екендігін ескеру қажет. Олардың оқуға деген ынтасы өте төмен, ал өндіріс саласында мұндай қылмыскерлердің еңбек әрекетін орындауға деген ықыласы мүлде жоқ. Ал бұл жағдайда өз кезегінде кәмелетке толмаған қылмыскердің мамандыққа тек материалдық және өзге де тұтынушылық пайда көруге бағытталған қатынаста қарауын дамытады. Олар білім алуды, оның деңгейін көтеруді тұлғаның мәдени және рухани дамуының негізгі факторы деп есептемейді. Сондай-ақ олар еңбектің кез - келген түрі ауырлық және еңбек етпей-ақ өмір сүруге болады дейді. Олай болса, кәмелетке толмаған қылмыскердің көпшілігінің еңбекке қарсы бағыттылыққа ие екендігін анықтай отырып, олардың бос уақытының шамадан тыс мол болуы олардың тұлғасының жан-жақты және үйлесімді дамуына кедергі болып қана қоймай, сонымен бірге оның тұлғасының нашарлау процесін жеделдетеді деп ойлаймыз. Оның үстіне, іріктеп алынған мәліметтер, 16 мен 24 сағат аралығында "бос уақыттық" деп аталатын қылмыстардың 82 пайызы жасалатындығын куәландырады.
Кәмелетке толмаған қылмыскер шамадан тыс индивидуалдығымен, өзімшілдігімен, өз тілегін қоршаған адамдардың, көпшіліктің талабына, қарсылығына қарамастан, қалайда орындауға ұмтылумен сипатталады. Және мұндай белгілер ересек қылмыскерге тән болып табылады. Олардың ауытқушылық, яғни айомалиялық сипаттағы қызығушылықтарының шамадан тыс ұлғаюы кітап оқуға, музыкаға, театрға деген эстетикалық қызығушылығының әлсіреуі есебінен болады.
Кез - келген өзге адам сияқты кәмелетке толмаған қылмыскер де көптеген әр түрлі жағдайлармен сипатталады. Бұған оның әлеуметтік байланысы (оқудағы, отабсындағы және т.б.) психологиялъқ қасиеттері мен ерекшеліктері (ақыл,ойы, эмоционалдъқ ерекшеліктері, темпераменті); Моральдық қасиеттері (көзқарастары, қызығушылығы, танымы); демографиялық ерекшеліктері (жынысы, жасы, білімі) және де қоғам алдындағы ұқыптылығы жатады.
Кәмелетке толмаған қылмыскер күрделі және көп қырлы құбылыс, сондай-ақ ол өзге қылмыскер сияқты қоғамға қауіпті сипатқа ие. Олар жөнінде дұрыс пікір айту жасөспірім жөніндегі барлық әлеуметтік қасиеттер мен белгілердің, оның әлеуметтік жағымды немесе әлеуметтік жағымсыз қасиеттер негізінде, сонымен бірге олардың әлеуметтік және өнегелік, жас және психологиялық демографиялық және құқылық ерекшеліктерін ескере отырып қана жасалады.
Кәмелетке толмағандар қылмыскерлерді жоғарыда аталған ерекшеліктерін ескеру, сол кәмелетке толмаған қылмыскерлерді түзеу және келешекте олардың қылмыстық әрекет жасауына жол бермеу, сондай-ақ олардың арасындағы қылмыстылықтың алдын алу сияқты бірқатар мәселелерді шешу ісінде аса маңызды болып табылады.
Кәмелетке толмағандардың құнды бағыттылығына талдау жасай отырып, оны мынадай 3 түрге бөлуге болады:
1) жалпы қызығушылықтар;
2)жақындары мен достарының қызығушылығы;
3)жеке қызығушылықтар (материалдық және материалдық емес сипаттығы).
Кәмелетке толмағандардың материалдық қажеттіліктері екі жолмен қалыптасады. Біріншісі - бұл категорияға жататын жасөспірімдердің отбасындағы мүмкіндіктердің аз болуына байланысты белгілі бір жастағы жасөспірімнің барлығы үшін тән болып табылатын қажеттіліктер мен қызығушылықтарды қанағаттандыру. Әдетте мұндай отбасындағы көптеген ата-аналар, әсіресе әкелер маскүнем болған, өздерін моральды түрде ұстаған, отбасында үнемі материалдық қиыншылықтар болған; мұндай отбасының балалары әдетте жұпыны киінеді, олар үшін тіпті арзан нәрсені алу өзі шектелген.
Екіншісі - кәмелетке толмаған қылмыскер бойында заң сыйлаушы өз құрдастарына жат болып табылатын белгілердің, қажеттіліктер мен қызығушылықтардың болуы.[4;112] Көптеген жасөспірімдер, жоғарыда айтылып кеткендей қылмыс жасағанға дейін нашар оқыған немесе тіптен оқуды не жұмысты тастап кеткен, үй шаруасымен айналыспаған. Нәтижесінде олардың бос уақыты шамадан тыс көп болған, ал оның күнделікті қыдырымпаздығы белгілі материалдық қаражаттың болуын талап етеді (мәселен, дискотекаға бару үшін, темекі алу үшін, спирттік ішімдіктер алу үшін). У.С.Джекебаев мәліметтері бойынша бас бостандығынан айыруға сотталған кәмелетке толмағандардың 75 пайызға жуығы мүліктік қылмыс жасаған. Олар мұндай қылмыстарды спирттік ішімдік алу үшін (39%), басқа қалаға бару үшін (6%), жасағандығын айтқан. Ал олардың мұндай қылмысқа баруына жеңіл ойлылық, өз әрекетінің салдарын ойланбаушылық (21%), спирттік ішімдіктерінің ықпалы (22%), көңілді өмір сүруге тырысу (13%), материалдық қиындықтар (18%), достары мен ересектердің теріс үлгі - өнегесі (6%), түрткі болған.
Қазіргі таңда жасөспірімдер тарапынан жасалатын қылмыстар өзінің алуан түрлілігімен қала берді, қатыгездігімен алаңдатып отыр. Жасаған қылмысына орай қылмыстық жауапқа тартылған жасөспірімдердің жас ерекшеліктері төмендегідей болып келеді:
14 жастағылар - 11%;
15 жастағылар - 7%;16- 17 жас аралығындағылар - 42%.
14 жасар балалар қылмысты көбіне топтасып жасайды.
Жалпы, 2-3 баладан құралған топтар қалаларда 33 пайызды құраса, 4 баладан құралған топтар - 12 пайыз, басқа топтар 6 немесе одан да көп балалардан топтасқан. Есепте тұрған қылмыс жасаушылардың ең төменгі жасы - 14-15 жас. Топтасып жасалған қылмыстардың басым көпшілігі ер балаларға тиесілі, ал қыз балалар тарапынан жасалған бұзақылық қылықтар жалпы қылмыстың 5 пайызын құрайды.[5;99] Бұл сияқты көрсеткіштерді М.С.Нәрікбаевтың да зерттеу жұмысынан байқауға болады. Ол былай деп жазады: "Кәмелетке толмаған қылмыскерлер арасында неғұрлым кеңінен тараған қылмыстың түріне мүліктік қылмыстар жатады. Негізінен жасөспірімдер мұндай қылмыстарды спирттік ішімдіктер алу ойын-сауықтарға бару үшін қаржы табу мақсатында жасайды".Ал біздің зерттеуіміздің нәтижесіне орай, яғни Алматы қаласында орналасқан кәмелетке толмаған қылмыскерлерге арналған еңбекпен тәрбиелеу колониясындағы 36 қылмыскер кәмелетке толмағандарға жүргізілген арифметалық сұрағымыздың нәтижесі бойынша олардың 43 пайызы қылмысты өздерінің материалдық қажеттілігін қанағаттандыру үшін, 21 пайызы спирттік ішімдіктермен көңіл көтеруге, қаржы табу үшін, 10 пайызы ересектерге еліктеп, 8 пайызы өз құрдастарының арасында абыройын көтеріп, нығайту үшін, ал қалған 12 пайызы өз қылмыстарын ешбір мотивсіз жасаған.
Бұдан шығатын қортынды, кәмелетке толмағандардың осы сияқты өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қылмыстық жолды таңдауы олардың дүниетанымының тарлығын, өнегелік құнды армандарының жоқ екендігін көрсетеді.
Кәмелетке толмағандардың қоғамға қарсы әрекеттерінің себебі, сонымен бірге, сұраныстары мен олардың жасаған қылықтары арасындағы байланыстарға талдау жасай отырып, қоғамға қарсы әрекет ету барысында қызығушылық - бұларды байланыстырушы буын болып табылатынын ескере өткен жөн. Қызығушылық - адамның өмірлік мәнінің және эмоционалды тартымдылығының негізінде тұлғаның объектіге іріктеп алынған қатынасы. Қызығушылық - адамның танымдылық қажеттілігінің эмоционалды көрінісінің бірі. Қызығушылықтар материалдық және рухани түрде болатындығы бәрімізге белгілі. Материалдық қызығушылықтар тұрған жай, әдемі киім, тәтті тағам, бағалы заттар сияқты байқалады. [6;78] Сонымен бірге қызығушылықтың бұл түрі сараңдыққа, пайдакүнемдікке айнала отырып, теріс формаға ие болуы мүмкін. Ал рухани қызығушылықтар тұлғаның даму деңгейін сипаттайды. Оларға кәсіптік танымдармен, әдеби кітаптармен, модель жасаумен шұғылдану және басқалар жатады.
А. В. Лясс пен И.С.Солодкин мүліктік қылмыс жасаған кәмелетке толмағандардың қылмысының мынадай мотивтерін анықтаған: пайдакүнкемдік -90%; тәртіпсіздік - 3,3%; жалған жолдастық сезімі -2%; романтика - 0,9%; өзге де мотивтер - 3,8%.[7]
Қазақстанда қазіргі уақытта бұл мәселеге ерекше назар аударылып отыр, жасөспірімдер қылмыстылығына талдау жүргізіледі, олардың құқыққа қарсы мінез-құлықтарының себептері анықталады, олардың алдын алу шаралары жасалады.
Статистика жөніндегі Мемлекеттік комитет мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан Республикасында 1998 жылдың қаңтарына қарай 10 жастан 14-ке дейінгі жасөспірімдер саны 1 млн 632,5 мыңды қүрады. 15 жастан 30-ға дейінгілер саны 4 млн 187 мың 830 адам немесе тұрғын халықтың жалпы санының 26,8%-ы. Республикада соңғы уақытта жүргізілген жастар мәселесі бойынша әлеуметтік зерттеулердің көрсетуінше, жастардың белсенді еңбек және қоғамдық өмірге араласуы үіпін, ал бүл еңбекке қабілетті халықтың 40%-ға жуығы, қажетті әлеуметтік, ұйымдастырушылық, құқықтық шарттар әлі қалыптаспаған.[8;58]
Қылмыс пен өзге де құқық бұзушылықтар осы мезгілде мемлекетте қалыптасқан қоғамдық қатынастармен себепті түрде байланысты екендігі белгілі, сондықтан да елде жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар жастардың әлеуметтік жағдайына әлі елеулі оң ықпал ете қоймағандықтан да, сәйкесінше қылмыстың өсуі белең алуда.
Ішкі істер органдары кәмелетке толмағандар арасында қылмыс жасаудың төмендеуінің тұрақты беталысын атап көрсетеді: егер, 2003 жылы 7 мыңнан астам қылмыс тіркелген болса, 2009 жылы жасөспірімдер 4654 қылмыс жасаған. Алайда, олардың құқыққа қарсы әрекеттерінің қоғамдық қауіптілігі жоғары дәрежеде сақталып отыр. Кәмелетке толмағандар жасаған әрекеттердің шамамен үштен бір бөлігі ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатады. Есепті жылы кәмелетке толмағандар 70 кісі өлтіру, 170 қарақшылық шабуыл және 1000 тонау жасаған. Қылмыстық жауапкершілікке тартылған кәмелетке толмағандардың жартысына жуығы мектеп оқушылары. Бұл жағдайда мектептегі полиция инспекторларының рөлі ерекше болады, олар жасөспірімдер ортасында құқық бұзушылықтың ерте алдын алу шараларын қабылдауға, оқу орындарының ресурстары мен оқытушыларды тәрбие-құқық жұмысын жүргізуге пайдалану тиімділігін арттыруға тиіс.[9]
Соңғы уақытта кәмелетке толмағандардың ауыр қылмыстар: қасақана кісі өлтіру, зорлау, ауыр дене жарақаттары, тонау және т.б. жасауы көбеюде.
Кісі өлтірудің үлкен пайызын жасөспірімдердің абайсыздықпен кісі өлтіріп алуды құрайды. Сондай-ақ балалардың қараусыздығы да үлкен мәселе тудырып отыр. Жасөспірімдердің уақытша ұстау, бейімделу және ақтау Орталығында Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан келген жасөспірімдер бар. 1998 жылы 7 айында Орталықта 410 кәмелетке толмаған жасөспірім болды, бұл 1997 жылмен салыстырғанда 51,9% -ға көп[ ].[10;78-80]
Жағдайды түзеу тек сот, тергеу органдарының жұмысы ғана емес, жалпыға ортақ жұмыс болып табылады. Өйткені, оларды қылмысқа итермелеген себептер - үлкендердің теріс ықпалы, жасөспірімдер арасында маскүнемдіктің, нашақорлықтың таралуы, ата-ана тарапынан тиісті назар бөлмеу, жасөспірімдердің бос жүруі. Олардың еркін уақыт өткізуді ешкімді мазаламайды: тегін үйірмелер, секциялар, клубтар қазір жоқ. Жасөспірімнің жұмысқа түруы барған сайын қиындай түсуде.
Дегенмен, статистика көрсеткеніндей, 1994-1998 жылдары құқық қорғау органдарының, сондай-ақ жергілікті басқару органдарының күш салуы арқасында жасөспірімдер арасындағы қылмыс саны едәуір азайды -11447- ден 7435-ке дейін, ал елде тіркелген қылмыстардың жалпы санындағы үлесі 9,6-дан 7,6 пайызға төмендеді.
Өскелең ұрпақ тәрбиесін жетілдіруге құқықтық ықпал ету, білім беру, азамат ретінде қалыптасуы мәселелерін ұйымдастырудағы маңызды орын сот және тергеу органдары мен жасөспірімдер ісі жөніндегі комиссиядан басқа прокуратура органдарына тиесілі, өйткені бас Прокуратураның 1998 жылы 17-наурыздағы №21 "Кәмелетке толмағандар мен жастар туралы заңдарды қолдану үшін прокурорлық қадағалаудың деңгейі мен тиімділігін көтеру туралы" бүйрығында жасөспірімдер қылмыстылығымен күрес және оның алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері прокуратура органдары қызметіндегі маңызды бағыттың бірі екендігі атап көрсетілген.[11]
Прокуратураның алдына қойылған міндеттерге орналастыра отырып, құқық қорғау, мемлекеттік органдар және қоғамдық бірлестіктердің қызметін үйлестіру мақсатында ҚР Үкіметі 1998 жылғы 8 шілдеде ҚР-ның 1998-2000 жылдарына арналған кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың кешенді бағдарламасын бекітті.
Кәмелетке толмағандар ісін жүргізуді жүзеге асыру кезінде сот және тергеу органдары қылмыстық іс жүргізудің қағидалары міндеттерін жүзеге асырады. Ең алдымен оған жасөспірімді адал еңбекпен өмір сүруге бетін бүру? оны түзету және т.б. мақсатындағы жасөспірім құқық бұзушыға тәрбиелік ықпал еті жүмыстары жатады.
Бірақ, бұл міндеттерді табысты орындап шығу үшін қылмыстық қудалауды жүргізетін органдардың өзі заңдылықты бұзбауы, жасөспірімдердің қүқықтары мен мүдделерінің кепілдігін қамтамасыз етуі, оларды тәрбиелеуге қолдау көрсетуі қажет.

1.2 Кәмелетке толмағандардың психологиялық жас ерекшеліктері және олардың қылмыстық іс жүргізу үшін маңызы
Адамның дамуы өте күрделі, ұзақ жүретін процесс болып табылады. Мұндағы жауапты кезеңдердің бірі - өтпелі жас деп аталатын жеткіншек алды жас (11-12-ден 14-15 жасқа дейін) пен жасөспірімдік жас (15-16-дан 17-18 жасқа дейін) \ Бұл кезеңде адамның физикалық пісіп-жетілуі ғана емес, сонымен бірге тұлғаның қарқынды түрде қалыптасуы, моральдық және зияттық күштерінің қуат алуы жүзеге асады.
Жеткіншек алды жасының өтпелі жас деп аталу себебі, ол балалық күйден үлкен өмірге, кемелсіздіктен кемелденуге өтумен сипатталады. Алайда, орта статистикалық жеткіншек деп аталатын жас өмірде болмайды. Жеткіншек алды жасының ортақ заңдылықтары баланың қоршаған ортасы мен тәрбие шарттарына ғана емес, сондай-ақ оның организмі мен тұлғалық ерекшеліктеріне де тәуелді болатын жеке-дара нұсқалар арқылы көрінеді.[12;4]
Ересек жеткіншек алды және жас немесе жасөспірімдік уақыт жас психологиясында өте маңызды кезең ретінде қаралады, өйткені осы жаста болатын өзгерістер одан кейінгі кезең заңдылықтарын дұрыс бағалау үшін маңызды болып табылады. Биологиялық жағынан бұл жас физикалық дамудың аяқталу кезеңін білдіреді.
Осы жастағы жасөспірімдердің мінез-құлқы мен әрекеттері саналы әрі жігерлі түрде жүзеге асады, осыған орай оларға неғұрлым жоғары талаптар қойылады. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі 16 жастан басталатыны белгілі, ал кісі өлтіру, ұрлық, тонау және т.б. үшін - 14 жастан басталады (ҚР ҚК, 15-бап).[13]
Алайда жасөспірімнің физикалық және адамгершілік жағынан дамуы әлі аяқталған жоқ, бұл оның іс-әрекеттері мен қылықтарының сипатынан байқалады. Жеткіншек алды жасында организмде биологиялық терең өзгерістер жүредіөсу жылдамдайды, жыныс бездерінің секрециясы күшейеді, қарқынды физикалық даму басталады. Организмдегі биологиялық өзгерістер психикалық дамуға да әсер етеді. Жеткіншек алды жасының бастапқы кезіндегі тепе-теңдік бүзылады: өз түлғасына қызығушылық, айналасындағыларға сыни көзбен қарау пайда болады, мінезіндегі ерекшеліктер байқалып, қылықтары өзгереді.
Жеткіншек алды жасында мінездің психикалық жарақат алу мүмкіндігін арттыратын және мінез-құлық нормаларынан ауытқитын кейбір қасиеттері пайда болады. Көптеген жасөспірімдердің сезімдері, ойлары, әрекеттері тұрлаусыз болып келеді. Бұл:
а) елгезектік пен сылбырлық арасындағы қайшылық;
б) көңіл-күй өзгерістеріне алып келетін қызбалық пен сылбырлықтың тез ауысып отыруы ретінде көрінеді.[14;17]
Импульсивтілік пен көңіл-күй тербелістері жеткіншектердің ойы мен қылықтарына ықпал етеді. Олардың бір пікірге келуі жылдам және тез өзгереді. Өз іс-әрекеттері мен басқа адамдардың қылықтарын дұрыс бағалай бермейді, дос таңдауда көбінесе қателесіп жатады, кездейсоқ жанжалдарға килігеді.
Бірқатар психологтар жеткіншек алды жасын ауыр "апаттар" кезеңі деп есептейді, торығу мен үмітсіздік ахуалы, есіріктену, агрессивтілік, қаталдық, қылмыс істеуге бейімділік туралы айтып өтеді.
Л.И. Божовичтің көрсетуінше, жасөспірімдердің моральдық саласында екі ерекшелік пайда болады:
а) қоғамдық мінез-қүлық пен адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас нормалары мен ережелеріне байланысты мәселелерге жіті назар аударуы;
б) салыстырмалы түрде тұрақты және кездейсоқ ықпалдардан тәуелсіз моральдық көзқарастар, пікірлер, баға беру қалыптаса бастайды.[15;322]
Жеткіншек алды кезеңіне жоғары эмоциялық қозғыштық қасиеті тән, "ұстамдылық" жүйесі мен өз мінез-құлқын саналы түрде бақылау нашар дамыған, сондықтан да жасөспірімдер ойлары мен пікірін өзгертуге уақыт кетіргенді ұнатпайды, тез іске көшеді. Бұл қасиеттер көбінесе құқыққа қайшы әрекетке алып келеді немесе оларды жасы үлкен құқық бұзушылар пайдаланады, кәмелетке толмағандар тарапынан ойланбай әрекет жасау мүмкіндігі туралы білетін олар оңтайлы сәтті тауып, жасөспірімдерді қылмыс істеуге тартады.
Кейбір жасөспірімдерге олардың тұрмыс және тәрбие шарттары белгілейтін дөрекілік, өжеттік, шамшылдық қасиеттері тән. Бұл қасиеттерді олардың теріс іс-әрекеттері салдарынан болатын қоғамдық тәртіпті бұзуға байланысты құқыққа қарсы әрекеттерін тергеу барысында ескеру қажет.
Осы жаста көп кездесетін мінез-құлық кемшіліктерінің бірі-қырсықтық. Кәмелетке толмаған сезіктінің немесе айыпкердің қырсықтығына тергеуші
істелген қылмыстың мән-жайын, ұрланған мүлік пен қылмыс құралының
орналасқан жерін, қылмысқа қатысушыны анықтау кезіндегі жауап алуда тап келуі мүмкін. Сондай-ақ, тергеуші жасөспірімнің қырсылыққа жақынырақ сапасы өтірікшілдікпен де соқтығуы мүмкін.
Өтірікке түрткі болатын нәрселер көбінесе:
а) жауапкершілік пен жазадан қорқу;
ә) қылмысқа қатысушылар немесе олардың туыстары мен достары тарапынан кек алу қорқынышы;
б) достықты дұрыс түсінбеушілік және осыған байланысты "сатқын" атанудан қорқу;
в) құрдастарының назарын аудару, таңғалысын тудыру тілегі. Жеткіншек алды жасында жекелеген жағымды қасиеттерді дамытуға, кемшіліктерді жеңуге бағытталған өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілік дамиды. Жасөспірімдер осылайша өзінің сүйікті кейіпкеріне, мұғаліміне және т.б. ұқсауға тырысады. Бірақ, кейбір жағдайларда адамгершілік категориялары мен ұғымдары туралы дұрыс және жан-жақты түсініктерінің болмауынан жасөспірімдер оқиғалар мен адамдардың мінез-құлықтарын бағалауда қателесіп жатады. Кейбір жасөспірімдердің адамгершілік тұрғысынан жағымсыз тұлғаларға ұқсас болғысы келіп, еліктейтіні бекер емес. Жасөспірімнің адамгершілік сенімдері қате, теріс болуы мүмкін. Және олар кейбір моральдық нормалар туралы теріс түсінікте болуы себепті немесе жасөспірімдердің жекелеген кішігірім топтарында қабылданған моральдық құндылықтар жүйесінің кесірінен қылмыс істеуі мүмкін. Қылмыстың өзінен де жасөспірім ерлік, батырлық, ептілік қасиеттерін көруі кездеседі.[16;202]
Бұл жас ерекшеліктері бәрінен бұрын 14-15 жастағы жеткіншектерге тән. 16-17 жастағы жасөспірімдерде физикалық және ақыл-ой дамуы процестері жалғасады, бірақ осы кезеңнің соңына қарай қарқыны бәсеңдейді. Жасөспірімдердің импульсивтілігі азайып, эмоционалдық тұрақтылық пайда болады; жүйке жүйесінің түріне қарамастан, олар 14-15 жасар жеткіншектерден гөрі ұстамдылау және салмақтырақ. " Ересек жеткіншек алды жасы - бұл жасөспірім өз мінез-құлқында басшылыққа ала бастайтын адамгершілік қағидаларының, сенімдерінің қалыптасатын уақыты". Дегенмен, өздерінің физикалық және ақыл-ой қасиеттері бойынша олардан кіші жеткіншектерге әлі де ұқсастықтары көп: физикалық және рухани кемелденуге жеткен жоқ; оларға әлі де 14-15 жасар балаларда болатын қасиеттер тән ("ерексек болып көріну" сезімі, өзін көрсетуге ұмтылу, т.б.). Бұл жаста айналадағы адамдардың жасөспірімдерге неғұрлым жоғары талаптар қоюына және олардың құқықтарын, әсіресе, дербестікке құқығын мойындауға мүмкіндік беретін бірқатар психологиялық қасиеттері қалыптасады.
Алайда, психологтардың зерттеулері көрсеткендей, дербестікке ұмтылу үшін отбасында дұрыс үлгі көрсететін біреудің, жақын айналысында беделді, абыройлы адамның болуы қажет, сонда ғана жасөспірім одан үлгі кеңес ала алады. Үлкендердің тәжірбиесі негізінде бала қандай да бір жағдайда қалай әрекет ету керектігін, туындаған мәселелерді өз бетімен шешуді үйренеді.
Ата-аналардың бала тәрбиесіне селқос қарауы оның беделді тұлғаны сырттан іздеуіне әкеп соғады. Сондықтан да үлкендерге қарағанда көнгіштеу болып келетін қараусыз жасөспірімдер біреудің ықпалына тез түседі. Қылмыстық ортаға түскен баланың мінез-құлқында теріс қылықтар (дөрекілік, бейбастақтық, шылым шегу және т.б.) пайда бола бастайды, бұл оның ойынша, өзін "үлкен сезінуге", өзімен-өзі болуға көмектеседі. Жасөспірім қарсы келген проблемаларды өзі ойланып, шешімін табуға тырысып қана қоймайды, сонымен бірге осылайша өз қабілетін, жағымды қасиеттерін көрсетуге, өз ортасының құрметіне бөленуге ұмтылады. Психологиялық әдебиеттерде айтылатындай, "ұжыммен өзара жақсы қарым-қатынасты бұзу қажеттілігі туған қиын бала, осы мақсатқа жету үшін лайықты құралдарының болмауы себепті мінез-құлықтың теріс тәсілдеріне, тіпті өз түлғасын бұзақылық жолымен болса да бекітуге дейін барады ".
Жеткіншек алды кезеңінде "әлсіз" атану қорқынышы басым болады. Бұл қасиеттер өзін үлкен сезіну сезімімен тығыз байланысты: жасөпірімдер өздерінің кемелденгенін дәлелдеу үшін кез-келген әрекеттерді жасауға дайын тұрады.
Жеткіншек алды жасының соңына қарай үлкендік сезімі өзіндік сипатқа ие болады, ол өзін-өзі бекіту, өзін-өзі көрсету сезіміне ауысады, бұл оның топтан бөлінуі, өз ерекшелігін, даралығын көрсетуге тырысуынан байқалады. Осыдан келіп мінез-құлқымен, киім кию мәнерімен және т.б. кез келген жолмен өзіне назар аударту тілегі пайда болады. Алайда, мұндай жас ерекшеліктері өздігінен құқыққа қарсы мінез-құлық туғызбайды. Өйткені тұлғаның қоғамдық қауіптілігі көбінесе қылмыс істеуге дейін қалыптасады.
Жасөспірімдердің психологиялық жас ерекшеліктері жалпы криминогенді емес. Бірақ олар жасөспірімнің тұлға ретінде қалыптасуы, өмір сүруі шарттарымен байланысып жатыр, оның қажеттеліктерімен, ниет-пиғылығымен сабақтас. Сондықтан да жасөспірімнің дамуындағы жас ерекшеліктерін білу жасөспірімдер арасындағы қылмыспен күрес, оның алдын алу шараларын жүзеге асыру үшін, кәмелетке толмағандар қылмысын сапалы әрі тиімділікпен тергеу үшін оларды толық әрі дұрыс ашу үшін өте маңызды.
Жасөспірімдер дамуының жоғарыда талданған ерекшеліктері іс жүргізу тәртібін реттейтін және осы категориядағы істердің өзгешелігін белгілейтін нормаларды бекіту кезінде ескерілген. Сонымен бірге, психология ғылымының ережелер негізінде жоғарыда қаралған жасөспірімдердің даралық қасиеттері кәмелетке толмағандар істерін жүргізуді жүзеге асырушы органдарға нақты процесті ұйымдастырудың іс жүргізу заңында көрсетілген мүмкіндіктері шеңберінде дұрыс түрін таңдауға көмектеседі.
Криминалистердің зерттеулері бойынша , жасөспірімдердің қылмыс-тылығына 300-дей жағымсыз факторлар әсер етеді екен . Бүгінгі күнде , әдебиеттерде девиантты мінез-құлықтың қалыптасу себептері үш топқа бөліп қарастырылады : қоғам құрылымы , білім және мәдениет себепші болатын әлеуметтік факторлар ; адам мінезінің ерекшеліктері мен жеке өзара қарым- қатынастың әсерлері - психологиялық факторлар ; органикалық және физикалық элементтердің әсерінен пайда болатын - биологиялық факторлар .
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының басты себебі , қазіргі уақытта көпшілік пікір ата-ана қадағалауының жоқтығы деп есептейді. Ата-ананың жұмыс бастылығы , балалардың өз еркімен кетуі , толық емес отбасылар , маскүнем ата-аналар , жастардың бос уақытының көп болуы жасөспірімдер арасындағы қылмыстылықтың өршуінің бірден-бір себебі болып отыр . Қазақстар Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің деректері бойынша республикада жалпы бала саны 4 735 854 болса , соның ішінде 18 жасқа дейінгі жастар 395683-ті құрайды . Ата-анасының қамқорлығынсыз және жетім қалған балалар саны - 46 126. Ауылдық жерлерде жасөспірімдердің бос уақыты нашар ұйымдастырылған. Төлем қабілеті мен мұндай кішігірім пунктілерде спорт секциялары , түрлі үйірмелер жоқтың қасы . Міне , осылар жастар қылмыстылығының тағы бір себептері болып табылады . Бүгінгі таңда өсіп келе жатқан жастардың қалыптасуына және тәрбиесіне әсер етуде теледидарда соңғы орынды иеленбейді . Теледидар көру жасөспірімдердің бос уақытының барлығын алады десек қателеспейміз .
Кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстылықтың дамуының негізгі факторлардың бірі мектептегі тәрбие жұмыстарының төмен деңгейде ұйымдастырылуы , баланың мектептегі үлгерімі болуы мүмкін. Мектепті тастап кеткен , кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың мінез-құлқына әсер ететін факторлар мыналар болуы мүмкін : мектепте нашар мінез көрсету , оқуға құлықтың болмауы , сыныптастардың негативті әсері ,ата-анамен тіл табыса алмау және тағы басқа.
Жасөспірім мінез-құлқының мотивациясын психологиялық тұрғыда зерттеген кезде келесідей мәселелерге көңіл аудару керек :
* Біріншіден, жастардың құнды орнатылымдары мен бағытының қалыптасу кезеңінде болып , ол жас ерекшеліктерімен , сондай-ақ әлеуметтік ортаның әсер етуімен анықталады;
* Екіншіден , жеке тұлғаның құқықтық позициясының анықтылығы еріктілік қасиетіне , психикалық және биологиялық үдерістерге тәуелді. Мұның барлығы жасөспірім мотивациясының тұрақсыздығын және түрлі деформацияға бейім екендігін көрсетеді.[17;210]

1.3 Кәмелетке толмағандардың істері бойынша анықталуға тиісті мән-жайлар
Кәмелетке толмағандар істер бойынша қылмыстық іс жүргізу процестің арнайы субъекті - жасөспірім айыпкер екендігіне сәйкес белгілі бір ерекшеліктерге ие бола отырып, сонымен бірге қылмыстық сот ісін жүргізудің жалпы міндеттерін орындауы тиіс.
Олар - қылмыстарды тез және толық ашу, кінәліні анықтау, әрбір қылмыс жасаушы әділ жазаға тартылуы және бірде-бір кінәсіз адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы және сотталмауы үшін заңды дұрыс қолдануды қамтамасыз ету. Осы мақсатта қүзіретті органдар қылмысқа кінәлі түлғалар мен қылмыс белгілер табылған жағдайдың бәрінде қылмыстық іс қозғауда міндетті.
Іс жүргізу заңы қылмыстық іс бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайларды белгілейді, оған жататындар (ҚР ҚІЖК, 117 бап):
1) қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының белгілері (уақыты, орны, қылмыс жасаудың тәсілі және басқа да мән-жайлар) және оқиғасы;
2) қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекет жасаудағы тұлғаның кінәлылығы, кінә нысаны, жасалған іс-әрекеттің сарыны, заң қатесі және шын қателер;
3) айыпкер жауапкершілігінің дәрежесі мен сипатына әсер ететін мән-жайлары;
4) айыпкердің жеке тұлғасын сипаттайтын мән-жайлар;
5) қылмыс келтірген зиянның сипаты мен мөлшері;
6) іс-әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар; және басқа да заңда белгіленген мән-жайлар.[18;117бап]
Барлық талаптар кәмелетке толмағандар ісі бойынша орындалуға тиіс. Сонымен бірге, жасөспірім айыпкерге тән жасына байланысты психологиялық ерекшеліктер жасөспірім айыпкер тұлғасының қалыптасу процесін сипаттайтын мән-жайларды неғұрлым толық зерттеуді қажет етеді. Бұл оның дүниеге келуінің, өмірінің, тәрбиесінің, мінез-құлқының, т.б. нақты шарттарын терең зерттеу жолымен ғана мүмкін болады. Мұның бәрі қылықтарына дұрыс түсініктеме беру оның белгілі бір жас шегіне жетуімен (қылмыстық жауапкершілікке тартылатын) байланысып жатыр.
Көрсетілген мән-жайлар кәмелетке толмағандар істері бойынша дәлелдеу затын заңнамалық нақтылау қажеттілігін тудырды. Сонымен, осы істер бойынша дәлелдеу жататын негізгі мән-жайларға заң мыналарды жатқызады (ҚР ҚІЖК, 481 бап):
1) жасөспірімнің жасы (күні, айы, туған жылы);
2) жасөспірімнің өмір сүру және тәрбие шарттары;
3) зияттық, ерік-жігер және психикалық дамуы, мінез, темперамент ерекшеліктері, қажеттеліктері мен қызығушылығы;
4) жасөспірімге үлкен адамдардың және басқа жасөспірімдердің ықпалы.
В. Рыбальская есептеуінше, кәмелетке толмағандар ісі бойынша дәлелдеу затының ерекшеліктерін жалпы түрде мән-жайлардың үш үлкен тобын айқындаумен түсіндіруге болады:
а) өмір сүру және тәрбие шарттары;
ә) тікелей айыпкердің жеке тұлғасын сипаттайтын мәліметтер;
б) оны қылмыс жасауға әкелген мән-жайлар.[19;35]
Дәлелдеу процесінде бұл мән-жайлардың бірінші және үшінші топтары олардың жасөспірімнің жеке тұлғасына ықпалы тұрғысынан зерттелетінін есте ұстау керек. Бірақ, егер де бірінші және үшінші топтағы мән-жайлар негізінен тұлғаның қалыптасу процесін (әлеуметтік шығу тегі, отбасының материалдық және тұрмыс жағдайы, оның мәдени деңгейі, тәрбие әдістері және т.б.) сипаттайтын болса, онда екінші топтағы мән-жайлар жасөспірімнің қылмыс істеген сәтіне және істің қаралған уақытына сәйкес келетін мезеттегі оның тұлғасының қалыптасқан қасиеттерін қамтиды (аты-жөні, нақты жасы, т.б.).
Тергеу және сотта іс қарау тәжірбиесінде жоғарыдағы барлық мән-жайлар кешенді түрде, бір уақытта және біртұтас іс жүргізу тәсілдерімен зерттеледі. Алайда, бұл мән-жайлар туралы мәліметтерді іс жүргізу барысында пайдалану әртүрлі болуы мүмкін.
Сондай-ақ, Г.М Миньковскийдің[ ]тұжырымдауынша, кәмелетке толмағандар ісі үшін елеулі бірқатар мән-жайлар үлкендер туралы істерге қарағанда неғұрлым нақты айқындалады, өйткені кәмелетке толмағандар ісі бойынша дәлелдеу шегі өзгеше және оның құрамына айыпкердің тұлғалық сипаттамасы, өмір сүру және тәрбие шарттары үшін анықталуы қажет фактілердің неғұрлым үлкен саны кіреді.[20;74]
В.В Леоненко[ ]кәмелетке толмағандар істері бойынша дәлелдеу шегінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қамтамасыз етуші кепілдіктер
Кәмелетке толмағандардың істері бойынша қылмыстық іс жүргізудің ерекшеліктері
«КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫ»
Кәмелетке толмаған қылмыстарды тергеу
Ювеналды юстиция
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы түсінігі
Кылмыстық құқықбұзушылық жасаған кәмелетке толмағандар саны
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жағдайы мен кезеңдері
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық іске тарту
Балалардың құқықтық қағидалары
Пәндер