Аудиттің мәні, мақсаттары, міндеттері және маңызы



Кіріспе
1 Аудиттің теориялық негіздері
1.1 Аудиттің мәні, мақсаттары, міндеттері және маңызы
1.2 Қазақстан Республикасындағы аудиттың дамуы мен қалыптасуы
1.3 Аудиторлардың жауапкершілігі, құқығы, міндеттері және аудиторларды кәсіби аттестациялау мен лицензиялау жүйесі
2 Аудиторлық қызметтің түрлері
2.1 Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттары
2.2. Аудиттің түрлері мен нұсқаларын жіктеу
2.3 Аудиторлардың кәсіби этикасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылык процесіне қатысушылардың қызметінде маңызды рөл ойнайды. Ол анық ақпаратпен қамтамасыз етеді, серіктестер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді, оңтайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлейді, сондай-ақ қаржылық жағдайды тұрақтандыруға, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін арттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді. Сондықтан да ол өзекті болып табылады.
Елбасы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты өз жолдауында атап өткендей, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және ашық нарық экономикасы бола алады. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кірудің бірінші басымдығы әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі болып табылады. Осыған байланысты мемлекетті дамыту процесінде бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін бара-бар дамыту ерекше өзектілікке айналады, өйткені бухгалтерлік есепке алудың, қаржылық есеп берудің және аудиттің мақсаты басқару шешімдерін қабылдау үшін мүдделі пайдаланушыларды экономикалық ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
Аудиторлық мамандықты өздігінен реттеуді дамыту қазіргі таңда кәсіби қоғамдастықта белсенді талқылануда. Олар арқылы аудиторлық қызмет сапасына бақылау жүргізілетін өзін өзі реттейтін ұйымдарды нығайту және күшейту туралы мәселе қойылуда. Бірнеше кәсіби ұйымдар құру қажеттілігі туындайды, бұл, мәні жағынан, аудиторлық нарықты одан әрі дамыту үшін иінтірек болады. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» Заңында мынадай анықтама берілген: «Аудит Қазақстан Республикасының заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есептіліктің дұрыс және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық есетілігін тексеру болып табылады».[1]
Курстық жұмыстың мақсаты – аудиттің теориялық негіздерін, аудиторлық қызметтің жүргізілу тәртібін қарастыру, аудиторлық қызметтің стандарттары және аудиторлық жауапкершілікті арттыру мен кәсіби әдепті сақтауды ашып көрсету.
Курстық жұмыстың мақсатына жету үшін келесідей міндеттер қойылған:
 аудиттың мәні, мақсаттары, міндеттері және маңызын қарастыру;
 Қазақстан Республикасының аудиттың дамуы мен қалыптасуын қарастыру;
 аудиторлардың жауапкершілігі, құқығы, міндеттері және аудиторларды кәсіби аттестациялау мен лицензиялау жүйесін айқындау;
 аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттарын қарастыру;
 аудиттың түрлері мен нұсқаларын жіктеу;
 аудиторлардың кәсіби этикасын айқындау.
Курстық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы. Аудиторлық тексеру
Аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 20 қарашадағы № 304-I Заңы (2012.10.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен).
Дюсембаев К.Ш. Теория аудита:Учебник – Алматы: Экономика, 1995.
Шеремет А.Д., Суйц В.П. Аудит: Учебн.пособие.-М.: ИНФРА – М., 1999.
ҚР Қылмыстық кодексі (2013.04.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Аудит нарықтық экономика
жағдайында барлық шаруашылык процесіне қатысушылардың қызметінде маңызды
рөл ойнайды. Ол анық ақпаратпен қамтамасыз етеді, серіктестер арасындағы
сенімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді, оңтайлы басқарушылық
шешімдерді іріктеу мен кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлейді,
сондай-ақ қаржылық жағдайды тұрақтандыруға, шаруашылық жүргізуші
субъектілер қызметінің тиімділігін арттыруға және тұтастай қоғамның
әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді. Сондықтан да ол
өзекті болып табылады.
Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің
қатарына кіру стратегиясы атты өз жолдауында атап
өткендей, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында, өркенді
де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге
қабілетті және ашық нарық экономикасы бола алады. Қазақстанның әлемдегі
бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кірудің бірінші басымдығы
әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі болып табылады. Осыған байланысты
мемлекетті дамыту процесінде бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру
жүйесін бара-бар дамыту ерекше өзектілікке айналады, өйткені бухгалтерлік
есепке алудың, қаржылық есеп берудің және аудиттің мақсаты басқару
шешімдерін қабылдау үшін мүдделі пайдаланушыларды экономикалық ақпаратпен
қамтамасыз ету болып табылады.
Аудиторлық мамандықты өздігінен реттеуді дамыту қазіргі таңда кәсіби
қоғамдастықта белсенді талқылануда. Олар арқылы аудиторлық қызмет сапасына
бақылау жүргізілетін өзін өзі реттейтін ұйымдарды нығайту және күшейту
туралы мәселе қойылуда. Бірнеше кәсіби ұйымдар құру қажеттілігі туындайды,
бұл, мәні жағынан, аудиторлық нарықты одан әрі дамыту үшін иінтірек болады.
Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасы Қазақстан
Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
ҚР Аудиторлық  қызмет туралы Заңында  мынадай анықтама берілген: Аудит
Қазақстан  Республикасының  заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық
есептіліктің дұрыс  және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз
пікір білдіру мақсатында заңды  тұлғалардың қаржылық есетілігін тексеру 
болып табылады.[1]
Курстық жұмыстың мақсаты – аудиттің теориялық негіздерін, аудиторлық
қызметтің жүргізілу тәртібін қарастыру, аудиторлық қызметтің стандарттары
және аудиторлық жауапкершілікті арттыру мен кәсіби әдепті сақтауды ашып
көрсету.
Курстық жұмыстың мақсатына жету үшін келесідей міндеттер қойылған:
– аудиттың мәні, мақсаттары, міндеттері және маңызын қарастыру;
– Қазақстан Республикасының аудиттың дамуы мен қалыптасуын қарастыру;
– аудиторлардың жауапкершілігі, құқығы, міндеттері және аудиторларды
кәсіби аттестациялау мен лицензиялау жүйесін айқындау;
– аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттарын қарастыру;
– аудиттың түрлері мен нұсқаларын жіктеу;
– аудиторлардың кәсіби этикасын айқындау.
Курстық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы. Аудиторлық тексеру жүргізу
барысында осы аудиторлық қызметтің стандарттарын, түрлерін, аудиторлық
қызметтің жүргізілу тәртібін, сондай-ақ аудитордың міндеттері, құқықтары,
аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны қалай алуды және
аудиторлық әдепті сақтауды анықтау барысында тәжірибелік маңызы зор.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қурстық жұмысты жазу барысында Абленов Д.О. Аудит негіздері; Әжібаева
З.Н., Байболтаев Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. Аудит; Сәтмырзаев А., Укашев Т.
Аудит негіздері әдебиеттері қолданылды.

1 Аудиттің теориялық негіздері

1.1 Аудиттің мәні, мақсаттары, міндеттері және маңызы 

Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы комитеті бухгалтерлік есептің
негізгі тұжырымдамасы бойынша аудитке мынадай анықтама берді: Аудит- бұл
экономикалық іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы объективті деректердің
бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемде (критерийге) сәйкестігін
алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын процесі.
Классикалық ұғымда аудит – кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған
тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау.
Мұндай кәсіби бақылау аудитке деген қажеттілік көптеген жағдайларға
байланысты артып отыр:
1) кәсіпкерліктің дамуы мен капитал өсуінің әсері;
2) өзін-өзі реттеуге ұмтылатын ұйымдар санының арта түсуі;
3) экономикалық тұрақтылықты, меншік иеленушілерге және
кредиторларға олардың салған ақшаларының сақталуына кепілдік
беруді қамтамасыз ететін жағдай тудырудың қажеттілігі;
4) компаниялардың операциясы көп әрі күрделі болуы мүмкін,
пайдаланушылар ол туралы ақпаратты дербес алуға мүмкіндігі
болмағандықтан аудиторлардың қызметі мұқтаж;
5) қаржылық ақпаратты пайдаланушылар компанияның есептік
жазбаларына әдетте қолдары жете бермейді және олардың тиісті
тәжірибелері жиі бола бермейді;
6) пайдаланушылар қабылдайтын шешімдер салдары өздері үшін өте
маңызды болуы мүмкін, сондықтан да аудитор арқылы алатын
ақпараттың толық болуы мен анықтығы оларға ауадай қажет.[2]
Аудит - клиенттің қалауы бойынша жүргізілетін тәуелсіз түрде
кәсіпорындар мен фирмалардың қызметі жөніндегі бухгалтерлік есептер мен
шоттарды тексеретін мамандандырылған қаржылық бақылау түрі.
Аудит – бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың,
серіктестіктердің және басқа да ЖШС-дің қызметін экономикалық талдаудың
және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау
мен тексеру қызметі жүзеге асырылмаған деп, айтуға болмайды. Алайда
көптеген операциялықмазмұны жағынан бір-біріне жақын болса да, ревизия мен
аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді.
Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылык процесіне
қатысушылардың қызметінде маңызды рөл ойнайды. Ол анық ақпаратпен
қамтамасыз етеді, серіктестер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға
септігін тигізеді, оңтайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен
кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлейді, сондай-ақ қаржылық
жағдайды тұрақтандыруға, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің
тиімділігін арттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік-экономикалық
жағдайын жақсартуға ықпал етеді.
Аудитті қаржылық, экономикалық, техникалық, заңдық және басқа да кызмет
салаларында жүргізуге болады. Аудиттің ең негізгі мақсаттарының бірі -
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық есеп берулерінің нақты
екендігін анықтау болып табылады.
ҚР Аудиторлық қызмет туралы Заңында мынадай анықтама берілген: Аудит
Қазақстан Республикасының  заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық
есептіліктің дұрыс  және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз
пікір білдіру мақсатында заңды  тұлғалардың қаржылық есетілігін тексеру 
болып табылады.
Пән анықтамасы осы ғылымның басқа ғылымдардан айырмашылығын  көрсететін
ерекшеліктерді қамтуы керек. Оның ішінде:
1) Ғылымның мақсаты мен  мазмұны;
2) Өзіндік ерекшелігі  бар зерттеу принциптері;
3) Зерделеу объектісі;
4) Ақпарат көздері.
Осылайша  аудит  мазмұнын қалыптастырамыз, өйткені  арнайы әдебиеттерде
оның әзірге айтарлықтай нақты әрі  дәл анықтамасы жоқ. Біздің пікіріміз 
бойынша, аудит пәні қоғамның мүддесін білдіретін экономикалық құбылыстар
мен оқиғалар және процестер, сондай-ақ мәліметтері нақтылық пен
анықтылығына қарай тексерілетін, зерттелетін және объективті бағасын алатын
әр түрлі мақсаттарды көздейтін заңды және жеке тұлғалар, басқаруды
оңтайландыру, экономикалық қызметтердің тиімділігін арттыру, кеңес
берушілік, бақылаушы-талдамалы және басқа да кәсіби аудиторлық қызмет
көрсету жатады.
Аудит мазмұны алға қойылған мақсаттар мен бақылау объектілерін ескеру
арқылы нақтылануы мүмкін. Мысалы, егер аудит объектісіне  шаруашылық
жүргізуші субъектінің қаржылық қызметі кіретін болса, онда мұндағы  мақсат
оның есеп берулері мен расталуының (немесе рас болмауының) толықтығы 
мен анықтығын тиянақты тексеру, яғни кәсіпорынның қаржылық есеп беруінің
нақты қаржылық жағдайымен қаншалықты сәйкес келетіндігі туралы өз пікірін
тапсырыс берушіге білдіру болып табылады.
Бұл туралы ХАС (МСА) 200-де әлдеқайда  рет-ретімен айтылған. Онда
былай  делінген: қаржылық есеп беру аудитінің  мақсаты –белгіленген
 талаптарға сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша  қаржылық есеп
берулердің жасалғаны  немесе жасалмағаны туралы аудиторға  өз пікірін
 білдіруге мүмкіндік  беру.[3]
Егер аудиттің объектісіне  кәсіпорындағы  бухгалтерлік есептің 
жағдайы кіретін болса, онда аудиттің мақсатына, оның қолданыстағы заңның
талаптарына, шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз ішінде
қабылданған есептік саясатпен  және мемлекет белгілеген жалпы нормаларға,
стандарттарға және ережелерге қаншалықты сәйкестігін тексеру жатады.
Егер аудиттің объектісіне  барлық шаруашылық қызметтері кіретін  болса,
онда мақсат – осы қызметтің тиімділігі бағалау, шығынды барынша кемітудің
ықтимал жолдарын анықтау, өндірістің пайдалылығы мен еңбек өнімділігін
арттыру, жұмыстың аса жоғары түпкілікті нәтижесіне қол жектізу үшін
ұсыныстарды әзірлеу.
Аудит мақсатының консалтингтік  қызмет жүзеге асыру барысында 
клиенттің  коммерциялық қызметін жақсартатын  жоғары сапалы кеңес беру
қызметі  болады, сонымен қатар аудитордың беделі мен табысы қоса өседі.
Алға қойылған аудит мақсаттарына қол жеткізу үшін нақты міндеттерді 
шешіп алу қажет. Олардың  ішінен ерекшелеп  мыналарды  бөліп  көрсету 
керек:
1) Кәсіпорынның қаржылық  есептемесінің шындыққа жанасымдылығ ын
қамтамасыз ету және осы есеп беруді пайдаланушылар үшін ақпараттық
тәуекелді қолайлы деңгейге дейін азайту;
2)Шешім  қабылдаудың  логикалық  тұрғыдан негізделген базасын 
құру үшін жеткілікті дәрежеде  құзіретті мағлұматтарды алып, бағалау;
3) Кәсіпорын экономикасын немесе оның белгілі бір қызмет түрінің, оның
ішінде, инвестициялық, маркетингтік және сыртқы экономикалық қызметін
жүйелі талдау;
4) Кәсіпорын  қызметі және  оның  жарғысының  бір-біріне сәйкестігін, 
жасалған  бизнес-жоспардың  және  басқа  да  тапсырмалар  мен 
нормативтердің   орнықтылығын (негізділігін) тексеру;
5) Заңның  сақталуын  бухгалтерлік  есепті  жүргізудің және есеп 
берудің дұрыстығын, шаруашылық  жүргізуші субъектілердің қаржылық 
жағдайы туралы шындыққа жанасымды а қпаратпен пайдаланушылардың  қам-
тамасыз  етілуін бақылау;
6) Занды белгілейтін бастапқы құжаттар мен олардың шынайы мазмұнына
шаруашылық операцияларының қаншалықты сәйкесетіндігін тексеру;
7) Кәсіпорынның өндірістік, маркетингтік, инвестициялық және басқа
қызметтерін бақылау мен есебі саласындағы әр түрлі мәселелер бойынша
клиентке кеңес беру кызметін көрсету;
8) Клиенттің меншігін бекітіп беруге, оның бизнесінің тиімділігін
арттыруға және кемшіліктерді жоюға ықпал ету.
Аудиттің ең нақты міндеттері алға қойылған мақсаттарға, оның түрлері 
мен жүргізу шарттарына байланысты болады. Мысалы, ішкі аудитте оның саны
ақпараттық базаның ұлғаюына, талдамалы рәсімдері акценттерінің өзгеруіне
қарай артады.
Осылайша, аудит - бақылау, бағалау, ұсыныстарды әзірлеу және әр түрлі
кешенді қызметтерді қамтитын іскерлік кеңес беру бойынша күрделі қызмет
түрлері.[4]

1.2 Қазақстан Республикасындағы аудиттың дамуы мен қалыптасуы

Қазақстанда аудиттің қалыптасуы оның кең танымал болуына
Қазақстан аудиттың сіңірген еңбегі зор. Ол республикамызда аудиторлық
қызмет туралы заң жобасын жасаудың негізгі дайындаушысы және оның
министірліктерде, үкімет деңгейінде және парламен комитеттерінде
талқылануында бас кеңесші,сонымен қатар Қазақстан аудиторлары Палатасы
жарғысының жобасының авторы болды.
Сонымен,алғашқы аудиторлық фирмалардың құрылтайшы құжаттарында-ақ,
артына ҚР аудиторлық қызмет туралы заңда көрініс тапқан аудит пен оның
мақсаттары берілді.
1990 жылдан бастап  рынокта  "Эрнест энд Янг  Сыртқы аудит" БК 
пайда болды. Ол орналаскдн жері жән е иелігіне қарамастан олардың өтіні штері 
бірлескен кәсіпорындарға аудиторлық  тексерулер жүргізді. Бұл сол кезде
Үлкен алтылыққа  енген ірі континент аралық  аудиторлық фирма еді.
Қазір Қазақстанда  аудиторлық қызмет көрсететін ірі халықаралық 
аудиторлық ұйымдар мен жергілікті аудиторлық фирмалар өз қызметтерін 
дамытуда. Қазақстан Республикасының  Қаржы министрінің 05.04.2001
жылғы №173 "Аудиторлық ұйымдар мен кредиттік  рейтингтік агенттіктер 
тізімін  бекіту туралы" бұйрығымен жыл сайын  ұйымдар аудитін  жүргізу және
кредиттік рейтингті  ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 28-ақпанындағы  №290 "Кейбір
акционерлік қоғамдар мен республикалық  мемлекеттік кәсіпорындар (үлттық
компаниялар) қызметін тиімді басқару мен бақылауды 
ұйымдастыру жөніндегі шаралар  туралы" қаулысына сәйкес дәлелдеу мақсатында
"ПрайсуотерхаусКуперс" ЖШС, "КПМГ Жанат" ЖШС, "ЭрнстЭндЯнг" ЖШС,
"ВДО Қазақстан-аудит" ЖШС (соңғы аудиторлық фирма ҚР Қаржы  министірінің
2004 жылғы 19-шілдедегі  №294 бұйрығымен бекітілген) сияқты аудиторлық
ұйымдар тізімі бекітілген.
Бухгалтерлік есепке алу және аудит саласын дамыту тұжырымдамасының
міндеті Қазақстан Республикасының экономикасында бухгалтерлік есепке алу,
қаржылық есеп беру және аудит жүйелерінің өздеріне тән функцияларды одан
әрі дәйекті түрде және ойдағыдай орындау үшін қолайлы жағдайлар мен
алғышарттарды қамтамасыз ету болып табылады.
Бухгалтерлік есепке алудың өзіне тән міндеттерді тиімді орындауы үшін
қаржылық есепке алу кәсібилік, айқындылық, тәуелсіздік, өзектілік,
стандарттылық сияқты талаптарға жауап беруі, сондай-ақ бухгалтерлік есепке
алу мен қаржылық есеп беру принциптеріне және негізгі сапалық
сипаттамаларға сай болуы тиіс.
Әлемдік тәжірибе түсініктілік, орындылық, сенімділік және
салыстырмалылық сияқты ақпараттың тиімділігін айқындайтын сапалық
сипаттамалар халықаралық стандарттарды тікелей пайдаланумен немесе оларды
бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп берудің ұлттық жүйесін құрудың
негізі ретінде қолданумен қол жеткізетіндігін көрсетеді. ХҚЕС пен ХАС-ты
қолданудың экономикалық перспективасы капиталды тиімдірек бөлуден, іске
жұмсалатын қаржының әр алуандығынан және оның табыстылығының өсуінен
тұрады, әлемдік нарыққа шығу жеңілдейді, капиталды тартуға жұмсалатын
шығындарды азайту мүмкіндігі туады. Мұның өзі жаңа бизнес құрылымдарды
дамытуға, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, жұмыссыздықтың төмендеуіне,
халықаралық нарықтарда қазақстандық ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін
арттыруға, тұтастай алғанда елдің экономикалық өсуіне әкеп соғады.[5]
Бүгінгі таңда Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті
50 елдің қатарына кіру жөнінде қойған мәселелері шеңберінде Қазақстан
экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету қажеттілігі көбірек
маңызға ие болуда. Белгіленген стратегияны іске асыру үшін экономиканың
нақты секторының халықаралық қаржылық есептілік және аудит стандарттарына
тездетіп өтуді қамтамасыз ету үшін қажет шаралар қабылдануда.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы
қабылданды, оған сәйкес аудиторлық қызмет халықаралық аудит стандарттарына
сәйкес жүзеге асырылады.
Отандық және әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, аудиторлық қызметтерге
мұқтаждық мынадай жағдайларға байланысты туындады:
- осы ақпаратты пайдаланушылармен (меншік иелерімен, инвесторлармен,
кредит берушілермен) жанжал болған жағдайда әкімшілік тарапынан дәйексіз
ақпарат беру мүмкіндігімен;
- қабылданған шешімдер салдарларының ақпарат сапасына
байланыстылығымен;
- ақпаратты тексеру үшін арнайы білімнің болуы қажеттілігімен;
- ақпаратты пайдаланушылардың ақпарат сапасын бағалау үшін оның
көздеріне қол жетімділігінің ішінара болмауымен.
Барлық осы алғышарттар тиісті дайындығы, біліктілігі, тәжірибесі және
осындай қызмет түрлерін көрсетуге рұқсаты бар тәуелсіз сарапшылар
қызметтеріне қоғам мұқтажының пайда болуына алып келді. Бұл, расталған
ақпараттың болуы барлық мүдделі нарыққа қатысушылардың жұмыс істеу
тиімділігін арттыруға және түрлі экономикалық шешімдер салдарларын
бағалауға және болжамдауға мүмкіндік беретінімен байланысты.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында аудит тапсырыс берушілеріне
бухгалтерлік есептіліктің сенімділігін растайтын ресми аудиторлық қорытынды
емес, сапалы аудит қажет. Сондықтан, аудиторлық ұйымдардың жұмыс сапасын
бақылау туралы мәселе төтенше маңызды.
Осыған байланысты, Концепцияның орта мерзімді перспективаға бағыт алуы
аудиторлық қызметтер сапасын бақылауды күшейтуге қатысты және осы үшін
негізгі күш білікті аудитті дамытуға жұмсалады.
Заңда аудит сапасын және аудиторлық мамандыққа қоғамдық сенімділікті
арттыруға бағытталған шаралар кешені көзделген. Ең алдымен, аудитор
мамандығын нығайту, оның өзін-өзі реттеуін дамыту, сондай-ақ аудиторлардың
кәсіби біліктілігін арттыру туралы сөз болып отыр.
Жоғарыда көрсетілген мәселелерді іске асыру шеңберінде негізгі назар
аудиторларды дайындауға, оларды аттестаттауға және біліктілігін арттыруға,
бірінші кезекте, білікті аудитормен расталуы тиіс қаржылық ақпаратты
пайдаланушылар мүдделерін қорғауға, сондай-ақ аудит институтының жұмыс
істеу негіздерін реттеуге аударылатын болады.
Аудиторлық мамандықты өздігінен реттеуді дамыту қазіргі таңда кәсіби
қоғамдастықта белсенді талқылануда. Олар арқылы аудиторлық қызмет сапасына
бақылау жүргізілетін өзін өзі реттейтін ұйымдарды нығайту және күшейту
туралы мәселе қойылуда. Бірнеше кәсіби ұйымдар құру қажеттілігі туындайды,
бұл, мәні жағынан, аудиторлық нарықты одан әрі дамыту үшін иінтірек болады.

Аудитор мамандығын дамыту қоғамдық мүдделерге жауап беруі тиіс, онда
бұрыш басына тікелей пайдаланушы мүддесін қою қажет және осы мақсатпен
аудиторлардың өздерінің мүдделері шегінде оны жабық кеңістікте дамыту
мүмкіндігін алып тастау қажет. Аудитор пайдаланушы алып жатқан ақпаратқа
сенімді болу үшін жұмыс істейді. Бұл, былайша айтқанда, оның құқығын
қорғау, кепілдік беру. Ал өз азаматтары құқығының сақталуына кепілдік беру
– мемлекеттің нақты өлшемдер мен ережелерді анықтауы тиіс функциясының дәлі
өзі. Егер кәсіби ұйымдар аудиторлардың кәсіби деңгейін тексерсе және
жетілдірсе, онда мемлекет олардың заң нормалары мен жалпы ережелерді
сақтауына жауапты. Мемлекеттік қадағалау осы үшін де қажет.
Бұл мәселенің жеткілікті үлкен мәні Қазақстан үшін ғана бар емес, ол
әлемнің көптеген жетекші елдерінде маңызды түрде теориялық та, практикалық
та жағынан дамыды. Аудиторлық тексеру нәтижелері көптеген экономикалық
шешімдер негізі болып табылғандықтан, аудиторлық қызмет барлық елдерде
жеткілікті дәрежеде қатаң реттеледі. Жақында АҚШ-та болған оқиғалар
көрсеткендей, аудиторлық ұйымдардың қызметіне қатысты мемлекет тарапынан
жеткіліксіз бақылау қор нарығының күйзелуіне әкеп соқтыра жаздады және
бірқатар жетекші американ компанияларының акционерлеріне миллиардтаған
залал келтірді.
Аудит жүйесін жетілдіру үшін орта мерзімді перспективаға арналған
негізгі бағыттар:
- орта және жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларына ХАС оқытуды
енгізу және оларды тәжірибеде пайдалану білу;
- кәсіби аудиторлық ұйымдармен аккредиттелген практикадан өтетін
аудиторлардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту және жетілдіру;
- аудиторлық қызмет мәселелері бойынша заңнаманың сақталуын мемлекеттік
қадағалаудың тиімді жүйесі.
Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлай отырып,
брифингтер, дөңгелек үстелдер өткізу арқылы аудиторлық мамандықтың
мәртебесін арттыру жөнінде жұмыс жүргізу қажет. Ұқсас іс-шаралар жастарды
қызықтыруға тартуға мүмкіндік береді, себебі қазіргі уақытта аудиторлық
қызметтерді талап дүркін-дүркін өсуде, бұл тиісті персоналды іріктеудің
кадрлық мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Аудитті жетілдіру жөнінде сипатталған шаралар аудиторлық кәсіпті одан
әрі үдемелі дамытуға негіз құрайды. Бұл ретте, мемлекет тарапынан салмақты
көзқарас мемлекет пен аудиторлық қауымдастық өзара іс-әрекеттерінде де,
аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың өздерінің арасындаға өзара іс-
әрекеттерінде де қажет тепе-теңдік деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік
береді, олар аудиторлық қызметті реттеу процесінетартылатын болады, бұл
Қазақстан Республикасында аудиторлық мамандықты одан әрі оң дамытуға қызмет
етеді.[6]

1.3 Аудиторлардың жауапкершілігі, құқығы, міндеттері және аудиторларды
кәсіби аттестациялау мен лицензиялау жүйесі

Аудиторлардың кәсіптік жауапкершілігі - аудиторлық фирманың 
экономикалық субъектімен жасасылған шарт бойынша өзінің атқарымын толық
орындамағаны немесе кем орыңдағаны үшін аудитордың жауап беруге
міндеттілігі.
Жауапкершіліктің нысандары мен түрлері ҚР Азаматтық және Қылмыстық
кодекстерімен, аудиторлық қызметті тәртіптейтін заңнамалық актілермен және
тараптардың келісімімен айқындалады.
Аудитор - аудиторларға кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік
комиссиясы аттестаттаған, аудитор біліктілігін беру туралы біліктілік
куәлігін алған жеке тұлға болып табылады.
Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарға кәсіби қызметті қанағаттанғысыз
дәрежеде орындамауы үшін азаматтық-құқықтық, әкімшілік, материалдық,
қылмыстық жауапкершіліктеріне жүктеледі. Клиенттер, оның кредиторлары мен
инвесторлары, мемлекет және оларға өкілеттілігі жүретін тәртіп сақтау және
басқа органдар аудиторға қарсы сот немесе төрелік сот іс қозғауы мүмкін.
Аудиторлық ұйым барлық елеулі қатынастарда экономикалық субъектілердің
қаржылық есеп берулерінің анықтығы туралы кәсіби пікір қалыптастыратыны
және оны білдіретіні үшін жауапқа тартады. Заңдық жауапкершілік тек
келісімшарттағы міндеттемелерді бұзғаны үшін ғана емес, сондай-ақ
немқұрайдылық, ұқыпсыздық, алаяқтық зиян шектіру және т.б. сияқты азаматтық
құқық бұзушылық әрекеттерін тудырғаны үшін, сонымен қатар залалға әкеп
соқтыратын аудиторлық тексерулердің шалағай жүзеге асырылғаны анықталған
жағдайларда қарастырылады.
Жауапкершілікті арттыру мен кәсіби әдепті сақтаудың маңызды аспектісіне
аудиторлардың жұмыс сапасын бақылау жатады. Аудитордың жауапкершілігі мен
жұмыс сапасына әсер ететін 9 позицияны бөліп көрсетуге болады:
– қызметкерді жалдау;
– жұмыс кестесін жасау;
– біліктілікті арттыру;
– мансап;
– басқарушы қызметкерлерді бақылау;
– қызмет көрсетуге клиенттерді қабылдау;
– кеңес беру;
– тәуелсіздік;
– фирманы бақылау.
Қазіргі кезде басшылыкқа алынып жүрген заңнамалардың, атап айқанда
Қазақстан Республикасының "Азаматтық кодексінің", "Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы" кодексінің, "Аудиторлық қызмет туралы" заңның,
"Лицензиялау туралы" заңның, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің
негізінде аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершіліктерін бірнеше
түрге бөлінгені 1-суретте көрсетілген.

Сурет 1. Аудиторлардың жауапкершіліктерінің түрлері

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік. Егер клиенттің зиян шегуіне әкеліп
соқтырған, квалификациясын (біліксіз) аудиторлық тексеру жүргізу орын алса,
онда сот шешімінің негізінде аудиторлық фирмадан төмендегілер өндіріліп
алынуы мүмкін:
- клиенттің шеккен зияны толық мөлшерде;
- қайта тексеру жүргізуге шығарылған шығыстар.
Аудиторлық ұйым клиенттің бухгалтерлік қорытынды есебінің барлық
маңызды аспектілері бойынша олардың дұрыстығы (сенімділігі) жөнінде кәсіби
пікірін құрастырғаны және оны білдіргені үшін жауап береді.
Азаматтық кодексте Құқығы бұзылған тұлға, егер заң актілерінде немесе
келісім-шарттарда басқа жағдай қарастырылмаған болса, өзінің шеккен
зиянының толық қайтарытуын талап ете алатындығы айтылған. Бірақ зиянның
өндіріліп алынуы бірінші талаппен орындала салмайды. Клиент сотта
аудитордың кінәсін дәлелдеп беруге тиісті. Ондай жағдай көбінесе аудитордың
өз жұмысын лайықты ұқыптылықпен орындау мүмкіндігінің жоқтығынан немесе
келісім-шарттың бұзылуынан орын алады.
Бұл жердегі маңызды мәселе – талап етілетін кәсіби біліктілік деңгейі
және аудитордың тарапынан ұқыптылық болып табылады. Ешкімнінң абсолюттік
жетілгендікке қол жеткізуі мүмкін емес екендігін, бірақ кез келген қателік
немесе қате түсінік жұмыстың ұқыпсыз орындалуына елеулі әсер етуі мүмкін
екендігін, ал аудитор оны жоққа шығаруға тиісті екендігін атап айту
керек. Жалпы көпшілік қабылдаған стандарттарға сәйкес тексеру жүргізу
аудитордың кінәсіз екендігінің айғағы болуы мүмкін.
Қылмыстық жауапкершілік. Қылмыстық кодекстің 229-бабында, сондай-ақ,
аудиторды өз қызметінің міндеттеріне қарамастан жеке басы немесе басқа
тұлға, не болмаса ұйым үшін пайда табу және артықшылықта болу мақсатымен
өзінің өкіметтілігін асыра пайдаланғаны үшін, сөйтіп басқа тұлғаларға
немесе ұйымдарға зиян келтіргені үшін, егер олардың бұл іс-әрекеті
азаматтардың немесе ұйымдардың заңды мүдделеріне және құқықтарына не
болмаса заңмен қорланатын қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне елеулі
зиян келтірілген болса, жазалау шаралары қарастырылған.[7]
Әкімшілік жауапкершілік. Аудит – қызметтің лицензияланатын түрі,
сондықтан оның Лицензиялау туралы заңға сәйкес жауапкершілігі бар.
Аталмыш заңда аудиторлық қызметті тиісті лицензиясыз жүруге асырылғаны үшін
қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік, сонымен бірге лицензиясыз қызметті
жүзеге асырудан алынған табысты бюджетке алу түріндегі материалдық
жауапкершілік қарастырылады.
Лицензия беруші орган төмендегі жағдайларда лицензияның қызметін
тоқтата алады:
– егер мемлекеттік қадағалаушы немесе бақылаушы органдар
лицензиялық талаптар мен шарттарды бұзғандығын анықтаған болса;
– егер лицензия алушы жіберілген қателіктерді (бұзушылықтарды) жою
жөніндегі лицензия берушінің талаптарын орындамаса.
Лицензия алушы лицензиялық алымды белгіленген мерзімнің ішінде
төлемеген жағдайда, сондай-ақ заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайда
лицензия өзінің заңдық күшін жоғалтады және жойылған болып есептелінеді.[8]
ҚР-ның Аудиторлық қызмет туралы заңының 13-бабында лицензия беруші
лицензияның қызметін заңға сәйкес тоқтау себебін көрсете отырып, 6 айға
дейінгі мерзімге тоқтатуға құқықты екендігі, сонымен бірге аудиторлар мен
аудиторлық ұйымдардың лицензия беруден бас тарту, лицензияны қайтарып алу,
қызметін тоқтату жөніндегі шешімдерді бұздыру үшін сотқа шағымдану
құқығының бар екендігі айтылған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодекстің 137-бабында да лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз, біліктілік
куәлігінсіз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін жауапкершілік
қарастырылған. Егер бұл қызметте қылмыстық-жазалаушы іс-әрекеттің белгілері
болмаса, онда тиісті мөлшерде айыппұл төленеді. Кодекстің 185-186
баптарында кәсіпорындардың міндетті аудитті өткізуден жалтарғаны үшін
төлейтін айып-пұлдарының мөлшері көрсетілген.[9]
Аудиторлық қызмет туралы заңның 183-184 баптарында төмендегі себептер
үшін аудиторлық қызметпен айналысуға құқық беретін лицензиядан айырумен
бірге аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар төлейтін айып-пұлдардың мөлшері
анықталған:
– аудиторлардың немесе бухгалтерлік есеп ақпараттарымен жұмыс
істеуге рұқсаты бар басқа да тұлғалардың тексеру жүргізу кезінде
анықталған бухгалтерлік есеп жүргізу немесе қаржылық қорытынды
есеп құру бойынша заңдардың және белгіленген талаптардың бұзылу
(орындамау) фактілерін аудит өткізуге тапсырыс берушілерден
жасырғандығы үшін;
– аудиторлардың (аудиторлық ұйымның) әдейі күмәнді аудиторлық
қорытындысы жасағаны үшін.
Аудиторлық қызмет туралы ҚР Заңының 20-бабында аудиторлардың
құқықтары мен міндеттері көрсетілген. Аудиторлардың құқықтары мен
міндеттері 1-кестеде көрсетілген.

1-кесте Аудиторлардың құқықтары мен міндеттері
Аудитор
Құқығы Міндеті
1) аудиттелетін субъектінің аудит 1) Қазақстан Республикасының
жүргізуге арналған шарттың аудиторлық қызмет туралы заңнамасын,
талаптарын орындау үшін қажетті аудит стандарттарын сақтауға;
бухгалтерлік және өзге де 2) коммерциялық құпияны жария
қаржы-шаруашылық құжаттамасын алуға етпеуге;
және тексеруге; 3) аудиттелетін субъектіге
1-1) кәсіби ұйымға кіруге; бухгалтерлік есеп жүргізуде,
2) аудиттелетін субъектінің қаржылық есептілікте және қаржылық
лауазымды адамдарынан аудит есептілікке байланысты басқа да
барысында туындаған мәселелер ақпаратта анықталған бұзушылықтар
бойынша ауызша және жазбаша туралы ақпаратты беруге;
нысандарда түсіндірме алуға; 4) өзі қатысушысы болып табылатын
3) кәсіби ұйымдардың шешіміне сот аудиторлық ұйымның басшысына заңсыз
тәртібімен шағымдануға құқылы. жолмен алынған кірістерді
заңдастыруға (жылыстатуға) және
терроризмді қаржыландыруға қарсы
іс-қимыл туралы Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес
мәліметтерді хабарлауға міндетті.

Аудиторлардың осы құқықтарымен қатар қаржылық есеп берудің анықтылығын
тексеруге келмейді. Олар шаруашылық қызметтерде талдау, еңбек, азаматтық,
қаржылық және шаруашылық құқық салаларындағы аудиторлық қызмет түрлерін
айқындауы мүмкін.
Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар ҚР заңдарында және тапсырыс берушімен
жасалған келісімшартта қарастырылатын өз міндеттерін біліктілікпен
орындауға жауапты.
Тексерулерді сапасыз жүргізіп, шаруашылық етуші субъектілерге зиян
шектіретін болса, аудиторға келісімшартта қарастырылған мөлшерде
материалдық жауапкершілік жүктейді.
Аудитор өз жауапкершілігін аудиторлық фирманың қаражат есебінен, ал
жеке аудитор – өз есебінен де, сақтандыру ұйымының есебінен де сақтандыра
алады.
Аудитор- квалификациялық сұранымдарды қанағаттандыратын, заңды
органдармен тәртіп бойынша белгілі мүмкіндіктермен міндеттелген және
квалификациялық аудиторлық аттестаты бар жеке тұлға. Квалификациялық
аудиторлық аттестат - бұл жоғарғы білімі бар, экономикалық профил бойынша
кем дегенде 3 жыл стажы бар, қосымша экзамендерді тапсыру бойынша
мамандандрылған білім алу мақсатында куәландыратын арнайы құжат.
Аттестаттаудан өткен адамдар аудитор біліктілігі берілгені туралы
біліктілік куәлігін және біліктілік куәлігінің нөмірі, тегі, өз аты, сондай-
ақ өзінің қалауымен - әкесінің аты көрсетілген аудитордың жеке мөрін (бұдан
әрі - жеке мөр) алады.
Аудитор біліктілігін беру туралы шешім Біліктілік комиссиясы
айқындайтын мерзімдік баспасөз басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс
тілінде жарияланады. Аттестаттаудан өтпеген адамдар одан қайтадан өтуге
Біліктілік комиссиясының шешімі қабылданған кезден бастап үш ай өткен соң
жіберіледі.
Бірде бір заңды немесе жеке тұлға, егер ол белгіленген тәртіп бойынша
тіркелмесе, аудиторлық қызметпен айналысуға құқық беретін біліктілік
комиссиясының аттестациялауынан өтпесе, онда оған аудитор атағы берілмейді
немесе өзіне аудиторлық қызметпен айналысушы ретінде сипаттама бере
алмайды.
Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы
28 қыркүйектегі  қаулысымен бекітілген аудиторлық қызметті лицензиялауға
қойылатын біліктілік талаптарға жауап беретін аудиторлық ұйымдарға береді.
Осы қаулымен лицензия беру тәртібі мен шарттары, сондай-ақ аудиторлық
қызметті лицензиялауға қойылатын квалификациялық талаптар белгіленді.
ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2003 ж. 27 қазандағы №384 қаулысымен
өтініш берушіге және банктер мен сақтандырушы ұйымдарда аудит өткізуге
лицензия беру туралы өтінішке тіркелген құжаттардың тізіміне қойылатын
талаптар жөніндегі Ереже-нұсқаулар бекітілді.
Мемлекеттік емес мекеме - аудиторларды аттестаттау бойынша Біліктілік
комиссиясының ережесінде оның ҚР-ның аумағында аудиторлық қызметпен
айналысуға ниет білдірген, аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау
мақсатында құрылғандығы атап көрсетілген. Комиссияның құрылтайшысы болып
табылатын – аудиторлық аумақтық палаталары. Ережеде, сондай-ақ, Біліктілік
комиссиясының мақсаты мен міндетті қызметтері, құқықтары мен міндеттері
және жұмыс істеу тәртібі анықталған.
Аттестациялау деп - өкілетті орган бекіткен біліктілік талаптарының
негізінде емтихандар қабылдау арқылы аудиторлыққа кандидаттардың біліктілік
деңгейін Біліктілік комиссиясының анықтауын айтады. Аттестация аудиторлыққа
кандидаттардың аудиторлық қызмет көрсетуге кәсіби дайындықтарын растайды.
Сондай-ақ, аталмыш құжатта төмендегілер анықталған:
– аудиторлыққа кандидаттардың құжаттарын тапсыру және сақтау тәртібі;
– модульдық емтихан тапсырмаларына қойылатын негізгі талаптар;
– ұйымдастыру және бағалау топтары;
– аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау процедуралары;
– аттестация нятижелерін рәсімдеу;
– аттестацияның өткізілуіне жауапкершілік және бақылау жасау.
Қазақстанда аудитордың білім алуы. ҚР-ның Аудиторлық қызмет туралы
заңының 3-тармағының 9-бабында аттестациялауға жоғары білімі бар және
экономика, қаржы, есеп-талдамалық, бақылау-ревизия немесе құқық қорғау
салаларында соңғы жеті жылдың бес жылы ішінде жұмыс тәжірибесін жинақтаған,
сонымен бірге жоғары оқу орындарында бухгалтерлік есеп және аудит
бойынша ғылыми-оқытушылық қызметпен айналысатын және жоғарыда аталған
салаларда соңғы бес жылдың екі жылынан кем емес мерзім ішінде тәжірибе
жинақталған тұлғалар жіберілетіндігі айтылған.[10]
Жоғарыда айтылғандардан аудиторлық қызметпен айналысуға қойылатын
негізгі талаптардың бірі – аудиторлық білім алуы екендігін көреміз.
Аудитор алуға тиісті білімінің негізгі элементтері келесілер болып
табылады:
– негізгі (базалық) білім;
– жұмыс тәжірибесі;
– арнайы кәсіптік білім.
Негізгі (базалық) білімге экономикалық немесе заңгерлік жоғары білім
жатады.
Практикалық жұмыс тәжірибесі тиісті жылдар санымен және атқарған
лауазымдық жұмысымен анықталады.
Аудитор өзінің кәсіби біліктілік деңгейін мынадай жолдармен көтеруіне
болады:
- заңдық құжаттарды, стандарттарды, ереже-нұсқауларды оларға енгізілген
өзгертулер мен толықтыруларды тұрақты және жүйелі түрде оқып-үйрену арқылы;
- семинарға, конференцияға қатысу арқылы;
- аудит өткізудің әдістемесі және оны ұйымдастыру бойынша шетелдік және
отандық тәжірибені оқып-үйрену (зерттеу) арқылы.
Арнайы кәсіптік білім беруге аудиторларды дайындау және оларды қайта
дайындау бойынша оқу-әдістемелік орталықтарында және ұйымдарда білім беру
және аудиторлық фирмаларда тәжірибеден өткізу кіреді.
Аудитор өзінің кәсіби біліктілік деңгейін мынадай жолдармен көтеруіне
болады:
– заңдық құжаттарды, стандарттарды, ереже-нұсқауларды оларға
енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тұрақты және жүйелі түрде
оқып-үйрену арқылы;
– семинарға, конференцияға қатысу арқылы;
– аудит өткізудің әдістемесі және оны ұйымдастыру бойынша шетелдік
және отандық тәжірибені оқып-үйрену (зерттеу) арқылы.
Лицензия беруші орган темендегі жағдайларда лицензияның қызметін
тоқтата алады:
– егер мемлекеттік қадағалаушы немесе бақылаушы органдар ли-цензия
алушының лицензиялық талаптар мен шарттарды бұзғандығын анықтаған
болса;
– егер лицензия алушы жіберілген қателіктерді (бұзушылықтарды) жою
жөніндегі лицензия берушінің талаптарын орындамаса.
Лицензия алушы лицензиялық алымды белгіленген мерзімнің ішінде
төлемеген жағдайда, сондай-ақ, заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайда
лицензия өзінің заңдық күшін жоғалтады және жойылған болып есептелінеді.
Бірінші бөлімді қорытындылайтын болсам, аудит - клиенттің қалауы
бойынша жүргізілетін тәуелсіз түрде кәсіпорындар мен фирмалардың қызметі
жөніндегі бухгалтерлік есептер мен шоттарды тексеретін мамандандырылған
қаржылық бақылау түрі болып табылады. Аудиттің ең негізгі мақсаттарының
бірі - шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық есеп берулерінің нақты
екендігі анықталды. Аудиттің ең нақты міндеттері алға қойылған мақсаттарға,
оның түрлері  мен жүргізу шарттарына байланысты болатындығы көрсетілді.
Отандық және әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, аудиторлық қызметтерге
мұқтаждық мынадай жағдайларға байланысты туындайтыны қарастырылды: осы
ақпаратты пайдаланушылармен (меншік иелерімен, инвесторлармен, кредит
берушілермен) жанжал болған жағдайда әкімшілік тарапынан дәйексіз ақпарат
беру мүмкіндігімен; қабылданған шешімдер салдарларының ақпарат сапасына
байланыстылығымен; ақпаратты тексеру үшін арнайы білімнің болуы
қажеттілігімен; ақпаратты пайдаланушылардың ақпарат сапасын бағалау үшін
оның көздеріне қол жетімділігінің ішінара болмауымен. Сондай-ақ,
аудиторлардың : аудиттелетін субъектінің аудит жүргізуге арналған шарттың
талаптарын орындау үшін қажетті бухгалтерлік және өзге де қаржы-шаруашылық
құжаттамасын алуға және тексеруге; кәсіби ұйымға кіруге; аудиттелетін
субъектінің лауазымды адамдарынан аудит барысында туындаған мәселелер
бойынша ауызша және жазбаша нысандарда түсіндірме алуға; кәсіби ұйымдардың
шешіміне сот тәртібімен шағымдануға құқылы екені анықталынды.

2 Аудиторлық қызметтің түрлері

2.1 Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттары

Аудиторлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішкі аудитті бағалау
Міндетті аудит. Міндетті аудиттің мазмұны, субъектілері
Аудиттің пәні, мақсаттары, міндеттері және маңызы
Аудиттің мәні мен мағынасы
Сапа менеджменті жүйесінің ішкі аудитін жоспарлау
Аудит стандарттары
Халықаралық аудит стандарттарының сипаттамасы
Аудит мәні, мазмұны және даму тенденциялары
Ішкі және сыртқы аудит
Аудиттің негізі және оның атқаратын қызметтері
Пәндер